Муниципалды құрылымдардың ресурстарын (қала, облыс, аудан, ауыл мысалында) ұтымды пайдалану


Мазмұны
Бет.
КIРIСПЕ
Қазіргі кезде негізгі шауашылық қызмет аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен экономикалық мәселесін шешуге, аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Аймақтық экономика - бұл өндіргіш күштердің қозғалысы, аймақ экономикасы туралы ғылыми білім ортасы.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақ экономикалық мазмұны рационалды, ғылыми негіздерден саясат пен стратегия әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде әрбір аймақтардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты нақты экономикалық мәселелерді шешуде дифференцияланған бағытты қолдану ерекше маңызы тек аймақтың барлық табиғи, эканомикалық, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдайларын жан - жақты қатаң есепке алу ғана экономиканың көтерілуіне қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін мәселелерінің бірі. Аймақтың дамуын реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республиканың экономикасын жақсартуды қамтамсыз ету.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Соңғы жылдары мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету проблемасы көптеген қазақстандық саясаткерлер мен ғалымдардың талдаулары мен пікір-таластарының ерекше тақырыбына айналып, басылым беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселені шешу туралы көптеген пікірлер айтылуда және әртүрлі тәсілдер ұсынылуда.
Солардың бірі ретінде қоғамдық - экономикалық жүйемізді одан әрі демократияландыру мәселесі қарастырылады. Бұл мәселелерді шешудің көпғасырлық әлемдік тәжірибесі бар екенін ескере отырып, оны ғылыми жағынан талдау мен пайдалы тұстарын өзімізде қолдану да бүгінгі күні өзекті проблемаға айналып отыр. Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды бұрынғысынша орталықтандыра берудің мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келеді.
Бұл жүйені халық пен мемлекеттік басқару құрылымдары арасындағы байланыс орнатушы деп тануға болады. Оның дамуы мемлекеттің нығаюы мен аумақтық тұтастығына және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіруге барынша оң ықпал етеді.
Жоғарыда айтылған Стратегияның негізгі міндеті мемлекеттік қызмет пен оның басқару құрылымын жетілдіру жөнінде айтылғанын ескерсек, еліміз өз халқының мүддесі қорғалатындай басқару жүйесін қалыптастыруға ұмтылуы қажет екендігі сөзсіз. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ондай қоғам үшін жергілікті қоғамдастықтан бастап, жалпымемлекеттік мәселелерге дейінгі шешім қабылдау үрдісіне халықтың тікелей қатысуы шарт екендігін байқауға болады.
Елбасы Н. Назарбаев басшылығымен жүргізілген конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысында мәслихаттардың рөлі біртіндеп артып келеді. Бұл үрдісті әрі қарай жетілдіру қажеттігі заман талабынан туындап отырғанын ескеру де, оған басымдық сипатын білдіреді. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттағы қызметтерді негізге алады.
Бүгінгі күні конституциялық реформаларға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің жалғасы, ол жергілікті тұрғындардың қатысуымен іске асырылады, оған қоса, халықтың белсенділігі де артады.
Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелеріне реформалар мен өзгерістер жүргізудің мақсаты ресурстарды тиімді пайдалану, әлеуметтік мәселелерді шешу мен халықтың билікке деген сенімін арттыру болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - аймақтардың әлеуметтік-эканомикалық дамуы ерекшеліктерін ескере, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын іздестіру, аймақтық экономиканы басқару ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері: Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу қажет:
- ең алдымен аймақ түсінігінің мәнін ашып, Қазақстан Республикасындағы аймақтарға жалпы сипаттама беру;
- аймақтарды басқару әдістерін, қызметтерін, ерекшеліктерін анықтап, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасындағы аймақтардың дамуын бағалап, экономикалық потенциялын көтеру жолдарын анықтау;
- Алматы қаласының дербес аймақ ретінде дамуына сипаттама беріп, экономикалық даму жолына талдау жасап, экономикасын реттеу ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы аймақтарды басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, басқару жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіру, аймақтардың басымдылықты бағыттарын анықтау.
Бұл мәселені қарастыру аймақ экономикасы, оны басқару туралы білімді кеңейтіп, оның қазіргі уақытта өте өзекті проблема екенін анықтайды. Аймақ экономикасын тек дамытып қана қоймай, оны қолдап, реттеп, басқарып отыру керек.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы :
- шет елдердің мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуын қарастыра келе, олардың еліміздегі даму ерекшеліктері анықталды;
- Алматы облысының муниципалдық құрылымына талдау жасалып, ресурстардың даму бағыты айқындалды;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау әдісі ұсынылды.
Зерттеу нысаны - муниципалды құрылымдардың ресурстары.
Зерттеу пәні - құрылымдардың ресурстарын пайдалануда кездесетін мәселелер.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған мемлекеттік басқару теориясы, орталықсыздандыру, муниципалдық және мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерінің теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстарға сүйенеді.
Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық қағидасы, салыстырмалы экономикалық талдау әдістері, статистика және тағы басқа әдістер қолданылды. Мұнымен бірге зерттеудің әдіснамалық негізін сараптамалық бағалау, динамика және болжау өлшемінің статистикалық әдістері және зерттеу нәтижелерін графика тәсілдері құрады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Жүргізілген зерттеу нәижесінде әзірлеу ұсыныстарды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қолдануға болады
жергілікті шаруашылық пен аумақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу барысында ізденіс көзі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы экономиканы аймақтық басқарудың теоретикалық және әдістемелік аспектілерді қарастырылған. Бөлім аймақ түсінігінің мәнін ашып, аймақтық экономиканы басқарудың қызметтері мен әдістерін анықтап, Қазақстан Республикасының аймақтарының дамуының экономикалық потенциялын бағалауға арналған.
Екінші бөлімде аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибе жүзінде асырылуы қарастырылған. Мұнда Алматы қаласының экономикалық ерекшеліктері, оның экономикалық потенциялын көтеруге қатысты әзірленген стратегиялық жоспарлар мен жобалар, сонымен қатар аумақты инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелері қарастырылған.
Үшінші бөлімде аймақтардағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері қамтылған. Бөлім Қазақстан Республикасының аймақтағы басқару жүйесін жетілдіру жолдары мен аумақтық дамудың негізгі басымдылықтарын анықтауға арналған.
1 Ресурстарды басқару аймақтың экономикалық дамуының негізі
1. 1 Ресурстарды басқару аймақтың экономикалық мәні, мазмұны және
оны ұйымдастырудың қағидалары
Мемлекет күрделі жүйелік бірлік болып табылады. Ол қоғамдық өмірдің барлық жүйесін бір тұтас біріктіруді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, адамдардың іс-әрекетін де реттейді. Материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да ресурстарды пайдалана отырып, мемлекет өндірістің ұйымдастырылуына, экономикалық реформалар мен қоғамдағы саяси өзгерістерге сәйкес әлеуметтік процестердің дамуына мүмкіндік жасайды.
Жергілікті өзін-өзі басқару биліктің халыққа ең жақын тармағы, сондықтан оған қатысу арқылы азаматтар демократиялық қағидаларға, заңға бағынушылыққа, азаматтыққа, басқалар мүддесін құрметтеуге, кез-келген мәселелерді шешуге үйренеді. Бұл жерде қоғам мен мемлекет арасындағы байланыс нығайып, азаматтардың саяси белсенділігі арта түседі. Бұған жету үшін жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттігін ажыратуды қажет етеді.
Жергілікті өзін-өзін басқару мәнін түсіндіретін алғашқы теория, ХІХ ғасырдың ортасында Бельгия мен Францияда пайда болған еркін (табиғи) қауым теориясы. Оның өкілдері қауымның өз істерін меңгеру құқығы адам құқықтары сияқты табиғи және шектеусіз, қауым мемлекетке қарағанда ертерек пайда болды, сондықтан ол қауымның басқару еркіндігі құрметтелуі тиіс деп санаған. Қауым дербестік және тәуелсіздік құқықтарына ие болған, мемлекет қауым құрмайды, тек оны мойындайды. Бұл кезеңде атқарушы, заң шығарушы, сот билігімен қатар 4-ші билік ретінде - жергілікті билік танылды [1] .
«Жергілікті өзін-өзі басқару» түсінігі алуан түрлі және кешендік құбылысты бейнелейді. Оны келесідей анықтауға болады:
- жергілікті өзін-өзі басқару - Конституциялық құрылым негіздерінің бірі, билік ұғымдарының негізін қалаушы қағида, яғни билікті бөлу қағидасымен қатар (биліктің көлденең бөлінуі), демократиялық құқықтық мемлекеттің басқару жүйесін анықтайды (биліктің тік бөлінуі) . 1985 жылы 15 қазанда Европа Кеңесімен қабылданған жергілікті өзін-өзі басқарудың Европалық хартиясының 2 бабында, жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидасы елдің заңдарында белгіленуі қажет деп көрсетілген. Көптеген елдердің Конституциясы жергілікті өзін-өзі басқаруды құптайды және кепілдендіреді, оны мемлекеттік басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің бірі ретінде бекітеді.
- жергілікті өзін-өзі басқару - бұл азаматтардың құқықтары, жергілікті қоғамдастықтың (сол территорияның халқы) жергілікті істерді өз бетінше жүргізуі. Бұл құқықты мойындай отырып, мемлекет жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттігі щеңберінде, өздігінен жүзеге асырылуын құптайды. Ол өкілеттіктердің іске асырылуы үшін қажетті жағдай жасауды мемлекет өз міндетіне алады. Азаматтарға жергілікті өзін-өзі басқару органын сайлауға және сайлануға құқық беріледі. Жергілікті өзін-өзі басқару халықтың жергілікті маңыздағы мәселелерді өз бетінше шешуді, муниципалды меншікті пайдалану мен игеруді қамтамасыз етеді. Бұл құқық сот арқылы қорғалады, мемлекеттік Конституцияда бекітілген және басқа да заңды актілермен реттеледі.
- жергілікті өзін-өзі басқару - бұл азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен шешу әрекеті. Бұл тарихи және басқа да жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, азаматтардың өз бетінше жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру әдістері және халықтың билікті жүзеге асыруы.
- жергілікті өзін-өзі басқару - бұл халық билігінің нысаны. Халық өз билігін тікелей және мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы іске асырып отырады. Билікті жүзеге асырудың бұл нысанында азаматтар және олардың қатарынан қалыптастырылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті істі басқаруда өзіне жауапкершілік алады.
Сәйкесінше, жергілікті өзін-өзі басқару - бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, жергілікті маңызы бар мәселелерді азаматтардың өз бетінше шешу құқықтарының жүзеге асырылуы және нақты территорияда тұратын және қызмет ететін барлық субъектілердің мүддесіне сәйкес муниципалды меншікті басқару болып табылады.
«Жергілікті өзін-өзі басқару» түсінігін екі жақты сипатта қарастыруға болады. Біріншіден, ол жергілікті қоғамдастық аумағында қамтылған барлық жеке және заңды тұлғалар үшін шешім қабылдайтын, екіншіден, осы қоғамдастық тұрғындарының сұранысына қажетті өндіріс, басқару, шаруашылық жүргізу, меншік иесі болу сияқты мәселелерді шешумен айналысады билік органдары.
Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының ресурстарына адам, капитал, кәсіпкерлік және ақпараттық факторларды жатқызамыз. Субъектілеріне - тұтынушы ретіндегі тұрғындар, өндіруші ретіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, делдалдар ретіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар, басқару органдары ретіндегі мемлекеттік және муниципалдық мекемелер жатады.
“Аймақ” түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді. Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтың мәнін анықтау бірнеше бағыттар қалыптасты. Оларды негізінен үш топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық көзқарас, экономика географиялық және ұдайы өндірістік. Әкімшілік шаруашылық бағыт бойынша кез келген әкімшілік территория экономикалық ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша, аймақ - бұл бірлікпен және халықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байланысты жақсы қалыптасқан, транспорттық және әлеуметтік инфроқұрылымның дамуының салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталған әкімшілік территорялық бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың келісімімен сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған [2] .
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қызметтері, қағидалары, өкілеттіктері құрылымын 1 суреттен көруге болады.
Сурет 1 - Жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы
Экономикалық географиялық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей немесе әртүрлі табиғи, экономикалық ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш күшінің бағыттылығы тән елдің ірі негізін территориясын сипаттайды. Фейген А. А. аймақтын келесі анықтамасын береді: “Аймақ - бұл өндірістің, табиғи және адам ресурстарының мамандануы мен құрылуымен, сонымен қатар экономика географиялық жағдаймен елдің ішінде ерекшелінетін экономикалық аудан, шаруашылық етуші территория”.
Алампаев П. М. “Аймақ - бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының бөлімі және өзіне тән өндірістің мамандануын, еңбекті қоғамдық территориялық бөлідің басқа бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы және экономикалық қатыснастар бар аудан. Бірақ экономика географиялық бағыттың анықтамасын толығырақ Н. Н. Некрасов берді. Оның ойынша аймақ - бұл қалыптасқан және перспективті материялдық-технологиялық негізіне өндірістік және әлеуметтік инфрқұрылымына сай табиғи ресурсар кешені негізінде өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар елдің ірі территориясы. Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи ресурстарды пайдалануға алдын-ала белгіленген немесе орындалған жиынтыққа, шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылығын тапсырмаларының жалпыға бірдей болуы болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиясының бағыт аймақтағы ұдайы өндірістік процесстерді және олардың әлеуметтік факторлармен байланысқанын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдай өндірістік бағыттың позициясы бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процессі кезінде территориялық өндірістік жиынтығы ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық фазаларында оның жалпыға бірдей және ерекше салыстырумен, өндірістік-технологиялық және экономикалық өзара байланыстың жоғары деңгейімен, олардың элементтерін құраушылармен байланысы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы бірдей тапсырмаларымен сипаталатын аудан ретінде салыстырылады. А. И. Добрынин аймақты біріншіден, елдің территориясының құраушы бөлігі ғана емес, екіншіден, ұдайы өндірістің айақталған циклі бар халық шаруашылығының өзіндік бөлігі ретінде, үшіншіден, эндогенді және экзогенді ағымдардың материялдық және қаржылық ресурстардың өзіндік байланыстарын тудыратын елдің басқа аудандарының байланыс жасайтын экономикалық аудан, жүйе ретінде қарастыру қажет деп жазған. Ұдайы өндірістік жүйе сияқты аймақ экономика географиялық бағыттың кейбір жағдайларымен ерекше жағдайларын қамтиды: жұмыс кұшінің, өндіріс қатынастарының және жиынтық өнімді бөлудің, ұлттық табыстың, тұтыну қорымен жинақтау қорының, капитал салудың көздерінің, ұдайы өндірістік шарттарын реттеу, еңбек ресурстарының қозғалысы және олардың квалификациясы халықтың нақты ақшалай табысының өсуінің ерекше жағдайларын реттеу, сонымен қатар тағы басқа әлеуметтік тәртіптегі фактормен қатары.
Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін бірі толықтырады. Әрбір бағыт аймақтың экономикалық зерттеулерінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика - географиялық анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандардың және территорилық өндірістік кешендердің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді біріктіру кезіндегі өндіріс күштерінің және өнеркәсіп кәсіпорынның қозғалысының негізі болып табылады. Экономикалық бағыт елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру (децентрализация) мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық конфегурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ тек ұдайы өндірістік бағыт аймақтық экономикалық саясатты және аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де осы саясаттарды жүзеге асыру үшін құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінді сипаттайды.
Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданылады. Ол бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі объектілердің құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бұтін құрылым, орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті элементтер жиынтығы тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи - территориялық және территориялық-өндірістік кешеннің кеңістікті объектілерін тану үшін қолданылады. Бұл түсінікті экологиялық, әлеуметтік және экономикалық бірліктерді кеңейту кезінде де қолданады. Геожүйелік иерархия тән, мысалы, халық (қала, аудан, ауыл) - аймақ (облыс) - ел Қазақстан. Аймақ күрделі экономикалық жүйе бола отыра, дамуға көптеген мақсатты бағыттарға ие. Оның экономикалық қозғалысының траекториясы және жылдамдығы бәсеке жағдайына, экономикалық жайтына, геодемографиялық құрылымына, жұмыспен қамту деңгейіне, қаржылық қамтамасыз етілуіне және тағы басқаға тәуелді [3] .
Аймақтық экономика - өндіріс күштерінің әлеуметтік және экономикалық аймақтық қозғалысын және экономика салаларының дамуын, аймақтық маңызды табиғи экономикалық, демографиялық және экономикалық ерекшеліктерімен, сонымен қатар аймақаралық, аймақ ішіндегі және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құраушысы қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістікті аспекілерін зерттеу болып отыр.
Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, ел басқа айналыммен бірігіп бүтін экономикалық бірлік құрайды. Сондықтан мемлекет туралы білім оның барлық айналымын жан- жақты зерттеуден құрылады.
Аймақтық экономика білімнің ғылыми облысы ретінде территориялық аспектідегі өндіріс күштері мен әлеуметтік инфроқұрылымның барлық элементтерінің заңдылықтарын, қағидаларын зерттеумен, талдаумен және болжаумен, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың және экономикалық талаптарының жалпы стратегиясын ескере өндіріс күштерінің қозғалысының бағытын негіздеумен, републиканың және аймақтың экономикасын зерттеумен айналысады.
Аймақтық экономика елдің және оның аймақтарының табиғи - ресурстық потенциалын, халқын, еңбек ресурстарын және қазіргі демографиялық мәселелерін зерттейді.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән объективті болып отыр. Нарыққа өту кезеңде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Нарыққа өту кезіндегі процестерді басқару механизімінің жетілмегендігі республика экономикасын реформалауды артқа тартты. Басқарудың мемлекеттік және аймақтық құрылымдарының көлденең және тігінен нарықтық реформаларға сәйкес келмеді, жалпы мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.
Қалыптасқан жағдайда аймақтар дағдарыстан шығудың жеке жолын таңдады. Басқарудың аймақтық органдары стратегиялық мәселелерді шешу кезінде есепке алынбаса, шешім қабылдау кезінде жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер толығымен бағаланбай қалады [2] .
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикада болып жатқан қайта құру процестері халықтың өмірінде әртүрлі бейнелене, аймақтық және жергілікті мүддені қозғай, территория деңгейінде көріне бастады. Аймақтық айырмашылықтар табиғи климаттық, демографиялық, өндірістік, географиялық факторлардың негіздеріне байланысты. Аймақтар арасындағы барлық экономикаларда бар және ол сол айырмашылықтарды жоюға бағытталған тиімді саясат жүргізуді талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz