Ірі қара бруцеллезі



I. Кіріспе
II. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын хаттама
III. Анықталған ауруды талдау
1. Аурудың қысқаша анықтамасы
2. Этиологиясы
3. Аурудың жұғу жолдары:
4. Патогенезі.
5. Ауру белгілері.
6. Емдеу.
7. Балау.
8. Ажыратып балау.
IV. Қортынды.
V. Әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымша.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында елбасымыз ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де елеусіз қалдырмады. Өз сөзінде «Мен 20 жылдан артық күш-жігерім мен халқыма қалтықсыз еңбек етіп келемін. Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – біздің ортақ табысымыз. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016 жылдың өзіңде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатта 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналды. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санының көбейтуге мүмкіндік береді»,- деп аяқтады.
Сол себепті малдардың қауіпті ауруларға шалдығуының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Қатерлі ауруға тек бір - екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ - тобымен ауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде ауру малдың кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, ветеринария қызметкерлері мен жеке қожалықтардың, сондай - ақ ветеринариялық зертханалардың экономикалық жағдайына елеулі әсерін тигізері сөзсіз.
Ұлан байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан көптеген мал шаруашылықтарында малдардың ішінде әр түрлі қауіпті аурулар жиі кездесетін жағдай. Өзімізге белгілі ветеринарияның ауыл шаруашылығындағы рөлі – жануарларды әр түрлі қауіпті аурулардан сақтап,
1. Сайдулдин Т. Індетану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы-2009 ж.
2. Студенцов К.П. Бурцеллез животных. Алма-Ата 1975 ж.
3. Триленко П.А. Бурцеллез сельскохозяйственных животных. Колось-1976 г.
4. «Технология пищевых производств. Ветеринарно – санитарная экспертиза сырья животного и растительного происхождения», Б.С.Сенченко, Ростов-на-Дону Издательский центр «МарТ» 2001г.,
5. Профилактика и лабораторная диагностика бруцеллеза людей ГГСВ РФ: Методические указания от 30.01.2003 N МУ 3.1.7.1189-03
6. Санитарные правила "Условия транспортировки и хранения медицинских иммунобиологических препаратов. СП 3.3.2.028-95". 7. "Бруцеллез. СП 3.1.085-96, ВП 13.3.1302-96", сборник санитарных и ветеринарных правил "Профилактика и борьба с заразными болезнями, общими для человека и животных".
7. "Бруцеллез. Методические рекомендации по диагностике, лечению и реабилитации больных", 1987. Приложение ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА ВИДОВ И БИОВАРОВ РОДА BRUCELLA
8. Журина Е.В. Препараты интерферона в комплексном лечении больных бруцеллезом - Автореф. дис. канд. наук. - Алматы, 1993. - 21 с.
9. Инфекционный процесс: клинические и патофизиологические аспекты. - С-Пб. - 1999. - 255 с.
10. Курманова К.Б. Совершенствование методов лечения бруцеллеза: Дис… докт. мед. наук - 1990.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ:

I. Кіріспе
II. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын хаттама
III. Анықталған ауруды талдау
1. Аурудың қысқаша анықтамасы
2. Этиологиясы
3. Аурудың жұғу жолдары:
4. Патогенезі.
5. Ауру белгілері.
6. Емдеу.
7. Балау.
8. Ажыратып балау.
IV. Қортынды.
V. Әдебиеттер тізімі.
VI. Қосымша.

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында елбасымыз ауыл шаруашылығындағы мәселелерді де елеусіз қалдырмады. Өз сөзінде Мен 20 жылдан артық күш-жігерім мен халқыма қалтықсыз еңбек етіп келемін. Осы жылдары мәртебемізді көтеріп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз - біздің ортақ табысымыз. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады. 2016 жылдың өзіңде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең. Мемлекет бұл мақсатта 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі. Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналды. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санының көбейтуге мүмкіндік береді,- деп аяқтады.
Сол себепті малдардың қауіпті ауруларға шалдығуының шаруашылықтарға тигізетін зияны өте көп. Міне осы тұрғыдан қарағанда алдынғы кезде елімізге жетіспеушілік тудыратын мал өнімін көтеру, бұл ет және ет өнімдері мен мал өнімдері. Қатерлі ауруға тек бір - екі бас мал ғана емес, көптеп малдардың топ - тобымен ауруы; ауыр жағдайда көмек көрсетіліп үлгермегенде ауру малдың кенеттен өлім жітімге ұшырауы; аман алып қалған малдардың өнімінің азаюы; жұмыс малдарының жұмысқа жарамсыздығы; жедел көмекке; емдеп жазуға жұмсалатын қаражат шығындары; адам күші, оларға төленетін жалақы. Міне осы сияқты тағы басқа да шығындар шаруашылықтардың, ветеринария қызметкерлері мен жеке қожалықтардың, сондай - ақ ветеринариялық зертханалардың экономикалық жағдайына елеулі әсерін тигізері сөзсіз.
Ұлан байтақ Қазақстан республикасының жерінде бытыраңқы орналасқан көптеген мал шаруашылықтарында малдардың ішінде әр түрлі қауіпті аурулар жиі кездесетін жағдай. Өзімізге белгілі ветеринарияның ауыл шаруашылығындағы рөлі - жануарларды әр түрлі қауіпті аурулардан сақтап, ауыра қалған жағдайда, емдеу, алдын алу шараларын жүргізу арқылы адамға және жануарларға ортақ аурулардың тарап кетпеуін қадағалау.
Соның ішінде ветеринариялық - санитариялық сараптау - тамақ өнімдерінің (ет, сүт, балық, жұмыртқа, бал т.б) және шикізаттар (тері,сүйек, ішек қарындар), сондай-ақ кейбір өсімдік өнімдерінің санитариялық - гигиеналық әдістерін зерттеуге арналған ғылым. Ветеринариялық - санитариялық сараптаудың негізгі мақсаты - адамдарға қауіпті тағам өнімдері аурудың көзі болатын немесе жануарлар арасында жұқпалы, инвазиялық аурулардың таралуына жол бермеу.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық малдарының ауруға шалдығуы, олардың ағзаларындағы қауіпті бактериялар, вирустар мен паразиттер малдың өсім төлдерін, тіпті адамдарды да өнімдері арқылы (сүт, ет, май, ірімшік, айран) ауруға шалдықтыруы мүмкін. Кей кезде індетті аурулардан келетін шығындар, еліміздің экономикалық шығындарынан да асып түседі.
Ауру ағзаның, әсіресе созылмалы аурулардың түрінде ауру малдың резистенттілік қабілеті әлсірейді де, олардың індетті, тоғышарлық, көбінесе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеттілігін нашарлатады. Сондықтан ондай малдарда бір аурудан басқа аурулармен қабаттасып асқынған түрлері жиі кездеседі. Көп жағдайларда мал мамандары, күтуші, бақташы, адамдар аурудың табиғатын терең білмегендіктен дұрыс диагноз қоя алмай қалуы жиі кездеседі.

ІІ. Өлексені патологоанатомиялық сою кезінде жасалатын
ХАТТАМА № 1
Мал иесі: ЖШС Серікқазинов и К
Сойылды: 17.03.2014. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- ----------------------------------- -----
Клиникалық белгілері: Сиырдың дене температурасы 40°С-қа жетті. Жалпы қоңдылығы төмендеген, лимфа түйіндері ұлғайған, тәбеті төмен, әлсіз. Ауру басталғаннан кейін 10 күннен соң жануар өлді. Өлім 15.03.2014 ж сағат 17:30 да тіркелді.
СИПАТТАУ БӨЛІМІ:
1.Өлексе: Ірі қара. Жынысы: ұрғашы. Тұқымы: симментал. Жасы: 3 жас. Түсі: қызыл. Ерекше белгілері: Буаз (іш тастағын). Қоңдылығы: орташа
Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексе сірескен (буындары күш көмегімен ғана бүгіледі). Өлексе жатқан жағында жүнінің астында теріде көк түсті қомақты дақтар көрінді. Алдыңғы аяқ буындары ісініп кеткен. Қынап қызарып, сыртқа шығып кеткен. Өлексе қампиып кеткен, шіріген иісі бар.
2. Көз қыры ісінген, мүйізді қабығы тұманданған, көздің айналасы ылғалды.
3. Тісі, қызыл иек, таңдай, тіл өзгеріссіз.
4. Мұрын қуысынан серозды-іріңді, серозды-кілегейлі ақпа байқалады. Құлақтары өзгеріссіз.
5. Жыныс мүшелері: Іш тасталған. Қынаптың кілегей қабығы қызарып, қалыңдаған, бетіне сұрғылттау-қызғылт созылмалы зат шөккен. Жатыр ұлғайған, жұмсарған, кілегей қабығы қалыңдаған, іріңді-катаралді қабыну жағдайында. Қабырғасында өліеттенген карункулдар көрінеді. Қалыңдаған кілегей қабырғасы хорионның арасында фибрин араласқан сұрғылт сұйықтық жиналған. Ұлғайған карункулдар нүктелі және жолақ қанталаған. Хорионның бүрлі бөлігі қалыңдаған, нүкте қанталаулар көрініп тұр, бетіне сарғыштау-қоңырқай зат шөккен. Бүрлер қысқарған.
6. Жүні: терісінің әр жерінде қылы түскен. Сол жақ мүйізі сынған, тұяқтары өзгеріссіз.
7. Терісі және тері асты шелі: терісі бүтін. Тері астында тығыз түйіндер пайда болған.
8. Желіні: тығыз консистенциялы. (14) бөлігі зақымданған. Кесілген жердің түсі сары-қызыл түсті. Сүт жолдарында қызғылт түсті, іріңді, сұйықтық жиналған. Қантамырларында қан іркілген. Желін терісі қызарған. Безді ұлпасында майда, тарыдай, тығыз түйіршіктер табылды.
9. Бұлшықеттер: бұлшықеттері қошқыл қызыл түсті.
10. Сүйектер мен буындары: Сүйектері өзгеріссіз. Буындар жуандаған. Буын қабы сарысулы-фибринді жалқаққа толған.
11. Құрсақ қуысы: 50 мл мөлшерде кошқыл қызыл сұйықтық табылды.
12. Көкеті: көк ет күмбезі 13 қабырға деңгейінде.
13. Құрсақ қуысының ішіндегі органдар анатомиялық дұрыс орналасқан.
14. Құрсақ көк шандыры, шырбысы: ошақты кызарулар мен қызыл дақтар көрінеді. Сонымен қоса, олардың бетіне фибрин шөккен.
15. Өңеш және жұтқыншақ: өңеште көзге көрінерліктей өзгеріс жоқ. жұтқыншақтың кілегей қабығы көгерген реңі бар қызғылтым.
16. Қарын:
Мес қарын - кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Іші жынға толы. Қабырғасы қалыңдаған. Нүктелі қанталаулар айқын көрініп тұр.
Кітапша қарын- кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Ішінде жем қалдығы бар.
Тақия қарын- кілегейлі және серозды қабаты жағынан сұрғылт-күлгін түсті. Ішінде жем қалдығы бар.
Ұлтабар- кілегей қабығы қалыңдаған, қызарған. Нүкетелі қанталаулар табылды. Сұйық және жартылай сұйық азықтық массасы бар.
17. Ішек:
Он екі елі ішек: кілегей қабығы қалыңдаған, қызарған. Нүкетелі қанталаулар табылды. Пейер жолақтары мен солитарлы фолликулалардың көлемі ұлғайған, қызғылт түсті.
Ащы ішек: Ішкі бетіе қызғыт түсті, қалыңдаған. Нүктелі қанталаулар табылды.
Мықын ішек: кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Жуан ішек: кілегей қабық қызарған, қалыңдаған. Іші нәжіске толы.
Тік ішек: Кілегей қабығы ақшыл сұр. Кілегей қабықта ұсақ қанталаулар көрінеді.
18. Бауыр: қантамырлары қанға толып, соның есебінен көлемі ұлғайған, қошқыл түсті. Бауырды тіліп ашып қарағанда паренхимасында майлануға ұқсас түзілістер табылды. Тығыз консистенциялы., ұсақ сарғыш-қызыл түсті некроз ошақтары бар. Өт қабының қабығы сәл қалындаған, қызғылт тартқан. Оны қысқанда өт ішек саңылауынан бөгелусіз ағады. Кескенде қан ағады, шеттері бірікпейді.
19. Бүйрек: Вена қан тамырлары кеңейіп, қанға толған. Көлемі ұлғайған. Фиброзды қабығы ұлпадан қиын ажыратылады. Қыртысты қабатында нүкте тәріздес қызыл дақтар көрінеді. Ондай дақтар бүйректің сыртқы қабатында да байқалады. (теңбіл бүйрек). Бүйрек шумақтары қабынған. Бүйрек қабында қан түйіршіктері араласқан экссудат жиналған.
20. Қуық: мөлдір несепке толған. Қабырғасында нүктелі және жолақты қанталаулар бар.
21. Көкірек қуысы: 20-25 мл.қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды.
22. Сір қабық: тегіс, жылтыр, көк реңі бар қызыл түсті, нүктелі қанталаулармен ерекшеленеді, фибринозды дақпен көмкерілген.
23. Көмей мен кеңірдек: кілегей қабығында нүктелі қанқұйылулар білінеді.
24. Өкпе: Ұсақ зақымданған аймақтар табылды. Зақымданған аймақтар тығыз. Өкпе ұлпасы қызарған. Өкпені қысқанда мөлдір емес, көпіршігі жоқ сұйықтық шықты. Зақымданған аймақтардың айналасынан қою көк түсті және ашық түсті аймақтар көруге болады.
25. Жүрек қабы: 20-25 мл.қошқыл-қызыл түсті сұйықтық анықталды. (транссудат), Қызарған, нүктелі қанқұйылулар білінеді.
26. Жүрек: жүрек жұмыр формалы, ішінде ұйымаған кою қошқыл түсті қан бар. Оң қарынша қабырғасының сол қарынша қабырғасына қатынасы 2:4, Эндокард тамырлары қанмен толған. Эндокардта нүктелі қанқұйылулар білінеді. Эндокардта, әсіресе, жүрек қақпақшаларымен түйіскен жерінде, сұрғыт түсті, сүйелге ұқсас түзілстер табылды. Олар тығыз консистенциялы, сұрғылт сұйықтыққа толы.
Миокард қалыңдаған, ашық қызыл түсті. Болбыр. Кесіп қарағанда кескіні көмескі. Инфильтрат жиналған. Нүктелі қанқұйылулар табылды.
Жүрек қақпақшаларының үстінде де бұндай өзгерістер табылды.
Жүрек қақпақшалары сұрғылт түсті, жылтыр тегіс, жуандаған. Бетінде тромботикалық жалқақ жиналған.
27. Талақ қантамырлары қанмен кернеліп, талақ 3-4 есе ұлғайған, қызыл-қоңыр түсті, қан іркілген. Талақ капсуласының астында туберкулез төмпешіктеріне ұқсас тарыдай түйіндер кездеседі. Талақтың орта тұсында ақ-сұр түсті, тығыз консистенциялы ұсақ гранулеммалар кездеседі. консистенциясы тығыз. Шеттері жүмырланған, қолмен ұстағанда жұмсақ. Саусақтарды қаттырақ басқанда пульпасының езілгені сезіледі. Кескенде шеттері бірігеді.
28. Эндокринді бездер: Қалқанша және қалқанша маңы безі: ашық қоңыр түсті, бөліктерге бөлінген.
29. Лимфа түйіндері: Бездердің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр-қызғылт түсті, болбыр. Лимфа түйіндері домбықан, іріңді сұйықтық жиналған, көлемі ұлғайған, қан тамырлары қанмен кернелген, көкшіл түске боялған. Жақ асты, шап лифа түйіндері қанталаған. Көлемі ұлғайған, тығыз, түсі қошқыл қызыл, кескенде суреті анық емес, шеттері бірікпейді.
Іш тасталған төлді сою:
Серозды және кілегейлі қабықта көптеген нүктелі-жолақты қанталаулар; тері асты қабатында, әсіресе, кіндік тұсында, серозды немесе серозды-геморрагиялық инфильтрат; лимфа түйіндері мен талақтың ұлғаюы; лобулярды іріңді-катаральды пневнония; бауырдағы некроз ошақтарын; ұлтабардағы лайлы сұйықтықты көруге болады.

Патологиялық-анатомиялық диагноз.
1. Буаздықтың ІІ-кезеңінде іш тастау
2. Лобулярды іріңді-катаральды пневнония
3. Іріңді катаральді мастит
4. Жіті катаральді гастроэнтерит
5. Іріңді-некрозды эндометрит
6. Фибринозды бурсит
7. Жіті серозды лимфаденит
8. Продуктивті миокардит
9. ұлғайған (септикалық) талақ
10. бүйректегі веналық гиперемия және серозды - геморрогиялық гломерулонефрит
11. бауырдың жіті веналық гиперемия және гепатоз

ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:
Жатыр: карункулдар крипталарының қабырғасы қалындаған, гиалинозға ұшыраған.
Желін: интерстицийлік қабынған, плазмоциттер, бірен-саран нейтрофильдер, мен эозинофильдер араласқан полиморфты торшалар шоғыры көбейген. Желін альвеолаларының эпителиоциттері белокты, майлану дистрофиясына ұшыраған.
Бауыр: купферлік торшалар көбейген, гистиоциттер мен лимфоциттерден тұратын грануллемалар пайда болған.
Лимфа түйіндері: гиперплазия, фолликулалардың реактивтік орталығының ұлғайған, плазмоциттер көбеіп кеткен, трабекулалар домбыққан, қантамырлардың қабырғасында мукоидтық дистрофия, ол фибриноидтық дистрофияға ауысып, аяғы фибриноидты некрозбен аяқталған.
Талақ: гранулемалар лимфоидтық, эпителиоидтық, плазматикалық клеткадан құраллған. Плазматикалық торшаларда доғал немесе сопақ формалы, базофильді цитоплазмалы және ядросы тура центральді орналасқан. Ядрода хроматиндер радиальді орналасқан.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:
Ауру малдан алынған патологиялық материал (шу, жатыр, бауыр, талақ, лимфа түйіндері) лабораториялық жағдайда зерттелді. Патматериалдан жағындылар дайындалып, Грам, Козловский әдістерімен боялып, микроскоппен қаралды. Микроскопия барысында грам теріс, ұсақ қызғылт, капсуласы бар, спора түзбейтін, жгутиктері жоқ таяқшалар көрдік. Микробтың таза өсіндісі арнайы қоректік орталарында өсірілді. Таза өсіндіден суспензия жасалып, теңіз шошқасына биологиялық сынама қойылды. Сондай-ақ нақты диагноз қою үшін ауру малдан алынған қансарысуымен серологиялық реакция қойылады. Агглютинация реакциясы (АР) мен роз бенгал сынамасы (РБС) нәтижелері оң болды

ҚОРТЫНДЫ:
Өлексені сою барысында көрген патологоанатомиялық өзгерістерді, гистологиялық және бактериологиялық зерттеу нәтижелерін ескере келе, ЖШС Серікқазинов и К шаруашылығының симментал тұқымды 3 жасар сиырына бруцеллез деген қортынды диагноз қойылды. Аллергиялық зерттеу барысында бұл шаруашылықтың 48 бас ірі қарасы дәл осы індетке шалдыққаны анықталды.

Өлексені сойған: Серікқазинов О.Б
Өлексені союға қатысқандар: Бәзікей. С.Н
Мержақып. М.Қ
Сайлауов. Т.Б

ІІ. Анықталған ауруды талдау
1.Аурудың қысқаша анықтамасы
Бруцеллез -- Brucella микробтары тудыратын, әдетте ұзаққа созылатын жұқпалы ауру. Табиғи жағдайда онымен ешкі, қой, ірі қара, шошқа, ит, жылқы, түйе, бұғы, ақ бөкен, егеуқұйрық, теңіз шошқасы, қоян тышқан, тауық ауырады. Сондай-ақ ол адамның бірден-бір қатерлі сырқаты. Мұнымен адам көбінесе оларды күтіп баққанда жұғудан ауырады.
Лаборатория жағдайында оны тасбақа, көлбақа, кесіртке, кене сияқты жәндіктерге қолдан жұқтыруға болады.
Бруцеллезден мал шаруашылығына тиетін зиян ұшан-теңіз: буаз сиырлар жаппай іш тастайды, жыныс мүшелерінің зақымдануына байланысты көпке дейін қысыр қалады, аурудан арылу үшін күрделі де көлемді шаралар қолданып, орасан көп күш-қаражат жұмсауға тура келеді.
Бұл аурудан арылудын, үлкен әлеуметтік мәні бар. Оның негізгі мақсаттары -- малды аурудан айықтыра отырып, шаруашылыққа тиген экономикалық зиянның есебін қайтару, мал дәрігерлік сақтық шараларды іске асырып, адамды бруцеллезден аман сақтау. Бұл максаттар әрине, медицина мамандарымен, шаруашылық басшыларымен ынтьшақтасып, жүйелі қызмет атқарған жағдайда ғана орындалмақ [1].
Бруцеллез тектес ауру ірі қара арасында да белгілі болған, XIX ғасырдың басында сиырға іш тастататын жұкпалы ауру Европаға кеңінен тараған. Тәжірибе жүзінде ауру сиырдың шуын дені сау буаз сиырлардың қынабына енгізіп іш тастату арқылы ғалымдар (Франк, 1876; Леннерт, 1878; Брауер, 1880) расқа шығарған. Бұдан сәл кейін, 1897 жылы Банг пен Стрибольт іш тастаған сиырдын, шуынан алынған сұйықты белгілі бір қорекке сеуіп, таза микроб шоғырын өсірген, сөйтіп бруцеллез қоздырғышын тапкан. Микроб ғалымның өз есімімен, яғни Бациллус абортус Банг деп аталған.
Жұқпалы іш тастау шошқа арасында да көп кездескен (Траум, 1914, Гуд пен Смит,1916). Оның қоздырғышы кейбір биологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, Банг микробына ұқсас. Сондыктан ол бациллус абортус суис (Траум) деп аталған.
Көпке дейін бұл үш түрлі микробтың әрбіреуі өздігінен ауру тудыратын дербес микробтар деп есептеліп келген.
Кейін Брюс пен Банг ашқан микробтардың дене құрылысы, қоректе өсу қасиеті және ауру тудыру қабілеті жағынан өзара ұқсас екені дәлелденген. 1920 жылы мұны Мейер мен Фезье растап, сол микробтарды Брюстың кұрметіне Бруцелла деп, ал олар тудыратын ауруды бруцеллез деп атаған. 1929 жылы Хеддльсон бруцеллез қоздырғыштарын былайша жіктеген:
Br. melitensis, негізгі иесі -- ешкі, қой. Микроб адам денесіне енсе ауру қатал (стационарлык) түрде өтеді.
Br. abortus -- . негізгі иесі -- ірі қара. Адамның көбінесе буындарын зақымдайды (ревматизм ретінде), ауру жеңіл (амбулаторлық) түрде өтеді.
Br. suis негізгі иесі -- шошқа; адам ауырса, індеттің ауыртпалығы орташа. [1].
Бұл микробтардың арасындағы айырмашылықтары арнайы нұсқауда көрсетілген.
1953 жылы Симоне пен Уоял, сондай-ақ Бадл мен Бойес бруцелланың тағы бір түрін тауып оны Br. ovis деп, ауруын эпидидимит атады. Мұның негізгі иесі -- қошқар. Осы төрт түрлі микробтың төртеуі де ірі қараны бруцеллезге шалдықтырады.
Кейінгі кезде. микробтың Br. nootoma (негізгі иесі -- орман егеуқұйрығы) деп аталатын және Br. canis (негізгі иесі -- ит) түрлері табылды.
Жеке малдын, денесінде екі түрлі қоздырғыштың екеуі де қатар кездесе береді. Бұл біріншіден, шын мәнінде малдың екі түрлі ауруға шалдыққанына дәлел болса, екіншіден микробтың мал денесінде түрлі биологиялық өзгеріске ұшырап, дербес екі түрге айналатынын көрсетеді. Тіпті .көптеген ғалымдардың топшылауына қарағанда, бруцеллалардың арғы тегі бір, яғни Br. abortus болған. Әр түліктің деңесінде сан-алуан түрлі қолайлы, не қолайсыз жағдайларға тап болып, микроб алуаңдаған биологиялық өзгерістерге ұшыраған, мұның салдарынан ол бірнеше дербес түрге бөлінген. Бруцелла түрлерінің тұрақты болмай, ұдайы құбылып отыруы осы айтылғандарға жанама дәлел болса керек.
Бруцеллез -- дүние жүзіне кең тараған ауру. Оған Россияда тұңғыш назар аударған И. Л. Сайкович (1901 ж) еді. Новгород губерниясында зерттелген 97 бас сиыр жұқпалы ауру салдарынан іш тастаған. Індет бұл жерге Балтық жағалауындағы губерниядан ауысқан. Сәл кейін бруцеллез Москва губерниясында табылған. Н. Н. Степанов деректері бойынша, бруцеллез Орта Азияда ертеден белгілі болған. Қазақстанда ол бұрын адамда селсок ауружәне сал ауру деп аталатын (И. К. Карақұлов, 1947).
Алайда біздің елімізде бруцеллезді ғылыми тұрғыдан зерттеу тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана колға алынды. 1920 -- 1930 жылдары Закавказье мен Өзбекстанда, Тәжікстан мен Туркменстанда, Қазақстан мен Қырғызстанда осы тарапта кең ауқымды жұмыстар жүргізілді. (П. Ф. Здродовский, А. Н. Крюков, В. А. Смир - нов, т. б.).
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, Казақстанда бруцеллез, әсіресе сиыр арасыңда кең тараған. Мәселен, 1931 жылы көптеген ірі қарасы бар 22 шаруашылықтан бруцеллез табылған (С. К- Кожакин, 1949).
Осы аурудың төңірегіндегі ғылыми жұмыстарды үдету мақсатымен 1932 жылы арнайы медициналық бөлім, ал 1937 жылы Казақтың мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институты жанынан дербес лаборатория ашылды. 1938 жы - лы бруцеллезге арналған тұңғыш жинақ жарық көрді. Кейін осы ауру жөніндегі теориялық және практикалық мәселелер қорытылып, оны анықтау, емдеу, одан арылу және сақтану тараптарында жаңа ұсыныстар жасалды (М. И. Иванов, К. П. Студенцев, К. С. Омаров, И. К. Карақұлов, П. А. Буланов, Ф. И. Усманова, т. б.). Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі кезде республикамыздағы мемлекетімізде көптеген шаруашылықтар бруцеллезден арылып отыр.
2. Этиологиясы:
Ауру қоздырғышы -- ұсақ (0,3 -- 0,5x0,5 -- 1,5 микрон) [ бактериялар. Брюс оны микрококкус деп бекер айтпаған. Бруцелла қозғалмайды, спора құрмайды, барлық анилин бояуларымен боялады, бірақ Грам әдісімен боялмайды.
Арнайы Козловский ұсынған әдіс. Төсеніш шыны бетіндегі жұғындыны бір сәт жалынға шалдырып қатайтады да, үстіне 2 % сафронин тамызып, көпіршіген газ шыққанша жалынға тосып қыздырады. Содан кейін сумен шайып жібереді де, 0,5 -- 2,0 минут бойы 0,75 -- 1,0% малахит жасылымен бояйды. Бруцеллалар -- қызыл, ал басқа микробтар жасыл болып көрінеді. Бірақ шамамен 40 минут өткен соң бруцеллаларға сіңген сафронин оңып, қызыл түсін жояды. Сондықтан препаратты уақыт өткізбей жедел зерттеу керек.
Бруцеллалар түрлі жасанды қоректерде өсіріледі, солардық бірі агар-пептонды қорек. Оның құрамы: бауыр аралас агар, 1% пептон, 0,5% хлорлы натрий тұзы, 1 % глюкоза және 2,3 % глицерин. Бруцеллалар К. Н. Бучнев (1944) ұсынған гидролизат қорегінде де жақсы өседі.
Лабораторияға әкелінген материалдардағы бруцеллалар алғашқы рет өсірілетін болса, қорекке көмір қышқылды газ қосу керек. Ол үшін ішіне микроб себіндісін салған соң, эксикатордың түбіне 2 мл спирт құйылған Петри тостағанын немесе спиртке малынған мақта қояды да, сол спиртті тұтандырысымен эксикатордың қақпағын тез жаба қояды.
Бруцеллалардың алғашқы ұрпағы қоректе баяу өседі: микроб шоғырлары 5-10 күннен кейін ғана көріне бастайды. Бірақ лабораториялық штаммдар тез (24 -- 48 сағат) өседі. Агар бетіндегі бруцелла шоғырының үсті тегіс, жиектері түзу болып келеді. Қорек ретінде сорпа алынса, микроб шоғыры біркелкі лайсаң тартады да, оның бетінде кіші-гірім шөгінді пайда болады. Бруцел - ла сүтті ірітпейді, индол бөліп шығармайды, оның себіндісінде аммиак көп болады да, қоректің қышқылдығы төмендеп кетеді. Мұнда күкіртті сутегі түзіледі. Табиғи жағдайда бруцеллалар ұзақ уақыт өздерінің тіршілікқе деген қабілетін жоймайды.
Бруцеллалар 3% лизол, 2% күйдіргіш натрий, 1% формалин, 0,1% алмас, 2 -- 3% карбол қышқылы сияқты зарарсыздандырғыш заттарда тез өледі.
Микробтар сырттағы табиғи жағдайда, мал денесіндегідей, өзіні культуралық және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп отырады. Сырттағы жағдай тіршілік етуіне қолайсыз болса, микробтар уытынан айрылып, ауру тудыра алмауы мүмкін.
3. Аурудың жұғу жолдары:
Бруцеллалар ауру сиыр іш тастаған немесе бұзаулаған кезде төлге, қағанақка, шарана суына, қысқасы, шуға ілесіп көп болып сыртқа шығады. Бұл процесс сиырдың жыныс мүшелері бұрынғы қысыр кездегі қалпына келгенше, яғни 15 -- 30 күн бойы тоқтамайды. Сүт пен несеп арқылы ауру қоздырғышы өте ұзақ уақыт сыртқа шығып отырады. Осылай шыққан микробтар жемшөпке, суға түссе, бұларды жеген, ішкен сау мал бруцеллезге шалдығады. Сөйтіп, бруцеллалар бір малдан екінші малға өтіп (пассаж) уыттылығын күшейтеді. Бұқа денесінен ауру қоздырғышы оның ұрығы арқылы шығады.
Бруцеллалар сау мал денесіне,- ауыздың, көздің, танаудың кілегейлі кабықтары арқылы, сондай-ақ жыныс мүшелері, жарақаттанған тері арқылы енеді. Ауру, әсіресе ірі қара тар қорада сығылысып тұрған кезде, яғни кысты күні тез тарайды. Ал жазды күні мал жайылымда бытырап жүрген кезде бруцеллезге шалдығу күрт азаяды.
Бруцеллез жоқ табынға ауру әдетте сырттан әкелінген мал арқылы тарайды. Мұндай малда ауру белгілері білінбеуі мүмкін. Кейде тіпті РА және РСК арқылы тексеруден де теріс нәтиже шығады. Бірақ кейін мал іш тастап, РА және РСК соған сәйкес шығады, яғни малдың бруцеллезге шалдыққаны айқындалады.
Бруцеллез мұнымен қатар сау малға бруцелла микробтарымен былғанған жайылым шөбі арқылы, тікелей ауру малмен жанасқан кезде, ауру малдың сүті құйылған лас ыдыстар, мал күтіміндегі адамдар арқылы, сиыр фермасында мал дәрігерлік ережелерді мұқият сактамау салдарынан т. б. жағдайларда жұғады.
4. Патогенезі.
Бруцеллалар мал денесіне енісімен лим - фа тамырлары арқылы маңайдағы сөл бездеріне барып тоқтайды. Бұл арада микробтардың өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай туса, айталык, малдың тойтарыс күші басым болып, бактериялар фагоцитозға ұшыраса, олар сол жерде өліп, жойылып кетеді. Ал тіршілік етуіне, керісінше, қолайлы жағдай туса, бруцеллалар өсіп-өніп көбейеді де, қан мен сөл ағынына ілесіп, бүкіл денеге (талаққа, бауырға, бездерге т. б.) жайылады (генерализация). 3 -- 4 апта өткен соң сырт белгілері жойылады да ауру жасырын түрге көшеді. Бұдан әрі бруцел - лалар кейбір сөл бездері мен желінге шөгеді де, оларды қабындырады. Мұндай сиырдың сүтінен 4-5 жыл бойы бактериялар табылып отырады. Бруцеллалар, әсіресе буаз сиырдың жатырын жайлап алып, оны зақымдайды, қабындырады. Осының салдарынан жатырдың кілегейлі қабығы мен хорионның табиғи байланысы бұзылады да, құрсақтағы төл өліп, сыртқа айдалады. Басқаша айтқанда сиыр іш тастайды. Ал уақыты жетіп, сиыр бұзаулай қалса, көпке дейін оның шуы түспейді. Бара-бара жатырдың эпителий тоқымасы үлкен өзгеріске ұшырап, оны дәнекер тоқыма басады. Мұның салдарынан жатыр тастай болып қатаяды. Сондықтан жатырға ұрық тоқтамай ағып кетеді. Біртіндеп сиыр мүлде құрсақ көтере алмайтын жағдайга келеді.
Буаз кезінде бруцеллезге ұшыраса сиыр іш тастай - ды немесе оның бұзауы өлі туады. Ауру қысыр кезінде. жұқса, сиырдың денесінде аз уақыт (30 -- 40 күн) иммундық реакция қалыптасады, онда іш тастау болмайды, төл тірі туады. Малдың қанында агглютинин мен комплемент байлайтын бейтараптағыш заттар пайда болады.
Бруцеллез кезінде денеде зат алмасу, әсіресе минералдық зат алмасу қатты бұзылады: қанда кальций мен сілті қорының деңгейі төмендеп, фосфор мөлшері жоғарылайды.
Бруцеллездің барысын ауыр-жеңілдігіне қарай үшке бөлуге болады:
ауыр түрі -- ауру белгілері айқын, бірақ ол, қысқа мерзім ішінде аяқталады;
жеңіл түрі -- ауру белгілері көмескі не мүлде білінбейді, РА және PC К (РДСК) нәтижелері құбылып отырады;
созылмалы түрі -- сырттай қарағанда мал сап-cay болып көрінеді (жасырын бруцеллез), малдың азығы мен күтімі нашарласа ауру мезгіл-мезгіл асқынып, ұзаққа созылады, бруцеллезге тән өзгерістер РА мен РСК (РДСҚ) арқылы айқындалады.
Індеттің ауыр-жеңіл болуы малдың қорғаныш күшіне, яғни оның ауруға төтеп беру қабілетіне, сондай-ақ бруцеллалардың уыттылығына байланысты.
Азығы мен күтімі жақсы, қоны жоғары болса, мал көбінесе бруцеллезге шалдықпайды, шалдықса да оның жеңіл түрімен ауырады, ауру асқынбайды. Әсіресе сауын сиырлардың рационына ерекше назар аударылуға тиіс. Олардың азығы минералдық заттар мен витаминдерге бай болуы шарт.
Жас бұзауларға (жасы 5 -- 7 айға толғанша) көбінесе бруцеллез дарымайды: ауру енелерін еміп жүрген кезде жас төлдің қанында антителалар көп болады. Бірақ жа - сы ұлғайған сайын, бұзаулар, әсіресе ұрғашылары, осы ауруға шалдыққыш келеді.
Кейбір жорамал пікірлерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Бруцеллиоз
Бруцеллезді балаудың жедел әдісі
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Бруцеллезді балау әдістері
Жануарлар бруцеллезі
Ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі
Бруцеллез балау әдістері
Бруцеллез ауруына қарсы жүргізілетін күнтізбелік жоспар
Бруцеллез
Пәндер