Заңды тұлғаларды қайта құру және мемлекеттік тіркеу.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды маңызды білім береу «Болашақ» колледжі.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: . . .

Тақырыбы:Заңды тұлғаларды қайта құру және мемлекеттік тіркеу.

Орындаған: . . .

Ғылыми жетекшісі: . . .

Қарағанды 2015ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Заңды тұлғаларға жалпы сипаттама . . . 4

1. 1Заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік тіркеу . . . 5

1. 2Заңды тұлғаларды қайта құру және қызметін тоқтату . . . 9

2. Заңды тұлғалардың жіктелу негіздері және түрлері . . . 11

2. 1Заңды тұлғалардың банкроттылығы . . . 24

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

АК 45 бабының 1-тармағы бойынша қайта ұйымдасудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырудың бес нысанын - қосуды, біріктіруді, бөлуді, бөліп шығаруды, өзгертуді - көрсеткен.

1994 жылғы ҚР АК-сі Қазақстан заңнамасында заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп екі топқа бөлді. АК 34 бабына сәйкес бірінші топқа өз қызметінен табыс табуды көздейтін ұйымдар жатады. Ал коммерциялық емес ұйым табыс табуды басты мақсат деп тұтпайды және алынған табысты қатысушылар арасында бөлмейді. Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қарлмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән -мағнасы неле деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий «мемлекттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғпның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруаылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды» Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған»егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.

Академик А. В. Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген. а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.

Ал ғалым Д. М. Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі»,

А. А. Пушкиннің «ұйымдастыру ілімі», Е. А. Суховтың «мақсатты мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға «адамдардың қатынасы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориалық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К. Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикциаға жүгінеді, абстракциалық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал немесе ғалым Гирке болса, «органикалық теориянынң» тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теориада) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.

Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.

Осы курстық жұмысты орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.

Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол заңды тұлға ұғымына тоқталу, және осы заңды тұлға құрамына кіретін қатысушылардың құқықтық жағдайын ашып көрсету және де осы заңды тұлға тақырыбына жазылған курстық жұмыста ең өзекті мәселе оның маңыздылығын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны үш тараудан тұратын, яғни негізгі бөлімнен, кіріспе бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар - азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден -бір салық төлеуші субьект. .
Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.

Мұдағы менің басты міндеттім:

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:

  • Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
  • Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

1. Заңды тұлғаларға жалпы сипаттама

Заңды тұлға деп жеке өзіндік жарғысы, банкте есеп-шоты бар, ресми мекеме тізбегінен өткен іскер мекемені айтамыз. «Заңды тұлға» деген ұғым жалпы коммерциялық мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге қатысты қолданылады. Мекеменің теориялық мінездемесін сипаттайтын мынандай белгілер бар:

мүліктік және мүліктік емес тұрғыда оқшау болуы;

белгілі бір құқықтар мен міндеттерді белгілейтін заңды мәртебесі, бұл оны құқықтық қатынастың субъектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді;

мекеменің атауы және оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының болуы, бұл оны міндеттемелері бойынша жауапкершілік объектісі мен нысаны ретінде қарауға мүмкіндік береді.

Даулы сәттерде жоғарыдағы анықтама заңды тұлғаның барлық белгілерін қамтиды.

Заңды тұлға ұғымы мүлікпен бірге, білім беру саласында, дінде, сонымен қатар басқа да қызмет түрлерінде ұжымдық мүддені рәсімдеуде кеңінен қолданылады.

Заңды тұлғаның негізгі қызметтері ретінде Е. А. Богатых мыналарды ұсынады:

шаруашылық қызметті жүзеге асыру (табыс табу) ;

шаруашылық емес қызметті жүзеге асыру, мұнда мәдениет, ғылым, білім беру, саясат және т. б. салаларда қызмет көрсетуі.

Шаруашылық қызмет - капиталды біріктіру бойынша (акционерлік қоғам) немесе қызмет пен мүлікті біріктіру бойынша (толық серіктестік) немесе капиталды бөлу бойынша (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) жүзеге асырылады.

Кейбір авторлар заңды тұлғаның қызметін белгілеуде оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.

А. М. Мұхамеджанова және С. А. Сарина заңды тұлғаның мынадай түрлерін көрсетеді:

- заңды тұлға ұйымның еркін толығымен көрсете отыра, қатысушылардың арасында ішкі қатынастарды ұйымдастырады және оған өз атынан азаматтық-құқықтық мәмілені жүзеге асыруға (сатып алу - сату, сыйға тарту) мүмкіндік береді;

  • заңды тұлға - капиталды ұзақ уақытқа біріктірудің кепілі болып табылады; заңды тұлғаның мүліктік тәуекелі нақты мекеменің капиталындағы салым көлемімен шектеледі;

Заңды тұлғаның белгілері дегеніміз - бұл ұйымның азаматтық-құқықтық қатынастың субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін қасиеттері.

Қазақстандағы барлық заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтеді, көбінің мөрлері бар және банкте есеп шоттары бар, бірақ та бұлар заңды тұлғаның мәнін ашпайды.

Заңды тұлғаның белгілері төртке бөлінеді, бұлардың әрқайсысы қажетті, ал барлығы бірге, ұйымды азаматтық-құқықтық қатынастың субъектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді:

  1. Ұйымдық бірлік. Бұл заңды тұлғаның белгілі иерархиасын, басқару органдарының бағыныштылығын, қатысушылардың ара қатынастарын сипаттайды.

Бұл бірлік - құрылтай құжаттарымен және заңды тұлғаның белгілі бір түрінің құқықтық жағдайын реттейтін нормативтік актілермен бекітіледі.

  1. Егер де тұлғаларды бір ұжымдық бірлестікке біріктіру үшін ұйымдастырушылық бірлік қажет болса, онда мүліктік оқшауланушылық осындай бірлестіктің қызметінің материалдық базасын құрады.

Қандай да тәжірибелік қызмет үшін тиісті құралдар қажет болады (техника, білім, ақша құралдары) .

Мүліктік оқшауланушылық барлық заңды тұлғаларға тиісті, ол басынан қалыптасады, себебі, жарғылық капиталды қалыптастырудан басталады.

  1. Заңды тұлғаның жеке азаматтық-құқықтық жауапкершілік қағидасы. Осы қағида бойынша заңды тұлғаның әрбір қатысушысы немесе мүлік иесі, оның міндеттемесі бойынша жауапты емес, ал заңды тұлға олардың міндеттемелері бойынша жауапты емес. Әрбір заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша жеке тұрғыда азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болады. Мұның алғышарты ретінде заңды тұлғаның дара мүлкінің болуы, осы мүлік бойынша кредиторларға жауап беруін айтуға болады.
  2. Азаматтық айналымға өз атынан шығуы. Бұл дегеніміз өз атынан азаматтық-құқықтарға және міндеттерге иелену және жүзеге асыру мүмкіндігі, сонымен бірге сотта талапкер және жауапкер ретінде қатысуы. Аталмыш белгі заңды тұлғаның қорытынды белгісі және нәтижелік мақсаты болап табылады

Заңды тұлғаның атауының болуы басқа ұйымдардан айыра алуға мүмкіндік береді. Заңды тұлғаның атауы - азаматтық-құқықтық субьектінің қажетті алғышарты болып табылады [ҚР АК 1-33 б. ] .

1. 1 Заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік тіркеу.

Заңды тұлға нормативті актілермен, азаматтық заңнамамен, кей заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық құқықтық нысандары туралы заңдармен реттелетін белгілі қағидаларға сүйеніп құрылады.

Заңды тұлғаны құру қажеттілігі экономикалық қажеттілікпен, мекемеге керекті материалдық шарттармен, нарықтық және тұтынушылардың сұранысына сай тауарларды өндірумен туындайды.

Заңды тұлғаларды тіркеуге мемлекеттік органдардың қатысуына орай заңды тұлғалардың құрылуының келесі әдістері бар:

1. Өкімдік тәртібі. Мұнда, заңды тұлға құрылтайшылардың өкімі бойынша пайда болады, арнайы мемлеккеттік тіркеу қажет етілмейді. КСРО - да көптеген мемлекеттік мекемелер осы тәртіп бойынша құрылған. Себебі, жоспарлы экономика жүйесінде басты рольді мемлекет атқарған, оның азаматтық қоғамнан биік болуы мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді.

Нарықтық экономикасы бар елдерде осы реттілікті заңды тұлғалардың құрылуының өзі келу тәртібі алмастырады. Осы реттілік үшін арнайы мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі жоқ, мекеме құрылуы үшін құрылтайшылардың заңды тұлға ретінде әрекет етеміз деген еркінің болуы ғана қажет. Біздің елімізде кәсіптік одақтар осы реттілік бойынша құрылған.

2. Заңды тұлғалардың ұйымдастырылуының келесі жолы рұқсат ету тәртібі. Мұнда мекеме құзыретті органның рұқсатымен ұйымдастырылады. КСРО - да көптеген қоғамдық және кооперативтік ұйымдар құрылған. Қазіргі кезде заңнама тиімсіз деген желеумен тіркеуден бас тартуға жол бермейді. Рұқсат ету тәртібі кей заңды тұлғалардың үйымдыстырылуын сақталып қалды. Мысалы, банктік қызмет атқару үшін құрылатын заңды тұлғаларға ҚР Ұлттық банкінің рұқсаты қажет.

Заңды тұлғалардың құрыу тәртібі ҚР АК-нің 452-бабына сай нормативті тәртіпті бекітеді.

Заңды тұлғалардың құру үшін заң құрылтай құжаттардың болуын талап етеді. Осы құжаттарға жарғы және құрылтай шарт жатады. Осы құжаттардың екі функциясы бар:

Сыртқы функцияны атқара отыра, олар жалпыға заңды тұлғалардың нысанының ерекшелігі, оның құқықтық қабілеттілігі, атауы, ұйымдастырушылық құрылымы, орналасқан жері туралы және басқа да мәліметтерді жеткізеді. Құжаттардың мазмұны өзгеретін болса, онда үшінші тұлғаларға жаңа ережелер мемлекеттік тіркеуден кейін жеткізіледі.

1. Ішкі функцияны атқара отыра, олар заңды тұлғалардың құрылтайшылары арасында мүлікті құруға олардың қатысуы, заңды тұлғалардың табысын бөлу, басқару және басқа сұрақтар бойынша ара қатынастарын белгілейді.

Әр қилы заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаттардың құрамы әр түрлі. Жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғамдар, ассоциациялар, одақтар құрылтай шарт және жарғы негізінде әрекет етеді. Шаруашылық серіктестіктер құрылтай шарт негізінде қызмет атқарады. Ал басқа заңды тұлғалар үшін бекітітін құжат ретінде жарғы табылады.

Құрылтай шарт бекітіледі, ал жарғы құрылтайшылар арасында келісіледі.

Құрылтай шарт дегеніміз - бұл заңды тұлғалардың құрылуы және қызмет атқару барысында құрылтайшылар арасындағы ара қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық шарт. Ол тек жазбаша бекітіледі, ал өз күшіне бекітілген сәттен бастап енеді. Егер де коммерциялық мекеме бір адаммен бекітілетін болса, онда құрылтай шарт бекітілмейді.

Коммерциялық мекеменің және мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарында заңды тұлғалардың қызметінің пәні және мақсаты көрсетілуі керек.

Құрылтай шартта тараптар заңды тұлғаларды құруға міндеттеме береді, оны құрудағы бірлескен қызметтің реттілігін негіздейді, өз мүлкін меншікке беру шарттарын көрсетеді.

Шарт бойынша құрылтайшылар арасында табыс пен шығынды бөлу, заңды тұлғаларды басқару, құрамнан шығу шарттары және реті негізделеді, оны жарғымен бекітеді ( егер де, осы қызмет түрі үшін керек болса) .

Жарғы құрылтай шартқа қарағанда бекітілмейді, керісінше бекітушілермен келісіледі. Бірақ та бұл айырмашылық принциптік сипатта емес.

Жарғыға барлық демеушілер қол қоймайды, құзыретті тұлғалар (төрағасы және құрылтай жиналысының хатшысы) қол қояды. Жарғы заңды тұлғаларды тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.

Заңды тұлғалардың жарғысында оның атауы, орналасқан жері, басқару органдарының қалыптасу реттілігі, қайта ұйымдасу және қызметінің тоқтатылуы белгіленеді.

Егер де бір адаммен бекітілсе, онда оның жарғысында мүлікті құрылу және табысты бөлу реттілігі белгіленеді.

Жарғымен барлық қызығушылық көрсеткен тұлғалар қатысуға құқылы.

Заңды тұлғалардың басты белгісі ретінде оның атауы және орналасу орны табылады.

Қандай да болмасын заңды тұлғалардың атауы оның құру үшін құқықтық нысанын көрсетуі қажет. Мысалы, толық серіктестіктің фирмалық атауы «толық серіктестік» деген сөзді енгізуі керек.

Заңды тұлғалар бекітілген фирмалық атауы меншіктік құқықтың объектісі болып табылады. Егер де тұлға басқа заңды тұлғалардың фирмалық атауын қолданған болса, онда ол міндетті түрде қолдануды доғаруы қажет және алып келген шығынды өтеуі керек.

Заңды тұлғалардың орналасу орны ретінде заңды тұлғалардың құжыттарында басқа шарттары көрсетілмеген сәтте мемлекеттік тіркеу болған жер табылады.

Заңды тұлғалардың орналасу орнының мәні:

Біріншіден, заңды тұлғаларға салық салу үшін

Екіншіден, валюттік-экспорттық реттеу мақсатында оның резиденттілігі туралы сұрақтарды шешу үшін;

Үшіншіден, соттық дауларда және соттылық анықтауда.

Заңды тұлғалардың құрылу тәртібі және құрылтайшылардың әрекеттерін қанағаттандыратын талаптар заңды тұлғаларды белгілі бір түрлері туралы заңнамада көрсетілген.

Заңды тұлғалардың құрылу кезеңдері:

  • Нақты бір өндіріс тауарларын, жұмыс түрлерін өндіру үшін жаңа мекемені құру идеясының пайда болуы;
  • Жаңа технологияларды, еңбек құралдары мен заттарын қолдану мүмкіндігін зерттеу және анықтау;
  • Мекеменің нарық қажеттілігін қанағаттандыра алатындығын зерттеу;
  • Тауарларды жеткізушілерді, қажетті өндіріс факторларын (материалдар, шикізат, құрал-саймандар, энергиялық ресурстар, ақпараттар және т. б. ) ескеру
  • Мекеменің құрылтайшыларын іріктеу;
  • Жарғылық капиталын құру үшін қаржылық көздерді белгілеу;
  • Құрылтай құжаттарды және бизнес-жоспарларды құру;
  • Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және меншік нысанына орай мекемені құру бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізу;
  • Мекемені мемлекеттік тіркеу, қажетті есеп шоттарды банкте алу.

Заңды тұлғаларды тіркеу үшін келесі құжаттар керек:

  • Құрылтайшылардың тіркелу туралы өтініші, ұйымның жарғы, құрылтай шарт, тіркелу салығын төлегенін куәландыратын құжат;
  • Мөрлерді даярлау;
  • Мемлекеттік салық органдарында, ҚР Зейнетақы қорының жергілікті органында, әлеуметтік сақтандыру қорында және медициналық сақтандыру қорында есепке тұру.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі

Мемлекеттік тіркеу заңды тұлғалардың құрылуының соңғы кезеңі болып табылады. Осыдан бастап ұйым туралы негізгі мәліметтер заңды тұлғаларды жалпы мемлекеттік реестіріне енгізіледі және жалпыға танысу үшін мүмкіндік туады.

АК 42 бабына сай заңды тұлғалар мемлекеттік әділет органдарында тіркеуге тұруы қажет. Тіркелу заңнамамен белгіленеді. Заңды тұлғалардың құрылу тәртібінің сақталмауы немесе құру құжаттарының сәйкес еместігі заңды тұлғалардың тіркелуіне рұқсат бермеуге соқтырады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сонымен бірге, осындай тіркеуге тұрғызбау сотта қаралады.

АК 42 бабына сай заңды тұлғаларды түріне қарамай мемлекеттік тіркеу жүргізілуі керек. Заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілікке және әрекеттік қабілеттілікке иеленуі мемлекеттік тіркеуге тұрудан басталады.

Тіркеудің мәні мынада:

  • заңды тұлғалардың пайда болу фактісінің дәлелденуі:
  • елдегі барлық заңды тұлғаларды мемлекеттік тұрғыда есепке алуға мүмкіндік береді;
  • заңды тұлғаларды мемлекеттік бақылауға алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
  • жариялық шарт құрылады, тіркеу органдары арқылы қызығушылық танытқан тұлға заңды тұлғаларды сипаттайтын құжаттармен таныса алады.

1995 жылы 17 сәуірдегі ҚР Президентінің Жарлығына сай ҚР Әділет органдары:

  • заңды тұлғалар мемлекеттік реестірін тіркеуге және жүргізуге құқылы
  • заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу бойынша әдістемелік басшылыққа құқылы
  • заңды тұлғалар және әділет министрлігінің аумақтық органдарының талаптарына сай екендігін бақылауға құқылы
  • ҚР аумағында тіркелген және жойылған заңды тұлғалар тізімін квартал сайын басуға құқылы
  • заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу сұрақтары бойынша аймақтық органдарының әрекеттеріне деген шағымдарды қарастыруға құқылы.

Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуі қажетті құжаттары бар өтініш берген күннен бастап, 15 күн ішінде жүргізіледі, ал қоғамдық бірлестік 10 жұмыс күні ішінде астында көрсетілген жағдайлар анықталған болса, онда тіркелу органы көрсетілген мерзімді тоқтата алады, бұлар:

  • өтініш беруші құжаттарды толығымен ұсынбаса;
  • ұсынылған құжаттарда кемшіліктер анықталса;
  • құрылтай құжаттардың мазмұны бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы қажет болса;
  • ҚР заңнама актілерінде көрсетілген басқа да негіздер болса.
  1. Заңды тұлғаларды қайта құру және қызметін тоқтату

Заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуы оның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде болады. Сонымен бірге, заң бойынша уақытша тоқтатылу мәселесі ескерілген. Қайта құрылу барысында қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттері немесе жарты бөлігі құқықтың басқа субъектісіне ауысады.

Заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырылуы бірнеше тұлға ұйымдардың бірігу жолымен, заңды тұлғалардың басқасына бірігуімен, заңды тұлғалардың бірнеше ұйымдарға бөлінуімен, ұйым құрамынан басқа заңды тұлғалардың басқа заңды тұлғалардың бөлініп шығуымен немесе заңды тұлғалар ұйымдастырулық-құқықтық нысанның ауысуымен жүзеге асады.

Қайта ұйымдасу, заңды тұлғалар қатысушыларының шешімі бойынша жүргізіледі. Келісім бойынша, бірақта заң бойынша коммерциялық ұйымдар мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастырылуы мүмкін. АК 45 бабы 3 тармағы.

АК 45 бабының 1-тармағы бойынша қайта ұйымдасудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырудың бес нысанын - қосуды, біріктіруді, бөлуді, бөліп шығаруды, өзгертуді - көрсеткен.

Қайта ұйымдастырылу нысанына орай, ол бөлу балансы немесе беру актісі бойынша жүргізілуі мүмкін. Біріктіру, ену, қайта құру барысында құқықтың жаңа субъектісі пайда болады.

Қосу кезінде екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сай жаңадан пайда болған заңды тұлға өтеді.

Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқықтық мирасқоры болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Заңды тұлға құру
Заңды тұлғаны құру тәртіптері
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты заңды тұлғаның құқықтық жағдайы
Заңды тұлғаның құқық субъектілігі
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz