Инфляция. Филлипс қисығы



ЖОСПАР:

1. Инфляция деген не?
2. Инфляцияны түсіндіретін балама (альтернативті) концепциялар.
3. Инфляцияның түрлері.
4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.
5. Филлипс қисығы.
6. Инфляцияға қарсы саясат.
7. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.
Кіріспе

Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскеңде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыптпы өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруга мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өңдіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляцпя жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, ондіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көитеу, алып-сату (спекуляция) түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы жасалып, іске асырылуы қажет болады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазакстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030ж. дейінгі) даму стратегиясы. - Алматы, 1997.
2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н, Жатқанбаев В.В., ж.б. Экономикалық теория негіздері / Окульщ. -Алматы: ҚазМҮУ, 1998.
3. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Оқульщ. - Алматы: ҚазМБА, 1997.
4. Ойкен В. Основные принципы экономической политики. -Москва: Прогресс, 1995.
5. Корнаи Я. Путь к свободной экономике. — Москва: Экономика, 1990.
6. Осипов Ю. Основы теории хозяйственного механизма. — Москва: МГУ, 1994.
7. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. - Москва: МГУ, 1994.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Инфляция деген не?
2. Инфляцияны түсіндіретін балама (альтернативті) концепциялар.
3. Инфляцияның түрлері.
4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.
5. Филлипс қисығы.
6. Инфляцияға қарсы саясат.
7. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері және инфляцияға қарсы
саясат.
Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды.
Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын
жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскеңде тұрғындар тауарды
көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз
кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға
тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыптпы
өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды
түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруга мүмкіндік береді. Баяу
инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өңдіріс
шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляцпя жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады,
ондіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары
айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға
тигізетін зияны көитеу, алып-сату (спекуляция) түрі тез дамиды.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң
нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға
теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет
тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы
жасалып, іске асырылуы қажет болады.
1. ИНФЛЯЦИЯ ДЕГЕН НЕ?

Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе-теңцік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Яғни, ияфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан
сәйкессіздік. Жеке товар рыногында сұраным ұсынымнан артық
болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық
сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды.
Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан
тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің
жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс товар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына
(конъюнктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және
басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген
себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес.
Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны
қалыптастыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі ескенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез ескен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы
деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне неніқандай жағдайларды
жатқызуға болады?
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі
диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі
себептерін қарастырып көрелік. Біріншідещ бұл мемлекеттік шығындар мен
табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы.
Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде керінеді. Егер тапшылық Орталық
банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған
болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны
қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру,
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен
жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы
мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін XX
ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіңдіреді. Бүгінгі нарық XIX
ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды. XIX ғасырдағы нарықта негізінен
өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауарларды көптеген
өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және
салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші
салаға ауысатын еді. Қазіргі рынок - көбінде олигополия түрінде
қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі
бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей
алады. Фирмаолигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге
ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.
Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды бұзып алмау мақсатында ірі
фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан
өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық
фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша
ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың
ашыла түсуіне, олардың дүние жүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне
тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады.
Импортталған инфляциямен күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді.
Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ
бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі
кемиді. Бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайға байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше, инфляцияны тосу психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді?
Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді.
Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап
қояды. Еңбекақының осуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін
болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін
инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді.
Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, инфляцияны
тосу деңгейіне котеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция
қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, баға - еңбекақы, инфляциялық тосу,
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болды. Бұрынғы
кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.

2. ИНФЛЯЦИЯНЫ ТҮСІНДІРЕТІН БАЛАМА
(АЛЬТЕРНАТИВТІ) КОНЦЕПЦИЯЛАР
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті
(балама) концепция ретінде сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы
анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механизм-
моделі) қарастырылады.
Сұраным инфляциясы жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-
теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет
шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған
жағдайында ендіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және
тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы
мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып,
жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған
жағдайда айналымдағы артық телем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап
болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын
график түрінде былай суреттеп көрсетуге болады. ЖҰӨ-нің нақты келемі 4-
сурет

Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы
сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (АD1 - АD2) және, экономика
жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса,
бұл баға деңгейін арттырады (Р, - Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының өсуінен туындаған
бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық
немесе олигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы
саясатынан, шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен жэне басқа
себептерден болады.
Шығындар инфляциясын график түрінде суреттеп көрсетуге болады (5-
сурет).

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, Жалпы ұсыным
қисығы солға қарай жылжиды (АS2 – АS1), баға деңгейі өседі (Р1 - Р2),
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҮӨ-нің нақты колемі қысқарады.
Бағалардың осуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан
кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.
Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады.
Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс
шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп
болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары
үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау
барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияныц әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар озара
тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбекақының есуі табыс
инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
XX ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз есіп
отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі XIX ғасырдағы циклдер
үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада стагфляция деп аталады.

3. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы
экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер
ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-
бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты
өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп
отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20%-200%-ке дейін өсу түрі) -
экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан
жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны
айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді.
Гиперинфляцияда бағалардың өсу карқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша
көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті - МV =РQ қолдана отырып осыны
қалай түсіндіруге болады? Егер М - n есе өскен болса, баға деңгейі сонша
есеге өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V - көрсеткішін де есепке алу
қажет. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған
жағдайда қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде
ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша
көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан баганың өсу қарқыны айналымдағы
ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен, инфляцияны тосу факторын
қарқынды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір
себебі ретінде қарастыру болады.
Жоғарыда сөз болғандар инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция
жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми
түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса
да құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі
тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды
ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-тендік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі
емес инфляция кезінде жеке товар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі
қарқынмен өседі.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның есуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтаи қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта
қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін
болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың
инфляциялық тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына
қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның
уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама
оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар
бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт
қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді,
бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Бұл жерде біз қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында
пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу әсері,
немесе нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты суреттедік.
Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар меи икемді
процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Біраз батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.

4. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЫ
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция
баға деңгейі мен пайда нормасын есіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегеңде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да,
кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция
кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес
болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер
күрт қысқарады. Инфляция тиімді макро-экономикалық саясат жүргізуге де
кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық
сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным
құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін - нарықтың объективті
өлшем құралы болу қызме-тін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс
қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор
жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды
тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер
етеді, экономикада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады.
Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып
зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады.
Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы
жылдың төртінші ширегіңде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында
бюджетке түскен түеімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері
азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры
құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фиилипс қисығы қасиеті
Филлипс қисығы
IS-LM моделі
Инфляция және инфляцияға қарсы саясат туралы
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Жұмыссыздықты күту
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Макроэкономикалық тұрақсыздық. Инфляция және жұмыссыздық
Инфляция және инфляция теориялары
Пәндер