Көмірсулар



Көмірсулар табиғатта кең тараған заттар, олар барлык өсімдік және жануар ағзаларының құрамына кіреді. Көмірсулар өсімдіктердің құрғақ зат массасына шаққанда 80%, жануарлар ағзаларының 2%, ал қанның 0,1% құрайды. Көмірсулар мысалдарына құрамы (С6Н10О5)n формуласымен өрнектелетін глюкоза немесе жүзім қанты (С6Н12О6), 0амыс немесе қызылша канты (С12Н22О11) және крахмал немесе целлюлозаны келтіруге болады. «Көмірсулар» деген атауды 1844 жылы К. Шмидт ұсынған. Бұл атау осы қосылыстар тобының алғашқы белгілі өкілдерін анализдеу негізінде пайда болды. Зерттеу нәтижесінде осы топ заттарының көміртектен, сутектен, оттектен тұратыны және сутек пен оттек атомдарының сандық қатынасы су молекуласындағыдай, яғни сутектің екі атомына оттектің бір атомы келетіні анықталған. Осы айтылғандарға сәйкес көмірсулардың жалпы формуласы: Жақша сыртына n-ді шығарсақ Сm(Н2О)n деген «көмірсулар» атауына дәл келетін формуланы аламыз.
Алайда, кейінірек кейбір көмірсулардың құрамындағы сутек пен оттектің сандық қатынасы судағыдай емес екені анықталды, мысалы, рамноза С6Н10О4 мен дезоксирибоза С5Н10О4. Солай болса да әдебиетте кең тараған, орнығып қалған бұрынғы атау сақталып қалды. «Көмірсулар» атауын бұл қосылыс класының құрамын көрсетпейтін термин ретінде глюцидтер кең тараған көмірсу – глюкоза атауына негізделген терминге ауыстыру мүмкін болмады.
Көмірсуларды гидролизге түсуіне байланысты үш топқа бөлуге болады

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КӨМІРСУЛАР
Көмірсулар табиғатта кең тараған заттар, олар барлык өсімдік және
жануар ағзаларының құрамына кіреді. Көмірсулар өсімдіктердің құрғақ зат
массасына шаққанда 80%, жануарлар ағзаларының 2%, ал қанның 0,1% құрайды.
Көмірсулар мысалдарына құрамы (С6Н10О5)n формуласымен өрнектелетін глюкоза
немесе жүзім қанты (С6Н12О6), 0амыс немесе қызылша канты (С12Н22О11) және
крахмал немесе целлюлозаны келтіруге болады. Көмірсулар деген атауды 1844
жылы К. Шмидт ұсынған. Бұл атау осы қосылыстар тобының алғашқы белгілі
өкілдерін анализдеу негізінде пайда болды. Зерттеу нәтижесінде осы топ
заттарының көміртектен, сутектен, оттектен тұратыны және сутек пен оттек
атомдарының сандық қатынасы су молекуласындағыдай, яғни сутектің екі
атомына оттектің бір атомы келетіні анықталған. Осы айтылғандарға сәйкес
көмірсулардың жалпы формуласы: Жақша сыртына n-ді шығарсақ Сm(Н2О)n
деген көмірсулар атауына дәл келетін формуланы аламыз.
Алайда, кейінірек кейбір көмірсулардың құрамындағы сутек пен оттектің
сандық қатынасы судағыдай емес екені анықталды, мысалы, рамноза С6Н10О4 мен
дезоксирибоза С5Н10О4. Солай болса да әдебиетте кең тараған, орнығып қалған
бұрынғы атау сақталып қалды. Көмірсулар атауын бұл қосылыс класының
құрамын көрсетпейтін термин ретінде глюцидтер кең тараған көмірсу – глюкоза
атауына негізделген терминге ауыстыру мүмкін болмады.
Көмірсуларды гидролизге түсуіне байланысты үш топқа бөлуге болады (1-
сызбанұсқа).

1-сызбанұсқа

ГЛОКОЗА
Молекула құрылысы. Глюкоза (жүзім қанты) - аса кең тараған моносахарид.
Глюкозаның құрамын И.Берцелиус анықтаған, оның молекулалық формуласы
С6Н12О6. Глюкоза молекуласында біршама көміртек, сутек және оттек
атомдарының болуы оның молекуласында сәйкес функционалдық топтар бар
екендігін мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде молекула қаңқасында
тармақталмаған алты көміртек атомынан тұратын тізбек бар екені анықталды.
Глюкоза молекуласында гидроксил тобы бар деп жорамалдайық. Оны дәлелдеу
үшін жаңа дайындалған мыс (II) гидроксидінің тұнбасына глюкоза ерітіндісін
құямыз, сонда көпатомды спирттерге тән ашық-көк ерітінді түзіледі. Бұл
тәжірибе глюкозаның көпатомды спирттерге жататынын растайды. Гидроксил
тобының сан мелшерін зертханалық жағ-дайда анықтау қиын емес. Мұны 1869
жылы орыс ғалымы A.A.Колли эксперимент жүзінде іске асырды. Ол глюкозаның
бір молекуласымен сірке қышқылының бес молекуласынан түзілген күрделі эфир
алды. Демек, глюкоза молекуласында бес гидроксил тобы бар. Енді қалған
алтыншы көміртек атомының сипатын білу үшін глюкоза ерітіндісін күміс (I)
оксидінің аммиактағы ерітіндісінен қосып қыздырамыз, сонда альдегидтерге
тән күміс айна түзілгенін байқаймыз. Олай болса, глюкоза молекуласында
альдегид тобы бар.
Осы деректерден:
а) глюкозада көміртек атомдарының тізбегі тармақталмаған;
ә) глюкозада бес гидроксил тобы бар және олар көміртектің бес атомында
орналасқан, өйткені бір көміртек атомында гидроксил тобының саны біреуден
асатын болса, қосылыс тұрақсыз болады;
б) глюкозада альдегид тобы тек көміртек тізбегінің басында ғана
орналаса алады. Глюкоза құрылысын мына формуламен өрнектеуге болады:

Осы формулаға сәйкес глюкоза альдегидке де, спиртке де жатады, яғни ол
альдегидоспирт. Бұл формула әрқашанда оның құрылысына сәйкес келе бермейді.
Мысалы, глюкоза альдегидтерге тән кейбір реакцияларға түспейді. Олай болса,
глюкоза сызықты құрылысты пішіннен басқа бір альдегид тобы болмайтын
пішінге өте алады деп жорамалдауға болады. Көміртек атомдарының тізбегі
түзу сызықты емес, иілген және осы тізбекте көміртек атомдарын біріктіретін
ковалентік байланыстар арасындағы бұрыш 109°28' болатынын білеміз. С—С
байланыс бойымен атомдар айнала қозғалады, соның салдарынан глюкоза
молекуласы әр түрлі пішінге, соның ішінде сақина тәрізді пішінге де ие бола
алады. Бұл жағдайда төртінші немесе бесінші көміртек атомы біріншіге
жақындайды. Бірінші көміртек атомына бесінші көміртек атомы жақын келгенде
түзілетін циклдік пішінді қарастырамыз. Глюкозаның сызықтық пішінін
көлденеңінен жазып, көміртек атомдарын нөмірлейміз.

Циклдік пішіннің түзілуі былайша өтеді (алдымен тақ көміртек қаңқасын
көрсетеміз):

Функционалдық топтар мен сутек атомдарын қосып жазамыз. Сонда бесінші
көміртек атомының гидроксотобы мен карбонил тобының электрондық
тығыздықтарының ығысқанын байқаймыз.

Атомдардың қайта топтасуы гидроксотоптағы оттек пен карбонил тобындағы
көміртектің арасында және гидроксотоптағы сутек пен карбонил тобындағы
оттектің арасында байланыстар түзіледі. Альдегид тобы жоқ алты мүшелі
сақина – глюкозаның циклдік пішін пайда болады. Сулы ерітіндіде глюкозаның
сызықтық түрі де, циклдік түрі де кездеседі және олардың арасында жылжымалы
тепе-теңдік орнайды. Әдетте тепе-теңдік циклдік пішіні жағына – оң жаққа
қарай көбірек ығысқан, бұл глюкозаның альдегидтерге тән кейбір реакцияларға
түспейтінін түсіндіреді.
Заттардың циклдік құрылысын көбіне жоғарыда көрсетілгендей
формулалармен өрнектейді. Оларды маңызды формулалар деп атайды. Сақина
қағаз бетінің жазықтығына тігінен, ал орынбасушылар циклдің үстінде немесе
астында орналасады. Біз молекуланы алдынан және үстінен көргендей боламыз.
Көміртек атомдарының таңбалары әдетте жазылмайды. Сонымен қатар сақинаның
оқушыға қараған бөлігі көрнекті болу үшін қою сызықпен сызылады.
Глюкозаның сызықтық түрінде альдегид тобы C1—С2 байланысы бойынша еркін
айнала алады. Соның салдарынан циклдік пішіні түзілгенде бірінші көміртек
атомының гидроксотобы (қоршауға алынған) жазықтықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсулар метаболизмі
Көмірсулар алмасуы
Көмірсулардың адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Көмірсудың қызметі
Көмірсудың құндылығы
Көкөністердегі көмірсулардың мөлшері
Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы
Клетканың химиялық құрамы жайлы мәлімет
Балалардағы көмірсу алмасуының ерекшеліктері. Оның бұзылу семиотикасы
Көмірсулар. Көмірсудың қызметі
Пәндер