Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу


Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу.
МАЗМҰНЫ
бет.
КІРІСПЕ . . .
1 МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Машина құрастыру саласының объективті қажеттілігі
1. 2 Машина жасау кластері - ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігінің факторы ретінде
1. 3. Мұнай-газ саласында машина құрастырудын шетелдік тәжірибесі
2 ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНДА МАШИНА
ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Мұнайгаз саласында машина құрастырудың жағдайы
2. 2 Аталмыш салада машина құрастырудың механизмдері
2. 3 Қазақстанның машина жасау кластерінің дамуын мемлекеттік реттеу
3 МАШИНА ЖАСАУ КЛАСТЕРІНІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Мұнайгаз саласында машина құрастыруды дамытудағы мемлекеттік
реттеу құралдарын қолдану мәселелері
3. 2 Мұнай-газ саласында машина құрастырудың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатудағы мәселелер мен жетілдіру жолдары
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі әлемдік дағдарыс еліміздің экономикалық жүйесіне, өндірістік өнімдер көлеміне әсерін тигізіп, әлемдік нарықта бәсекелестік барлық бағытта күшейтті, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XII съезінде дағдарыстан шығу шараларын жүзеге асыру мәселелерімен қатар, өзінің жолдаған «Қазақстан 2030 Стратегиясы» аясында 2010 жылдан бастап Қазақстанның индустриялды-технологиялық дамыту шараларын жүзеге асыруда Үкіметке бірқатар бағыттағы тапсырыстар берді. Сол бағыттардың бірі машина жасау секторының инфрақұрылымын және мұнай өңдеуді дамыту болып табылады. Отандық машина жасау зауыттарын қайта құруды толығымен жүзеге асырғаннан кейін, өңдеу қуаттылығын жылына 17 млн. тоннаға дейін жеткізіп, ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету. Парламенттің алдағы сессиясының жүктелген міндеттемелерінде 2010-2015 жылдарға арналған индустрияландыру картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2020 жылға дейінгі сұлбасын әзірлеуді тапсырды.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктерін осыжұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы - мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған болатын.
Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді
Қазақстан Республикасы машина жасау кіші салаларының негізгі басымдылықтарының бірі - мұнай-газ өндірісіне арналған машиналарды жасау;
Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндiрiсiнiң iрi тұтынушысы болып табылуына негiзделген.
Зерттеу мақсаты
- машина құрастыру саласының қазіргі жағдайына талдау, мұнай газ саласында машина құрастыруды жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру жолдарын анықтау.
Қойылған зерттеу мақсатына байланысты дипломдық жұмыс мына міндеттерді шешуге бағытталған:
- Машина құрастырудың объективті қажеттілігін анықтау, мұнай газ саласында машина құрастыру саласы дамыған елдердің тәжірибесін талдау;
- Қазақстан мұнай өнеркәсіп кәсіпорындарының қазіргі жағдайы мен дамуын талдау;
- Машина жасау кластерінің еліміздің экономикасына әсерін бағалау;
- Мұнай-газ саласында машина құрастырудың бәсекеге қабілеттілігін қабілеттілігін жоғарылату мәселелерін талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну;
Зерттеу пәні - еліміздің машина жасау саласының дамуы және мұнай-газ саласында машина құрастыруды жетілдіру механизмдері.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының машина жасау өндірістік кәсіпорындары.
1 МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Машина құрастыру саласының объективті қажеттілігі
Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды. Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады. 1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды. Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады. Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады. 1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады. Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар. Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды. Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр. Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет) . Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік), Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады. 3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру. Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады. Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар. Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды. Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады. Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану.
Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның құрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуық салалар кіреді:
1) машина жасау (машиналар мен құрал-жабдықтар шығару) ;
2) металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу) ;
3) «кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту) .
Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы. Машина жасау кешені - шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокөліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің қауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты. Машина жасау кешені басқа да салааралық кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасауданэнергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын және басқа да құрал-жабдықтар, әр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін көп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пенкаучук, бояу) жұмсалады. Оларды өндіру, керісінше, машина жасау өнеркәсібінсіз мүмкін емес. Машина жасау кешені мен агроөнеркәсіптік және көлік кешендерінің арасында қандай байланыстар бар?
Машина жасау зауыттары әр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық, трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталықтарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады. Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны қажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп қажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде, еңбек қорларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер қаласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жұмыс істеу қажет. Бұл салалар өрі еңбекті, әрі ғылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі қалалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған. Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі көлемді) шығаратын зауыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі тән болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмолаоблыстарында шоғырланған.
1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.
2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.
3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік кәріс филиалы «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс.
4. Қазақстанда барлығы 30-дай өр түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.
5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.
6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда.
7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.
8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды.
Қазақстанның машина жасау саласаның негізгі міндеті: қосылған құны жоғары түпкi өнiм өндiрудi ұлғайту есебiнен iшкi нарықтың қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту.
Машина жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т. б.
Қазақстан Республикасы машина жасау кіші салаларының негізгі басымдылықтары:
- мұнай-газ өндірісіне арналған машиналарды жасау;
Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндiрiсiнiң iрi тұтынушысы болып табылуына негiзделген.
Қазақстан кәсiпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндiру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшiн әртүрлi күрделi жабдықтарды шығаруды iске асырады, бұл теңiз платформалары өндiрiсiн игеруге мүмкiндiк бередi.
- тау-кен және металлургия өнекәсібі үшін машина жасау
Отандық өнімдер бойынша тау-кен металлургия машиналарын жасаудағы барынша перспективалық топтар: өздiгiнен жүретiн бұрғылау және тиеу-көлiк жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндiрiсi және т. б. болып табылады.
- темiр жол машиналарын жасау
Темiр жол машиналарын жасау өнiмiне Қазақстан Республикасының iшкi сұранысы жүк вагондары мен локомотивтердiң негiзi тұтынушысы - «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы қалыптастырады.
- ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазiргi кезде түгелге дерлiктей импорт өнiмдерi иеленедi. Отандық өндiрушiлер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешенi, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеуге арналған машиналар т. б. ) сегментiнде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментiнде - 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментiнде ең аз үлеске ие.
Ұсынылған өндірістік аймақтар
- ауыл шаруашылығы машинасын жасау - ауыл шаруашылығы қызметі қомақты өңірлерде - солтүстік және шығыс өңірлер;
- мұнай-газ машинасын жасау - мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының мамандандырылған жабдықтарға, шығыс материалдарымен олардың құрамдауыштары сұранысына бағдарлана отырып, қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ өндіруді технологиялық қамтамасыз ету мақсатында батыс өңірде және қазіргі өндірістік қуаттар - Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында;
- тау-кен машинасын жасау - тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындарының сұранысына бағдарлана отырып, орталық және шығыс өңірлерде;
- электр-техникалық машина жасау - қолда бар өндірістік базаға бағдарлана отырып, оңтүстік және орталық өңірлерде;
- көліктік машина жасау - білікті еңбек ресурстарының, аралас саладағы құрамдауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісінің болуына бағдарлана отырып, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде.
1. 2 Машина жасау кластері - ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігінің факторы ретінде
Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық. Әлемдік тәжірибе индустриялды-инновациялық бағдарламаларды құрудың ең кемінде екі жолы бар екенін көрсетеді. Бірінші жолдың мәні экономикалық даму мен құрылымдық өзгерістердің қайнар көзі бола алатын стратегиялық маңызды салаларды таңдау мен мемлекеттік қолдау болып табылады. Өндірушілерге өндірісті жетілдіруге және жаңа өндіріс салаларының пайда болуына ықпал жасайтын өнімді игеру және өндіруді ұлғайту міндеті жүктеледі. Ал мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігіне тікелей ықпал жасайтын, ақша-несиелік, кедендік және тарифтік, сонымен қатар инвестициялық саясаты таңдалған экономика салаларын қолдау бойынша, елдің ұлттық мүддесіне бағындырылады. Негізгі таңдалған салаларды қолдауға көп көңіл бөлу елеулі әкімшілік күшті қажет етеді. Сондықтан, да мұндай жолмен Индустриалды-Инновациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру, тек сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды реттеуде мемлекеттің аймақтарының рөлі күшті елдерде ғана болуы мүмкін.
Сондықтан да аймақтардың инновациялық әлеуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономикалық зерттеулер институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.
І топ - жоғарғы технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ топ - стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ топ - еліміздегі сауда әлеуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz