Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану мазмұны
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІІ. Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы – адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі
адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті
бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы
баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.
1. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.
2. «Отбасы және балабақша» журналы, 2004ж №4
3. «Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж №1
4. Қазақ бала – бақшаларындағы тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы – Алматы, 1991.
5. Балалар ұйымдарының білім кеңістігіндегі алатын орны. Бала тәрбиесі. 2011ж №7.
6. «Қазақстандағы Мектепке дейінгі білім» 2012ж №1
7. Шілдебаева Ж. Қызықты экология: оқу құралы. –Алматы: Ы.Алтынсарин, 2000. – 172 б.
8. Қалықбаева З. Табиғат – тал бесігің. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
9. Қоқанбаева Р. И. Экологиялық тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
10. Ыдырысова Ж. Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
11. Қонақбаева Р. Д. Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
12. Қамақов Ә. Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
13. Жұмабекова Ф. И. Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
14. Құдашева Д. Т. Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
15. Манкеш А. Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. \\ Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
16. Хамитқызы Ғ. Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
17. Ерженбайқызы А. Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары. \\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.
18. Шалғынбаева Қ. Экологиялық тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.
19. Құлшанова С. Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 6 – 8б.
20. Көбеева Н. Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Педагогика және

психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының
мазмұны

Орындаған:
тобының студенті
Жетекшісі:

Орал қаласы - 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім:
І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Балаларды қоршаған ортамен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...9

ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен
тапсырмаларды қолдану мазмұны
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық
тапсырмалардың пайдалануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..17

ІІІ. Балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасы ... ... ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп
отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи
қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі
қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа
деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті
тармақтарының бірі болып табылады.Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты
 аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере
отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар
қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан
тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан
енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілгенқалтада сүтін еміп, өсіп
жетілетін Австралияның қалталы қасқыры,
ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің
суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы –
адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың
адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген
сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге
сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы — ұлтгық тілі, мәдениеті,
көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана
тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат
пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін
бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын
мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға
негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-
құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал
етеді.  Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге,
өмір сүрудің негізгі көзі
адал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ,
жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделікті
бала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылы
баланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені
танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы
құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен
таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары
әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден
әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені қар неге жауады? Жаңбыр қайдан
пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы
кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? – деген сияқты сан
алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы,
білгісі келуі заңды  ғой.  Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп,
ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай
ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған
дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл
мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана
емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай
білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін
табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады.
Осы аталғандарды негізге ала отырып балалар бақшасындағы балаларды
табиғатпен таныстыру бағдарламасын жасау негізделді.
Зерттеу пәні:
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі мекемелер
Зерттеудің мақсаты: Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен
таныстыру бағдарламасын жасау
Зерттеудің міндеттері:
- Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
- Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.

- Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйрету.
- Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Зерттеудің теориялық маңызы: Педагогикалық іс-әрекетте балалар
бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасын қолдану әдіс-
тәсілдері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа
ала талданды;
Зерттеудің әдістемелік маңызы: Балалар бақшасындағы балаларды
табиғатпен таныстыру бағдарламасын қолдану әдіс- тәсілдерін анықтайтын
әдістемелер сарапталып зерттеулер жүргізу негізінде талданды;
Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік
материалдар мен әдебиеттердегі табиғатты таныстыру бағдарламасын қолдану
туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау, зерттеу
нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік
стандарттары, оқу бағдарламалары;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады;

І. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру

Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын,
бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның
қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң
табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал
қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік,
ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім
беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті
мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі
мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан
бағдарламадағы Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады.
Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты
құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым
түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы
зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының
алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер
беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі балалардың тірі және өлі
табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында
табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен
ұштастырылды.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның
тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі
түсініктер мыналар:
а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір
аймақтағы экожүйелердің қызметі;
ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-
бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат
жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір
формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде
көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
❖ табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау,
көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;
❖ балабақша алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін
немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта
өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
❖ табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері
негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
❖ табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің
объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету,
күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға
бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
❖ тәжірибе жасау – бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабақтасып
келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
❖ тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа
қатысу;
❖ табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер
жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін
айқындау;
❖ бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы
адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
❖ табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау,
балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және
жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына
қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.
Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды,
оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-
ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет
жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің
экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-
әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық
тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен табиғатпен таныстыру бағытындағы іс-әрекет түрлері кезінде
нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып,
тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол
себепті балалардың табиғатты қорғау деңгейін көтеруге олардың тұлға
ретіндегі табиғат туралы білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс
түрлерін ұсынамыз.
Тіршілік иелерінің өміріне қажеттілік туғызу және қолдау әдісі
балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол
балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға
бағытталған. Табиғатты қорғау арқылы жақсы нәтижеге жету – осы әдіс түрінің
тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында.
Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу
балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа
бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық
күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен
тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат
құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың
негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылауларды ұйымдастыру -
өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу,
балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау
балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін,
тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала
көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының
байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп,
қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы
арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі – экологиялық тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны
бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған
көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат
күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады.
Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұрмыс бұйымдары
балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары
дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне
әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым
қалыптастырады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың
табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны
табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарға
қамқор болуға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы,
қоршаған орта бойынша: 1.Судың маңызы 2. Құстар тіршілігі. 3. Ағаштар
неге ашуланды. 4. Үй жануарлары. 5. Жыл мезгілдері. тақырыптарында
ұйымдасқан ойын іс –әрекеттері өткізу керек.

2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде,
балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі
көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған
ортамен танысуға өте құштар.
Мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру – бұл олардың
санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген
шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-
қатынасқа тәрбиелеу әдісі.
Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола
отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани
біледі. Қоршаған ортамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың
пішіні, т.с, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген
ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың
ұғымын кеңейтеміз.
Қоршаған ортамен таныстыруда мына ұғымдарды қалыптастырамыз: Мен –
адаммын түсінігі және өзі, өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейтеміз.
Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтауға, дене мүшелері (қол, аяқ, бас және
т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажеттігін білуге,
мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.),
өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін
нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызуға, өзінің
қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы,
қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйретуге,
құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын
білуге үйретеміз.
Адам - тіршілік иесі. Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы
түсініктерін қалыптастыру. Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және
қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні,
әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен
айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы
мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі.
Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі
туралы ақпарат беру.
Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт
келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді). Адамның
өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс,
күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру,
өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге
үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді
қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен
айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және
т.б.) атауға ынталандыру.
Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-
аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін
ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін
адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге
ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы
сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың
өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.
Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы,
дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері
(жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны
туралы білім беру.
Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық,
үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы)
шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.
Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен
дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын
қалыптастыру.
Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару,
жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.
Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін
білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы,
көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра,
қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін
сызуға, суретін салуға үйрету.
Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар
балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және
құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту.
Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі
безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.
Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті
дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда,
татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін
түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету.
Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты
жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға
әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу,
ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б. Кішіге -
ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне
қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс
айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа
белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың
бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін
бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын
қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау
керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне,
достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен
сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу.
Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір
бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны
таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын,
балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың аты –жөнін тани бастайды.

Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер
бөлмесі, т.б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде
жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден
жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс
жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар, әсіресе ұл балалар жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ,
поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін жақсы
біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен
таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып
табылады.
Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала
ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде
қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық
оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер
қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан –
жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың
температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы
белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету.
Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды
жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау.
Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге
арналғандықтарын түсіну.
Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға
бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі
ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да
әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы
эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы
қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала
белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен
зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында
балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын
өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар
сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі
тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей
байланысты болып келеді.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық
лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне
беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
- Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай
тамаша!
деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін бір сергітіп
тастайды.
Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік
балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізеді.
Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін,
ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.
Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-
құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы:
ағаштардағы құрт–құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі
болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір балалар
суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі,
ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және
үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып
отырамыз.
Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні,
бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айту
қажет. Ауа таза болмаса ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың,
үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез
–келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез келген нәрсені жерден алмау
керектігі туралы айтылып, ескеріп отырылады. Ауамен дем алатынымызды,
қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса
мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы
көрсету қажет. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.
Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын түсінуге
қалыптастыру. Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және
есте сақтауға үйрету: киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, құстар.
Қоршаған ортадағы құбылыстар, заттар мен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды
жуу және жинаумен айналысқанды баланың өзіндік тілегін қолдау қажет.
Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы
негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну - танып білу - жүзеге асыру -
осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді
таңдап алудың маңызы зор.

ІІ. Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен
тапсырмаларды қолдану мазмұны

2.1.Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану
тәсілдері
Қоршаған дүниемен танысу, экология негіздері балаларды заттық ортамен,
қоғамдық өмір құбылыстарымен, ересектер еңбегімен, әлем халықтарының
мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихы және мәдениетімен
таныстыру, балалардың бір-бірімен және үлкендермен өзара қарым-қатынас
деңгейін анықтайтын адамгершілік-эстетикалық пайымдарын кеңейту арқылы
жүргізіледі.
Экологиялық білімдерін толықтыру мақсатында балаларға күнделікті
серуен кезінде ауа-райын бақылату, жыл мезгілдерінде болатын өзгерістерді
байқап айта білуге жетелеу. Күн мен жаңбыр, Тез жина қимылды ойындарын
ойната отырып ептілікке, шапшаңдыққа және зейінділікке, түйсіктерінің
қалыптасуына және түстерді ажырата білуге баулу.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету, өсімдіктер мен
жануарлар әлемімен таныстыру, оларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Көкөністер мен жемістер туралы, олардың дәмін ажырата білу сияқты
түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын
қалыптастыру. Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден
жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеу.
Көлік түрлерін, автомашинаның бөліктерін, бағдаршамның белгілерін,
көшеде өздерін дұрыс ұстай білу сияқты дағдыларын қалыптастыру.
Табиғатта өзін-өзі ұстау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне ересектермен
бірге қамқорлық жасауға тырысады. Өлі және тірі табиғаттағы болып жатқан
құбылыстарды ажыратады. Жел соғады, ағаштардың бұтағы шайқалады, күн шықса
жылы болады деген сияқты себеп-салдарлық ұғымдары кеңейеді.
Тіршілік атаулыға қамқорлық, жақсы көру, қамқор болу сияқты түсініктері
қалыптасады және іске асыруға талпынады.
Балалардың сезімдік қабілеттерінің одан ары қарай кеңеюіне Қай пішін
жоқ?, Түсін таны, Кімнің даусы?, Көбелектер гүлге қонды, Түрлі-
түсті таяқшалар сияқты дидактикалық ойындарды пайдалануға болады.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді,
баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі
адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға
қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап
отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай
топтастыр, қане, сен көк кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы т.б.
Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Дидактикалық ойындарда табиғаттың табиғи заттарды (көкөністер,
жемістер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен
хайуанаттардың суреттері бейнеленген суреттер, үстелде ойналатын ойындар
мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалдармен
немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың
сезімдік жағынан тәрбиелеуде танымдық іс-әрекетінің дамуында негізгі тәсіл
болып табылады. Ойындар сабақтарға, саяхаттарға, серуендерге арнайы
бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың
қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған елестетулерін анықтай
түсуіне көмектеседі.
Балалардың сәби топтарында ойын әдетте барлық сабақта тұтастай
өткізіледі, естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық топтарында көбінесе
сабақтың бір бөлігін қамтиды да, 5 минуттан 20 минутқа созылады.
Сәбилер топтарында заттарды бала сыртқы түріне қарап айыра білуге
үйренетін ойындар ойналады. Тәрбиеші мұндай ойынды ұйымдастыра отырып,
балаларға жапырақ, гүл, сәбіз, қызылша, қияр және т.б. алып келуді
тапсырады.
Естиярлар тобында балалар заттарды, көкөністер мен жемістерді ұстап,
тани алатын болады. Мұндай ойындарға Дорбадағы не нәрсе екенін тап,
Қолдағы затты тап ойындары жатады. Осы ойындардың алғашқысын ойнатарда
тәрбиеші алдын ала дорба әзірлеп оған көкөністер мен жемістерді (картоп,
пияз, қызылша, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, лимон) салады. Балалар кезекпен
дорбаға қолдарын сұғып, затты алады да сипалап ұстап, атын атайды, одан соң
дорбадан алып шығып, топтағы барлық балаларға көрсетеді.
Балаларда өсімдіктер (даладағы, ормандағы, бөлмедегі және т.б.)
жөнінде айқын елестетулер жинақталған соң барып ересек балалар
тобындағыларға заттарды салыстыра және олардың бөлшектерін (гүлдерін,
жапырақтарын) тани білуге арналған дидактикалық ойындарды ойнатуға болады.
Мысалы, Ненің жапырағы екенін тап ойынын ойнағанда балалар берілген
жапырақты барлық өсімдіктің жапырақтарымен салыстырады.
Мектепке даярлық тобында өсімдіктердің немесе жануарлардың кейбір
белгілерін таба білу және оларды сипаттай, қорытындылай білу талаптары бар
дидактикалық ойындар ойналады.
Сөз арқылы ойналатын дидактикалық ойындарды, мысалы, Затты сипаттау
арқылы тану, Мынаның не екенін тап немесе Мынау не? ойындары таныс
материал арқылы ұйымдастырылады, олардың көмегімен балалардың ойлау
белсенділігі артады, тілі ұшталады. Мысалы, Гүл дүкені ойыны. Ойынның
мақсаты өсімдіктердің негізгі белгілерін ерекшелеу және оларды сипаттай
білу. Өсімдіктерді немесе балаларға белгілі өсімдіктер бейнеленген
карточкаларды балалардың бәрі көретіндей етіп жайып қояды. Тәрбиеші
балалардың біреуін – сатушы, қалғандарын сатып алушы етіп тағайындайды.
Өсімдікті сатып алу үшін, оның атын атамай-ақ, сипаттап беруі, ал сатушы
өсімдікті сипаттауы бойынша тауып беруі керек.
Сатып алушы өсімдікті толық суреттей алмаса сатушының қосымша сұрақтар
беруіне болады. Егер сатушы өсімдікті таба алмаса, оның орнын сол өсімдікті
танитын бала алады да, өзі сатып алғысы келген өсімдікті тауып береді.
Өсімдікті кім көбірек сатса немесе сатып алса сол ұтқан болып есептеледі.
Егер бұл ойын балалармен бірінші рет өткізіліп тұрса, онда сатушы немесе
сатып алушының рөлін тәрбиеші алдымен өзі атқарады.
Айнала қоршаған ортамен таныстыру бойынша көп қолданатын дидактикалық
ойындар: Алақай - ау, алақай!, Ала қанат сауысқан, Ұя жасайық,
Зымыран, Балық аулау, Нышандар, Қоянға көмектес, Саңырауқұлақ
жинайық, Кім қайда мекендейді?, Саңырауқұлақтар жинаймыз, Шанамен
сырғанайық, Үйректерге көмектес, т.б.
Бұрыннан белгілі нақты елестетулердің негізінде балалардың
объектілерді жіктей білуін қорытындылауда дидактикалық ойындардың көмегі
мол, мұнда заттарды жалпы белгілері бойынша біріктіруге болады: орманда
немесе бау-бақшада өсетін өсімдіктердің атын атау, жылдың қандай да болсын
мезгілін бейнелейтін суреттерді таңдап алу, ағаштардың, балықтардың,
аңдардың, құстардың бейнелері бар суреттерді жинап алу.
Дидактикалық ойындарды бірте-бірте күрделілендіру керек. Мысалы,
заттарды ең алдымен сыртқы түрі бойынша, содан соң ұстап көру, одан әрі
сипаттамасы бойынша, ал ең соңында жұмбақты шешуге берілген сұрақтар
жөніндегі жауаптар бойынша тану.
Өсімдіктер арқылы ойналатын дидактикалық ойындар кезінде балалардың
оларға мұқият қарауға үйрету. Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын
ойындар. Серуендеулер кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары
кеңінен қолданылады.
Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен ойындар ойнаған кезде,
табиғи материалдардың сапасымен және қаисеттерімен танысады, сезіну
тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы болатынын,
оның төгілетінін, оған тастың бататынын, жаңқалар мен жеңіл ойыншықтардың
қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан домалатып әр түрлі
ойыншық және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Гүлзар және көкөніс бақшасы
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Пәндер