М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора


Жоспар
І Кіріспе
1. 1 Поэзияның майталманы - Мұқағали . . . 3
1. 2 М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора . . . 4
1. 3 Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы. . 10
ІІ Негізгі бөлім
2. 1М. Мақатаев өлеңдеріндегі фразеологиялық анафора мен эпифора . . . 17
2. 2Фразеологиялық анафора мен эпифораның қайталама түрде жасалуы . . . 24
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
КІРІСПЕ
М. Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды.
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы - оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.
З. Ахметов сөзімен айтқанда: "Поэзия - сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана.
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
М. Мақатаевтың көркемдегіш құралдардың ішінде жиі қолданғаны - айшықтаудың бірі - қайталама. Бұл жайында академик Р. Сыздық: "Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады. Қайталама дегеніміз - бір сөздің (не текстің, сөйлемнің) бір сәйлемде, не абзац, шумақ сияқты микромәтінде қайталанып келтіру тәсілі", - деген еді. [2, 87]
Мұқағали поэзиясының тілі қандай? Оның көркемдік сипаты, жүректі тебірентер әсерлілігі неде деген мәселені сөз
қолдануындағы көркем тәсілдерінің қайталамаларына байланыстырып айтқан болар едік.
Ендеше, осы қайталама көркем шығармада қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жай қайталама, еспе қайталама, әдепкі қайталама /анафора/, кезекті қайталама /эпифора/. Мұқағали лирикасында осы қайталамалардың барлық түрі де кездеседі. Оны ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Біз жұмыста М. Мақатаевтың поэзиясындағы анафора мен эпифора деген қайталаманың түрлеріне тоқталамыз. Ең алдымен ескертуге тоқталайық:
Әдепкі қайталама, яки анафора (грекше апарһога - биікке шығару) - өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымының бір сөзден басталуы. [19, 235]
Кезекті қайталама, яки эпифора (грекше ерірһога - соңынан алып жүру) - өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөздің бірнеше мәрте қайталануы. [3, 236]
1. 2М. Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалық
анафора мен эпифора
Лексикалық анафора мен эпифора М. Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын алады. Лексикалық анафора мен эпифора - қайталама түрлерінің ішіндегі ең толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін, әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып саналады.
Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде үшке топтастырылады:
- көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
- көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік және мәтін түзушілік) атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
- көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін дамыту) қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар.
Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы (ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі), тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік (усилительный) қайталамалар болып келеді.
Жалпы айтқанда, "лексика - белгілі бір тілдегі сөздік құрамы, яғни омоним, синоним, антоним, фразеологизм сөздерінің жиынтығы". [ 10, 200] Сондықтан біздің басты мақсатымыз - омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер арасындағы лексикалық анафора мен эпифораларды тауып, талдау жасау, оларды қайталама түрі ретінде анықтау, омонимдік, синонимдік, фразеологиялық, антонимдік анафора мен эпифоралардың қолданылу ерекшеліктерін айқындау.
Ақын қаламынан туған образды, соны тіркестерде сөз де тіптен тың, мағыналық жаңа реңке ие болуы мүмкін. Яғни, сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап көркемдік жасап үйлесімге келтіретін тіл байлығының көріктеу құралдары, тәсілдері бар. Омоним, көп мағыналы сөз, антоним, фразеологизм сияқты экспрессивтік-эмоционалдық сөздер - М. Мақатаев шеберлігінің негізгі арқауы, өлендерінің тілін танытудың ең бір өзекті тұсы болып саналады.
Көркем шығармада көп мағыналы сөз өте көп қолданыста жүреді.
Суреткер көркемдік үшін ойын айқын жеткізуде стильдік бояуы бар
көп мағыналы сөздерді қолданып, контекст ішінде бір сөздің
бірнеше мағынасын ашып береді. Ақын өлеңдерінен сөздің негізгі
мағынасынан басқа туынды мағынасында жұмсалған коннотативтік
қызметін /қосымша мағыналық реңктердің/ айқын көруімізге
болады. Сонымен әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз
екені бізге мәлім. Полисемия - барлық тіддерде қолданылатын
құбылыс. Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер
ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік
құбылыс қана емес, көркем дүниедегі бейне сырын ашудың
көрсеткіші.
Мұқағали поэтикасында түс - заттардың, нәрселердің шынайы өңдерін суреттеумен қатар, ақынның сол нәрселерге көңіл-күйін, ойын, яғни эмоциялық бағасын білдіру үшін құрал ретінде қолданылады, белгілі бір нәрсе жайындағы жеке пікірді, субъективтік пайымдауды білдіреді. Мысалы, "Сағындым ғой дедімау, жаным" жырының "Сол менің ақ, жанымның ақ жалыны" деген өлең жолында ақ сөзі - адал, күнәсіз, әділетті, арамдығы жоқ мағынасында жұмсалып тұр.
Анафоралық және эпифоралық қайталамалар лирикалық кейіпкердің көңілі мен ой дүниесінің диалектикасын сипаттайтын поэтикалық әңгімелеуді ашу, айқындау үшін мүмкіндік туғызады. Мысалы, Мұқағалидың төмендегі өлеңінде "ақ кимешек" қайталанылатын анафоралық сөз тіркесі символға айналдырылған. Автор "ақ кимешекті" көргенде, өзінің ардақты, сүйікті әжесінің бейнесін көреді, таныс дауыс, таныс сөз есіне түседі. Мұнда "ақ" -қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына салатын жаулығының түсі екені айтылған.
Әже, сен бірге жүрсің менімен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кишешек киген бір кемпір көрсем,
Ак кимешек астынан сені көрем.
. . . Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса, . . .
Нені көрем???
Сөйтіп ақын өлендерінде ақ сөзінің мағынасы әр алуан екендігін және өте көп ұшырасатындығын айқын көреміз. Қайталанатын көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Ақ сөзі - адалдықты, тазалықты, әділеттілікті, күнәсіздікті суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақ сөзі табиғат, құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта жырланғандықтан, сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлық десек те болады. Ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ тас, ақ нөсер, ақ тұман және т. б. тіркестер бірнеше рет қайталанады.
Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығаны қазақ тілінде "ақ" сөзінің антонимі - қара сөзі. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдануына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түс, бейне, қайғы-қасірет, қаралы сәт, көңілсіздік т. б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазақ, қара су, қара ниет, қара қобыз, қара шаңырақ, қара жұлдыз, қара орман, қара жорға, қара күз, қара бас, қара. жау, қара түнек, қара қайғы, қара уайым, қара шалғын т. б. осы сияқты 30-дан астам туынды мағыналардың қалыптасқандығын көреміз. Сонымен бірге қара өлең, қара шал, қара шаңырақ, қара домбыра т. б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарды біддіре алады.
Қарасазда жүруші ең, қара шалғы,
Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,
Талай-талай көріп ем тамашаңды,
Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.
Бұл үзінді Мұқағалидың "Қара шалғы" дейтін өлеңінен, осы лирикаға Н. Үркімбаева: "Әдетте, қара бояу хақында жағымсыздық ұғымы қалыптасқан. Ал сол қара бояуға ерекше сәуле құйып, құбылтып әкеп, үлкен арнаға салып жіберген де Мұқағали. Мысалы, жоғарғы шумақтағы қара шал - қарапайым еңбек адамы көргенінен түйгені көп, бір өзі шежіре-дастан, әрі бір шаңырақтың ұйтқысы, береке басы. Қара шалғын - кәдімгі түгін тартсаң май шығатын құйқалы өріс, оты қалың өңір. Сол өңірде, шаруақор қара шалдың қолында "қаншама аласұрған", "қаншама рет қапырық күн өткеріп, түн жамылып, қаншама таң асырған" қара шалғы жай ғана еңбек құралы қалпында қалмай, "Сонау жылдар қара шалды қара шалғын ішінде жетелеп" жүрген жырдың негізгі лейтмотиві.
Қазақтың "қара шаңырақ", "қара қазан" сияқты берекелі ұғымдары қатарында "қара шал", "қара шалғын", "қара шалғы" да оқырман танымына жаңа ою-айшықтарымен ой қосатын жанды, қимыл, суреттерге айналған" [15, 51] - деп өте дұрыс құнды тұжырым жасаған. Бұдан да басқа Мұқағали шығармашылығы жайында пікір айтқан белгілі ақын О. Асқарды оқиық: "Поэзия сәулесі шарпығанда қандай сөз болса да құлпыра түседі".
Ақынның "Қара суық" өлеңінің атауында қара сөзі "күшті, екпінді, тегеурінді, катты" суық, ызғар деген мағынада беріледі. Әдетте сондай мағынада "қара боран, қара жел, қара жауын" туралы айтылады. Мұқағали "жол", "су" сөздеріне "қара" деген эпитетті қойып, оларды лексикалық анафораға айналдырып, өлеңге ерекше мағыналық реңк үстейді.
Анау үй мен мынау үй қатынаған,
Қара жолдың қақ төсі қақыраған.
Қара суға қақ тұрған майысқақ мұз,
Шертіп қалсаң, быт-шыт боп шатынаған.
. . Ақынның "Өміріме" өлеңінде мынадай жолдар бар: "Қара аспаннан жалт еткен бір жасыным бар деуші едім. Қара көздің мөлт еткен бір жасымын ба деуші едім. Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?". Мұнда суреткер "қара аспан, қара көз, қара қарға ғұмыры" сөз тіркестерін қолданып, адам өміріндегі көңілсіздікті, жабырқаулықты, жайсыздықты көрсетеді. "Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?" жолы арқылы ақын өз өмірін қарқылдап ұшатын қара қарғаның түсімен салыстырып отырады. Ақын адамның басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен суреттейді.
Немесе, "Сезігу" өлеңінде "Қара түнек қайта тұр оралғалы, қапамен ой жіберсем туған айға" деген екі жолда да, "қара" - адам жанының жабырқаған сәтін, көңілінің жадаулығын көрсетеді. Келесі өлең жолдарында: "Қара баста қайғының бұлты тұр, қабыл алсаң, қанеки жауайын", - деп, "қара" - басына қайғы орнады деген мағынада жұмсалып тұрған тіркес.
Аулақ, аулақ,
Аулақ менің жанымнан!
Қара уайым қара шәлі жамылған.
"Қара" - бұл жерде мұң-зарды көрсету мағынасында жұмсалып тұр. Бұралаң-бұралаң жолы бар өмір соқпағында адам басынан небір қиындықтар өтіп жатады. Мұқағалидың жеке басында сондай сәттер басымдау болды, сондықтан өмір шындығы өлеңде айқын суреттеледі.
Беу, менің есіл күндерім,
Білмедім есім кіргенін . . .
Қош енді, ескі күндерім!
Келе ғой, есті күндерім!!!
Осы шағын шумақта "күн" сөзін үстемелетіп жұмсап мағыналық сырын аша түседі. "Күн" - уақыт, мезгіл мағынасындағы лексикалық эпифораға айналған көп мағыналы сөз. Есіл, ескі, есті сын есімдері арқылы күн сөзінің қызметі айқын көрінген. Есіл күн - мәнсіз-мағынасыз өтіп жатқан уақыт, ескі күн - өмірдің бір кезеңі, есті күн - келер күннен үміт, жақсылық күту мағынасында жұмсалған сөз тіркестері.
Мұқағали өзінің лирикасында бір сөзді бірнеше рет қолдану арқылы өлеңнің эстетикалық-эмоциялық мәнерін, экспрессивтік бояуын әрлендіреді. Ақынның тағы бір "Өледі кімдер, туады кімдер" өлеңінде анафора мен эпифораның қолданылуын айқын көруге болады. Мысалы:
Өледі кімдер, туады кімдер,
Батады күндер, шығады кундер.
Семеді гүлдер, өседі гүлдер,
Келеді күндер, көшеді күндер.
Өмірде қымбат асылдар - күндер,
Өмірде қрілы ғасырлар - күндер.
Өмірге керек бақыттар - күндер,
Өткізген сәтті уақыттар - күндер.
Өмірдің мәңгі қосағы - күндер,
Өмірді мәңгі тосады күндер.
Күндер . . .
Кундер . . .
Мұнда Мұқағали Мақатаев "күндер", "өмір" сөздерін қайталау арқылы өлеңнің эмоционалдық қуатын күшейтеді, тындаушысын негізгі мақсатына жетелейді. Өмір қас-қағым сәт. Осы сәт қайта оралмайды. Әр жанға өлшеніп берілген өмір бар, сол өмірдің қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын ешкім де білмейді. Сондықтан ақын өмірдің әр күнін, әр сәтін жоғары бағалауға шақырады. Біз үшін негізгі мақсат - өмірдің мәні мен мағынасында!
Сөйтіп ақында күн сөзінің сан алуан стильдік астары бар. Мұқағали өлеңдеріндегі күрең күн, күміс жалды күн, құйын күн, ескі күн, есіл күн, есті күн, өткен күн, асыгып баратын күн, санаулы күн, ауыр күн, шуақты күн, жарық күн, сұлу күн, бозбала күн, бекер күн, және т. б. сөз тіркестері арқылы басынан өтіп жатқан толассыз, тоқтаусыз, қызық та қуанышты, кейде мұңды, азапты, қайғылы күндерді суреттеген. Күн - планета ретінде, күннің нұры, күннің жылуы, күннің қызуы, күннің сәулесі секілді жалпы тілдік қолданыстағы тіркестер де көп.
"Күн" сөзінің белгілі бір ұғымды білдіретін астарлы, көп мағыналы сөз екенін білдік, көбінде жаңа сөз жасалып қана қоймай түрленіп отырады. Жасалу формасы әр түрлі күн сөзі көпшілік өлеңдерінде қайталанады. Ақын күнге құштар. "Күн" атты бүкіл әлемді жылытатын, дүниені тірілтетін нұрлы алып планетадан жылылық, мейірімділік, тазалық күтеді.
Алдыңғы берілген күн сөзінің мысалдарымен қатар көп мағыналы жан зат есімінің бір өлеңдегі қайталануына көңіл аударып көрейік.
Қайдасың,
қайдасың, менің ерке жан серігім?
Жабырқау жандырсаңшы жан сенімін.
Қайдасың, тәтті қиял ой шумағы,
Бассаңшы қасіретін жан шерінің!
Мұнда "жан" сөзі 3 рет қайталанған. Жан сөзінің бірінші қолданыстағы ұғымы адам, дос, жан серігі тәріздес мағынада алынған да, екінші жан сөзі өзінің тура ұғымында жұмсалып тұр. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы "жан шері" - көңіл, ақыл-ой, сана деген мәнді аңғартады, жаным жара, көңілім қаяу, уайымдымын, мұңдымын деген тәрізді мазмұнда айтылып тұр.
Жоғарыдағы бір шумақта үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр түрлі, яғни стильдік қолданылуы жағынан өзара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистиканың бір-біріне қатысы деген мәселе міне осы тұрғыда аңғарылады.
Кейде лексикалық қайталамалар өлеңнің мән-мағынасын, мазмұнын айқындауда басты рөл атқарады. Мысалы, төмендегі берілген өлеңнің "аңса жаным", "сағым, жаным", "жақсыдан жайлап ескен жан самалын" сөз формалары автордың негізгі ойын анықтайды, осы сөз тіркестерінің әрбір қайталануы авторлық әңгімелеудің нақты сатысын, дәрежесін көрсетеді. Мұндай лексикалық қайталаманы - сатылы (ступенчатый) қайталама деп атайды.
"Жан" - бұл жерде тірі адам мәнінде алынған. Бұл сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналығы барынша айқын көрінеді. "Жаным" сөзі лексикалық эпифораға айналған.
Мен аңсаймын.
Сен-дағы аңса, жаным,
Жақсыдан жайлап ескен жан салмалын.
Аңса, жаным,
Зарығып шарша, жаным,
Қалса да қанша ғүмыр, қанша амалың.
Аңса, жаным!
Мен сағынам.
Сен дағы сағын, жаным, . .
Жақсыдан жайлап ескен жан самалын,
Жабықпай аңса, жаным,
Аңса, жаным!
"Жанымда менің" өлеңінде дауыссыз дыбыстар тіркес күйінде абсолют позицияда қайталанып келеді. Бұл қолданысты дыбыстық анафора деп атайды. Бұл жерде жан - дыбыстық анафора өлең мәтініне ырғақтық мән беріп, ұйқас қызметін атқарып тұр. Дыбыстық анафораның озық үлгілерін М. Шаханов, Ү. Есдәулет, Ж. Әбдірәшев сияқты ақындар өлеқдерінен кездестіруге де болады.
1. 3Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде
қолданылуы.
Әрбір тілдің кемеліне келіп жетілгендігінің белгісі оиың бай синонимикасы арқылы да білінеді. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөздер қолданылады. Ана тілінің синонимдік байлығын білу арқылы ғана көңілдегі көрікті ойды барлық реңктерімен өз мәнінде дәл және анық етіп шеберлікпен жеткізуге мүмкіндік аламыз. Ғалым Ә. Болғанбаевтың айтуынша: "Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер". [17, 23]
"Синонимия - ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыс. Тілдегі синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын ақын-жазушы жоқ. Синонимдерді қайталау - автор тілін әсерлендірудің тұрақты тәсілі. Сөздердін, мағынасы мен эксирссиясын күшейтіп, көркем дәлдік жасау тәсілі болады. Көркем шығармаларда бір кезде синоиимдер жинақтык ұғым, бейнелілік машнасын бере тіркессе (қайғы - мұң, қалжың - тәлкек), енді бір кездс дәл керек мағыналық қырды, белгіні дәлдеу, күшейту үшін қайталанады. " [6, 82]
Синонимдер - ойды қайталамаудың негізі ғана емес, суреткердің көркемдеу құралы. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер - поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Ақын көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білсе, ол оның шеберлігінің бір қыры. [2, 22]
Синонимдср мынадай бслгілсрінс қарай топтастырылады: 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы қажет. 3. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі тиіс, Бұл үш белгі - сөздерді синоним деи танудағы басты шарттар. [18, 104]
Синонимдерің мағынаналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге коңіл аударылады: Синонимдср градация жолымен
өзгеріп отырады. Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің мағыналық салмағы күтірек екендігін сезуге болады. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең т. б.
Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай реңктері байқалады:
І. Қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер. Мәселен, отағасы үй иесі сөзінен, науқас ауру сөзінен, қаза өлім сөзінен, перзент бала сөзінен жоғарылау.
2. Поэтикалық реңктер. Асқар деген сөздің биік деген сөзге қарағанда реңкі басым. Сол сияқты қол әскер сөзінен, мәртебе атақ сөзінен, қаһарман кейіпкер сөзінен жиірек қолданылады.
З. Кекесін-мысқыл мәніндегі реңктер. Біреудің істеген ісі, қылығы басқа бір адамға ұнамағанда айтылады. Мәселен, қожаңдау, кісілік көрсету деудің орнынақодыраңдау, жеңілтектену деудің орнына тұштаңдау деп кекетіп айтады.
4. Салтанат құру мәніндегі реңктер. Жүлде сөзі бәйге сөзінен асқақ, мерекелеу тойлау сөзінен көтеріңкі. [17, 37]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz