Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Сакирова К. К.
Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050301 - «Заңтану» мамандығы
Қарағанды - 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісінің
міндетін атқарушы
доцент
В. Е. Сухотерин
2011ж. «___»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының
теориялық және қолданбалық мәселелері»
050301 - «Заңтану» мамандығы
Орындаған: . . .
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы . . .
Қарағанды - 2015ж.
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің заң факультетінің сырттай оқу бөлімінің студенті К. К. Сакированың «Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері» атты тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына
СЫН ПІКІР
К. К. Сакированың дипломдық жұмысының тақырыбы «Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері» өзекті болып табылады. Соңғы жылдары, Республикамызда тіркелген қылмыстардың жалпы көлемі азайғанымен, кейбір өңірлерде қылмыс саны толастар емес. Мемлекетіміздің бірқатар аймақтарында қылмыс санының өсуі белең алуда.
Дипломдық жұмыс қылмыстылықпен күресу барысындағы іздеу жұмысының теориялық және тәжірибелік мәселелерін зерттеуге арналады. Қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісіндегі іздеу шараларының түрлері мен олардың жүзеге асырылуы және іздеу жұмысын жүзеге асырушы жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық ерекшеліктері кеңінен талданады.
Жұмыс өзінің теориялық және практикалық жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. Дипломдық жұмыстың зерттеудің негізгі мақсаты-жедел-іздестіру қызметі және криминалистикалық теориялармен салыстырмалы тұрғыда талдау арқылы қылмыстылықпен күресу үдерісіндегі іздеу жұмысының жаңа ғылыми негіздерін сараптау, оған жаңаша пікір айту, баға беру. Бұл жас теория криминалистика және жедел-іздестіру қызметі теорияларымен шектеседі. Аталмыш кешенді теорияның құрылуы мен дамуы іздеу жұмысын жүзеге асыру барысында жедел-тергеу топтарын ұйымдастырудың маңызды аспектілеріне және жалпы іздеу жұмысының өзекті мәселелеріне қатысты көзқарастар құру қажеттілігін негіздейді де, қылмыстылықпен күресу үдерісінің жалпы жүйесіндегі іздеу жұмысының криминалистикалық және жедел-іздестіру бағыттарын жетілдіру бойынша жаңа ғылыми негізделген теориялық ережелер мен әдістемелік ұсыныстарды қарқынды құру жолымен ғана жүзеге асырылады.
Аталмыш мақсатқа жету үшін К. К. Сакирова дипломдық жұмысына мынадай міндеттер қойды:
- қылмыстылықпен күрестің жалпы жүйесіндегі іздеу жұмысына, оның аталмыш үдерісте алатын орны мен маңызының өзекті мәселелеріне жалпы теориялық және әдістемелік талдау жүргізу;
- іздеу жұмысының мәні мен маңызын зерттеу және осы негізде қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша тергеу бөлімдері және криминалды полиция аппараттары тәжірибесінің маңызды жүйелерінің бірі ретінде оның түсінігін кұрастыру;
- іздеу жұмысы мен іздестіру қызметінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырмалы тұрғыда анықтау;
- іздеу жұмысының жеке түрлерінің қызметтік ерекшеліктерін анықтау және оның категориялық жүйесін кұру;
- қылмыстылықпен күресу барысында құрылатын іздеу болжамдарын құру және тексеру үдерісіндегі ерекшеліктерді айқындау;
- жедел-тергеу топтарының мәні мен маңызын, олардың қызметтік-мақсаттық тағайындалуын, іздеу жұмысын жүзеге асыру барысындағы ұйымдастыру-басқарушылық мәселелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды сараптау.
Жұмысты зерттеу барысында К. К. Сакирова практикадан көп мысал келтірген.
Қылмыстылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының іздеу жұмысының тиімді ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын қарқынды жетілдіру жолына әсер етуші факторлар кешені қарастырылды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметінің дағды-қалыптарын айқындап көрсететін мәліметтер тереңінен зерттелді.
