Автокөлікті пайдалану кезінде еңбекті қорғау



Мазмұны

І.Кіріспе
1) Жүк көтеру,тасымалдау машиналары.
Оларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.
2) Авто және аккумуляторлы тиеуіштерді қауіпсіз пайдалану.
3)Жүк тасымалдау,көтеру машиналары мен өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын қауіпсіздік талаптары.
ІІ Негізгі бөлім
1) Жүктердің жіктелуі, және әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.
2)Транспорттық көліктермен (құрылғылармен) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастырудың қауіпсіздігі.
3)Техникалық қорғау құрал жабдықтарының пайдалану мақсаты және түрлері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Машина механизмдер мен технологиялық жабдықтарды жобалау, жасау кезінде, айтылған машиналар мен жұмыс істеп, қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін ойлауға қойылатын талаптарды және айтылған құрылғылардың сенімділігі мен оларды қауіпсіз пайдалану талаптарын ескеру қажет.
Сондықтан, қандай да болмасын жабдық жобалау, одан әрі пайдалану кезінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша сараптамадан өтуі қажет.
Құрылғыларды ойластыру әзірлеме, келісілу,сараптау және жобалық- сметалық құжаттарын бекіту «1.02.01.85» Санитарлық норма және тәртіпке « және 22782. СН» Типтік жобалау нұсқауларына сәйкес орындалады. Сонымен қатар құрал-жабдықтың істен шығу, жарақат, кәсіби ауыру тудыру себебтерін анықтап, оған қарсы қауіпсіздік шарттары ойластырылып, ережелер дайындалынып, тиісті қауіпсіздік көрсеткіштері, олардың мәндері белгіленеді.
Техника мен өндіріс технологияларына қойылатын еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптарын оқып – білу, технологиялық жабдықтардың кауіпсіздігін бағалау әдістерін үйрену, жабдықтарды пайдалану кезіндегі қазіргі қорғау құралдарымен танысу және оларды қолдануды үйрену.
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес 050731 « Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттері, айтылған пәнді оқу барысында мыналарды білуі және істей алуы қажет:
Төмендегі сұрақтарды шешуге құзіретті болулары керек:
- техника мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нормативтік – құқықтық базасы сұрақтары бойынша;
- қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді жобалау сұрақтары бойынша;
- қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі әрекеттерін белгілі сәйкестік дәрежеге жеткізуді мүмкін болдыратын техникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану сұрақтарында;
- потенциалды қауіпті өндірістік процестер мен өндірістік технологиялардың қауіп деңгейіне баға беру сұрақтарында.
2.Қауіпсіздікке байланысты негізгі ұғымдар:
- еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
ӘДЕБИЕТТЕР
«Техника және технологиялар қауіпсіздігі» негізгі әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.
2. Қ.Р «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңы.
3. М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1984ж.
4. С.В Белов и др. «Безопасность производственных процессов » Спра-вочник. Москва 1995г.
5. М.П.Александров.«Көтергіш – тасымалдаушы машиналар» М.1979г.
6. «Система стандартов безопасности труда» М. 1996г.
7. МЕСТ 12.0.001-82 ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Негізгі қағидалар.
8. МЕСТ 12.0.003-74 ЕҚСЖ. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Топтастырылуы.
9. МЕСТ 12.2.061-81 ЕҚСЖ. Өндірістік жабдықтар.
10. МЕСТ 12.3.002.75 ЕҚСЖ Өндірістік процестерге қойылатын қауіпсіздік талаптары.
11. МЕСТ 21112-87. Көтеру-тасымалдау жабдықтары
12. МЕСТ 12.2.022-80 Конвейерлер, қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
13. Салов А.И. «Автомобиль транспорты мекемелеріндегі еңбекті қорғау», М-1985г.
14. МЕСТ 22011-95 Жолаушы және жүк тасушы лифттер.
15. Б.И.Зотов и другие.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.
Қосымша әдебиеттер.
16. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.Алматы. 2007 жыл.
17. М.М.Большов.и др. Справочник. Охрана труда в с/х-ве. М.1990г.
18. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000г.
19. Кукин П.П. «Безопасность жизнедеятельности». М, 1999 г.
20. Казаков Н.Ф. Металдар және басқа конструкциялық материалдар технологиясы.М, 1989 г.

Қолы

Қызметі

Ф. И. О.

Күні
Ком.мүшесі

Ахатбеков Н.

Ком.мүшесі

Сырғабаев А.

Жетекшісі

Қырғызбаев М.

Орындаған.)

мижвам
Бөл.меңгер.

Кожатаев С

ҚГТК ӨЕ 1201.123

Литер
Бет
Беттер

1

1201-11-9(ә)

Мазмұны

І.Кіріспе
1) Жүк көтеру,тасымалдау машиналары.
Оларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.
2) Авто және аккумуляторлы тиеуіштерді қауіпсіз пайдалану.
3)Жүк тасымалдау,көтеру машиналары мен өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын қауіпсіздік талаптары.
ІІ Негізгі бөлім
1) Жүктердің жіктелуі, және әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.
2)Транспорттық көліктермен (құрылғылармен) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды ұйымдастырудың қауіпсіздігі.
3)Техникалық қорғау құрал жабдықтарының пайдалану мақсаты және түрлері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Машина механизмдер мен технологиялық жабдықтарды жобалау, жасау кезінде, айтылған машиналар мен жұмыс істеп, қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін ойлауға қойылатын талаптарды және айтылған құрылғылардың сенімділігі мен оларды қауіпсіз пайдалану талаптарын ескеру қажет.
Сондықтан, қандай да болмасын жабдық жобалау, одан әрі пайдалану кезінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша сараптамадан өтуі қажет.
Құрылғыларды ойластыру әзірлеме, келісілу,сараптау және жобалық- сметалық құжаттарын бекіту 1.02.01.85 Санитарлық норма және тәртіпке және 22782. СН Типтік жобалау нұсқауларына сәйкес орындалады. Сонымен қатар құрал-жабдықтың істен шығу, жарақат, кәсіби ауыру тудыру себебтерін анықтап, оған қарсы қауіпсіздік шарттары ойластырылып, ережелер дайындалынып, тиісті қауіпсіздік көрсеткіштері, олардың мәндері белгіленеді.
Техника мен өндіріс технологияларына қойылатын еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптарын оқып - білу, технологиялық жабдықтардың кауіпсіздігін бағалау әдістерін үйрену, жабдықтарды пайдалану кезіндегі қазіргі қорғау құралдарымен танысу және оларды қолдануды үйрену.
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес 050731 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы студенттері, айтылған пәнді оқу барысында мыналарды білуі және істей алуы қажет:
Төмендегі сұрақтарды шешуге құзіретті болулары керек:
техника мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нормативтік - құқықтық базасы сұрақтары бойынша;
қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді жобалау сұрақтары бойынша;
қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі әрекеттерін белгілі сәйкестік дәрежеге жеткізуді мүмкін болдыратын техникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану сұрақтарында;
потенциалды қауіпті өндірістік процестер мен өндірістік технологиялардың қауіп деңгейіне баға беру сұрақтарында.
2.Қауіпсіздікке байланысты негізгі ұғымдар:
еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
2
еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жаса-ған еңбек жағдайлары;
3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
3
қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер; өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі-өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындау кезінде нормативтік-техникалық жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларға сәйкес және қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
Өндірістік процестің қауіпсіздігі- өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
Өндірістік процес- белгілі бір өнім өндіру үшін атқарылатын іс-әрекеттің (операциялардың) жиынтығы;
Өндірістік операциялар- өндірістік процеске кіретін іс-әрекеттің бір түрі.
Тізбекті
Параллелді
Өндірістік процес

Параллелді тізбекті
Қабаттасқан

Өндірістік операциялар

Транспорттық
Технологиялық
Көмекші
Дайындық

Жеке қорғау құралдары- қызметкерлерді зиянды немесе қауіпті өндіріс факторлары әсерінен қорғауға арналған құралдар.
Ұжымдық қорғану құралдары- жұмыс істейтін екі және одан көп адамдарды зиянды және қауіпті өндіріс факторлардың әсеріне бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Қауіпті аймақ- машинаның, құрылғының құрамындағы қызметкерлерге уақытша немесе тұрақты зиянды және қауіпті факторлар туғызатын кеңістік

Жүк көтеру,тасымалдау машиналары.
Оларға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
4
Қарастырылатын сұрақтар.
1.Жүк көтеру машиналарының,жүкті тасымалдау машиналарының топтастырылуы.
2.Жүк қорабына,жүкті тиеу-түсіру орындарына қойылатын талаптар.

1.Халық шаруашылығындағы құрылыстағы тиеп-түсіру,тасымалдау үшін көптеген құрылғылар мен машиналар пайдаланылады. Оларды пайдалану мақсаттарына байланысты 4 түрге бөлуге болады.
- жүкті көтергіш машиналар ( жүкті жоғары-төмен бағытта көтеріп-түсіретін).
- жүкті тасымалдаушы машиналар (жүкті горизонталь, көлбеу, жоғары-төмен бағытта тасымалдаушы ).
- жүкті тиеуші машиналар.
- жүкті рельспен немесе рельссіз тасуға арналған құрылғылар.
Жүкті көтергіш машиналар, құрылғылар құрылысы жағынан :
-Домкраттар;
-Лебедкалар ( жүкті темір арқанмен қозғалтатын )
-Жүкті көтеріп-түсіретін тұрғылықты құрылғылар (таль, телфер; 1 тоннаға дейін)
-Крандар (автомобиль, төрт тағанды, аралықты, мұнаралары, жебелі т.с.с )
Барлық құрылғылар мен машиналар жетек түрлерінен (қол, механикалық күш арқылы, жүкті қозғалту бағытымен және жүк көтеру мөлшерлерімен де жіктеледі)
Жүкті тасымалдаушы машиналар, құрылғылар, транспортерлер - жүкті үздіксіз тасымалдайтын машиналар-ленталы, қалақты, шөмішті, винт тәріздес (шнек), тербелмелі, ауамен тасымалдайтын, жүкті өз салмағымен тасымалдайтын болып бөлінеді.
Жүк тиеуші машиналар - тиеу жұмысы кезеңмен істелетін [(периодты автотиегіш)], тиеужұмысы үздіксіз (қар тиейтін машина) деп екіге бөлінеді.
Жүкті үздіксіз тиеуге арналған машиналардың транспортер-лерден айырмашылығы, олар өздіктерінен қозғалады және жүктерді өздікте-рімен жерден көтереді.(бидай тиейтін,қар тиейтін машиналар)
Рельссіз транспортқа - қол, тіркемелі, өздігінен жүретін арба-ларды жатқызамыз. [ (қол арба,машина трактор тіркемелері т.с.с) шөп, ағаш өнімдерін тасымалдаушы, өздері жүкті аударатын тіркемелер]
Рельспен жүретін транспорт - жүретін жолы рельстен және телешка немесе платформадан тұрады. Олар аспалы рельсті,жіпке, тросқа асылған түрде болады.

2.Жүктердің қорабына, жүктермен жұмыс істеугеқойылатын талаптар.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
5
Жүктерді тасымалдауда жәшік, контейнер , орамдарды пайдалану жүк транспортын тиімді пайдалануға, тиеп-түсіру жұмыстарын механика-ландыруға, жүктерді сақтау кезінде олардың қорғалуын жақсартады. Жүктердің орамы, контейнер, жәшіктері жүкті механикалық зақымда-нудан және атмосфералық жауын-шашын әсерінен де қорғайды. Жәшіктерді, бөшкелерді және басқа жеке жүктерді көлікке тиегенде араларына саңылау қалтырмай, тығыз орналастыру қажет. Орамдағы (пакет) жүктерді бір қатардан артық тиеуге болмайды. Шыны ыдыстағы қышқыл, сілтілердің сырты талдан тоқылған шарбақ немесе ағаш жәшікпен қапталады.Шарбақ,жәшіктің ұстағыш тұтқасы болуы қажет.Шыны ыдыстың тығыз қақпағы болуға тиіс.
Қысылған газдарды таситын баллондардың вентилі темір қақпақпен жабылуы қажет.
Сұйық метан мен этанды, олардың сұйық қоспаларын,сұйық этиленді тек қана цистерналармен тасымалдайды. Сұйық оттегіні тасымалдайтын авто-мобильдер от сөндіргішпен және қызыл жалаумен жабдықталады. Жанғыш сұйықтарды тасымалдайтын ыдыстардың (цистерна) желдету бөлігі және ыдыс ішінде бөлгіш қалқаншалары болуы керек.
Жәшіктегі жүктерді көлік қорабына бірнеше қатар биіктікте тиеуге болады. Бірақ жүк құлап кетпес үшін оны байлау қажет.
Қысылған, сұйытылған немесе қысыммен ерітілген газдарды тасымалдайтын ыдыстарды биіктен тастауға немесе бір-біріне ұры-луына жол бермеу керек.
Жүкті тиеп-түсіру орындары мен алаңдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары.
Тұрақты жүк тиеп-түсіру орындары мамандандырылған, қажетті құралдармен жабдықталған, жүк тиеп-түсіру жұмыстары механикаландырылған болуы керек. Алаң көлемі, қажетті транспорт санынан жүкті тиеп-түсіруді қамтамасыз ететіндей,кең болуы қажет.
Жүк түсіретін-тиейтін орындарға, алаңдарға келетін жолдардың қатты қабаты болып және ұдайы жақсы қалыпта ұсталуы керек. Еңістігі немесе жоғары көтерілетін жолдары,қысқы уақытта мұздан тазартылып,шлак немесе құм себілген болуы керек. Транспорт бір бағытта жүрсе,жолдың ені 3,5 м, ал екі бағытта жүрсе жол ені 6,2 м-ден кем болмауы керек. Жолдардың темір жолмен, ормен, траншеялармен қиылысатын жер-лері арнайы көпірлермен, өткелдермен жабдықталуы қажет. Қараңғы уақытта мұндай жерлер жарықтандырылып,жол белгілерімен жабдықталуы керек.
Жүкті түсіруге немесе тиеуге келген көліктердің (бірінің артынан бірі келгенде) арасы 1 м, ал екі қатардағы арасы 1,5 м-ден кем болмауы керек. Жүк көлігі мен ғимарат ара қашықтығы 0,5 м-ден кем емес, ал шта-белденген жүктен ара қашықтығы 1 м-ден кем емес болуы керек.
Жеке жүктерді қоймадан тиеп немесе түсіру үшін (бөшке,жәшік) көлік қорабымен жүк алынған жерді бір деңгейге келтіретін эстакада, алаңша болуы қажет немесе көлбеу құрылғы болуы керек.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
6

Жүк тасымалдау,көтеру машиналары мен өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жүк тасымалдау машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
2.Жүк көтеру машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Жүк салмағы 50 кг асқанда, көтеру биіктігі 3 м асса көтеру-түсіру жұмыстары механикаландырған жолмен атқарылуы керек.
Шаңданатын жүктерді тиеп-түсіру үшін машинист көзәйнек және респи-ратермен қамтамасыз етіледі.
Жәшік,бөшке,жабдықтарды,ағаш өнімдерін тиеп-түсіретін көтергіштер аша,жақ тәріздес қосымша құрылғылармен жабдықталады. Жұмыс алдында олардың қалыптарын, шынжырларын, цилиндрлердің бекітілуін, басқару органдарын тексеріп алу керек. Жүк ашаға тең ілінуі тиіс. Жүкті көтерген кезде артқы дөңгелектер көтерілсе, жүкті қайта түсіру қажет. Ауыр жүкті жерден аз ғана көтеріп,төменгі беріліспен тасымалдау қажет.
Авто және аккумуляторлы тиеуіштерді қауіпсіз пайдалану.
Тиеуіштерді басқаруға 18 жасқа толған,медициналық тексеруден өткен,кәсіптік білімі бар,емтихан тапсырып,осы көліктерді басқаруға рұқсат алған тұлғаның ғана құқы бар болып саналады.Жұмыс басталар алдында жүргізуші жұмыс орнында техника қауіпсіздігі туралы ережелерден өтуі тиіс.
Тиеуіштер тек қатты және тегіс бетті территорияда ғана жұмыс әстей алады.Қыс мезгілінде сол территорияның мұздан,қардан тазалануын қатаң қадағалау қажет;тайғақ кезде жұмыс орнына құм төгілуі тиіс.
Жолдар бөгде заттардан таза және жарық болуы керек.Рельсті жолдар арқылы тасымалдау үшін рельс деңгейінде төсем (настил) қойылуы қажет.
Жылына бір реттен кем емес, ағымдағы жөндеуден кейін 10%-дық жүк ауырлығында,егер толық жөндеуден өтсе 25%-дық ауырлықта,тиеуішті сынақтан өткізу керек.
Жұмыс алдында тиеуіште мына нәрселерді тексеруден өткізу керек:
Барлық сыртқы бекітпелер;
Жүк котерушінің түзулігі;
Қол және аяқ тежегіштердің дұрыстығы;
Негізгі цилиндрдегі тежегіш сұйықтығының мөлшері,сондай-ақ шлангілердің дұрыстығы;
Дыбыстықсигналдардың қызметі,жарық,тоқтату-сигналының,ар тқы фонарьдің қосылуы;
Дөңгелектердің қысымы мен жалпы жағдайы."
Электртиеуішпен жұмыс істеу кезінде,айына екі рет контактіні тексеріп,тазалап отыру қажет. Элетртиеуіште электрқозғалтқыштың беті ашық күйінде және аккумулятордың қақпағы ашық күйінде жұмыс істеуге болмайды.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
7
Қозғалыс жылдамдығы қойманың негізгі жолында 6 кмсағ; бұрылыстарда және жанға жүргенде 3 кмсағаттан аспуы қажет. Бұрылыстарды төменгі жыламдықта жасау керек, Қатты бұрылыстар әсіресе, тайғақ жолда көлікті істен шығаруы,авария жасауы мүмкін.Қатты қозғалыс кезіндегі тез тежеу мүмкін емес.
Тұрақ кезінде қол тежегішті пайдалану қажет.
Бұрылыстарда, қақпадан,есіктен өткенде рельс жолдарының қиылысында қозғалысты ақырындатып, сигнал беру керек.
Электролитті аккумуляторға құйғанда арнайы ыдысымен қорғаушы көзілдірікпен,резеңке алжапқышпен, қолғаппен болу қажет. Аккумулятор клеммдерін ол тоғынан ажыратылып тұрғанда ғана жалғау керек.
Батареяны тоққа жалғау және аккумулятормен жалғау үшін резеңке қолғап пен аяқ киік кию керек.

Жұмыс барысында төмендегідей іс-әрекетке тыйым салынады:
- жабық қоймаларда, бөлмелерде іштен жану қозғалтқышы бар машинаны пайдалануға;
- қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған, жұмыс органы көтеріліп тұрған машиналарды тастап, байқаусыз қалдыруға;
- жүкті машинисті қорғауға арналған құрылғыдан биік тиеуге;
- машинаның пайдалану мақсатынан тыс жұмыстарды орындауға;
- жүктің астында арнайы саңылау болмаған кезде оны ашамен көтеруге;
- көтергіштің ашасына жүкті бірден кранмен әкеліп қоюға;
- көтерілген жүктің астында тұруға;
- жүк көтеру мүмкіндігінен артық жүкті көтеруге;

Жүк көтеру крандарын пайдалану қауіпсіздігі.
Барлық жүккөтергіш крандар техникалық бақылау органдарында тіркелгеніне немесе тіркелмегеніне қарамастан пайдаланар алдында міндетті турде техникалық куәландырудан өтуі қажет.
Алғашқы куәландыру кранның жасалып шыққынан кейін иесіне жіберілмес бұрын өндіруші-заводта жасалады.
Мерзімдік (периодтық) куәландыруды кранға ие мекеме (сол мекемедегі кранның дұрыс жұмыс істеуіне жауапты тұлғаның қатысуымен бақылау бойынша инженерлік-техникалыққызметкері) пайдалану процесінде келесі мерзімдерде атқарады:
Жеке - жылына бір реттен жиі емес (тек қарап шығу);
Толық - үщ жылда бір реттен жиі емес (қарап шығу, статикалықжәне диамикалық сынақ);
Кезектен тыс куәландыру келесілерден кейін жүргізілуі тиіс:
басқа орныға ауыстырудан туған мұнаралық, төрт тағанды (козлового) және көпірлік крандарды монтаждаудан кейін;

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
8
реконструкциядан кейін кранның тораптарына және жұмыс элементтеріне жүктемелердің артуынан немесе орнықтылықтың төмендеуінен кейін; металл конструкцияларына және жүкті көтеру механизмдеріне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін немемсе ақырғысын ауыстарғаннан кейін;
Статикалық сынақта кранды беріктікке және орнықтылыққа 25%-ға жүккөтергіш шегінен асатын жүктеме беру арқылы тексереді.
Динамикалық сынақ кранның механизмдерін және тежегіштерін тексеру үшін кранның жүккөтергіш шегінен 10%-ға асып түсетін жүк (маркерленген жұмыс жүгін қолдануға болады) ілу арқылы іске асады.Жүккөтергіш крандардың қауіпсіз пайдалануын бақылау мақсатында кәсіпорын басшылары инженерлік-техникалық қызметкерді тағайындау керек.
Электр жетегімен жұмыс істейтін мұнаралы және жебелі өздігінен жүретін крандар машинистерінің біліктілік дәрежесі 2-ші қауіпсіздік тобынан кем болмауы қажет.
Жүкті ілетін жабдықтар мен болат арқандар мезгілімен тексеріліп отырылулары тиіс. Жеке, ұсақ жүктерді салатын ыдыстар да мезгілімен куәландырылып отырылуы тиіс.
Жазатайым оқиға болмас үшін крандармен жұмыс істеу кезінде төмендегідей іс-әрекетке тыйым салынады:
- ақауы бар, арнайы белгісі жоқ, техникалық байқау уақыты өткен,ыдыс пен жүк ілгіш жабдықтарды пайдалануға;
- массасы кранның жүк көтергіштігінен артық жүкті ілуге және оны көтеруге;
- кранның көмегімен аязға қатып қалған,жерге көмілген, жерге құйылған, болтпен бекітілген жүктерді көтеруге;
- монтаж ілгектері үзілген, ақауланған темірбетон құрылымдарын көтеруге;
- жүкті тұрғын, қызмет ғимараттары үстімен, адамдардың үстімен алып өтуге;
- наряд-допускасыз крандарды электр желісінің қорғау аумағына орналас-тыруға тыйым салынады.

Жүктердің жіктелуі, және әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.

Қарастырылатын сұрақтар:
1.Жүктердің топтарға жіктелуі.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
9
2.Әртүрлі жүктерді тасымалдау ережелері.
Халық шаруашылығында жүктерді физика-механикалық қасиеттеріне, тасымалдану, жинау және тиеп-түсіру принциптеріне байланысты 3негізгі дәрежеге бөледі: аударылатын (навалочные), жеке жүктер және құйылатын жүктер(наливные).
Ал тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіптілік дәрежелері бойынша жүктер 7 топқа бөлінеді: аз қауіпті , жанғыш жүктер, шаңды және ыстық жүктер, күйдіргі жүктер, баллондағы сығылған газдар, көлемі бойынша қауіпті жүктер және аса қауіпті жүктер.
1-ші топтағы - аз қауіпті жүктерге-құрылыс материалдары, тағам өнімдері, жеміс жидектер және машина бөлшектері жатады.
2-ші топтағы - жанғыш жүктерге - бензин, керосин тб өрт қауіпті мұнай өнімдері жатады.
3-ші топтағы - шаңды және ыстық жүктерге -цемент, минералды тыңайтқыштар, асфальт, битум сияқты арнайы ыдыстармен тасымалданатын және тиеп-түсіруге сорап немесе басқа арнайы механизмдер пайдаланатын жүктер жатады.
4-ші топтағы - күйдіргі жүктерге - шыны ыдыстағы қышқыл, сілті және басқа да күйдіргі сұйықтар жатады.Мұндай жүктермен жұмыс істеуге өте тәжірибелі жұмысшылар жіберіледі және олар жеке қорғану құралдарын пайдаланулары қажет.
5-ші топтағы - баллондағы сығылған, қысылған газдарды - тиеп- түсіру жұмыстарын жүргізген кезде өте мұқият болу қажет.
6 -ші топтағы - көлемі бойынша қауіпті жүктерге - көлемі үлкен, ұзын жүктер жатады. Оларды тиеп-түсіру механикалық жолмен іске асырылуы керек.
7 -ші топтағы - аса қауіпті жүктерге - улы және коррозиялық заттар және өтеауыр жүктер жатады.

2.Әртүрлі жүктерді тиеу, тасымалдау және түсіру ережелері

1-ші топтағы - аз қауіпті жүктерге- құрылыс материалдары, тағам өнімдері, жеміс жидектер және машина бөлшектері жатады. Ондай жүктерді орамдарымен, ыдысымен немесе ыдыс ,орамсыз тасымалдайды.
1.Жәшіктегі, бөшкедегі және басқа да жеке жүктерді тығыз қою қажет, қозғалу кезінде машинаның жүк салатын қорабында қозғалмауы үшін, араларына төсем салу керек;
2.Машинаның жүк салатын қорабының қабырғасынан асып тұратын жеке (жәшік,орамды) жүктерді, мықты арқан немесе жіппен байлау керек ( металл арқан және сымды қолдануға тиым салынады). Жүк биіктігі көпірден өту кезіндегі жол бетінен жүктің жоғары нүктесіне дейін 3,8м-ден жоғары болмауы керек;
Жанғыш жүктерге (2-ші топ) - бензин, керосин тб өрт қауіпті мұнай өнімдері жатады.

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
10
Жанар май құйылған бөшкелерді көлікке тиеу кезінде олар бір бірімен соғыл-мас үшін араларына төсем қойып және тығындарын жоғары қарату керек. Тиеп-түсіру жұмыстарын жүк тиегіштермен, бөшке тиегіштермен немесе көлбеу траптармен атқару қажет. Бөшкелерді транспорттан көлбеу жазықтықтармен домалатып түсірген кезде, қарсы бағытта арқанмен ұстап ақырын түсіреді. Көлбеу траптар мықты болып, тайғанақ болмауы керек. Олардың көлбеулігі 30 градустан аспауы керек. Бөшкелерді, барабандарды домалатып қозғалтқанда жұмысшы жүктің артында болуы керек, және жүктің домалау жылдамдығы адамның қозғалыс жылдамдығынан аспауға тиіс.Жүкті тек орта тұсынан итеріп домалату қажет.

Шаңды және ыстық жүктерге (ІІІ топ) минералды тыңайтқыштар, әкті материалдар, цемент, асфальт, битум және тағы басқа жатады. Оларды көліктермен, насостармен, арнайы механизмдермен түсіріп, автоцистерналармен тасымалдайды.
Ыстық жүктерді ( асфальт, битум) автосамосвалдармен тасымалдау керек. Күйіктің алдын алу үшін жүк тасымалдаушылар арнайы киім кию керек. Респираторлармен жұмыс істегенде жұмысшылар кезеңді түрде демалу керек. Хлорлы әкті қолмен түйеу кезінде респираторлар мен фильтрі бар газқағалар кию керек.

Күйдіргіш сұйықтықтарды (төртінші топ) екі адам тиеу мен түсіру керек. Тоқылған тығыз корзиналарға салынған шыны тарадағы қышқылдар, сілтілер және басқа сұйықтықтарды қолмен тиейді. Бұл жұмысты тек қауіпті жүктермен жұмыс істеуге оқытылған жұмысшыларға тапсырады. Мұндай жүктерді абайлап тасымалдау керек. Ережелермен қарастырылған қорғаныс киімдермен жұмыс істеу керек. әрбір дананы тиемей тұрып жақсылап қарау керек. Шыны ыдысты сыртқы жәшігіне ағаш жоңқалармен немесе опилка-лармен салу керек. Бутылкасы бар корзинаны көтермей тұрып, түбі мен корзина ұстағышының беріктігіне көз жеткізу керек. Көліктің кузовындағы сұйықтықпен толған шыны тараны мықтылап бекіту керек, қозғалыс кезінде және кенет тоқтағанда ол жылжып түспеу үшін, қышқыл және сілтіден қалған бос бутылкаларды тасымалданғанда еңкейтпеу керек, себебі

3925-05-9б

КГТК ӨЕ 1201-11-9б(ә)

Бет
11
сұйықтық қалдығы адамға құйылып, жарақаттауы мүмкін.

5 топтағы жүктерді тиеу және түсіру жұмыстарын орындаған кезде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтамау- жарылыс пен жазатайым оқиғаға әкеледі.
Қысымды, сығылған газы бар баллондардытиеу және түсіру жұмыстарынекі жұмысшы атқаруы керек. Газы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агрегатты алаңның сипаттамасы. Жабдықты жөндеуге арналған шығын
Шымкент қаласындағы ЖШС «Канди-шымкент» кәсіпорнының агрегатты аумағын ұйымдастыру
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
Автокөліктің қысқаша сипаттамасы
Автокөліктің күрделі жөндеу әдісін таңдау және негіздеу
Жүк тасымалдау қызметі
Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру
Автокөліктің тұрақ тежеуішінің құрылысы
Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
Өндiрiске БелАЗ өзiаударғыш автомобильдерiнiң артқы белдеудiң редукторын алып-салуға арналған құралды енгiзу
Пәндер