Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Нұрлан Оразалиннің шығармашылық ғұмырбаяны ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Ақын өлеңдерінің өрнектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Н.Оразалин поэзиясының тақырыптық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Ақын өлеңдерінің көркемдік.бейнелілік сипаты, тілі ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Ақын поэзиясының құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Жақсы өлең тақырыбымен өл¬шен¬бейді. Оның тақырыбы біреу ғана. Ол – адам, адам рухы, соның өміршеңдігі туралы ойлар мен өмір шындығы су-рет¬тері. Шынайы лирикалық өлеңде ақын осыны сезіну мен толғану арқылы адам¬затқа өмір сабағы туралы түй¬сін¬гендерін ұсынады. Бұл талап кеше де болған, бү¬гін де солай. Бірақ өлеңді саясатқа ың¬ғай¬лап, әртүрлі тақырыптар арқылы заманды мадақтауға құрып жүрген өзіміз. Енді ғана, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұл жолдың өмірсіздігін түсініп, жазудың жаңа жолы іздестіріле бастады. Қандай ақын болса да заманына тәу¬елді. Бірақ бұл сол заман ыңғайымен кете беру деген сөз емес. Жақсы ақындар уа¬қыт¬пен ымыраға келе отырып, шын¬дық жайлы ойларын ашып айтып кеткен. Кеңес саясаты тұсында да ондай талант¬тар аз болған жоқ. Ал, өткен ға¬сырдың 60-жылдарында әдеби қызметін баста¬ған жас ақындар ұрпағы өлең жасауды жаңа үлгіге көп жақындатты. Сөй¬тіп, бүгінгі қазақ өлеңі қалыптасты.
Қазақ өлеңі деген ұғымға мен поэ¬зияның шағын түрлерін түгелдей қосып, ұлттық ұғыммен ұсынып отырмын. Іш¬тей саралап қарасақ, онда таза ой мен се¬зімге құрылған лирика да, өлеңнің басқа түрлері де кездеседі. Қазақ ұғы¬мын¬да бә¬рі араласып кеткендіктен біз оны жіктеп жатпаймыз. Ендігі кезең ли¬риканың осы ой мен сезімді жырлайтын түрлерін қа¬жет етіп отырғаны бай¬қа¬ла¬ды.
Қазіргі қазақ поэзиясында осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан ақын¬дарымыздың бірі – Нұрлан Оразалин. Ол шығармашылық өмірін өткен ғасыр¬дың 70-жылдары бастап, жүйелі түрде қазақ лирикасын дамытуға күш салып келеді. Ақындығын да солай қалып¬тастырды. Оның шығармаларында лири¬калық сезім мен драмалық тартыстан туған өмір философиясы сыр шертеді. Тек ой мен сезімнің арпалысы емес, жүрек пен жан¬ның үндестігі, үйлесімі сезіледі. Нұрлан өлеңінің ішкі иірімі, сыры мол. Ой мазалап, төбесінде жасын ойнап, сезімі діріл қақ¬қан ақын кеу¬десінде шоқ жайнап тұрғанын көресің. Ол әлем шындығына бойлайды. Адам атау-лыны бөлмей, жал¬пыға ортақ се¬зімді жырлайды [1,16].Мұндай өлең жазу үшін ақынға талантпен қоса, үлкен бі¬лім, биік парасат, өмір көрі¬ніс¬терін бай¬қағыштық пен оны терең талдай білу өне¬рі керек. Өмір философиясы өлеңге осылай кіреді. Нұрланның бо¬йында осындай қасиет мол.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ әдебиетінің тарихы, 8-10 томдар.-Алматы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2000-2005 жж.
2. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті:.- А.: Қазақ университеті, 2003.- 284
1. Ниетқабылова Г. Е.Раушанов «Поэзиядағы психологиялық параллелизмнің көркемдік қызметі // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2001, №2
2. Ақын жерлестері арасында // Рауан.- 1999, 3 тамыз
3. Алаш сыйлығын алды // Дидар.- 2000, 1 сәуір
4. Елубай О. Талантты табындырған // Дидар.- 1996, 25 маусым
5. Есдәулетов Ұ. Жыр дәптерінен (өлеңдер) // Қазақстан әйелдері.- 1997, № 4, 16 б.
6. Заханқызы Р. «Ой жайылады басымда» (Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық белгі бейнелеулер. // Қазақ әдебиеті.- 1999, 23 шілде
7. Мұхаметқалымова Г. Жұлдызы жарық жырлар (Жерлес ақын Ұ.Есдәулетовтің шығармашылық кешінен) // Достық.- 1996, 16 маусым
8. Шәкіров М. Перзент парызы // Дидар.- 1999, 11 мамыр
9. С.Қирабаев «Уақыт және қадамгер». Жазушы. А 1973
10. Н.Оразалин «Таңдамалы туындылар» 1-2 том, Алматы 1995ж
11. Н.Оразалин «Таңдамалы туындылар» 3 том, Алматы 2000ж
12. Н.Оразалин «Қоздағы шоқ» Алматы Атамұра 2008ж
13. Н.Оразалин "Азаматқа аманат", Алматы 1996 ж
14. Н.Оразалин "Құралайдың салқыны"Алматы 1998 ж
15. Н.Оразалин "Ғасырмен қоштасу",Алматы 1999ж
16. Н.Оразалин «"Сырнайлы шақ"» Алматы 2001ж
17. Ә.Кекілбаев «Шандоз» Атырау, 2003
18. Р.Нұрғали «Әуезов және алаш» Алматы, Санат 1997ж
19. Тарихи тұлғалар. Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
20. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: ЖШС, 2010 жыл

1. Нұрлан Оразалиннің шығармашылық
ғұмырбаяны ... ... ... ... ... ... . ... ... ..4
2. Ақын өлеңдерінің
өрнектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...5
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Н.Оразалин поэзиясының тақырыптық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...10
2.2 Ақын өлеңдерінің көркемдік-бейнелілік сипаты,
тілі ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.3 Ақын поэзиясының
құндылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27
Кіріспе
Жақсы өлең тақырыбымен өлшенбейді. Оның тақырыбы біреу ғана. Ол – адам,
адам рухы, соның өміршеңдігі туралы ойлар мен өмір шындығы суреттері.
Шынайы лирикалық өлеңде ақын осыны сезіну мен толғану арқылы адамзатқа өмір
сабағы туралы түйсінгендерін ұсынады. Бұл талап кеше де болған, бүгін де
солай. Бірақ өлеңді саясатқа ыңғайлап, әртүрлі тақырыптар арқылы заманды
мадақтауға құрып жүрген өзіміз. Енді ғана, еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейін, бұл жолдың өмірсіздігін түсініп, жазудың жаңа жолы іздестіріле
бастады. Қандай ақын болса да заманына тәуелді. Бірақ бұл сол заман
ыңғайымен кете беру деген сөз емес. Жақсы ақындар уақытпен ымыраға келе
отырып, шындық жайлы ойларын ашып айтып кеткен. Кеңес саясаты тұсында да
ондай таланттар аз болған жоқ. Ал, өткен ғасырдың 60-жылдарында әдеби
қызметін бастаған жас ақындар ұрпағы өлең жасауды жаңа үлгіге көп
жақындатты. Сөйтіп, бүгінгі қазақ өлеңі қалыптасты.
Қазақ өлеңі деген ұғымға мен поэзияның шағын түрлерін түгелдей қосып,
ұлттық ұғыммен ұсынып отырмын. Іштей саралап қарасақ, онда таза ой мен
сезімге құрылған лирика да, өлеңнің басқа түрлері де кездеседі. Қазақ
ұғымында бәрі араласып кеткендіктен біз оны жіктеп жатпаймыз. Ендігі кезең
лириканың осы ой мен сезімді жырлайтын түрлерін қажет етіп отырғаны
байқалады.
Қазіргі қазақ поэзиясында осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан
ақындарымыздың бірі – Нұрлан Оразалин. Ол шығармашылық өмірін өткен
ғасырдың 70-жылдары бастап, жүйелі түрде қазақ лирикасын дамытуға күш салып
келеді. Ақындығын да солай қалыптастырды. Оның шығармаларында лирикалық
сезім мен драмалық тартыстан туған өмір философиясы сыр шертеді. Тек ой мен
сезімнің арпалысы емес, жүрек пен жанның үндестігі, үйлесімі сезіледі.
Нұрлан өлеңінің ішкі иірімі, сыры мол. Ой мазалап, төбесінде жасын ойнап,
сезімі діріл қаққан ақын кеудесінде шоқ жайнап тұрғанын көресің. Ол әлем
шындығына бойлайды. Адам атаулыны бөлмей, жалпыға ортақ сезімді жырлайды
[1,16].Мұндай өлең жазу үшін ақынға талантпен қоса, үлкен білім, биік
парасат, өмір көріністерін байқағыштық пен оны терең талдай білу өнері
керек. Өмір философиясы өлеңге осылай кіреді. Нұрланның бойында осындай
қасиет мол.
1.1 Нұрлан Оразалиннің шығармашылық ғұмырбаяны
Нұрлан Оразалин – өмір бойы жауапты жұмыстар атқарған қайраткер азамат.
Бұл – ол ұжым ортасында болып, үнемі адаммен араласқан, олардың мұң-
мұқтажына құлағын тосып, онымен ой-пікір бөліскен деген сөз. Және ол –
халықпен тікелей байланыс жолы. Оның үстіне ауылы жақын, жиі барып араласып
тұрады. Сөйтіп, ол бүкіл ақындық сезінуін елімен бірге өткізген.
Нұрлан тәуелсіздікті халқының рухын көтерген, бағын ашқан, келешекке
жарқын жол сілтеген оқиға ретінде қабылдады. Оны баянды етудің жолы елдікке
қызмет ету, қазақ рухын көтере жырлау деп ұқты. Осы жолдағы қиындықтарды да
көре білді, жасырмай айтты, көргенін, сезінгенін, ойына алғанын ашық
суреттей білді. Оның оқырманмен бөліскен Жүрекжарды сыры да (жеке
жинақтары: Беймаза көңіл, Көктем кеші, Жетінші құрлық, Құралайдың
салқыны, Қоздағы шоқ, т.б.) осыны паш етті. Ол ойын, сырын, әнін, күйін,
мұңын, сөзін, жырын түгендеп, халқына ұсынды. Ойым осы, сырым осы деді.
Бар болмысын, ғасыр сырын жырмен өрген талантын еліне арнады. [2,12].
Халықпен байланыс, оның ойын түсіну, сезімін қабылдау кім үшін болса да,
аз күннің шаруасы емес. Ол ақын санасында жастай оянып, қат-қабат
құбылыстармен толысып қалыптасады. Нұрлан шығармашылығының алғашқы
кезеңінде туған балаң жырлардың өзінен осы күйдің бастауын көреміз. Жас
адамның көктемнің келуімен байланысты табиғатты үңіле тануы, онымен
сырласуы, кеудесі толы жыр – көктемнің өзгеше көрінісі сұлулықты тануға
деген үлкен ізденісті бейнелейді. Осы биік сезімді суреттеуге деген ұмтылыс
үйреншікті ұйқасқа сыймай, өлеңдік форманың өзгеше ырғағын іздейді. Ойы мен
сезімін тербеген көңіл-күйімен үндесіп, мұң құшқан жиырма жастың сырын
ашады. [5,23].
Атағы жоқ Есениндер... жын
қысқан...
Жаңғырады жатақхана өлеңі.
Менің жиырма жасым мұң құшқан...
Түн ортасы...
Көше бойлап келеді.
Жауындатып келеді,
Дауылдатып келеді,
Ән-жыр кешіп келеді,
Жаңбыр кешіп келеді,
Желп-желп етіп желегі,
Менің жиырма жасым келеді...
2. Ақын өлеңдерінің өрнектері
Жиырма жасында бойын өлең билеп, көше бойын дауылдатып, жауындатып, ән-
жыр кешкен, мұң құшқан ақын сыры өткінші емес, жын қысқан үлкен сезімнің
ұшқыны екенін біз Нұрланның соңғы туындыларынан көреміз. Ақын өмір
құбылыстарын терең сезініп, жан сырына айналдыра білді. Біреулер дүние
қуады, екінші біреулер қыз қуады, сол үшін күресіп, тіресіп өмір сүреді.
Бұл болса, өлеңімен, мұңымен әлек. Өлеңінің от болып өртеніп, сәбилік
сезімін сақтауын қалайды. [1,16]. Ол үшін дүниенің бәрі көктем боп
сөйлейді, көктем сезімі қайың боп шулап, көк белдер жанына от беріп,
бұлбұлдың таңғы әні жүрегін толқытады. Кең әлем жүрегіне ұялап жан
толқуы басталады. Осы тұста ақынның Тұманбай ұстазын еске алуы да нанымды.
Көзімде тұнып қыр, бағым,
Түнімді оймен жұбаттым.
Тұманның жазған жырларын
Үніндей көрдім бұлақтың.
Өртендім... жандым... ұнаттым
Сұлулар жайлы өлеңді.
Сүйді екен бұлай құлап кім?
Үйрендік сүю дегенді.
(Қыс жайлы өлең жаздым мен).
Ақынның аласұрған сырға толы өмірі осылай басталады.
Тынышымды алды менің айлы аспан.
Астананы сілкіп-сілкіп күй тынды.
Бір өлеңім...
Жүрегімде жайғасқан
Қайғым болды алған менің ұйқымды.
Бір өлеңім... жазылмаған өлеңім
Ойларымды ойларыма жалғады.
Алматыны кезіп үнсіз келемін,
Алты құрлық шақырардай алдағы.
Көңіл,
Көңіл,
Көк аспанды шарлады.
(Үнім менің алаңдарда адасты).
Ақын ойын табиғат бөледі, ойына ой қосады. Ол образдарды да сол
табиғаттың өзінен алады. Тау менен тас ақын болып кеткендей, көк
теректер, ақ қайыңдар бишіге айналғандай, жауған жаңбыр сабалап тартқан
домбыра дыбысын еске салып, бусанып жатқан көше жар құшағын іздеген арудай
боп сағыныштың сезімін тудырады.
Осының бәрі – адам табиғатының еркіндігін аңсаған ақынның сыры, ешкімге
тәуелді емес, еркін сезініп, еркіндіктен туған ойларының көрінісі. Бүркіп
өтіп, жүректі сілкіп өтіп, ой төріне қона алмай жүрген Алматы түні де
адам арманы – Азаттықтың бейнесін елестетеді. [4,36].
Ақын көңілі құбылмалы. Оның ой мен сезімнің ырқына қарай өзгере салуы да
қиын емес. Сондай бір шақтарда Нұрлан жырлаған жас адамның ой мен мұңға
шырмала бермей, одан босап шығуды аңсаған кездері де ұшырасады. Сондай бір
тұста ол сезімімен ғана емес, оны тудырған ортамен қоштасып, табиғат
аясынан алыстап кетпек те болады. Осы бір өлеңдегі суреткерлік, құбылыстың
сыры мен шындығын терең түсіне бейнелеу оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Қош бол, сен, мұң кешкен шақтарым,
Ақ сезім – алғашқы ақ арман.
Жыр болып шулаған бақтарым,
Сүмбіле түндері таранған.
Тауымның құз-қия жақпарын
Сағынған сағымды кездерім.
Ақпанның түтетіп ақ қарын,
Құндақ боп тербеткен кез керім.
Сезімім ұқсап бір кептерге,
Жүректің төрінен жырлап ұш.
Қияқ шөп сарғайған бөктерге,
Кетейін қиялмен қырға алыс.
Кетейін ой тербеп күзде мен,
Жабырқап тұрғанда ақ қайың.
Тауларды сағынып іздеген
Тұмар қып көңілде сақтайын.
(Қош бол, сен, мұң кешкен шақтарым).
Осы бір өлеңде ойын қозғап, сезімін арбаған табиғатымен қоштасып тұрып,
сол ортадан бөліне алмай қиналған жан қозғалысы ерекше суреткерлікпен
ашылады. Онда өмір сабақтарын әлі де өтіп болмаған жас адамның сезімге
беріле отырып, айналасын ойлы көзбен шолуы және өз танымына беріктігі айқын
көрінеді. Және ол лирикалық кейіпкердің жан тазалығын, қайырымды қалпын
және болашаққа деген сенімін танытады. Осындай бір өлеңді талдаған
В.Белинскийдің: Поэзия деген не? деп сұрап алып, оған өлеңді қорғап жауап
бергені еске түседі. Ол қайнаған өмір сабағын өтпеген жасқа тән
мейірбандықты тани отырып, оның әлі жүзеге аспаған қиялынан туған ұмтылысты
көреді, оған сенетінін айтады, сол үшін қапалануы дұрыс дейді. Оны
түсінбейтіндер көп. Түсінбесе, түсінбесін. Оны түсінетін азшылық табылады.
Қалғыған адамның жан дүниесін оятып, биік сезімге жетелеудің өзі үлкен
бақыт емес пе? Лирикалық кейіпкердің жан сезімі жалпы адам рухымен туысып
жатыр және ол туыстық оны қоршаған кеңістік пен уақыттан әлдеқайда жоғары,
– деп жазған ұлы сыншы. Сондай поэзия Нұрлан лирикасында да тұнып тұр.
[7,26].
Шынайы сезім жас ақынның өзін іздеген өлеңдерінде де мол кездеседі.
Алатаудың аспанында жұлдыз көп,
Ай астынан сезімді іздеп келемін.
Ой төрінде жылтырайды бір күзгі от,
Өзімді іздеп келемін...
Өзімді іздеп келемін..., – дейді ол.
(Өмір нұрлы).
Жас ақынның сол сезімді табиғаттан ғана емес, махаббаттан табуы да ойлы
суретке толы. Ол қыз сүюді білмеген бозбалалық шабыт қиялын шақырып,
дәптерінің бетіндегі шимай-шатпақты тудырған жүрек үнін сүйгеніне арнайды.
Ойда жоқта кездескен еліктің киігін танып, жіпсіз байланып, бозаң-бозаң
кез кешеді. Оның үнінен махаббат лебі еседі. Осындай алғашқы сезім отынан
жүрегіне жамау түскен адамның тыныштық іздеп, қиналуы да нанымды. Оның
аптығын ай да, түн де баса алмайды, көше де, қайың да азабын азайтпайды,
кімнен, қайда тығыларын білмей, сезім арпалысына түседі. Өзін мазақ
ортасында қалғандай сезінеді.
Мөлдір қара көздеріндей қиылып,
Қарс айрылып қарайтындай
түнгі аспан.
Жүрек...
Жүрек...
Сабайтындай жиі ұрып
айдынымды мұң басқан.
Теңселіп тұр түнгі аспан.
(Қоштасар сәт).
Оның көп өлеңін жүрек оты тудырады.
Мен өлең жаздым...
Сені іздеп түнде, ерке қыз,
Жүректі соқыр
Сен жүріп өткен өртеп із.
Тіл қатты ғалам,
Махаббат болып
Жер,
Теңіз...
Мен өлең жаздым...
Мен өлең жаздым...
Сені іздеп түнде, ерке қыз.
(Мен өлең жаздым).
Бұл – жүрек сырын, махаббатын, ақындығын мойындауы. Жүрек дауасын өлеңнен
табуы. Осыдан бастап шын ақындық оның жан жарасына ем болып қонады. Ол
сұлулықты, әсемдікті таңдап, жырына арқау етеді.
Жырлады жүрек...
Жырлады түнгі аспан көк,
Ауылдан біздің адасып жүрген
сұлу Ай.
Жырлады жүрек дастан боп,
Жұмақ өлкенің
Жап-жасыл мына сұлуы-ай!
Жырлады жүрек...
Жырлады Балқан таулары,
София – ару көз жауын алып,
арбап бір.
Сөйледі көше баулары
Кеудемде менің
Орман боп, көл боп, самғап қыр.
2.1 Н.Оразалин поэзиясының тақырыптық жүйесі
70-жылдар – Нұрлан ақындығының балаң сезімнен ойлылыққа қарай ауысқан
кезеңі. Бұл кезде ол жалпы өмірге, қоғамдық өзгерістерге, айналаға кең
көзбен қарап, әлемдік қозғалыстарды түсінуге ұмтылады. Дүниеге
диалектикалық тұрғыдан қарайды. [3,22].
Дүние
Көшіп жатыр көзден белең,
Не қалды жер бетінде өзгермеген?!
Жасыл желек жамылған бақтар
көшкен,
Махаббатты аңсаған шақтар көшкен.
Ақын да өткен,
Фәниден пақыр да өткен,
Ай қылышы жарқылдап батыр да
өткен,
Жасық та өткен,
Жаңқа-жаңқа көңілі пасық та өткен.
Тал бесігін тербетіп дүниенің
Жылдар...
Жылдар...
Ғасырлар көшіп кеткен.
(Аспан туралы жыр).
Ақын әлем кеңістігінен өзгермеген дүние есебінде аспанды алады. Жырын
соған арнайды. Жаңалықты да аспан әлемінен тауып, өлеңге қажет образдарды
да алып пайдаланады. Бұлтты қайық етіп жылжыған ай мен арман-үмітін арқалап
көкте бірге жүзген қанатты ой ақындық параллельге құрылады. Келген көктем
де нөсер болып ой мен қырды сабалап, дүрілдетіп тауларды сөйлетеді,
осылардан тыныштықты толғатқан ғасырдың үні танылады.
Бұл кезде ақынның ғашық көңілі де толысқан, жастықтың алып-ұшпа сезімі
емес, орнына шынайы махаббат орныққан. Сезім мен ағынан жарылған көңіл күйі
шын сүйгеніне ауысады. Сағыныштарын ол соған жолдайды, солай қарап ұшырады.
Шын сезімге бөгет жоқ, оны қараша желі қағып әкетіп, ақ ұлпа қардың орнына
жаңбыр тамшылатады. Осындай күйде ақын жанын арбаған үн бірде сылқ-сылқ
күліп қыр асып, бірде себелеген ақ жауынға ұласып өзіне шақырады,
терезесін өлең боп ұрғылайды. Осы бір сағыныштан ол шын бақытын тапқандай
сезінеді.
Бақыт деген сірә да,
Сенің мені сағынатын кездерің,
Менің сені сағынатын кездерім.
Қондырып ап
Кеудеге бір құс аппақ,
Менің сені тұрған шағымда
құшақтап,
Қанатында ғажайып бір сезімнің
Адам-Ата – Хауа-Анаға ұқсап қап, – дейді ол.
(Бақыт деген).
Сөйтіп, ақын жыры өмірдің өзінен алынады. Ол өмірге ғашық болмаған
адамның өлеңі де, жыры да, әні де болмайды деп ұғады. Осыны өлең жолдарымен
білдіреді.
Өмірді тану дегенді ақын қиындық пен қуанышты бірдей көру, аязда, қарда
тоңу, жел сүйіп, жүйрік міну, тау мен даланы, шулы теңізді, кешіп үрейлі
дауылды жалдап өту, сұлулыққа тамсанып естен тану, жарық дүниеде жанып өту
деп біледі. Осы ұғымдардың негізінде өмір, өлең алдындағы жауапкершілік
жатады. Ой, арман, үміт ылғи да оның жанында мазасыздық туғызады.
Өлең үшін мәңгі майдан – бұл өмір
Қар, дауылға, қарсы жүру аязға.
...Семсер оймен, шербет мұңмен
адамзат
Күн астында күйген, сүйген
жарасқан.
...Арып-ашып былғамастан қағазды
Ай мен түннен,
Жер мен көктен сұра жыр.
Өмірге кең көзбен қарайтын ақынның көз алдында кең әлем. Сол кеңістіктегі
тіршіліктің бәрі өлең. Тек тыныштық, ынтымақ болса... Ақын осыны тілейді.
Ғасыр тыныш болса, оқпен емес, өлеңмен атыссақ деп армандайды. Миың менен
жүрегіңді сілкі де, алты құрлық сілкінетін сұра жыр, деп түйеді ойын.
Туған өлке суреттерін еске түсіріп, өлеңін туған жерге тізе бүгуге үндейді.
[6,56].
Дүниеге деген таным, көзқарас кеңейген сайын ақын арманы ұлғайып, ойы да,
мұңы да молайып бара жатқаны Нұрланның жырларында осы дәуірде ерекше
танылады. Ол сақтардан қалған оба түбінде (Оба түбіндегі ой) қазақ
жерінде өткен ұлы өзгерістер туралы ой толғайды. Тарихқа көз жіберіп, бүгін
обаға айналған елдің іргесі қалай сөгілгені туралы сыр шертеді. Заманның
аласапыран суретін көз алдына келтіреді Ақын өткенге салауат айтып, енді
бүгінгі тіршілікті, өзі көрген сұлу өмірді сақтауды тілейді.
Қол созып көшелерден, алаңдардан,
Бір үміт тіл қатардай санамды алған.
Осынау сұлулықты сақташы, деп,
Жаудырап қарайтындай тәмам
жалған.
Сүйінем, сүйсінемін, сыйынамын,
Кеудеме көктен алыс құйылады үн.
Жасыл от, жан тербеген бір күдік ой,
Жасырман, қадалады миыма мың.
(Жасыл от).
Ақын мойнына түскен жүктің ауырлығын түсіне бер: миына мың оқ боп
қадалған ой ел тағдырын шешуге қатысты ойлардың жалғасы екенін ұғасың.
Сондықтан ақынның жоғы да мұң, бары да мұң боп саналады. Ол адалдық пен
сатқындық туралы, өткінші өмір туралы ойланады.
Өмір ылғи тәтті арман, шекер емес,
Өтер жылдар...
Өтер ән...
Өтер елес.
Біз де өтерміз тағдырдың дауылымен
Өтетіні өмірдің бекер емес.
(Өмір ылғи).
Өзі өткенмен, сөз қалса... Тарих және оның сабағы осы көркемсөзде. Ол –
асау ғасыр сілкілеген санадан, тамырды билеген намыс пен жігерден, ыстық
қаннан туған ойлар. Ақын ажал төне көрмесін тек сөзіме дегенде, бұдан
туатын жалғыз талап – сол сөздің өлмес құдіреті, ойын қозғаған заман
шындығының бейнесі туралы жауапкершілікті айтады. Елі күткен, дала күткен,
қыр күткен сол сөз – тарихтың сәулесі, шежіресі екенінде дау жоқ.
Ойшылдық, ой қамаған адамның психологиялық жағдайын суреттеуде Нұрлан әдемі
жаңа образдар табады. Тас-талқан ғып бір ойыңды бір ойың, өтіп жатыр тар
кеудеде жиылыс, Көкіректе күрсінеді Алатау, күрсінеді кең даланың күй,
үні, Келемін мен өзімді өзім жеңе алмай, жыр-жолбарыс, ой деген бір
арыстан, Арман құсым ерте үркітіп тоғайдан, аз тірліктің алдауына
тоғайған, кезімді ойлап ашынамын, төзімді ойлап басыламын, т.б. – ойды
ашар бейнелі тіркестер жаңаша ойлаудан, өмір құбылыстарын жаңаша танудан
туған жаңалықтар. Мұндай тіркестер Нұрланда көп. Және олардың бәрі қалыпты
11 буынды өлеңнің ырғағына сыймай, ой легіне қарай жарасымды жаңа тармақтар
құрайды.
Ақынның ойы мен сыры туған халқының өмірімен біте қайнасқан. Ол қуанышын
да, мұңын да елімен бөліседі. Нұрланның:
Біздер, қалқам, өлең атты елденбіз.
Жауыннанбыз,
Қайғыданбыз,
Желденбіз.
Мәңгіліктің үрлеп мәңгі майданын
Ғасырлардың қойнауынан келгенбіз.
Кеудемізде – аптап, шілде, май,
тамыз,
Жырларымыз от бүркеді,
байқаңыз.
Қара қылды қақ жаратын қай кезде
Әділетті байрақ етер тайпамыз.
(Біздер, қалқам).
Мұнда ақын, жазушы, жалпы шығармашылық өмір табиғатының шынайы бейнесі
тап баса ашылған. Оны Нұрлан мақтан үшін айтпайды, өз өмірінің сырын
танытуды көздейді. Дүниеге ақынның көзімен қарайды, өмірдің қайшылығын жіті
көреді.
Нұрлан лирикасындағы осы ой мен мұң 90-жылдарда тіптен қалыңдай түскенін
көреміз. Бұл – бүкіл кеңестік жүйе ыдырап, бұрын тұтас одақ құрамында
болған қазақ қоғамының жаппай берекесіздікке ұшыраған тұсы болатын.
Таршылық, жоқшылық, жетімсіздік адамның психологиясын өзгертті. Кеше бір-
біріне бауыр, дос деп жүрген адамдар оңашаланып, жеке меншігін күйттеп,
біреудің барын тартып алуға, жұлып жеуге барды. Өздері жасаған дүниені
өздері қиратып, келешекке деген сенімін азайтты. Осы тұста жазған лирикалық
жырларын Нұрлан Заман қашып барады деп атапты. [8,32].
Қорқамын...
Содан қатты сескенемін,
(Мың жанып, мың қайтара
өшкен едім).
Мынау ұлы даланың төсін еміп,
Ғасырдан ғасырларға көшкен елім,
Сені ойлап, сескенемін, сескенемін.
Шошимын...
Шошынам да шамырқанам,
Көздерді көріп кейде жабырқаған.
Түн – мұнар,
Дала – мұнар,
Бәрі мұнар...
Мұнарға қалай келдік? Таңырқанам.
Мұнарды көріп тұрып шамырқанам.
Бұл өлең – сол бір заманда адам басына түскен зобалаң тіршілік туралы
толғаныстың көрінісі. Ол көңілде күмән көбейгенін, жауабын таба алмаған
сұрақтың молаюын, жеңіс те, мансап та, арман да ақшаға айналғанын күйіне
жазады. Ұйқы-тұйқы ойлары анасының қырық жамау көрпесін еске түсіріп,
жыры кеселге, мұңға айналады. Осындай ел қайғысына ақынның жеке басының
мұңы араласып, оның жаралы көңілін тіпті де жабырқатып жібергеніне өлеңі
куә.
2.2 Ақын өлеңдерінің көркемдік-бейнелілік сипаты, стилі
Түн қараңғы, Тура сөз, Дүниенің жарылардай жарғағы, Бәрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz