Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды тиімді басқаруды жетілдіру жолдары


Мазмұны
Бет.
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бюджет экономикада маңызды рөлді атқарады, ол арқылы таза ұлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге, жалпы ұлттық өнімнің құрылымына, қоғамның әлеуметтік қамсыздандыруына әсер етеді.
Мемлекеттік бюджет - еліміздің қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол елдің орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырады.
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорының құрылуымен байланысты қаржы қатынастарын, бюджет тапшылығын жабуға жұмсалған мемлекеттік кредитті, жинақталған мемлекеттік борыштың (ішкі жəне сыртқы) сомасын көрсетеді; арнайы бюджеттен тыс қорлар қоғамдық тұтынуды нысаналы қаржыландырудың қосымша нысаны ретінде болады.
Олар экономиканың әлеуметтік-мәдени шараларын қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарының қызметін жүзеге асыруға, жергілікті бюджеттерді қаржылық қамтамасыз етуге, мемлекеттік борышты өтеуге, оның материалдық және қаржы резервтерін қалыптастыруға және басқаларға бағытталады.
Осы аталғандар мемлекеттік бюджет мәселесінің ел экономикасында қашанда өзекті мәселенің бірі болатындығына дәлел. Еліміз тәуелсіздігін алған сәттен мемлекеттің бюджеті жөнінде туындаған сан алуан сұрақтар оның өзектілігін күшейтіп, ғалымдардың ерекше көңіл қоя зерттеген объектісіне айналды. Бюджеттің табыс көздерін қалыптастыру үшін еліміз тәуелсіздіктің алғашқы 5 жылдығында сыртқы қарыздарға да жүгінгені мәлім. Осы басты екі мәселеге өз еңбектерін арнаған ғалымдарды атау жөн, олардың қатарында Искаков Ұ. М., Ж. Елубаева, Қарақұсова, Адамбекова А. А. И. Шалабаев, К. Б. Бабагулов, В. Нагай бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджет пен қарызды тиімді басқару мәселелерін талдау болып табылады. Осыған сәйкес келесідей міндеттер қойылады:
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлін негіздеу;
- бюджеттің шығындары мен табыстарының құрылымын талдау;
- республика аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру мақсатында берілетін жалпы сипаттағы ресми трансферттерді талдау, оларды сипаттау;
- бюджет деңгейлері арасындағы қатынастар механизмін қарастыру;
- мемлекеттік қарыз мәселелерін зерттеп, оларды басқаружы жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың пәні - мемлекеттік бюджет пен оның қарызын басқаруды жүзеге асыру барысындағы қалыптасатын қатынастар.
Дипломдық жұмысының объектісі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет жүйесі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі мен ақпараттық базасы танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды басқару проблемаларына қатысты теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстарға, аналитикалық материалдарға, статистикалық мәліметтерге, Үкіметтің ресми бағдарламалық құжаттарына, Қаржы министрлігінің деректеріне сүйенеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде мемлекеттік бюджет пен оның борышын басқару маңыздылығы мен қажеттілігі туралы зерттеу барысында қол жеткізілген тәжірибеге керекті ұсыныстар жасалғаның айтуға болады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы келесі нәтижелер болып табылады:
- мемлекеттің бюджетті басқару оның заңдылықтарымен бірге байланыста зерттелінді;
- мемлекеттің қарызын тиімді басқару жолдары мен қағидалары нақтыланды;
- мемлекеттік бюджет мәселесін қарастыра келе, нәтижеге бағытталған бюджеттін қажеттілігі негізделді;
- Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін басқаруды қарастыруда, ол толықтай талданды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 10 сурет пен 7 кесте бар.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджет пен оның маңызы, экономикалық рөлі, инвестиция мен оның сипаттамасы, оны мемлекеттік реттеу қажеттілігі, құрылымы мен қағидалары, бюджеттің қалыптасу көздері, мемлекеттік қарыз мәселесі жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылған.
Диплом жұмысының екінші тарау республикамыздың мемлекеттік бюджет жүйесінің басқару барысы, кірістер мен шығындар құрылымы, олардың арақатынасы мен мемлекеттік қарызды басқару барысы зерттеліп көрсетілген.
Үшінші тарау нәтижеге бағытталған бюджет жүйесі, оның стратегиялық маңыздылығы, бюджетті басқару проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныс-қағидаларға арналған.
Қорытынды бөлімде дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелер мен барынша маңызды тұжырымдар жинақталып, қорытындыланды.
1 Мемлекеттік бюджетті және қарызды басқарудың теориялық негіздері
- Бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Нарықтық қатынастар бюджетті басқару жөніндегі мәселеге жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындайды. Бюджет нарықтық қатынастардың құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың құралы болып табылады.
Бюджет (ағылшынның budget - ақша сөмкесі деген мағынада) - мемлекеттің, мекеменің, ұйымның кірістері мен шығыстарының жазбасы. Бюджет -мемлекет, аумақ, кәсіпорын немесе отбасы болсын, кез келген экономикалық субьектіде болатын қаржы ресурстарының жиынтығы. Сонымен бірге, бюджет экономикалық субьектінің белгілі бір кезең аралығындағы, көбінесе бір жылдағы кірістері мен шығыстарының арақатынасы, олардың осы уақыттағы түсуі мен жұмсалуын бейнелейтін ақша құралдарының балансы болса, ақша сөмкесінің ішіндегі ақша құралдарының барлығын немесе тапшылығын, оның толтырылу мен босатылу қарқынын, ақшаның келу мен жұмсалу бағыттарын, кірістер мен шығыстар арақатынасын анықтайды.
Бюджет түсінігінің анықтамасы «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының заңында келесідей:
Бюджет - бұл салықтар, жиналымдар, басқа да міндетті төлемдерден, капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін табыс, салықтық емес және заңда көрсетілген басқа да түсімдер есебінен құралатын және мемлекеттің өз қызметтерін орындауын қамтамасыз етуге арналған, заңмен бекітілген, жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты екендігі белгілі қағида. Осы қаржы жүйесін тиімді басқару және жоспарлау мәселесі кез-келген мемлекет үшін өзекті әрі күрделі мәселелер қатарына жатқызылады [1, б. 96] .
Институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы. Жалпы алғанда қаржы жүйесінің басты буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Елдің бюджет қорын әзірлеу мен пайдалану жөніндегі бюджеттік қатынастардың жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымын құрайды. Экономикалық мәні жағынан мемлекеттік бюджет - мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға арналған бюджет қорын әзірлеу мен пайдалануға байланысты ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастары. Бюджеттің көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамуға шоғырландыра алады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Оның экономикалық мазмұны мен мәні мемлекеттің мәні мен оның атқаратын функцияларына байланысты. Объективті бөлу қатынастарының экономикалық нысаны бола отырып, қоғамдық айрықша арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді. Оны бөлудің дербес саласы ретінде болуы қоғамдық өндірістің дамуымен тиісті орталықтандырылған ресурстар қажеттілігімен обьективті түрде анықталады.
Ақша құралдарын орталықтандыру жалпы экономиканың қызметін қамтамасыз ету үшін бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымын ұйымдастыру үшін қажет. Құндық бөлудің арнайы бюджеттік саласының болуы мемлекеттің табиғатымен және қызметімен анықталады. Мемлекет басыңқы салаларды, бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізуді, қорғаныстық нышандағы міндеттерді шешуді, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қаржыны талап етеді. Осылайша, мемлекеттік бюджеттің болуы адамдардың субъективті еркінің нәтижесі емес, кеңейтілген ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғаты және қызметтерімен анықталған обьективті қажеттілік [2, б. 110] .
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категорияларына тән қызметтерді атқарады - бөлушілік және бақылаушылық. Осы тұрғыда Қазақстанның қаржылық жүйесіндегі бюджеттің орны мен рөлін сызба түрінде беруге болады (сурет 1) .
Сурет 1 - Қазақстанның қаржылық жүйесі
Бұл қызметтердің әрекеті бюджеттік қатынастардың ерекшелігімен анықталады. Сонымен бірге, мемлекеттік қаржының негізгі буыны ретінде бөлушілік қызмет шеңберінде мемлекеттік бюджет қосалқы қызметтерді атқарады, орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу және тұрақтандыру. Кез-келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаны жүзеге асыру экономикаға, әлеуметтік ортаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы жұмсауды талап етеді. Бұл тұрғыда бюджет - мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және тиісті заңдарға сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдердің есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен пропорциясын қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге қол жеткізуге, экономика салаларының бірінші кезектегі даму бағдарламаларына қажетті көлемдегі қаржыны қалыптастыруға, ірі әлеуметтік бетбұрыстарды жүргізуге мүмкіндік береді [3, б. 45] .
Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің айрықша саласы ретінде келесі белгілермен анықталады:
- жиынтық қоғамдық өнімнің құнының бір бөлігін мемлекеттен оқшаулаумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты;
- құнды құру мен өнімді тұтыну үдерісін жүзеге асыратын материалдық өндірістің қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес қаржыдан ерекшелендіретіні, құнды ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономика секторлары, қоғамдық қызметтің салалары арасында қайта бөлуге арналған.
- тауарлық нысандағы қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланыссыз құндық бөлудің кезеңін анықтайды және одан тәуелсіз жүзеге асырылады, ал материалдық пен өндірістік емес салаларда қаржылық қатынастар тауар- ақшалық саламен тығыз байланысады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттік шығындар, мемлекеттік займдар және тағы да басқалары өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан, мемлекеттік бюджетті мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде де сипаттауға болады.
Меншік нысандарының көптүрлілігі шаруашылықтың болжамдық- жоспарлық жүргізілуін қарастырады, ол бюджеттік қатынастардың қызмет етуінің осындай нысанын анықтайды.
Бюджеттік байланыстардың тұрақты белгісі, мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қорының қозғалысының жоспарлы нысаны бюджеттік байланыстардың тиісті қаржылық құжатта - елдің негізгі қаржылық жоспарында бейнеленуіне алып келеді. Онда мыналар көрсетіледі:
- бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлуші үдерістер;
- негізгі қаржылық жоспардың кірістері мен шығыстарының ерекше баптары;
- мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қорының қалыптасу көздері мен пайдаланылу бағыттары.
Сурет 2 - Бюджеттің функциялары
Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлық қызметінің өнімі болып табылады, онда қоғамның барлық мүшелерінің мүддесін көрсететін мемлекеттің еркі анықталған. Елдің негізгі қаржылық жоспарының көрсеткіштері республика парламентінің жыл сайынғы қабылдайтын «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес орындалуы тиіс.
Бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осыдан көрінеді.
Экономиканы реттеу ақша құралдарының орталықтандырылған қорының сандық өлшемдерін белгілеу, оны құрау және пайдалану нысандарын, әдістерін ретке келтіру, бюджеттің қалыптасу мен орындау үдерісінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Осылайша, мемлекеттік бюджет түсінігінің көптүрлілігі оның келесі құрамдас бөліктерде түсіндірілуіне алып келеді:
- салыстырмалы түрде жеке дербес экономикалық категория ретінде;
- мемлекеттің ақша құралдарының орталықтандырылған қоры ретінде;
- экономикаға әсер ету құралы ретінде ( бюджеттік тетік арқылы) ;
- мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде;
- қоғамның барлық мүшелері және бюджеттік қатынастың барлық қатысушылары орындауға міндетті заң ретінде.
Қоғамның ұдайы өндірісіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, мемлекеттік бюджеттің көмегімен ( шығыс бөлігі) ұлттық табыстың шамамен 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы ұлттық өнімнің 10% бөлініп, қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ұлттық шаруашылықтың түрлі салалары арасында, өндіріс секторлары, экономикалық аудандар мен ел аумақтарының арасында ақша құралдарын бөледі.
Мемлекеттік бюджет экономикаға жалпы әсер етеді, себебі ол бүкіл ұлттық шаруашылықтың бюджеті. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында үлкен рөл атқарып, оның өсуінің ынталандырушысы ретінде болады.
Дегенмен, осы бюджеттік жүйені тереңірек зерттеген көптеген оқымыстылар оның әр түрлі астарларын қарастыра отырып, түрліше түсіндіреді. Мәселен, классикалық экономикалық теорияның өкілдері бюджеттік жүйе түсінігіне келесідей анықтама береді:
«Бюджет жүйесі кез-келген мемлекеттің ерекшеліктерін, оның әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизм. Бұл жүйе кез-келген мемлекетті сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да ерекшеліктердің жиынтығының негізінде құрылады».
Мемлекеттің бюджет жүйесінің құрылымы, оның мемлекеттік құрылымына тәуелді. Унитарлы құрылымдағы мемлекеттерде бюджет жүйесі екі деңгейлі болып келеді - мемлекеттік және жергілікті (аймақтық) бюджеттер, федеративті мемлекеттік құрылымы бар елдерде (Ресей, АҚШ, Германия, т. б. ) аралық буындар - штаттар, жерлер және оларға сәйкес «әкімшілік құрылымдарының» бюджеті [4, б. 87] .
Бюджет жүйесіне мынадай да анықтама беруге болады: «Экономикалық қатынастар мен заң нормаларына негізделген, өзара заңмен белгіленген арақатынасы бар мемлекет бюджеттерінің барлық түрлерінің жиынтығы».
Заң тұрғысында бюджет жүйесі - берілген мемлекет аумағында қызмет ететін, әр түрлі деңгейлі бюджеттердің жиынтығы деп қарастырылады.
Отандық оқымыстылардың көзқарастары да осындай. Мәселен, «Бюджет жүйесі бюджеттік қатынастар нысандарының жиынтығын, бюджет түрлерін (республикалық және жергілікті бюджет), оны құру, атқарылу, сонымен қатар қаржылық және басқа да басқару органдарының жиынтығын білдіреді».
Ал бюджеттік қатынастардың жиынтығы бюджет жүйесінің негізін құрайды. Бюджет жүйесі - оның түрлерін басқарудың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану негізінде бюджеттердің әзірленуін, талқылануын, бекітілуін, жүзеге асырылуын және бюджеттік қатынастар нысанын анықтайтын қаржылық және басқа да басқару органдары болып табылады».
Сонымен қатар, қаржылық ойдың тұрақты дамуымен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді ескере отырып, В. Д. Мельников өз еңбектерінде «Бюджет жүйесі - бұл экономикалық және заңды нормаларға негізделген жеке дербес бюджеттердің жиынтығы» деп қарастырады.
Шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған бюджет жүйесінің экономикалық мәнін ашатын теориялық зерттеулер негізінде келесідей тұжырым жасауға болады: кең мағынада бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға, мемлекет құрылымына сәйкес негізделген, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Тар мағынада бюджет жүйесі мемлекеттің барлық бюджеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады».
Сурет 3 - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, оның негізі - елдің мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: біріншісі, басқарудың екі буынды жүйесімен (орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады. Біздің елімізде бюджет жүйесінің сызбасы мынадай (сурет 3) .
Елдің унитарлы немесе федеративті басқару формасына, мемлекеттік құрылымына байланысты бюджет құрылымы мен оның негізі, элементтері де өзгешелеу болатынына келесі сурет дәлел болады (сурет 4) .
Сурет 4 - Бюджет құрылысы: негіздері, түрлері мен элементтері
Біздің мемлекетіміздегі Конституциялық құрылымның негіздеріне және 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ұйымдастырушылық түрде республикалық және жергілікті деңгейлерге бөлінеді. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.
Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Жергілікті бюджет облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болуы мүмкін.
Аймақтық (облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана) бюджет - арнайы заңмен бекітілген салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптасатын және облыстық деңгейдің, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналған орталықтандырылған ақша қоры [5, б. 89] .
Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Кез келген бюджет жүйесі мынадай басты мақсаттарға жетуге бағытталады:
- экономикалық тиімділік;
- әлеуметтік әділеттілік;
- саяси тұрақтылық;
- заң басшылығы және мемлекет бірлігінің нығаюы.
Бюджет мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қажетті қаржыларды шоғырландырып қана қоймай, тұрақтылықты сақтау үшін аймақтар арасында табыстарды қайта бөлуде де қызмет етеді. Сонымен қатар, елдегі және шет елдегі экономикалық коньюнктураға ықпал ету; ағымдық әлеуметтік бағдарламаларды орындау мен алдағы әлеуметтік міндеттерді шешу; қоғамдық өндіріс пен бюджетаралық қатынастардың салааралық құрылымын реттеу; жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту және т. б. қызметтерді де атқарады.
Қорыта келе, бюджетті жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты - ол төлемдердің әрбір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістердің дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
1. 2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы, қағидалары мен қалыптасуы
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары [6, б. 12] .
Елімізде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
- кiрiстер:
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түсiмдер;
- негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
- трансферттер түсiмдерi;
- шығындар;
- операциялық сальдо;
- таза бюджеттiк кредит беру:
- бюджеттiк кредиттер;
- бюджеттiк кредиттердi өтеу;
- қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерiн сатып алу;
- мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
- бюджет тапшылығы (профицитi) ;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) :
- қарыздар түсiмi;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz