Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудің мемлекеттік саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: Мемлекеттік саясаттың экономикалық өсуді қалыптастырудың теориялық негізі
3:
:
Кіріспе: 1. 1 Мемлекеттік саясаттың экономикалық өсуін қалыптастырудың мәнімен рөлі
3: 6
:
Кіріспе:
  1. 1. 2 Мемлекеттік саясаттың экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету ұстанымдары, әлемдік тәжірибесі
3: 13
:
Кіріспе: 1. 3 Экономикалық өсудің тенденциясы ретінде инновацияляқ даму
3: 21
: 2
Кіріспе: Қақақстандағы дағдарыс кезеңіндегі әлеуметтік -экономикалық дамытудың жағдайлары мен саясаты
3:
:
Кіріспе: 2. 1 Қазақстандағы дағдарыс кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау
3: 27
:
Кіріспе: 2. 2 Экономикалық өсудің өзгеру үрдісіне әсер ететін факторлар
3: 39
:
Кіріспе: 2. 3 Экономикалық өсуге инновацияның ықпалын бағалау
3: 46
: 3
Кіріспе: Қазақстанда экономикалық өсудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету
3:
:
Кіріспе: 3. 1 Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ерекшеліктері мен болашағы
3: 57
:
Кіріспе: 3. 2 Қазақстан экономикасының «Еңбек өнімділігі-2020» өсу бағдарламасын орындау
3: 74
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 90
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 93

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Қазақстанды біз үшін ешкім де өзгертпейтінін, дүние жүзі қоғамдастығында оған лайықты орын бермейтінін түсіну маңызды ілгерілеудің концептуальдық бағытын көрмейінше, алыстағы мақсатты түсінбейінше, олардың стратегиялық байланысындағы нақты бағдарламалық қадамдарысыз ол бос сөз болып қала береді».

Олай болса, Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның мемлекеттік саясаты осыған негізделу керек. Қазақстан тұңғыш рет өзінің жаңа, әрі жаңарған тарихында өзін жан-жақты дамытып, өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін ғылыми тұрғыдан негізделген белсенді экономикалық саясатын жүргізуі объективті қажеттілік, стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аса мәнді мәселе. Мемлекеттік саясат аса күрделі, көп қырлы үдеріс. Әсіресе, қоғам мен экономиканың барған сайын ашық сипатқа ие болуымен байланысты оның түбегейлі құрылымдарын қалыптастыруда ықпалы аса маңызды болып отыр [1] .

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс пен ғылыми-техникалық зерттеулер және т. б. факторлар әсер етеді.

Қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Индустриялық даму - бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» - деп, аса назар аударуы осының айғағы.

Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздік сипат алды. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі республиканың тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымағандығымен шиеленісе түседі.

Осыған байланысты, Қазақстан экономиканы әртараптандыру мен сервистік-технологиялық экономикаға көшу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды. Себебі, қазіргі экономиканың өрлеу сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өндірістің индустриалды-инновациялық дамуына негізделген.

Тәуелсіздік алған жылдар мерзімінде экономикалық саясаттың мәнін, маңыздылығын салалар мен аймақтар бойынша ашып көрсетуге арналған зерттеу жұмыстары, жекелеген монографиялар да жарық көрді. Алайда, экономикалық саясаттың теориялық, ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын жан-жақты талдап, оның тиімділігіне әсер ететін факторларды зерделеуге арналған жұмыстар жеткіліксіз.

Өндірістің индустриалды-инновациялық өсуін қамтамасыз етпей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Қазіргі индустриялды-инновациялық саясат шикізаттық емес салада инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеруге, ұлттық ғылыми-технологиялық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Еліміздің индустриалды-инновациялық өсуін ынталандыру мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі диссертациялық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі

Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономикалық дамудың теориялық негіздерін дәлелдеу, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын талдау және жетілдіру механизмдерін ұсыну болып табылады.

Жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:

  • мемлекеттің экономикалық саясатының теория-әдістемелік аспектілерін зерттеу;
  • Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын талдау;
  • индустриялды-инновациялық дамудың теориялық жақтарын зерттеу;
  • елдегі индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторлар әсерін сипаттау;
  • экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өндiрiстерді құрудың басым бағыттарын талдау;
  • экономиканы әртараптандырудың маңызды сегменттерін айқындау;
  • сервистік-технологиялық экономиканы қалыптастыру мақсатында индустриялды-инновациялық саясат механизмін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста көрсетілген нәтижелер бойынша келесідей жаңалықтар ұсынылады:

  • экономикалық саясаттың ұлттық жүйедегі қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері талданып, оның қазіргі жағдайы кезеңдер бойынша топтастырылды;
  • ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қалыптастыруда мемлекет пен инновациялық бизнестің ғылыми-техникалық жасақтамаларын жүзеге асыруды және оның нәтижелі жетістігін қамтамасыз ететін механизм берілді.

Зерттеу объектісі - Еліміздегі мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты.

Зерттеу пәні - индустриялды - инновациялық дамуды ынталандыруды қамтамасыз ету бағытындағы экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін экономикалық саясат, инновациялық даму, дағдарысты басқару мен реттеу аясындағы шетелдік және отандық ғалым-экономисттердің еңбектері, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Парламенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болды.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған негізгі тұжырымдардың мемлекеттің экономикалық саясатының дамыту арқылы инновациялық белсенділік, бәсекеге қабілеттілік мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал ету мүмкіндігінде.

Зерттеудің ақпараттық базасын экономиканың индустриялды-инновациялық дамуын ынталандыру мәселесіне байланысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары мен шешімдері, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықытық актілері құрайды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, пәні, міндеттері, ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы айқындалған.

Бірінші бөлімде мемлекеттік саясат және экономикалық өсудің теориялық аспектілері қарастырылып, экономикалық өсудің критерилері анықталды.

Жұмыстың екінші бөлімінде еліміздің дағдарыстан кейінгі экономикалық дамуына талдау жасалынып, экономикалық өсу үрдісіне әсер ететін факторлар белгіленді.

Үшінші бөлімінде индустриалды-инновациялық даму және "Еңбек өнімділігі 2020" бағдарламасын жүзеге асыру ерекшеліктері көрсетіліп, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасақталды.

Қорытындыда үш бөлім бойынша талдау жүргізілді, проблемаларды шешу жолдары қарастырылды.

  1. Мемлекеттік саясаттың экономикалық өсуді қалыптастырудың теориялық негізіМемлекеттік саясаттың экономикалық өсуін қалыптастырудың мәні мен рөлі

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс пен ғылыми-техникалық зерттеулер және т. б. факторлар әсер етеді.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму денгейі ғылыми-техникалық прогресстің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз кезінде австриялық экономист Йозеф Алиоз Шумпетер индустриялық дамудың циклдық үлгісін ұсынған, әрбір циклдың ұзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл құрайды екен. Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік революциямен байланыстырылады, сөйтіп сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дәлелдейді.

Әрбір индустриялық цикл, Шумпетердің айтуы бойынша, қоғамның экономикалық даму негізін құрайтын факторларға тікелей байланысты болады. Индустриялық циклдың бір мерзімінен екіншісіне өтудегі факторлар арасындағы айырмашылыққа экономика салаларының әркелкі дамуы жатады. Сонымен бірге әрбір индустриялық цикл қоғамдағы экономикалық өркендеудің іргесін құрайтын жаңа салалардың пайда болуы ғана емес, сонымен бірге осы салалардағы түбегейлі өзгерістерге де байланысты болады [2] .

Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның -социализімніңкүшеюі мен екі әлемдікжүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.

Экономикалық өсу тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі - өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы, жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі - мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты.

«Экономикалық өсу теориялары»шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;

  1. Харрод-домардың моделі;
  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
  3. Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
  4. Өсудің қазіргі заманғы, жаңа теориялары және т. б негізі болып табылады.

Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын.

Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді, яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді, бұл туралы ол ең алғаш 1939ж «Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 - жылы «Экономикалық динамика теория кітабында» мәлімдеді [3] .

Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде паайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайдағ экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелділігі қушейе түті. Германия, Франция, жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды. Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.

Экономикалық өсу теориялар әртүрлі коньюктуралық жағдайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстіктер экономикалық саясаттың басты мақсаты- толық жұмысбастылыққа жету болуы тиісдейді. Оладың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының обьективті негізгі - социализмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің эканомикалық жарысы болып табылады. Американ экономисті Э. Домар «халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.

Экономикалық даму темпі проблемасы имперализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу темпімен байлаысты.

Өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептер жатыр алдыңғы қатарлы капиталистікелдерде экномикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік капитализмнің қүшеюі - мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.

Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концпекциялардың Дж. М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындығы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресуртардың толық емес жұмысбастылығы орын алады, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.

Неокейнстіктердің негігі проблемасы- өткізу проблемасы болып табылады, яғни егер сұраныстың қозғалыундағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының фунциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.

Экономикалық өсудің Неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты факторы ретінде инветицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды. Басқа да фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) атайды. Буржуазиялық экономистер бұл кезінде артқанын «кемелденген экономика кезеңінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффифиент үнемі тұрақты дейді [4] .

Кейнстітер инвестицияларды екіге бөледі:

  1. туынды - тұтынудың өсуінен пайда болған
  2. тәуелсіз - техникалық прогреске, мемлект саясатына, халық санының өсуіне негізделген.

Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автаномды) инветитциялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану прлблемасы жинақмен байланысты қарастырылады. Егер инвеститциялар жинақтауға тең болса, онда эконмика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инветитциялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвеститциялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинатау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табыты пайдалануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, Бірақ та Неокейнстіктер осы 2 - дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдулары арқылы олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы, Э. Хансен АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жекекапитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсерінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвеститциялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен, нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығы коэффициенттің төмендеуінен, материялдық өндіріс сферасына қарағанда капиталл сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.

Мультиплекатор мен акселятордың үйлеуі негінде циклдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе - сұраныс мәселесі.

Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретіндегі «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы модельдер деп аталды.

Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны туралы көзқарас тұрақты «балансталған» өсу моделі негізінде жатыр. Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы сыналады.

Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар модеьде ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және нақты жалақы арасындағы қатынас, т. б. жатады.

Жалпы экономикалық әдебиеттерде экономикалық саясат түсінігіне берілген анықтамалар алуан түрлі. Соның ішінде, неміс ғалымы Х. Гирштың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық саясаты, экономикалық құбылыстардың әрекетін реттеуге бағытталады. Мемлекеттік әрекеттерді реттеу жүйесінің бірнеше жақтары бар. Олар: тәжірибелік және ғылыми болса, тәжірибелік аспект - мемлекеттік реттеуді дамыту бойынша нақты әрекеттердің жиынтығы. Ал, теориялық аспект - ұлттық экономиканы нәтижелі дамытуды қалыптастыруға бағытталған әрекеттер, қызметтер, жүйелі ғылыми зерттемелер болады. Сондай-ақ, ғылыми әрекеттерге болжамдар мен модельдердің жасақтамалары жатады. Экономикалық саясаттың ғылыми аспектісінің маңызды тапсырмасы экономикалық ойларды қалыптастыру.

Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Экономикалық саясат теориясының мақсаты - нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере келіп, дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Бұл ұшін анықталған кездегі жағдайларды терең зерттеп, осы әдісті экономикалық құбылыстардың алғашқы кезеңінде қолдану маңызды. Ондағы факторлардың саны аз болғандықтан, құбылыстың дамуы да, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі де жоғары болады. Кең өріс алған экономикалық саясат бір-біріне қарсы келетін қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді зерттеп, оңды дәлелді сипаттамаларды жасауға бағытталады [5] .

Экономикалық саясаттың базалық теориясын алғаш рет 50-жылдардың басында голландық экономист Ян Тинберген кешенді түрде талдады. Оның тұжырымдамасы экономикалық саясаттың нормативті теория бағытына негізделгендігінде.

Осы жерден түсінік бере кетсек, экономика теориясында айрықша сала ретінде экономикалық саясаттың нормативті теориясы, сондай-ақ, оның келесі бір бөлімі саясаттанумен қиылысқан позитивті теориясы қатар қолданылады.

Нормативті теорияда тұжырымдар фактілермен расталса, сонымен қатар, кеңес те береді. Келесі позитивті теорияда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардың өзгерістері өндіріс, баға секілді факторлардың өзгертілуімен түсіндіріледі. Осы арқылы тұжырымдар жасалып, сол тұжырымдар факторлармен сандармен және расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін.

Я. Тинбергеннің концепциясы қазіргі уақытта әлемдік экономиканы реттеуде, оның дамуы мен өсуін қамтамасыз етуде қолайлы болып тұрғанын ескерсек, онда:

  • үкіметтік орындар өздерінің экономикалық саясатын қалыптастыруда мақсат қоюы керек те, одан кейін мақсатты көрсеткіштер пайда болып, ол әрі қарай дамиды;
  • үкіметтік орындар мақсаттардың орындалуын саяси құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырады;
  • саяси әрекеттерді қолайлы жүргізуде экономикалық үлгі қолданылады.

Кеңінен танылған макроэкономикалық жиынтықтың мақсатты көрсеткіштері түгелдей жұмыспен қамту және инфляцияның төмендеуін қадағалау, ақша мен фискальдық саясаттың белсенді жүргізілуін қарастырады. Экономикалық саясаттың құралдары тәжірибе жүзінде түрлі басқарушы орындардың бақылауында болуы мүмкін. Мәселен, ақша саясаты Орталық банк арқылы реттелсе, фискальдық саясат - атқарушы және заң орындарының билігінде болады. Ян Тинбергеннің экономикалық саясатындағы нормативті теорияның негізі әрбір мақсатты белгіленген құралдар арқылы тиімді басқаруға бағытталған [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің мәні
Мемлекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСАТЫ
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
2013-2015 жылдардағы ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткішіне сипаттама
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Монетарлық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz