Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде әлем елдері арасында интеграция мен ғаламдану үрдістері жүріп жатқанда бәсекелестік пен еңбек бөлінісінің одан сайын тереңдеуі, сондай-ақ елдердің даму деңгейі мен әл-ауқатының артуы орын алып отыр. Ал оның белгісі ретінде экономикалық өсу және экономикалық даму сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер қарастырылады.
Кез-келген елдің экономикалық саясаты, экономикалық дамудың стратегиялары елдің даму деңгейіне байланыссыз белгілі бір мақсаттар жиынын шешуге бағытталады. Ең маңызды мақсаттар ретінде экономикалық өсу мен жұмысбастылықты қамтымасыз ету, қоғамда әлеуметтік тыныштықты сақтау, макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады.
Экономикалық даму әрбір елдің ажырамас бір бөлігі, бірақ әр ел бұл дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму жолдарын таңдап алады, соның нәтижесінде өз елінің, өз халқының әл-ауқатын көтеруге, әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа жеткізуге, экономикалық өрлеу мен жаңа даму сапасына негізделген бәсекеге қабілетті ел болуға тырысады. Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр. Демек, еліміз қандай мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын да таңдайды, соған сәйкес нәтижеге де ие болады.
Экономикалық өсудің ұзақ мерзімді әлуеті өндірістік мүмкіндіктермен, жинақтау деңгейімен, елдің ғылыми-техникалық әлуетімен анықталады. Қысқа мерзімде экономикалық өсуге экономикаға әсер ететін құралдарды дұрыс таңдау жолымен жетуге болады. Экономиканы реттеудің ең тиімді әдістерінің бірі ақша-несие саясаты, оның нысандары, деңгейі мен механизмдері нақты жағдайлармен, сонымен қатар үкімет белгілеген міндеттермен анықталады. Макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне шұғыл жауап беру керек кезде монетарлық саясаттың ролі аса маңызды болып есептеледі, сол себепті бұл саланы егжей-тегжейлі зерттеу және монетарлық құралдарды дұрыс пайдалануды зерттеу Қазақстан үшін өнегелі іс.
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030” Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялардың, атап айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген. Осылардың ішінен дипломдық жұмыста қарастырылатын стратегия - монетарлық даму стратегиясының негізгі құралдары мен олардың отандық экономикаға әсер ету жолдары, трансмиссиялық механизмнің жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасында терең экономикалық реформалар өткізіліп, макроэкономикалық тұрақтану мен экономикалық өсуге қол жеткізілді. Соңғы кездері ҚР Президенті үкімет алдына халық шаруашылығын экономикалық өсу және даму жағдайына ауыстыру міндеттерін қойды.
Осындай жаңа мақсаттар мен шарттар бұл мәселені зерттеудің өзектілігін жоғарылатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан экономикасына оң және теріс әсер ететін мәселелерді анықтау және олардың пайда болуын талдау арқылы ұлттық экономиканың өсуіне тосқауыл болатын проблемаларды оңтайлы шешу жолдарын қарастыру, сонымен бірге болашаққа болжам жасау.
Жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:
- монетарлық саясаттың экономикалық мәнін көрсету;
- еліміздегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
- Ұлттық Банкінің монетарлық саясатты іске асыру механизмдерін талдау;
- Қазақстан Республикасының валюта жүйесіне талдау жасау;
- еліміздің ақша-кредиттік саясатының дамуын болжау;
- Ұлттық Банкінің монетарлық саясатты жетілдіру жолдарын ұсыну.
Жұмыстың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты.
Зерттеу пәні. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттарының қалыптасуы және қазіргі жағдайы, оны әрі қарай жетілдіру жолдары, алдынғы жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының нәтижелеріне талдау жасау болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында белгілі шетел экономист-ғалымдарының, қазақстандық авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің зерттеу және статистика департаменті Стратегия және талдау басқармасының еңбектері, Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері қолданылған.
Бұл дипломдық жұмыстың жазылу процесінде қазіргі кездегі Қазақстанда монетарлық саясатының экономикаға әсері, даму үрдістері, әлуеті мен жағдайын, пайда болып жатқан проблемаларды және оларды шешу ерекшеліктерін ашып көрсетуде отандық “Банки Казахстана”, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007-2011 жылдардың Жылдық есебі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің инфляциялық шолу, экономикалық шолу сияқты мерзімдік басылымдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары елеулі көмек берді.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасындағы экономикалық дамуды қамтымасыз етудегі монетаризм стратегиясының жалпы экономикаға сандық және сапалық әсерін бағалауды мақсат етеді. Ұсынылған жұмыста автор Қазақстандағы болған экономикалық дамудың монетарлық стратегиясының тәжірибесін қарастыра отырып, соның нәтижесінде болған жалпы экономикаға жүргізілген реформалардың әсерін зерттеді. Макроэкономикалық талдаудың еліміз үшін проблемалық сұрақтары қарастырылып, бұл мәселелерді шешу жолдары және жалпылама қорытындылар шығарылып, ҚР-дағы мемлекеттік реттеу шаралары мен қолдау механизмдерінің экономикалық өсу мен дамуға қол жетудегі орнын ашып көрсетті.
Берілген дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде еліміздегі монетарлық саясатты қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылып, негізгі бағыттары көрсетілді.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының ақша-несие механизмдеріне және валюта жүйесіне талдау жасалынды.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясатын жетілдіру бағыты ұсынылды.
1 Монетарлық саясатты қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Монетарлық саясаттың экономикалық мәні, негізгі құралдары
Қалыпты жағдайда экономикалық өсудің нәтижесі экономикалық дамуға алып келеді және ол әрбір ел дамуының ажырамас бөлігі, бірақ әр ел бұл дамудың тек қана позитивті мәніне жету үшін ғасырлар бойы түрлі стратегиялар мен тактикаларды ойлап тауып, қолданып, оңды және теріс нәтижелерге жетіп, бірінің қателіктерінде бірі үйреніп, бірінің жетістіктеріне басқалары да қол жеткізгілері келетіндер тура сондай даму жолдарын таңдап алған. Осындай жолда қазіргі кезде Қазақстан да келе жатыр. Демек, еліміз қандай мақсат таңдаса, сондай экономикалық даму стратегиясын да таңдайды, соған сәйкес нәтижеге де ие болады.
Қазіргі уақытта экономикалық дамудың стратегиялары теория жүзінде анық ерекшеленеді, бұндай ерекшелеу әсіресе батыстың экономист-ғалымдарының еңбектерінде көп кездеседі. Дегенмен де, бұл тек қана теория жүзінде, ал тәжірибеде дамудың синтезделген стратегиялары қолданылады. Кейде бірнеше стратегиялар қатар жүруі де мүмкін, және бұл дұрыс та.
Қазіргі кезде Қазақстан өзінің экономикалық даму стратегиясын нақты айқындады және сол бағыт бойынша жүріп келе жатыр. “Қазақстан 2030” Стратегиялық бағдарламасында әлемде белгілі негізгі стратегиялар, атап айтқанда өндірістік даму стратегиясы, монетарлық стратегия, ашық экономика стратегиясы, сонымен қатар әлеуметтік даму стратегиясы да біріктірілген. Осылардың ішінен біздің жұмыста толығымен қарастырылатын стратегия - монетарлық даму стратегиясы мен оның ақша-несие құралдарының экономикалық өсуге тигізетін әсері [1] .
Мемлекеттің даму саясаттары мен бағдарламалары талдаудың мақсатына байланысты әртүрлі жіктелуі мүмкін. Бұл жұмыста қолданылатын стратегиялардың жіктелуін американдық ғалым Кейт Гриффин өзінің “Экономикалық дамудың баламалы стратегиясы” атты еңбегінде ұсынған болатын. Бұл стратегиялардың жіктелуі келесідей үш критерийге негізделеді:
1. Стратегия дамудың тек қана бір астарларын немесе бір саласын ғана қамтымай, жалпылама дамуды көздеу керек. Сырт көзбен қарағанда, кейбір стратегиялар белгілі бір саланың бөлігі, не болмаса ерекше секторы ретінде көрінуі мүмкін. Мысалы, сыртқы сауда не ауыл шаруашылығы, бірақ олар басты даму стратегиясы болып жіктеледі, себебі анық ерекшеленген қызмет, стратегияны қолдаушылардың пікірінше, лидерлік саланың құрамдас бөлігі болып саналады, бұл өз кезегінде жалпы алғанда экономиканы дамудың одан да жылдам траекториясына көшуге мүмкіндік береді;
2. Стратегиялар ең болмағанда орталық айнымалыларды анықтау мен өлшеу үшін эмпирикалық тексеруді жүргізуге мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылуы мүмкін. Анықтаманың өзі кешендік сұрақтарға сирек жауап бере алады, дегенмен, бұл шығарылған қортындының шындыққа сәйкес келуі мен мәнділігі үшін маңызды, яғни зерттеу эмпирикалық мәліметтерге негізделген болуы керек. Содай-ақ, әрине, логикалық талдау не болмаса теория эмпирикалық фактілерді дұрыс мағынада интерпритациялауды қамтымасыз ету үшін маңызды. Ал ең жақсы жағдайда бұл стратегия теория, фактілер мен тарихтың дұрыс үйлескен қоспасынан тұруы керек;
3. Стратегиялар Үшінші Әлем мен ЭЫДҰ (OECD) елдеріндегі саясаткерлерге таныс және жиі қолданылатын формулировкаларға сәйкес келеді.
Бүгінгі күні әлемде 6 даму стратегияларын ерекшелейді. Олар Монетаристтік стратегия, Ашық Экономика, Индустриализация, Жасыл Революция стратегиясы, қайта бөлу стратегиясы және ең соңғысы дамудың Социалистік стратегиясы болып жіктеледі. Осылардың ішінен бізге маңызды болып табылатын стратегия Монетарлық стратегия деп аталады. Оның ерекшелігі рыноктық сигналдардың тиімділігін арттыру арқылы ресурстарды бөлуді жақсартуға негізделеді. Іс жүзінде стратегия дағдарыстық кезеңдер уақыты келгенде жиі еңгізіледі, яғни экономикалық тұрақтандыру мен күшті дисбаланстарды реттеу басымды маңыздылыққа ие болған жағдайда, ендеше бұдан шығатыны салыстырмалы бағаларды жақсарту шаралары әдетте басты бағалар деңгейіндегі өсу мөлшерлемесін бақылау шараларымен бірге жүреді. Екпін монетарлық және қаржылық саясаттарға, сонымен қатар қаржылық реформаларға қойылады. Шын мәнінде біз экономикалық саясаттың бұл әдістерін дамудың монетарлық стратегиясына қосамыз. Кейбір кездері, монетарлық стратегия инфляцияның қысқаруы мен макроэкономикалық балансты қалпына келтіруді көздейтін тек қана қысқа мерзімді реттеуде қолданыладын стратегия деп есептеледі, содан соң ұзақ мерзімді саясаттарды жаңғырту мүмкін болады. Мұндай әдістер қабылданған жерлерде осыған сәйкес көптеген мысалдар табуға болатынына күмән жоқ, бірақ жалпы мағынада монетаризм жақтаушыларының сенімін жете түсінбеу деген сөз. Монетарлық стратегия өсудің тиімділігі мен ұзақ мерзімділігін шешетін келесідей микроэкономикалық сұрақтармен тығыз байланысты - рыноктарды дұрыстап жұмыс істету, оның бұзылған тұстарын жөндеу және түзетілген салыстырмалы бағалар жиынтығын бекіту. Стратегия микроэкономикалық бағдар ұстанса да, макроэкономикалық мақсаттарды көздейді [2] .
Стратегияның басты белгісі оның микроэкономикалық бағдарына сай келеді, яғни жеке бизнес секторы жұмыс істейтін молшылықты жерді табыстау. Экономикалық жағынан ілгері келе жатқан Үшінші Әлем елдерінде стратегия жеке меншік өндірістің жоғарғы ролін көрсетеді, алайда ауыл шаруашылығының еркін өсуі тежелмейді. Дегенмен, стратегияның басты екпіні - бұл дамудың басты күші болып саналатын жеке сектор, ол барлық қалған экономиканың қалыс қалған және прогрессивті буындарының жаңғыруына жауапты “белсенді сала” ролін ойнайды. Ал мемлекеттің ролі минимумға келтірілген және идеалды жағдайда жеке меншік сектор гүлдене алатын тұрақты экономикалық ортаны қалыптастыруды қамтымасыз етумен ғана шектеледі. Осыдан экономикалық тұрақтандыруды қолдау шараларының маңыздылығы келіп шығады. Тұрақтандыру саясатын қолдана отырып, мемлекет экономиканың тербелістерін мүмкіндігінше азайтуға тырысады, сөйтіп жеке секторға сенімді экономикалық болжамдар құру мен нақты жоспарлауды жасауға көмек береді. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды ұлтсыздандыру мен жекешелендіру саясаттары (тиімділікті жоғарылату мен экономикадан жеке секторды ығыстырып шығаруды болдырмау үшін), сондай-ақ кәсіподақтардың құқықтарын заңнамалық қысқарту саясаты да бұл стратегияның бір бөлігі ретінде болуы мүмкін. Экстремалды жағдайда монетаристік стратегия laissez faire жүгінеді.
Монетарлық стратегияның мақсаттары болы келесілер табылады:
Біріншіден, экономиканы тұрақтандыру мен жақсы жұмыс істейтін рыноктарды құру;
Екіншіден, ресурстарды бөлуді жақсарту арқылы өнімдер мен табыстардың шығарылым деңгейін арттыру және өмір сүру стандарттарын жақсарту;
Үшіншіден, өнімдерді өндіру қарқынын жоғарылату үшін жинақтаудың жоғарғы деңгейіне жету;
Төртіншіден, жинақтаудың кез келген қойылымы кезінде өнім өндіру қарқыны мүмкіндігінше максималды болатындай етіп капиталды тиімдірек қолдануды қамтымасыз ету.
Стратегия өзінің мәні бойынша интервенционистік болып табылмайды, ол экономиканы алға жетелейтін жеке бастамашылық пен кәсіпкерлікке негізделеді. Жиынтық табысты бөлу туралы рыноктық шешімді өзгерту шаралары бұзылулар мен тиімсіздікті еріксіз еңгізеді деп саналады, бұлар өз кезегінде ең соңында тұрмысы төмен халық үшін зиянды.
Монетарлық саясаттың негізгі әдісі ол ақша-несие саясаты. Монетарлық саясат (Monetary policy) - бұл құрал арқылы үкіметтер ақша массасын көбейту немесе азайту арқылы макроэкономикалық жағдайларға әсер етуге тырысады.
Монетарлық саясат - ақша-несие жүйесінің ақша ұсынысына және сәйкесінше пайыз қойылым арқылы инвестициялар мен нақты ЖІӨ-ге әсер ету қабілеттігіне неізделетін төрт негізгі макроэкономикалық құралдардың бірі.
Монетарлық саясаттың үш незігі құраушыларын ажыратады:
1) жаңа ақшалардың эмиссиясы;
2) ақша секторындағы ақша массасын тікелей бақылау;
3) ашық рыноктағы операциялар.
Бұл құраушылар үш түрлі теориялық көзқарастарда алатын орнына байланысты қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша-несие саясаты процесінің ұлттық экономиканың жағдайына әсерін зерттейтін ақша теориясы жатыр. Сондықтан ақша-несие саясаты экономиканы жанама реттеудің маңызды нысандарының бірі болып табылады. Ол танымал ғалым-экономистердің экономикадағы ақша ролі мен олардың макроэкономикалық параметрлерге әсері (экономикалық өсу, жұмысбастылық, бағалар, төлем балансы) жөніндегі пікірлеріне негізделеді.
Ақшаның макроэкономикалық дамудағы ролі мәселесінде үш теориялық көзқарасты ажыратады:
Неоклассикалық мектептің рыноктық экономика өз-өзін реттейтін, өз-өзін дамытатын көзқарасына байланысты мемлекеттің экономикалық процестерді реттеу қажеттігін мойындамады, ал ақша ЖҰӨ, табыстар, баға, инвестициялар сияқты көрсеткіштердің номиналды көрінісі үшін ғана қажетті сыртқы қабыршақ ретінде қабылданды. Ал олардың қарқыны мен нақты деңгейіне ол әсер ете алмайды, себебі ұлттық өндірістің нақты көлемі экономикада бар өндірістік ресурстарға байланысты. Экономикадағы ақша санының өзгеруі тек қана ішкі бағалар деңгейіне ықпал ете алады. Бұл көзқарас И. Фишердің теориясында өте анық көрінеді. Ол атаулы ақша көлемінің пропорционлы өзгеруі абсолютті баға деңгейіндегі пропорционалды өзгеруіне алып келетінін дәлелдеді. Бұл байланыс И. Фишердің айырбас теңдеуі атты теңдеумен өрнектеледі және ол ақшаның сандық теориясы деп те аталды:
MV=PQ (1)
M - айнылыстағы ақша массасы немесе ақша ұсынысы;
V- ақшалардың айналыс жылдамдығы;
P- бағалар мен товарлардың орташа бағасы;
Q- бір жыл ішінде ұлттық экономика шеңберінде өндірілген товарлар мен қызметтер саны.
Сондықтан неоклассиктер ақша саясатының тиімсіздігі туралы қорытынды шығарып, ең алдымен балансталған мемлекеттік бюджет пен балансталған төлем балансына баса көңіл аударылуы керек деген пікірде болды.
1929-1933жж. Ұлы депрессия бұл мектептің көптеген ұстанымдарын күмәнді етті, атап айтқанда рыноктық экономикадағы дағдарыстар мен мәжбүрлі жұмыссыздықтың жоққа шығарылу туралы ұстанымы. Ақшаның сандық теориясы дағдарыстар кезінде пайда болатын мәселелерді шешуге қабілетсіз екендігін білдірді. Экономиканы реттейтін бірқатар мемлекеттік шараларды қолдану қажеттілігі пайда болды, оның ішінде ақша регуляторларын пайдаланатын шаралар да болды [3] .
Кейнсиандық көзқарас. Әйгілі экономист Дж. М. Кейнстің “Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” (1936ж. ) атты кітабы шыққаннан кейін жалпы макроэкономикалық саясатқа, оның ішінде ақша саясатына деген көзқарастарда нағыз революция болды. Дж. Кейнстің пікірінше экономикадағы жиынтық сұранысты өзгерту үшін ақша-несие және бюджет-салық саясаттарының әдістерін қолдана отырып, мемлекеттің экономикалық белсенділік жағдайына ықпал етуін қажеттілік деп санады. Кейнсиандықтар негізделетін басты теориялық теңдік, қазіргі кезде де негізгі макроэкономикалық теңдік деп аталады:
Y=C+G+I+Nx (2)
Y- ЖҰӨ-нің атаулы көлемі;
C- тұтыну шығындары;
G- товарлар мен қызметтерді сатып алу мемлекеттік шығындары;
I- инвестициялар көлемі;
Nx=Ex-Im, таза экспорт, яғни экспорт пен импортың айырымы. Банктік пайыз мөлшерлемесі инвестициялардың көлеміне тікелей ықпал етеді, сол себепті экономикалық өсуді анықтай алады.
Инвестициялардың қозғаушы күші бизнес - инвесторлар - кәсіпкерлер болып табылады. Бұл жерде инвестициялардың функциясы пайыз қойылым (r) болып табылады, ал инвестицияларға шығындану мотивациясы күтілетін пайда нормасы болып келеді. Инвестицияларды салудың шарты күтілетін пайда мен пайыз қойылымның теңдігі. Инвестициялық шешімді қабылдау кезінде, шын мәнінде, ақша капиталының (пайыз мөлшерлемесі) “бағасы” мен нақты капиталдың (инвестициялық жобаның) “бағасы” салыстырылады. Экономикалық саясат жүйесінде мемлекет пайыздық қойылымды пайдалану арқылы экономикалық өсуді қамтымасыз ету үшін пайыздық қойылымды төмендету негізінде “арзан ақшалар” саясаты және көтеру арқылы “қымбат ақшалар” саясаты қолданылады. Бұл жерде инвестициялық сұранысқа шешуші маңыздылық берілді, оның себебі мультипликативті әсері арқылы инвестициялардағы тербеліс өндіріс пен жұмысбастылықтағы үлкен өзгерістерге алып келеді. Ал инвестициялардың деңгейі негізінен пайыздық мөлшерлемеге байланысты, оның өсуі инвестициялар деңгейін азйтады, сондықтан өндіріс көлемі мен жұмысбастылық төмендейді (↓Y=C+G+↓I(r↑) +Nx) ; ал төмендеуі, керісінше өндіріс пен жұмысбастылықты ынталандырады (↑Y=C+G+↑I(r↓) +Nx) . Мұндағы пайыздық қойылым (Interest rate; Loan interest) - белгілі бір уақыт кезеңіне: жыл, ай және т. б. есептелген несие соммасына несие үшін пайыздық түрдегі төлем. Пайыздық қойылымдар айналыстағы ақша көлеміне, қарыздық қаражаттарға сұранысқа, үкімет саясатына, несие берушінің бағасына, займды қайтармау тәуекеліне, қарыз кезеңіне және ұлттық валюта курсына тәуелді [4] .
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді, бекітілген және еркін қалқымалы пайыздық қойылымдар ажыратылады. Өз кезегінде пайыз қөйылым (r) ақша массасы (М) деңгейімен анықталады - М↑, r↓, I↑ және керісінше M↓, r↑, I↓. Пайыздық мөлшерлеменің тербелістері арқылы ақша айналымының шарттары жалпы экономикаға қатты әсер ететінін білдіреді. Себеп-салдарлы байланыс тізбегі келесідей: ақша массасының өсуі пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне алып келеді, ал бұл ивестициялардың өсуімен жалғасып, табыс пен жұмысбастылықтың артуына келеді - M↑, r↓, I↑, Y↑ - “Кейнсиандық ақша трансмиссия механизмі” әсері деп аталады және ол ақша массасының өсуі кезінде өсу эффектісін береді дегенді білдіреді, ал M↑, Y↑, C↑ - “Пигу әсері” болып табылады, ол өндірістің жандануы жиынтық сұраныстың артуы арқылы жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Яғни, бір сөзбен айтқанда ақша ұсынысының көлемін реттей отырып, орталық банк экономиканың дамуына белсенді түрде ықпал ете алады. Монетарлық саясатта күрделі трансмиссия механизмі бар (передеточный механизм) . Оның барлық буындарының жұмыс істеу сапасынан, жалпы алғанда, саясаттың тиімділігі тәуелді болады.
Ақша-несие саясатының трансмиссия механизмінің 4 буынын ерекшелеуге болады:
1. Орталық Банк белгілі бір саясат жүргізу арқылы нақты ақша ұсынысының көлемін өзгерту;
2. Ақша рыногындағы пайыз мөлшерлемесін өзгерту;
3. Пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
4. Жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өзгеруіне қарай шығарылым көлемінің өзгеруі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz