Сүйінбайдың айтыскерлігі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. тарау Сүйінбай шығармашылығының, айтыскерлігінің зерттелуі.Ол жөніндегі
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. тарау Айтыстың дүлдүл ақыны . Сүйінбай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім ауыз әдебиетінің асқақ шыңы саналатын айтыс өнері мен оның өкілдерінің қым - қиғаш тағдыры, оюдай зерделі келістірілген сөздері себеп болды. Қазақ ежелден сөзге шешен халық болған. Көшпелі елдің мәдениеті көшкен сайын толығып кемелдене түскен. Осыдан келіп қазақтың «кедей болсаң көшіп көр» деген қанатты сөзі туындаса керек. Қазақ баласы қай жерде жүрсе де, өз ойын, өз көзқарасын, әзілін өлеңмен жеткізгенді дұрыс көрген.
Талай ғасыр тарих қойнауына өзінің көз тартар көркем шежірелерімен енсе, талай тұлғалар өнегелі, өсиетті сөздерімен бүгінгі ұрпақ жадында. Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы- айтыс өлеңдері туды.Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнерді салыстыратын жауаптала отырып, білім шырқын байқайтын жер.Сондықтан да, айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жайды жақсы ұғынып, мол дайындықпен келетін болған. Қынаптан қылыш сурғандай жалт еткен өнер иелері заманның қиындығына қарамастан сол кездегі би – шонжарлардан тайсалмай, өз істерінің көлеңке тұстарын беттеріне басып отырған. Кейбір зұлмат замандарды бастан өткізіп, тәуелсіздік таңын да атырдық .
Өз қолымыз өз аузымызға енді жеткен тұста өткенімізді ой елегінен өткізіп, өміршең өнер айтыстың ақтангері атанған Сүйінбай ақын жөнінде болмақ.. Мен бұл курстық жұмысымда ақынның айтыс жанрында алатын өзіндік орны, онын шығармашылығы, өмірі жөніндегі деректерді қарастырдым. Ақындар айтысының дамуында Сүйінбайдың ақындығы өзіндік орны мен қалыптасуындағы маңызын ашып көрсеттім. Жамбыл ақынның өзі пір тұтып ұстаз санаған. дүлдүл айтыскердің күні бүгінге дейін әрбір сөзі бүгінде құран сөзіндей.
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемең сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйынбай, -
Жамбыл ақын айтқандай ондай ұстаздарының атақты ақындардың қайсысы болсада ұмытпай ұзақ уақыт айтып жүрері анық.. Айтыс өнер жарысы ғана емес, намыс тартысы балыпта табылады. Өйткені айтусышы ақындар әрқайсысы өз жағының жетістіктерін мақтап мадақтайды да, қарсы жақтың кемістіктерін әжуалап әшкерелейді. Айтыс үстінде ақындар ешкімнің бет жүзіне атақ - дәрежесіне қарамайды. Шөже ақын айтыс үстінде ұлық болып халықты қанап отырған Құнанбайды «қаздың төсін шоқыған» «соқыр қарға» десе Сүйінбай ақын тезек төрені «елден жылқы қоймаған кезеп төре» деп әшкерелейді.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі
Сүйінбай ақынның өмір сүрген дәуірі- ХІХ ғасыр тарихымызда ерекше орын алады.Тарих бетін санамалағанда талай – талай әділетсіздіктерді, сонымен қатар, қазақ мінезіндегі, дәстүріндегі кейбір келеңсіз немесе қызықтырар тұстары көп екендігін аңғарамыз.Ақын шығармаларының, сөз қағысуларының көпшілігі бұқара халықты толғандырған мәселелерге арналатындығы анық. Сүйінбай ақынды өзі өмір сүрген заманындағы тұстас ақындардың барлығы дерлік үлгі тұтып, ұстаз санаған. Ақын сайысқа түскенде қынаптан қылыш суырғандай,өткір жырларымен үстем тап өкілдерінің бар мінін бетіне басып отырған. Ақын өзінің шығармаларында үнемі қалың еңбекші көптің атынан сөйлеп, қарапайым халықтың үміті мен бақытты келешекке деген сенімін және арман- тілегі мен мұрат- мақсатын бейнелеген. Өз дәуіріндегі қоғам өмірінің ішкі сырларына жете үңіліп, оған тән барлық әлеуметтік қатынастар мен қасиеттерді халықтық көзқарас тұрғысынан бағалап, кесімді ой- пікірлерін шыншылдықпен айтатын болған екен.Бүкіл саналы өмірі мен қажыр- қайрат, күш- қуатын, бойындағы алапат арынды,ақындық талантын түгелімен дерлік туған халқының болашағына арнаған.Тек қана еңбекші елге қызмет етуге жұмсаған алаштың ардақтысы.
Курстық жұмыстың мақсат- міндеттері
Курстық жұмысты таңдаудағы мақсатым- Сүйінбайдың қалдырып кеткен мұрасының әдебиетте алар өзіндік орны қаншалықты дәрежеде екенін көрсету.Бұл курстық жұмысымда Сүйінбай Аронұлының өмірі мен айтыстарын және олардың қаншалықты дәрежеде зерттелгендігін қамтыдым.Ол л үшін кітапхана қорындағы бар библиографиялық еңбектерді пайдаландым.Тақырыбым кітапханадағы бар мәліметтер және газеттер негізінде зерттелді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
2. . Әуезов. Әдебиет туралы, - Алматы: Санат, 1997. \ 105, 136 б.б.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқаның ауыз әдебиеті. – Алматы:
Санат, 1996. 319 – 340 б.б
4. Дәуітов С. Сүйінбай Аронұлы кітапта: XIX ғ.қазақ ақындары, - Алматы: Ғылым, 1988, 310 – 316 б.б
5. Жармұқаммедұлы М. Айтысының даму жолдары: Алматы: Ғылым. 1976. 100 -112, б.б
6. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, Алматы: Ғылым. 1973, 218 бет.
7. Мұқанов С. Айтыстар туралы. Айтыс. III томдық. I том. – Алматы: Жазушы, 1964.
8 -9 б.б.
7. Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. Алматы: Санат. 1996, 55 – 81 б.б.
8. С. Аронұлы. Ақиық. Алматы: 1975.
9. Сүйіншіәлиев Қ. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Мектеп 2001. 353-369 б.б.
10. Сүйіншәлиев Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп 1986 37-56 б.б.
11. Егемен Қазақстан. 2005. 4бет.
12. Сүйінбай шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1990 40-48 б.б.
13. Айтыс көп томдық. І- ІІ том. – Алматы: Жазушы. 1988.
14. Қожакеев Т. Сатира негіздері. – Алматы: Санат, 1994. 294 – 254 б.б.
15. Үмбетаев М. Пірім менің Сүйінбай. – Алматы: Қазақ университеті, 1992, 130-131 б.б.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1- тарау Сүйінбай шығармашылығының, айтыскерлігінің зерттелуі.Ол
жөніндегі
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..
2- тарау Айтыстың дүлдүл ақыны –
Сүйінбай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Кіріспе
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім ауыз әдебиетінің асқақ шыңы
саналатын айтыс өнері мен оның өкілдерінің қым - қиғаш тағдыры, оюдай
зерделі келістірілген сөздері себеп болды. Қазақ ежелден сөзге шешен халық
болған. Көшпелі елдің мәдениеті көшкен сайын толығып кемелдене түскен.
Осыдан келіп қазақтың кедей болсаң көшіп көр деген қанатты сөзі туындаса
керек. Қазақ баласы қай жерде жүрсе де, өз ойын, өз көзқарасын, әзілін
өлеңмен жеткізгенді дұрыс көрген.
Талай ғасыр тарих қойнауына өзінің көз тартар көркем шежірелерімен
енсе, талай тұлғалар өнегелі, өсиетті сөздерімен бүгінгі ұрпақ жадында.
Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір
саласы- айтыс өлеңдері туды.Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы,
сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнерді салыстыратын жауаптала отырып,
білім шырқын байқайтын жер.Сондықтан да, айтысқа түсетін әрбір ақын бұл
жайды жақсы ұғынып, мол дайындықпен келетін болған. Қынаптан қылыш
сурғандай жалт еткен өнер иелері заманның қиындығына қарамастан сол кездегі
би – шонжарлардан тайсалмай, өз істерінің көлеңке тұстарын беттеріне басып
отырған. Кейбір зұлмат замандарды бастан өткізіп, тәуелсіздік таңын да
атырдық .
Өз қолымыз өз аузымызға енді жеткен тұста өткенімізді ой елегінен
өткізіп, өміршең өнер айтыстың ақтангері атанған Сүйінбай ақын жөнінде
болмақ.. Мен бұл курстық жұмысымда ақынның айтыс жанрында алатын өзіндік
орны, онын шығармашылығы, өмірі жөніндегі деректерді қарастырдым. Ақындар
айтысының дамуында Сүйінбайдың ақындығы өзіндік орны мен қалыптасуындағы
маңызын ашып көрсеттім. Жамбыл ақынның өзі пір тұтып ұстаз санаған. дүлдүл
айтыскердің күні бүгінге дейін әрбір сөзі бүгінде құран сөзіндей.
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемең сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйынбай, -
Жамбыл ақын айтқандай ондай ұстаздарының атақты ақындардың қайсысы
болсада ұмытпай ұзақ уақыт айтып жүрері анық.. Айтыс өнер жарысы ғана емес,
намыс тартысы балыпта табылады. Өйткені айтусышы ақындар әрқайсысы өз
жағының жетістіктерін мақтап мадақтайды да, қарсы жақтың кемістіктерін
әжуалап әшкерелейді. Айтыс үстінде ақындар ешкімнің бет жүзіне атақ -
дәрежесіне қарамайды. Шөже ақын айтыс үстінде ұлық болып халықты қанап
отырған Құнанбайды қаздың төсін шоқыған соқыр қарға десе Сүйінбай ақын
тезек төрені елден жылқы қоймаған кезеп төре деп әшкерелейді.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі
Сүйінбай ақынның өмір сүрген дәуірі- ХІХ ғасыр тарихымызда ерекше орын
алады.Тарих бетін санамалағанда талай – талай әділетсіздіктерді, сонымен
қатар, қазақ мінезіндегі, дәстүріндегі кейбір келеңсіз немесе қызықтырар
тұстары көп екендігін аңғарамыз.Ақын шығармаларының, сөз қағысуларының
көпшілігі бұқара халықты толғандырған мәселелерге арналатындығы анық.
Сүйінбай ақынды өзі өмір сүрген заманындағы тұстас ақындардың барлығы
дерлік үлгі тұтып, ұстаз санаған. Ақын сайысқа түскенде қынаптан қылыш
суырғандай,өткір жырларымен үстем тап өкілдерінің бар мінін бетіне
басып отырған. Ақын өзінің шығармаларында үнемі қалың еңбекші көптің
атынан сөйлеп, қарапайым халықтың үміті мен бақытты келешекке деген
сенімін және арман- тілегі мен мұрат- мақсатын бейнелеген. Өз дәуіріндегі
қоғам өмірінің ішкі сырларына жете үңіліп, оған тән барлық әлеуметтік
қатынастар мен қасиеттерді халықтық көзқарас тұрғысынан бағалап, кесімді ой-
пікірлерін шыншылдықпен айтатын болған екен.Бүкіл саналы өмірі мен қажыр-
қайрат, күш- қуатын, бойындағы алапат арынды,ақындық талантын түгелімен
дерлік туған халқының болашағына арнаған.Тек қана еңбекші елге қызмет етуге
жұмсаған алаштың ардақтысы.
Курстық жұмыстың мақсат- міндеттері
Курстық жұмысты таңдаудағы мақсатым- Сүйінбайдың қалдырып кеткен мұрасының
әдебиетте алар өзіндік орны қаншалықты дәрежеде екенін көрсету.Бұл
курстық жұмысымда Сүйінбай Аронұлының өмірі мен айтыстарын және олардың
қаншалықты дәрежеде зерттелгендігін қамтыдым.Ол л үшін кітапхана қорындағы
бар библиографиялық еңбектерді пайдаландым.Тақырыбым кітапханадағы бар
мәліметтер және газеттер негізінде зерттелді.
1 – тарау Сүйінбайдың шығармашылығының, айтыскерлігінің зерттелуі.
XIX ғасыр қазақ қауымы үшін ұмытылмастай кесек- кесек ірі оқиғаларымен
тарих қойнауына енсе, әдебиетіміз де небір қолбастаған көсем, сөз бастаған
шешен, өткір тілді, орақ ауызды, аузын ашқанда айбатынан сескенер
ақындардан кенде емес. Күні бүгінге дейін төл әдебиетімізде ұрпаққа
өнегелі, өсиетті жырларымен үлгі болып, халық арасында аты аңызға айналған
ауыз әдебиетіндегі өміршең өнер айтыстың одан әрі дамып жетілуіне зор үлес
қосқан ақындардың атасы – Сүйінбай.
Сүйінбай Аронұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822жылы
шілде айында туған. Өз әкесі-Аран Күсепұлы, арғы атасы Жиенқұл деген
кісілер.
Сүйінбайдың соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін
танытатын кейбір толғаулары кездеседі. Онда ақынның ата – бабасы мен
ағайындары: Аран, Күсеп, Жиенқұл, жақын туыстары Жұмұқ, Оспан, Жаманшалдар,
әйелі Еңліктің (Жұпан деген бәйбішесі өлгеннен кейін алған) есімдері мәлім
болады.
Ақынның өлер алдындағы айтқан тағы екі толғауы табылды. Онда ақын өзіне
өлім қаупі төнгенін біліп, өміріне тұжырым жасайды.
Құлқайырдай ағарды сақал, мұртым,
Өтіп кетті қатарлас талай жұртым.
Керуендей бір күні жөнелермін,
Жан келіп кетпеді ме неше дүркін?
- деп басталатын осы өлеңінің үшінші шумағында ақын жетпіс үш жасқа
келгенін хабарлайды. Ал осы күнге дейін біз Сүйінбайды алпыс сегіз
жасында (1827-1895) өлді деп келдік.
Жетпістің үшеуіне келгенне соң,
Тарғыл тартып кеттің-ау, қайран күнім.
Бұрынғыдан, Сүйінбай, бәсеңдедің
Секілді биыл менің мүшел жылым.
Бұл сөздерге қарағанда, Сүйінбай 1827 жылы емес, 1822 жылы туып, 1895
жылы қайтыс болған деп Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы атты еңбекте
көрсеткен.
Ал қазіргі таңдағы көптеген зерттеушілеріміз Сүйінбай ақынның туған жылы
және қайтыс болған жылын басқаша айтып жүр.Солардың бірі зерттеуші
С. Садырбаев халық ақыны Сүйінбай Аронұлының өлеңдерін жинап, зерттеуге
үлкен үлес қосқан. Ол қазақ халқының ұлы ақыны- Сүйінбай Аронұлыны 1815
жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі Ұзынағаш болысына қарайтын №3-ші
ауылда, яғни қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарақыстақ
өзенінің шығысындағы Құлансаз жайлауында дүниеге келген және 1898 жылы 83
жасында қайтыс болған деп көрсеткен.
(Егемен Қазақстан 4-ші бет).
Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде
ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің
бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей болғанын толық
бейнелейді. Елінде билік құрған бір төреге айтқан толғауында ол:
Сол момынның біреуі
Екей деген ел едім.
Сүйіәнбай деген мен едім,
Әкем Арон тұқымы.
Малға кедей жан едім.
Көже, қатық, қой сұрап,
Дүйсен деген біреуге
Кеше күндіз кеп едім,-
дейді.
Енді бір халық аңызында жоқшылық көрген Сүйінбай ауқатты ағайынынан мал
дәметіп, оған жайын айтуға барса, ол малын ұрыға алдырып зарлап отырады.
Сен ақынсың, сөз білесіің, алынған малдың соңынан түс,- деп, одан дау -
шарға араласуды талап етеді. Өзін шауып кеткен Жалайыр Солтан төренің еліне
жалғыз барып жалынды сөзін айтады. Оның бұл сапары сәтті аяқталады. Сөзден
жеңілген төре Сүйінбайдың дауын қабылдап, ел – жұрттың алдында масқара
болмауы үшін оны ризалап аттандырады екен. Халық аңызы бойынша, Сүйінбай
осы даудан кейін елге әбден танылып, алдына мал салады. Ал ақынның балалық
шағы жоқтық азабында өтеді, шешесінен жастай айырылып, немере ағасының
қолында тәрбиеленеді. Жетімдік азабын шегіп, зарығып өседі.
Е, Құдай, тарылттың ғой мені жастан,
Кең етіп, жетістірмей мал мен бастан.
Барайын деген жерге көлік таппай,
Отырмын енді, міне, жылжымастан.
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге
танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайслмай сөйлеп, Тезек төрені
де Жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды
сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ,
орақ ауыз Орман хан тұқымдарының істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін
күресіп, хан - төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауға
түсіп,әділ қазыдай әмірлі билік айтады.
Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды. Бетіне
адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей
шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен – Сүйінбайдың тас
жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім,
ол көрсеткен сый – құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант
бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасындағы әкесінің шағын
шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау – шарға бөгелмей, ел
кезіп, өмір көру, ділмар – шешен ақындармен кездесіп олармен дидарласу
арманын алға қояды.
Болашақ талант иесінің ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, Орталық
Қазақстан жерін түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен
кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын,
Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ,
Жібек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай,
Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.
Сүйінбай - халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын.
Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі
дәлел.
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес көрші орта Азия халықтары да жақсы
білген. Әсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз
ауылдарын өз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды жақсы
ұғынған. Кедейлерімен қазақ жатақтарының тағдырластығын түсініп, оларды
қанап отырған хан, датқаларды бірдей сынаған. Әсіресе, Қатаған мен
айтысында қырғыз датқаларының ұрлық – сұмдықтарын аша түседі. Кейін табылып
басылым көрген қырғыздың Арыстанбек ақынмен айтысы да өткір, шешен.
Сүйінбай өмірбаянына қатысы бар мәліметтерді жазушы С. Бегалиннің Жамбыл
Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1955 – 1960 жылдары
Сүйінбай шығармаларын жинау жұмысына араласып, сол кездегі көзі тірі
ақындармен кездесіп және шығармаларының көзі табылды. Әсіресе, халық ақыны
Ә. Сариев табыс еткен Сүйінбай өлеңдері құнды боп шықты.
1974жылы Жазушы баспасы Ақиық атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл
жинақ 1990 жылы тағы басылды. Сүйінбай Аронұлының шығармаларының жаңа
басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бірқыдыру мол қамтып, ақынның алып
бейнесін толық танытты.
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш
салаға жіктеуге болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Соның ішінде Сүйінбай айтыстары ХІХ ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір
төбе жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігімен тіл өткірлігінен
байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел
тұтып, тілге тиекті сол баймен төрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның
сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел
азаматтары болды. Осындай әйгілі адамдарды тірек тұтқан ақынды қарсы
жыраулар кедейсің деп қанша жабысса да жеңе алмайды. Ол өз аяғымен келіп,
босағада тұрып сөз бастаса да, төре ақындарын бұлтартпай шалып тастайды.
Сүйінбайдың ағалық ақылымен ақындық тәлімі мол болса керек. Сүйінбайдың
ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Бұл ретте Жамбылдың мына бір өлең
жолдары көбірек еске оралады:
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдің ақылы,
Жыр тұлпары – Сүйінбай
Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өзіне ұстаз тұтып, оның таланты
алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап
жоқтау өлеңдерін шығарған. Мысалы, Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы
шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағына басылды. Сүйінбайдың
кейінгі ақындарға осылай үлгі өнеге болғанын айта келіп, профессор Е.
Ысмайылов былай дейді: Сүйінбайдың лүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең
талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық,
ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі – айтыста болсын, шындықты
жеткізіп, өткір, тапқыр шешен тілмен тыңдаушыны құмарландырып сөйлеуі,
екіншісі – тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы
(Ақындар, 103-бет).
Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және
көркемдігі жағынан онша мәз емес еді. Мұның өзі ақын өлеңін алғаш
жариялаушылар оның көп өлеңінің көзін дұрыстап таппай, көркемдік мәнін
солғындатып, айтқан Оразшолақ ақындардың аузынан жазып алып, тым жасытып
жібергенін байқатады. 1936 жылы шыққан Сүйінбай ақын деген оның тұңғыш
жинағы осы болды. Бұл жинаққа ақынның айтыстарысен бірен – саран жеке
өлеңдері енген-ді.
Бұқарашыл, халықтық ақын Сүйінбайдың айтыстары мен өлең, толғауларын
жинау, жариялау ісі тек Кеңес өкіметінің тұсында ғана шындап қолға алынды.
1920 жылы Түркістан автономиялық республикасы Халық ағарту комисариаты
жанынан құрылған Қырғыз (қазақ) ғылыми комиссияры Сырдария, Жетісу
облыстарынан ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға шығады. Осы сапарда экспедиция
мүшесі этнограф, фолькглорист – ғалым Ә. Диваев Сүйінбайдың өлең толғаулары
мен айтыстарын жазып алады. ( Пірім менің Сүйінбай.4 бет) 1929 жылы бірінші
рет Жаңа әдебиет журналының № 6 санында ақынның Апырмау, мынау жатқан
Сарыбай ма ? деген өлеңі басылады.Осы кезден бастап Сүйінбай шығармаларын
жинау, жариялау ісі кең қанат жаяды. Ақын шығармалары әр кезде шыққан
жоғары оқу орындары мен мектептерге алынған христоматиялық оқулықтарға
енгізіліп, оны кейінен насихаттау мәселесі кең өріс алған. Мәселен,
революционер ақын С.Сейфуллин 1931 жылы өзі құрастырған Қазақтың ескі
әдебиет нұсқалары атты жинаққа Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған
шағында айтқаны деген өлеңді енгізеді. Іле – шала, 1935 жылы І.
Жансүгіров пен Ф. Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармалары
тұңғыш рет өз алдына Сүйінбай ақын деген атпен жеке жинақ болып жарық
көрді. Бұдан кейін Сәбит Мұқанов пен Қ. Бекхожин 1939, 1940, 1941 және
1944 жылдары орта мектептің сегізінші класына арналған хрестоматияларына
Сүйінбайдың бір топ өлеңдерін енгізген. Хрестоматияның Сүйінбай ақын
бөлімінде Сүйінбай мен Тезек төре, Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына
көңіл айтқаны, Кәрілік туралы деген өлеңдері бар.
Халық ақындарының шығармашылығын жинап, жариялау, әсіресе, Қазақ ССР
Ғылым академиясы құрылғанан кейін (1946 жылы) арнайы ғылыми жолға қойылды.
Арнаулы экспедициялар, жеке адамдар жазып алған Сүйінбай ақынның өлең,
толғау, айтыстары бұл күндері Қазақ ССР – і мен Қырғыз ССР – і Ғылым
академияларының қолжазба қорларында аса мұқият сақтаулы тұрғаны белгілі.
Осы ретте ақынның әдеби мұрасын көп жинаған этнограф, фольклорист – ғалым
Ә. Диваев пен жазушы С. Бегалиннің, сол кездегі академия қызметкері
Б. Жақыпбаевтың және қырғыз фольклористері Ш. Уметалиев пен Э.
Муканбетовтың материалдарын бөліп атауға болады. Сонымен қатар, Сүйінбайдың
атақты айтыстары мен өлең, жырлары Жамбыл Жабаевтың мемориал – музейінің
әдеби қорында да бар.
Халық ақындарының шығармаларын топтап, жинақ етіп шығаруда Қазақ ССР
Ғылым академиясы көптеген маңызды жұмыстар атқарған. Сол игілікті істердің
бір бөлігі Ақын жырлары, ХVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары және Үшғасыр жырлайды атты жинақтарда Сүйінбай
шығармашылығына да кең орын берілген. Үш томдық Айтыстың бірінші томында
Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы қайта жарияланған. Ал, 1975 жылы
Жазушы баспасы 1935 жылғы жинақтан кейін, арада қырық жыл өткен соң, ұлы
ақынның шөбересі фольклорист ғалым С. Садырбаев пен Е. Естаев құрастырған
Сүйінбай өлеңдерінің таңдамалы жинағын Ақиық деген атпен жарыққа
шығарған. Ол алдыңғы Сүйінбай ақын жинағына қарағанда өзінің
құрылысындағы сапалы айырмашылықтары мен көзге түсті. Себебі бұл жинақта
Сүйінбай ақынның таңдаулы шығармаларымен қатар көптеген өлең, толғаулары,
айтыстары тыңнан қосылған еді. Және ондағы ақын шығармалары, ең бастысы,
белгілі бір рет жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінді, кітапқа көлемді
ғылыми алғы сөз жазылып, жинақ соңынан түсіндірме сөздік берілді. Әрі
Сүйінбайдың осы жаңадан шыққан Ақиық атты таңдамаы жинағы туралы
республика баспасөзі әдебиет зерттеушілерінің көптеген ойлы пікірлерін
жариялады. Мысалы, профессор Х. Сүйіншәлиев, ғылым кандидаттары
С. Ордалиев, С. Қасқабасов, К. Сейдеханов т.б. ақын өлеңдерінің жаңа
басылымының құрылысы мен мазмұн – мәніне жоғары баға берді.
1977 және 1990 жылдары фольклорист – ғалым С .Садырбаев құрастырған
қазақ халқының ауыз әдебиеті атты хрестоматия – оқулық жоғары оқу
орнындары стунттері мен көпшілік оқырман қауымының қолына тиді. Аталған
христоматияның Айтыс өлеңдер бөліміне Сүйінбай мен Тезек төре айтысы
енген. Міне,осылайша Сүйінбай шығармалары баспа жүзінде жиі – жиі жарық
көріп, халықтың сүйіп оқитын қымбат әдибби мұрасына айналған.
Сонымен бірге, ойшыл ақын Сүйінбай Аронұлынын басты-басты, бірді –екілі
шығармалары әлденеше дүркін орыс тіліне де аударылып, дүние жүзі
халықтарының танысуына мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ақынның Кәрілік
өлеңі және Сүйінбай мен Тезек төре айтысы Москвадан шыққан Қазақ
поэзиясының антологиясында, Үмбетәліге өлеңі мен Тезек төреге айтқаны
Ленинградтан шыққан Қазақстан ақындары жинағында басылды.Осы орайда
айрықша көңіл бөлетін нәрсе – Москвадан Әлем әдебиетінің кітапханасы
деген атпен жарық көрген 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың
Кәрілік кәріллік атты өлеңі жарияланды. Мұның өзі ақын шығармашылығының
дүние жүзілік рухани көркем ойға қосылған асыл мұра, аса құнды, қымбат
әдебиет есткерткіші екендігін көрсетеді.
Атақты Сүйінбай ақын қалдырған бай әдеби қазынаны зерттеу ісі,
негізінен, 1940 жылдардан басталады. Ақынның өлең, толғаулары мен
айтыстарының көркемдігін, тіл байлығын тексерген қазақтың арғы-бергі
әдебиетші ғалымдары әр тұстарда өздерінің тұжырымды ой пікірлерін білдіріп
отырған. Мәселен, Сүйінбай мұрасын алғаш зерттеушілерінің бірі академик –
жазушы М. Әуезов. Ол 1949 жылы Айтыс өлеңдері деген зерттеуінде
Сүйінбай мен Тезек төре айтысына арнайы тоқталған. Еңбекте Сүйінбайдың
сыншылдығын, батылдығын баса айтып, оны тілін тартпайтын, өршіл өткір
ақын деп көрсеткен. Тезектің тіршілік амалында Сүйінбай әшекерелемеген
қалтарыс қалмайды ,- дейді академик М.Әуезов.
Қазақтың ХVІІІ- ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер деген
кітабында академик- жазушы С.Мұқанов та Суінбай мен Тезек төре айтысынан
үзінді келтіріп, оның әлеуметтік мәніне жоғары баға берген.Және Аитыстар
туралы атты еңбегінде ол –Сүйінбай ақынның үстем тап өкілдерінен ықпаған
беттілігіне, өлең сөздің жүйрігі атанған өрен қабілет-дарынына қатты
сүйсінген. Академик С. Мұқанов: Сүйінбай жалғыз айтыста ғана емес, сонымен
қатар, өз заманының барлық күнделікті тіршілігіне араласып, халықтың
жақсылығын дәріптеуші, кемшілігін сынаушы,тарыққанда ақылшысы, қуанғанда
сайраушысы болған деген тұжырымға келеді.
Ақындар атасы атанған Сүйінбайдың қазақ көркемөнеріне қосқан зор үлесі
мен қоғамдық қызметі туралы тарихи зерттеу әдебиеттерде көп айтылған.
Мысалы: Қазақ ССР тарихының бірінші томында Шернияз және Сүйінбай
деген үлкен, көлемді бөлім бар. Онда Шернияз бен Сүйінбайдың шығармалары
қазақ халқының есінде берік сақталып, көрнекті орынды тұрғандығы баса сөз
етілген. Ақындық өнері өте жоғары бағаланған Сүйінбайдың тапқырда да ойлы,
өрнекті поэзиясы туралы Қазақ ССР тарихында:-Сүйінбай-тілге шешен, сөзге
жүйрік ақын. Сүйінбайдың өлеңдерінен өмір шындығы, халықтың үміттері мен
армандары айқын көрінеді,-деп жазылған. Сол сияқты Қазақ ССР Ғылым
академиясы шығарған алты томнан тұратын Қазақ әдебиетінің тарихы мен
Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы атты коллективтік еңбектерде де
Сүйінбай шығармаларының шыншылдығы, әлеуметтік саяси бағыты дәл, ашық
айтылған. Революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде әлеуметтік өмірді халық
мүддесі тұрғысынан жырлап, хан, төрелердің, шаруаларды қанап отырғанын көре
біліп және сол қанаушылыққа қарсы жырын құрал еткен бұқарашыл әдебиеттің
елеулі өкілінің бірі- Сүйінбай Аронұлы, - деп Қазақ әдебиетінің
тарихында ерекше атап көрсетілген. Бұл ақын мұрасының академиялық
еңбектерде арнайы қарастырылып лайықты бағалануы еді.
Даңқты ақынның шығармашылығын сөз еткен зерттеу еңбектер тек осы
айтылғандармен шектеліп қалмайды. 1950 -80 жылдар ішінде республикамыздың
әдебиетші ғалымдары өздерінің монографиялық ғылыми зерттеулерінде С.
Аронұлы шығармалары туралы құнды –құнды ойлы пікірлер қозғады. Әдебиетші
ғалымдар Ә. Тәжібаев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, З. Ахметов , Х
Сүйіншәлиев, С. Қирабаев және К. Бейсембиев т.б. ақын шығармаларының
әлеуметтік –қоғамдық сипаты мен ұлы Жамбылға тағылым берген ұстаздық
ұлағаты жайлы маңызды ой айтып, баға берген. Атап айтқанда, Сүйінбайдың
ақындық мектебі жайлы филология ғылымының докторы Ә. Тәжібаев: Жамбыл
ұстазы Сүйінбай алдында өзін-өзі әдепті жас ретінде ұстап келген,-десе,
профессор Х. Сүйіншәлиев: Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне
ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген,-деп тұжырымдайды. Міне, осылай
жоғарыдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті зерттеушілері,сыншы ғалымдары
атышулы,адуын ақынның поэзиясын осылай түсінеді, Сүйінбайды таптық айқын
сара бағыты бар өз алдына бөлек, бүтін ақындар шоғырының басында тұрған жыр
алыбы деп санайды.
Осындай монографиялық еңбектерге қоса, республикалық газет-журнал
беттерінде және академия мен университет жанынан шығатын жинақтарда С.
Аронұлының шығармашылығына арналған ғылыми-көпшілік мақалалар да жиі-жиі
жарияланып тұрған. Бұл салада, әсіресе, фольклорист- ғалым С. Садырбаев, М.
Жолдасбеков және Б. Ақмұқанова мен Е. Естаевтар көптеген ғылыми мақалалар
жазған. Ол мақалаларда ақынның творчестволық өмір сыры, әлеуметтік беталысы
және ақындық шеберлігі мен жеке тұрмыс-күйі көрініс тапқан.
Тағы бір көңіл бөлетін жай – белгілі ақын, жазушылар мен режиссер,
суретшілер де өз шығармаларында Сүйінбайдың көркем - әдеби бейнесін
жасаумен шұғылданған. Мысалы
Ә. Тәжібаев, Н. Погодин, П. Кузнецов, Ә. Қастеев, А. Тоқпановтар ақынды әр
қырынан алып, әрқайсысы өз саласына мүсіндеп сипаттаған. Ақын Ә. Тәжібаев
Сүйінбай мен Жамбыл арасындағы ұстаздық, шәкірттік қатынастарды, олардың
бір – біріне арнаған кіршіксіз таза ұлы достығын Ақын поэмасында толғана
жырлайды. Көрнекті жазушы П. Кузнецов Мұратына жеткен адам атты тарихи
романында Жамбылдың Сүйінбайдан бата алу сәтін үлкен суреткерлік
шеберлікпен өте қызық, көркем бейнелеген. П. Кузнецов осы шығармасында
Сүйінбайдың ел қамқоры болған ақылгөй, данышпандық, ойшыл образын жасаған.
1973 жылы Ташкент қаласындағы М. Т. Ташмұхамедов атындағы Бүкілодақтық
мелодия заводы Сүйінбай мен Тезек төре айтысын грампластинкаға жазған.
Академик М.О. Әуезов Сүйінбайдың айтыстаға өнерін өте жоғары бағалаған,
оны Айтыс өнерінің алтың діңгегі деп атаған. Сүйінбай сан түрлі саңлақ
ақындар мен айтысқан. Соның бәрін жеңген, әсіресе Сүйінбай мен Қатағанның
айтысы адам таңғаларлық ерекше айтыс қой! Мені алғаш рет қырғыз еліне
таныстырған осы айтыс. Ел арасында көп жырладым, - депті Жамбыл жазушы
Сапарғали Бегалинге айтқан бір естелігінде.
1937 жылы Жамбыл Жабаев қырғыз Ғылым академиясының ғылыми
қызметкерлерінің өтініші бойынша, Сүйінбай мен Қатаған айтысының толық
мәтінің жаздырған. Бішкектің ғылыми архивінде сақталған бұл қолжазба 98
беттен тұрады, араб әріпімен жазылған, сыртқы мұқабасында Сүйінбай ақынның
қырғыздың атақты ақыны Қатаған мен айтысқаны деген жазуы бар, барлығы 4472
тармақтан тұрады.Жамбыл жаздырған бұл әдиби мұраның тарихи маңызы зор,
бірақ ақынның жылдам айтуына ілесе алмағандықтаң, көшіруші өлеңнің ұйқасы
мен ырғағын, мазмұн бірлігін біріңғай сақтай алмаған, шалағайлық, үстүрттік
жіберген. Сүйінбай мен Қатағанның айтысын Жамбылдан басқа Кенен, Үмбетәлі,
Өтеп, Өмірзақ, Арғынбай, Қарабек, Мақыш, Шүкітай секілді белгілі жеісу
ақындарыда жатқа білген.
Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір төбе жоғары
тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол
өзінің өлеңдеріңде кейбір ақындарша
өз елінің байларынбедел тұтып, тілге тиекті сол бай мен төрелер маңынан
қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген. Сұраныш, Сыпатай
сияқты батыр атаған ел азаматтары болады.Осындай әйгілі адамдарды тірек
тұтқан ақынды қарсы жыраулар кедейсің деп қанша жабысса да жеңе алмайды.Ол
өз аяғымен келіп, босағада тұрып сөз бастаса да, төре ақындарын бұлтартпай
шалып тастайды(Х.Сүйіншәлиев)
Міне, Сүйінбай сол елдің бесігінде әңгіме, хиқаяларды тыңдап, айтыса жүріп
өсті. Содан болар, Сүйінбай тауды да, аңды да адамдаша сөйлетеді.
Сүйінбай өлеңдері, көбінесе, белгілі бір себептерге байланысты
басталады да, соңында әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтардың бет пердесі
ашылып жатады. Әсіресе, адамдар ара – қатынасынада үлкен орын алатын
татулық, бірлік мәселесі ақынның арнауларынан бастап, айтыстарына дейін
лейтмотив ретінде келеді.
XIX ғасырдың бас кезінде ру тартысының кесірінен Екей руы іштей
ыдырап, бір тобы Талдығорған өңіріне, біразы Оңтүстік аймаққа қоныс
аударған. Соларды туған жеріне жинап, топтап, қайта қоныстыруда Сүйінбай
мен елдің бас ие адамы Сарыбай көп еңбек еткен. Осындай алауыздықты
айыптаған Сүйінбай:
Руға бөлінген соң үшеу ара,
Мықтылар жеке шықты бізден дара, -
деп шенейді.
Осылай ақын жек көргенің жасырып ешкімге еш уақытта көлгірсіген емес.
Сүйінбайдың арқа сүйейтін табынатын бір қалаулысы бар. Ол бұқара қалық соны
пір тұтады. Соның күшіне сенеді.
2-тарау Айтыстың дүлдүл ақыны – Сүйінбай
Айтысатын ақсақалмен, қызбенен,
Ақын халық екенбіз ғой біз деген.
Қадір Мырзалиев.
Айтыс-халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Одан
халықтың қуанышы да, қайғысы да, саяси- шаруашылық тұрмысы да, мәдени
дәрежесі де, замана иделогиясы да, әдет-ғұрпы да, жалпы әлеуметтік және
жеке адамдардың қарым – қатынастары да, заманына лайық өрбіген тартыстың
формалары да көрінеді. Айтыс қазақтың ескі заманнан келе жатқан ауыз
әдебиетінің кең саласы. Айтыс жанрынан ең мол сақталған сала- 19ғ.
айтыстар. 19-ғасырдың айтыстарын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихқа
мәлім. Мәселен: Орынбай, Шортанбай, Сералы, Тоғжан, Сақау, Шөже, Балта,
Кемпірбай, Тезекбай, Қалдыбай, Жамшыбай, Марабай, Сүйінбай, Жамбыл т.б.
Айтыс жанры қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін бар. Оған дәлел 1939ж.
күзінде Алматыда болған ақындар слетіндегі айтыс, сондай-ақ кейінгі
жылдарда аудан, облыс, республика көлемінде келе жатқан айтыстар куә.
Қазақтың ескі тұрмысында ақындардың айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен
бірдей болған. Жарыста озғанға бәйге беру сияқты айтысушы ақындарға да
бәйге тігіліп, бәйгені қай жеңгені алған.
Әрине, айтыста халық ақынды жынысымен емес,талантымен,сөзімен
бағалайды.Ақындық талантын көзге көрсетіп, аузынан асыл, ақылды көркем
тоқтаулы сөз шыққан ақынды халық жынысына, тегіне,жасына, руына қарамай
ардақтайды. Айтыста озған ақын халық алдында ақындыққа мандат алады.Бұл
мандаттың жазылатын қағазы – халықтың жүрегі. Ақын халықтың жүрегіне ең
сүйкімді, ардақты адамның қатарында тұрады.
Халықтың ақынды жақсы көруіне себеп – ақынның тіл шешендігі
ғана емес, ақынның халыққа сүйкімді, сүйікті болуына бас себеп-олардың
айтыста я басқа шығармалар да халық тұрмысының шындығын суреттеуі, халықтың
қуанышына да, қайғысына да шын көңілмен ортақтасуы.
Ең алдымен қазақтың ауыз әдебиетін шығарушы ақындар туралы ескерте кететін
бір жағдай әзірге біз білетін ақындардың көпшілігі еңбекші халықтан
шыққан.Ескі феодалдық ауылда атақты ақсүйек байлардың тұқымынан шықты деген
ақын өте аз естіледі. Әрине, феодал мен байлар табынан да ақындық дарынмен
туған адам болуы керек. Бірақ ол кезде қазақ байлары мен феодалдары мен
тұқымынан ақын шығуды өзіне намыс көрген, ақынды олар өлеңін сатушы кәсіп
иесі деп ұққан, ақындықты олар – қайыршылықтың бір түрі деп санаған. Мұндай
ақындар болған. Халық арасынан шыққан ақындардың көпшілігі өзінің, талантын
сол халыққа арнаған, халық өмірін жырлаған.Сонымен қатар байлар табының
үкіметінің қанағыштық пердесін ашып, халық алдында масқаралай да білген.
Бұған 19-шы ғасырда патша үкіметіне халқын сатып полковник атағын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz