Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі


Кіріспе
1 Қол өнер - мол өнер
- Қазақ қолөнерінің тарихы .
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
2. 1 Мектеп оқушылар сәндік қолданбалы өнер үйірмелерінде оқыту әдістемесі
2. 2 Бейнелеу өнері сабақтарында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып талай - талай тайпалардың шығармашылығы арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған . Бұған Қазақ халқының ерте заманнан бері өздері жасап, пайдаланып келген тұрмыстық бұйымдар дәлел болады.
Республикамыздың әр жерінде қазіргі кезде кездесетін күмбірлеген күмбез, төрт құлақ сағана, ескерткіштер мен ғимараттар өздерінің әсем нұсқалы өрнектері мен бояуларының ашық та айшықтылығымен бүкіл бір сәулеттік ансамбль ретінде айрықша сүйсіндіреді . Бұлардан жекелеген өнерпаздардың шеберлігін ғана емес, күллі бір сәулетшілік үрдісті, өнерді, мәдөниетті көрөміз .
Торғай, Қорғалжын өңіріндегі, Маңғыстау, Қаратау төңірегі, Орталық Қазақстан мен Талас, Шу, Сағыз, Жем алабы, Жетісу, Сыр бойын жайлаған өлкеден Тарбағатай, Алтайға дейінгі аралықта сәулет - ғимарат нұсқаларының әсем үлгілері қазақтардың бір кездегі өресі биік, өресі кең өнері мен мәдениетінің болғандығын дәлелдейді .
Соңғы кезде ежелгі мәдениет орталығы Отырар орнын қазу барысында табылып жатқан заттар, қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар қазақ халқының мәдениетін жаңа мәліметтермен байытып толықтыруда.
Қазақстан жеріндөгі бүл ескерткіштердің барлығы дерлік мемлекеттік қамқорлыққа айналып, арнайы зерттеулер жүргізуле бастауы халқымыздың тарихы мен этнографиясына айтулы үлес қосары сөзсіз . Сонау Сақ дәуіріндегі мәдени мұралар мен кейбір материалдық байлықтың қалдықтарынан қазақ халқы ертеден Сақтардың бірден - бір мұрагері екендігі көрінеді . Бұл туралы грек, рим саяхатшысыларының еңбектерінде парсы, араб
жылнамаларында да талай айтылған . Тіпті бертіндегі белгілі зерттеуші С. В. Руденко сияқты бірқатар орыс ғалымдары Сақтардың мұрагері қазақ халқы екенін дәлелдеп те берді . Тарих ғылымдарының кандидаты Кемел Ақышев ашқан Іле бойынан табылған алтын киімді адам мен Мер Қадірбаев тапқан Тасмола қазындысы туған жеріміздің топырағында өркендеп дамыған ата -бабаларымыздың қолөнер мәдениетін көрсететін теңдесі жоқ жаңалық . Ол аз десеңіз осы үстіміздегі жылы Алтай мен Маңғыстаудан табылған тағы екі алтын адамды қосыңыздар .
Әрине қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп . Солардың табылмай, танылмай жатқан түрлері де баршылық . Айталық қазақ халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сүру, түскиіз жасау сияқты өнер кең тараған .
Міне осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың түрмыстық қажетін өтеугө тиімді пайдалануымыз керек .
Өзіміз көріп жүрген көне заттардың көпшілігі шеберлердің қолынан шыққанын жақсы білеміз . Бұл заттар адам тұрмысының әр саласына арнап жасалынған . Яғни күнделікті түрмыс қажетін өтейді . Айналамызға дұрыстап, шын көңілмен қарасақ, сол заттардың әдемі әшекейленгенін, оймыштап жасалынғанын, көркем кестеленгенін аңғарамыз . Киім - кешекте, ыдыс - аяқта, күнделікті тұрмысымыздағы заттардың әсем де ою - өрнектері мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге біте қайнасып келе жатқан бай қазына .
Табиғаттың бай қазынасы - темір, ағаш, тас, балшық, тері, жүн, аң мүйіздерін ата - бабаларымыз өздерінің күнделікті тұрмыстарында кеңінен жарата білді . Тек пайдаланып қана қоймай, жасаған бұйымдарына әртүрлі көркемдік әшекейлер мен оюлар, адамдар мен жануарлардың бейнелерін әсем безендіріп өрнектей білді . Сан ғасырлардан бері қазақ халқының бай қолөнерінің көбісі бізге толық жетпеді, кейбірі ұмытыла бастады . Мақтаулы, құнды бұйымдар жасаған қолөнер шеберлерінің тәжірибелері өздерімөн бірге жоғалып кетіп отырды. Қазіргі қарапайым халық арасындағы шеберлердің өзі саусақпен санарлық . Олардың өзінің тәжірибелері жинақталмайды, жастарға жете бермейді .
Ал жүздеп, мыңдап шығарылатын заттар өнеркәсіптік негізге қойылып халықты қамтамасыз ете алады . Бірақ сол фабрика, зауыттардан шыққан заттар, тауарлар тұтынушыларды қамтамасыз еткенімен сапасы, көркемдігі мен әсемдігі жағынан шебер қолынан шыққан заттармен таласа алмайды .
Қазіргі таңда тұтынушыны қамтамасыз ету, әсемдік аясымен баулу үшін қазіргі өмірімізге, талғампаздығымызға сай кілемдер, ыдыстар мен үй жиһаздары жасалынып жатыр . Осылардың бәрі халық көңілінен шығатын заттар болып үйіміздің төрінен орын алуда .
Ендеше қалық халықтың қолөнерге деген ынтасы жойылған жоқ, керісінше жылдан - жылға артып келеді . Бір қуанарлығы білімді, ынталы, талпынып талаптанған жастар саны өсіп келеді .
1 Қол өнер - мол өнер
- Қазаққолөнерінің тарихы.
Кез - келгөн халықтың рухани әлемі ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен қарапайым халықтың іс - әрекеті, қимыл -қозғалысы, қоғамдық және тұрмыстық болмысы, табиғат пен өмір жанындағы танымы хас (өте дарынды) шеберлерінің қолынан шыққан көрке туынды шығармаларынан көрініс туып отырды .
Халықтың өсіп - өніп, есеюі, мұраты мен талпынысы, олардың алғыр, ұшқыр ой - қиялдары, ғаламат ақындылығы мен сезімталдығы, күйініші, озбырлық пен езгі атаулыға деген қарсылығы әділеттілік пен бостандықты, бақытты аңсауы, қоғамдық еңбек тәжірибесі барысында қалыптасқан халық шығармашылығында тоғысушылық тапты . Халық өнерінің сан ғасырлық тәжірибесін бойына дарытқан осынау өнер түрлері шындықты көркем пайдалануға, туындының көркемділігі, оның образдарының шынайылығы, әрі шығарманың сан - салалығымен ерекшеленеді .
Халық ғасырлар бойына таланттар жасаған туынды -шығармаларды електен өткізіп, асылын тауып, оны одан әрі қарай да дамытып отырды . Міне, сондықтан да бүкіл дүние жүзі халықтарының өзіне тән өнері, тұрмысы секілді, қазақ халқының халық өнері де қашанда сол қалпын жоймайтын дәстүрлі асыл мұра. Оның бүгінгі өнерге үлгі өнеге боларлық мәні өте күшті зор.
Алғашқы тұрмыстық күнделікті бұйымдар тіршілік мақсатында дүниегө әкелінсе, көркемдік ойдың ояна бастауына орай әр заттың өзіне әсемдік нәр бөретін нақыштау, безендіру, оны әдемі әсерлі күйде көрсету істері қолданыла бастады . Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың тұрмыста қолданылған қола құрал жабдықтары мен геометриялық өрнекті ыдыс - аяқтары андронов мәдениетіне саяды . Қыштан құмыра жасау сияқты көзешілік өнерінің тамаша үлгілері Отырар, Сайрам, Сарайшық, Талғар, Созақ, Тараз қалаларына жүргізілгөн археологиялық қазба жүмыстары кезінде танылды . Үйсін өнері көзешілікті біршама ілгері дамытып, бұйымдарды қалыпқа бүйымға салып жасау, оны ақшыл, қызыл, қоңыр және солғын қызыл бояулармен бояу тәсілдерін қолданды . Орталық және Батыс Қазақстан өңірлерінен табылған көптеген көзелерде үш бүрышты өрнек салу байқалады . Біздің эрамыздан бұрынғы
2-ші мың жылдықтың соңғы жартысы мен 1-ші мыңжылдықтың бастапқы кезеңінде Батыс Сібір мен Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың осынау ежелгі ескерткіштеріннен, әшекей бұйымдарынан металды өңдеу ісімен де таныс болғандығын аңғаруға болады . Көшпелі тайпалардың қола дәуірінен кейінгі мәдени өркендеуге сипаттайтын байырғы сақ, үйсін өнерлері халық өнері бұйымдарының озық үлгілерін дүниеге әкелді . Бұл өнердің түрінде негізгі сюжет болған - жылқы, түйе, аю, арыстаң қабылан, барыс, жолбарыс, бөрі, қанатты жыртқыш қүстар, сонымен қатар бүлан, бөкен, киік, елік олардың мінезі, іс -әрекет, қимыл қозғалыстары.
Қазақ халқының бұйымдары мен әшекейлі - өрнектері сол заттың іс жүзіндегі мән - мазмұны, тұтынушылардың көркемдік, көре білушілігіне, талап - талғамына сәйкес келіп отырды .
Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бүдан екі мың жыл бұрын пайда болып, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып отырған және талай тайпалардың шығармашылық ізденісі арқылы қалыптасып, мәдени мұраға айналған . Қосалқы өнердің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрлері ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған . Барлық бұйым заттар ұлттық ою -өрнектермен көркемделіп отырған . Ашық түсті болып келетін әшекей оюлы кебеже, сандық сияқты, ағаш ұқсату, алтын, зер және жібек шілтерімен кесте тоқыту, ағашпен сүйекті жақындастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату және бұрама қапсырмаға көз салу секілді зергерлік бұйымдары тағы басқа . Қазіргі бізге келіп жеткен "Қүс тұмсық" жүзігі, алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбе сырға, шашбаулар мен белдік, ер тоқым кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мүра болып табылады .
1. 2 Қазақтың зергерлік өнері .
Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады . Өнердің бұл түрінің түп - төркіні мыңдаған ғасыр әріде жатыр . Ата - бабамыздан қалған қазба байлықтарды зерттеп қарағанда, Қазақстан жерінде мыс, күміс, қалайы, алтын тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын ежелгі замандарда - ақ қолға алғандығы байқалады . Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғандығын айғақтайды .
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан .
Үй кәсібінө негізделген үлттық қол өнердің басқа түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік жасау ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемөсі бар .
Қазақ зергерлері көбіне жеке - дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр - сырын ұрпақтан - үрпаққа үйретіп отырған .
Олар алдын - ала арнайы дайындықтан өткен белгілі бір құрал- саймандарды ғана қолданған.
Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп . Оған әйелдердің әшекейлері, киім - кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдарды, ас, су жабдықтары киіз үйдің ағаш сүйегіндей ою өрнек жиһаздық заттар, ағаш ыдыс - аяқ, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару жарақтар, ат тұрман әбзелдері және тағы басқалары жатады .
Бүларды әсемдеу үшін көбіне алтынды әсіресе күмісті молырақ қолданған . Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін жете білген. Соғу арқылы белгілі бір қалыпта пісірілгенде күмістің өңі күңгірттеніп кететіндіктен оның үстіңгі бетін қайтадан бипазбен тазалау арқылы жалтырлатып, майда нақыштармен шекімелеу тәсілімөн өрнектетіп барып тартымды құрпылмалы түске келтіретін болған .
Сақтар жасаған нешө түрлі әсем мөталл бұйымдары жайлы мәліметтер Гердот Сторбон, Ктесия сияқты ежелгі грек авторларының жазба ескерткіштерінде кездеседі .
Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан негізінен алғанда күміс пен мыс темірден жасаған . Әсемдік заттарды негізінде қазақ арасында дәулетті адамдар тұтынған . Оны жасаушы халық арасынан шыққан шеберлер болған . Күмістен өр тұрманның кейбір бөліктері, қыз келіншектердің тағар бұйымдары жасалып, ерлердің белдіктері мен күнделікті тұрмысқа қажетті пышақ, сандық, киім ілгіштер, жүзік, сырға, шашбау, тұмарша және тағы басқа неше түрлі зергерлік әшекей бұйымдарды жасап отырған . Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден көзден сақтайды - мыс, әртүрлі кездейсоқ пәле жаладан қорғап жүреді деп бойтұмар болатын әшекей заттарды жасауға құмар болған . Зергерлік бүйымдардың көпшілігінің осындай қасиеті болған .
Зергер - шеберлердің жалпы тармағы . Көбінесе жұмысты зергерлер өзінің жанұясының алдына, киіз үйдің бір шетінде өз шәкіртін ертіп алып "Ел қайда болса біз сондамыз" деп жайлауда жүріп үй иесінің, халықтың тапсырмасын өз үйінде жасайтын болған . Кейіннен олардың кейбіреулері өздеріне жұмыс істейтін орын шеберхана салып алған . Темір ұсташылығы мен зергерлік өнері атадан - балаға мұра болып, ұрпақтан - ұрпаққа үласып отырған . Ұсташылықпен ер кісілер айналысу шарт болса зергерлік өнерімен әйелдер де оның ішінде көбінесе зергерлердің әйелдері айналысатын болған .
Егер зергер кісі дүниеден қайтып, оның жолын қуар ешкімі болмаса, кейбір кезде оның зергерлік қызметін әйелдері атқаратын . Шебер қолынан шыққан түрлі асыл бұйымдарды мұражайларда көріп тамашалаумен қатар, күнделікті тұрмыста пайдалансақ құба - құп болар еді . Ол үшін халық қол өнерінің бай мұраларына жаңаша түр - сипат беріп, оларды жасау техникасын жетілдіру қажет . Қазақ халқының талай ғасырлық ұзақ тарихына бойласақ, олар жасаған өнер туындылары күнделікті ұрпақтан -ұрпаққа уақыт озса да, сол қалпында бүгінгі күнге дейін жетті .
Зергерлік өнері ерте заманнан келе жатқан әрі көп тараған сән және қосалқы өнердің бір түрі : алтын, күміс, асыл тас, сүйекті пайдаланып, сән - салтанат үшін әшекейлі жиһаз, бұйым, қару - жарақ, жасау өнері . Зергерлік заттарды бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, төрмелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу тағы басқа әдістер арқылы жасалады . Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу Аймағы тағыда басқа жерлердегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары зергерлік өнерінің қазақ жеріндегі өркендеген сатысын көрсетеді .
Қазақ зергерлері нөгізінен батырлық қару - құралдарын, үй іші мүліктерін, аңшылық жабдықтарын, музыкалық аспаптарын әсем жасай білген . Зергерлік өнерінің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға ажар беретін болғандықтан, батырлардың ерлігінө, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне беріліп, сыйлыққа таратылатын болған . Қазақтың зергерлік өнері заттарында жан - жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлөрі, көгеріс өрнектер, ұласымды өрнектер, геометриялық өрнектер кезігеді .
Зергер - он саусағынан өнер тамған шебер ; алуан түрлі сәндік бұйымдар мен әшекейлі заттарды алтынмен аптап, күміспен күптеп, зерлеп, ажарын, сәнін кіргізіп, айшықтап жасаушы . Зергер қазақ тіліне арабтардан ауысқан, ол тас қырлаушы, оның түр - түсін ажыратушы деген мағына береді
Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады . Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр . Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын тағы басқа асыл және түсті металлдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда - ақ қолға алынғандығын айғақтайды . Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғанын байқатады .
Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығымен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан . Үй кәсібіне негізделген үлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда, зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшілігіне тән кәсіптік мінездемесі бар . Қазақ зергерлері көбіне жеке - дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр -сырын ұрпақтан -ұрпаққа үйретіп отырған .
Қазақ қол өнерінің басқа түріне қарағанда зергерлік өнердің жасалуындағы бір ерекшілігі оның кәсіптік сипатына байланысты . Қазақтың зергерлік ісінің тағы бір өзіндік ерекшелігі - зергерлер ұстаздарынан үйреніп, содан кейін өздері жеке -жеке еңбектенеді. Олар алдын - ала арнайы дайындықтан өтетін, белгілі бір құрал -саймандарды ғана қолданатын . Зергерлер соғатын заттардың түрлері өте көп болған . Оған әйелдердің әшекейлері, киім -кешекке тағатын түрлі сәндік бұйымдары, ас -асу жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою - өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс - аяқ, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару - жарақтар, ат - тұрман әбзелдері және тағы басқалар жатады . Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе күмісті молырақ қолданған .
Зергелер металды өңін ашу шебөрлігін жете білген . Зергерлер күміс бұйымдарды асыл тастардан және агат, хризопраз, інжу, маржан, жақұттан көз қондыру арқылы да әсемдей түскен . Түрлі түсті шыныларды жәнө тағы басқа әсем рең беретін заттарды да кәдеге асырған .
Зергерлік бүйымдарды жұрт көп тұтынатын болғандықтан бұл өнер кең өріс алған . Сол замандағы жұрттың көбі діни ұғым бойынша тілден, көзден сақтайды - мыс, әр түрлі кездейсоқ пәле - жаладан қорғап жүреді - міс деп, бойтұмар болатын әшекей заттарды жасатуға құмар келетін . Зергерлік бұйымдардың көпшілігі ұзақ уақыт осындай бойтұмарлық роль атқарды . Бұйымның материалы, түр - түсі, ою - өрнегі діни сенімдер мен аңыздарға сай алынатын . Зергерлік бұйымдардың көлемі ықшам, көркемдік бейнесі біртүтас болып келетіні әлгіндей астарлы сырымөн, мән - мағынасымен тікелей байланысты еді . Бертін келе олардың о бастағы астарлы мәні жойылып, негізінен декорациялық қызмет атқаратын бұйымдар қалыптасып, мол тарай бастады .
Металлдан жасалған әшекейлік бұйымдардың қоғамның барлық әлеуметтік топтарының арасына тарауы зергерлік өнерде көбіне күміс пен оның қоспаларының пайдалануына әсер етті .
Күміс жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл және де жарқыраған ашық түсімен көз тартады . Оның осы қасиеттерін зергерлер барынша пайдаланған .
Металлды көркемдік өңдеудің әртүрлі техникалық әдістері : соғу, қүю, басу, қалыптау, оюлау, оқра жүргізу, эмальмен әсемдеу, заттың жиегін айнала өрнектеу, зерлеу, темірге күміс жалату, алтын жалату қолданылады . Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлөр бұйымның сыртқы бейнесі мен формасына үйлестіреді .
Күмісші шебер алуан түрлі бұйымдар жасайтын . Бұлардың ішінде - әйелге арналған әшекейлік бұйымдар, сыртқы киімнің түймелері, сәндік заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есік, ергенегін зерлеу, ағаш және былғары ыдыс - аяқтың, музыка аспаптарының әшекейлері, сонымен қатар қару - жарақ, ер - тұрманды әшекейлеу ерекше орын алады .
Зергерлердің көп жасаған бұйымдарының қатарына әйелдерге арналған әшекейлөр жатады . Әшекейлердің бұл түрі тек сән - салтанат үшін ғана емес, әдет - ғұрып, наным - сенімге де тікелей қатысты болғандықтан кез - келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал - қадірінше әр түрлі әшекейлер иемденуге, тағуға тырысқан .
Қазақ әшекейлердің семантикалық мән - мағынасына толық тарқатсақ онда этнографиялық бұйымдардың әр қилы қасиеттілік астарларының тұтас жүйесін еркін тарқата алуымыз керек . Зергерлік әшекейлердің түтас тұрқы да, тұрпаты да, жекелеген бөлшектері де, материалы мен ою - өрнегі де белгілі бір мән -мағынаны білдіреді .
Мысалы материалдың - тастың, күмістің, яғни табиғи заттың өзі де күрделі - құрамды міндет атқарған . Әшекейлеуге қондырылған асыл тастарды халық әдетте тас немесе көз деп атайды . Бұл, әрине, ешбір астарсыз, тура мағынасында атала салмағаны хақ . Көз қондырылған бүйымның көз тиюден алдын -ала сақтайтын киелік қасиеті бар деген ұғым үстем болған . Асыл тастардың айрықша қасиеттілігі туралы ұғым Шығыс халықтарының бәріне кең таралған .
Асыл тастардың емдік және киелілік қасиетерін сөз ететін ежелгі және орта ғасырдағы минерологиялық трактаттар біздің заманымызға дейін келіп жеткен .
Асыл тастың қасиетіне сенушілік қазақ халқының түрмыс дәстүріне әлі де болса сақталып келеді . Былайша айтқанда яғни
інжу көз қарашығын шел басудан, көз сүйелінен, ноғаладан, ал маржан дуаның әсерінен немесе азғындаушылыққа ұрынудан сақтайды, сарғылт түрі тамақ ұрасы мен жемсау ісігін басады, құлпырма тас көз тиюден қорғап, әрі дұрыс жолға бастайды, ақық мол бақыт әкеледі деген пікірлер кезігеді . Сердоликті әшекейдің сәндігі үшін ғана емес, оны бақса көз - сұқтан да сақтайды деп түсінген .
Қазақ халқы ежелден күмістің адамға игі әсер ететін айрықша қасиеті бар деп білген . Күміс жүзік тағумен ғана шектелмей, нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге тастап : Баланың күні күмістей жарық болсын, - деп жоралғы жасаған .
Көз - сұқтан сақтану үшін арнайы жасалатын тұмарлардан басқа әшекейлердің киелілік қасиеті онша емес, алайда олардың да тартымды әрі сәнді жасалуына баса көңіл бөлінген . Кәдімгі сырғаның өзінің де әуел баста кісіге медөу беретін киелілігі бар деп қабылданып, ежелгі замандардан бері қарай қыздырға бала жастан тағатын болған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz