Сын есім түсінігі



Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Сын есім түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Сын есімді өткенде дидактикалық материалды қолдану ... ... ... ... ... .5
3.Сын есім тақырыбын таныстырғанда пайдаланылатын дидактикалық материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

IV.Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның мофологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттарты жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының кайсысында қолданылса да, оиы анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т. б.) жағыиан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән кептік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана бе-рулерімен катар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтеиетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын есім-де көптік, тәуелдік, септік_категориялары болмағынымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің-зат есімнен бөлінерлік, өз алдьша дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан шн есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің кызметтерін атқарады. Мысалы: хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққаннына, арық сейлеп, семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвербиалдық қызмет атқарады. Бұдан сын есімде шырай категориясымен қатаргадьективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.
Әдебиеттер.
1.Қайдаров.Ә. Түріктануға кіріспе.-Алматы,2001.
2.Қордабаев.Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999.
3.Исаев.С. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996.
4.Қарабаев.Т. Түркология және қазақ тіл білімі.-Алматы,1998.
5.Аханов.Қ. Тіл білімінің неғіздері.-Алмата,2000
6.Қазақ тілі әдістемесі.-Алматы,2001.
7.Сан есім қайталау сабақ.-Қазақтілі мен әдебиеті,2004.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Сын есім
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.Сын есімді өткенде дидактикалық материалды
қолдану ... ... ... ... ... .5
3.Сын есім тақырыбын таныстырғанда пайдаланылатын дидактикалық
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 24
IV.Әдебиеттер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

Кіріспе.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның мофологиялық ерекшеліктерінен
де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттарты жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге
есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі
зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін
атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім
көптік, септік, тәуелдік формаларының кайсысында қолданылса да, оиы
анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын
есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең,
салмақ, көлем т. б.) жағыиан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш
қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және
септелмейді.
Зат есімге тән кептік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын
есімнің де қызметтерш бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге
(мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана
бе-рулерімен катар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай
субстантивтеиетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше
қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын
есім-де көптік, тәуелдік, септік_категориялары болмағынымен, оның өзіне тән
ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің-зат есімнен
бөлінерлік, өз алдьша дербес категория екеніне дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан шн есімдер зат есімді анықтауларымен қатар,
етістікті де анықтап, үстеу сөздердің кызметтерін атқарады. Мысалы:
хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен
қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық
шыққаннына, арық сейлеп, семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің
әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік
(қамыс қора) қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер де әрі
адъективтік, әрі адвербиалдық қызмет атқарады. Бұдан сын есімде шырай
категориясымен қатаргадьективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да
көрінеді.

1.Сын есім түсінігі.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т. б.)
әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен катар, тек туынды сын
есім ғаиа жасайтын арнаулы жұрнақтар бар; сын есімнен сын есім тудыратын
шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып
есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына
сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай
белгі болса да, заттыд қасында болады да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы:
Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: -ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
(Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына Да ене
береді. Мысалы: Төрт белмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Ол
тапал, төртпақ скен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә. Әбішев).
Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айыр4машылық
бар. Мысалы, зат есімге септеулік шылаулар тркесе береді. Ал сол септеулік
шылаулардың ішінен тек сияқты, секілді, тәрізді, сыңылды дегендерден басқа
бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсалғанда, сын есімге
тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет,
орасан, ересен т. б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат
есімдерге тіркеспейді. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау,
керемет жүйрік, орасанзор деп айту қалыпты норма бола тұрса да, өте адам,
тіпті жылқы, тым шөп деп айтуға болмайды. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын
ссімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркесуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің
сын есімге тіркесіп, зат есімдерге тіркеспеуі бұл екі сөз табының — зат
есім мен сын есмнің—• синтаксистік жағынан бір-бірінен ажырайтын
ерекілеліктері болып саналады.
Егерде екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен
қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі
бағынбайды да, әрқайсысы өз түс-тарынан тікелей зат есімге қатысты болады,
демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ыз-ғырық суық
сүр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б. Майлин); Ермек оқтай түзу, ұзын биік,
кең жолмен келеді (Ғ. Мүстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген
сапалык сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат
ееімді әр тұрғыдан аныктап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын,
биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат
есімнің әр түрлі сипатын білдіріп түр.
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілердің тікелей де,
басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен
байланысты, сыи есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық
ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп
аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардыц қай-қайсысы болса да қандай?
қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-
сипатын, атап айтканда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т. б.),
сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.) көлемі мен аумағын
(үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. б.), дәмі мен иісін (ащы тәтті; күлімсі)
білдіретт және затгың басқа да касиет-белгілерін білдіретін сөздерді
айтамыз

2.Сын есімді өткенде дидактикалық материалды қолдану.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: сын есімнен алған теориялық
білімін тиянақтау. ә) Дамытушылық: ақыл-ойларын, іскерлік
белсеңділіктерін дамьпу. б) Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, тиянақтылыкқа
тәрбиеу.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: ой шақыру, топтастыру, еркін жазу, болжау.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық матеркалдар, тақырыпқа арналған
кесте, суреттер, кесте карточкалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тіліі, шет тілі, сурет.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Оқушьшарды түгендеп, сабаққа әзірлігін
қадағалаймын.
(Ақ, көк, қоңыр көгершіндерді ұшырып, солардың түстеріне қарай
қушыларды үш топқа бөлемін)
2. Кіріспе. Қымбатты оқушылар, міне, бүгінгі сабақта біз сын есімнен
өткенді қайталаймыз. Сабақтың мақсаты – сын есімнен алған теориялық
білімдерінді бекіту. Ендеше, тақтадағы күннің реті мен сабақтың
тақырыбын дәптерлеріңе
жазындар.
3. Ой шақыру. 1. Көгершіндердің түсі қандай?
2. Бұлар қай сөз табына жататын еді?
4. Топтастыру. Енді, сын есімнен өткеңдерінізді топтастыра
қояйық.
I топ. Сын есім дегеніміз не?
II топ. Сын есімнің маңызды белгілері.
III топ. Сын есімнің түрлері.
(Таратылған қағазға ойларын түсіріп дәлелдейді)
5. Бекіту.
Енді, негізгі тақырыбымыз сын есімнен һткендерімізді бекітеміз. Ол
үшін деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
(3 топқа тапсырмаларды таратамын)
I топ. I деңгей
Мына сөздердің антонимдік, синонимдік қатарларын жаз.
Күшті. Биік. Қысқа. Үлкен.
Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лаиықтысын
тіркеп жаз.
Өнерпаз ... ... ... ... .. (сөйлем)
Түйінді ... ... ... ... ... (шопан)
Жасанды ... ... ... ... . (бала)
Басыңқы ... ... ... ... (суретші)
Әуесқой ... ..,, ... ... . (ой)
Тандаулы ... ... ... ... (адам)
Сезшең) ... ... ... ... . (торқа)
II топ
Дара және күрделі сын есімдерді ажырат, қалай жасалғаның айт.
Сұр, қара ала, сулы, көгілдір, қаракер, шұбар, қара мұртты, жирен,
аласа бойлы, бадырақ көзді.
Заттың самасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін бірнеше
сын есім ойлап жаз.
Түрі, түсі:
Сыры, сипаты:
Аумағы, көлемі:
Дәмі, иісі:
Пішіні:
III топ
Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз.
Қысқа-қысқа, кек ала, ап-аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп-
тәуір, сұп-сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі-
ұсақты.
Жұрнақ арқылы:
Күшейткіш буын арқылы:
Сөз тіркестері арқылы:
Қосарлану арқылы:

Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр.
Ешкімге еш нәрсесін берментін, беруге қимайтын адам.
1. "Тентек" сөзінің синонимі.
2. Заттың пішіні.
3. Заттың көлемі.
5.Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байыптап
байқамайтын адам.
6. Малдың түсі.
7. "Ақ" сөзінің антонимы.
I топ. II деңгей
Сапалық сын есімнің анықтамасын жаз.
Көп нүктенің орнына тиісті журнақтарды жазып, олардың каңдай
жұрнақтар екенін түсіңдір.
а) Көкірегі сезім..., тілі орам...,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
в) Ерін... адамның ертеңі бітпес.
б) Қаб... иттің тұмсығына тор кигізген.
II топ
Мына жұрнақтар арқялы туыңды, қатыстық сын есім жаса.
...палы шам, ...мелі көйлек, ...ген сиыр , ...ма тон, ...қыр бала.
Мына сөйлемдерден шырай түрлерін ажырат.
Жарау торыға жолдың алыстығы да, ауырлығы да онша күшке түспеді.
Астана - өте сәңді қала. Күн қызғылт сәулесін дүниеге жайып тұрған
тәрізді. Көшелер түп-түзу, теп-тегіс.
III топ
Сын есімнің емлесін айт,
Сын есім мына сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.
I топ. III деңгей
Сын есімдерді қатыстырып, "Әсем табиғат аясында" тақырыбына шағын
шығарма жаз.
II. топ. Сын есімдерді қатыстырып, "Ардақты ана"
тақырыбына шағын шығарма жаз.
III. топ. Сын есімдерді қатыстырып, "Менің мектебім"
тақырыбына шағын шығарма жаз.
6. Талдау.
Әр топтан үш оқушыны тақтаға шығарып, төмешггі сын есімдерге
сатылай кешеңді талдау жасатқызамын.
1. Желсіз түнде, жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп;
2. Арманның қабағы жабынқы.
7. Болжау.
Ең алдымен "Зерек" деген сөзге оқушылар жазбаша болжау жасайды.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді оқытып, сын есімдерге синонимдік
қатар жасатқызамын.
8. Қорытыңды. (Оқушыларға тест сұрақтарын беремін)
Сын есімді тап.
а) жазықтық ә) жарық б) сол
Дара сын есімді белгіле.
а) қонымды, сүйкімді, сары
ә) шөп, бұлақ, көбелек
б) бәрі, тегіс, күллі
Күрделі сын есімді тап.
а) сұра, сөйле, сана
ә) қышқыл, дәмді, тәтті
б) кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл шырайлы
Заттың түр-түсін, сыр-сипатын, сапа белгісін білдіретін сын
есімді қандай сын есім деп атайды?
а) күрделі
ә) сапалық
б) қатыстық
Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?
а) түбір
ә) жалғау арқылы
б) жұрнақ арқылы
Қайсысы негізгі сын есім
а) ауылдық, жайлы
е) көк, жеңіл
б) мақтаншақ, сөзшең
Сын есімді тұрақты сөз тіркесін көрсет.
а) жым болу
ә) кірпігі айқаспады
б) қасы көзі қиылған
Сын есім тұрған қатарды көрсет.
а) салқын, қатты, күрең
ә) сайын, соң, туралы
б) сарт-сұрт, жалт-жұлт, кеңк-кеңк
Сын есімнің жауап беретін сұрақтары.
а) қалай, қай уақытта, қай кезде
ә) қанша, неше, нешінші
б) қандай, қай, қайдағы, қашанғы
Бір-біріне қарама-қарсы мәндегі сапалық сын есімдерді белгіле.
а) жұмсақ, тұщы
ә) биік, аласа
б) қызыл, жасыл
9. Үйге тапсырма. 154-жаттығу ауызша, 155-жаттығу жазбаша орындауды
тапсырамын.
10. Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушыларға баға қоямын, қай
топтың белсенділік танытқанын айтып кетемін.
Сын есім.
Сабақтың мақсаты: .1) білімдік - сын есім туралы түсінікгерін
қалыптастыру; 2) дамытушылық - түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушының
ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағаштық қасиеттерін дамыту; 3)
тәрбиелік -ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойьш тиянақты
жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сабақтын көрнекітілігі: сөзжұмбақ, мақал-мәтел (үлестірмелі
карточкалар).
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім деген не? Мысал келтір.
3. Зат есім мағынасына карай бөлінуі. Мысал келтір.
4. Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.
5. Етісктен зат есім тудыратын жұрнақтарды ата. Мысал келтір.
6. Зат есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді. Мысал келтір.
1. Бастауышы күрделі зат есім болатын сөйлем ойлап тап.
2. Бастауышы деректі зат есім. пысықтауышы күрделі зат есім болатын
сөйлем ойлап жаз.
3. Бастауышы дерексіз зат есім, толықтауышы деректі, дара зат
есім болатын сөйлем жаз.
ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру.
1. Қазақ тілі - бай тіл. Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер
бар. Сол создер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарап тоғыз
топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп атылса, бір тобы сын есім деп
аталады. Сын есім заттың, құбылыстың, сын-сипатың, көлемін, түр-түсін,
сапасын білдіреді.
Сын есімнің манызды белгілерін топтастыру
а) заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сүр (бұлт), қызыл
(алма) т.б.
ә) Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді:
биік (үй), ұзын (ағаш).
б) Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман
(ырым), тентек (бала), зерек (оқушы), ақылшы (адам).
в) Заттың дәміне, иісіне байланысты белгілерін білдіреді: ащы
(құрт), тәтті (тағам), жұмсақ (нан).
г) 3атқа қимыл, іс-әрскетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды
білдіреді: тасты жер), көтеріңкі (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам),
білімді (жігіт).
ғ) Сын есім қандай, қай деген сұрақтарға жауап береді.
III. Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында
деңгейлік тапсырма беремін.
1-деңгейлік тапсырма: берілген мәтіннен антонимдерді табу. Сырты
тыныш көрінгеңмен, іші мазасыз. Мынау Жумабек, Афаниевте, марқұм Қалқа
менен әлдеқайда кіші, бірақ көргеңдері әддеқайда үлкен (Ғ.Мүстафин).
2-деңгейлік талсырма: үлкен-қіші, карі-жас, калың-жұқа сөздерін
қатастырып сөйлем құра.
3-деңгейлік тапсырма: берілген сурет бойынша әңгіме құрау (ішінде
антоним болуы шарт).
ІҮ. Бекіту кезеңі.
Ойды жинақтау мақсаты; антонимдердің негізгі белгілерін анықтау
тапсыры. Оқушылар "топтастыру әдісі" бойынша төмеңдегідей жауал беруі
тиіс.

қарама-қарсы мәңде
Оқушьшардың білімін бағалау.
Ү. Үйгетапсырма беру.
а) Антонимдер. 40-бетті оқу.
ә) 90-жаттығу (қалай орындалуына тусінік беремін).

3.Сын есім тақырыбын таныстырғанда пайдаланылатын дидактикалық
материалдар.
Сабақтың мақсаты: Білімділк. Сын есімдердің мағналық ерекшелігін
таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту
Тәрбиелік. Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу. Білім алуға,
оқуға деген құштарлық сезімнің артуына ықпал ету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігімен
жұмыс әрекеттерін дамыту. Тапқырлық. ізденпаздық, алған білімдерін
пайдалана білу қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.
Әдісі: түсіну, тану, қолдану, ой қозғау, ізденіспен жұмыс істеу.
Көрнекітігі: сабақ эпиграфына алынған сөз, тірек-сызба плакат,
үлестірмелі қағаздар, тірек сызба кестелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, бүгінгі өмір.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқұшылармен сәлемдесу.
Сабақты әдетгегідей бір окушы өлең жолдарымен бастайды,
Қазақ тілі ата-анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған,
Дұпшаның да бас иетін,
Тілің ұлттық қасиетің.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Досымыз түгіл, дұшпанымыз да бас иетін, ұлттық қасиетімізден
саналатын тіліміз туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын
бастаймыз.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Өтілген тақырыпты еске түсіру.
Сын есімнің жасалу жолы туралы сұралады. Үйге берілген жаттығу,
қосымша талдау жұмыстары тексеріледі.
3. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты тусіндіріледі. Сабақтың эпиграфына алынған-сөзбен
жұмыс. "Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің ерекшеліктері
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Неологизмдер мен окказионализмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы (халықаралық ұйымдар құжаттарының негізінде)
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Оқушыларды шығарма жазуға үйрету, өнер-туындыларын үйрету әдіс-тәсілдері
Морфология. Сөз құрам
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Пәндер