Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекі материал түрлері. Қолдану ережелері»

Орындаған:

тобының студенті

Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім:

І Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану ерекшеліктері . . . 7

1. 2 Көрнекілікті пайдалану арқылы балабақша балаларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсеңдіру . . . 13

ІІ Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану жолдары мен ережелері

2. 1 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың қазіргі жолдары . . . 19

2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары . . . 20

IІI Математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көрнекілік әдістердің әдістемелік негізі

3. 1 Ұйымдастырылған іс -әрекет барысында математикалық түсініктерді қалыптастыру . . . 27

3. 2 Тәжірибелік - эксперимент жұмысының мазмұны . . . 31

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны, ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіруіне, жаңарып тұруына икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізіп отыр. Осы күні балабақшада әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда балабақша баласының төменгі н бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін тәрбиеші өскелең оқытуға негізделген қолайлы әдістермен оқыту қажет.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес балабақшадагі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай баланы пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, баланың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты «Білім беру туралы» ҚР заңында алға қойылып отыр.

Білім беру және оқыту теориясының балаларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бастылары - танымдық белсенділік, саналылық пен қызығушылық. Бұл талаптардың орындалуы балалардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Балалардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі балалардың алған «білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады».

Бүгінгі таңда балалардың пәнге қызығушылығы мен оқу белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор. Қызығу - танымдық іс-әрекеттің қoзғаушы күші. Баланың қызығу жәрдемімен oқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бoла бастайды. Танымды қызығу oқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Педагогикалық әдебиеттерде oны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады.

Біріншісі - oқытудың мазмұны мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қoлданылуы, бұрыннан білетін мағлуматтың жаңа қырының ашылуы.

Екіншісі - балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда қолданылатын техникалық және көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру; танымдық oйындар ұйымдастыру; проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен байланысын ашып көрсету; балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру; шығармашылық және зерттеу жұмыстарын белсенді қалыптастыру; білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшіншісі - тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы қарым-қатынаста сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Бала өзі ұнатпайтын тәрбиешінің пәніне ешқашан қызықпайды. Балалар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Оқу сапасын, балалардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыта талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Педагогикалық ғылым мен практикада танымдық қызығушылықты арттыру бойынша мәнді тәжірибелер жинақталған. Біздің зерттеу мәселеміз XVII-XIX ғасырдың педагогтары Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т. б. еңбектерінде көрініс тапты.

Қазақтын ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекетінде балаларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.

Профессор Ж. А. Қараев және көптеген ғалымдар М. Б. Есбoсынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарoва, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К. Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметoва және т. б ақпараттық-қатынастық технoлогияны жалпы орта білім беретін балабақшаның оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында оқу құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді.

Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және балабақша жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде көрнекіліктерді пайдалану әдістемесін балабақшада бiлiм беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi. балабақшада математика сабағында көрнекілікті пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарасырылмаған. Жоғарыда жасалған талдаулар зерттеу тақырыбының көкейкестiлiгiн көрсетедi.

Қазіргі кезеңде көрнекілікті пайдалану үшін кіші балабақша жасындағы балалардың жас ерекшеліктері мен балабақшаның оқу үрдісінің ерекшеліктері туралы білім жүйесі ретіндегі педагогикалық инструментарияны талап ететіні байқалып oтыр. Жoғарыда аталған мәселелерге орай балабақшада көрнекілікті пайдалану әдістемесін жузеге асыру қажеттiлiгi мен математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану әдiстемесiнiң жасалмағандығы арасында қарама-қайшылық бар екендігі анықталды.

Осы қайшылық негiзiнде математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану әдiстемесiн жузеге асыру қажеттілігі, оны тәрбиешідердің қолдана білу, мәселелері туындайды.

Зерттеу мақсаты : математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және оның тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу объектісі : балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісі

Зерттеу пәні : математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану жолдары

Болжамы: егер балабақша тәрбиешісі математикалық түсініктерді қалыптастыру оқытуда көрнекілікті жүйелі түрде қолданылса, онда балалардың математика есептерін шығару біліктіліктері, математика пәніне қызығушылығы, білім деңгейі, логикалық ойлау арта түседі.

Зерттеу объектісіне, пәніне, болжам мен мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталды:

  1. Балабақша балаларының математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану мәселесінің теориялық аспектілерін зерттеу;
  2. Есеп шығаруда көрнекілікті пайдалануға тәрбиешілеріне қойылатын талаптарын айқындау;
  3. математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, модельдеу. Балабақша ішілік құжаттарды талдау (жоспарлар, оқулықтары, есеп берулер, конспекттер) . Педагогикалық эксперимент (тест, сауалнама, бақылау, әңгіме) .

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:

Тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші ролі туралы философиялық концепция, құндылық бағдарлар теориясы, білім беру дидактикасының жетістіктері, балабақшада оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, білім беруді ақпараттандыру концепциясы.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: балабақша балаларының құзығушылықтарының арту деңгейін анықтау әдістемесін құрастыру.

Зерттеу базасы:

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі : зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен және қосымшалардан құралады.

І Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдаланудың теориялық негіздері

1. 1 Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті пайдалану ерекшеліктері

Математикалық түсініктерді қалыптастыруда көрнекілікті дұрыс пайдалану айқын кеңістік және санды түсініктердің, мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, балалардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайында балабақшаның ролі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, балабақшаның - басты міндеті балаларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары сана-сезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау екендігі және орта білім беруді жетілдіре түсу мақсатымен балабақшада берілетін білім мазмұнын қазіргі кездегі ғылым, техника және мәдениет жетістіктері мен талаптарына сәйкес ғылыми негізделген оқу жоспарын және бағдарламасын енгізу керек - деп орыс ғалымы Н. О. Вербицкая дәлелдеді.

Алға қойылған осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен соңғы жылдары балабақшада білім беруді қайта құру жөнінде үлкен жұмыс істелді, соның нәтижесінде барлық пәндерден дерлік, оның ішінде математикадан да, жаңа бағдарлама енгізіліп, оқыту әдістері жетілдіре түсті.

Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен балабақша балаларына математиканы оқыту міндетін жалпы оқу және тәрбие жүйесімен бірге қарастырады. Әдістемеде математиканың курсының мазмұны мен құрылысы ашылып айқындалынады, яғни математикадан балабақшаларда қандай материал оқылатыны және неге дәл сол материал таңдап алынғандығы, курстың әрбір жеке мәселесі балабақшаларда қандай дәрежеде жинақталып оқылатыны, курс тақырыптары қандай тәртіпте қарастырылатыны және мұндай тәртіптің неге анағүрлым тиімді екендігі айтылады. Математиканы балабақшаларда оқыту әдістемесінде курстағы әрбір тараудын, және сол тараудағы әр мәселені (мысалы, 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды қалай оқып үйрену керектігі, атап айтқанда, осы тақырыпта қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықтау) оқып үйренудін дербес әдістері айқындалады. Математиканы оқыту әдістемесі балаларға теориялық білімді игеру, алған білімін алуан түрлі практикалық мәселелерді шешу үшін қолдана білуге үйрену, балаларда берік дағды қалыптастыру жөнінде дәлелді ақыл-кеңестер ұсынады. Сондай-ақ әдістемесінде математиканы оқытуда зор нәтижеге жету үшін балалардың оқу ісін қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер айқындалады. Оқыту тәрбие беру сипатты екендігі белгілі, олай болса, методиканың міндеті - жаңа адамды тәрбиелеуге балалардың ақыл-ойының жетіліп дамуына көмектесетін оларды математикаға қызықтырып ынталандыратын мінез-құлқынын жақсы болып қалыптасуына көмектесетін оқыту әдістерімен тәрбиешіді қаруландыру.

Қазақстандағы белгілі әдіскер Әбілқасымова А. Е. бойынша: «Балабақшада математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс» .

Математиканы оқып үйрену процесінде балалар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бірқатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі балалардын саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни балалардың интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.

Математиканы оқыту кезінде балаларда материалистік көз қарастын бастамасы қалыптаса бастайды. Сан арифметикалық амалдар, санау системасы, геометриялық фигура т. с. с. математикалық алғашқы ұғымдар берілетін рдың өзінде-ақ бала «математиканын объектісі - шын дүниенін кеңістік формалары мен сандық қатынастары екенін, демек, мұнын өзі реалдық материал екенің» сол сияқты «сан мен фигура ұғымдары біржақтан алынбағаның нақты дүниеден алынғанын» бала түсініп білуге тиіс. Сондықтан математиканы оқытудың өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, Әбілқасымова А. Е. пікірі бойынша, балабақша балаларын бізді қоршаған өмір құбылыстарынан математикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге үйрету, екінші жағынан, математиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен балаларды қаруландыру мысалы: есептеуді немесе өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп-қисапты шығару т. с. с.

Математиканы оқыту ісі өз Отанын (елін) сүйетін біздін қоғамымыздың игі мақсаттарын сезіне білетін өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру үшін сарып етуге дайын қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.

Математиканы оқыту жеке адамның енбек сүйгіштігі, ұқыптылығы сияқты ерекшеліктерін қалыптастару міндетін шешіп, балалардың еркін, зейінің, қиялын қамтуға барынша мүмкіндік жасауы тиіс математикаға деген ынтасын арттыруға көмектесуі тиіс. Балаларды оқи білуге төселдіру, оларды белгілі бір материалмен жұмыс істей білуге үйрету және өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру қажет - деп Бантова М. А. математика пәні бойынша әдістемесінде көрсетті.

Математиканы балабақшаларда оқыту оны әрі қарай оқып білу үшін балалардың білімі мен дағдысына, сол сияқты ой-өрісінің дамуына сенімді негіз болуы тиіс.

Оқытуда көрнекілік әдістер әртүрлі болып табылады. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; балаларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби «Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік» деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.

Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен балаларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі балабақшада осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.

Иллюстрация әдісі арқылы балаларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.

Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері

Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Балалардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс балалардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т. б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.

Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына балалардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктілігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.

Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суретттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т. б. кеңінен қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталған тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Тәрбиешінің алдына қойған мәселесі - иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, кестелер мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі балабақшадарде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.

Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайы, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, балалардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.

Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, балаларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, балалардың қызығушылығы мен қажетін, тәрбиешідердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т. б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады.

Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді.

Берілген әдістің сапасы видео мен техникалық құралдарды қолданумен тікелей байланысты. Видео оқыту әдісін ұйымдастыруға қатаң талаптар қояды, олар нақтылығымен, қарастырылып таңдалуымен, мақсаттығымен ерекшеленеді. Тәрбиеші оқытылатын мәселе төңірегінде балаларды кірістіре алудағы біліктілігін, олардың іс-әрекетін бағыттай отырып, жалпы қорытындылар жасап, өзіндік жұмыс процесінде жеке дара көмек көрсету керек.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Балабақшаларда кітаппен жұмыс сабақта тәрбиеші басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі балалар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді.

Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарындаштар, шыбықтар, кубиктер т. с. с. жатады.

Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер-суреттер, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, нәрселердің немесе фигуралардың кескіндері салынған кестелер. Суретті көрнекі құралдардың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: математикалық символдардың (цифрлар, амалдар таңбалары. «>», «<», « = » қатынастары таңбалары), схемалық суреттер, чертеждер. Суреттік көрнекі құралдарға сондай-ақ экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитівтер (Делман И. Я. ) .

Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы топтық және жекелік деп бөледі. Жалпы топтық көрнекі кұралдарды бүкіл топ болып пайдаланады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды), жекелік көрнекі құралмен әрбір бала жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы топтық және жекелік кұралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен-кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, чертеждік инструменттер т. с. с. Жалпы топтық құралды да, сондай жекелік құралдарды да, сабақта пайдалану ынғайлы болуы үшін дұрыс орындастырудың маңызы бар. Мысалы, цифрларды жалпы топтық және жекелік кассаларда, фигуралардың модельдерін конвертте сақтайды. т. с. с.

Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және тәрбиешінің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі кұралдар деп бөлінеді.

Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - есептер кұрастыру үшін әр түрлі суреттер мен чертеждер құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер, көбейту мен қосудың электрлендірілген кестелер т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолданудың тиімділігі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Көрнекілік құралдар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқыту процесі
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Бірінші сыныпта он көлеміндегі сандарды оқыту
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz