Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Қазақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы, Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми еңбектерінде жасалса, терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің («Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары»,1988), Ш.Құрманбайұлының («Қазақ тілі лексикасының терминденуі», 1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты А.Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың, А.Қоңырованың, Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ тіл білімінің метатілі мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған Е.Қ.Әбдірәсіловтің, терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен С.Ақаевтың зерттеулері терминология саласын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты. Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық, коммуникативтік қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты.
Осы орайда қазіргі кездегі қазақ тіл білімі метатілінің бір құрамдас бөлігі, жеке бір терминологиялық жүйе, жаңа ғылым саласы – аударматану терминологиясын даралап, когнитивтік-семантикалық құрылымын зерттеудің маңыздылығы өте зор.

1 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 161 б.
2 Новиков Л.А. Семантика русского языка. – М., 1982. – 173 с.
3 Ахманова О.С. Предисловие// Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. – 608 с.
4 Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – М., 1990. – 685 с.
5 Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974. – 197с.
6 Мұсатаева М.Ш. Двуязычная лексикография: тенденции и перспективы. – Алматы: РИО ВАК РК, 2000. –204с.
7 Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие.–Минск.: Тетра Системе, 2004. –225 с.
8 Воробьев В.В. О русской национальной личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998. – ч.1.- С.52-57.
9 Попович А. Проблемы художественного перевода. – БГК им. И.А.Бодуэна де Куртенэ, 2000. – 280 с.
10 Левицкий В.В. Виды мотивированности слова, их взаимодействие и роль в лексико-семантических изменениях // Материалы семанара по проблемам мотивированности языкового знака. – Л.: Наука, 1969. – С.21-25

ӘОЖ 811. 512. 122373.46
Қолжазба құқығында
ҚОЖАЕВА МАРЖАН ТӨРЕҒҰЛҚЫЗЫ
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2006
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалған
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА академигі
Ө.Айтбайұлы
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы,
профессор
А.М.Алдашева
филология
ғылымдарының кандидаты,
О.Жұбаева
Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық
университеті
Диссертация 2007 жылы 2 ақпан сағат
14-00 -де
ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 –
түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілі мамандықтары бойынша филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д
53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы
қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми
кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі,
28).
Автореферат 2006 жылы 25 желтоқсанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы,
профессор
Ж.А.Манкеева
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми мәселелері
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы,
С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Талжанов,
Ә.Сатыбалдиев, Ә.Қайдаров, С.Исаев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Ө.Айтбайұлы,
Ш.Құрманбайұлы және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған. Атап
айтқанда, қазақ терминологиясы ғылымының тұтас тарихы, терминдік жүйе мен
терминжасамның теориялық мәселелері академик Ө.Айтбайұлының ғылыми
еңбектерінде жасалса, терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық
мәнін, мазмұнын анықтауда Б.Қалиевтің (Қазақ тіліндегі өсімдік
атаулары,1988), Ш.Құрманбайұлының (Қазақ тілі лексикасының терминденуі,
1999) монографиялық зерттеулерін, салалық терминологияға қатысты
А.Исанованың, С.Әлісжановтың, Ш.Біләловтың, С.Исақованың, Г.Ақшалованың,
А.Қоңырованың, Ж.Молдажаровтың және т.б. ғылыми еңбектерін атауға болады.
Сонымен бірге лингвистикалық терминдерді қазақ тіл білімінің метатілі
мәселелеріне қатысты тезаурустық сипатта қарастырған Е.Қ.Әбдірәсіловтің,
терминдердің танымдық сипатын зерттеу нысаны еткен С.Ақаевтың зерттеулері
терминология саласын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі ғалымдардың ғылым
метатілі теориясына деген зерттеу талпыныстарының өсуімен тығыз байланысты.
Атап айтқанда, кез келген ғылым саласын бейнелейтін терминдердің тілдік
табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу
қажеттілігі қазіргі таңдағы тіл ғылымының жаңа бағыттарымен тығыз
байланысты. Бұған бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді
халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау
мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика,
психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану,
лингвистикалық елтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл
ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, жұмсалымдық
жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Бұл жағдай қазіргі
таңдағы мемлекеттік мәртебесіне сәйкес әлеуметтік, қоғамдық,
коммуникативтік қызметі ерекше өзектелу үстіндегі қазақ тіліндегі
терминологиялық жүйеге де тікелей қатысты.
Осы орайда қазіргі кездегі қазақ тіл білімі метатілінің бір құрамдас
бөлігі, жеке бір терминологиялық жүйе, жаңа ғылым саласы – аударматану
терминологиясын даралап, когнитивтік-семантикалық құрылымын зерттеудің
маңыздылығы өте зор.
Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың арқауы мен негізгі ұстанымы
тілдік танымның бір бөлшегі ретіндегі тіл білімі метатілінің бір саласы –
аударматану терминдерінің аталуы концептологиямен байланысты анықталады.
Қазіргі тіл білімінде ғаламның тілдік бейнесі туралы мәселе Н.Хомский,
М.Джонсон, Дж. Лакофф, Р.Лангакер, Ю.Д.Апресян, Т.В.Колшанский, А.А.
Леонтьев, Б.Касевич, Е.М.Кубрякова, Ю.Н. Караулов, В.Н.Телия,
Б.Н.Серебренников, А.А.Уфимцева, қазақстандық лингвистикада
Э.Д.Сүлейменова, Г.Г.Гиздатов, Ж.Манкеева, .Ж.Шаймерденова,С.Сәтенова,
Г.Смағұлова, А.Алдашева, Б.Хасанов, Қ.Жаманбаева, Г.Б.Мәдиева және т.б.
ғалымдар еңбегінде қарастырылып жүр.
Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстарды
санада қалыптастырып қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше
жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды,
өңдейді, қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас
көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.
Осы қағидаға сәйкес терминдерді де адамның табиғи танымына белгілі
деңгейде өлшем бола алатын когнитивтік құрылым ретінде арнайы қарастырамыз.
Термин біздің зерттеуімізде субъектінің қабылдауы, ойлауы, танымы және
практикалық әрекеті арқылы тілде тұтылған білімдердің байланысы, адам
санасында ғаламның ғылыми бейнесіндегі ұйғарылған түсінігі ретінде
анықталады.
Сонымен қатар, бұл тектес зерттеулер тілдік құрылымды тереңдеп
қарастыруды мақсат етеді, өйткені қазіргі кезде тілді антропоөзектік
бағытта зертеу тілді өз ішінде ғана емес, тілден тыс, яғни, ақиқат
шындықпен тығыз байланыста қарауды қажет етеді.
Осыған орай жұмыстың өзектілігін айқындауда тақырыпқа сай тілдік
бірліктердің семасиологиялық, ономасиологиялық, когнитивтік қырларын
сабақтастықта зерттеудің мәні ерекше. Яғни, жұмысымыздың өзегі –
аударматану терминдеріне когнитивтік-концептуалдық талдау жасау мен сол
атаулардың ономасиологиялық негізін уәжтанумен байланысты сабақтастыра
зерттеу.
Қазақ тіл біліміндегі аударматану ұғымдарын білдіретін терминдік
бірліктерді ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, олардың когнитивтік-
концептуалдық, уәждік және семантикалық қырларының сабақтастығында
қарастыру қазақ терминологиялық жүйесінің танымдық қырын анықтауға қатысты
тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі аударматану терминдері.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің
когнитивтік-семантикалық құрылымы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ
тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын
семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан
зерттеу. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттер көзделеді:
– аударматану терминдері мен олардың тақырыптық топтарына
терминологиялық өріс және терминологиялық жүйе тұрғысынан талдау жасау;
– аударматану терминдерінің табиғатын ғаламның тілдік бейнесі
тұрғысынан қарастыру;
– қазақ тіліндегі аударматану терминдерінің концептуалдық құрылымын
анықтау;
– аударматану терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктерін
уәжділік, ономасиологиялық талдау негізінде анықтау;
– ұғым мен таңба арасындағы байланысты ашатын уәжділік құбылысының
теориялық мәселелері туралы ғылыми ой-пікірлерге сүйене отырып, аударматану
терминдерінің негізгі дәндеуіш топтарын айқындау.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған
мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа
алынды:
– негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу,
талдау тәсілдері;
– терминдердің концептуалдық құрылымы мен когнитивтік семантикасын
анықтауда когнитивтік, концептуалдық талдау жасау;
– аударматану терминдерінің лексика-семантикалық және уәжділік
ерекшеліктерін баяндауда лингвистикалық сипаттама тәсілі және компоненттік
талдау.
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ тіліндегі аударматану
ұғымындағы 2000-нан астам терминдік бірліктер алынды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Қазақ тілінде осы кезге дейін аударма
теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Лингвистикалық
терминдердің орысша-қазақша сөздігі (І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов, 1967),
Атаулар сөздігі (1931), Тіл білімі сөздігі (1998), Тіл білімінің түсіндірме
сөздігі (Б.Қалиев, 2005), Толковый переводоведческий словарь (Л.Л.Нелюбин,
2003) т.б. пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мен нәтижелері:
– қазақ тіл білімінде аударматану терминдері алғаш рет когнитивтік
тұрғыдан зерттелді;
– аударматану ұғымдарындағы терминдік бірліктердің терминологиялық
өрісі мен терминологиялық жүйесі когнитивтік лингвистика және
лингвоконцептология тұрғысынан талданды;
– аударматану терминдерінің қазақ тіл білімі метатілінің белгілі бір
қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе екендігі дәлелденді;
– терминдердің когнитивтік мәні семасиологиялық, ономасиологиялық
әдістермен ұштастырыла зерттелді;
– терминдер мен терминдік тіркестердің аталуына себепші болған уәждік
белгілер уәждеуіш топтарға жіктеліп қарастырылды;
– аударматану терминдерінің негізінде ұғым-термин-дефиниция-уәжділік
қатарларының ерекшеліктері лингвистикалық, танымдық, когниция тұрғысынан
нақтыланды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Қазақ тіліндегі
терминологиялық жүйе (аударматану саласы бойынша) осы зерттеуде алғаш рет
когнитивтік лингвистика мен терминологиялық лингвоконцептология арналарында
зерделеніп, қазақ тіл біліміндегі когнитивтік семантика және терминология
теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар
когнитивтік лингвистика, терминологиялық лингвоконцептология,
терминологиялық семиотика т.б. ғылыми пәндердің нысанасындағы теориялық
мәселелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамытуға өз септігін
тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Зерттеу материалдары мен
теориялық тұжырымдар қазақ терминологиясы жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға
мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін жаңа ғылыми пән – когнитивтік
семантика мен терминологиялық лингвоконцептологияның теориялық және
практикалық мәселелерін әрі қарай зерттеуде, жоғары оқу орындарына арналған
оқу құралдарын дайындауда, сонымен бірге терминологиялық семасиология,
ономасиология, когнитивтік лингвистика пәндері бойынша өткізілетін арнайы
курстар мен семинарларда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:
– когнитивтік лингвистика тұрғысынан аударматану терминдері өзіндік
терминологиялық өріс пен терминологиялық жүйе құрайтын тілдік бірліктер
ретінде қазақ тіліндегі терминологиялық қор мен тіл білімі метатілінің
сүбелі қабатын білдіретін концептілік-ұғымдық жүйе;
– аударматану терминдері өздерінің кумулятивтік қызметі негізінде ғылыми
ұғымдардың когнитивті-менталды құрылымдары, ғаламның ғылыми бейнесін
айқындаушы тілдік (терминдік) бірліктер;
– тілдік сананың лингвоменталды құрылымы ретінде тілдік жүйеде
концептуалдық құрылым негізінде обьективтендіріліп, терминдік бірліктер
қалпында вербалданатын ғылыми ұғымдарды концептуалдық жүйе арқылы ғаламның
ғылыми бейнесіндегі белгілі бір ұғымды басқа бір ұғымнан ажыратып
айқындайтын когнитивтік бірлік;
– аударматану терминдерінің тілдік және танымдық табиғаты, оның
лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға сәйкес лексика-
семантикалық ерекшеліктері мен уәжділік дәрежелері семасиологиялық және
ономасиологиялық сабақтастықтағы талдау жасау негізінде анықталады;
– аударматану терминдерінің лексика-семантикалық құрылымы термин интенциясы
мен экстенциясы арқылы ғана айқындалатын ұғым-термин-дефиниция менталды
құрылымы бойынша онтологиялық үлгі түзеді.
Зерттеудің мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның негізгі
тұжырымдары мен нәтижелері түрлі деңгейлердегі конференцияларда
баяндалды: Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт атты республикалық
ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 2006), Мемлекеттік тілде аграрлық
маман даярлау: жаңа мақсат, жаңа жүйе атты республикалық ғылыми-әдістеме
конференциясы (Алматы, 2006), Профессор Қ.Тасболатұлының 80 жылдығына
арналған Тәуелсіздік негізі – ұлттық тәрбие атты халықаралық ғылыми-
теориялық конференция (Тараз, 2006) және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының Лингвистикалық жұма атты ғылыми-әдістемелік семинары (2005,
желтоқсан).
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация
мазмұнына қатысты 6 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
тұрады.
Негізгі бӨлім
Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты
мен міндеттері айқындалып, ғылыми жаңалығы мен зерттеудің теориялық және
практикалық мәні көрсетілді. Сондай-ақ зерттеуге негіз болған материалдар
мен дереккөздер, зерттеу әдістері мен қорғауға ұсынылған тұжырымдар,
жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы баяндалады.
Диссертацияның Аударматану терминдерінің когнитивтік негіздері деп
аталатын бірінші бөлімінің Аударматану ғылымының жалпы тіл біліміндегі
сипаты, Аударматану концептуалды терминологиялық аппаратының ерекшелігі,
Когнитивтік зерттеулердегі терминнің танымдық сипаты, Аударматану
терминдерінің когнитивтік-менталды сипаты атты тараушаларында аударматану
ұғымындағы терминдердің когнитивтік табиғаты, концептуалдық құрылымы және
термин ұғымына қатысты теориялық мәселелері қарастырылады.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап
ететін салалардың бірі – аударманың лингвистикалық теориясы. Бұл сала –
қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала
қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі
бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау
себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма
мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А.М.Алдашева докторлық
диссертациясында ...қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері,
шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары,
әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне
қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан
анықталған емес,– деп атап өткен (1, 3(. Қазақ тіл білімінде аударматану
мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың
бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма
практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып
келе жатыр.
Қазақстан тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның
қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық
және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері мен
Б.Хасанов, Р.З.Загидуллин, Н.Ж.Шаймерденова және т.б. ғалымдардың еңбектері
аударма теориясы мәселелеріне арналды.
Тіл білімінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та, сол салалардың
әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі, терминологиялық аппараты болады.
Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары, ұғымдар жүйесі мен терминдері арнайы
зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, аударматану саласындағы
терминологиялық жүйенің тілдік, соның ішінде, лексикалық ерекшеліктерін
айқындау, аталған терминологиялық жүйе шеңберіндегі ұғымдар жүйесі мен
сипаты сияқты тілдік фактілерге талдау жасау бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминологиялық лексиканы зерттеп, оның теориялық мәнін, маңызын
анықтауда жоғарыда аталған қазақ ғалымдарының және орыс тіл білімінде
А.Реформатский, В.В.Виноградов, Н.А.Баскаков, В.И.Сифоров, Р.А.Будагов,
О.С.Ахманова, В.Ф. Журавлев, В.П.Даниленко, Г.В.Степанов т.б. ғалымдардың
еңбектерін атауға болады.
Бұл зерттеулерде терминжасамның ғылыми принциптері мен шарттары
анықталып, сөздік жасау, салалық терминжасам мәселесі арнайы қарастырылды.
Дегенмен қазіргі кездегі ғылыми лексиканың бір құрамдас бөлігі, жеке бір
терминдік жүйені – тіл білімі терминологиясын даралап зерттеудің
маңыздылығы өте зор.
Тілдің өзі нысан ретінде алынатын зерттеулерде тіл білімі терминдері
жүйесінің бірлігі метатіл деп аталады. Мамандар арасында метатіл
анықтамасы туралы пікірлер көп: метатіл – екінші дәрежедегі тіл (2, 7(;
метатіл – ерекше семиологиялық жүйе (3, 3(; тіл білімінің метатілі –
терминдер арасындағы жүйелі қатынастар мен жалпы ғылыми лексиканы
білдіретін күрделі құбылыс (4, 297( және т.б.
Әрбір ғылым саласының дамуы тіл білімі метатілінің дамуын талап етеді.
Белгілі бір ғылымның, оның ішінде, аударматану саласы метатілінің
қалыптасуы мен дамуына өзара байланысты бірнеше себептер ықпал етеді:
аударма теориясы бағытындағы зерттеулердің күрделенуі мен тереңдеуі;
аударма теориясында жаңа бағыттардың пайда болуы; жаңа терминдік
бірліктердің пайда болуы; жаңа концептуалдық аппараттың қалыптасуы мен
белгілі терминдердің жаңа мазмұнмен толығуы. Соңғы жылдары аударма мәселесі
көптеген лингвистикалық қырларынан қарастырылып келеді. Мысалы,
психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті
лингвистика, мәдениаралық коммуникация, салғастырмалы стилистика және т.б.
Олардың негізгілерін төмендегі сызбадан көруге болады:
Аударматану Лексикография
Тіларалық коммуникация АУДАРМА Терминжасам
Мәдениаралық Терминшығармашылық
коммуникация
Терминология Терминография
Салғастырмалы стилистика
Сурет 1 – Аударманың тіл білімі салаларымен байланысы
Осы тұрғыдан алғанда, терминнің мағынасы мәселесі арнайы зерттеуді
қажет етеді, себебі бұл аударматану метатілінің дамуына маңызды үлес
қосады. Мағына мәселесін зерттейтін тіл білімінің семантика саласы орыс тіл
білімінде М.М.Покровский, А.А.Потебня, В.В.Виноградов есімдерімен
байланысты.
Тіл білімінде семантика теориясының жүйелілік мәселесін зерттеуші
Л.А.Новиков өзінің зерттеуінде мағына түрлерінің мынадай жіктемесін ұсынады
(2(:
1) Сигнификативтік мағына (сигнификативтік мағына таңбаның сигнификатқа
(ұғымға, мән-мағынаға) қатынасы арқылы айқындалады). Ол сөздің толық
семантикалық мүмкіндігін, сөздің мән-мағыналық көрінісін айқындайды.
Мысалы, аударматану – аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін
тіл білімінің саласы; жағдаят – сөйлеу әрекеті сәтінде болатын немесе
айтылымда сипатталатын шындыққа сай болмыстың құрамдас бөліктерінің
жиынтығы; түпнұсқа – аудармадағы бастапқы мәтін (аударма осы мәтіннен
жасалады) т.б.;
2) Құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық аспектісі). Бұл
мағына семиотика теориясына сәйкес белгілі бір таңбалық жүйе шеңберіндегі
таңбаларға деген қатынасы арқылы анықталады. Осы негізде ол өз ішінде
синтагматикалық құрылымдық мағына және парадигматикалық құрылымдық мағына
түрлеріне бөлінеді:
а) синтагматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-
синтагматикалық аспектісі). Құрылымдық мағынаның бұл түрін валенттілік деп
те атайды. Мысалы, аударма тілі, аударма теориясы, аударма процесі, аударма
бірлігі, аударма лингвистикасы, аударма нормасы, аударма баламалығының
нормасы және т.б.
ә) парадигматикалық құрылымдық мағына (лексикалық мағынаның құрылымдық-
парадигматикалық аспектісі). Ол белгілі бір топ құрайтын лексикалық
бірліктердің өзара байланысын және қарама-қарсы мағыналарын белгілейді.
Мәселен: аударма
(
жазбаша аударма
(
көркем аударма
3) Прагматикалық мағына (лексикалық мағынаның прагматикалық
аспектісі). Мағынаның бұл түрі, негізінен, сөздің эмоционалды және
экспрессивті-стилистикалық сипатын көрсетеді. Сондықтан бағалаудың
спецификалық тілдік көрінісін белгілейтін лексикалық мағынаның бір түрі
болып саналады. Ол аталымның экспрессивті түрінде ғана орын алады;
4) Сигматикалық (заттық, денотативтік, жағдаяттық) мағына (лексикалық
мағынаның сигматикалық, заттық, жағдаяттық аспектісі). Сигматикалық
мағынаның атқаратын негізгі қызметі тілдік бірліктердің нақты жұмсалуы мен
белгілі коммуникативтік міндетті атқаруымен байланысты. Мысалы, Жоғарыда
айтылғандай сорақы кемшіліктер осы аудармалардың көпшілігінде-ақ бар
(Қ.Аманжолов, Шығ.жин.); Бірақ та, мен де бір кезде асқан ақындық
шеберлікті керек қылатын аудармашылық өнерге ден қоярмын деген игі тілектің
жетегінде болатынмын (Қаз.әдебиеті); Абайдың өз шығармалары мен
аударушылық еңбегі қатар жүріп отырған (Ғ.Мүсірепов). Байқап
отырғанымыздай, метатілдік бірліктердің мағынасы лексикалық мағынаның үш
түрінде ғана көрініс табады.
Сонымен, тіл білімінде термин-мағына-ұғым мәселесіне қатысты үш
түрлі көзқарас қалыптасты:
1.Терминдердің лексикалық мағынасы бар, бірақ ол сол ұғыммен толық
сәйкес келе бермейді (Л.С.Ковтун, Д.Н.Горский, К.Н.Левковская);
2.Терминдердің лексикалық мағынасы бар және ол сол ұғымды толық
сипаттайды (Е.М. Галкина-Федорук, П.С.Попов, А.Шафф);
3.Терминдер – ұғыммен сәйкес келетін лексикалық мағынаға ешбір қатысы
жоқ тілдік бірліктер (В.А.Звегинцев, А.А.Реформатский, Л.Н.Капанадзе).
Сонымен бірге, Терминнің ерекшелігі оның тұрпат межесінде емес,
мазмұн межесінде, яғни, оның мағына сипатында. Ғылыми термин – бұл ғылыми
ұғыммен байланысты мағынасы бар тілдік бірлік. Бірақ бұл мағына ғылыми
ұғымның тек негізгі және маңызды белгілерін ғана көрсетеді деген пікірлер
бар екені белгілі (5, 37(.
Біздің ойымызша, термин-сөздер – ғылыми ұғымдарға сәйкес келетін
арнайы терминологиялық лексикалық мағынасы бар тілдік құрылымдар.
Аударматану саласының терминологиялық жүйесіне жататын терминдердің
барлығына бірдей ортақ сема (архисема) – аудару ісі болып табылады. Бұл –
аудару мағынасын білдіретін өзекті сема. Жалпылаушы сема барлық
терминдік атауын аударма деген жалпы атау төңірегіне топтастырса,
даралаушы сема әр терминдік бірліктің көркем аударма, сөзбе-сөз
аударма, төлтума аударма, толыққанды аударма, еркін аударма,
баламалы аударма секілді мағыналық ерекшеліктерін көрсетеді.
Осы негізде айқындалған терминдердің сема түрлерін, жалпылаушы және
даралаушы белгілерін төмендегі кесте үлгілерімен көрсетуге болады:
Кесте 1 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы
Терминдік пішін басқа тілдік тілдің тілдік
бірліктердің бірлігінің құралдары нормалары мен
когнитивтік – арқылы заңдылық-
семантика- Түпнұсқаның қайта тарының
лық мазмұнның құрылуы сақталуы
белгілері
Терминдік
бірлік
баламалық бірінде берілетін
деңгейлерінің аударма
Барабар + + + +
аударма - - -
Баламалы + - - -
аударма + + +
Көріп отырғанымыздай, бұл екі түрлі аударманың жеті когнитивтік-
семантикалық белгілерінің біреуі ғана сәйкес келеді.
Кесте 2 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы
Терминдік Бастапқы формалды баламалықтың аударма
бірліктердің мәтіннің және семанти- біршама төмен
когнитивтік- калық компо- деңгейіндегі
семантикалық ненттерді
белгілері ескермейтін
Терминдік
бірлік
Әдетте таңдап
ауызша аударылатын
жүзеге
асырылатын
Еркін + +
аударма + +
- -
Нақты аударма- -
- +
+ +
Бұл кестеден де байқайтынымыз, алты когнитивтік-семантикалық
белгілердің тек біреуі ғана сәйкестік табады.
Кесте 3 – Терминдік бірліктердің когнитивтік-семантикалық талдауы
Терминдік
бірліктердің
когнитивтік –
семантика-
лық
белгілері
Терминдік Екі тілді тең дәрежеде меңгеру
бірлік
Қостілділік + + +
Екітілділік + + +
Екі терминнің де семема көлемдері толық сәйкес келуімен ерекшеленеді.
Жалпы қолданыстық мағыналарында болмайтын термин семемасының нақтылаушы
кәсіби семаларының қайталануы бір ғылыми ұғымның тілде екі түрлі
лексемасының болуымен түсіндіріледі.
Осыған байланысты сема табиғатын арнайы зерттеген М.Ш.Мұсатаева
еңбегінде семалар классификациясының өзгеше жіктемесін кездестіруге болады
(6, 204(:
1) Референттілік қасиеті тұрғысынан: экстралингвистикалық және
лингвистикалық;
2) Міндетті сема (актуалдыланған, интенсионалды);
3) Прагматикалық мәртебесі мен білдіретін ақпарат сипатына орай:
денотативті және коннотативті;
4) Импликационалды семалар (жасырынды, қосымша, потенциалды);
5) Білдіретін ақпараттың категориалдық мәртебесі тұрғысынан:
архисемалар мен дифференциалды семалар;
6) Семалардың иерархиялық қатынасы тұрғысынан: маркерлер мен
дистингвишерлер немесе логикалық белгісі бойынша – гиперсемалар мен
гипосемалар;
7) Ұғым сипаты бойынша: терминологиялық және терминологиялық емес
семалар;
8) Тіл мен сөйлеу тұрғысынан: узуалды және окказионалды;
9) Сема құрамының тіркесімділік қасиеті бойынша: болымды және
болымсыз.
Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, біздің зерттеуіміз үшін ең маңыздысы
бұл жіктеменің жетінші тармақшасы болып табылады. Яғни, терминологиялық
және терминологиялық емес сема түрлері. Осыған орай терминдік емес мағына
мен терминдік мағынаның арасындағы семалық қатынасты төмендегі талдау
арқылы айқындауға болады:
Кесте 4 – Семалық талдау
Терминдік Бір тілден екінші жазбаша немесе мәтін
емес мағына бір ауызша
тілге аударылған
Терминдік Басқа тілдің коммуника- тілдік делдал-
мағына түпнұсқа мәтіні тивтік дықтың
мазмұнынан құндылығы бір түрі
екінші бір тілге бірдей мәтін
жасау
жолымен берілетін
Аударма + + +
- -
Аударма + - -
+ +
Бұл мысалдардан терминологиялық семалардың терминологиялық емес
семалардан айырмашылығы кестенің 3 және 4- бөлімдерінде айқын көрінеді.
Кесте 5 – Семалық талдау
Терминдік Бір тілден аударумен
емес мағына екінші бір тілге шұғылданатын
адам
сәйкес келмеген
жағдайда қажет
болатын
Терминдік Хабар коммуника
мағына беруші цияның
мен байланыстырушы
адресат буыны
пайдаланатын
кодтар (тілдер)
Аудармашы + - +
- -
Аудармашы - + -
+ +
Бұл сәйкессіздіктер терминдердің, негізінен, тілдің когнитивті-
танымдық қызметін атқаруымен байланысты түсіндіріледі, ал лексикалық
сөздердің негізгі қызметі – аталымдық қызмет.
Қазіргі таңда тіл мен мәдениет, адам және тіл байланысын
когнитивтік тұрғыдан қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Когнитивті бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі оның тек қана теориялық
лингвистикадағы контексті полипарадигматизміндегі доминанттылығында ғана
емес, сонымен бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында, мәселен, тілдік
құбылыстарды экспликациялау, тіл мен мәдениет байланысындағы адамның рөлі,
адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және аппаратын қарастыру
(Е.С.Кубрякова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.В.Рахилина,
В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). Когнитивтік лингвистика
лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі
антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды
[7, 9].
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол
ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі семантикалық, жүйелі-құрылымдық
парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық процестерді
жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік лингвистика
жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып, философия, психология, логика,
әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладағы ғылымның ауқымын
кеңейтеді.
Терминдер – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық,
функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған
ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу,
калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам
қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, ең алдымен, ғылыми, кәсіби
деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби
және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын
бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік
құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп,
әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын
айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі терминсіз,
терминологиялық жүйесіз бірде-бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік
саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түсінігі жайлы арнайы
білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау
қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше
бір түрдегі негізін сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің терминдері, негізінен,
семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
терминологиядағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына
назар аударылды. Қазақ терминологиясында, сондай-ақ, бүкіл тіл білімінде
тілдің таным шарттары мен құралдары ретіндегі рөлі мен трансформациялаудағы
таңбалау жүйесі болып табылатынын айқындауға көп көңіл бөлінді. Мысалы,
қазақ тілінің терминдері белгілі шамада терминологиялық аталымның соңғы
нәтижесі, өнімі ретінде қарастырылды (Ш.Құрманбайұлы), сонымен қатар
лингвистикалық бірліктер ретінде олардың тілдік қасиеттері мен белгілері
толық зерттеліп пайдаланылды (Ө.Айтбаев). Дегенмен, қазақ терминдерін
аталымдау мен функциялауда адамның танымдық және менталдық қызметі
(когниция) лингвистикалық зерттеу пәні болып қалыптаса қойған жоқ.
Әр ұлт тілінде дүние, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік
фактілер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, негізінен,
адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып
келеді. Құбылыстар арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын
лексемалардың толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы
атаулары тілдің негізін құраса, құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт
ерекшеліктерін танып-білуге болады.
Ғаламның ғылыми бейнесі мен тілдік бейнесі арасындағы айырмашылықтар
турасында ғалым В.В.Воробьев төмендегідей тұжырымдаманы ұсынады [8, 9]:
1) когнитивтік жүйе әмбебап сипатта болады, оның көлемі мен
тұтастығындағы айырмашылық түрлі ұлт өкілдері өркениетінің деңгейіне
байланысты. Лексикалық жүйе ұлттық сипатта болады, түрлі тілдердің
лексикалық жүйелері арасындағы айырмашылық, алдымен, ішкі бөліктерге
бөлінуіне байланысты (Осы тұрғыдан келгенде, терминдер әмбебаптық сипатқа
ие болғандықтан, когнитивтік жүйенің негізгі бір бөлігін құрайды);
2) функционалдық айырмашылықтарға келсек, когнитивтік жүйе тану
процесі мен еңбек әрекетіне бағытталған болса, лексикалық жүйе
коммуникацияға бағытталған (Терминдер аталған екі қызметті де атқаруымен
ерекшеленеді);
3) генетикалық тұрғыдан когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге қарағанда
алғашқы болып табылады және табиғатынан консервативтік саналатын лексикалық
жүйеге қарағанда тезірек қарқынды жетіліп, дамып отырады (Генетикалық
тұрғыдан терминологиялық жүйе лексикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады.
Бірақ даму тұрғысынан когнитивтік жүйенің құрамдас бір бөлшегі деп
қабылдауға болады);
4) когнитивтік жүйе лексикалық жүйеге және жалпы тілдік жүйеге
қарағанда толығырақ, байырақ болып көрінеді, лексикалық жүйе когнитивтік
жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады (Терминологиялық жүйе
терминдік қоры жағынан лексикалық жүйе секілді когнитивтік жүйенің бір
бөлігі болып саналады).
Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн
мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз –
белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз
ететін референциялардың инвариантты жүйесі, оны концептуалды құрылымды тіл
жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп
қарастыруға болады. Бұл арада тілмен тікелей байланыс мазмұнды аспект
арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан концептуалдық құрылымның өзі де белгілі
бір семантикалық және ұғымдық категориялармен сипатталады. Бұл үшін біз
сема немесе семантикалық белгі категорияларын қолданғанды жөн көрдік.
Егер терминді тек жеке сөз ретінде ғана қабылдамай, оны белгілі бір
терминологиялық жүйе бірлігі ретінде қабылдайтын болсақ, онда ол өзінің
негізінде бүкіл сол жүйенің құрылымдық және мазмұндық жақтарын сипаттауымен
қоса, онымен семантикалық қатынаста болуы тиіс. Яғни, бір жеке терминнің
концептуалдық құрылымын айқындау арқылы сол терминологиялық жүйенің де
концептуалдық құрылымын анықтауға болады. Термин концептуалдық құрылымының
жалпы сұлбасын былай көрсетуге болады:
Интенсионал топтық сема + +даралаушы сема
саласы +жекелік сема факультативті элементтер
өзекті семалар
+
Импликационал перифериялық семалар
саласы күшті импликационал
+
ықтималды семалар
әлсіз импликационал
Ұсынылған сұлбаны терминнің концептуалдық құрылымының матрицацы
ретінде қабылдауға болады, ал оның элементтері кез келген терминологиялық
жүйенің тұрақты параметрлері болып табылады.
Біздің зерттеуімізде концептуалдық құрылым термині сөздің
терминологиялық мағынасының семантикалық белгілер жиынтығын, олардың
иерархиялық құрылымын көрсетеді.
Концептуалдық құрылым мазмұн межесінің жүйелік негізін белгілейді. Осы
негізде аударматану терминологиясының концептуалды құрылымын төмендегідей
көрсетуге болады:
Кесте 6– Аударматану терминологиясының концептуалды құрылымы
Сема категориясы Сема атауы Семаның белгіленуі
топтық Тіл білімімен қатынасы Тіл білімі
Өзекті терминэлементтері
семалар Аудармамен қатынасы
жекелік Аударматану
терминэлементтері
Даралаушы семалар Шектес ғылым салалары Шектес
ұғымдарымен қатынасы терминологиялардың
терминэлементтері
Концептуалдық құрылым категориясы жекелік (жеке термин) пен жалпылық
(терминологиялық жүйе) арасындағы диалектикалық байланысты экспликациялауға
мүмкіндік береді. Жеке термин концептуалдық құрылымының семантикалық негізі
жалпы терминологияның мазмұн межесіндегі жүйелілік сипатын айқындайды.
Концептуалдық құрылымның жұмсалымдық негізі терминнің когнитивтік-
семантикалық ерекшелігін айқындауға, лингвистикалық логикалық (білім)
бірлігін көрсетуге бағытталады.
Терминологиялық жүйелердің концептуалдық құрылымын айқындаудың
практикалық маңызы арнайы ұғымдар жүйесі мен тұрақты тілдік тәсілдер
байланысының экспликациялануында болып табылады.
Зерттеу жұмысымыздың Аударматану терминдерінің семантикалық-уәжділік
негізі деп аталатын екінші бөлімінің Аударматану терминдерінің әр түрлі
аспектіде қаралу сипаты, Аудару процесін талдау барысында қолданылатын
ұғымдық аппараттың тілдік ерекшелігі, Аударматану терминдерінің лексика-
семантикалық құрылымы, Аударматану терминдерінің уәжділік ерекшеліктері
атты тараушаларында аударматану терминдерінің семантикасы, олардың
концептологиялық құрылымы мен уәжділік қасиеттері терминологиялық
лингвоконцептология тұрғысынан қарастырылады.
Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі
назарға ала зерттеп, мағына санада кодталатын процесс, ғаламның тілдік,
ғылыми бейнесін құрушы элемент екені ескеріледі. Соның нәтижесінде
когнитивтік процестің әрекет етуші ( әрекет ( мақсат ( нәтиже қатынасы
негізінде ғана жүзеге асатыны мойындалады. Әрекет етуші (сана, аралық әлем)
әрекетті белгілі бір мақсат көздеп жасайды және ол белгілі бір нәтижеге
бағытталады. Ал нәтиже – обьективтік шындықтың тілдік бейнеленген формасы
(мағына, мазмұн), концептуалды жүйесі (семантикалық құрылымдар – терминдер,
терминдік бірліктер, кәсіби атаулар т.с.с.), ал ол мағына – санада
кодталатын процесс. Ғылыми танымның кодталуы әрекет түрінде сөз, дыбыстық
құрылым мен мазмұн бірлігі арқылы ойша және бейвербалды емес, вербалды
түрде жүзеге асады. Вербалды түрде кодталған ғылыми, тілдік таным мағынасы
(терминдер, терминдік бірліктер т.б.) ғаламның ғылыми бейнесі ретінде
көрініс береді. Ал обьективті дүниені тану, яғни, тілдің шындықты тануға
бағытталуы мақсат ретінде анықталады.
Аударма коммуникациялық қарым-қатынаспен тығыз байланысты практикалық
қызмет атқаруымен сипатталады. Аударманың тілдік негіздеріне мыналар
жатады: 1) аударма алғашқы емес, қайталанатын қызмет; 2) бұл қайталанатын
қызмет табиғи тілдердің материалы негізінде тілдің нормалық-бағалау
сәйкестігі жолымен жүзеге асады. Яғни, бұл – тілдік-мәтіндік қызмет.
А.Попович аударма процестерін зерттеу барысында қолданылып отырған
терминдер мен ұғымдарды енгізді. А.Попович енгізген мәтін ( түпнұсқа
мәтіні ( протомәтін, екінші деңгейдегі мәтін ( аударма мәтіні (
метамәтін деген терминдер тілде түпнұсқа және аударма мәтіндерін жіктеу
әдістемесі деп аталатын зерттеу аппаратына кірді. А.Поповичтің пікірі
бойынша, протомәтін-метамәтін қатынасы инвариант пен вариант арақатынасы
бойынша құрылады. Ғалымның пайымдауынша, метамәтін жоғары деңгейде
протомәтінді қайталай алмайды. Себебі мұнда ең басты рөлді атқаратын –
автор-аудармашы, ал метамәтін авторлық стратегияның құндылығы болып
табылады [9, 184].
Бұл терминдер денотаттағы ақпаратты дәлірек ашып беруге және аударма
процесін талдау барысында дұрыс бағытты ұстануға септігін тигізеді.
Протомәтіндер мен метамәтіндер арасындағы байланысты төмендегі кестеден
көре аламыз.
Кесте 7 – Түпнұсқа және аударма мәтіндерін белгілейтін терминдер
Түпнұсқа Оның басқа тілге Аударма мәтіні –
( аудармасы ( 1-ден жасалған
(Аударма мәтіні - 1) аударма мәтіні - 2
Протомәтін ( Метамәтін 1 ( Метамәтін 2
Протомәтін 2
Қазіргі таңда кез ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz