Паскаль программалау тілі



Мазмұны.

1. Курстық жобалаудың тасырмасы.

2. Курстық жобалаудың орындау графигі.

3. Кіріспе.
3.1 Паскаль программалау тілі.
3.2 Паскаль тілінің негізгі элементтері.
3.3 Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары
3.4 Мәлімет типтері.
3.5 Паскаль тілінде программа дайындау жолдары.
3.5.1 Программа құрылымы.

4. Модельдер және модельдеу түрлері.
4.1 Модель түрлері.
4.2 Таңбалық және вербальдік ақпараттық модельдер.
4.3 Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.
4.4 Модельдеудің негізгі кезеңдері.

5. Блок схема құрылымы.

6. Программаның түсінігі.
6.1 Алгоритмнің түсінігі.

7. Қолдану ережесі.

8. Программа.

9. Программаның нәтижесі.

10. Қорытынды.

11. Қолданылған әдебиеттер.
3. Кіріспе.
3.1 Паскаль – программалау тілі.
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцарлық ғалым Никлаус Вирт оқып – үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСЕК тілдерінде қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
11. Қолданылған әдебиеттер
1. Авторлары : Б. Бөрібаев. Б. Нақысбеков Т. Мадиярова. “Инфарматика және есептеуіш техника негіздері”. Алматы – 2002.
2. Авторлары: Г.Г.Рапаков. С.Ю.Ржецукая.
“Turbo Pascal для студентов и школьников ”. «БХВ - Петербург» - 2005.

Мазмұны.

1. Курстық жобалаудың тасырмасы.
2. Курстық жобалаудың орындау графигі.
3. Кіріспе.
1. Паскаль программалау тілі.
2. Паскаль тілінің негізгі элементтері.
3. Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары
4. Мәлімет типтері.
5. Паскаль тілінде программа дайындау жолдары.
3.5.1 Программа құрылымы.
4. Модельдер және модельдеу түрлері.
1. Модель түрлері.
2. Таңбалық және вербальдік ақпараттық модельдер.
3. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер.
4. Модельдеудің негізгі кезеңдері.
5. Блок схема құрылымы.
6. Программаның түсінігі.
1. Алгоритмнің түсінігі.
7. Қолдану ережесі.
8. Программа.
9. Программаның нәтижесі.
10. Қорытынды.
11. Қолданылған әдебиеттер.

1. Курстық жобалаудың тапсырмасы.
Turbo Pascal тіліндегі модельге блок схема құрып және программасын
жазу.

2. Курстық жобалаудың орындау графигі.
Мақсаттарды орнатып қоюы. 5.10.2007-5.11.2007
Мақсатты зерттеу және шешім әдісің 8.11.2007-21.11.2007
таңдау.
Алгоритм құрылымы. 25.11.2007-29.11.2007
Бағдарламаның жазылуы. 2.12.2007-15.12.2007
Бағдарламаның жөнделуі. 18.12.2007-20.12.2007
Түсіндіргіш анықтаманың дайындалуы.22.12.2007-23.12.2007

3. Кіріспе.
3.1 Паскаль – программалау тілі.
Паскаль тілін 1968 - 1971 жылдары швейцарлық ғалым Никлаус Вирт оқып
– үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің
стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН,
БЕЙСЕК тілдерінде қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние
жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде
жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын
компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен
трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға
түрлендіріледі де содан кейін ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі
алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объектік кодтағы жазылған программа.
Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал
программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы
нұсқасы өңделеді.
Қазіргі кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең
таралған стандартты оқу тіліне айналды.

3.2 Паскаль тілінің негізі элементтері.
Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару
барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай
өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға
шығарылатыны айтылады.
Паскаль тілінде программа жеке –жеке жолдардан тұрады. Оларды теру,
түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол
немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда
немесе оператор орналаса алады, олар бір – бірімен нүктелі үтір (;) арқылы
ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол
түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі
және операторлар бөлімі.
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның
тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау
бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді
объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның
күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы
мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі Паскаль тіліндегі
программа құрылымы
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end

бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер,
командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ
атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке – жеке жолдарға жазылып
біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі
шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша
программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі
әрекеттерді қарастырайық.
Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде
қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе
солардың адрестері.
Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе
еңгізу – шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.
Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді
меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.
Шартты түрде атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына
байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе
басқа командалар жиыны орындалады.
Цикл – белгілі бір шарттар орындаған жағдайда көрсетілген командалар
жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен
беріледі.
Көмекші программа – алдын ала қандай да бір атаумен атымен аталған
командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету
арқылы шақырылып атқарыла береді.
Түсініктеме – программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері
арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған
сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер
етпейді.

3.3 Программалау тілінің синтаксистік диаграммалары.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура – тіктөртбұрыш
және эллипс (кейде дөңгелек) кең пайдаланылады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің
анықталатын элементтері (бейтерминалды символдар), ал эллипс ішінде
терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады.

Синтаксистік диаграммалар құрылымы
Диаграмма құрылымы бойынша жылжу, яғни оны оқу бағыты бағыттауыш
арқылы көрсетіледі.
Синтаксистік диаграммаларды пайдаланып, тілдің дұрыс конструкциясын
түсіну үшін көрсетілген бағыт бойынша бір фигурадан екінші фигураға қарай
жылжыту қажет. Бір емес бірнеше тармақталған бағыт көрсетілген жағдайда,
олардың кез келгенін таңдап алуға болады. Егер сол бағытта басқа
диаграммаларға сілтеме тұрса, онда сол жаңа диаграммаға еніп, сондағы
көрсетілген бағыт бойынша жылжи отырып, одан шығып, бастапқы диаграммаға
қайтып оралу қажет. Егер жылжу бағытында нүкте кездессе, онда бұл тармақтың
тек Турбо Паскаль тіліне ғана қатысты екені белгілі болады, яғни бұл
мүмкіндікті стандартты Паскаль тілінің кеңейтілуі деп ұққан жөн.
Программлау тілдерінің синтаксистік диаграмалары мен BNF тәсілінің
мүмкіндіктері тіл ережелерін көрсету үшін бірдей деп есептеледі.
Атау – идентификатор (identification – объектінің белгілі бір
символдар тіркесіне сәйкестігі бекіту) программаны және программадағы
тұрақтылықтарды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды тағы
басқаларды белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификаторлар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрін,
функцияларды, программаларды, процедураларды, файлдарды тағы басқа
программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Идентификаторлар-
міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын
атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру
және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ
оларды өте қысқартпай мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы: X,
X1, CYMMA. P23PS6. DT54AS. ALFA. Baga2. SALMAK. OMEGA2 тағы басқалар.
Идентификаторлар стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау)
болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы (компьютерді пайдаланушы
адам) өзі тағайындайды.
Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері
типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың,
процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін
енгізген, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL
(нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (тұрақты), SIN, COS
(тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE,
TRUE (логикалық мәндер) тағы басқа ағылшын тілінің қысқарған сөздері.
Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да түйінді сөздер жай
атаулар ретінде қолданылмайтын стандартты идентификатор болып есептеледі.
Олар: AND, ARRAY, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF тағы басқа
олардың толық тізімі жоғарыда берілген.
Өзіміз тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты
идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс, мысалы: L12, BAGA, SYT, F105, MATA.
Біз мысал келтіріп, қарастырып отырған тіл – Турбо Паскаль деп аталатын
дербес компьютерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы, мұнда
идентификаторлар тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері және
цифрларды ғана пайдалануға рұқсат етілген.
Тұтынушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша
тағайындаған шама аттары, яғни стандартқа кірмейтін идентификаторлар
жатады. Олар төмендегі талаптарға сай құрылуы қажет.
1. Атау тек латын әріптерінен (астын сызу _ белгісі де әріп болып
саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да
әріптен де бастала береді.
2. Атаудың алғашқыдан кейінгі символдары әріптерден, цифрлардан немесе
астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.
3. Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі
болуы қажет.
4. Атаудағы символдар саны 127- ден аспауы қажет.
5. Атауда бас әріптер мен кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етілген,
олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транслятор үшін ешбір айырмасы
жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды пайдаланға жөн, мысалы,
ZatNomiri, BujmBagasj тағы басқа.
Тұрақты немесе константа.
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері
өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орныдалу
барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау
бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар
сандық, символық, логикалық және тіркестік (integer, real, boolean, char,
string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true
(ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Символдық және тіркестік (строковый - string) мәндер үшін орыс, қазақ
алфавитінің әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады.
Олар апостроф ішіндегі таңбалармен (литерлермен) жазылады, мысалы, ‘S=’,
‘ қосындысы‘,‘ функцияның мәні‘, ‘y=’ және тағы басқа.
Тұрақтыларға мысалдар:
Бүтін – x=-25; y=1936; z=123;
Нақты – x=2.14; y=4E15; z=-0.5e -12; beta =- 250.0;
Символдық – s = ‘c’; s1 =’һ’; s2=’9’; s3= ‘ ‘ ;
Логикалық – B1= true; B2= false;
Тіркестік - C = ‘ Turbo Pascal’;
Тұрақтыларға бейстандарт идентификатор атау ретінде берілуі тиіс. Егер
программада оны құрастырған иесінің аты бірнеше рет кездесетін болса,
онда оны тұрақты түрінде берген жөн, өйткені бұл ат кейіннен өзгеріске
ұшырамайды.
Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді
сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі (форматы)
төмендегідей:
Const
Mening_atim= ‘Бақыт Бөрікбайұлы‘;
Max =1000;
Min=0;
Mektep_nomiri=121;
Паскаль тілінің қордағы түйінді сөздерімен алдын ала анықталған
тұрақтылар бар, олардың кейбірі төмендегі кестеде көрсетілген.

