Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу және күресу шаралары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Шаянтәрiздiлер класының алуан түрлiлiгi.
2.2. Шаянтәрiздiлер класының құрылысы.
2.3. Крустацеоздардың негізгі клиникалық белгілері
2.4. Санитарлық бағалау
2.5 Крустацеоздар:
2.5.1. Эргазилез
2.5.2. Лернеоз
2.5.3. Синергазилез
2.5.4. Аргулез
2.6. Су қоймаларын санитариялық бағалау
2.7. Өзіндік зерттеу
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет

Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады.
Соңғы бес жылдағы балық және балық өнiмдерiнiң импорты 2005 жылы көлемi бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34,7 мың тонна және 16,0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесiнше 41,9 мың тонна және 23,3 миллион АҚШ долларына жеттi. 2005 жылы әкелiнген өнiм көлемi негiзiнен мұздатылған, дайын және консервiленген балық болды, яғни әкелiнген өнiмнiң 95 %-ын құрады.
Балық саласын құрайтын өндiрушi және өңдеушi әлеуеттi қалпына келтiру және жаңарту, сондай-ақ кәсiпорындардың молықтыру кешенiн жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
Тағам өндірісінде балық және балық өнімдері ең маңызды және ең қажетті салаларының бірі болып табылады.
Балық еті- дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары, әсіресе балық сорпасы сіңімді болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырыны көп бөлінеді.
Балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15%-дан 26% аралығында болғанда, бағалы болып есептелінеді. Балықтың белогында 20 түрлі аминқышқылы болады, оның 8-і (лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин, изолейцин, треонин, фениаланин), адам организмі үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Адам организмінде синтезделмейтін осынау аминқышқылының кез келген біреуі организмде жетіспесе, онда денсаулық бұзылады.
Балық етінің тағамдық құндылығы ең алдымен жеуге жарамды шығыны мен белок пен май мөлшеріне байланысты. Балық етінің химиялық құрамы оның тағамдық құндылғы мен дәмдік қасиеттерін анықтай отырып, су, май, азотты және минералды заттар, көмірсулар және витаминдермен сипатталады. Сонымен қатар балық етінде белок және май алмасу өнімдері

1. Қ.Қайымов. Балықтар әлемінде. Алматы: Қайнар. 1973
2. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтаушы. Алматы.: Қазақ университеті, 1999
3. Сабаншиев М.С Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. «Дәуір» баспасы. Алматы. 2011.
4. Ыбыраев Б.К Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары.
5. Сабаншиев М., Сулейменов Т., Карамендин О., Шабдарбаева Г., Жанторе М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. Алматы, КазуптАгру.-2003
6. Искаков М.М, Есібеков Ж.М , Дүйсембаев С.Т, Паразитология және жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы. Алматы. 2000.
7. Күзембаев.Қ. «Азық-түлік өнімдерін тану».- Алматы, 2006.
8. Дүйсембаев С.Т Ветеринариялық-санитариялық сараптау. Алматы 2013
9. "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңы. 8-тарау, 47-бап.
10. Исқақов М.М., Бөлекбаева Л.Т., Балық аурулары.- Алматы, 2007.- 166
11. «ҚР Ветеринария туралы» Заңы, 2004 ж
12. Васильков Г.В. и др. Справочник по болезням рыб. М: Колос. 1978
13. Вербицкая И.Н., Гусева Н.В. и др. Основные болезни прудовых рыб. М: Колос, 1972
14. Щербина А.К. Болезни рыб и меры борьбы с ними. Киев, 1960
15. Дәуітбаева К.Ә. Ихтиопатология. Алматы. 2013 ж

Курстық жұмыс
Курстық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН БАЛЫҚТЫҢ КРУСТАЦЕОЗДЫҚ АУРУЛАРҒА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Курстық жұмыстың жоспары.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
0.1. Шаянтәрiздiлер класының алуан түрлiлiгi.
0.2. Шаянтәрiздiлер класының құрылысы.
0.3. Крустацеоздардың негізгі клиникалық белгілері
0.4. Санитарлық бағалау
0.5 Крустацеоздар:
0.5.1. Эргазилез
0.5.2. Лернеоз
0.5.3. Синергазилез
0.5.4. Аргулез
5.5. Су қоймаларын санитариялық бағалау
5.6. Өзіндік зерттеу
I. Қорытынды.
II. Пайдаланылған әдебиет
КІРІСПЕ
Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады.
Соңғы бес жылдағы балық және балық өнiмдерiнiң импорты 2005 жылы көлемi бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34,7 мың тонна және 16,0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесiнше 41,9 мың тонна және 23,3 миллион АҚШ долларына жеттi. 2005 жылы әкелiнген өнiм көлемi негiзiнен мұздатылған, дайын және консервiленген балық болды, яғни әкелiнген өнiмнiң 95 %-ын құрады.
Балық саласын құрайтын өндiрушi және өңдеушi әлеуеттi қалпына келтiру және жаңарту, сондай-ақ кәсiпорындардың молықтыру кешенiн жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
Тағам өндірісінде балық және балық өнімдері ең маңызды және ең қажетті салаларының бірі болып табылады.
Балық еті- дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары, әсіресе балық сорпасы сіңімді болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырыны көп бөлінеді.
Балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15%-дан 26% аралығында болғанда, бағалы болып есептелінеді. Балықтың белогында 20 түрлі аминқышқылы болады, оның 8-і (лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин, изолейцин, треонин, фениаланин), адам организмі үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Адам организмінде синтезделмейтін осынау аминқышқылының кез келген біреуі организмде жетіспесе, онда денсаулық бұзылады.
Балық етінің тағамдық құндылығы ең алдымен жеуге жарамды шығыны мен белок пен май мөлшеріне байланысты. Балық етінің химиялық құрамы оның тағамдық құндылғы мен дәмдік қасиеттерін анықтай отырып, су, май, азотты және минералды заттар, көмірсулар және витаминдермен сипатталады. Сонымен қатар балық етінде белок және май алмасу өнімдері болады. Тағамдық және емдік қасиеті жоғары балық майы болып табылады.
Бала рахитпен ауырса, қаны азайып жүдесе, не болмаса тамағының безi шошынса, онда ол балаға балық майын ішкізуге болады. Сонымен бірге сүйектің сынған жерінің тез бітуі үшін де балық майын пайдаланады. Сондай-ақ, балық майын дененің күйген, үсінген жеріне жағып емдеу үшінде қолданады. [1]
Балық етінің химиялық құрамы тұрақты емес. Ол тек балықтың физиологиялық құрамына ғана емес, сонымен қатар жасына, жынысына, тірішілік ету мекеніне, аулау уақыты мен қоршаған орта жағдайларына тәуелді болады. Химиялық құрамы жағынан етке ұқсастығына қарамастан етпен салыстырғанда балық және балық өнімдері микробтардың, құрттардың, шаян тәрізділердің әсеріне өте әлсіз болады. Балықтың ластану дәрежесінің жоғарылығын салқында тіршілік ететін микрофлорасының ерекшелігімен түсіндіріледі.
Балық - омыртқалы жануар. Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады.Балықтар өмір бойы желбезек арқылы тыныс алады.
Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Оған шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына бөлінеді.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан, тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас. Сүйекті балықтардың 2000-ға тарта түрі белгілі.
Балықтар классының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.
Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады.
Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпаларының болуы, желбезек сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді. [1,2]
Негізгі бөлім:
Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) -- буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер,максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен қосқанда көлемі екі метрге жетеді.
Шаянтәрiздiлер класының алуан түрлiлiгi.
+ Даражыныстылар, айқындалған жыныс диморфизм тән. Аналықтардың құрсағы бас кеудесiне қарағанда жалпақ, аталықтарыныкы - жiңiшке.
+ Көктемде аналық уылдырығын шашып, құрсақ аяқтарына бекiтедi.
+ Дамуы тура (метаморфозсыз).
+ Он аяқты шаяндарға кәсiпшiлiк шаянтәрiздiлердi жатқызады:
+ Тағам ретiнде қолданатын түрлерi теңiз шаяны, асшаяны, омар.
+ Шаянтәрiздiлердiң ұсақ өкiлдерi суда зоопланктонды түзейдi.
Дафния - тұщы су формасы (тармақталған мұртты шаян тәрiздiлер отряды). Денесi қосжақтаулы бақалшақта орналасқан. Бiр күрделi және бiр қарапайым көздерi және екi жұп мұртшалары бар. Екiншi жұп мұртшалары екiге тармақталған қозғалу қызметiн атқарады. Қозғалысы дүмпу тәрiздi, сондықтан оларды "су бүргелерi" деп атайды. Балық зауыттарында дафнийлердi құнды балықтарды қоректендiру үшiн өсiредi. Циклоптар (ескекаяқты шаянтәрiздiлер отряды) бiрiншi жұп мұртшалары мен кеуде тарның аяқшалар көмегiмен қозғалады. Бiр қарапайым көзi болады. Таспа құрттардың аралық иелерi болып табылады. Дафниялар, циклоптар, бүйiрмен жорғалаушылар - балықтар мен олардың шабақтарының қорегi.
Есекқұрттар (теңаяқты шаянтәрiздiлер отряды) ылғалды топырақта мекендейдi. Жалпайған денесi болады. Кеуде мен құрсақ буындарында бiр жұп аяқтардан болады. Құрсақ аяқтарында тыныс алу мүшелері бар. [3]
Саккулина - мұртаяқты шаян.
Шаянтәрізділер (Crustacea) -- буынаяқтылардың бір класы. Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар, цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден шыққанын дәлелдейді.
Классы
Өкілдері
Orders
Суреті.
Branchiopoda
Brine shrimp
Cladocera
Triops
Anostraca
Notostraca
Laevicaudata
Spinicaudata
Cyclestherida
Cladocera
Daphnia pulex (Cladocera)
Remipedia
Nectiopoda
Cephalocarida
Horseshoe shrimp
Brachypoda
Maxillopoda
Barnacles
copepods
Calanoida
Pedunculata
Sessilia
Chthamalus stellatus (Sessilia)
Ostracoda
Ostracods
Myodocopida
Halocyprida
Platycopida
Podocopida
Cylindroleberididae
Malacostraca
Crabs
lobsters
shrimp
krill
mantis shrimp
woodlice
sandhoppers
Decapoda
Isopoda
Amphipoda
Stomatopoda
Gammarus roeseli (Amphipoda)
Шаянтәрiздiлердің құрылысы: Денесінің ұзындығы 1 -- 2 мм-ден (ең майдасы су бүргесі Alonella, ұзындығы 0,25 мм) 80 см-ге жетеді. Ең ірісі -- жапон крабы (Macrocheіra kaempferі), оның құлашы 4 м болады. Ең ауыр шаян -- Солтүстік Атлант омары (Homarus amerіcanus), оның салмағы 20 кг. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп. Ол қорғаныш қызметін атқарады, бірақ екінші жағынан -- үздіксіз өсуіне кедергі жасайды. Сондықтан шаянтәріздер түлеу арқылы өседі. Бұлардың денесі жеке бунақтардан құралған, әр бунағында жұп бунақ аяқтары болады (бірақ эвол. даму барысында кейбір аяқтарының жойылып кетуі мүмкін). Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Бас бөліміндегі бунақтардың саны тұрақты -- акроннан және 4 бунақтан құралған, олардың 5 жұп өсінділері бар. Бірінші жұбы -- антеннула, екіншісі -- антенна, қалған үш жұбы қорегін ұстайтын және ұсақтайтын, түрі өзгерген аяқтары. шаянтәрізділердің басында бір жұп күрделі немесе фасеттік көздері бар. Кеуде және құрсақ бунақтарының саны бірдей емес. Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты. Құрсағы көпқылтанды құрттардың пигидиіне (құрсақтың соңғы бөлімі) ұқсас тельсонмен (құрсағының соңғы бунағы) аяқталады. Жүйке жүйесі мидан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және "бауырдан" құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан. Сезім мүшелері жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар (рецепторлар) түрінде болады. Зәр шығару жүйесі екі жұп безді: антенналды және максиллярлы. Тепе-теңдік сақтау мүшесі -- статоцист жақсы дамыған. шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Жынысты деформизм айқын байқалады. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл -- науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс, крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі. Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады. [3,4]
Крустацеоздардың негізгі клиникалық белгілері
Шаянтәрізіділер сыртқы жағында желбезектің жапырақшалары арасында бекінеді. Балықтың терісін тесіп,бұлшық етіне дейін жетеді. Олар бекінген жерде жара пайда болады,қабыну процесі терінің үстіңгі және бұлшық еттеріне жайылады.Кейіннен сол орындарда паразитарлық түйіндер пайда болады. Ауру балықтар ариды,бояу қозғалады,судың жиегіне жиналып,тез ауланады. Улы бездердің секреті балықтарға уытты әсерін тигізіп оларда уландырады. Шаянтәрізділер қалған жарақат орындары инфекцияның енуіне жол ашады
Бұл аурудың диагнозын клиникалық белгілеріне және зпизоотологиялық мәліметтерге қарап қояды. [5,6]
Балық өнімдерін балықтың крустацеоздық ауруларға ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау Балықты 1-1,5 сағат қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады, әдетте мұндай балық етінің қызуы 50-800С-қа жеткенде өліп қалады, жақсы тұздалған балық еті адамға онша қауіпті емес, тоңазытқышта мұздатуға болады.
Балықтың терісін, жүзу қанаттарын мен желбезектерін компрессорлық әдіспен тексеруге аурудың құрт табылса, ондай балықтарды суықтығы 2 0С-та 7 тәулік бойы тоңазытқанан кейін ғана пайдалауға болады.
Балық денесінде жекелеп тексекргенен кейін,сатуғу жіберіледі. Қабырғаның астындағы паразит көп болса, ондай балықтарды утильдеуге жібереді немесе пісірген соң жануарларды азықтандырады. [7,8,9]
КРУСТАЦЕОЗДАР
- ЭРГАЗИЛЕЗ
Эргазилез - Ergasilidae тұқымдасына жататын тоғыштар шаянтәрізділер Ergasilus sicboldi. Қоздырушылары әртүрлі балықтарда инвазиялық аурулар тудырады. Шаянтәрізділер желбезек жапырақшалардың некрозын не болмаса қабуынуынмен тудырады. Ауру Батыс Еуропада, Прибалтика, Беларуссия және т.б балық өсіретін шаруашылықтарда кездеседі.
Қоздырушысы - Ergasilius sieboldi - ұзындығы 1.0-1.5мм. Дене пішіні алмұрт тәрізді. Бірінші кеуде бөлімі бас жағымен тұтас келеді, бес жұп жүзетін аяқтары бар.Денесінің құрсақ тұсында томпақтың үстінде ауызы орнласады, бірінші жұп сезім мүшелерінің пішіні емін-еркін өмір сүретін шаянтәрізділерге ұқсас, екінші жұп аяғынан соңғы бунағы тырнақ тәріздес, ол балықтың желбезегіне жабысуына икемделген. Аналықтарында екі ұзын жұмыртқа қабығы болады.
Дамуы. Жетілген аналық құртының жұмыртқа қабында 100-110 жұмыртқасы болады. Судың температурасы 200С болғанда жұмытқалар 6 күндей, егер су температурасы 250С болса, 3.5 тәулікте дамиды. Жұмыртқадан науплиус личикасы шығады, ол бос күйінде жүзеді, 1-2 күннен кейін түлейді. Әр түлеу алдынан үш науплиальді және төрт копеподиттің төртінші сатысында жыныстарға бөлінуі және шағылысуы байқалады. Шағылысудан кейін аталық құрттар өледі де, аналықтары желбезек қуысына барып иесінің ұлпаларына жабысады. Аналықтар бір жылға дейін өмір сүреді. Жұмыртқа қабы сәуірден қыркүйекке дейін дамиды, судың температурасы 140С төмен болмауы қажет. Науплиустер сәуірдің аяғына пайда бола бастайды. Судың температурасы 10-150С шаянтәрізділер 5-6 апта, 25-300С-та, 12 тәулік дамиды. Генерация температурамен тығыз байланысты болады, қолайлы жағдайда үш аптаның ішінде аналықтар екі личинка ұрпақ береді.
Эргазилюстер желбезек ұлпамен, кілегейлі және иесінің қанымен қоректенеді.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Шаянтәрізділер тұщы балықтардың елу астам түрінде тоғыштары: тұқы, албырт, шортан, зен бақтақ және т.б. Өте жиі табан, ақсақ, оңғақ және т.б бейім.
Балық тоғандарына шаянтәрізділер зақымданған балықтармен бірге кіреді, личинкалары сумен тарайды. Аурудың өршуі көбінесе сирек күзде байқалады.
Клиникалық белгілері. Шаянтәрізділер сыртқы жағына желбезектің жапырақшалары арасында бекінеді. Табан балықтарында олар басында, көз маңайында және қос жүзу жарғақтарының түбіне таман орналасады. Шаянтәрізділер респираторлық қатпарларын жыртып желбезек ұлпаларын қабындырып көп кілегейлі бөлінуіне себептес, сонымен қатар, тамырларды бітеп некрозға шалдықтырады. Зақымданған бөлімдер бозғылттанып олардың орнына зеңделген саңырауқұлақ жиналады. Инвазия интенсивтілігі бірнеше жүзге дейін жетеді, кейде шаянтәрізділердің мыңдаған саны кездеседі. Ауру балықтар нашар өсіп ариды, таза су тармағына жиналып кейде өледі.
Диагноз. Індеттанулық деректеріне және клиникалық белгілерді ескере қойылады. Микроскоп арқылы желбезек пен жапырақшаларына кілегей қырындыны алып шаянтәрізділерге зерттейді.
Алдына алу шаралары. Қоздырушыны балық өсіретін тоғандарға түсірмеуге бағытталады. Балықтарды енгізгенде оларды шаянтәрізділерге зерттейді, су құйылып түсетін жүйеге кәсіптік маңызы жоқ балық тоғандарға түспеу үшін балық аулағыштарды орнатады. Зақымданған балықтарды арнайы емдейді, немесе тоғандарға хлорофос ерітіндісін 100мгл құяды, бұл әдісте 2-3 сағаттан кейін өледі. [10,12]
- ЛЕРНЕОЗ
Lerneidae тұқымдасына жататын ұсақ шаян тәрізділер балықтарда ауру тудырады. Олар тұқы, сазан, табан, мөңке және т.б денесінде тоғышарлық етеді. Ақ амур балығында лернейдың басқа түрі - L ectenopoharyngodonis тоғышарлық етеді, ол кезінде Қытайдан әкелінген өсімдіктермен қоректенетін балықтардан тараған.
Қоздырушысы аналығының денесі созылыңқы цилиндир тәріздес, төмен жағына қарай сәл кеңейген, ұзындығы 9-22 мм, бас жағында жұп ұзын екі өсіндісі бар, солар арқылы балықтың денесіне кіреді. Тоғыштардың алты жұп жүзетін аяқтары болады. Жұмыртқа қапшықтары жұп, әрқайсында 300-700 жұмыртқа болады. Капепойдты личинка сатысында аталықтары аналықтарына ұқсас болады.
Дамуы. Даму сатысында щаянтәрізділер үш наупоильді және бес капепойдтты сатыдан өтеді. Жұмыртқадан емін еркін жүзетін үш жұп аяғы бар личинка дамиды. Екі рет түлеген соң наплиус денесі бунақтарға бөлініп, жүзетін аяқтары жақсы көрінеді. Бұл сатысында наплиустар тоғышарлық өмір сүреді, әрі қарай келесі 9-10 күн бойы шамалап, екі күн сайын келесі түлеу жүріп отырады. Копеподитті бесінші сатыдағы личинкаларда жыныстық айырмашылық біліне бастайды да, аталық пен аналықтары балықтардың ұлпаларына кіріп ересек сатыға жетеді. Даму судың температурасымен тығыз байланыта болады. Жазда жылдам, күзде бәсеңдеу дамиды, ал қыста шаянтәрізділер дамымайды. Тұщы суларда ғана көбейеді.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Лернеоз тек қана тоған балық өсіретін шарушылықтарда ғана таралмай, сонымен қатар көлдерде де кездеседі. Ауру жиі ескі, лайлы тоғандарда антисанитарлық жағдайда байқалады. Жоғары деңгейде мөңке балықтардың шабақтары мен осы жазда туған тұқы, ақ және қара амур сирек аурады. Аурудың көзі ауруды жұқтырған балықтар және емін еркін өмір сүретін лернейдің личинкалары Оңтүстік су аймақтарында сәуірдің аяқ кезінен, жаздың ортасынан Орталық аймақ суларында зақымданған балықтарды кездестіруге болады. Инвазияланған балықтардың саны мамырдан тамызға дейін көбейе береді, ол торшалардың биологиясымен байланысты содан кейін содан кейін ауру біртіндеп төмендей бастайды. Лернеймен зақымданған балық келесі жылы инвазия таратады. Лернеоздан көбінесе биыл жазда туған тұқы және мөңке балықтар жиі өледі.
Клиникалық белгілері. Лернийлер балықтың терісін тесіп бұлшық етіне дейін жетеді. Олар бекінген жерде жара пайда болады. Зақымданған орнына жақын орналасқан ұлпалар ісінеді. Қабыну процесі терінің үстіңгі және бұлшық еттеріне жайылады. Кейіннен сол орныдарында паразитарлық түйіндер пайда болады. Балықтың денесі қатты зақымданса көптеген ашық қызыл түсті кейде сұрғылт жаралар пайда болады, олар зақымданбаған сау ұлпалардан күрт ерекшеленді. Бұның бәрі қызамық жіті формасына ұқсас келеді. Бұл процесті іріңді микробтар мен саңырауқұлақтар асқындыруы мүмкін. Қанды экссудат сіңірген ұлпалар қабыршықтары көтеріліп, деформацияға ұшыратып оларды ыдыратады. Ауру балықтар ариды, бояу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz