Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері ... ...4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні ... ... ... ..7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі ... ... ...21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Кіріспе

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Пайдаланылған әдебиттер
1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
11. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері ... ...4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және
мәні ... ... ... ..7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау.
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі ... ... ...21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды
азайту ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 8
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол
қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік
шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы
анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың,
қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс,
қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі
қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге
шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар
қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет
етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде
өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған,
өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен
қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын
көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген
өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік
құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге
жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс
шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама;
өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары
бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;
өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.

Шығын – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай
баламмен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың
өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа
жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:
материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
еңбекақыға жұмсалатын шығын
әлеуметтік мұқтаждарға аударым
тозымпұл (амортизация)

Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу.
Шығындар – басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан
құрлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша
шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
Өндіріс шығындарын жіктеу

№ Жіктелуші топ Шығындар(шығыстар)
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі Негізгі
бойынша қосымшы
2 Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі тікелей
бойынша жанама
3 Құрамы (біртектілігі) бойынша бірэлементтік
кешенді
4 Өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі
тұрақты
5 Пайда болу мерзімділігі бойынша ағымдағы
біржолғы
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару өндірістік
міндеттері бойынша) әкімшілік
коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша өндірісітік
өндірістік емес
8 Бақыланатын мүмкіндігі бойынша реттелетін
реттелмейтін
9 Орташалау дәрежесі бойынша жалпы
орта
10 Пайданы генирациялау кезеңіне шығындарды өнімге
жатқызу тәртібі бойынша кезеңге

Негізгілер – өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар:
шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқа да шығындар.
Қосымшалар – өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға
байланысты пайда болады.
Тікелейлер – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік
құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар,
аударымдар).
Жанамалар – өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін
және жанама түрде бөлінеді.
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша
аударулар).
Кешенділер – бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамының
еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті
шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай
(пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы
технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге
сайма-сай бөлінеді.
Тұрақтылар – өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік
(жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға
шығындар және т.б.)
Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал
шығыстары).
Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге
арналғандар.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік
өзіндік құнына (тауарлық өнім-өз материалынан да, тапсырушының материалынан
да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға
тапсырылған дайын бұйымның құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттағы
шығыстарға байланысты.
Коммерциялық – (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге
байланысты.
Өнімді – (жоспарланатын) тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға
белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес – (жоспарланбайтын) өндіріс технологиясымен ұйымдастырудағы
белгіленген кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе
реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды-цех
тексерушісі реттейді).
Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері
конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете
алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар – өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Өнімге – өнімнің өзіндік құнына кететін.
Мезгілге – мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу
бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар.

Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл
орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны
айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына негізгі материалдарға жұмсалған шығын,
еңбекақы төлеуге жұмсалған шығын және өндірістік үстеме шығын енгізіледі.
Негізгі материалдар – нақты өнім түрін өндіруге тікелей жұмсалған
материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты
өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған
уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын
шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында
көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем
жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге,
жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар:
шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен
оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын
өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған
және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар,
ғыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға
ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар
(әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);
ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік
құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған
шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
Өнімді өндіруге жұмсалатын ағымдағы шығындар (өзіндік құн, бұған қоса
негізгі капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның айналысына ұсталған шығын
(сауда, көлік шығындары мен басқа да шығындарды қоса), айналысқа ұсталған
шығын. Экономика ғылымында шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің
немесе тұтынушының белгілі бір игілікке немесе әрекет, қызметке жұмсаған
шығыны) және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға жатқызылатын) бөлу
қабылданған. Экономикалық қызметті талдау кезінде нақты шығынмен қатар
жүктелме шығын (өндіріс, ресурс факторларын неғұрлым тиімді пайдалану
мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге тиіс. Шығын әдетте толық шығын,
жиынтық (қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы, бір жылғы), жеке-дара
шығын (қаралып отырған өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі) түрлеріне
бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өндірістің көлеміне байланысты емес тұрақты
шығынға (үймереттер мен жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы
қызметкерлерге айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін коммуналдық
қызметтер, жалға төленетін төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың
көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы шығынға (материалдар мен
шикізаттарды сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің,
қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы және сатудан кейінгі көрсетілетін
қызметтер, кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты шығын, тіпті өнім
шығарылмаса да төленіп тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге
жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын деп атайды.
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар
арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын
тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің
шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін
нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация,
салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады.
Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын
өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен
экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы
шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және
тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер,
сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге
өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа,
материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа
және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары
(АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды
көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын
арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТСQ
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім
көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын
шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС)
өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың
(VС) өсуіне тең болады.
МС= VС Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты
шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын
тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау
уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі
аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға
беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері
пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен
байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол
қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім
бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным
мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық
баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе
төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне
шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын
еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне,
өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі
немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың
көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару
қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың,
қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс,
қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі
қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге
шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге
байланысты шығындар қосылады:
• ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде
өндірістің ұйымдастырылуы;
• табиғи шикізаттарды қолдану;
• өндірісті дайындау және үйрену;
• өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар
өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну
және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес
сипаттағы шығындар);
• рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу,
моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық
сыйақы төлеу және т.б;
• өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал,
жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек
құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік
қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-

налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
• қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз
ету;
• өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-
сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау
және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың
коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және
т.б.
• кадрларды дайындау және қайта дайындау;
• мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға
аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын)
өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның
негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес
операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының
азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.

1.2 Шығындар есебінің негізі
1.3 Шығындар есебінің жалпы сипаттамасы.
Шығын – тауарға және жұмысқа төленетін ақша.
Шығындар қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық
субьектінің балансында актив ретінде көрсетілген, келешекте табыс әкелуге
қабілетті қаражаттар - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға
берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның
басқалай да трактовкасы ( түсіндірулері ) кездеседі. Мәселен, проффессор
Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды: Шығындар –
тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар
( ақшалар ). Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф.
А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан шығындар
тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін
экономикалық әдебиеттерде шығынның анықтамасы бойынша көзқарастардың
біртұтастығы жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты шығындар,
шығыстар, жұмсалған қаражат бірдей деп теңдестіріледі және өндіріс
шығындары немесе өндіріске жұмсалған шығын терминдері бір мағынада
қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға
байланысты түрлі мәеге ие болатын сияқты. Басқару есебінде шығындар әр
түрлі мақсаттар үшін бірнеше әдістермен жіктеледі, яғни шығын бір мағыналы
ғана емес. Шығын факторы – шығындардың пайда болуына әкелетін кез-келген
оқиғалар не жағдайлар, олар әр түрлі мақсатқа байланысты топтастырылады.
Өндірісті тиімді басқару үшін басшыларға шыққан шығын жайлы ақпарат керек.
Шығындарды есептеу жүйесін тиімді құру дегеніміз – шешімдердің типтес
топтарын айқындау және оларға сәйкес келетін шығындарды есептеу
обьектілерін таңдау.Өндірістік шығындарды әр түрлі негіздер бойынша
классификациялауға болады. Кейбір шығындарды өнімнің белгілі бір түріне
жатқызса, кейбіреуін білгілі бір өнімге жатқызу мүмкін емес. Шешім
қабылдау үшін ақпарат жинау кезінде есепші шығындардың кей түрі шешімнің
бір типіне керек болса, екінші типі үшін маңызы жоұ екенін ескеруі тиіс.
Өндірістік шығындарды тексеру мақсатына қарай әр түрлі белгілері бойынша
классификациялауға болады.
1. Құрамы бойынша:
Нақтылай.
Жоспарлы немесе болжамды.
2. Өндірістің көлеміне байланысты:
Ауыспалы.
Тұрақты,т.б.
3. Орташаландыру дәрежесі бойынша:
Жалпы.
Орташа.
4. Басқару тәсілдері бойынша:
Өндірістік.
Коммерциялық.
Әкімшілік.
5. Өзіндік құнға кіргізу әдісі бойынша:
Тікелей.
Жанама.
6. Пайда түскен кезеңге шығындарды реттеу және жинақтау.
Өнімге.
Кезеңге.
Шығындар ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты
активтердің азаюы ( материалдар, ақшалай қаражаттар ) немесе
міндеттемелердің артуы ( кретиторлық қарыз ) енеді. Шығындар мен
шығыстар ұғымдарын толығымен ұқсас деуге болмайды. Қаржы саласындағы
стандарттары бойынша Шығыстар - есепті кезеңде активтерді пайдалану
немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюы, сондай-ақ капиталдың
кемуіне әкелетін және соған сәйкес қосымша міндеттемелердің пайда болуы.
Шығындардың мәнін жеткілікті түсіну үшін , оны үш жақты қарастыру
керек. Біріншіден, шығындар ресурстардыпайдаланумен анықталады.
Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған
ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез-келген бөлімшенің
қызметі, өнімді өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын (мақсатын)
салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде
белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не материалды емес) көріністе
ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. Шығындарды есепте көрсету соңғы
өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді
шығындар әр түрлі өндіріс көлемінде өздерін түрліше алып жүреді, ал
жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын – пропорционалды, прогрессивті немесе
дегрессивті түрде көрінеді. Шығынның мұндай әрекетін көре тұра шетелдік
әдебиеттерде, теориялық еңбектерде шығынның әрекеті (қылығы) деген
термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы
(қарқыны) туралы айту қабылданғанмен, шығынның әрекеті (қылығы) термині
тек қарқынды ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін
болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып
табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің
деңгейлеріне тәуелді шығындардың әрекеті (қылығы) қалай өзгеретінін
көрсету өте маңызды роль атқарады. Сондықтан шығынға қарап бюджетті
жоспарлағанда келесідей мәселелер туады:
- Келесі жылға өндірістік қызметтің қандай түрін жоспарлау керек?
- Сатылатын тауарлардың көлемінің өсуіне байланысты сату бағасын азайту
керек пе?
- Өнімді сатумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қандай
нысанда болуы керек: комиссиондық сыйақы, жалақы немесе олардың
комбинациялары?
- Өнім шығарудың мөлшерін арттыру үшін қосымша құрал-жабдықтар сатып алу
керек пе?
Мұндай құбылыстарды (обьектілерді) ұғыну үшін осы немесе басқа белгілері
бойынша шығындарды топтастыру жүргізіледі. Объектілерді жіктеу
(классификациялау) белгілері көп болған сайын оның зерттелу деңгейі де
жоғары болады. Бұл өз кезегінде объектінің басқарушылық деңгейін
арттырады.
Есептік ақпараттарды жіктеу схемасының көптігіне байланысты эталон
ретінде олардың қандай да бір түрін бөліп алу қиындық туғызады, өйткені
классификациялау схемасы ақпараттың арналымына (мақсатына) тәуелді.
Сондықтан шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізде
жіктеудің үлкен мағыналық мәні бар.(1-кесте)

1.Кесте.
Топтастырылатын белгілеріне байланысты жасалатын шығындар жіктемесі (
классификациясы ).

№ Жіктеу белгілері Шығын түрлері
1 Мазмұны (айналымы) бойынша Негізгі және үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына енгізу (қосылу) әдісіТікелей және жанама
бойынша
3 Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысы бойынша Айнымалы және тұрақты

Осылардан басқа бақылау және реттеу функцияларын жүзеге асыру үшін
басқарушы есебінде реттелетін және реттелмейтін шығындар тобы да ажыратылып
көрсетіледі.

1.4. Өндірістік шығындардың жіктелуі.
Шығындар жіктемесі басқару мәселелерін шешуші құрал ретінде шешімді
қабылдайтын және оның зардаптарын анықтайтын процеске қатысады. Дұрыс шешім
қабылдау үшін оның қандай шығындар мен олжаға жетелейтінін білу қажет.
Шығындарды жіктеудің мақсаты – жалпы массадан тек релевантты шығындарды
бөліп көрсету (оның өзгеруіне ықпал етуге болатын бөлігіне қатысты), ал
релевантты шығындар деп – тек шешімді қабылдау барысында ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Шығындарды азайту функциялары
Өнімнің өзіндік құнының түсінігі мен маңызы
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Бухгалтерлік шығындар нақты шығындар
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Өнімнің өзіндік құнын талдау
Өндіріс шығыны теориясы
Өзіндік құн, пайда және рентабельділік
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Пәндер