Балықтарды инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу.



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі.
2.2 Балықтың вирустық аурулары.
2.3 Балықтың бактериалдық аурулары.
2.4 Балықтардың жұқпалы ауруларымен күресу.
2.5 Санитарлық бағалау.
2.6 Өзіндік зерттеу жұмысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ұсақ көлдер мен өзендерді есепке алмағанның өзінде судың алып жатқан ауданы шамамен 394,3 млн. шаршы километр деп есептелінеді. Осы судың 361 миллион шаршы километрге жуығын мұхиттар алып жатыр.
Теңіз бен мұхит суларында көптеген балықтар мен судағы ірі хайуанаттар тіршілік етеді, олардың көпшілігі адам үшін пайдалы азық ретінде қолданылады, сонымен қатар зиянды да түрлері көп.
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең кеңінен тарағаны балықтар, кейінгі деректер бойынша балықтар түрінің саны 20000-ға жуық деп есептелінеді. Балықтар түрі өте көн, сан алуан. Олар мұхит, теңіз, озен, бұлақ, су коймалары үңгірлерінде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында тіршілік етеді. Балық түрлерінің саны барлық суларда сан алуан болады. Ең көп түрлері Амазонкада - 700, Конго озенінде - 380, Волгада - 64, Қазақстанда 140 түрі тіршілік етеді, Балқаш көлінде 30 балықтың түрі анықталған. Майшабақ отрядына жататын балықтардың 300 түрі белгілі, соның ішінде 11-і Қазақстанда кездеседі, ал албырт балықтарының түрі - 16, тұқы тәрізді балықтар отрядынан 2900 түрінен 85 түрі біздің еліміздегі суларда кездеседі. [1]
Біздің республикамызда жалпы көлемі 7 млн гектардан астам үлкенді-кішілі көлдер көп. Олардың 3 млн 300 мың гектары балық өнеркәсібіне бекітіліп берілген және 900 мың гектардан астам су қоймалары бар. Каспий теңізінде 97 кәсіби балықтардың түрі тіршілік етеді. Олар: бекір, шоқыр, қортпа, пілмай және қаракөз, майшабақ, баскын, жайын, шортан, табан, танабалық сияқты азық-түлік ретінде қолданады Балық молшылығына қолдан өсіру әдісінің маңызы зор. Балық өсіретін зауыттар балық уылдырығын қолдан ұрықтандырып өсіріп, көптеген шабақтарды озен, көлдерге жіберу арқылы балық санының артуына мүмкіндік жасайды
Жайын балықтардың Орталық Америка мен Африка және Азия тұщы суларында 1200 түрі белгілі, ал Казақстан су коймаларында тек екі ғана түрі кездеседі. [1]
Балықтар суда тіршілік еткенімен, олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта олардың таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді болса, енді бірі жұмыр, тағы бірі таспа тәріздес жіңішке де, ұзын кейбіреуі жапырақ тәріздес, жыртық шүберек сияқты, жайма-нан тәріздес болады. Өкінішке орай, балықтардың саны жыл сайын азайып барады, оған себеп - ең алдымен экологиялық жағдайлар және көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.
Алдыңғы қатардағы балық өсіретін су тоғандарынан 20-25 ц және одан да артық балық өнімдерін алуға болады. Бірақ балықтарды тығыз отырғызғанда инфекциялық және инвазиялық коздырушылардың таралуына қолайлы жағдай туындайды. Су тоғандарына тыңайтқыштарды енгізгенде ол фито және зоопланктонның жақсы өсуіне себепі болады да, балықтардың тоғышары, аралық иелері көптеген омыртқасыздардың дамуына себептес
1. Қ.Қайымов. Балықтар әлемінде. Алматы: Қайнар. 1973
2. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балық тәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтаушы. Алматы.: Қазақ университеті, 1999
3. Исқақов М.М., Бөлекбаева Л.Т., Балық аурулары.- Алматы, 2007.- 166
4. «ҚР Ветеринария туралы» Заңы, 2004 ж
5. Альфред Брем. Рыбы и амфибий. М.:Из-во ACT, 2000
6. Васильков Г.В. и др. Справочник по болезням рыб. М: Колос. 1978
7. Вербицкая И.Н., Гусева Н.В. и др. Основные болезни прудовых рыб. М: Колос, 1972
8. Күзембаев.Қ. «Азық-түлік өнімдерін тану».- Алматы, 2006.
9. Дүйсембаев С.Т Ветеринариялық-санитариялық сараптау. Алматы 2013
10. Дәуітбаева К.Ә. Ихтиопатология. Алматы. 2013 ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыстың жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
2.1 Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі.
2.2 Балықтың вирустық аурулары.
2.3 Балықтың бактериалдық аурулары.
2.4 Балықтардың жұқпалы ауруларымен күресу.
2.5 Санитарлық бағалау.
2.6 Өзіндік зерттеу жұмысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ.
Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ұсақ көлдер мен өзендерді есепке алмағанның өзінде судың алып жатқан ауданы шамамен 394,3 млн. шаршы километр деп есептелінеді. Осы судың 361 миллион шаршы километрге жуығын мұхиттар алып жатыр.
Теңіз бен мұхит суларында көптеген балықтар мен судағы ірі хайуанаттар тіршілік етеді, олардың көпшілігі адам үшін пайдалы азық ретінде қолданылады, сонымен қатар зиянды да түрлері көп.
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең кеңінен тарағаны балықтар, кейінгі деректер бойынша балықтар түрінің саны 20000-ға жуық деп есептелінеді. Балықтар түрі өте көн, сан алуан. Олар мұхит, теңіз, озен, бұлақ, су коймалары үңгірлерінде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында тіршілік етеді. Балық түрлерінің саны барлық суларда сан алуан болады. Ең көп түрлері Амазонкада - 700, Конго озенінде - 380, Волгада - 64, Қазақстанда 140 түрі тіршілік етеді, Балқаш көлінде 30 балықтың түрі анықталған. Майшабақ отрядына жататын балықтардың 300 түрі белгілі, соның ішінде 11-і Қазақстанда кездеседі, ал албырт балықтарының түрі - 16, тұқы тәрізді балықтар отрядынан 2900 түрінен 85 түрі біздің еліміздегі суларда кездеседі. [1]
Біздің республикамызда жалпы көлемі 7 млн гектардан астам үлкенді-кішілі көлдер көп. Олардың 3 млн 300 мың гектары балық өнеркәсібіне бекітіліп берілген және 900 мың гектардан астам су қоймалары бар. Каспий теңізінде 97 кәсіби балықтардың түрі тіршілік етеді. Олар: бекір, шоқыр, қортпа, пілмай және қаракөз, майшабақ, баскын, жайын, шортан, табан, танабалық сияқты азық-түлік ретінде қолданады Балық молшылығына қолдан өсіру әдісінің маңызы зор. Балық өсіретін зауыттар балық уылдырығын қолдан ұрықтандырып өсіріп, көптеген шабақтарды озен, көлдерге жіберу арқылы балық санының артуына мүмкіндік жасайды
Жайын балықтардың Орталық Америка мен Африка және Азия тұщы суларында 1200 түрі белгілі, ал Казақстан су коймаларында тек екі ғана түрі кездеседі. [1]
Балықтар суда тіршілік еткенімен, олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта олардың таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді болса, енді бірі жұмыр, тағы бірі таспа тәріздес жіңішке де, ұзын кейбіреуі жапырақ тәріздес, жыртық шүберек сияқты, жайма-нан тәріздес болады. Өкінішке орай, балықтардың саны жыл сайын азайып барады, оған себеп - ең алдымен экологиялық жағдайлар және көптеген аурулар. Аурулардың ішінде инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес аурулар балық арасында кең тараған деп айтуға болады.
Алдыңғы қатардағы балық өсіретін су тоғандарынан 20-25 ц және одан да артық балық өнімдерін алуға болады. Бірақ балықтарды тығыз отырғызғанда инфекциялық және инвазиялық коздырушылардың таралуына қолайлы жағдай туындайды. Су тоғандарына тыңайтқыштарды енгізгенде ол фито және зоопланктонның жақсы өсуіне себепі болады да, балықтардың тоғышары, аралық иелері көптеген омыртқасыздардың дамуына себептес болады. Тоғандарда балықтарды тым мол мөлшерде жасанды жеммен азықтандырғанда, көптеген органикалық заттар жиналады (желінбеген азық, экскременттер), олар суды ластайды. Осындай факторлар әсерінен көптеген аурулар пайда болып, балықтарды өлімге шалдықтырады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, температураның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың инфекциялық аурулары бэтиалогиясына байланысты бірнеше топқ бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata - су бактериясы тарататын балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті, ихтиофтириоз; Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп, қырылып қалады.
Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі. [3]
ықтард
2.1 БАЛЫҚТЫҢ ИНФЕКИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
Инфекциялық аурулардың қоздырушылары патогендік касиеттерімен жануар организміне әсер етеді. Патогендік - белгілі микроб түрінің организмде сәйкес ауру тудыру қабілеті. Кейбір микробтарда патогендіктің дәрежесін вируленттік деп атайды, ол микробтың организмде көбейе отырып, оның қорғаныс қасиетін бәсеңдетуі және ұлпалар мен ағзаларды зақымдауымен сипатталады.
Балықтың инфекциялық ауруларын қоздырушылардың, жылықандылар қоздырушыларынан өзіндік айырмашылығы бар, себебі филогендік даму кезінде, балықтар организміне суық қанды жануарлар ретінде бейімделді. Балықтар температурасы, олар тіршілік ететін су температурасына байланысты өзгеріп отырады. Осы себепті қоздырушының балық денесінде тіршілік етіп және оған патогенді әсер етуіне ыңғайлы температура оптимумы әдеттегіден көп алшақтайды - 10-нан 250С аралықта не одан да жоғары болып келеді. Ал жылы қанды жануарлар мен адамның инфекциялық ауруларының қоздырушылары температураның кең алшақтық ауысуына бейім емес. Судың температурасының төмендеуінің салдарынан балық температурасының оптимумы төмендеген кезде, қоздырушының вируленттігі азаяды. Мысалы, бранхиомикоздың қоздырушысы Branchiomyces sanguinis аса вируленттік қасиетін, декаданың орташа температурасы 20°С көрсетсді. Судың неғұрлым төмен температурасында бұл ауру жітілеу немесе созылмалы түрде өтеді.
Сонымен біріге балықтар организміне патогенді Pseudomonas forma ascitae немесе Achromobacter punctatum, тұқының ішегінде және авирулентті түрде тоған суларында кездеседі. Фурункулез қоздырушысы ауру балықтардың организмінде және ластанған су тогандарында да кездеседі. Дерматомикоз қоздырушысы Saprolegnia мен Асһіуа саңырауқұлақтар тегіне жатады. Ол сау балықтардың тері қабаты мен желбезектерінде тіршілік етеді, яғни организмнің төзімділігі жоғары болған кезде сапрофит болады.
Бұл деректерді былай түсіндіруге болады: көп жағдайда микроб-паразит пен микроб-сапрофиттің арасында соншалық айырмашылық болмайды, себебі тіршілік жағдайы өзгерген кезде патогенді микробтар авирулентті түрге, ал авируленттілер - вирулентті түрге айналады.
Балықтардың инфекциялық ауруларының қоздырушыларының вируленттік қасиетін қамтамасыз ететін факторлар: капсула, экзотоксиндер немесе эндотоксиндсрді түзу және диффуздық факторлары толық зерттелмеген.
Организмге патогенді микробтың енген орнын инфекция қақпасы деп атайды. Балық организміне инфекция қоздырушысы ас қорыту жолдары, желбезектер, тері, кілегей қабықтары, несеп жүйелері арқылы енеді. Мысалы, ішек арқылы келесі инфекциялармен зақымдану болады: тұқының тілмесі, шортанның фурункулезі мен обасы т.б. Зерттеу арқылы инфекция қоздырушысының енген жеріне байланысты балықтардың ауруға шалдығуы және аурудың өту жолдары анықталған. Мысалы, жасанды түрде Achromohacter punctalum тілме қоздырушысын бір жастағы тұкыларға бұлшық ет арқылы енгізгенде 100% ауруға шалдығу байқалған, құрсақ арқылы - 92%, тері асты - 87%, ал ауыз арқылы - тек 40% байқалды. [3]
Балықтарда инфекцияның байқалу түрлері.
Балықтарда Инфекциялық процесс септицемия, бактериемия, пиемия, септикопиемия, токсемия түрлері бойынша байқалады.
Септицемия, немесе сепсис - инфекциялық процестің бұл түрінде, инфекцияның қоздырушысы организмнің қорғаныс бөгеттерінен өтіп, жануар организміне енеді, қанда көбейіп, барлық ішкі ағзалар мен ұлпаларға тарайды. Бұл ағзаларда кабыну және дегенерациялық процестер тудырады, жүрек-тамыр жүйесінің, тыныс aлy, зат алмасу ағзалары қызметтерінің өзгерісін тудырады. Септикалық процесс негізінде жіті түрде өтеді. Балықтарды септицемия түрінде, тұқының тілмесі, шортанның обасы, жылан балық обасы және т.б.
Бактериемия деп патогенді микроб организмдегі алғашқы инфекция ошағынан қанға түсіп, бірақ онда көбеймей, тек басқа ағзалаp мен ұлпаларга тарап, оларды зақымдауды айтады. Бактериемия тұқының қызанақтың созылмалы түрінің жіті түріне ауысу кезінде байқалады.
Пиемия - инфекциялық процесс түрі, бұл кезде патогенді микроб лимфа және қан жолдары арқылы, әртүрлі ағзалар мен ұлпаларға тарап, сол жерлерде жаңа (екінші) зақымдану ошақтарын (метастаздар) түзеді.
Септикопиемия - бұл инфекция түрінде зақымдалған организмде септицемияға да пиемияға да ортақ белгілер байқалады.
Токсемия - патогенді микробтар бөліп шығаратын токсиндермен организмді уландыру. Кейбір инфекцияларда микробтар тек енген жерлерінде немесе кейбір ағзаларда көбейе алады, ал олар бөлген токсиндер организмге қан немесе лимфа ағынымен тарайды. [3]

Балықтарға инфекцияның ену жолдары.
Балықтардың инфекциялық ауруларының қоздырушыларымен зақымдану жолдарына байланысты инфекцияның бірнеше түрі болады: экзогенді, эндогенді, спонтанды, жасанды және қайталану түрлері.
Экзогенді инфекция немесе гетерогенді, ол балықтың организміне ауру қоздырушысының сыртқы ортадан енуімен сипатталынады. Мысалы, тұқының қызанақ, албырт бранхиомикозы, фурункулезінде және т.б байқалады.
Эндогенді инфекция немесе автоинфекция пайда болады, егер қоздырушы балық организмінде сапрофит немесе әлсіз вирулентті штамм болып келсе. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен балық организмінің корғаныс қабілеті төмендеп, микроб алғашында зардаптылық касиетін көрсетіп, содан кейін вируленттілігін күшейтеді, осының салдарынан патологиялық процесс дамиды.
Спонтанды немесе табиғи инфекция, бұл кезде инфекция өзіне тән табиғи жолдар арқылы беріледі. Мысалы, біріншіден, микроб тасымалдаушы балық басқа суға түскенде, екіншіден, аурудың қоздырушысы таза су қоймаларын ластап, ондағы сау балықтарды зақымдаған кезде беріледі.
Жасанды инфекция балық организміне әдейілеп қоздырушыны енгізгенде пайда болады.
Реинфекция деп бір ауруға қайталап шалдығуды айтады. Алғашқы зақымданғаннан кейін және организмнің қоздырғыштан тазарып, екінші зақымдануын айтады. Реинфекцияның пайда болуы үшін инфекциямен ауырған организмнің сол aуpyғa сезімтал болуы қажет.
Суперинфекция деп балықтардың бір инфекциямен қайталанып ауыруын айтады. Соның салдарынан қарсы тұру қабілеті төмендеген, алғашқы инфекциядан тазармаған организмге сол ауру екінші қайталап енуін айтады. [3]
Балықтардың инфекциялық ауруларының түрлері.
Балықтарда инфекциялық аурулар мынандай түрдерде байқалады: қарапайым, араласқан, екінші немесе секундарлы.
Қарапайым түрі. Бұл инфекцияны тек бір қоздырушы тудырады, ал араласқан инфекция балықтар екі немесе бірнеше инфекциямен ауырғанда байқалады. Мысалы, тоғандарда тұқының бранхиомикоз және қызамықпен қатар ауырғаны байқалады.
Екінші немесе секундарлы инфекция кезінде негізгі инфекциямен қатар екінші инфекцияның өтуі байқалады. Негізгі инфекция организмнің төзімділігін әлсіретіп, екінші инфекцияның дамуына мүмкіндік жасайды.
Екінші инфекцияға қарапайым мысал ретінде, сау балықтардың терісі мен желбезектерінде тіршілік ететін дерматомикоздың қоздырушысын қарастыруға болады, тұқылар бранхиомикоз және қызамықпен ауырғанда, зақымдалған бөліктер мен ағзаларда дерматомикоз қоздырушысының мицелиялары пайда болады, соның салдарынан секундарлы инфекция дамиды. [3]
Инфекциялық аурулардың даму кезеңдері.
Балықтарда инфекциялық аурулардың дамуы басты төрт кезеңмен сипатталады.
Инкубациялық кезең - қоздырушының организмге енген сәттен алғашқы клиникалық белгілер байқалғанға дейінгі аралық.
Балықтардың инкубациялық кезеңі, олардың тіршілік ететін судың температурасына байланысты. Себебі, балықтар суық қандыларға жатқандықтан, олардың температурасы су температурасына сәйкес немесе одан сәл гана өзгеше болады.
Инкубациялық кезеңнің өзі ішінара екі стадияға бөлінеді. Біріншісі қоздырушының организмге енген уақытынан бастап, оның көбеюіне дейінгі аралық. Бұл стадия өте қысқа болады, бірақ қоздырушы организмде ұзақ тыныштық күйінде сақталған кезде неғұрлым ұзақ өтеді. Екінші стадия - көбеюдің басынан алғашқы клиникалық белгілер байқалғанға дейінгі кезең.
Инкубациялық кезеңде, организмде қоздырушының белсенді түрде көбеюі және оның тіршілігінің өнімдері жинақталуы байқалады. Осы кезде организмде инфекциядан қорғану ұшін иммунологиялық денелер түзіледі.
Инкубациялық кезеңнің ұзақтылығы су температурасына ғана байланысты емес, сонымен қатар қоздырушының ену жолына, оның вируленттілігіне, балықтың организмінің жағдайына және т б. байланысты.
Инкубациялық кезең біртіндеп продромалды кезеңге өтеді. Бұл кезең өте қысқа, ауруға тән емес белгілердің байқалуымен сипатталады.
Инфекцияға тән белгілср пайда болғанда, инфекцияның толық даму кезеңі басталады. Бұл кезеңнің ұзақтылығы аурудың өту түріне, балықтың жағдайына және инфекцияның өту ортасына байланысты. Мысалы, бранхиомикоздың жітң түрінде бұл кезең бірнеше күнге ғана созылады. Жітілеу түрінде бұл кезең ұзақтау, ал созылмалы түріндс ұзағырақ болады. Егер ауру балық өлімге ұшырамаса, aуpy әлсіреп, зақымданған ағзалардың қызметтері қалпына келеді. Аурудың қайтуы байқалады. Бірақ аурудың клиникалық сауығуы анатомиялық сауығумен сәйкес келмейді, себебі анатомиялық қалыпқа келу ұзак уақытты қажет етеді.
Мысалы, бранхиомикоздар салдарынан жарақаттанған желбезектердің регенерациясы сауыкқаннан кейін бір жылға созылады. Кейбір кезде ауру инфекциялық процестің әртүрлі кезеңдерінде балықтардың өлімімен аякталады. [3]
Балықтардың инфекциялық ауруларға сезімталдығы және иммунитеті.
Инфекциялық ауру пайда болу үшін микробтардың, яғни ауру қоздырушыларының болуы жеткілікті емес, себебі инфекциялық процесс ауру қоздырушысының сезімтал жануарлар организмімен, макро- және микроорганизмдерге қоршаған ортаның жағдайларының тәуелді бола отыра байланысуын қарастырады.
Организм кейбір инфекциялық ауруларға жеткілікті түрде төзімді емес. Сондықтан қоршаған органың белгілі бір жағдайларында организм бұл инфекциядан қорғана алмайды, яғни қоздырушының көбеюіне организмде қолайлы жағдай туады.
Керісінше, кейбір жуқпалы ауруларға организм төзімді болып келеді. Организмде арнайы емес жалпы корғаныс шаралары бар.
Микробтардың енуінен қорғайтын жақсы шара болып, тері мен кілегей қабықтыры саналады. Олардың тұтастығының механикалық
жолмен зақымдану салдарынан көптеген инфекциялардың енуіне мүмкіндік туады.
Балықтар организмінің қорғаныс әрекеті болып фагоцитоз саналады. Ұлпалар мен ағзаларға енген микробтар, өте жиі түрде қабыну процессін тудырады. Мысалы, фурункулезде, тұқының тілмесінде, бранхиомикозде және көптеген инфекциялық ауруларда қабыну процесі тууы мүмкін.
Лимфа түйіндері балықтар организмінде микробтардың ұлпа мен агзаларға енуін тежейді Инфекция коздырушысы енген жерде, сол жердегі ұлпада қабыну процесі дамып, соның себебінен микробтар жойылады және олар түзген токсиндер ыдырауға ұшырайды.
Жоғарыда аталып өткен фактордан басқа, жалпы қорғаныс әрекеттеріне гуморальды фактор да жатады. Себебі қалыптағы қанның бактерицидтік қасиеті бар. Осы қасиетті қанның құрамында агглютининнің, бактериолизиннің және т.б. заттардың болуымен түсіндіруге болады.
Сондай-ақ жалпы қорганыс шараларынан басқа балық организмінде де инфекциялық ауруларға арнайы төзімділігң немесе иммунитеті болады. Иммунитет табиғи немесе түрлік және жасанды иммунитет болып бөлінеді.
Табиғи иммунитет деп тұкым қуалайтын төзімділік қасиетті айтады.
Балықтарда кейбір ауруларға қарсы туа біткен иммунитет болады. Мысалы, тұқылар фурункулезбен ауырмайды. [3]

2.2 БАЛЫҚТЫҢ ВИРУСТЫҚ АУРУЛАРЫ.ЫҢ бак
Балықтың вирустік геморрагиялық септицемиясы.
Албырттар тұқымына жататын балықтардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ауру балықтың терісі қараяды, көздері бадыраяды, іші кебеді, қанаттары бүлінеді, нерв жүйесі зақымдалады, желбезектеріне көз қуыстарының дәнекер тканьдеріне, қаңқасының бұлшық еттеріне, ішкі майларына және торсылдағының қабырғаларына қан құйылады.
Ауру қоздырғышы - бактериялық сүзгіден өтетін "егтведвирус" деп аталатын вирус. Күз ішінде сақталған Балықтың өлексесінде вирус 24 тәулік, ал 21 градус салқындықта одан да ұзақ тіршілік етеді. Диагностикалық зерттеулерде ол көк бауыр мен бүйректерден бөлінеді. Балықтың уылдырығында мекендейді деген де пікір бар.
Эпизоотологиясы. Бұл ауру Европаның көпшілік елдерінде бар. Ол негізінен қызғылт сары Балықты зақымдайды, ауырған балықтың басым көпшілігі (9-78%) қырылып қалады. Ауру негізінен күз бен қыс айларында, судың жылылығы 8-10 градус болғанда шығады. Дегенмен ауру күтімі нашарланған балықтардың арасында жаз айларында да бола береді.
Ауру көзі - ауру балық және оның организмінен бөлінетін заттар, сондай-ақ Балық өлекселері. Залалданған тоған суы арқылы да балықтар зақымдалады. Аурудың жасырын кезеңі судың жылылығына, қоздырғыштың вируленттілігіне, балық организмінің беріктігіне қарай 7-15 күн болып саналады, кейде 25 күнге дейін, тіпті одан да көпке созылады.
Аурудың белгілері. Ауру жіті және созылмалы түрінде өтеді, негізінен нерв жүйесі зақымданады. Кейбір зерттеушілер аурудың төтенше (белгісі байқалмайтын) түрі болады деп есептейді.
Аурудың жіті түрінде патологиялық өзгерістер тез дамиды да ауру балықтардың басым көпшілігі өліп кетеді. Ауру балықтардың терісі қара қоңыр түске боялады, көздері бақырайып шарасынан шығып кетеді, желбезектерінің қаны қашып, шұбарланғаны байқалады. Қанаттарының түбі қызарады. Аурудың созылмалы түрінде ол жайлап дамиды да, өлім-жітім көп болмайды. Ауру Балықтың терісі қап-қара болып кетеді, желбезектері қаны азайғандықтан қуаң тартады, не болмаса ашық қызыл немесе ақсұр болады.
Аурудың нервтік түрінде балықтың қимылында өзгеріс болады - судың түбінде ирелеңдеп, кейде бетінде жалпағынан жатып, бүйірлеп жүзеді, денесі селкілдейді.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерістерде - көзінің айналасына, бұлшық етіне, іш майына, торсылдағына, көк шандырына, жүрекке, басқа органдарына шашыраңқы қан құйылуы байқалады. Қанның шапшуы аурудың жіті түрінде жиі болады да, созылмалы түрге ауысқанда жоқ болып кетеді.
Бауырды гистологиялық зерттеуден өткізгенде, оның некрозға шалдыққан жерлерін көруге болады. Бүйректер аурудың жіті түрінде қызыл түсті болады да созылмалы түрінде сұрланады. Оған гистологиялық зерттеу жүргізгенде тканьдерінің некрозға шалдыққанын байқау қиынға соқпайды.
Сақтық шаралары. Аурумен күресте дәрігерлік-санитарлық балық өсіру, мелиоративтік және зоотехникалық шараларды қатаң сақтау шешуші роль атқарады. Тоғандағы балықтардың күтімін жақсарту қажет.
Санитарлық баға. Қатты зақымдалған балықтарды пісіргеннен кейін малға азықтыққа пайдаланады. Аздап қана зақымдалғандарын ешқандай тежеусіз пайдалануға болады. [3,4,5,6,7]
Албырт ұйқы безінің инфекциялық некрозы - албырт тұқымдас балық шабақтарының тез өршитін вирустық ауруы. Ауру балықтың қозғалысы (жүзуі) бұзылады, терісі қараяды, ұйқы бездері зақымданады, нүкте тәріздес қан құйылады, бауыр мен көк бауырда т.б. паренхимотоздық органдарда елеулі өзгерістер болады. Ауру тез дамиды да, ауырған балықтардың басым көпшілігі қырылып қалады. Бұл ауру алғаш рет Американың Балық өсіру шаруашылығындағы жылға толмаған палия балықтарының арасынан байқалған. Сонан соң албырт тұқымдас балықтардың басқа түрлерінен де табылды.
Ауру қоздырғышы - бактериялық сүзгіден өтетін вирус, оның құрамында рибонуклеин қышқылы бар.
Ауру негізінен талма, қызғылт сары Балық, құжма, сондай-ақ албырт балықтарының кейбіреулерін зақымдайды. Әсіресе Атлантиканың албырттары мен Балықтары, сондай-ақ балық заводтары мен питомниктерде өсірілетін балықтар жиі зақымданады. Балықтың басқа түрлері бұл аурумен ауырмайды.
Аурудың белгілері. Ауру жіті түрінде өтеді де ауырған балықтар жаппай қырылады. Балық заводтары мен питомниктерінде өсірілетін Балық және басқа албырт тұқымдас балықтардың шабақтары көбірек өледі.
Ауру алғаш белгі бергенде балық шабақтары аяқ аятынан өліп қалады. Ауру балықтардың денесі дірілдеп, қозғалысы бұзылады, балық бүйірімен жүзеді немесе құрсақ жағы судың бетіне қарайды, бір жерді айналып, ирелеңдеп жүзеді, әбден шаршаған соң судың түбіне кетеді, дем алысы нашарлайды. Сонан соң патологиялық өзгерістің дамуына орай терісі қараяды, іші кебеді, денесінің қызарғаны байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жаңа ғана өлген балықты сойып қарағанда, ішкі органдарында, атап айтқанда, пилорикалық өскіншелерде нүкте сияқты қан құйылғаны байқалады. Бауыр мен көк бауыр реңсізденеді. Өт қабы өтке толып, созылып кетеді, кенересі босайды.
Ұйқы безін гистологиялық-зерттеуден өткізгенде онда некроз барлығы байқалады.
Диагнозы. Ұйқы безінің инфекциялық некрозына диагнозды эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, өлекседегі өзгерістеріне және гистологиялық зерттеудің қорытындысына сүйеніп қояды.
Сақтық шаралары. Албырттардың ұйқы безінің инфекциялық некрозына қарсы күресте дәрігерлік - санитарлық, балық өсіру - мелиоративтік және зоотехникалық жұмыстардан тұратын комплексті профилактикалық шараларды балық өсіру шаруашылықтарында бұлжытпай орындау қажет.
Індетті қан аздық - қан айналымын реттейтін органдар мен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Ауру балықтың қанында қызыл түйіршіктер мен гемоглобин азаяды, анемия пайда болады, балықтың қозғалысы бұзылып, айналасындағы нәрселерді елең етпейді.
Албырттардың індетті қан аздығы алғаш рет 1941 - 42 жылдары Польшаның Балық өсіретін шаруашылығында байқалған. Кейіннен бұл ауру Батыс Европа, Америка және Жапонияның шаруашылықтарына тараған.
Ауру қоздырғышы - арнаулы сүзгіден ғана өте алатын вирус. Ол негізінен балықтың бүйректерін, бауыры мен көк бауырын мекендейді.
Эпизоотологиясы. Індетті қан аздық ауруымен Балық және каспий албырты ауырады. Балықтың басқа түрлері ауырмайды. Бұл ауруға балықтың ірісі де, майдасы да шалдығады. Бірақ Каспий теңізінде тіршілік ететін аталық албырттар жиірек ауырады, оларды балық өсіру заводтарының бассейіндерінде ұзақ уақыт ұстағанда ару тіпті өршіп кетеді. Ұрықтарын жинардың алдында аурулары күшейіп, жаппай қырылады.
Аурудың шығуында белгілі бір тұрақты кезең жоқ. Тек қана судың жылылығы 9-10ºС жеткенде ауру қауырт көтеріліп, балықтар көп шығынға ұшырайды.
Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы табиғи жағдайда ауырған балықтарда белгісіз, ал қолдан залалдандырылған балықтардыкі 2-3 күннен 2-3 жұмаға дейін жалғасады.
Аурудың белгілері. Аурудың жіті және созылмалы екі түрі болады.
Аурудың жіті түрінде балық тіршілігінде ерекше өзгерістер байқалады. Балық жалпы тобынан бөлініп қалады, азықтан бас тартады, қозғалыстары нашарлайды. Терісі бірте-бірте қарая бастайды. Алғашқыда екі бүйірінен қара жолақ шығып, кейіннен бүкіл денесі қарайып кетеді. Қанаттары бүлінеді, ал кейбір балықтар қосымша сапролегния грибоктерімен зақымданады. Ауру балықтың денесі дірілдеп, шыр көбелек айналады, секіреді, не болмаса басымен бассейннің түбіне шаншылады. Ауру балықтың басым көпшілігі 7-10 күн ауырып өледі, ал кейде 2-4 сағат ауырып өліп қалатындары да кездеседі.
Өлген балықтың аузы, әдетте ашық, желбезек қақпақшасы көтеріңкі, желбезектерінің түсі - ақ. Өлексесі тез сіресіп қатып қалады, терісі ағартады, денесінің бұлшық еттері де тез бұзыла бастайды.
Аурудың созылмалы түрімен ауырған албырттардың екі бүйірінің үстінен қара түсті теңбіл пайда болып, бірте-бірте бүкіл денесі қараяды. Ауру балықтың терісінен шырыш бөлінбейді, сондықтан тері үстіне ұялаған паразиттік грибоктер, сапрофит бактериялр ауруды өршітеді.
Ауру 1-3 айға созылады. Балықтың басым көпшілігі өліп қалады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Аурудың жіті түрімен ауырған балықты сойып қарағанда, оның құрсақ қуысының ішіне қара қошқыл түсті сұйықтың жиналғанын көреміз. Қарыны бос, тек қана қара сұр түсті шырыш бар, ішегінде көбік тәріздес шырыш, тік ішегі (анус) айналып шығып кеткен, кейде одан сары түсті шырыш бөлінеді. Көк бауырының түсі қара күрең, аздап көлемі кішірейген. Бауыры сары немесе сарғыштау, кейбір жерлер қызарады. Өт қалтасындағы өті мөлдір. Жүрек бұлшық еті солғын, босап кеткен. Бүйректері қара сұр түсті, үстерінде ақ жолақтары бар, ісіңкі, қолға ұстағанда былбыр. Мұның қан тамырлары қанға толы, миының ішіне қан құйылғаны байқалады. Қаны ашық қызыл түсті, жай ұйиды. Бұлшық еттері бозғылт түсті немесе болар-болмас сарғыштау, кейде ойдым-ойдым қан құйылған жерлері көрінеді.
Аурудың созылмалы түріндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер де аурудың жіті түріндегісімен ұқсас. Тұқымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау, алдын-алу және күресу шаралары
Алиментарлы аурулар
Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Ауруды тарататын ауру балықтар
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық Ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Семей өңірлік филиалы
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
Ветеринариялық санитариялық сараптаудың заманауи әдістері
Пәндер