Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны



Жоспар:
І Кіріспе
1.1Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ Негізгі бөлім
2.1Ақын өлеңдеріндегі сыршыл лиризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Қалқаман өлеңдерінің тілі, стилі, поэтикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3Ақынның сезім болып төгілген жібек жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4Қалқаман Сарин өлеңдерінің қазіргі поэзиядағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... .21
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі жастардың неолирикалары ешкімді бейжай қалдырмайды, қайта өзіне ынтықтырып тарта түседі. Әлемдік деңгейде жаңаша жазатын өзіндік ой мен өзіндік жазу мәнері әрі тұрақты мотивтері бар, түбінен қопара көтерген өзіндік қалыптасқан діни-философиялық дүниетанымдары бар олар өзімен санасуды әдеби сын және әдебиеттанушылардан талап етіп отыр. Әдебиет әлемінде соны леп болып келген жас ақындарымыздың бірі – Қалқаман Сарин.
Міне, осындай жастар табиғатты қалай жырлап жүр? Мәселе сонда, қазақ пейзаждық лирикасы – ¬¬ әр әдеби буынның алдындағы алынбас қамал. Осы қамалды өлеңмен жаулап алуға олардың көпшілігінің дәті бара бермейтіні де рас. Махаббатты бастан кешпеген ақын жоқ, ал Табиғат-ананың болмысын жыр тіліне іліндіру – ¬қиынның қиыны. Махабатты жырлауда сарыуайымға салынуға да болады, қиялдағы ару мен өмірдегі сұлуыңды сөздің сөлін сығып, көкке көтере дәріптеуге де болады. Қысқасы, барды жоқ қыла аласың, ал Табиғат-ана өзіне қатысты қалам тартқан шақта бұндай алып-ұшпа сезім мен асыра сілтеп ой түюіңді еш көтермейді.
Қалқаман – сыршыл лирик, қай тақырыпқа жазса да оның сезімталдығы өлеңдерінен жібек самалдай есіп отырады. Ақын өзінің туған өлкесінің әсем табиғатын цикл ретінде жырға қосып, бір ойынан бір ойын тұрақты мотивке айналдырып, оның шеңберінде өзіндік дүниетанымын түрлі қырынан танытып отырады.
Ақынның «Ерте шыққан Күн сүйіп маңдайымды» атты өлеңіндегі финалдық түйіндеме тармақ оның ақындық әлемін айқара танытады:
Бұл бақытты сезінген бір-ақ сәтте,
Басқаға емес ақынға біткен жүрек.
Жастар поэзиясында пейзаж үш түрлі модусте (мистикалық-натуралистік, реалистік, романтикалық-сентименталдық) жырланып жүр. Соның ішінде романтикалық қашанда реалистіктен басым түседі. Біз көбіне Қалқаманның табиғатты өзек еткен өлеңдерінен шынайы өмір суретін аңғарамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Сарин , Қалқаман. Ертістің бойы -ескі алаш!. [Мәтін] : [Жас ақын Қ. Сариннің өмірінен қысқаша дерек пен топтама өлеңдері берілген.] / Қ. Сарин // Ертіс өңірі. - 2010. - 8 қыркүйек.- Б.18.
2.Сарин , Қалқаман. Қарапайымдылықты қарабайырлықпен шатыстыруға болмайды. [Мәтін] : [Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты, ақын Қ. Саринмен әңгіме.] / Қ. Сарин // Дидар. - 2012. - 11 мамыр.- Б.16
3.Сарин Қ. Тәуелсіздік [Текст] : өлең / Сарин Қ. // Түркістан . - 2011. - 15 желтоқсан (№ 52). - 11
4.Сарин , Қалқаман. Ақынға "ақын" деген атақтан жоғары баға жоқ [Мәтін] : [Ақын, Қ.Сариннің шығармашылығы жайлы.] / Қ. Сарин ; сұхбат: Қалқаман Сарин Қ. // Ертіс өңірі . - 2013. - 19 маусым.- б.8.
5.Алтын қалам [Мәтін]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б
6.Баяхов, Тұрсынғазы. Ортаға тастаған ойым емес, қалтаға салған қолым сөз болып жатыр, - дейді Қалқаман Сарин [Мәтін] / Қ. Сарин // Алдаспан. - 2013. - 18 мамыр.- б.7.
7.Кенжехан, Мұратхан. Әсем әнге бөленген күн [Мәтін] : [Өскеменде "Жерім менің" атты республикалық ән байқауы өтті.] / М. Кенжехан // Дидар. - 2012. - 5 наурыз.- Б.1,3.
8.Қалқаман Сариннің авторлық сайты: http://kalkamansarin.kz/
9.Сарин , Қалқаман. : [Жас ақын Қ. Сариннің өмірінен қысқаша дерек пен топтама өлеңдері берілген.] / 10.Қ. Сарин // Ертіс өңірі. - 2010. - 8 қыркүйек. - Б. 18.
11. Сарин , Қалқаман. Әке [Мәтін] / Қ. Сарин // Парасат. - 2015. - № 1. - Б. 4
12.З.Қабдолов «Сөз өнері» Алматы 1986ж
13. Қ.Н.Жүсіпов «Стиль және бейнелілік» Павлодар 2006ж
14.А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» Алматы 1896ж
15.К.Мұратхан «Қалқаман Сарин» Алдаспан//2012 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1.1Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырбаяны ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
ІІ Негізгі бөлім
2.1Ақын өлеңдеріндегі сыршыл лиризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Қалқаман өлеңдерінің тілі, стилі, поэтикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 14
2.3Ақынның сезім болып төгілген жібек жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4Қалқаман Сарин өлеңдерінің қазіргі поэзиядағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... .21
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе
Қазіргі жастардың неолирикалары ешкімді бейжай қалдырмайды, қайта өзіне ынтықтырып тарта түседі. Әлемдік деңгейде жаңаша жазатын өзіндік ой мен өзіндік жазу мәнері әрі тұрақты мотивтері бар, түбінен қопара көтерген өзіндік қалыптасқан діни-философиялық дүниетанымдары бар олар өзімен санасуды әдеби сын және әдебиеттанушылардан талап етіп отыр. Әдебиет әлемінде соны леп болып келген жас ақындарымыздың бірі - Қалқаман Сарин.
Міне, осындай жастар табиғатты қалай жырлап жүр? Мәселе сонда, қазақ пейзаждық лирикасы - -- әр әдеби буынның алдындағы алынбас қамал. Осы қамалды өлеңмен жаулап алуға олардың көпшілігінің дәті бара бермейтіні де рас. Махаббатты бастан кешпеген ақын жоқ, ал Табиғат-ананың болмысын жыр тіліне іліндіру - -қиынның қиыны. Махабатты жырлауда сарыуайымға салынуға да болады, қиялдағы ару мен өмірдегі сұлуыңды сөздің сөлін сығып, көкке көтере дәріптеуге де болады. Қысқасы, барды жоқ қыла аласың, ал Табиғат-ана өзіне қатысты қалам тартқан шақта бұндай алып-ұшпа сезім мен асыра сілтеп ой түюіңді еш көтермейді.
Қалқаман - сыршыл лирик, қай тақырыпқа жазса да оның сезімталдығы өлеңдерінен жібек самалдай есіп отырады. Ақын өзінің туған өлкесінің әсем табиғатын цикл ретінде жырға қосып, бір ойынан бір ойын тұрақты мотивке айналдырып, оның шеңберінде өзіндік дүниетанымын түрлі қырынан танытып отырады.
Ақынның Ерте шыққан Күн сүйіп маңдайымды атты өлеңіндегі финалдық түйіндеме тармақ оның ақындық әлемін айқара танытады:
Бұл бақытты сезінген бір-ақ сәтте,
Басқаға емес ақынға біткен жүрек.
Жастар поэзиясында пейзаж үш түрлі модусте (мистикалық-натуралистік, реалистік, романтикалық-сентименталдық) жырланып жүр. Соның ішінде романтикалық қашанда реалистіктен басым түседі. Біз көбіне Қалқаманның табиғатты өзек еткен өлеңдерінен шынайы өмір суретін аңғарамыз.
1.1 Қалқаман Сариннің шығармашылық ғұмырбаяны
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы - 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 - 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, Алтын қалам әдеби сыйлығының жеңімпазы. Арманымның бейнесі атты жыр жинағының авторы.
Жібек сезім - Жүрек сөзім деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған Қызыма, Күзгі бақ, Жібек сезім т.б. ән мәтіндерін жазған.
Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.
Енді осы автордың қаламын туған поэзия поэтиксы қалай өрістейді, сол жағын сөз етуге көшейік.

Ерте шыққан Күн сүйіп маңдайымды,
Ерке самал тербеді тал-қайыңды.
Тамылжыған табиғат тамсандырып,
Таңғы жұпар жібітті таңдайымды.

Маңдайын күн шапағына өптірген ақын ерке самалдың әр қимылын қалт жібермей, өзінің басты тақырыбын ашу үшін үнемі жүрек сөзіне поэтикалық акцент түсіріп отырады. Кіндік кескен жері - - Күнге қарай ұмтылған күміс күмбез, Сәукелесі секілді қыздың ерке Архатының әсем бейнесін жырсүйер қауымға таныту үшін:
Туған далам - тұғырым , күншығысым,
Сен - жанымның мөп-мөлдір мұң-сырысың.
Бақыт әнін шырқайды бағыңда әркез,
Жұдырықтай жүрегім - жыршы құсым!
(БІЗДІҢ ӨЛКЕ...)
Қалқаман өзінің пейзаждық лирикасында жалаң сезімнің құшағында кететін ақын емес, онда қазақ қоғамының сұрықсыздығы, биліктің әлсіздігі Табиғат-ананың фонымен берудің өзіндік стильдік ерекшелігі бар. Міне, біз ақынның осындай өлеңіне Өскеменді жатқызамыз. Ақынның қолына қалам алуы үшін белгілі бір оқиға Шығыстағы Пугачев деген лақап атты шовинист В.Казимирчуктің Өскеменнің бүкіл өлкесін Русский Алтай деп атап, заңсыз автономия құруға талпынысы түрткі болғандығы әдеби факт.
Басқа ақын болса, бұл оқиғаны саяси лирикаға айналдырып, аттандап ұран салып, бөрілі байрақты желбіреткен өлең шығарар еді де, онысы шаблондық өлең болғандықтан келесі күні жұрттың есінен шығап кететін бір күндік жыр-ғұмырға айналар еді. Қалқаманның мұндай бір күндік тақырыпты өзінің сыршыл лирикасы арқылы мыңжылдық өлеңге айналдыра білгендігі өзіне тәнті ете түседі.
Үмітін де үзді бауыр...
Үнсіз налып, Үлбі жаны.
Қорғасындай біздің ауыр,
Қайғымызға кім кінәлі?
Қазып алды неше бөтен,
Қазынаңды қойныңдағы.
Қашан ғана шешеді екем?
Қарғыбауды мойныңдағы...
Бізге керегі - осы өлеңнің тұтас архитектоникасы емес, ондағы шындық болмыстан шығарған авторлық түйін. Онда ақын жансызды жандандырып, персондату поэтикалық әдісін қолдана отырып, Алтаймен бірге егіліп, Үлбімен бірге езіледі. Сөйте тұра осы оқиғаның болу себебіне өзіндік пайымдау да жасайды. Саяси құлдық келмеске кетсе де, экономикалық құлдық ноқтасы ел мойнынан әл-әзір сыпырыла қойған жоқ, - деп ақынмен бірге біз де ауыр мұңға батамыз. [1,12]
Қалқаман белгілі бір тақырыпты түрлі сезімдік, ой-толғаулық қырынан қазақ қоғамының көлеңкелі және жарқын жағымен байланыстыра отырып, жеке бастық және өмірлік фактілерді өлең бойына сыйдырудың өзіндік жолын табудың үрдісін әдебиетімізге енгізді. Қалқаманның лиризмі туындындыда суреттелген әлемге деген ақын көзқарасын, дүниетанымын көркемдікпен айшықтап қана қоймайды, сонымен бірге, оның шығармашылығындағы көрініс табатын эстетикалық, моральдық әрі қоғамдық идеалы және қағидаттарымен де байланысты болып келеді.
Қазіргі кездегі Қалқаман өлеңдеріндегі лиризм, ең алдымен, бейнеленген табиғат суретіне деген автордың жүрегінің елжіреуі мен терең сезімдік толғаныс арқылы асып төгіліп, жаныңды нұрландырады. Иә, оның лиризмінің астарында Отанға және Алашына деген шексіз махаббат пен милетінің, жарқын болашағына деген асыл үміттің шуағы жатыр.
Сөз зергерінің патриоттық сезімі лирикалық реңктегі поэтикалық аз сөзділіктен тұрады. 1895 жылы А.Чехов Жиркевичке жазған өзінің хатында: Описания природы тогда лишь уместны и не портят дела, когда они кстати, когда помогают Вам сообщить читателю то или другое настроение, как музыка в мелодекламации деп жазғанындай, Қалқаманның өз лирикасында пейзаждың көмегіне жүгіне отырып, патриоттық көңіл күй тудырудың шеберлігін жете меңгергендігін байқаймыз.
Оның өлеңдеріндегі лиризм мөрі оқырман ойын жаулап, жүрегіне шапағат шуағын себеді. Көз алдыңа Архат тауының әсем суреті келіп, ақын жырлаған жерлерді аралағың келетіні өтірік емес.
Тау ұланы Қалқаманның өзгені қайталамайтын импрессионистік авторлық маскасы қазақ жерінің бір пұшпағы - Архаттың Жаратқан алғаш жаратқан келбетін сөзбен сомдап, оған алаштық нұр мен қазақтық әуенді сыйдырады. Оның жыры қалықтаған қырандай оқырман санасын өзімен бірге қияға самғатып, философиялық ой-толғауының жетегіне ілестіреді.
Санаңды сөзбен сомдалған болмыстың бояуы әр алуан реңге еніп, еліктіріп әкететіндей болады. Ақынның пейзажды өлең өріміне сыйдырып, оқырман қиялын құсқа айналдыруы уақыт заңдылығы формулалығын түзе алғандығынан деп түсінгеніміз жөн. Осы формулалықты аша кететін болсақ, ол қыран - уақыт - тағдыр атты үшемнен тұрады. Ақын қыран арқылы Алаш пен әлемнің мәңгілік байланыста екендігін бізге үнемі ұқтырып отырады. [2,10]
Мұндай өлеңді қыранның самғауын күнде көзімен көріп өскен жан ғана жаза алады. Біз - жазықта туып, шаңдақта өскендер қиялымыздағы қыранды Қалқаман жырын оқыған сәтте кезіктіріп, өлең жолдарындағы мәнді ой шумақтары арқылы Алаш көгіндегі мәңгілік қыранының қалықтағанын күнде көріп жүрген жандарға айналып шыға келеміз. [4,2]
Оның лиризмі Алаш өмірі қайнап жатқан бөлмеге еніп кеткен көбелектей... Біз оны бағалай аламыз ба, әлде немқұрайдылықпен қоғамдық өмірдің қабырғасына соғып жоқ қыламыз ба... Осындай ой жетелегенде ақын өлеңдерінен табиғатқа басқаша бір көзқараспен қарауға болатындығын байқаймыз. Оны сезу мен аңғармау - оқырман өресіне қатысты дүние.
Автор адам мен қыранды теңестіргісі келеді, тауларды тұлғалардан асыра ардақтағысы келеді. Ол адамды бірде - кісілікке, бірде - кәспірлікке ұшырататын қоғам заңымен емес, біз жаткөзденетін табиғат заңына сыйдырып өлең арнап отырғандай сезіледі. Ақын өзі үшін емес, туған жер табиғатын суреттеу арқылы оқырман жүрегінен жол табуы үшін пейзаждық лириканы шыңына жеткізіп жазады.
Ақынның пейзаж арқылы шадмандықтың идеалын авторлық сәулелі арманға айналдыра білуі оның лиризмінің басқа қаламгерлерге ұқсамайтындығын танытып тұрады. Пейзаждық лирикаларында Қалқаман өзінің аяқтама шумақтарына зор жүк артады.
Қазақ жерінің табиғатының сұлулығын жырға қосуда патриоттық, демократтық лиризм - қайғы мен қуанышты қатар жинап алады. Оның пейзажының ар жағынан аяусыз тапталған ар, парша-паршасы шығып орындалмаған арман, арсыз күлкі және ұлтының әсем табиғат аясындағы қайырсыз күй кешуінің мұңды суреті қылаң береді.
Менің асқақтығым не керек дейтіндей, осындай сұлулыққа ие ұлттың пұшайман кейпі табиғаттағы сұлулыққа өмірдің ұсқынсыз суретін үстеп отырса, ал шадыманды лиризм мұның бәрі өткінші деп тұрғандай... Қалқаман лиризміндегі ерекшелік те осында.
Поэтикалық айшықтағы астарланған патриоттық асқақ сезім мен гуманистік қалыптағы көңіл ауаны оның айтпағын емеурін арқылы оқырманға сездіріп қана қоймайды, жүректеріндегі перзенттік махаббаттың тамыздығы бола біледі.
Біз Қалқаман Сариннің лирикасын байыптағанда бүгінгі әлемдік ғылыми аренада көтеріліп жүрген поэтикалық мәтіндердегі автор мен кейіпкер арасындағы немесе автор мен оқырман арасындағы қарым-қатынаспен, көңіл күймен, әңгімелеумен бетпе-бет келеміз. Бұл - бір жағы, даулы мәселе. Өйткені Қалқаман қалам тартып жүрген лиризм дәстүрлі эпикалық әңгімлеуші жанрлардан мүлде өзгеше.
Жас ақындар өздерінің стильдік ерекшелігі ретінде эпика мен лириканың өлеңде қосыла өрілуін әдеби жаңашылдық ретінде енгізді. Бұл үрдіс Қалқаманда да төбе көрсетеді. Бұрынғы жырларда мұндай әдеби әдіс мүлдем қолданыс таппаса, ендігі жастар оны әдеби бойтұмарына айналдырып үлгерді.
Қалқаманда көркем шындық өзін ашық көрсетсе, ішкі әлем суреті баяндалатын оқиғаның тасасына жасырынып, өзіне деген авторлық көзқарас арқылы танылып отырады. ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясы лирикалық мәтін өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, эпос пен драма элементтерінің сыналап енуімен жаңа әдеби биік белеске көтеріле білді. Б.О.Корман өзінің Автор теориясында осы мәселені де көтерген болатын.
Бірақ біздің ғалымдар мұны қаперіне алмады. Енді нарративтік бағыттағы жаңа зерттеулерде осы бір әмбебаптық ерекшелік өзін ұлт әдебиетінде қарастыруды керек ете бастады. Егер біз ақынды сана субъектісі деп танысақ, онда сөз зергерінің лирикалық жүйемен байланысын, шығармашылық жолындағы тұрақты дүниетанымдық және эстетикалық бірлігін аңғарар едік.
Міне, Қалқаманның барлық пейзаждық лирикасының жиынтығынан ақынның белгілі бір концепцияны ұстанушы автор екендігін сезіне түсеміз. Ол өзінің аталған тақырыпқа қатысты көзқарасын ұнатуы мен жаратпауы аясында баяндап шығады деген қорытынды да жасауға болады.

1.2 Ақын өлеңдеріндегі сыршыл лиризм.
Қалқаман лирикасында көңіл күй кейде екінші кезекке ысырылып, оның орнын авторлық баяндау басатынын, стильдік өзгешеліктің барлығын ерекше атап кетуге болады. Бұл баяндау эпикалық кең құлаштылықтан өзгеше, лиризм мені танып ал деп бірде - айқын, бірде көмескілене бұғып жатады. Ақын бізге өз лирикалық мәтінінен төртемдік үлгідегі: тікелей-бағалаушы; уақыттық, кеңістіктік және фразеологиялық көзқарасын танытады. Міне, тікелей-бағалаушы аяда ол бізге өзінің жақсылық пен жауыздықтың арасындағы бітіспес күрес туралы ұғымын баяндап береді.
Жағадан ап мың батпан мұң,
Жау да көрдің, дау да көрдің.
Артынан қол бұлғап қалдың,
Арғы бетке ауған елдің.
Көмейіне біткендей күш керемет,
Құйқылжытып сайрайды құс та бөлек.
Қызықтырып көбелек ұшты әуелеп,
Қызық қуып бала оны ұстап әлек...
С.Н.Бройтманның өлеңнің белгілі бір топқа қарата жазылып, арналу сипаты драмалық екеуара сұхбаттастықты тудырады деуі де көңілге қонымды. Қалқаманның жыр арнайтын тобын Батыс пен орыс лирикасындай жіліктеп бөле алмаймыз. Ол бір ғана, біртұтас Алаш жұртына қарата ой толғап, көңіл түкпіріндегі ойын құстың ерек ән салуы және қызыққа тоймайтын баланың көбелек қууы арқылы суреттейді. Өз көзқарасымен бүйректен сирақ шығарып, ұлтынан бөлініп-жарылмайды. Бірде алаштық рухта ұлтымен тұтасса, бірде шығармашылық рухта одан бөлектеніп тұратынын да байқаймыз. [8,12]
Бұл М.М.Бахтиндік диалогизмнің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Өйткені мұны ресми биліктің жұрт құптаған пікірі (егемендік алтын құрсақтың пайдасын көрсетіп жатыр) және оған қатысты ақынның шығармашылық адамы ретінде өз көзқарасының (орыстілді, өзге ділді билік кесірінен тұңғиық тарих әлі зерттелмей жатыр) болуы деп қабылдағанымыз жөн.
Қалқаман - туынды авторы ретінде өзінің сезімдік немесе өрелік ахуалынан мүлде басқаға - әңгімелеуші өзгеге айнала білуді шебер меңгерген сөз зергері. Оның поэзиясындағы автор жоспары қағидатшыл тұлға (менің Отанымнан асқан ел де, жер де жоқ), қаққа жарылу (автор мен кейіпкердің нақтылана түсуі) арқылы баяндаушы санаткердің мәтін сахнасына шығуды көздейді. Мұны Қалқамандық көпдауыстылық (Туған дала!..Қашаннан даңқың биік) еркін білдіре алады.
Автор туған жері - Архат туралы жазғандарында кейде тікелей қатысушы болса, кейбір лирикалық жырларда ол - тек сырттай тамсанушы. Сондықтан оқиғалық баяндау шеберлігі де сан түрлі. Мұндай кезде бірде - ой алға шығып, сезім кейін ысырылса, енді бірде, керісінше, айшықталу көрініс табады. Қалақаман лиризмі - тікелей баяндау мен жанама баяндау арқылы құбылып отыратын нұрлы әлем. Осылайша, Қалқаманның лирикалық кейіпкері әлдебір оқиға жайында сөз саптайтын диегесиске (өздік әңгімелеушіге) айналып шыға келеді де, әрі субъект, әрі объект болып табылатын қасиетке ие бола түседі.

Алтай, Алтай - алтын бесік,
Басыңнан дүр-даңқың көшіп,
Басынды-ау кеп кіл қорқаулар...
Есең кетті... Күндер ұзап,
Емін таппай дерт іштегі.
Елмен сонда бірге жылап,
Егіле аққан Ертіс пе еді?!

Автор жырлап отырған бұл драмалық оқиға бұрын болып өткен, жасырын жағдайда орын алып отыр. Тек автор оны әңгімелеу арқылы қайыра жаңғыртады. Қалқаман өз мәтіні арқылы субъектінің жағдаятпен байланысын түзуге тырысады. Ақынның субъектісі - әңгімеші лирикалық кейіпкерге, ал ақпаратты беруші нарративтік тетік өзгерген кейіпкер тұлғасы арқылы ой түзудің орталығына айналып шыға келеді. [7,22]
Бұл өзгеріс екі жағдайда орын алады: бірі - психологиялық тұрғыдан; екіншісі - болған оқиғаға деген кейіпкердің әңгімешілік қарым-қатынасында. Өткен мен кеткен - субъектінің ішкі әлемінде, лирикалық жағымсыз ахуалда, автор тарапынан эпикалық құлаштылық аясында суреттеліп тұр.
Сонымен қатар ол уақыттық және кеңістіктік аядағы автор ойының сезімдік-танымдық тұрғыдағы мәтіндегі шығармашылық өрелілік қозғалысын да танытады. [15,56]Түйіндеп айтар болсақ, Қалқаман Сариннің пейзаждық лирикасы мәтіндік лириканың бойына эпос пен драманың элементтерін сыйдырған, түрлі сөз саптау үлгісі өзара синтезделген монолог, диалог және тіпті полилогтардың жарасымды үндесуінен тұрады.
Қалқаман жыры - бастап апарар жолы барсакелместей шырғалаң. Ол ақынды танып-білуге ұмтылған жандар үшін тұмсығын батыра алмас ну орманға айналады. Осы ну орманға енетін бір саңылау - ақындық әлемнің пейзаждық түкпірі. [13,52]
Оның ұлттық пейзаждық лириканы өзінше түрлентуі кейінгі толқынға өнегелі үрдіс бола алады. Қалқаман лиризмі табиғатты жырлау арқылы ұлт әдебиетінен өз орнын әрі ақын пейзаждық лирика арқылы өзінің өзгелерге ұқсамайтын ерекшелігін тапты.
Біз тек керемет лирик деп танитын Қ.Сарин өзіндік пейзаждық әлемін өмірге әкелген қайталанбас феномен ретінде де оқырмандарынан өз бағасын алуда. Қалқаман бұған дейінгі әдебиетімізде орын алған интерұлттық мәнердегі (кейде эпигондық, кейде классикалық) пейзаждық лирикадан Алашын жеке бөліп жырлаған неолириканың ерек тұлғасы ретінде қазақ әдебиеті тарихында қалады.
Қалқаман Сарин туралы талай пікірлер маған дейін де айтылып кетті, әлі де айтылады. Біз тек бір ақынды бір ғана мотивке қатысты қалай саралап шығуға болатындығының жолына түсуді құп көрдік...
Қалқаман Сарин поэзиясындағы сыршыл лирика. Махаббат лирикасы- сыбызғы сезімге толы лирика. Абай атамыздың өзі- Ғашықтың тілі- тілсіз тіл деп жырлап кеткен емес пе еді?
Күні кешегі, жырын Алаш жұрты мойындаған Мұқағали атамды мен ХХ ғасырдың махаббат пірі дер едім. Сезімге толы әрбір шумағы жүрекке от салады.
Бүгінгі күні өз басын, махаббат жыршысы деп, өзі айтқандай бір күн де мөлдір мұңсыз өмір сүре алмайтын ақын- Қалқаман ағамда айтар едім.
Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,
Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,
Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық.

Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең,
Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.
Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,
Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең!

Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
Жанымды өртедің, жанарыңды оттай жалт бұрып.
Әппақ арманым, бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.

Жұлдыздың бәрі жымың қаққанда бізді аңдып,
Әлдиге бөлеп Ай нұрын төкті Ізгі ән ғып.
Көшенің көкшіл шамынан сонда шошынып,
Сәулені сүйген сәби сезімді қызғандық.

Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,
Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.
Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,
Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.

Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем...
Ойлаумен тек өзіңді түн де ұзарар,
Сырыма қанып үнсіз жұлдыз ағар.
Мендегі махаббатты оятты ғой,
Сендегі сезім тұнған нұрлы жанар (Ән сияқты әуезді өлең)деген шумақтың сыртқы құрылысы, әдемі ұйқасы ғана өзіне еліктірмейді. Сонымен қоса сезім оянып, шабыт бойға сыймайтын түн әлемін жырға қосу арқылы, ғашық жанның нұрлы жанары ақын бойындағы махаббатты оятқанын жүрекке шынайы жеткізе білген.
Жұлдызды аспаным жымың қаққанда жақын кеп,
Жұлдыздан құрап жазамын өлең ақын боп.
Қалай да, жаным, сені ұмытуға тиіспін,
Ал сағынбауға хақым жоқ...
Тағы да түн, тағы да мұң...
Қалқаман ағамның өлеңдеріндегі махаббат бөгенайы (символы)- түн бе деп ойлаймын. Бұл шумақтағы мөлдір мұң- сағыныш. Жұлдызды аспан астында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқаман Сарин шығармаларындағы ұлттық рухтың көрінісін нақтылы дәлелдер арқылы бағамдап беру
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Абай тұлғасы
Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Қазақ зиялылары
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Пәндер