Дипломдық зерттеуде диалектика және тану теорияларының негізгі қағидалары қолданыс тапты. Жүйелі-құрылымдық және салыстырмалы, статистикалық талдау, жүйелі-қызметтік және жағдайлық көзқарас, сауалнама жүргізу, санаттау әдістемесі қолданылды. Қылмыстардың жеке түрлерін ашу мен тергеу бойынша жедел-тергеу топтарының жұмысы тәжірибе арқылы тексерілді. К. К. Сакирова осы саладағы ғылыми еңбектерге түбегейлі талдау жүргізе отырып, іздеу топтарының жаңа да толық түсінігін ұсынады: Іздеу топтары ішкі істер органдарының жедел қызметкерлерін және қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша іздеу қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қатыстырылатын басқа тұлғаларды (жәбірленушілерді, куәларды және тағы басқаларды) қамтитын, қылмыстық іс бойынша анықталған міндеттерді шешуге арналып құралатын арнайы ұйымдастырылған құрылымдар.
Жедел-тергеу топтарын құру мен іске қосу үдерісінде туындайтын өзекті мәселелер талданып, олардың неғұрлым тиімді ұйымдастыру-басқарушылық құрылымы ретінде бағдарламалы-мақсаттық басқарумен аралас түрде ұйымдастырылған түрі ұсынылды.
Автор бірінші бөлімде қылмыстылықпен күресу үдерісінде іздеу шараларын жүзеге асырушы іздеу топтарының қызметіне тоқталған, қылмыстарды ашу мен тергеу барысында жүргізілетін іздеу-бөгеу шараларының кешенін қарстырып өткен. Екінші бөлімде іздеу-талдау, ақпараттық-бағыттау шараларының ерекшеліктері мен жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық мәселелерін қарстырып өткен.
К. К. Сакированың «Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері» тақырыбына жазылған бітіру жұмысына ұсыныстық сипаттағы кемшіліктерді айта кететін болсам:
1. Қылмыстылықпен күресу үдерісінде жүргізілетін іздеу-бөгеу, және ақпараттық-бағыттаушы шараларының ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуына ерекше көңіл бөлген.
2. Жұмыста техникалық қателіктер кездеседі.
3. Автор қылмыстылықпен күрестегі іздеу жұмысының өзекті мәселелерін шешу үшін өз ой-пікірін жеткілікті деңгейде білдірмеген.
К. К. Сакированың Жоғарыда аталып өткен кемшіліктер тек ұсыныстық сипатта берілген. Жалпы жұмыс объективті түрде, терең зерттелген, барлық талаптарға сәйкес орындалған.
Сакирова Кырмызының дипломдық жұмысына “өте жақсы” деген бағаға бағалаймын.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚК - Қылмыстық кодекс
ЖІҚ - Жедел-іздестіру қызметі
ҚІЖК - Қылмыстық іс жүргізу кодексі
ІІО - Ішкі істер органдары
КІІО - Көліктегі ішкі істер органдары
ҚАІІО - Қалалық, аудандық ішкі істер органдары
ІІМ - Ішкі істер министрлігі
ІІД - Ішкі істер департаменті
КІІД - Көліктегі ішкі істер департаменті
ЖПБ - Жол полициясының басқармасы
ЖПб - Жол полициясының бөлімшесі
ІІБ - Ішкі істер басқармасы
ҚІІБ - Қалалық Ішкі істер басқармасы
ЖІШ - Жедел-іздестіру шаралары
ААІЖ - Автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі
ЖБО - Жедел басқару орталығы
БжҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ӘМ - Әділет министрлігі
ҚАЖК - Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті
ТБ - Тергеу бөлімі
КПБ - Криминалды полиция басқармасы
КПб - Криминалды полиция бөлімі
¥ҚК - ¥лттық қауіпсіздік комитеті
ТҚБ - Техникалық қызмет басқармасы
КАЕ - Криминалды ақпарат есебі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
I-тарау. Қылмыстылықпен күресу үдерісіндегі іздеудің ұйымдастырушылық тактикалық негіздері . . .
1. 1 Қылмыстылықпен күресу үдерісінде іздеу шараларын жүзеге асырушы іздеу топтарының қызметі . . .
1. 2 Қылмыстарды ашу мен тергеу барысында жүргізілетін іздеу-бөгеу шараларының кешені . . .
II-тарау. Іздеу тактикасындағы ақпараттық-бағыттау шараларының ұйымдастыру ерекшіліктері . . .
2. 1 Іздеу-талдау, ақпараттық-бағыттау шараларының ерекшеліктері . . .
2. 2 Жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық мәселелері.
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша (лар) . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс «Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелеріне» арналады. Қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісіндегі іздеу шараларының түрлері мен олардың жүзеге асырылуы және іздеу жұмысын жүзеге асырушы жедел-тергеу топтарының ұйымдастыру-басқарушылық ерекшеліктері кеңінен талданады.
Тақырыптың өзектілігі: Республикамызда тіркелген қылмыстардың жалпы көлемі азайғанымен, кейбір өңірлерде қылмыс саны толастар емес. Мемлекетіміздің бірқатар аймақтарында қылмыс санының өсуі белең алуда.
Бұны 2009-2010 жылдар аралығында елімізде тіркелген барлық қылмыстардың облыстарға бөлгендегі деңгейінен (1-кесте) [дурыстап жазу керек] .
Кесте 1 - 2009-2010 жылдар аралығында елімізде тіркелген барлық қылмыстардың облыстарға бөлгендегі деңгейі.
2009 ж. I жар.
Қылмыстар- дың саны
Халықты 10 мыңға шаққандағы қылмыстылық деңгейі
Қылмыстар-дың саны
Халықты 10 мыңға шаққандағы қылмыстылық деңгейі
Тіркелген қылмыстар санының өсуімен қоса, қылмыстың жасалу деңгейі жоғарылады, қылмыскерлердің қылмыстарды куәларсыз, із қалдырмай жасауға іскерліктері арта түсті.
Қылмыстардың статистикалық талдауына сүйенетін болсақ, олардың өсуі республикамыздың бірқатар аймақтарында қасақана және қасақана-қинау
қылмыстардың көбеюімен ерекшеленеді. Еліміздегі күрделі саяси, қоғамдық-экономикалық және бүкіл әлемдік қаржылық-эконоикалық дағдарысқа қатысты қалыптасқан өзгерістерде қылмысқа қарсы белсенді әрекет ету мәселесі алғашқы кезектегі мемлекеттік іс-шаралар тізімінеенді. Мемлекет азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қанағаттанарлық түрде атқаруға тырысатыны сөзсіз. Алайда, қоғам құқық қорғау органдарынан ойларынан шығатын статистикалық мәліметтерді емес, айқын іс-қимылдарды және солардың нәтижелерін күтуде. Бұндай сипаттағы бұрыннан туындаған талапты қолдану қылмыстардың кез келген түрімен кресу үдерісінде өзгерістер жасауға бағытталған материалды-қаржылық, ғылыми-әдістемелік және басқа да жағдайлар жасауға деген мақсат пен жүйелі көзқарас арқылы қамтамасыз етілуі қажет.
Қылмыстың құрылымдық ұйымдасуы мен қылмыстың кәсіптілігі, ауыр және аса ауыр қылмыстардың жылдан жылға өсуі қазіргі қоғам үшін қауіп төндіруде. Айқын жағдайларда жасалған қылмыстарды тек қана қылмыстық іс жүргізу заңнамасы реттейтін іс-қимылдар мен шаралар арқылы ашу және тергеу үдерісі күрделі болып қана қоймай, кейде оларды анықтау мүмкін бола бермейді.
Кейбір қылмыстар, өздерінің латенттілігіне байланысты, анықталмай қала береді. Ал көптеген қылмыстардың ашылмай қалуына негізгі себептердің бірі ретінде жасалған қылмыстардың іздерін, қылмыс жасауда сезіктілерді дер кезінде анықтамау немесе осы мақсаттағы шаралар кешенін уақытылы және тиімді жүзеге асырмау орын алады. Бұл аталған өзекті мәселе қылмыстарды тек ашу барысында ғана емес, сонымен қатар, тергеу үдерісінде жүзеге асырылатын іздеу жұмысының тиімділігіне қатысты қозғалып отыр. Осыған сәйкес, қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы іздеу жұмысын түбегейлі жетілдіруге бағытталған өзекті мәселелердің кешенін өндеу айрықша маңызға ие болмақ. [2. 71. ] .
Қылмыспен күресудің тиімділігі көптеген факторларға, соның ішінде ғылыми-зерттеулердің маңыздылығын арттыруға, жедел-іздестіру қызметі теориясы мен криминалистика ғылымының қарқынды дамуына, олардың құқық қорғау органдарының тәжірибелік кызметіне жедел енгізілуіне қатысты болып келеді. Құқық қолдану тәжірибесі бұрыннан бері қылмыстарды ашу мен тергеудің ұйымдастырушылық, тактикалық, процессуалдық, соның ішінде іздеу құралдары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру бойынша кешендік ғылыми өндеулерді қажет етеді.
Қылмыспен күресуде тиімді нәтижелер алудың қажетті жағдайы құқық қорғау органдары қызметінің жоғарғы ғылыми және кәсіптік деңгейі, қылмыстарды ашу мен тергеудің ғылыми әдіс-тәсілдерін кеңінен жедел-тергеу тәжірибесіне енгізу болып табылады. Бұл жедел-тергеу тәжірибесін түбегейлі талдау, заң және басқа да ғылымдар кешенінің жетістіктерін қолдану негізінде
қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша құқық қорғау органдары қызметінің
ғылыми негіздерін өңдеуді талап етеді.
Соңғы он жылда іздеу қызметінің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелерін кешегі зерттеу жұмыстары жеткілікті дәрежеде зерттелді деп айта алмаймыз. Бұл көптеген өзекті мәселелердің аз зерттелгендігіне және іздеу қызметі теориясына қатысты ой-пікірлердің қажетті деңгейде дами алмауына әкеліп соқты. Бұл, ең алдымен, іздеу қызметі теориясының неғұрлым жалпы мәселелеріне, оның интеграциялық үдерісін заңды тұрғыда зерттеуге қатысты. Біздің ойымызша, ғылыми білімдердің интеграциялық үдерісін дамыту қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігін мақсатты түрде жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал осы бағыттағы кешенді көзқарас ғылыми зерттеулердің неғұрлым жалпы және тиімді құрылымдарының нақты нысандарын анықтауға жол ашады. [3. 221. ] .
Тергеу бөлімдері мен анықтау органдарының, дәлелдеу үдерісіне қатысушы басқа да ұйымдар мен тұлғалардың өзара іс-қимылының неғұрлым тиімді нысаны ретінде қарастырылатын жедел-тергеу топтары қызметінің негізгі мәселелерін талдау да аталмыш тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың зерттеудің негізгі мақсаты жедел-іздестіру қызметі және криминалистикалық теориялармен салыстырмалы тұрғыда талдау арқылы қылмыстылықпен күресу үдерісіндегі іздеу жұмысының жаңа ғылыми негіздерін сараптау, оған жаңаша пікір айту, баға беру. Бұл жас теория криминалистика және жедел-іздестіру қызметі теорияларымен шектеседі. Аталмыш кешенді теорияның құрылуы мен дамуы іздеу жұмысын жүзеге асыру барысында жедел-тергеу топтарын ұйымдастырудың маңызды аспектілеріне және жалпы іздеу жұмысының өзекті мәселелеріне қатысты көзқарастар құру қажеттілігін негіздейді де, қылмыстылықпен күресу үдерісінің жалпы жүйесіндегі іздеу жұмысының криминалистикалық және жедел-іздестіру бағыттарын жетілдіру бойынша жаңа ғылыми негізделген теориялық ережелер мен әдістемелік ұсыныстарды қарқынды құру жолымен ғана жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмыста мынадай міндеттер қойылған:
- қылмыстылықпен күрестің жалпы жүйесіндегі іздеу жұмысына, оның аталмыш үдерісте алатын орны мен маңызының өзекті мәселелеріне жалпы теориялық және әдістемелік талдау жүргізу;
- іздеу жұмысының мәні мен маңызын зерттеу және осы негізде қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша тергеу бөлімдері және криминалды полиция аппараттары тәжірибесінің маңызды жүйелерінің бірі ретінде оның түсінігін кұрастыру;
- іздеу жұмысы мен іздестіру қызметінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырмалы тұрғыда анықтау;
- іздеу жұмысының жеке түрлерінің қызметтік ерекшеліктерін анықтау және оның категориялық жүйесін кұру;
- қылмыстылықпен күресу барысында құрылатын іздеу болжамдарын құру және тексеру үдерісіндегі ерекшеліктерді айқындау;
- жедел-тергеу топтарының мәні мен маңызын, олардың қызметтік-мақсаттық тағайындалуын, іздеу жұмысын жүзеге асыру барысындағы ұйымдастыру-басқарушылық мәселелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды сараптау.
Зерттеудің объектісі. Іздеу жұмысының объективті заңдылықтары және оның қылмыстылықпен күресу барысындағы теориялық, құқықтық,
ұйымдастырушылық мәселелері. Қылмыстылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының іздеу жұмысының тиімді ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын қарқынды жетілдіру жолына әсер етуші факторлар кешені қарастырылды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметінің дағды-қалыптарын айқындап көрсететін мәліметтер тереңінен зерттелді.
Тәжірибелік маңызы. Қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісіндегі іздеу жұмысын жүзеге асырудың тиімді нысандарының бірі ретінде жедел-тергеу топтарын құру мен іске қосудың теориялық және тәжірибелік мәселелерімен қатар, арнайы өнделген сауалнамалар арқылы жиналған тәжірибелік қызметкерлердің пікірлері мен құқық қорғау органдарының тәжірибесінде көрініс тапқан зерттеу объектісіне қатысты қылмыстық істерді талдау.
Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық зерттеуде диалектика және тану теорияларының негізгі қағидалары қолданыс тапты. Жүйелі-құрылымдық және салыстырмалы, статистикалық талдау, жүйелі-қызметтік және жағдайлық көзқарас, сауалнама жүргізу, санаттау әдістемесі қолданылды. Қылмыстардың жеке түрлерін ашу мен тергеу бойынша жедел-тергеу топтарының жұмысы тәжірибе арқылы тексерілді.
Зерттеу барысында біз А. Н. Балашовтың, Р. С. Белкиннің, A. В. Дуловтың, Ф. Ю. Бердичевскидің, И. Е. Быховскидің, А. Н. Васильевтің, В. К. Гавлоның,
И. Ф. Герасимовтың, Ф. В. Глазыринның, Л. Я. Драпкиннің, А. Я. Дубинскидің,
М. Ермековтің, А. А. Закатовтың, Е. П. Ищенконың, B. Н. Карагодиннің, Е. Ф. Коноваловтың, Н. К. Құсайыновтың, В. П. Лавровтың, А. М. Лариннің, И. М. Лузгиннің, Қ. Б. Манаповтың, В. А. Образцовтың, Л. Д. Самыгинның, Н. А. Селивановтың, В. И. Шикановтың, Ю. И. Шостоктың, Н. П. Яблоковтың, Н. Я. Якубовичтың және жедел-іздестіру қызметі, криминалистика, заң психологиясы, логика, қызметті ұйымдастыру мен тиімді басқару және зерттеу теориясы, сонымен қатар қазіргі ғылымның осы және басқа да салаларында танымал ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.
Дипломды жұмыстың қалыпты-құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, қазіргі заңнамалар, қылмыспен күресуді және заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының қалыпты-құқықтық актілері құрайды.
1 Қылмыстылықпен күресу үдерісіндегі іздеудің ұйымдастырушылық-тактикалық негіздері
1. 1 Қылмыстылықпен күресу үдерісінде іздеу шараларын жүзеге асырушы іздеу топтарының қызметі
Әрине, еліміздегі заңға қарсы іс-қимылдарды, демек, қылмыстылықпен күресу барысында ұйымдастырушы-басқарушылық сипаттағы қиындықтарды жою тергеушілер мен жедел қызметкерлердің іздеу-барлау және ақпараттық-зерттеу қызметін жүзеге асыру мен жетілдіруге, олардың тактика-психологиялық мүмкіндіктерін маңызды түрде арттыруға жағдайлар туғызады. Бұл, өз кезегінде, құрылған іздеу топтарымен қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісінде қалыптасқан жағдайларды тиімді шешу нәтижелелерін және іздеу-бөгеу шараларының тиімділігін арттырады.
Іздеу топтары дегеніміз - ішкі істер органдарының жедел қызметкерлерін және қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша іздеу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қатыстырылатын басқа тұлғаларды (жәбірленушілерді, куәларды және т. б. ) қамтитын, қылмыстық іс бойынша анықталған міндеттерді шешуге арналып құралатын арнайы ұйымдастырылған құрылымдар.
Біз Л. Д. Самыгиннің пікірін қостай отырып, іздеу-бөгеу шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру үдерісін - тек іздеу ғана емес, сонымен қатар, іздеу болжамдарын құрумен, іздеу кестелерімен, іздеу міндеттерін шешу тәсілдерімен, қылмыс жасауда сезіктілердің орналасу орнын болжаумен және оларды анықтап, ұстаумен қамтамасыз етілетін ойлы қызмет деп түсінеміз.
Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, нақты осы іздеу топтарымен зерттелетін іздеу жағдайы ғана криминалистика мен жедел-іздестіру қызметі теориясының жалғаспалы ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігіне жол ашады, себебі бұл ғылыми санат олардың шиеленісу аймағында орналасқан. Екі ғылымның ғылыми аппараттарына тергеу жағдайларының бір түрі ретінде «іздеу жағдайын», «өзекті мәселелі жедел-іздестіру жағдайын» [4, 19. ] . және басқаларын енгізу, біздіңше, екі жеке ғылымның ынтымақсатығы мен өзара әрекеттесігіне объективті тұрғыдан әсер етеді, криминалистика ғылымын қылмыстарды ашу мен тергеу үдерісіндегі құқық қорғау органдарының тергеу және жедел аппараттарымен іздеу қызметінің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы туралы біліммен маңызды түрде толықтырады.
Іздеу жағдайы іздеу-бөгеу жұмысының кез келген кезеңіндегі іздеу және басқа да сипаттағы ақпараттардың көлемімен анықталады. Аталмыш ақпараттардың толық түрде тіркелуі, әсіресе, шаралардың мақсатын анықтауда, оған жету нұсқаларын таңдауда, тергеуші мен жедел қызметкердің мүмкіндіктер кешенін анықтауда, олармен таңдалған іс-қимыл нұсқасын жүзеге
асыруда маңызыды.
Қылмыстырды ашу мен тергеу барысында тергеуші мен қызметкердің іздеу
қызметінде «қарыс әсер етуші» деп аталатын күрделі жағдайлар туындайды. Ол өзіндік факторлар тізбегімен мінезделеді, мысалы: уақыт пен ақпараттың аздығы, іздеу жағдайының белгісіздігі мен болжамды мінезі, қабылданушы шешімдер үшін жоғары жауаптылық. Ең алдымен, оларға келесілерді жатқызуга болады:
- әр түрлі объектілердің, демек, жедел көңіл бөлінетін ақпарат қайнар көздері бар екендігінің әр дәрежелі болжамдығы;
- іздеудегі объектілердің нақты сипаттамаларының жоқтығы;
- іздеудеғі объектілердің жоғалып кету мүмкіндігі;
- мақсатқа жетпеуді негіздейтін жағымсыз салдардың пайда болу мүмкіндігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz