Кассадағы нақты ақшаның есебі



Жоспар

Кіріспе.

1.Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептін мәні мен рөлі.

2. Кассадағы нақты ақшаның есебі.
2.1Кассадағы нақты ақшаның қозғалысын құжатпен рәсімдеу.
2.2 Кассалық кітапты жүргізу тәртібі мен касса бойынша есеп беру.
2.3 Кассадағы нақты ақшалардың ситетикалық есебі.
2.4 Кассадағы нақты ақшалардың аналитикалық есебі.

3. Кассадағы нақты қаражаттарының есебін жүргізу.

Қорытынды.
Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес активтер жатады, бұлар - мүлік. субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активке айналған болашақ экономикалық пайда -субъектінің ақшалай қаражат түсіміне тікелей немесе жанама, болуы ықтимал салым.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:
- ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен қосылып немесе жеке қолданылса;
- басқа активтерге айырбасталса;
-міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;
-ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.
«Қаржылық есеп беруді ұсыну» 30 бухгалтерлік есеп стандарттарында активтер былайша жіктеледі:
1. ¥зак мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:
- материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер);
- негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік кұралдары, басқа да негізі құралдар);
- ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілестерге, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);
- ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек (алуға арналған шоттар, алынған вексельдер, негізгі серіктестіктер мен оның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек, акционерлік қоғам лауазымды тұлғаларының дебиторлық берешегі, басқадай дебиторлық берешек);
- алдағы кезең шығындары.
2. Қысқа мерзімдік (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі - бір жылдан кем. Бұлар: қайта өндеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
- жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
- ақшалай қаражат;
- егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
- есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінді пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдарының дебиторлык берешегі; басқа да дебиторлық берешек).

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
1.Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда
бухгалтерлік есептін мәні мен рөлі.
2. Кассадағы нақты ақшаның есебі.
2.1Кассадағы нақты ақшаның қозғалысын құжатпен рәсімдеу.
2.2 Кассалық кітапты жүргізу тәртібі мен касса бойынша есеп беру.
2.3 Кассадағы нақты ақшалардың ситетикалық есебі.
2.4 Кассадағы нақты ақшалардың аналитикалық есебі.
3. Кассадағы нақты қаражаттарының есебін жүргізу.
Қорытынды.
Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес
активтер жатады, бұлар - мүлік. субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және
мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активке айналған болашақ
экономикалық пайда -субъектінің ақшалай қаражат түсіміне тікелей немесе
жанама, болуы ықтимал салым.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:
- ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) өндірісінде
басқа активтермен қосылып немесе жеке қолданылса;
- басқа активтерге айырбасталса;
-міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;
-ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.
Қаржылық есеп беруді ұсыну 30 бухгалтерлік есеп стандарттарында
активтер былайша жіктеледі:
1. ¥зак мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға
мыналар жатады:
материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен қамтамасыз
ету, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер);
негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік
кұралдары, басқа да негізі құралдар);
ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілестерге, тәуелді және
бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);
- ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек (алуға арналған шоттар, алынған
вексельдер, негізгі серіктестіктер мен оның еншілес, тәуелді және бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде
пайда болған дебиторлық берешек, акционерлік қоғам лауазымды тұлғаларының
дебиторлық берешегі, басқадай дебиторлық берешек);
- алдағы кезең шығындары.
2. Қысқа мерзімдік (ағымдағы). Оларды қолдану мерзімі - бір жылдан
кем. Бұлар: қайта өндеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлық-
материалдық қорлар;
* жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
* ақшалай қаражат;
егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа
мерзімдік қаржылық инвестициялар;
есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек
(ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған
шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес
тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік
операциялар нәтижесінді пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам
лауазымды адамдарының дебиторлык берешегі; басқа да дебиторлық берешек).

1.Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда
бухгалтерлік есептін мәні мен рөлі.

Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға
байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді
заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап
етеді. Сондықтан ақшалай каражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету
мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп 4 бухгалтерлік есеп
стандартында акшалай каражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол
ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық,
инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп 7 қаржылық есеп беру
стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге
дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп
саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын. Кассалық
операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған
бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің
және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері
мөрлентен пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған кұндылықтардың
сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық
операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық
шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен
таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.
Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік
өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық
материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық
операцияларды атқарады.

2. Кассадағы нақты ақшаның есебі.
2.1 Кассадағы нақты ақшаның қозғалысын құжатпен рәсімдеу.

Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл
мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып,
онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға
және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша
алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу. Кассалық
операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті
тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф. № КО-1) ( сызба)
ресімдейді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде
де, ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалык
ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер
немесе уәкілетті тұлға жэне кассир қол қояды, кассирдің мөрімен
куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында
тіркеледі жэне ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар (2. сызба) шығыстық
кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа кркаттармен (төлем
тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) жэне фискальды коды бар бақылау-
кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.
¥йым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қол-мен
өңдеуде де ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия
қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе
соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды
тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО,
ШКО және оларды ауыстыратъш құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл
мен жасыл түстен басқасын) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса
машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек.
ККО? ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін
құжаттар аталады.
ККО, ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық
құралдарды тіркеу журналында (№ КО-3 ф.) (5.3 сызба) тіркеледі.
Валюталық каражатты жұмсау бойынша операциялар

№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Есеп берілетін валюталық қаражаттың кассадан 333 452
берілуі
2 Шетелдік валютамен валюталық шотқа тапсырылған 431 452
ақшалай қаражат
3 Бағамдық айырма: 452 725
А) жағымдық 844 452
Б) жағымсыз

Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық
есептердің корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5
күнде бір рет кассир есептерінің негізінде №1 журнал-ордерге (шығыс) және
№1 тізімдемеге (кіріс) жазылады.

2.3 Кассадағы нақты ақшалардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
Бухгалтерлік счеттар көмегімен шаруашылық процесстер және шаруашылық
корлары жөнінде мәліметер адамамыз. Одар негізінен жалпы шаруашылық
қорларының көрсеткішін береді. Мысалы, барлық материалдардың кұндық сомасы,
шаруашылықтың жүмысшылар алдындағы еңбек ақы бойныша қарыздар сомасы т.б.,.
Мұндай жалпы көрсеткіштермен басқару жүйесімде шектелуге болмайды.
Сондыктан бақылау-тексеру жұмыстарын' толық маңызында жүргізу үшін
бухгалтерлік есептің жекеленген объектілері бойынша толык мәліметер алу
керек. Мысалы, қоймаға түскен материалдардың жалпы сомасы ғана емсес, ол
материалдардың сортына, жеке түрлері туралы мәліметер болуы шарт.
Мәліметтерде ақша, еңбек, заттай өлшемдерде болуы керек. Бухгалтерлік есеп
обьектілерінің көрсеткіштерін жеке талдап көрсегу үшін бухгалтерлік есепте
синтетикалмк жинақтау және аналитикалық жікеу счеттары қолданылады.
Синтетиқалық. - жинақтау счеттары шаруашылық операциялары мен шаруашылық
корлары туралы жалпы корытынды көрсеткіштерін береді. Ол тек ақшалай
өлшемде көретіледі.
Аналитикалық - жіктеу счеттары бухгалгерлік есепі обьектілерін егжей-
теіжейлі жіктеп-талдап керсетеді.
Кейбір сиитетикалык. счеттар бойынша бір текті аналитикалық счеттар
бөлек топтастырылады. Синтетикалық счет шегіңде құрылған бір текті
аналигикалық счеттар топтары субсчеттар аралық счеттар деп аталынады.
Оларды бардық кәсіпорындар үшін бірыңғай, синтетикалық счеттар
көрсеткіштерін толықтыратын корытындыланған көрсеткіштер алу үшін
енгізеді. Мысалы, "Материалдар" счетына мынадай субсчеттар ашылады:
"Шикізат пен материалдар", "Отындар", "Құрылыс материалдары", "Басқа да
материалдар" және басқалар.
Ситетикалық счеттардын. екі түрі: жай жөне күрделі түрлері болуы мүмкін

2.2 Касадық кітапты жүргізу тәртібі мен касса бойынша есеп беру.

Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні
ғана болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге
міндетті:
* құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да
басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
* құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
* құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға
қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын
(№КО-4 ф.) (4-сызбасы) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың
барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (прошнуровано) тиіс және
парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс.
Кітап мөрмен (печать) мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен
бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып
жүргізіледі. ККО ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн
басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы
операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған
қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және
кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы
құжаттармен (ККО, ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында
күніне көп емес кассалық операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5
күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия
қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дүрыс жүргізілуін бас
бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша
берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп
алынады, мұндайда кассирдің атына шығьшдық кассалық ордер жазылады. Егер
қолма-қол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол
касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен
субъект кірісіне есептеледі.
Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 451 Кассадағы қолма-қол
ұлттық ақша, 452 Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта шоттары кіретін 45
Кассадағы қолма-қол ақша бөлігінде жүргізіледі.
451, 452 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер
(кассалық кітаптьщ екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып
табылады.
Дебет бойынша 451, 452 шоттарда кассаға түскен қолма-қол ақша сомасы
көрсетіледі:
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай 451 441
қаражат (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындары
және т.б)
2 Тапсырыс берушілерден сатып алушылардан кассаға 451 301
көрсеткен қызмет, өнім үшін түскен қолма-қол
ақша
3 Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айырысу (өткізуден,451 701
жұмыстан, көрсеткен қызметтен) түсім
4 Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар 451 721-723
үшін төленген түсім
5 Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға 451 411
түсті
6 Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға 451 333
қайтарылды
7 Банктен қысқа мерзімдік қарыз қолма-қол ақшамен 451 601
алынды
8 Алдағы кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер 451 611
кассаға түсті (жалға беру ақысы және т.б)
9 Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған 451 727
кассадағы ақшаның артық шығуы
10 Өкіметтің атқару органдарынан қолма-қол субсидия451 726
алынды
11 Жабдықтағаны, орындалған қызмет үшін аванс 451 661,662,663
түскенде
12 Еншілес серіктестіктерден (тәуелді, бірлесіп 451 321-323
бақыланатын) қайтқан берешектер

451 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы
жазылады:
№ Операциялар мазмұны Дебет Кредит
1 Қолма-қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды және 121-126 451
кіріске алынды 101-106
2 Кассадан ешотқа ақшалай қаражат тапсырылды 441 451
3 Кассадан еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді 681 451
4 Қолма-қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу 811 451
шығындары
5 Қолма-қол есеп айырысумен алынған акциялар, 401-403 451
облигациялар
6 Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма-қол 671 451
ақша төлеу
7 Кассадан есеп берілетін ақша берілді 333 451
8 Жанға қолма-қол ақшамен төлегенде 683 451
9 ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген 351,352 451
қызмет үшін берілген аванстар сомасы
10 Қарыздарды (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімдік) жеке 602 451
және заңды тұлғаларға кассадан қолма-қол ақшамен
қайтару
11 Алынған аванстың қайтарылуы 661,662 451
12 Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақшалай 334 451
қаражаттың кем шығуы
13 Анықталған кем шығу кінәліге қойылады 333 334
14 Кінәлі кем шығуды өтеді 451 333
15 Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіруден бас 845 334
тартса
16 Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылады 411 451

Субъектілер заңдар рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен
кассалық операциялар жасауға рұқсат беріледі. Шетелдік қолма-қол валюта
есебі Шетелдік валюта операциялары есебі 9 БЕС-ға сәйкес 452 шотта өтеді.
Валютаның әр түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен
көрсетілетін жеке кассалық кітап жүргізу қажеттігін қаперде ұстаған жөн.
Шетелдік валютаға қатысты бағамдық айырмалар теңге бағамы төмендеуге
байланысты (Д452 К725 ) теңге бағамы өскен (Д844 К452) жағдайда
көрсетіледі.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция
атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Валюталық қаражат түсуі бойынша операциялар

№ Операциялар мазмұны Дабат Кредит
1 Банктегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті
Ақшаны есепке алу
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы жайлы
Кәсіпорынның кассадағы операциялары
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кассаны және кассалық операцияларды тексеру.
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
Касса операцияларының есебі
Пәндер