Мемлекеттік басқару және Қазақстан экономикасының серпінді дамуын қамтамасыз ету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Экономикалық даму түсінігі, түрлері және ринциптері . . . 7
1. 2 Экономиканың дамуындағы мемлекеттің рөлі және басқарудың шетелдік тәжірибелері . . . 15
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ
2. 1 Қазақстан Республикасы экономикасының даму серпінін талдау . . . 30
2. 2 Еліміздің экономикасының дамуына мемлекеттік бағдарламалардың
ықпалын бағалау . . . 45
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ
3. 1 Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақтылығын
қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту бағыттары . . . 57
3. 2 Қазақстан Республикасы экономикасын мемлекеттік басқарудың жаңа үлгілерін жетілдіру жолдары . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Қазақстанды біз үшін ешкім де өзгертпейтінін, дүние жүзі қоғамдастығында оған лайықты орын бермейтінін түсіну маңызды ілгерілеудің концептуальдық бағытын көрмейінше, алыстағы мақсатты түсінбейінше, олардың стратегиялық байланысындағы нақты бағдарламалық қадамдарысыз ол бос сөз болып қала береді».
Олай болса, Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның мемлекеттік саясаты осыған негізделу керек. Қазақстан тұңғыш рет өзінің жаңа, әрі жаңарған тарихында өзін жан-жақты дамытып, өркениетті, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін ғылыми тұрғыдан негізделген белсенді экономикалық саясатын жүргізуі объективті қажеттілік, стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан аса мәнді мәселе. Мемлекеттік саясат аса күрделі, көп қырлы үдеріс. Әсіресе, қоғам мен экономиканың барған сайын ашық сипатқа ие болуымен байланысты оның түбегейлі құрылымдарын қалыптастыруда ықпалы аса маңызды болып отыр.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық дамуына макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс пен ғылыми-техникалық зерттеулер және т. б. факторлар әсер етеді.
Қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Индустриялық даму - бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» - деп, аса назар аударуы осының айғағы.
Қазақстан экономикасының нарықтық жағдайда дамуы елдің экономикалық әлеуетінің бәсекелі басымдықтарымен қатар нарыққа бейімделудің әр түрлі мүмкіндіктерімен байланысты олардың кемшіліктерін де анықтады. Бұл шикізаттық емес сектордың жекелеген салаларында, оның ішінде өнеркәсіпте өндірістің айтарлық құлдырауына әкелді, экономиканың нақты секторы салаларының шикізат экспорты жағына қарай тепе-теңсіздік сипат алды. Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне белсенді кіруін әлемдік және өңірлік еңбек бөлінісіндегі республиканың тар мамандануы, негізгі әлемдік тауар нарықтарынан алшақтығы тежейді, бұл бірінші кезекте, сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететін индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымағандығымен шиеленісе түседі.
Осыған байланысты, Қазақстан экономиканы әртараптандыру мен сервистік-технологиялық экономикаға көшу жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялар инновацияларын индустрияландыру жолын таңдап алды. Себебі, қазіргі экономиканың өрлеу сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өндірістің индустриалды-инновациялық дамуына негізделген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономикалық дамудың теориялық негіздерін дәлелдеу, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын талдау және жетілдіру механизмдерін ұсыну болып табылады.
Жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:
- Экономиканың дамуындағы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын талдау;
- индустриялды-инновациялық дамудың теориялық жақтарын зерттеу;
- Республика экономикасының қазіргі жай күйін талдау;
- экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өндiрiстерді құрудың басым бағыттарын талдау;
- Еліміздің экономикасындағы мемлекеттің рөлін бағалау;
- Экономиканың серпінді дамуын мемлекеттік басқарудың жаңа үлгілерін жасақтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста көрсетілген нәтижелер бойынша келесідей жаңалықтар ұсынылады:
- экономикалық саясаттың ұлттық жүйедегі қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері талданып, оның қазіргі жағдайы кезеңдер бойынша топтастырылды;
- экономиканың дамуын және оның нәтижелі жетістігін қамтамасыз ететін механизм берілді.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалары.
Зерттеу пәні - индустриялды - инновациялық дамуды ынталандыруды қамтамасыз ету бағытындағы экономикалық қатынастар.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін экономикалық даму, мемлекеттік басқару мен реттеу аясындағы шетелдік және отандық ғалым-экономисттердің еңбектері, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Парламенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болды.
Зерттеудің ақпараттық базасын экономиканың дамуын ынталандыру мәселесіне байланысты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары, Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары мен шешімдері, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықытық актілері құрайды.
1 ЭКОНОМИКАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
- Экономикалық даму түсінігі, түрлері және принциптері
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық дамуына макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен экономиканы индустрияландыру деңгейі, сондай-ақ инновациялық серпіліс пен ғылыми-техникалық зерттеулер және т. б. факторлар әсер етеді.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму денгейі ғылыми-техникалық прогресстің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз кезінде австриялық экономист Йозеф Алиоз Шумпетер индустриялық дамудың циклдық үлгісін ұсынған, әрбір циклдың ұзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл құрайды екен. Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік революциямен байланыстырылады, сөйтіп сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дәлелдейді.
Әрбір индустриялық цикл, Шумпетердің айтуы бойынша, қоғамның экономикалық даму негізін құрайтын факторларға тікелей байланысты болады. Индустриялық циклдың бір мерзімінен екіншісіне өтудегі факторлар арасындағы айырмашылыққа экономика салаларының әркелкі дамуы жатады. Сонымен бірге әрбір индустриялық цикл қоғамдағы экономикалық өркендеудің іргесін құрайтын жаңа салалардың пайда болуы ғана емес, сонымен бірге осы салалардағы түбегейлі өзгерістерге де байланысты болады [2] .
Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның -социализімніңкүшеюі мен екі әлемдікжүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.
Экономикалық даму тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі - өсу теориясының таралуының негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы, жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі - мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты.
«Экономикалық даму теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;
- Харрод-домардың моделі;
- Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
- Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
- Өсудің қазіргі заманғы, жаңа теориялары және т. б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын.
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. «Экономикалық цикл» кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді, яғни оның себебі мультипликатор мен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді, бұл туралы ол ең алғаш 1939ж «Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 - жылы «Экономикалық динамика теория кітабында» мәлімдеді [3] .
Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық дамудың неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде пайда болды. Бұл теория дағдарыс жағдайда экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелкілігі қушейе түті. Германия, Франция, Жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды. Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.
Экономикалық даму теориялар әртүрлі коньюктуралық жағдайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстіктер экономикалық саясаттың басты мақсаты- толық жұмысбастылыққа жету болуы тиісдейді. Олардың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының обьективті негізгі - социализмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің эканомикалық жарысы болып табылады. Американ экономисті Э. Домар «халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.
Экономикалық даму темпі проблемасы имперализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердіңэкономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу темпімен байланысты.
Өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептер жатыр алдыңғы қатарлы капиталистік елдерде экномикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік капитализмнің қүшеюі - мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.
Экономикалық дамудың неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концпекциялардың Дж. М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындығы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресурстардың толық емес жұмысбастылығы орын алады, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.
Неокейнстіктердің негігі проблемасы - өткізу проблемасы болып табылады, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының фунциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.
Экономикалық дамудың Неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты факторы ретінде инвестицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды. Басқа да фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) атайды. Буржуазиялық экономистер бұл коэффициенттің индустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика кезеңінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффифиент үнемі тұрақты дейді [4] .
Кейнстіктер инвестицияларды екіге бөледі:
- туынды - тұтынудың өсуінен пайда болған
- тәуелсіз - техникалық прогреске, мемлект саясатына, халық санының өсуіне негізделген.
Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автаномды) инветитциялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану проблемасы жинақпен байланысты қарастырылады. Егер инвеститциялар жинақтауға тең болса, онда экономика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инветитциялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвеститциялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинатау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табысты пайдалануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, Бірақ та Неокейнстіктер осы 2 - дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдаулары арқылы олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы, Э. Хансен АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жекекапитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсерінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвеститциялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен, нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығы коэффициенттің төмендеуінен, материялдық өндіріс сферасына қарағанда капитал сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.
Мультиплекатор мен акселятордың үйлеуі негізінде циклдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе - сұраныс мәселесі.
Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретіндегі «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы модельдер деп аталды.
Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны туралы көзқарас тұрақты «балансталған» өсу моделі негізінде жатыр. Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы сыналады.
Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар модеьде ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және нақты жалақы арасындағы қатынас, т. б. жатады.
Жалпы экономикалық әдебиеттерде экономикалық саясат түсінігіне берілген анықтамалар алуан түрлі. Соның ішінде, неміс ғалымы Х. Гирштың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық саясаты, экономикалық құбылыстардың әрекетін реттеуге бағытталады. Мемлекеттік әрекеттерді реттеу жүйесінің бірнеше жақтары бар. Олар: тәжірибелік және ғылыми болса, тәжірибелік аспект - мемлекеттік реттеуді дамыту бойынша нақты әрекеттердің жиынтығы. Ал, теориялық аспект - ұлттық экономиканы нәтижелі дамытуды қалыптастыруға бағытталған әрекеттер, қызметтер, жүйелі ғылыми зерттемелер болады. Сондай-ақ, ғылыми әрекеттерге болжамдар мен модельдердің жасақтамалары жатады. Экономикалық саясаттың ғылыми аспектісінің маңызды тапсырмасы экономикалық ойларды қалыптастыру.
Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Экономикалық даму дегеніміз - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық даму деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық дамудың негізгі мақсаттары - халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Я. Тинбергеннің концепциясы қазіргі уақытта әлемдік экономиканы реттеуде, оның дамуы мен өсуін қамтамасыз етуде қолайлы болып тұрғанын ескерсек, онда:
- үкіметтік орындар өздерінің экономикалық саясатын қалыптастыруда мақсат қоюы керек те, одан кейін мақсатты көрсеткіштер пайда болып, ол әрі қарай дамиды;
- үкіметтік орындар мақсаттардың орындалуын саяси құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырады;
- саяси әрекеттерді қолайлы жүргізуде экономикалық үлгі қолданылады.
Кеңінен танылған макроэкономикалық жиынтықтың мақсатты көрсеткіштері түгелдей жұмыспен қамту және инфляцияның төмендеуін қадағалау, ақша мен фискальдық саясаттың белсенді жүргізілуін қарастырады. Экономикалық саясаттың құралдары тәжірибе жүзінде түрлі басқарушы орындардың бақылауында болуы мүмкін. Мәселен, ақша саясаты Орталық банк арқылы реттелсе, фискальдық саясат - атқарушы және заң орындарының билігінде болады. Ян Тинбергеннің экономикалық саясатындағы нормативті теорияның негізі әрбір мақсатты белгіленген құралдар арқылы тиімді басқаруға бағытталған [3] .
Басқару теориясының жаңа бір бөлімдеріндегі көзқарасында қоғамның әл-ауқаттылығын басқару бойынша мемлекеттік биліктің моделін дамыту үшін жасақталған «өзгерістерді басқару», «ҚР-ның экономикалық моделінің» блогы енгізілген. Онда Үкіметтік қызметтің нәтижелігін көтеруде, ҚР экономикасындағы идеал болатын моделінің «тәртібін» салыстырғанда мемлекеттік шешімдер жетілдіруде, сондықтан оны әлі де болса қайта жасақтаудың қажеттігі туындайды. Берілген модель өз кезегінде экономикалық өсімінің объективтік жағдайдағы қажеттілігін қарастырады, олар: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, негізгі капитал, технология және т. б. Оның құрылымдық бөлігі нарықтық механизмнің инфрақұрылымы болып табылады.
Мемлекеттік билікті жасақтау механизмі , онда жоғары саяси билік қоғамның әл-ауқаттылығының қызметі құрылады, сонымен қатар, олар мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағыттары анықталып, Үкімет қызметіндегі мақсатты көрсеткіштер бекітіледі. Мемлекеттік билік: Президент пен Парламент экономикалық дамуды мақсатты көрсеткіштер: экономикалық өсім, толық жұмысбастылық, инфляцияны төмендету арқылы басқарса, осыған орай, қолданылатын басқарудың саяси құралдары: фискальдық - бюджеттік және салық саясаты негізінде жүзеге асырылады, монетарлық саясат - пайыздық, айырбас курсы, ең аз резервтер арқылы жүзеге асса, экономикалық - ол амортизациялық және инвестициялық саясат негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының ағымдағы кезеңінде оларды мемлекеттік билік экономикалық өсім, инфляция деңгейі және жұмыссыздық деңгейімен анықтады. Үкімет пен Ұлттық банк тұлғасындағы орындаушы билік осы мақсатты көрсеткіштерді өздерінің экономикалық саясатындағы құралдарының көмегімен қамтамасыз етіп, осыған орай, мемлекеттік басқару қызметі қалыптасады. Осы мақсатты көрсеткіштерді аталған құралдардың көмегін қолдана отырып басқару экономикалық өсімнің тұрақты дамып өсуіне септігі тиіп, бұл қоғамның әл-ауқаттылығын басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің нәтижелі дамыту моделін береді.
Мемлекет экономикалық саясатты жасақтауда және дамытуда Үкімет экономиканы жанама басқарудың фискалдық, экономикалық және монетарлық тетіктерін пайдаланады. Фискалдық құралдар: салық саясаты, бюджеттік саясат; экономикалық құралдар: инвестициялық және амортизациялық саясат; монетарлық құралдар: пайыздық саясат, айырбастық курс саясаты, ең аз резервтер деңгейі. Нәтижелі салық жүйесінде отандық өндіріс ынталандырылуы керек те, сонымен бірге, әлеуметтік әділдік ұстанымды дамыту қажет. Экономикалық өсім үшін салық саясатының маңызды белгісі салық қызметінің ынталандырылуы болып табылады. Ол алдымен, ынталандыру ставкалары, инвестицияларға салықтық жеңілдіктер, жеделдетілген амортизация, өндірістік циклге дейінгі фискалдық салық қызметінің кеңейтілуі.
Сонымен, мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүргізе отырып, бастамашы және негізгі орындаушы ретінде қызмет атқарады. Макроэкономикалық реттеу бойынша қызметтердің сәтті болуы, ол сол саясатқа қатысушылардың барлығының қызметін дұрыс, ұтымды ұйымдастыра білу [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz