«Абди компани» ақ-ның қызметіне сипаттама



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. «АБДИ КОМПАНИ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰЙЫМДЫҚ.ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 «АБДИ Компани» Акционерлік қоғамының құрылуы мен
қалыптасуының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 «АБДИ Компани» АҚ.ның корпоративтi басқару құрылымы ... ... ... ... ... ..8
1.3 «АБДИ Компани» АҚ.ның органдары мен акционерлері ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 «АБДИ Компани» АҚ.ның ұйыдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ... ...12

II «АБДИ КОМПАНИ» АҚ.НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Акционерлік қоғамның негізі қызметі түрлеріне қысқаша сипаттама ... ...16
2.2 Акцинерлік Қоғамның негізі қызмет түрлері бойынша сауда
тиімділігіне қолайлы жəне қолайсыз жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ІІІ «АБДИ КОМПАНИ» АҚ.НЫҢ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ШЫҒАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
3.1 «АБДИ Компани» АҚ.ның құнды қағаздар шығару саласындағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Акционерлік Қоғамның қаржылық жай.күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
КІРІСПЕ

«Экономика» мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған. Бұл меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдардың қаржыларын басқару үрдісінің құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарын зерттеуді білдіреді. Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық құқықтық түрдегі ұйымдар табылады. Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылды. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар беруге тырыстым.
Мен 050600-Экономика мамандығының 3-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2015 жылдың қаңтардың 19-нан осы жылдың наурыз айының 29-ы аралығында «АБДИ Компани» АҚ-да өттім. Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес ұымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру».
«АБДИ Компани» АҚ-ның негізгі қызметі: кеңсе тауарларын, сауданы автоматтандыру құралдарын және білім беру үдерісі мен офистеріне арналған, сондай-ақ басқа да өнімдер мен тауарларды сату.
Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына, қоғамның Жарғысына жəне ішкі ережелеріне сəйкес қызметін жүзеге асырады.
Бірінші жалпы модуль бойынша есеп беруге келесідей бөлімдер енгізілді: ұйым туралы жалпы мәліметтер, ұйымның атауы, ұйымның даму тарихы, ұйымның сипаттамасы (қысқаша бейнеленуі), басқару құрылымы мен органдары, өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, саладағы кәсіпорынның алатын орны, компанияның стратегиялық даму жоспарын, оның миссиясы мен міндеттерін (бар болса) бейнелеу.
Екінші бөлімде акционерлік қоғамның қызметіне оның бәсекелестері мен жалпы нарықтағы орнына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде «АБДИ Компани» АҚ-ның құнды қағаздар шығару саласындағы қызметі мен қаржылық жағдайы сипатталған. Ұйымда қолданылатын дивидендтік саясат және акциялар курсы (акционерлік қоғамдар үшін) бойынша мәліметтер берілді. Сонымен қатар бұл бөлімде ұйымда қолданылатын негізгі қаржылық көрсеткіштердің жүйесінен мәлімет берілді.
Дипломалды тәжірибеден өту барысында алдағы дипломдық жұмысқа арқау болатын мәліметтер жинадым.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Анафияева Ж.А. и др. 5В050600-Экономика, 5В050900-Қаржы, 5В050800-Есеп және аудит мамандықтары студенттерінің өндірістік іс-тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулық. Астана, 2014ж.
2. «АБДИ Компани» АҚ-ның акцияларды шығару проспектісі. Алматы 2012ж.
3. Анализ финансового состояния по результатам аудированной консолидированной финансовой отчетности за 2012 год АО «АБДИ Компани»
4. Анализ финансового состояния по результатам аудированной консолидированной финансовой отчетности за 2013 год АО «АБДИ Компани»
5. Анализ финансового состояния по результатам аудированной консолидированной финансовой отчетности за 2014 год АО «АБДИ Компани»
6. Отчет в рамках ПДО. ОТЧЕТНЫЙ ПЕРИОД: 4 КВ. 2014 ГОД
7. http://www.abdi.kz/
8. E-mail: office@abdi.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің дипломалды тәжірибеден өту есебі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. АБДИ Компани Акционерлік қоғамының жалпы ұйымдық-құрылымдық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 АБДИ Компани Акционерлік қоғамының құрылуы мен
қалыптасуының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 АБДИ Компани АҚ-ның корпоративтi басқару құрылымы ... ... ... ... ... ..8
1.3 АБДИ Компани АҚ-ның органдары мен акционерлері ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4 АБДИ Компани АҚ-ның ұйыдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ... ...12

II АБДИ Компани АҚ-ның қызметіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 16
2.1 Акционерлік қоғамның негізі қызметі түрлеріне қысқаша сипаттама ... ...16
2.2 Акцинерлік Қоғамның негізі қызмет түрлері бойынша сауда
тиімділігіне қолайлы жəне қолайсыз жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..23

ІІІ АБДИ Компани АҚ-ның құнды қағаздар шығару саласындағы қызметі мен қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1 АБДИ Компани АҚ-ның құнды қағаздар шығару саласындағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.2 Акционерлік Қоғамның қаржылық жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Пайдаланылған ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Кіріспе

Экономика мамандануы бойынша дипломалды тәжірибе студенттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы сферасындағы практикалық дағдылары мен машықтарын тереңдетуге бағытталған. Бұл меншіктің барлық түрлеріндегі ұйымдардың қаржыларын басқару үрдісінің құқықтық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жақтарын зерттеуді білдіреді. Аталған мамандық бойынша дипломалды тәжірибе базасы болып меншіктің кез келген түріндегі және кез келген ұйымдастырушылық құқықтық түрдегі ұйымдар табылады. Тәжірибе бойынша есеп беру тәжірибе бағдарламасы мен студенттің жеке тапсырмасына сәйкес құрастырылды. Есеп беруде жеке тапсырмада қойылған барлық сұрақтарға жауаптар беруге тырыстым.
Мен 050600-Экономика мамандығының 3-курс студенті дипломалды іс-тәжірибемді 2015 жылдың қаңтардың 19-нан осы жылдың наурыз айының 29-ы аралығында АБДИ Компани АҚ-да өттім. Бұл кәсіпорынды таңдаған себебім дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес ұымдық құрылым болғандықтан таңдадым. Дипломдық жұмысымның тақырыбы: Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру.
АБДИ Компани АҚ-ның негізгі қызметі: кеңсе тауарларын, сауданы автоматтандыру құралдарын және білім беру үдерісі мен офистеріне арналған, сондай-ақ басқа да өнімдер мен тауарларды сату.
Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына, қоғамның Жарғысына жəне ішкі ережелеріне сəйкес қызметін жүзеге асырады.
Бірінші жалпы модуль бойынша есеп беруге келесідей бөлімдер енгізілді: ұйым туралы жалпы мәліметтер, ұйымның атауы, ұйымның даму тарихы, ұйымның сипаттамасы (қысқаша бейнеленуі), басқару құрылымы мен органдары, өндірілетін өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, саладағы кәсіпорынның алатын орны, компанияның стратегиялық даму жоспарын, оның миссиясы мен міндеттерін (бар болса) бейнелеу.
Екінші бөлімде акционерлік қоғамның қызметіне оның бәсекелестері мен жалпы нарықтағы орнына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде АБДИ Компани АҚ-ның құнды қағаздар шығару саласындағы қызметі мен қаржылық жағдайы сипатталған. Ұйымда қолданылатын дивидендтік саясат және акциялар курсы (акционерлік қоғамдар үшін) бойынша мәліметтер берілді. Сонымен қатар бұл бөлімде ұйымда қолданылатын негізгі қаржылық көрсеткіштердің жүйесінен мәлімет берілді.
Дипломалды тәжірибеден өту барысында алдағы дипломдық жұмысқа арқау болатын мәліметтер жинадым.

I АБДИ Компани Акционерлік қоғамының жалпы ұйымдық-құрылымдық сипаттамасы

1.1 АБДИ Компани Акционерлік қоғамының құрылуы мен қалыптасуының жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасында кеңсе тауарлары нарығында белгілі өндірушілер болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушылармен байланыс жоғалтқан кезде, яғни КСРО ыдырағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның АБДИ компаниясы құрылды. АБДИ компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті ұлғайды. АБДИ сауда нүктелерінде үлкен сұраныстың арқасында және ұсыныстың жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту қажеттілігі туды. Жылдан -- жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету сервисі де кеңейтіле түсті.
Акционерлік қоғамның қазақ тілінде толық атауы АБДИ Компани Акционерлік қоғамы. Ал орыс тілінде Акционерное общество АБДИ Компани және ағылшын тілінде ABDI Company Joint Stock Company.
Қоғамның қысқартылған атауы қазақ тілінде АБДИ Компани АҚ, қоғамның қысқартылған атауы орыс тілінде АО АБДИ Компани, қоғамның қысқартылған атауы ағылшын тілінде ABDI Company JSC.
Акционерлік Қоғамның мемлекеттік тіркелген күні: 1994ж. 30 қыркүйек.
Мемлекеттік қайта тіркелген күні: 2007ж. 26 қарашасы.
Тіркеу нөмірі: 1698-1910-АҚ
Тіркеу органының атауы: Алматы қаласының Əділет Департаменті
Салық төлеушінің тіркелу номірі: 600 600 031 492
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куəлік 13.12.2003 ж. берілген, сериясы 60 № 0085097.
Акционерлік Қоғамның орналасқан жері, байланыс телефондар жəне факс нөмірлері, электрондық почта адресі туралы ақпарат:
Акционерлік Коғамның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 465191
Байланыс телефондар жəне факс нөмірлері: +7 (727) 98 57 94, +7 (727) 98 57 99
Интернет-сайты: http:www.abdi.kz
E-mail: office@abdi.kz
Бірінші жетекшісі: Президент Бимендиев Әбдібек Шарбекұлы
Акционерлік Қоғамның банктік реквизиттері:
Банктік реквизиттері:
Банк Центр Кредит АҚ ЖСК KZ358560000000025553, SWIFT KCJBKZKX;
БТА Банк АҚ ЖСК KZ41319A010000450151, SWIFT ABKZKZKX.
Kaspi bank АҚ ИИК KZ35722S000000079625, SWIFT CASPKZKA
Негізгі қызметі: кеңсе тауарларын, сауданы автоматтандыру құралдарын және білім беру үдерісі мен офистеріне арналған, сондай-ақ басқа да өнімдер мен тауарларды сату.
Акционерлік Қоғамның қызмет түрлері:
Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңнамасына, қоғамның Жарғысына жəне ішкі ережелеріне сəйкес қызметін жүзеге асырады.
Қоғамның қызметінің мəні кəсiпкерлiк қызметті іске асыру болып табылады, соның ішінде:
1) көтерме жəне бөлшек сауда, сауда желісін ұйымдастыру, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттерді ашу;
2) кеңсе тауарларын, оқу процесіне жəне кеңселерге арналған тауарларды, сауда автоматизациясы құралдарын жəне басқа өнімдерді сатып алу, сақтау жəне сату;
3) делдалдық қызмет;
4) халық тұтынатын тауарларды, фильмдерді, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық жүйелерді жəне басқа өнімдерді өндіру;
5) сыртқы экономикалық қызмет, экспорттық-импорттық операциялар;
6) жарнамалық-ақпараттық, баспаханалық жəне басып шығару қызметi;
7) өзінің бағалы қағаздарын шығару жəне орналастыру, бағалы қағаздар нарығында мəмiлелер жасасу;
8) брокерлік, дилерлік қызмет;
9) сервистік, консалтингтік жəне маркетингтік кызметтер көрсету;
10) ауыл шаруашылық өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, сатып алу жəне сату;
11) құрылыс-монтаж жұмыстары;
12) салондарды, кафелерді, барларды жəне ресторандарды ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
Акционерлік Қоғамның немесе ол шығарған бағалы қағаздарына халықаралық рейтинг агенттiктерiмен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерiмен жасалған рейтингтер туралы мəлімет. Егер эмитентке қаржылық агенттік мəртебесі берілген болса, уəкілетті органның қаулысының күнін жəне нөмірін белгілеу керек.
Акционерлік Қоғам 31.08.12 халықаралық рейтинг агенттiктерiмен жəне (немесе) Қазақстан Республикасының рейтинг агенттiктерiмен жасалған рейтингтері жоқ.
Акционерлік Қоғам қаржылық агент болып есептелмейді.
Акционерлік Қоғамның мен тәжірибеден өткен Астана қаласындағы бөлімшелерінің аты: "АБДИ Компани" АҚ Астана қаласындағы филиалы.
Алғашқы тіркеу күні: 14.08.1998ж
Қайта тіркеу күні: 27.01.2004ж.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Алматы ауданы, Иманов көш., 186 үй.
Пошталық мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Республика даңғ., 28 үй.
Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 АБДИ фирмалық дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған филиаладар мен диллерлер бар және бұл шекті емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр.
АБДИ Компани А.Қ. - ның стратегиялық бизнесі.
Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы компанияның сапалы және тиімді дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет кешені, жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың сапасы көмектеседі. Жыл сайын жақсы жұмыстың атағын дәлелдей отырып, сатудың 3 дәрежесінде: бөлшек, көтерме, корпаративті түрде жұмыс істеуге көмектеседі. Компанияның негізгі мақсаты: Қазақстан Републикасынның және Орталық Азияның әрбір азаматына әлемдік дәрежедегі мектеп пен офиске арналған тауарды жеткілікті етіп жасау және корпаративті қызмет көрсету. Корпаративті тұтынушыларға ерекше жағдай жасау мен компанияның менеджерлері әрбір тұтынушының сұранысына индивидуалды тұрғыда қысқа мерзімде олардың барлық өтінішін қарайды және олардың тілектерін орындайды. Компанияның жұмыс істеудің негізгі принциптері болып, ұсынатын тауар мен қызметтердің ассортименттік оптимизациясын, өзінің тұтынушысына максималды географиялық жақындату, сатуға қазіргі кездегі технологияны енгізу және ұсынатын қызметтің сапасын үнемі арттыру саналады.
Сауда жүйесі, филиалдар.
Қазақстанның үлкен қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Балқаш, Тараз.
Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттерімен қоса. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі.
Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Қазіргі кездегі транспорт пен техникамен жабдықталған әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату саясаты, бірдей баға саясаты бар.Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда шарт бойынша тауар жеткізуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне -- өзі қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.
Қызметтер.
АБДИ Компани өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді ұсынады:
* Компанияның сайтында интернет - дүкен. Оның саитын мына адрес бойынша тауып алуға болады WWW.abdi.kz не болмаса телефон арқылы хабарласу үшін факсының номері:2-33-33-63. Компанияның сайтында тұтынушы тауарлардың ассортиментімен таныса алады, тауар сатып алуға мүмкіндіктер жайында толық танысуға болады.
* Жеңілдіктер мен әртүрлі төлеу формалары.Мысалға:көп тауар алғаны үшін шегерім, тез төлегені үшін шегерім, фиктивті шегерім, маусымдық шегерімдер, компания үшін маңызды және тұрақты тұтынушылар үшін шегерімдер және тағыда да басқа шегерімдер түрлері.Көп мөлшерде тауар сатып алған кезде оның ақшасын кейінге қалдыру,бөліп төлеужәне тағы да басқа төлеу формалары бар.
* Тауарды мемлекеттің әрбір аймақтық өкілдігіне жеткізу: алыс және оқшау жатқан аудандарға, ауыл-аймақтарға тауарды жеткізу.
* 14 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу.
* АБДИ дүкенінде сатып алынған әрбір тауарына кепілдік.
* Логонын тауарға енгізу;
* Катриджті толықтыру;
* Оперативті полигафия және т.б.
Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.
Серіктестіктер қатары:
Әлемнің 35 елінде 180 өндіріс - фабрикалармен қарым - қатынас жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т.б. Ол АБДИ Компаниясының нарықта өз тауарына деген тұрақты бағаны сақтап қалуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуы мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын,тауарды жеткізетін сервистік - таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын - ала біліп қояды. АБДИ Компаниясы көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған саясаты мен логистикасына байланысты компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жетістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.
Компанияның тұтынушылары.
АБДИ Компаниясының ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.
Компанияның корпоративті тұтынушылары:
1) Банктер - Қ.Р. Ұлтық банкі; Қазақстан Халық Банкі; Тұран Әлем Банкі; және т.б.
2) Транспорттар - "Қазақстан Темір Жолы"; және т.б.
3) Байланыс, телерадиолық және телекоммуникациялық - "Қазпочта" ААҚ; "Қазақтелеком" ААҚ; К'cell; K' mobіle; және т.б.
4) Зейнетақы фонды - Қазақстан Ұлтық Банктің ЗЖҚ; ҰларҮміт; Сенім; Құрмет; Капитал және т.б.
5) Мұнай газ компаниялары мен кәсіпорындары - ҚазМұнайГаз; ҚазТрансОйл; Тенгиз Шевройл және т.б.
6) Оқу орындары
Корпаративтік тұтынушылардың саны - 15000 және жылдан жылға өсуде.
Тауарлар.
Канцелярлық тауарлар адаммен бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туғаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушылық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.
Тауар ассортименті 15000-нан астам құрайды:
* Ақ қағазды өнім;
* Офиске арналған канцелярлық тауар;
* Мектеп ассортименті;
* Профиссианалды суретшілерге арналған көркем материалдар;
* Компьютерлік аксессуарлар мен шығындар материалдары;
* Имидж сувенерлік өнім; тастан, қымбат бағалы металдан және кожадан жасалған тауарлар;
* Қосалқы тауарлар;
* Мектепке арналған оқулықтар, қазақ тіліндегі әдістемелік оқулықтар.

1.2 АБДИ Компани АҚ-ның корпоративтi басқару құрылымы

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар орнатылуы жəне мемлекеттің экономикасы жəне азаматтардың əл-ауқаты дамуына акционерлік қоғамдардың ролі ұлғайуына сəйкес жаңа шаруашылық жүйеге өтуге байланысты туындалған корпоративтік басқару проблемасының маңыздылығын түсінуін қажет етіп тұр. Экономиканың дамуының нəтижесінде нарықта көптеген инвестициялық ресурстарын шақырусыз қызметтерін ары қарай жалғастыра алмайтын компаниялар пайда болды, ал ол корпоративтік басқаруын жетілдірусіз жасалмайды. Корпоративтік басқару негіздерін енгізуінің маңыздылығын түсініп Эмитент Қоғамды корпоративтiк басқару кодексiн жасады.
АБДИ Компани АҚ Қоғамды корпоративтiк басқару кодексi Эмитенттің жалғыз акционерімен бекітілген (03.09.2007ж. № 43 шешім) жəне Директорлар кеңесімен мақұлданған (03.09.2007ж. № 2 хаттама).
11-1 Қоғам сатып алу кезінде акциялардың бағасын анықтау əдістеменің құрылтай жиналысымен немесе акционерлердің жалпы жиналысымен күні бекітіледі.
Қоғамда орналастырылған акцияларды сатып алу реті жəне акцияларды сатып алу бағасын анықтау əдістемесі туралы ереже жалғыз акционерлермен бекітіледі. (03.09.2007ж. № 43 шешім.) жəне Директорлар кеңесімен мақұлданған (03.09.2007ж. № 2 хаттама).

1.3 АБДИ Компани АҚ-ның органдары мен акционерлері

Акционерлік Қоғамның директорлар кеңесі.
1) Қоғам директорлар Кеңесінің мүшесі жəне төрағалардың тегі, аты, болған жағдайда əкесінің аты туған жылы (нұсқауда тəуелсіз (тəуелсіз) директорлар (директорлар): Исабекова Анар Есенкельдиевна, туған жылы 1976 - Директорлар Кеңесінің төрағасы. Есенбаев Малик Тулеубекович, туған жылы 1946, тəуелсіз директор. Байсалбаев Дастан Сабитович, туған жылы 1983, тəуелсіз директор, Мубаракшин Рафаил Фаритович, туған жылы 1980, Директорлар Кеңесінің мүшесі, Тулепова Мадина Сахиевна, туған жылы 1981, Директорлар Кеңесінің мүшесі, Бимендиев Əбдібек Шарбекович, туған жылы 1961, Директорлар Кеңесінің мүшесі.
2) тармақта көрсетілген тұлғалардың атқататын қызметі 1) қазіргі уақытта жəне соңғы үш жылда осы тармақ бойынша хронологиялық тəртіп, соның ішінде қосымша жұмыс:
Исабекова Анар Есенкельдиевна: ▪ 30.09.07ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы; ▪ 01.09.09ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Гроуп ЖШС директоры;
Есенбаев Малик Тулеубекович: ▪ 05.09. 12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директор; ▪ 14.06.11ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлар ҮмітЖЗҚ директорлар кеңесінің мүшесі; ▪ 08.10.10ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан инвестициялық компаниясы ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы; ▪ 01.08.07-28.02.12 жылдары БТА-КазахстанЖЗҚ АҚ БТА Банк АҚ ЕҚ директорлар Кеңесінің төрағасы;
Байсалбаев Дастан Сабитович: ▪ 05.09.12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі - тəуелсіз директор; ▪ 01.06.11ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - Банк ЦентрКредит АҚ шағын жəне орта кəсіпкерлік Департаментінің Орта бизнеске несиеге беру бөлімінің басшысы; ▪ 01.12.10-31.05.11 жылдары Банк ЦентрКредит АҚ ДКФ корпоративтік кəсіпкерлікті басқару бөлімінің басшысы; ▪ 01.11.2011 - 30.11.2010 жылдары ірі жəне орта кəсіпкерлікті басқару бөлімінің басшысы, Банк ЦентрКредит АҚ Корпоративті қаржы департаментінің ауыл шаруашылығын несиелеу бөлімі; ▪ 16.12.2006 - 15.02.2010 жылдары - шағын жəне орта бизнес Департаментінің өлкелік қаржыландыру бөлімінің бас маманы, Банк ЦентрКредит АҚ Орта бизнесті несиелендіру басқармасы; ▪ 16.02.2010 - 31.10.2010 - Шағын жəне орта бизнес Департаменті , ірі жəне орта кəсіпкерлікті басқару, ауыл шаруашылығын несиелеу бөлімінің бөлім басшысы; Мубаракшин Рафаил Фаритович: ▪ 05.09. 12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; ▪ 25.10.11-01.10.12 жылдары - АБДИ Компани АҚ маркетинг департаментінің маркетолог-аналитигі.
Тулепова Мадина Сахиевна: ▪ 05.09. 12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі; ▪ 21.10.08-01.04.10 жылдары АБДИ Компани АҚ гипермаркет директоры.;
Бимендиев Əбдібек Шарбекович: ▪ 30.09.07ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АБДИ Компани АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі; ▪ 27.11.07ж. бастап қазіргі уақытқа дейін АБДИ Компани АҚ Президенті.
3) дауыс беретін акциялардың жалпы санына директорлар Кеңесінің мүшесіне тəуелді Қоғамда дауыс беретін акциялардың жалпы санының пайызына байланысты: Директорлар Кеңесінің мүшесіне Қоғам акциясы тəуелді емес.
4)акцияның пайыздық арасалмағы (капиталдың жарғылық бөлігі), директорлар Кеңсінің мүшесіне тəуелді еншілес жəне тəуелді ұйымдар орналастырылған акциялардың жалпы санына (капиталдың жарғылық бөлігі) ұйым мəліметі: Қоғамдағы еншілес жəне тəуелді ұйымдарда Директорлар Кеңесінің мүшесіне (капиталдың жарғылық бөлігі) акциялар тəуелді емес. 5) алдыңғы екі жыл ішінде директорлар Кеңесінің құрамы көрсетілген себептерде өзгертіледі: 06.09.2012 жылда директорлар Кеңесінің құрамында келесі өзгерістер болды:
Дуйсенов К.М. Тəуелсіз директор- өз ынтасымен шығарылған.
Есенбаев М.Т. жəне Байсалбаев Д.С. - тəуелсіз директор болып тағайындалды.
Мубаракшин Р.Ф., Тулепова М.С. - директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Қоғамның директорлар кеңесінің комитеті.
1) Тағайындау жəне сыйлық бойынша директорлар Кеңесінің мүшесі.
2) Стратегиялық жоспарлау бойынша директорлар Кеңесінің комитеті.
Банк басқару бойынша əрекетті Тұрақтандырма банк уəкілетті тұлғаны көрсетеді (уəкілетті тұлға), іске асырады.
Ішкі аудит қызметі
Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды Ішкі аудит қызметі жүзеге асырады. (ІАҚ).
Ішкі аудит қызмет басшысы - Налтаев Жұмахан Тұребекович, 1972 жылы туған;
Аудитор - Арбаканов Данияр Слямбекович, 1985 жылы туған;
Аудитор - Имашева Гульмира Шубаевна, 1988 жылы туған;
Аудитор - Тлеулина Сания Габитовна, 1982 жылы туған;
Аудитор ассистенті - Джанпеисова Айжан Тоқтарбековна, 1986 жылы туған;
Аудитор ассистенті - Рысбекова Жұлдыз Батырбаевна, 1986 жылы туған.
Налтаев Жұмахан Тұребекович (ІАҚ басқаруды жүзеге асырады) ▪ 04.01.12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ басшысы; ▪ 06.10.11 - 04.01.12 жылдыры - АҚ АБДИ Компани ІАҚ басшысының міндетін атқарушысы; ▪ 01.02.09 - 06.10.11 жылдыры - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудиторы.
Арбаканов Данияр Слямбекович (тауар-заттық құндылықтар аудитін өткізу) ▪ 04.01.12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудиторы; ▪ 06.10.11 г.-04.01.12 жылдары - АҚ АБДИ Компани ІАҚ басшысының міндетін атқарушысы; ▪ 04.10.10 г. - 06.10.11 жылдары - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудитор ассистенті; ▪ 10.04.10 г. - 04.10.10 жылдары - АҚ АБДИ Компани корпоративті клиенттермен жұмыс істеу маманы.
Имашева Гульмира Шубаевна (тауар-заттық құндылықтар аудитін өткізу) ▪ 04.01.12ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудиторы; ▪ 19.09.11 - 04.01.12 жылдары - АҚ АБДИ Компани ІАҚ басшысының міндетін атқарушысы; ▪ 16.04.10 - 19.09.11 жылдары - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудитор ассистенті; ▪ 15.03.10 - 16.04.10 жылдары - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудитор ассистентінің міндетін атқарушысы; ▪ 09.10.09 - 15.03.10 жылдары - АҚ АБДИ Компани тауарларын кіріске алу маманы.
Тлеулина Сания Габитовна (тауар-заттық құндылықтар аудитін өткізу) ▪ 05.01.09ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудиторы
Джанпеисова Айжан Токтарбековна (тауар-заттық құндылықтар аудитін өткізу) ▪ 19.09.11ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудитор ассистенті; ▪ 15.12.09 - 19.09.11 г. - АҚ АБДИ Компани сауда залының 2-дəрежелі маманы.
Рысбекова Жұлдыз Батырбаевна (тауар-заттық құндылықтар аудитін өткізу) ▪ 06.10.11ж. бастап қазіргі уақытқа дейін - АҚ АБДИ Компани ІАҚ аудитор ассистент; ▪ 01.11.10 - 06.10.11 жылдары - АҚ АБДИ Компани өлкелерімен жұмыс істеу маманы; ▪ 04.05.08 - 01.11.10 жылдары - АҚ АБДИ Компани сауда залының операторы. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесінің жəне атқарушы органның құрамына сайлана алмайды. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады жəне өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді.
Акционерлік Қоғамның бірлескен алқалық (жеке дара) атқарушы органы.
Қоғамның жеке дара атқарушы органының кызметіндегі адамның тегі, аты, бар болса əкесінің аты, туған жылы, болмаса алқалық атқарушы орган мүшелерінің əрқайсының тегі, аты, əкесінің аты мен туған жылы жеке көрсетіледі. "АБДИ Компани" Акционерлік Қоғамның Жарғысына сəйкес (8,9- тармақ) Акционерлік Қоғамның жеке дара атқарушы органның кызыметін Президент атқарады. Президент - Бимендиев Əбдібек Шəрбекұлы - 1961 жылы 01 мамырда туылған. Қоғамның жеке дара атқарушы органының қызметін жүзеге асырушының немесе алқалық атқарушы органы қызметін жузеге асырушы əрбір мүшесінің соңғы үш жылдағы жəне казіргі қызметі, сонымен бірге бірлесе атқарған қызмет дəрежесі жазба дерек бойынша көрсетіледі. 2007 жылы 27 қараша бастап осы уақытқа дейін "АБДИ Компани" Акционерлік Қоғамның Президенті қызметін Бимендиев Əбдібек Шəрбекұлы атқарады. Қоғамның Жарлығында сəйкес Акционерлік Қоғамның Президенті: - Жалғыз Акционерлік Қоғамның шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; - Қоғамның атынан сенімхатсыз-ақ үшінші жақпен қатысты жұмыстарды жүргізе береді. - үшінші жақпен қатынас жасау үшін Қоғамды танытуға құқылы сенімхаттар береді; - Қоғам қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, оларды марапаттау шаралары, жұмыс тəртібіне қатысты шаралар қолдану, қызметкерлердің қызмет дəрежесіне сəйкес жалақы тағайындау, Қоғамның штат кестесіне сəйкес жалақыға қосымша ақы тағайындау, қызметкерлерге сыйақы мөлшерін белгілеумен айналысады;
- Акционерлік Қоғамға қатысты баска да қызметтерді жүзеге асырады.
Қоғам орналастырған акциялардың Қоғамның атқарушы органның қызметін жеке дара жүзеге асырушы адамға алқалық атқарушы органның кызметін атқарушы мүшелерінің əркайсына тиесілі пайыздық үлесі. Қоғамның Президенті Бимендиев Ə.Ш. Қоғамның акцияларымен иеленбейді
Проспектінің 12 жəне 13 пунктерінде көрсетілген тұлғалардың сыйақы мен жалақының жалпы сомасы 112 545 мың тенге.

1.4 АБДИ Компани АҚ-ның ұйыдастырушылық құрылымы

1) Акционерлік Қоғамның құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары жəне өкiлдiктерi.
Акционерлердің жалпы жиналысы (егер Қоғамның барлық дауыс беретін акциялары бір акционердің қолында болғанда, - аталған акционер); Директорлар кеңесі; Президент; Ішкі аудит қызметі Департаменттер: − Қаржы жəне экономикалық анализ; Бухгалтерлік есеп; Сату жəне аймақтық дамыту; Корпоративтік сауда; Импорт жəне СЭҚ; Ақпарат технологиялары; Маркетинг; Оқу құралдар; Көлік-қоймалық Комплекс; Əкімшілік. Бөлімдер: − Баға белгілеу бөлімі; Заңгер; Кеден рəсімдері бөлімі; HR - Бөлімі; Құрылыс; Қауіпсіздік бөлімі; Ішкі аудит қызметі; СМЖ менеджері. Филиалдар: − Ақтөбе; Ақтау; Астана; Атырау; Қарағанды; Көкшетау; Қостанай; Қызылорда; Павлодар; Петропавл; Семей; Талдықорған; Тараз; Орал; Өскемен; Шымкент.
2) Акционерлік Қоғамның қызметкерлерінің, оның ішінде эмитенттің
филиалдары мен өкілдіктері қызметкерлерінің жалпы саны: 723 адам.

Кесте 1. Компания қызметкерлерiнiң саны
Құрылымдық бөлiмшенің атауы
Саны
Алматы
Басқарма
8
Бухгалтерлік есеп Департаменті
13
Қаржы жəне экономикалық анализ Департаменті
3
Сату жəне аймақтық даму Департаменті
14
Корпоративтік сату Департаменті
21
Импорт жəне СЭҚ Департаменті
2
Заң бөлімі
2
Құрылымдық бөлiмшенің атауы
Саны
Баға белгілеу бөлімі
5
Оқу құралдар Департаменті
25
Ақпараттық технология Департаменті
10
Кеден рəсімдер бөлімі
1
Қауіпсіздік қызметі
37
Ішкі аудит қызметі
6
Көлік-қоймалық Комплекс
50
Маркетинг Департаменті
8
Əкімшіліктік Департамент
44
Қазыбаевтағы дүкен
12
Сəтбаевтағы дүкен
14
Гипермаркет
59
Абылай хандағы дүкен
2
Филиалдар

Ақтау
7
Ақтөбе
68
Астана
79
Атырау
44
Қарағанды
39
Көкшетау
26
Қостанай
5
Қызылорда
11
Павлодар
22
Петропавл
6
Семей
4
Талдықорған
18
Тараз
32
Орал
9
Өскемен
6
Шымкент
5

Акционерлік қоғамның құрылтайшысы (акционерлері).
Тіркеуші Бірыңғай тіркеуші АҚ-мен проспекті дайындалған күніне берілген бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмдері бойынша акционерлердің жалпы саны тарулы ақпарат (дана) (мемлекеттік тіркеу туралы куəлік № 113543-1910-АҚ 11.01.2012ж. берілген):

Кесте 2. Акционерлік қоғамның құрылтайшысы
Жай акциялар
Ұстаушылардың саны
БҚ саны
Заңды тұлға
1
2255
Барлығы
1

Кесте 3. 31.08.12ж. Эмитенттің төленген жарлық капиталының он жəне одан да жоғары пайыздары бар акционерлік Қоғам акционерлері
рс


Заңды тұлға болып табылатын акционердің толық жəне қысқартылған атауы немесе акционер - жеке тұлғаның тегi, аты, əкесiнiң аты
Акционердің орналасқан жері

10 пайыз жəне одан артық орналастырылғ ан акция иелі Акционерлерге басыбайлы дауыс құқығын беретін акциялардың пайыздык үлесі

1
АБДИ Гроуп. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (АБДИ Гроуп. ЖШС)

050050, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 465191

100,00

2002 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қоғамда орналастырылған акциялардың акционерлер 10 жəне оданда көп пайызбен иеленеді.
ЖШС АБДИ Гроуп жарлық капиталын 100 % үлесі бар иегері ЖШС АБДИ Гроуп ірі қатысушысы.

Кесте 4. Қоғамның ірі акционері болып саналатын он жəне одан жоғары орналастырылған акцияларды иеленетін мекемелер
рс №

Заңды тұлғаның атауы

Төленген жарғылық капиталда қатысу үлесінің пайызы
Заңды тұлғаның орналасқан жері

Қызмет түрі

Бірінші басшысын ың тегi, аты, əкесiнiң аты

1
АБДИ-Инвест Жауапкершілігі шектеулі қоғам

100
Ресей Федерацияс ы, Мəскеу қ., Рига даңғ. 3, 1 құрылыс

Кеңсе тауарларын, қағазды жəне басқа тауарларды көтерме жəне бөлшек сату
Кулинченко Людмила Олеговна

II АБДИ Компани АҚ-ның қызметіне сипаттама

2.1 Акционерлік қоғамның негізгі қызмет түрлеріне қысқаша сипаттама

Акционерлік Қоғамның бəсекелестері болып саналатын мекемелер туралы мағлұматтар. АБДИ Компани АҚ 1994 жылдың қыркүйек айында құрылып, кеңсе нарығында он жеті жылдан астам уақыт жұмыс істеуде. СССР құлағаннан кейін, Қазақстан барлық тауар жеткізушілермен байланысын жоғалтып алып, біраз уақыттар бойы елге кеңсе тауарлары немқұрайлы жеткізіліп отыратын, республиканың кеңсе нарығында нақты өндіруші жоқ болды. АБДИ Компиани АҚ өз қызметін Қазақстанға мектеп дəптерлерін көтерме топтамамен жеткізуден бастаған, кейіннен өнімнің түрлері кеңейе түсті. АБДИ Компани АҚ сауда орталығында көп сұраныс пен жеткіліксіз ұсыныстан ұзын кезектерден кейін, сауда желісін кеңейту мəселесі көтерілді. Жылдар өте өнімнің түрлері мен көрсетілетін сервис қызметі арта түсті.
АБДИ Компани АҚ бүгінгі таңда, кеңсе тауарларын, ақ қағаздар түрлері мен шығын материалдарын жеткізу жөнінде, қазақстандық бірінші компаниялардың бірі болып табылады жəне де Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды. Компанияның бас кеңсесі мен орталық қоймасы Алматы қаласында болғандықтан, тауардың жеткізілуі бір орталықтандырылып жүргізіледі. Компанияның филиалдары бар барлық қалаларда мектеп-жазу керек-жарақтар, кеңсе мен үйге арналған заттар, қағаздардың түр-түрі бар, əлемнің əйгілі сауда маркаларының 15 000 тауардан астам өнімі бар.
Қазіргі уақытта көптеген шетел компаниялары өз тапсырыстарын отандық өнім жеткізушілерге береді. Осы кезде тауар берушілерде кеңселік тауарлардың түр-түрі болғанымен қоса олардың сұранысты қанағаттандыратындай сан мөлшері болуы маңызды. Кеңселік тауарлардың нарықта өрістеуіне қарай, европалық өндірісте өндірілген неғұрлым сапалы, стильді, имиджді тауарлар қажеттілігімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта АБДИ Компани АҚ өз мəртебесі мен стиліне сəйкес қолдануларында əдемі əрі құнды əйгілі таңбалардың тауарлары болуын қажет ететін клиенттері бар. Бұл əсіресе банктерге, мұнайгаз, тау-кен, темекі компанияларға жəне шетел өкілеттер мен біріккен кəсіп орындарға қатысты. АБДИ Компани АҚ бизнесінің стратегиясы сервистік құрайтын максималды дамытуға бағытталған. Компания менеджерлерінің əр клиенттің қажеттіліктеріне жекедара көңіл бөлулері өтініштерді қысқа мерзімдерде қарастыру, ең талғамды клиенттердің тілектерін орындау жəне корпоративтік клиенттерге ерекше жағдайларды ұсынуға мүмкіндік береді. Таурлардың кең таңдауы, қызметтердің толық комплексі, жайлы атмосфера жəне тауарлардың бағасы мен сапасының керемет ұштасуы компапнияға көптеген клиенттерінің қажеттіліктерін уақытылы жəне сапалы қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Заманауи, жайлы, евопалық стиліндегі орталықтандырылған сервистік жүйемен қамтамасыз етілген компанияның супермаркеттері мен қоймалары АБДИ Компани АҚ-на жыл сайын өзінің іскерлік репутациясын мінсіз жұмыспен растай отырып бүгінгі күнде сатудың үш деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді: бөлшек, көтерме жəне корпоративтік. Компанияның мақсаты өзінің сауда желісі, корпоративтік қызмет көрсету жəне өзінің клиенттеріне əр түрлі бағалық жəне əлемдік сапа деңгейінде таңдау құқығын беру арқылы Қазақстан Республикасының жəне Орта Азияның халқының мектепке кеңсеге арналған кеңсе тауарлардағы, шығыс материалдарындағы жəне ілеспе тауарлардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Компания Қазақстанның барлық үлкен қалаларында: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Қостанай, Ақтобе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Балқаш кең сервистік желісі бар. Қазақстанның 14 қаласында 25 фирмалық дүкендер соның ішінде 8 үлкен супермаркеттер жұмыс істейді. Компанияның жалпы сауда көлемдері 13 мың шаршы метрді құрайды, қойма көлемдері 20 шаршы метрді құрайды. Таратылған сервистік желісі бар болғандығы компанияға тұтынушылардың үлкен бөлігінің сұрауларын ең қысқа мерзімдерде жəне толық көлемде қанағаттандыруына мүмкіндік береді. Компанияның заманауи əдемі бірегей архитектуралық стилінде соғылған жəне техника мен транспортпен қамтамасыз етілген суперматкеттері Қазақстанның əрбір қаласында компанияның визит карточкасы болады. Қазақстанның барлық аймақтарында бірдей тауарлар түр-түрі, бірдей сервис, бірдей сату саясаты, бірдей баға саясаты бар. Филиалдар арасындағы оперативтік байланыс бірдей жəне ең қысқа мерзімдерде тауарларды бір қалада жасалған жəне төленген келісім шарт бойынша тауарды жеткізуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне қызмет көрсету жүйесі, тауарларға бос қол жеткізуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың маркетинг қызметін басқару әдістемесі
Әсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі
Кәсіпорында маркетингті жоспарлау
Кәсіпорындағы маркетингтік қызмет
Кәсіпорын қызметінде маркетингті жетілдіру
Маркетингтік орта
Маркетинг түрлері
«АБДИ» компаниясының қаржысын басқаруды талдау және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну
Пәндер