Идентификатор Типі Мәні Сипатталуы
True Boolean True Ақиқат
False Boolean False Жалған
Maxint Integer 32767 Ең үлкен
бүтін сан мәні

Aйнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді
қабылдай алатын шамаларды атайды. Олар идентификатормен белгіленіп, әр
уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: ALFA,
Y, X3, KOSINDI, BAGA, A1B8 тағы басқалар. Айнымалы атауы оның орындайтын
міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Айнымалылар атауы
сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін
қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазу пішімі:
Var идентификатор : тип
Мысалы:
Var A, B : integer;
Sum, baga : real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым
айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x,y,result,
number_of_student.
Индексті айнымалыларға жиым элементтері жатады.
Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін
шамалардың реттелген тізбегі. Жиым элементтерінің барлығы да бір типті
болуы тиіс. Индекс жиым элементтерінің нөмерін көрсетеді де, тік жақшаның
ішінде жазылады. Жиымдар бір, екі, үш өлшемді бола береді. Индекстер
үтірмен бөлініп жазылады. Сипаттау бөліміндегі жиым array түйінді сөзімен
белгіленеді. Индекстің ең үлкен және кіші мәні сипаттау бөлігінде міндетті
түрде көрсетіледі, мысалы,
S: array [1..50] of real;
Mas: array [1..10, 1..10] of char;
Alfa: array [n1..n2] of integer;

3.4 Мәліметтер типтері.
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері
Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Мәліметтердің немес шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын
мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды
айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін
сипаттама.
Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын
орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады,
оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.Ал, IBM және РС
мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады
(IBM РС). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген
тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана
сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып
табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде
пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.
Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым)
және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық
(қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип
(тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:
• Бүтін – INTEGER;
• Нақты – REAL;
• Логикалық – BOOLEAN;
• Тіркестік – (STRING);
• Мәтіндік (TEXT) тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтері жиымдар – ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар- SET және
файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы
қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап – ақ
ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның
сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге
болады:
Type тип атауы = тип мәндері;
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес 1 және 0 деген
мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың –
логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал 0 сол
шарттың орындалмайтынын – тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән
программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (0)
болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде
қабылдай алады, мысалы, ‘R’,’Л’,’%’ тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның
кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау
қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп
аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі не кемуі
бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер
пайдаланылады:
• Бүтін типтер – SHORTINT, INTEGER, LONGINT, BYTE, WORD;
• Нақты тип – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
• Логикалық – BOOLEAN;
• Симводық – CHAR;
• Ауқымды (диапозонды) тип;
• Саналатын тип;

3.5 Паскаль тіліндегі программа дайындау жолдары.
3.5.1 Программа құрылымы.
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок
ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен
тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол
мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс - әрекеттерді (операцияларды,
амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші
негізгі бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі
(глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті
(локальді) блок деп аталады.
Негізгі блок – негізгі программа блогы, сондықтан ол басқа блоктарға
кірмеуі тиіс. Жергілікті блоктарға процедуралар мен функциялар кіреді,
олар кейбір программаларда болмауы да мүмкін.
Программалардың негізгі объектілері болып саналатын айнымалы, тұрақты
және олардың типтері орналасқан блогына байланысты басты немесе жергілікті
деп аталады. Программа объектілерінің де жұмыс істеу, ықпал ету аймағы сол
өздері орналасқан блокпен шектеледі. Блоктық құрылым программа мәтінін
тиянақты түрде қатесіз құрастыруға мүмкіндік береді.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын (атауын) жазбай кетуге де
болады, бірақ жалпы Паскаль тілінің стандарты бойынша программада тақырып
болуы қажет.
Сонымен Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан
кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар
бөлімі болуы керек.Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1) Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының
тізімі (ол uses түйінді сөзімен басталады);
2) Белгілерді (label) сипаттау;
3) Тұрақтыларды (const) сипаттау;
4) Мәліметтер типтерін (true) анықтау;
5) Айнымалыларды (var) сипаттау;
6) Процедураларды (procedure) сипаттау;
7) Функцияларды (function) сипаттау;

4. Модельдер және модельдеу түрлері.
Адамзат ертеден – ақ объектілерді, процестерді, әр түрлі саладағы
құбылыстарды зерттеу барысында модельдеу (қасиеттері ұқсас шағын үлгісін,
баламасын салу) тәсілін қолданып келеді. Осы зерттеулердің нәтижелерін
нақты объектілер мен процестердің қасиеттерін анықтауда, құбылыстардың болу
себептерін ашуда, жаңа объектілерді құрастыру мен ескілерін талдауда тағы
басқа маңызды орын алады. Модельдеу – адамның өз іс әрекетін алдын – ала
жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.
Адам қолымен жасалған абстрактылы немесе материалды объектілер модель
бола алады. Модельді талдау нәтижесінде нақты күрделі объектіні тереңірек
білуге мүмкіндік туады. Мұндағы шын мәніндегі нағыз табиғи объект, яғни
нақты объект прототип немесе түпнұсқа (оригинал) деп аталады.
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам
әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу
мақсатында олардың моделін құру.
Тұпнұсқаның зерттемей оның моделін құрудың қандай пайдасы бар деген
заңды сұрақ туындайды. Біріншіден, модельдеу үшін уақыт ешқандай кедергі
келтірмейді. Белгілі деректерге сүйене отырып, гипотеза немесе ұқсастық
әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге
болады. Екіншіден, түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы
мүмкін. Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу
үшін, оның бір қатар қасиетін ескермей жасаған модельдер түпнұсқаға
қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.
Объектілердің модельдері ретінде әдеби шығармалар немесе
архитектуралық ғимараттың кішірейтілген көшірмесі, мектептегі оқу құралдары
тағы басқа алынуы мүмкін. Модель сутегі атомы, күн жүйесіндегі планеталар,
елдегі парламент, үкімет құрылымы тағы басқа нақты өмірде бар дүниені
бейнелеуі мүмкін. Бірақ модель ретінде нақты бір заттын абстрактылы
қорытындысын көрсетуге болады. Киім үлгісін насихаттайтын модель жеке
ерекшеліктері немесе кемшіліктері бар нақты адамды емес бір стандартты
идеал адам бейнесін елестетеді.
Табиғат апаттарын алдын ала болжау мақсатында, тірі табиғат
құбылыстарын зерттеу үшін олардың модельдері жасалады. Орыс ғалымы және
Ломоносовтың досы – академик Георг Рихман XVIII ғасырдың басында магниттік
және электр күштерінің табиғатын зерттеу үшін, болашақта пайдалану
мақсатында олардың модельдерін жасады. География пәніңде табиғат
құбылыстарын оқу барысында нақты жағдайға емес (сел, дауыл, жер сілкінісі),
олардың адамға тигізген зардабына ғана тоқталамыз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда модельдің прототипі ретінде ортақ
қасиеті бар құбылыстар немесе объектілер тобы алынып отыр. Объектілердің
немесе құбылыстардың моделінде түпнұсқаның қасиеттері, яғни олардың
сипаттамалары мен параметрлері бейнеленеді.
Процестердің де моделін құруға, яғни материалдық объектімен жасалатын
іс - әрекеттерді модельдеуге болады. Оған мысал ретінде экономиқалық немесе
экологиялық процестерді, әлем немесе қоғам дамуын айтуға болады.
Әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінде белгілі бір мәселені шешу
немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның
орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу
тағы басқа әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай
жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің
моделі жасалады.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін.
Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда
болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Паскаль тілінде сызықтық программалармен жұмыс
Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Компьютердің негізгі орындаушысы - процессор
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Turbo Pascal жүйесінде жолдарды ұйымдастыру технологиясы
TURBO PASCAL ИНТЕГРАЛДЫҚ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Пәндер