Ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлау


Курстық жұмыстың мақсаттары
Ауыл шаруашылық өндірісінің болашақта күшті қарқынмен дамуы маман даярлаудың сапасын жақсартуға белгілі бір талаптар қоятыны анық.
Ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибе жетістіктерін жекеленген шаруашылықтарға, фермерлік қожалықтарға кеңінен енгізу, білім ғана емес, тәжірибесі мол, жаңа мамандардың әзірленуін талап етеді. Бұл мақсаттардың шешілуі, көптеген жағдайда, университет қабырғасында студенттердің жан-жақты терең білім алуымен қатар, сол білімін ауыл шаруашылық дақылдары өнімін жоғарлату үшін өндірісте қолдана білулеріне тікелей байланысты.
Оқу кезінде, басты көрсеткіштердің бірі - студенттердің өздігінен жұмыс істеулері, яғни курстық жұмыс орындау болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты - студенттердің өсімдік шаруашылығынан және басқа да қосымша сабақтардан алған білімдерін тереңдетіп, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық шараларды жоспарлауды өзінше жасап үйренулері, сонымен қатар, студенттердің жергілікті мүмкіншіліктерді пайдалана білуі, алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтардың, фермерлердің тәжірибелерін іске қосу болып саналады.
Белгілі бір дақыл өсіру үшін, шаруашылықтың табиғи ерекшеліктерін және экономикалық жағдайларын ескере отырып, жаңа өсіру әдістерін қосу, ғылыми мағлұматтарды, жергілікті мүмкіншіліктерді жөне алдыңғы қатарлы тәжірибелі агротехникалық шараларды батыл енгізу қажет. Өсімдіктердің өсу ортасына қойылатын талаптарды толық қанағаттандыру үшін, курстық жұмысты орындағанда жергілікті табиғи жағдайларға, әрі ауыл шаруашылығында өсірілетін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударған жөн. Әрбір істелуге тиісті жұмыс әсерлі, әрі басты шаралар қолданыл алынған өнім бірлігінің шығыны аз болуын, жоғарғы өнім алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Курстық жұмыс жазудың тақырыбы біреу - ол арендалы ұжым, фермер немесе шаруа қожалықтарындағы егіс танаптарындағы өсірілетін басты дақылдардын жоғары өнім алу технологиясын жасау.
Курстық жұмыс студенттің технологиялық, өндірістік тәжірибе өткізген немесе өзінің тұрақты жұмыс істейтін шаруашылығынан жазылады. Бірақ олар күні бұрын өсімдік шаруашылығы кафедрасынан нақтылы белгілі тапсырмалар алулары тиіс.
Барлық курстық жұмыстардың тақырыптары бір болғандарымен, ол жұмыстар бір-бірінен өздеріне ғана тән жергілікті жағдайлардың, егіс көлемі құрылымдарының, басты дақылдар мен өсіру әдістерінің ерекшеліктерімен анықталып тұрады. Курстық жұмыс студенттердің агрономиялық білімінін толықтыратын, белгілі бір биіктікке жеткендігін көрсетеді. Сондықтан, курстық жұмыс тек студенттің өз қолымен, ойлы, білімді жазылуы тиіс. Бірақ, курстық жұмыс оның шируашылықта практикада болған кезінде толық жазылып, оған шаруашылық агрономының пікірі алынады.
Курстық жұмыс өсімдік шаруашылығы пәні оқытушысының басшылығымен тәжірибе толық аяқталғаннан кейін (оқу басталған алғашқы аптада), ал сырттай оқитын студенттер оқу жоспарына байланысты тапсырады.
Курстық жұмыстың бағасы емтихан бағаларымен теңестіріліп, бағалар сынақ кітапшасына жазылады.
Мүмкіншіліктеріне қарай, студенттің тәжірибеден өтетін шаруашылық басшылары мен агрономдары оның курстық жұмыс орындауына жан жақты көмек көрсетулері тиіс. Ал, курстық жұмыс тек қана жергілікті жағдайлардың ерекшеліктерін, егіншілік өнімін, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін ғана көрсетіп қоймай, сонымеи бірге шаруашылық үшін пайдалы, әрі ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу жолдарын ашуға септігіп тигізетіндсй жұмыс болғаны жөн.
Курстық жұмысты жазуға қойылатын талаптар
Курстық жұмыс қалыпты (стандарт) ақ қағаздың тек бір жағына жазылады. Жазулар студенттің өз қолымен, түсінікті, анық, түзетулерсіз (өшірілмеген) жазылуы тиіс. Курстық жұмыстың жалпы көлемі 30-40 беттік (қол) жазбадан аспауы, сырты қапталған, жақсы безендірілуі қажет.
Курстық жұмыстың алғашқы сыртқы беті әдемі жазулармен, төмендегі тәртіпте толтырылуы тиіс.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
жағдайында
шаруашылықтың аты
200___ жылы жоғары өнім алу үшін
дақылдың аты
қолданылуға тиісті өсіру технологиясы
Жазған:
факультетінің
курстоп студенті
фамилиясы, аты
Курстық жұмысты тексеруші:
фамилиясы, аты, дәрежесі
Қойылған бағасы
Тексерілген күні200__ж.
Курстық жұмыстың мазмұны
Кіріспе
1. Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары
2. Негізгі дақылдың биологиялық ерекшеліктері
3. Курстық жұмысқа алынған басты дақылдан мол өнім алудың әдістері
3. 1. Дақылдың ауыспалы егістегі орны
3. 2. Тыңайтқыштар қолдану жүйелері
3. 3. Топырақ өңдеу жүйесі
3. 4. Топыраққа ылғал жинау шаралары
3. 5. Тұқымды себуге әзірлеу
3. 6. Тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері
3. 7. Егістікті күту және баптау
3. 8. Егістікті ору және өнімді жинап алғаннан кейін өңдеу
3. 9. Басты дақылды өсірудің технологиялық кескіні (техн. карта) Курстық жұмыста орындауға алынған дақылдан мол өнім алу үшін жүргізілген агротехникалық шаралар қорытындысы мен ұсыныстар Пайдаланған әдебиет тізімі
Курстық жұмысты құрастыруға арналған әдістемілік нұсқаулар
Ауыл шаруашылық өнімдері органикалық заттар алудың, азық-түлік, тағам қорын жасаудың, мал азығы мен өндіріске қажетті шикізаттар алудың негізгі көзі болып саналады.
Ауыл шаруашылық жұмыстарын дұрыс бағытта ұйымдастыру оның түрлі дақылдар өсіру және өнім жинау, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, жергілікті табиғи жағдайларын ескеру арқылы механикаландыру, әрбір егіс танабына және әрбір дақыл өсіру үшін дұрыс агротехникалық шаралар қолданып, өсімдік шаруашылығына аз шығын жұмсап мол өнім алуға талаптар қояды. Қаңдай жерде болмасын өсімдік шаруалылығы жоғары өндірісті және жоғары сапалы товарлы өнім беруі тиіс. Ол республикада мол өнім өндірудің басты кепілі. Егіншіліктің алдында тұрған негізгі міндеттер, аймақтық ауылшаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы топырақ құнарлығын жақсарту және ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін жоғарлату.
Мазмұндамада қаралған курстық жұмыс бөлімдері төменде келтірілген ұсыныстарды есепке ала отырылып орындалады.
КІРІСПЕ
Мұнда Қазақстан өсімдік шаруашылығы саласы алдағы шешілуге тиісті мақсаттар, шаруашылықтың басты дақылының халық шаруашылығындағы маңызы мен оның өнімін республикадағы облыс, аудан және шаруашылықтар бойынша ұлғайтудың басты жолдары қысқаша қарастырылады.
1-бөлім. ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТОПЫРАҚ, АУА-РАЙЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Курстық жұмыстың басында шаруашылықтың аты, орналасқан жері (оның облыс, аудан орталықтарынан, темір жол станциясынан қашықтығы және шаруашылыққа ең жақын байланыс пункттері) көрсетіледі:
Одан кейін, шаруашылық дамуының негізгі бағыттары көрсетіліп, шаруашылық басты салаларының алатын орындары және жыл бойында өндірілген өнімнің өндірістік-экономикалық сипаттамалары, егіс көлемі, жалпы өндірілген өнімнің, оның товарлық бағалылығы, өнімнің әр бірлігіне шаққанда өндірілген өнім мөлшері, өндірудің тиімділігі, шаруашылықтың жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі және тағы басқа көрсеткіштер қысқаша жазылады. Шаруашылықтың өндірісті-экономикалық көрсеткіштері негізінде, өсімдік шаруашылық дамуының мүмкіншіліктері мен болашағы бойынша қорытындылар жасалады.
Шаруашылықтың табиғи жағдайларына агротехникалық тұрғыдан баға беріліп, жер көлемінің пайдалануы (экспликация) келтіріледі. Оның ішінде, суармалы және тәлімі жерлердің көлемі керсетіліп, жалпы жер көлемінің сипаттамасы, оларды пайдаланудың ерекшеліктері, топырақтың типтері мен физикалық-химиялық қасиеттері, механикалық құрылымы, жырту қабатының қалындығы, құрамындағы қара шірік пен негізгі қоректік элементтердің мөлшерлері беріліп, табиғи өсімдік жамылғысы және егістіктердегі арам шөптердің құрамы, жер бетінің тегістігі, оның механикаландыруға көндігу әсері, сонымен қатар шаруашылықтың мағлұматтары бойынша әрі, өз байқауынша егістік жұмыстардың сапасы, жүргізілу мерзімдері туралы мағлұматтар тіркеледі.
Студент агротехникалық шараларды батыл, сенімді жүргізу үшін, шаруашылыққа бекітілген барлық жер көлемін және егістік танаптарып өзі аралал, көріп тапсыруы тиіс.
Агрометеорилогиялық немесе қалыпты ауа-райы жағдайлары орташа көпжылдық көрсеткіштерімен қатар, кейбір жылдары болатын жауын-шашынды, жекелеген айларда және вегетациялық кезеңде орташа ең көп түсетін жауын-шашын мөлшерін, әрбір айлардағы ең төменгі орташа және жоғарғы жылулықты, ауаның ылғалдылығын, белсенді жылу қосындыларып (сумма активных температур), аязсыз мерзімнің ұзақтығын, көктемде болатын соңғы, күзде болатын алғашқы үсік мерзімдерін, қардың қалыңдығын, желдің бағытып, жылдамдығын және тағы басқа мағлұматтарды қамту керек.
Осы бөлімпің соңында шаруашылық егіншілігіне байланысты курстық жұмыста келтірілген дақыл, сорттардың өсіп-дамуына табиғаттың ең әсер етуші жағдайлары баса көрсетіледі. Сонымен қатар, жоспарланған өнім өсетін ортаның ең қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуіне тиісті баға беріледі. Жоғары өнім алуға кедергі болатын жағдайларды атап, оларды азайту жолдарын, жоспарлы өнім алуды қамтамасыз етуші бағыттар көрсетілуі тиіс.
Шаруашылықтағы мәліметтерді жинай отырып, дақыл себілетін танаптың сииаттамасын беру үшін "Танаптың төлқұжаты" жасалынады (1-кесте) .
1-кесту
Танаптың төлқұжаты
Ауыспалы егіс; Танаптың;
Егіс көлеміга; Топырақ аталуы;
Механикалық құрамы; Жыртылу батысм;
Алғы дақыл; Өсірілетін дақыл;
Жоспарланған өнім ц/га;
Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері
Құрамындағы
қара шірік
Сумен
қосылғыш қышқылдық
Айналымдағы
негіздердің қосындысы
Cu
Танаптың тазалық көрсеткіштері
Түрлері
Аттары
Таралуы %;
Аттары
2- бөлім. ДАҚЬІЛДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді өсіру, оның болашағы бар сорттарын таңдау, олардың осы аймақты топырақ, ауа-райы мен биологиялық ерекшеліктеріне сай келуіне байланысты. Осыған орай өсірілетін дақылдың немесе болашағы бар сорттың қоршаған ортаға қоятын талаптарын терең тексеріп, шаруашылықтың топырақ-климат жағдайларының көрсетілген талаптарға сәйкестілігін анықтау қажет. Өсірілетін дақылдың және оның болашағы бар сорттың сипаттамалары 2-кестеде келтірілген.
2-кесте
Дақылдың және сорттың өсетін орта жағдайларыны қоятын талалтары
1.
2
3.
4.
5.
5. 1.
5. 2.
5. 3.
5. 4.
5. 5.
5. 6.
6.
6. 1.
6. 2.
6. 3.
7.
7. 1.
7. 2.
Топыраққа қоятын талаптар
Топырақ ерітіндісінің көрсеткіші (РН) ең қолайлысы (ең
жоғарғы және төменгі көрсеткіштер)
Жарыққа талабы
Күнннің ұзақтығына талабы (фотоперидизм)
Жылулық режиміне қойылатын талаптар
Ауқымның өнуі
-ең төменгі жылулық
- ең қолайлы жылулық
Күздіктерді шынықтыру сатысындағы жылулық режимі
1-ші сатысы
2-ші сатысы
Күздіктердің түптену түйнегіне қауіпті ең төменгі жылулық
Дақылдың даму сатыларындағы қауіпті ең төменгі жылулық
1.
2
3.
4.
Дақылдың даму сатысындагы ең қолайлы жылулық
1.
2.
3.
4.
Дақылдың вегетация кезеңіндегі қажетті әсерлі жылулық қосындысы
Ылғалдылыққа қойылатын талаптар
Топырақтың ең қолайлы ылғалдылығы (толық су сиымдылығынан % есебімен)
Ылғалдылықты қажетсінетін ең маңызды даму сатысы
Су пайдалану коэффициенті (диапозон)
Қоректік заттарға қойылатын талаптар
1 т. негізгі өнім қалыптастыру үшін қажетті
Азот
Фосфор
Калий
Жоспарланган өнім қалыптастыру қажетті:
Азот
Фосфор
калий
Осындай салыстырулар нәтижесінде 2-кестеде көрсетілген дақылды шаруашылығына өсірілуінің қажеттігі осы кестедегі мәліметтерге сай негізделіп шығарылуы тиіс.
Дақылдың биологиялық ерекшеліктерінен басқа, егілетін сорттардың 3 кестеде келтірілген шаруашылық үшін қажетті сипаттамалары арқылы өсірілу қажеттілігі дәлелденеді.
3-кесте
Шаруашылықта өсірілетін және болашағы бар сорттардың шаруашылықтың белгілерінің сипаттамасы
Реттік қатары
1.
1. 1.
1. 2.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Әр гектардан алынатын өнімділігі
Шаруашылық бойынша орташа өнім
Сорттың сипаттамасы бойынша бере алатын ең
жоғарғы өнімі
Беретін өнімінің сапа көрсеткіштері
- түйнек құрамындағы крахмал
- дән құрамындағы белок
- тамыр жемістеріндегі қант мөлшері т. б.
Ауру мен зиянкестерге төзімділігі
Негізгі өнімі мен қосымша өнімінің (сабаны, сабағы, жапырағы, қауыздары және т. б. ) ара қатынастары
Суыққа және қысқа төзімділіктері (күздік және
көпжылдық дақылдарға баға беру үшін)
Сабақтарының жатып қалуға беріктігі, дәнінің
төгілуге төзімділігі
Вегетация кезеңінің ұзақтылығы, күн
Өсімдіктің өсіп-даму ерекшеліктері
3-кестеде келтірілген деректер негізінде сортты таңдап алып, басқа сорттардан артықшылығын дәлелдеп, осы аймақта алынған жоғарғы өнім көрсеткіштерінен мысалдар келтіруге болады.
3-бөлім. ДАҚЫЛДАН ЖОҒАРЫ ӨНІМ АЛУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН НЕГІЗДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРАУ
Бұл бөлімде шаруашылықта өсірілетін басты дақылдың биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, шаруашылық жағдайларында жоғары өнім алу үшін қолданылатын технологиялардың агрономиялық дәлелдеулері келтіріледі.
3. 1. Дақылдың ауыспалы егістегі орны.
Егістіктердегі ұйымдастыру жұмыстары мен агротехникалық шаралардың жоспары шаруашылықта қолданылатын ауыспалы егіске тікелей байланысты екендігі мәлім.
Қабылданған өндіріс мақсатын, егістік құрамын, дақылдарға арналған аймақтың топырақ ерекшеліктерін, ауа-райын, шаруашылықтың даму бағытын және басқа да жағдайларын ескере отырып, әр түрлі ауыспалы егістер құрылады. Олардың негізгі мақсаты - алдағы жоспарлы өнімді орындап, топырақ құнарлығын жақсартып, әр гектардан алынатын өнім мөлшерін жылдан-жылға жоғарылатып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшеріп көбейту болып саналады.
Курстық жұмыста шаруашылықтағы қабылданған ауыспалы егістің нобайын келтіру және негізгі дақылды белгілеу және оны төмендеп көрсеткіштері арқылы агротехникалық бағалануы тиіс:
а) дақылдың ауыспалы егіс танаптарында орналасуы;
б) танаптың көлемі және өсімдіктерді өсірудегі жүргізілетін жұмыстарды механикаландыру мүмкіншіліктері;
в) топырақтың құнарлығын жоғарлатып, жоғары өнім алуды, агротехникалық қарқыңды өсіру әдістерін қолдануды қамтамасыз ете алатын дақылдардың ауыспалы егісте орналастыру. Алғы егістерге агротехникалық баға беру.
Егер ауыспалы егісте кемшіліктер болса (танап орналасуларының сақталмауы, егіс көлемінің өзгеруі т. б. ), оларды дәлелдеп, шаруашылық басшысымен келесіп, түзетулер енгізілуі тиіс.
3. 2. Тыңайтқыштар жүйесі.
Жоғары өнім алу үшін жүргізілетін агротехникалық шаралардың ішіндегі маңыздысы - тыңайтқыштар қолдану. Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қысқа мерзім ішінде, барлық ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін тез жоғарылатуды қамтамасыз ете алады.
Ауыспалы егіс танаптарына тыңайтқыштар енгізу үшін төменгі мәліметтер ескеріледі: өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігі (әр түрлі өсімдіктердің өсу мерзімдеріне сәйкес) ; жоспарланған өнім мөлшері (өнім жоғары болған сайын, тыңайтқыш та көп керек) ; алғы дақылдар және онда қолданылған тыңайтқыштар, топырақ ерекшеліктері мен құнарлығы. Құнарлы топырақтарда тыңайтқыш қолдану мөлшері азайтылады, ал кейбір жағдайларда, мысалы құрамында калий көп оңтүстік Қазақстан топырақтарында тыңайтқыштың бұл түрі тіпті қолданылмауы мүмкін.
Әр түрлі дақылдардан жоспарланған өнім алуды қолданылатын тыңайтқыштар мөлшерін анықтау үшін, түрлі есептеу тәсілдері қолданылады. Олардың ең бастысы - егістік тәжірибелер жүргізу қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінің және жергілікті ауыл шаруашылық орындарының ұсыныстарын пайдалану.
Қандай дақылдың болмасын жоспарлы өнімін алуға қол жеткізетін тиісті тыңайтқыш мөлшерін төмендегі мағлұматтарды пайдалана отырып, есептеп шығаруға болады:
1. Өніммен топырақтан алынатын қоректік заттар мөлшері.
2. Әр гектар егістіктің жырту қабатындағы айналымда болатын қоректік заттардың мөлшері (кг) .
3. Топырақтағы қоректік заттардың пайдалану коэффициенті.
4. Тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті.
Әр түрлі днқылдардың қоректік заттарды пайдалану мөлшері шамамен -1 кестеде берілген.
4-кесте
Дақылдардың қоректік заттарды пайдалану мөлшері
Күздік бидай
Жаздық бидай
Арпа
Жүгері
Ас буршағы
Қарақұмық
Тары
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Картоп
10
10
10
10
10
10
10
10
300
150
32, 4
30, 6
28, 3
30, 0
47, 4
34, 2
40, 0
50, 0
120, 0
84, 0
13, 1
13, 1
11, 5
8 3 5
15, 7
19, 8
25, 0
31, 0
54, 0
41, 0
20, 9
27, 0
25, 4
23, 3
29, 4
51, 7
75, 0
270, 7
175, 0
192, 0
Кестеде келтірілген мағлұматтарды пайдалана отырып, жоспарлы өнім алу үшін қажетті қоректік заттарды есептеп шығаруға болады. Мысалы, күздік бидайдың жоспарланған өнімі 30 ц болса, онда топырақтан 32, 4 X 3 = 97, 2 кг/га азот, 13, 1 X 3 = 39, 3 кг/га фосфор, 20, 9 X 3 = 62, 7 кг/га калий алынады.
Қажетті тыңайтқыштар есебін шығарғанда әсерлі бастаушы тыңайтқыштар мөлшерін, былайша айтқанда, олардың әрбір центнеріндегі қоректік заттардың кг-дық мөлшерін есепке алған жөн. Азот қышқылы аммоний тыңайтқышының әрбір центнерінде 33-34кг күкірт қышқылы аммонийде - 20-21, хлорлы аммонийде - 24-25, мочевинада - 42-46 кг азот, суперфосфатта - 14-18, проципитатта 32-40 кг фосфор, калий тұзында - 30-40, хлорлы калийде - 48-60 кг калий бар.
Минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың пайдалану көрсеткіштері де әр түрлі: суперфосфаттан - 30%, калий тыңайтқыштарынан - 25%, нитраттық азоттан - 70%, тез еритін азоттан -20% шамасында.
Өсімдік дамуының әр түрлі кезеңдерінде қоректік заттар мөлшеріне қоятын талаптары да өзгеріп отырады.
Мысалы, күздік дақылдар күз мезгілінде қоректік заттарды аз, ал көктемде әсіресе, азотты көп қажет етіп, жазда салыстырмалы аз пайдаланады. Сондықтан, көктемде күздіктерді азотпен қоректендіру агротехникалық шаралар ішіндегі жүргізілетін міндетті жұмыстардың бірі болып табылады.
Органикалық және минералдық тыңайтқыштарнды бірге сіңіргенде немесе минералдық тыңайтқыштарды органикалық тыңайтқыштармен алмастырғанда, жергілікті тыңайтқыш құрамындагы қоректік заттар мөлшерін төмендегі кәрсеткіштерді пайдалана отырып анықтауға болады.
5-кесте
Жергілікті тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттар мөлшері (әр тоннадаға кг-есебімен)
Аралас, жартылай шіріген көң
Шіріген көң
Зәрлі көң
Құс саңғырығы
Ағаш күлі
5, 0
7, 5
2, 2
1, 5
-
2, 5
4, 0
0, 1
20, 0
3, 8
6, 0
6, 0
4, 6
10, 0
7, 0
Осыларды және шаруашылықтан алынған мәліметтерді пайдалана отырып, негізгі дақылдан жоспарлы өнім алу үшін қажетті тыңайтқыш мөлшерінен есептеу жүргізіледі.
6-кесте
Жоспарланған өнім алу үшін қажетті тыңайтқыштар есебі (дақылдың аты, өнімділігі, ц/га)
азот
фосфор
калий
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14
1 т негізгі өніммен жұмсалатын қоректік заттар мөлшері (кг)
Әр гектардан жоспарланған өніммен алынатын
қоректік заттар мөлшері (кг)
Топырақ құрамындағы қозғалмалы қоректік заттар мөлшері (1 кг топырақтағы, мг)
Топырақтың жыртылатын қабатындағы қозғалмалы қоректік заттар қоры (кг/га)
Топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %
Топырақтан өсімдіктермен сіңірілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)
1 т/га органикалық тыңайтқыштармен топыраққа берілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)
Органикалық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %
Өсімдіктердік органикалық тыңайтқыштар құрамынан сіңірілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)
Минералдық тыңайтқыштармен берілуге тиісті қоректік заттар мөлшері (кг/га)
Минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %
Пайдалану коэффициентін есепке алғанда минералды тыңайтқыштармен сіңірілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)
1 Құрамындағы қоректік заттар мөлшері көрсетілген (%) қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың заттары
Әр гектарға физикалық тукпен тыңайтқыштардың
берілуі (ц/га)
Өсімдіктердің өсіп-даму сатыларының әр түрлі мезгілінде қоректік заттарды пайдалану мөлшері өзгеріп отыратындықтан, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың күн бұрын жұмыстық жоспар жасалынады.
3. 3. Топырақ өңдеу жүйесі.
Ауыспалы егістің қажеттігін дәлелдеу, дақылдарды танаптар ретімен орналастыру, шаруашылықтың табиғат жағдайларын (табиғат, жер бетінің бедері, топырақтың жыртылу қабатының қалыңдығы, танаптың арамшөмтілігі, ауа-райының және басқа да жағдайлары) жақсы білу нәтижесінде жасалып, осы ауыспалы егістің негізгі дақыл егілетін танаптардың барлығында да жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі белгіленеді.
Бұл жұмыстарды төмендегі формада жасау талап етіледі
8-кесте
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақты әзірлеу және тұқым себу алдында өңдеу әдістері
Қажетті машиналар және құрал -жабдықтар
Жұмысты жүргізу мерзімі
Сапалық көрсеткіштері
Кесте толтырылғаннан кейін, алғы дақылға байланысты жүргізілетін топырақ өндеу жүйесіне дәлелдемелер келтіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz