Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау



Жоспар
І Кіріспе
1.1 Қазақ прозасының жаңа белесі
1.2 Айгүл Кемелбаева шығармашылығының алғашқы бастауы
1.3 Жазушының қазақ прозасына енгізген жаңалығы
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
2.2 .Жазушы шығармаларындағы көркемдік ойлаудың исламдық мотивпен сабақтастығы
2.3 Жазушының «Ғибадат», «Тобылғысай», Мұнара», «Қияда» туындыларындағы ұлттық дүниетаным мен ұлттық құндылықтар.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзияны былай қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді. «Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел болуы – біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрыңғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, бүгінгі егемендікке келуіміздің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды керек етеді». Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі жазылмақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін, ткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді,салт-дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды. Қаншама жылдар бойына қазақы болмысымызды кеңес адамының көлеңкесі көлегейлеп келген әдебиетте енді қазағым, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бейнесі келді. Сонымен қатар еліміздің әлеуметтік өмірінде қоғамдық-саяси шешуші рөл атқарған қазақ тарихының ақтаңдақ беттері - 1986 жылғы «Желтоқсан», «Семей-полигон», «Ауған» тақырыптарына қазақ жазушыларының еркін шабыттана жазуының арқасында біраз сүбелі еңбектер дүниеге келді. «Дін-апиын» деген желеумен кеңес үкіметі жылдарындағы атеистік идеологияның кесірінен мүлде тиым салынған дін мәселесінде прозамызға исламдық сарынмен жазылған алғашқы прозалық шығармалар легі келді.
Әдебиеттер:
1. Кемелбаева А. Тобылғысай. Астана. Елорда. 2001. -120 бет.
2. Кемелбаева А. Мұнара : роман. - Алматы : , 2003. - 149 б.
3. Кемелбаева, А. Мәжнүн жүрек : эссе, сұхбат. - Алматы : Алаш, 2013. - 384 б.
4. Кемелбаева А. «Ғибадат». Астана. Елорда. 2001. -120 бет.
5. Кемелбаева А. «Қияда». Астана. Елорда. 2001. -120 бет.
6. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
7. Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы. Таңбалы.-374 б
8. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998 2 Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977
9. . Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968
10. Семей өңірінің ақын-жазушылары : библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.
11. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1995
12. Кәкішев Т «Қазақ сыны».Оқулық А:Санат 1999 ж
13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б
14. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994
15. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.
16. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.
17. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002
18. Дәдебаев Ж.Д. «Әдебиеттің жаңа белесі». Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2003
19. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002
20. Бердібаев Р. Қазақ әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.
21. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж
22. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.8__ 2.
23. Бөпежанова Ә. Өнер – жеке тәжірибе. // «Алтын Орда», 2003.01. №6, 21-26-бб.
24. Бөпежанова Ә «Жаңа әдебиет жаңалықтары» Алматы 2008 ж
25. Б.Мұратқызы «Үздік үш жазушы, үздік үш кітап» Алматы., 2006ж
26. Ә.Меңдіке «Сыни пікірлер» Алматы 2003ж
27. Ә.Меңдіке «Тәуелсіздіктің талмас жазушылары» Алматы 2008 ж
28. Г.Пірәлі «Көркем прозамыз, жаңа әдебиетіміз бар» .Ақиқат жураны 2012 ж
29. Ә. Сәдуақасұлы. «Тарихыңды танып біл» - Алматы : Шартарап, 1996. - 295 б. с.
30. Ә.Сәдуақасұлы «Семей топырағынан туған жазушылар » - Алматы, 2002 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
1. Қазақ прозасының жаңа белесі
2. Айгүл Кемелбаева шығармашылығының алғашқы бастауы
3. Жазушының қазақ прозасына енгізген жаңалығы
ІІ Негізгі бөлім
1. Айгүл Кемелбаева шығармаларындағы көркемдік ойлау
2. .Жазушы шығармаларындағы көркемдік ойлаудың исламдық мотивпен
сабақтастығы
3. Жазушының Ғибадат, Тобылғысай, Мұнара, Қияда туындыларындағы
ұлттық дүниетаным мен ұлттық құндылықтар.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі
өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес
кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ
көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда қазақ
әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе
алмай қалды деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап,
уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу
нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзияны былай қойғанда,
шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа
заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа
тақырып, тың сюжеттерді алып келді. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел
болуы – біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды
бұрыңғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың
тарихтың ұзақ жолында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған
тұстарын кең ашып, бүгінгі егемендікке келуіміздің заңды жолын көрсетуге
тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен
біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қарауды керек
етеді. Қазақ прозасының тақырыптық деңгейі кеңіп, кеңестік жүйе кезіндегі
жазылмақ түгілі айтуға болмайтын жабық тақырыптарға қалам тарту
мүмкіндігі туды. Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын, рухын көтеретін,
ткеніне көз салған тарихи романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді,салт-
дәстүрімізді әспеттеген әңгіме, повестер пайда болды. Қаншама жылдар бойына
қазақы болмысымызды кеңес адамының көлеңкесі көлегейлеп келген әдебиетте
енді қазағым, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бейнесі келді. Сонымен
қатар еліміздің әлеуметтік өмірінде қоғамдық-саяси шешуші рөл атқарған
қазақ тарихының ақтаңдақ беттері - 1986 жылғы Желтоқсан, Семей-полигон,
Ауған тақырыптарына қазақ жазушыларының еркін шабыттана жазуының
арқасында біраз сүбелі еңбектер дүниеге келді. Дін-апиын деген желеумен
кеңес үкіметі жылдарындағы атеистік идеологияның кесірінен мүлде тиым
салынған дін мәселесінде прозамызға исламдық сарынмен жазылған алғашқы
прозалық шығармалар легі келді.
Қазақ әдебиетінде Алла-тағаланы дәріптеп, салауат айтқан, пайғамбарлар
мен сахабаларды құрметтеген, періштелер өмірінен үзік сыр шерткен, адамзат
үшін әлі күнге дейін жұмбақ, тылсым дүние саналып келген жұмақ пен тозақ
әлемі турасында бірқатар көркем дүниелер жазылды. Күрделі ХХІ ғасырда өмір
сүріп, мұсылмандық сенімге, Аллаға бет бұрып, шариғат жолымен жүруге
ниеттенгендік көбейгенмен, бұл тақырыпта жазылған шығармалар саны саусақпен
санарлықтай ғана. Бұған себеп, мұсылмандық білім мен шариғат жолына қарсы
саясат қалыптастырған бұрынғы сыңаржақ көзқарастардың әлі де басымдық алуы.
Алайда, қазақ халқының табиғатындағы адамгершілік қағидалары `ислам
дінімен астасып жатыр. Білікті сыншы Ә.Бөпежанова: Қазақтың жаңа прозасы
туралы әңгіме 90 жылдар бедерінде ғана толымды сөз бола бастады. Ал, бұл
прозаның тарихы ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталатыны белгілі. Бұл – мәдени-
рухани модернизмнің келуі еді... бұл буын жаңа өнер жасауға саналы түрде,
үлкен дайындықпен кірісті. Тіпті, ең алдымен, оның теориялық негіздемесін
жасауға ұмтылды, - дейді. Сонымен, қазіргі қазақ прозасындағы көңіл
аударар келісті мәселенің бір тұмшаланып келген дін тақырыптарының көрініс
табуы. Мәселен, Алла тағалаға бас ию мен Мұхамед пайғамбардың (с.а.с),
сахабалардың өмірі мен ізгілікті істерін арқау еткен көркем шығармалар бір
шоғыр. Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылмашылдықты
дәріптеу, пайғамбарлар өмірінен мөлтек сыр шерту екінің қолынан келе
бермейтін дүние еді. Бұған, біріншіден социалистік қоғамда үстемдік құрған
атеистік тәрбиенің ықпалы болса, екіншіден қалам тартып жазғысы келгенімен
мұсылмандық сауаты, мағлұматы аз болғандықтан, ал үшіншіден бұл тақырыпқа
бел шешіп кірісу үшін исламдық діні берік, мұсылмандық махаббатқа толы
үлкен жүрек иесі болуы шарт еді. Бұл өзі көзге көрінбейтін, жүрекпен ғана
сезілетін жайт.Сондықтан да поэзиямен салыстырғанда проз да бұл тақырыпқа
қалам сермеу анағұрлым күрделі болатын. Алланың өзі де рас, сөзі де рас!
деп ұлы Абай жырлап кеткендей мұсылмандық сауаты, даярлығы бар болғанымен
Аллаға, Мұхамед пайғамбарымыздың атын дәріптеп, құрметтеп жазған шығармалар
санаулы-ақ. Сонау алаш әдебиетіненн М.Жұмабаевтың Пайғамбар өлеңін алсақ,
оның өзі аударма түрінде көз қылып жазылған өлең. Ал, бертінге қарай
ойыссақ, алдымен кенестік жүйе кезінде астармен жазылған Ғ.Мүсіреповтің
Ана жыры мен Ғ.Мүсіреповтің Әзірейілмен сұхбат әңгімелеріне соқпай өту
мүмкін емес. Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасындағы А.Кемелбаеваның
Ғибадат әңгімесі де Исламдық тақырыпқа өзіндік тұрғыдан келуімен
ерекшеленеді. Асыл пана Алланың нығметтері есепсіз болатын – бұл
әңгіменің лейтмотиві осы: Аллаға мадақ пен Жаратушы Иеге деген шексіз
махаббат. Ғибадат – адам баласының құдайды қалай іздеп тапқаны туралы
әңгіме, шынайы құлшылық, сүйіспеншілік. Мұнда ислам дінінің негізгі
қағидалары сақталады. Адамзаттың жаратылысы туралы ойлар қасиетті Құранда
бар шындыққа қиғаш келмейді. Мұсылман дінінде Алла тағаланың 99 көркем
есімі бар. Автор Алланы Асылпана деп атаса, Құрандағы сүрелердің
басталуында бар сөз: аса мейірімді, рақымды Алла. Аллашылдық идеясы қалай
ашылады? Қазақтың өз аңыздарынан алынған идеяны автор шебер пайдаланады. Ол
исі мұсылманға ортақ тажал туралы ой. Ақырзаман болғанда жер бетіне тажал
шығып, тіршілік атаулыны жалмап қояды. Ақырзаман азан даусы естілмегенде
болады. Әңгімедегі жасөспірім қыз баланың ауылда намаз оқитын кемпір-шал
азайған сайын шошынатыны туралы ой бұл гуманизм мұраттарын биік қоятын
үлкен әдебиеттің өз еншісі. Егер осы бір көркем ойдың түбін қазса,
мәңгүрттікке қарама-қарсы ұлы идеяның тап өзі болып шығар еді. Бұл кейінгі
көркем прозада сирек кездесетін құбылыс. Әдебиеттанушылар мен философтардың
терең зерттеуін қажет ететін таңғажайып бір мезет осы.Әңгіме мәтіні тіпті
діни трактатқа ұқсап тұратын тұстары мол. Автор ислам дінін шала
білетіндерден емес. Себебі діннің ғылыми негізі көркем прозада сақталады,
долбар мен жаңсақтық жоқ. Адам санасы мен психологиясы туралы терең
иірімдер бар. Ал әңгіменің Құран сүрелерінің аяттарымен аяқталуы
дүниежүзілік әдебиетке тән тәсіл. Атап айтқанда Лев Толстойдың
Воскресеньие атты романында (1889-1899 ж., өмірінің соңғы кезеңінде
жазылған ірі шығармаларының бірі) Евангелие – Інжілмен аяқталу бар.
Айгүлдің прозасын оқығанда, оны әдебиетші адамның жазғаныбірден білініп
отырады. Айгүл Кемелбаева қазақша жазса да, қазақ топырағының исін шығарып
тұрып жазса да, шетелдік прозаны кереметмеңгергендігі байқалады. Джойс,
Кафка, Прусты былай қоғанда, қазіргі модернистік, постмодернистік ортада
жүрген жазушылармен таныс екендігібілінеді. Неліктен? Жаңағы Тұрсынжан
сияқты Айгүл де әдеби тәсілдердіжетік меңгере отырып, бәрібір, жазушы
ретінде жазады. Айгүл өз туындыларына саналы түрде еуропалық мифтік
есімдерді де кіргізіп отырады. Оны әңгімесінің атына қояды, не әңгіменің
ішінде жүреді.Бұл эксперимент болғанымен, өте сәтті пайдаланылған амал.
Өйткені, дүниежүзілік әдебиетті біле отырып, сол деңгейде ойлана отырып,
қазақша стильдік тәсілдерді дүниеге әкелуде. Исламдық сарын аталмыш
автордың Тобылғы сай атты әңгімесіне де етене тән. Ұлы дене бәрін аңдауы
құдайшылдық идеясы. Бұл әңгімедегі әңгіме ішіндегі әңгіме тәсілімен
берілетін төрт әңгіменің түпкі ой, сарыны да осы құдайдың құдіретін ұлықтау
болып табылады. Алмұрт ағашы өмір ағашы туралы аңыздың желісіне сәйкес. Бұл
фәниде киелі заттар болатын себебі, оны Алла жаратқаннан деп түйіндейді
автор. Ал Мұнара атты романның тұтас сюжетін Аллаға деген сенімі мен
көмкерген.А.Кемелбаеваның Тобылғысай әңгімесіндегі исламдық сарын мүлде
бөлек. Бұл әңгіменің сипаттары: Нәресте жер жүзін анасындай аймалап,
жарылқап тастайды – күнге теңестірілген. Әңгіме кейіпкері Бижан − ауыл
жігіті. Ол терең сайлардан шөп шабады. Адам мен табиғат үндестігітұнып тұр.
Әңгіме идеясы туған жердің қасиет-киесі адамды жамандықтан қорғап қалуы,
ұлы жаратушының пенде атаулының ғана емес, тіршілік атаулының қорғаны
екендігін еске салуы. Ол қазақ халқының өзіне тән өмір философиясымен
астасып жатыр. Беймәлім ұлы дене адам ұланын күтіп жатқандай, көзінің
астымен әр қимылын бағып, бұға қалғанға ұқсайды. Көзге мұқтаж емес, бірақ
көреді, одан таса жер жоқ__ Ауасы балдай даланың шегірткесі шырылдауық,
құсы сайрауық болған соң, ұлы дене һәм сергек, қауіпшіл, һәм кінәмшіл
қарауыл екенін ұғыну қиын емес. Табиғатты меңіреу деп қабылдау адасқанды
жарға жығады – бұл Құран сүрелеріндегі аяттардан алшақ кетпейді. Исламда
Алланың өзіне тән көру, есту қабілеттері бар, ол көрнеуді де, көмескіні де
көреді делінген. Сондайда көкек шақырады сайдан. ... уызы кеппеген мынау
момақан тыныштықтың астарында асқан мейірім құпия сырдай, тұңғиық судай
тұнып тұрғаны – аят басы Аса мейірімді, рақымды Аллатағаланың атымен
бастаймын – деп басталады. Бижан шөп шапқан кез құдайдың мейірін жан-
тәнімен сезінген кез. Адам ұлы игілігін еңбектен табады сонда. Айнала
сүттей ұйып, арайлы дүние жарқырап жатады, Үлкен әтеш ұшып жеткенде
әлдебір ұлы сағынышқа елтіп, дарқан даланың қасиетті түгіне аунайды –ұлы
сағынышты жан-жануар тек Жаратушы Аллатағаласына сезінері сөзсіз. Әңгіме
ішіндегі әңгіме Тобылғысайдың жанрлық ерекшелігі. Рассказ в рассказе
немесе Обрамляющий рассказ деп аталған классикалық әдебиетте, Рабле,
Диккенс, Гоголь, Пушкин сынды алыптар сүйіп қолданған тәсілді автор таңдап
алған. Бұл әңгімені 4 шағын әңгіме көмкерген, олар бір-бірін идеялық
жағынан толықтырады. Жезтырнақ –қазақтың өз мифологиясынан алынған.
Идеясы: құдайдан таса жер жоқ бұлжалғанда. Қақпаншы – бұл да қазақтың
ауыз әдебиеті. Идеясы: құдайсыз қурай да сынбайды. Кірпі – қазақтың
ұлттық мінезі. Бижан кірпіні асықша иіріп, ордан тысқа лақтырып, құтқарып
жібереді. Қазақ баласының дүниетанымы Алмұртта бар: Бижан Алмұртты тауып
алғанына сүйінші сұрайды. Аллаға сыйыну, өмірсүйгіштік бұл әңгіменің күллі
негізі, тіні, рухы. Аллаға құлшылық пен Алланы сүю негізгі пафосы. Алмұрт
- расында астарлы түрде айтқанда Древо жизни. Мифтік ағаш. Өмір мұраты
қандай қиыншылықта болса да оның жемістерін теріп адал еңбекпен теріп жеу.
Бижан образы сол асыл мұратты ұлықтайды. Қаламгердің Қияда әңгімесінің
кейіпкері қиялдан тумағанын, өмірде болған адам екенін анық көрсетеді.
Деректі дүниені көркем прозаға айналдыру автордың басты міндеті болғанға
ұқсайды. Әңгімедегі шежіре деректер де бұл ойды растайды. Қазақтың
этногенездік болмысы бұл прозада айқын. Ұлттық дүниетаным Сарыарқаның
қырларында жөңкілген қалың жылқыдай жосылады. Бұл әңгіме несімен құнды?
Мұнда нағыз қазақтың образы бар. Түсіпхан өлгенде ауылы 40 күн жоқтау айтуы
салт-дәстүрді мықты сақтайтын елдің анық дерегі. Әңгімеде ажал тақырыбы
құдайшылдық сеніммен берілген. Сырғауыл тиелген арбаның астында бір түн
басылып жатқан жас жігіт Алласын қарғамайды, себебі жақсылық тек Алладан,
жамандық адамның өзінен деп дүние таниды. Ажал тақырыбы мұнда ерекше бір
мистикалық қуатпен берілгені сонша, кезінде символизм рухымен Мағжан
жырлаған Мені де өлім, әлдиле – идеясы 2005 жылдан бастап қазақ
әдебиетінде кенет тың күшпен көбейіп кеткені нақ осы әңгіменің әсерінен
десек болар. Әсіресе, жас жазушылардың әңгімелерінде өлім тақырыбын
құштарлана жазу белең алды. Асылында өлім әдебиеттің о бастан ең негізгі
тақырыбы. Қияда – бұл әңгіменің жанрлық басты ерекшелігі жоқтаумен
аяқталуында. Проза поэзиямен көмкеріледі. Үлкен әдебиетте мұндай көркемдік
ерекшелік айрықша бағалы. Абай қазақтың ұлттық қасиетін айтқанда ең әуелі
осы өлең, жырға тым бейімдігін айтады: Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Түсіпхан бейнесі ұмытылмастай сомдалған, себебі ол шындықтан шыққан бейне.
Жоқтау жырлары әңгімеде ұлттың өзінің импровизациялық қасиетін мол ашады.
Ахмет Байтұрсынов бастырған қазақтың 33 (33 шамасы) жоқтау жырларындағы
үлгіден бөлек. Суырып салып, қайғы қысқан ет жақын туыстардың құсалы
жүрегінен, бауырды зарлап жоқтаған жылау арқылы төгіледі. Бұл әңгіменің
эмоциональды табиғатын күшейтіп жібереді. Бұл әңгімені басқа прозаға
ұқсатпай, оқшаулап тұрған да осы бір жоқтау жырлары, автор көне мәдениеттен
бар тылсым жанрды жаңғырта білген. Әңгімеде романтикалық прозаға тән
теңеулер айшықты. Ал исламдық мотивтерден құрылған туындылар басынан бастап
болып келеді, алайда, бұл жерде исламдық мәтінге сюжеттік мотивтермен
леймотивтерді қалыптастыратын әдеби реминисценциялар, аллюзиялар
қабаттастырылатыны мәлім болып отыр.
Қоңыр қаз – Айгүл Кемелбаеваның ең үздік шығармасы. Туғаннан қамкөңіл
кішкентай қыз сурет салғанды ұнатады. Және тек қаздың суретін салады. Ақыр
соңында қыздың арқасынан қанат өсіп шығып аспанға үшып кетеді. Әңгіме,
адам бұрын періште болған, адам әзәзілдің айтқанына еріп жерге түскен
періште (все люди раньше были ангелами, человек – это падший ангел)
деген, Інжілден бұрын болған әфсаналардың бірінен алынған ізгі идеяға
құрылған. Шығарма, тұтастай алғанда, бүгінгі адам әлі адамның
толық тұлғасы емес екенін, адам, түптеп келгенде періште нәсілінен екенін
қайыра айтатын еске салу әңгіме (рассказ-напоминание) болып табылады.
Әңгімедегі қанатты қыз адамзаттың көне мекені, шыққан тегі – Періштелер
еліне қайтып кетеді.Айгүл стилистік ізденістерге бара қоймайтын, дәстүр
аңғарындағы жазушы. Аталмыш әңгіменің несі жаңалық деген сауалға,
концепциясы жаңа деп жауап қайтарар едім. Аңыздық сарында осылайша жазып
шығу, осындай үлкен пайымға бару, жазушыдан үлкен қабілет талап етеді.
Айгүлдің бір ғана міні – тілінің салақтығы. Әңгімені оқып отырып
байқағаным, Айгүл үшін ең басты нәрсе – идеяны айтып жеткізу. Ойында
концепцияны ғана ұстап отырғандықтан, тілдік, ол айналып келгенде стильдік
селкеуліктерге назар да аудармайды. Стильдік кемістіктің орнын
темпераментпен, шын көңілімен, сөздің шынайылығымен толтырады. Қысқасы,
білгенінше, қабілетінің жеткенінше жазады. Бірақ бәрібір, концепция
тұрғысынан болса да, аталмыш әңгіме әдебиетіміз үшін жаңалық деп атауға
тұрарлық шығарма. Біз бүл шағын мақаламызда, жазу мөнері бір-біріне
ұқсамайтын, түрлі тақырыпта, түрлі стильде жазатын бес жазушының
шығармаларын тілге тиек еттік. Әрине, бір мақала төңірегінде бүкіл қазақ
әдебиетінің бүгінгі күй-жайын айтып беру мүмкін емес. Біз тек жастар мен
жасамыс ұрпақтың прозасын, оның ішіндегі айтуға тұрарлық үнамды үрдістер
мен нышандарды ғана сөз еттік.
Дегенмен, біздің әдебиет және өнер элита мен орта таптың
мәдениетін дамытуы керек. Осы тақырып төңірегінде жазылған Т.Драйзердің,
Томас Манның еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бізде де егер осындай
шығармалар, көркем әдебиет, кино, аңыздар пайда болса, қоғам ілгерілеп,
жаңа құрылымдар пайда болатын еді.
Қазақ әдебиеттануында соңғы жылдары  арнайы тақырыпқа айналып, жиі-жиі
әдеби пікірталас тудырып жүрген қазіргі прозадағы қаламгер қыздар
қолтаңбасы қайта құру кезеңімен бірге келген жаңа көркемдік кеңістік пен
уақыттың лебін танытады. Бұрындары да өмірдің құндылықтарына қатты көңіл
бөлетін қыздар прозасы бүгінде махаббат, отбасы, ұлт пен ұрпақ қамы, әке
мен бала, ер мен әйел, ана мен бала, қыз бен жігіт, т.б сынды дәстүрлі
тақырыптардан биіктеп,  олардың мәнін психологиялық тұрғыдан тереңдетіп,
философиялық  мазмұнын арттырып, кейіпкерлерінің ішкі жан әлеміне, санадағы
сапалық өзгерістерге өзгеше өң беруге  әуес. Қазіргі әдеби кеңістікте
көрініп жүрген сан алуан бағыт пен тақырып төңірегінде талпыныс жасап
жүрген жас прозашылар кәдімгі дәстүрлі көркем прозадан гөрі мистикалық
сарындағы туындыларымен оқырмандарын баурауға бейімделіпті. Айталық, Роза
Мұқанова,  Айгүл Кемелбаева, Айгүл Омарова, Лира Қоныс, Ділдәр Мамырбаева,
Гүлзат Шойбекова,  Әсем Қозыбағарова ,т.б сынды жастардың осы жанрға
жандары жақын. Оқушысының санасын  сескендіріп, үнемі үрейде ұстап отыруды
саналы түрде таңдаған туындыгерлердің табысы мен тосын ерекшелігінің өзі де
осы тұста жатқандай.
А.Кемелбаеваның Мұнара романының Бала бағушы деген бөліміндегі бас
кейіпкердің: Асылы, мистикаға сенбейтін адамдар дүниеде ештеңеге де
иланбас меңіреу, надан жандар. Өмір расында  адамзатқа жұмбақ жасыра
беруден жалықпайды, оның шешуі жарықтың арғы бетіндегі жарықта ғана деген
сөзіне  кейде дау да айта алмасың анық ( Роман.-Алматы.-2003.-149б. 18
бет). Шынында да табиғаттың тылсым сырлары, жаратылыстың жұмбақ қырлары көп-
ақ. Бала кезде ертегілер арқылы естіп, санаға сіңген үрейлі оқиғалар,
мистикалық кейіпкерлер, жаратылыстың сенбесіңе қоймас құпия жұмбақтары
заманның осындай бір өтпелі, ауыспалы шақтарында өріс алуы да әдебиет
тарихынан  таныс жәйттер. Белгілі кезең аралығындағы бос рухани кеңістікті
толтыруға , халықтың рухани жүдеуіне жол бермеуге талпынған, мифологиялық
логикаға негізделген мистикалық сарынды кие тұтқан көркем шығармалар да осы
тәуелсіздік жылдары  көптеп көріне бастады. Бұған, бәлкім батыс әдебиетінің
де әсері мол болар.
Дәл қазіргі рухани құндылықтар қадірі құлдыраған заман бейнесін берерлік
қатыгездікті осындай әфсаналық сипаттағы мораль кодекстері, ойлы дүниеге
опасыздық танытқандарға ой саларлық оқшау  оқиғалы, оғаштау ойлау жүйелері,
жаңаша жазу стилдері бүгінгі көркемдік танымдағы өзгеше өрнекті, тың
талпыныстарды танытады. Қазіргі прозадан біз көбіне өзіне де өміріне де,
қоғамға да көңілі толмайтын өздерін әлеуметтік ортадан шеттетілген,
керексіз дүниедей сезінетін кейіпкерлерге кез боламыз.Олардың сорақы
сандыраққа толы, қауіп-қатерге толы тағдырлары  авторларының бүгінгі өмірге
деген көзқарастарын танытады.Таптық идеологияға тән, не жақсы не жаман
болып бір жақты бейнеленетін кешегі прозадағыдай қаһармандық қасиет жоқ
десек те болады. Идеал деген жоқ. Қаһармансыз кейіпкерлердің романдағы
көрінісі жалпы қазіргі қоғамға тән кемшіліктерді өрнектейді. Осы ретте ұлы
жазушы Л.Н.Толстойдың: Көркем өнер дегеніміз суреткердің өз жанына терең
үңілу арқылы көпке ортақ құпия сырларды ашып, көрсетіп беретін микроскоп
сияқты ,-деген сөзін еске алсақ, қазіргі қазақ прозасының көркемдік 
міндеті де бүгінгі  болмысты, өмір құбылыстарын зерделеп, соны халыққа
таныту болып табылса керек  (О литературе.М.,1955,стр.310).
Аталған қаламгерлер өз заманының рухани қажетіне сай  ықшам жазылған, тез
қабылданып, жедел оқылатын аз көлемді шағын жанрдағы психологиялық
мәтіндерді жазуға мәжбүр. Көркем өнердің мәңгілік құндылығынан гөрі бүгінгі
өмір ырғағына көшкен , көңіл көтеруге бейімделген, барлық жастағы оқырманға
бағышталған  көпшілік әдебиеттің –  детектив, триллер, мелодрама,
фантастика, бестселлер ,т.б сынды жанрлық түрлерінің дәурені де бүгінгі
дәуір. Жазылу мәнері жағынан түрлік ізденістерге толы  көркемдік танымдағы
тәмсіл-толғаныстар, эссе-суреттер бүгінгінің болмыс бейнесін бедерлейді.
Мәселен, Мадина Омарованың Қадір түні (Алматы: Жалын.ЖШС.2012.-320 бет)
атты жинағына жарты беттен аспайтын эссе-этюдтары, әдебиеттану ғылымында
қалыптасқан теориялық қағидаға қисыны келіңкіремейтін әңгімелері (егер
соған келсе) енген. Шағын мәтіндердегі автор мақсат тұтқан идея екі ауыз
сөзбен шешіліп жатады.  Қаламгердің тек өзіне тән жазу өрнегі, бейнелеу
дағдысы оның дүниені танудағы тосын танымын танытады. Өмірдің өзінен ойып
алған бір ғана сәттік суреттер кейіпкер тағдырындағы ұзақ жылғы шердің
шешуші сәтіндей сезіледі. Ақша іздеген бала деген әңгімесінде аты жоқ
ағасы мен жеңгесі, аты аталмайтын анасы, өзінің де есімі белгісіз кейіпкер
баланың тағдыры бір ғана жиырма теңге іздеу аясында баяндалып, бүткіл бір
әулеттің тағдыры, бүгінгі ауылдағы ана мен қаладағы бала отбасында
кездесетін кәдімгі көпшілікке аян тағдырлар, тіршіліктер сөз болады.
Бүгінгі өмірдің еш жасандылығы жоқ шындығы, шынайы өмірі осы азғантай
абзацтарға сыйып кеткен. Қысқалық таланттылықтың белгісі деген А.П.
Чеховтың атақты сөзін еске алсақ, шынында да бір повестке жүк боларлық
сюжеттің сөлін сығымдап бірер сөзбен қайыру әрі өте дәлдікпен, кәсіби
шеберлікпен берілуі қуантарлық. Бүгінгі уақыты жоқ, ынтасы жоқ
оқырмандардың талабы мен заман зәрулігіне сай ықшам да қысқа жазудың жетік
жолын тапқан қаламгердің даралығын танытар тәсілі құрғақ баяндап отырып-ақ
жаныңды жауратар ауыр жағдайды, сүйек сырқыратар сезімді сыйлайды. Айгүл
дәстүрлі ұлттық ойлау, жазу машығынан мүлдем ажырап кетпесе де  бүгінгі
дәуір мен адамның тынысын, тіршілігін, табиғатын танытарлық таптаурын емес
өзіндік тілді, өрісті, тәсілді тауып алған.Титтей туындымен де талай тарихи
оқиғаларды ойға алып, талай тағдырлар тауқіметін тұспалдап, тастай түйін
жасап, тап-тұйнақтай етіп  әңгіме шертуге болады екен.Оқып көрелік:
...Байғұс мамасын жеңгесі бір күн де қондырмай, келген күні қайтарған. Орын
жоқ. Онсыз да ауа тар.Маржанға зиян деді жеңгесі.Ал ағасы Онда кешкі
автобусқа үлгеріп кет деген. Мамасы қайтып кетті. Жол бойы армандаған
суына да түскен жоқ, туған кезінде бір көріп жете алмай жүрген Маржанды да
мауқын басып көтермеді. Баланың көзіне жас үйірілген ....
Осы бес сөйлем біздің өміріздің қатыгездігін, ілуде біреу емес екінің
басында болып жатқан қоғамдық, рухани қасіреттен хабар береді. Ағам деп
алып-ұшып келген бауыры енді ауылға қайтуға ,шешесінен ақша алдыруға
телефон шалатын 20 теңге таппай, табан астын түртініп, жер шұқылап жүр.
Қария, Кемпір, Әже, Менің ауылым ,т.б туындыларда да жалғыз қалған
қарттар тағдырын тілге тиек етеді. Жарты беттік шығармаларда шыңғырған
шындық, шыжғырылған ақиқаттар бетті басады: ...Көзің шықсын. Көзің шыққыр,
сорлы. Балалар жоқ. Өстіп жалғыз қалайын деп таптым ба бес баланы.Өлсем
келіп көмуге жарар ма десеңші, шіріктер. Енді қайтейін. Ой, алла-ай. Аман
болсын әйтеуір. Қайтейін... деген шарасыз аналардың жан айғайы бүгінгі
заманның зарындай ащы.
Жалғызсыраған, қасіреттеніп қапаланған қарттар, ұмыт қалған ауылдар
тағдыры, бүкіл ауылды жайлаған жұмыссыздық, соның салдарынан сандалып түрлі
сорақылыққа жол берген жастар, ертеңге деген үміті жоғалған жас ұрпақтың 
қатерге толы мағынасыз өмірлері, адамдар санасындағы бейберекетсіздіктің
болуы, т.б мәселелер жазушының философиялық ой-пікірінен ,көркемдік-
эстетикалық көзқарасынан хабар береді.
Туған бауыры түгілі әулет, елдегі жетім мен жесірін жеуге қара нан
таппай отырғанда да қаңғыртпайтын қазақ қой үстінде бозторғай
жұмыртқалаған бүгінгі бейбіт, бақуат кезде неге туған бауырына осылай
бейбүйректік танытады екен ? Сұрақ көп, жауап жоқ. Өйткені, ол бүгінгі
өмірімізге тән жаппай құбылыс.Қоғамдық қасірет.
Мысық деген әңгімесі де адамнан , оның таза сезімінен гөрі жылы жерді,
жан тыныштығын ғана ойлайтын тіршілік иесін артық көретін қала адамының
қауіпті психологиясы сөз болады. Бала, отбасы секілді киелі ұғымдарды ит-
мысыққа алмастырған қалалықтардың, әсіресе өзге ұлт өкілдерінен жұққан
жаман әдеттің  ақыры қандай қасіретке соғады деген сауалға жауап іздейді
жазушы,мұнда.
 Күзгі бір кеште мистикалық сарын билік алған. Бірақ, қазіргі қоғамдағы
үрейдің үлкені. Аулаға шыққан көршілер әңгімесіне құлақ қойсақ : -
Титімтайы титімдай ғой. Кеше  Асхат екеуі  бұталардың арасына кіріп
кеткен.Тіпті жоқ болып кеткеннен кейін ақырын арттарынан барсам, құшақтасып
жатыр. Не істерімді білмей қалдым.... Бес жасар ұл мен қыздың қылығы жаға
ұстатады. Қазір бұрынғыдай қызды қырық үйден тию  дегенді бойжеткендерге
бағыштаса, қазір қаршадайларға да қарата айтылатыны қандай қорқынышты.
Бірақ мұндай оқиғалар орын алып жатқаны да шындық емес пе? Он жасар
оқушылардың үйленуі , 5 жасар періштелерді зорлап, өлімге қию секілді адам
шошырлық  ақпараттардың күн сайын теледидардан беріліп, санаға соққы
беруінің өзі әлдекімдердің ұлттық рухты құлдыратудың қитұрқы саясатынан сыр
беретіндей.
Ал, Қатыгездік деген әңгімесінде отбасы бар жігіт ағасына ғашық Сәуле
есімді жас қыздың ұлы сезімге деген сәби адалдығы алданып,  ақыры ажал
құштырады. Ересек ер  адам үшін Сәуле: Нұрға толған жанары, күлкіге толы
сөздері осындай мағынасыз сенбілерге мағына беру үшін жаратылған болса, ал
Сәуле үшін бұл сезім: ...Өмір-мен үшін үрей, құпия. Махабаттың да бақыттан
гөрі қорқынышы, адалдығынан гөрі арамдығы басым... . Және әпкесінің уланып
өлгенін хабарлаған баланың үні тым жайбарақат болғаны да Қатыгездіктің
үздік үлгісі. Әке атанған ер адамнан кішкентай балаға дейін жалғасып жатқан
Қатыгездікті қаламгер   осылай бүгінгі күннің көкейкесті тақырыбы
деңгейіне дейін көтеріп,  келелі мәселе ретінде ой толғайды.
   Өмірдің осындай  көріністерінен үлкен мәселе көтеретін Айгүл Омарованың
жаңашылдығы кешегі кеңестік кезеңде қалыптасқан құрмалас сөйлемдер
құрсауынан босап, бірер сөзбен де батпандай ой айтуға болатынын білдіру.
Бұл- тәуелсіздіктен кейін қазақ әдебиетіне келген қаламгерлердің
қолтаңбасы, дәуір даралығы, жаңа бағыттағы соны стилдік, тілдік ізденістер
десек те қателеспеспіз. Уақыт талабына тез бейімделген жастар
шығармашылықтары аз сөзге көп мағына сыйдырудың, шексіз кеңістік пен уақыт
тынысын тым қысқа сөзбен бейнелесе де автордың тереңге жасырған мағыналарын
ашудың   жаңа бір бағыттарына бет бұрғаны белгілі.
  ХХ ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов,  Мағжан Жұмабаев,
Сұлтанмахмұт Торайғыров,    Міржақып Дулатов ,т.б сынды суреткерлердің 
көркем  прозалары шағын болса да шымыр ойлы, шырынды сөйлемдерімен
ерекшеленсе, қазіргі қаламгерлер де қысқалықпен құнарлы ой айтуға, шағын
мәтінге бүкіл бір көлемді туындының мағынасын сыйдыруға, адам жанының
арпалысын ашуға,т.б деген талпыныстар жетерлік. Оны әр қаламгер өмірмен
бірге өзгеріп жататын дүние тану түйсігі мен кәсіби шеберлік мүмкіндіктері
арқылы айшықтап келеді.Және олардың көпшілігінің көркемдік әлеміне 
мистикалық сипат тән. Қазіргі заман прозасында тез құбылғаш адам жанының
ішкі әлемі  эпикалық тұрғыда кең тыныспен баяндалмаса да оқиға түсінікті,
ойлы.
М.Омарованы қызықтырған өз өресіндегі өнер , қиял әлемі, өз танымы мен
өмірді тануындағы, қабылдауындағы өзгерістер мен дүниені бақылауындағы
тосын тәсілдері таңба береді.Оның азғана жолдан тұратын туындылары  
бүгінгі заманның талабы. Бұл бүгінгі ойлау формасының , көркемдік-
эстетикалық талғамның бүтіндей өзгергенінің куәсі. Жастардың өз үнін
шығарып, өз өрнегін танытуы да өз заманының талабына сай заңды да. Өйткені,
әр дәуір өзінің таңбасын    тарихта өшпестей етіп қалдырары хақ. Ал, оны
қай қаламгер қалай қабылдап, қандай ізденіс, форма мен мазмұн, түр мен әдіс
арқылы айқындап, бейнелейді , ол өзінің жеке кәсіби шеберлігі мен 
шығармашылық табысына байланысты .Қазіргі қаламгерлердің осы жолдағы
ізденістері мен жаңашылдықтары жұртшылықты жақсылыққа жүгіндіріп, үздіктен
үміттендіреді. Қалай болғанда жастардың талпынысы мен табыстарына  ақ
ниеттілікпен  қолдау білдірген оң .
Жалпы қазіргі қазақ прозасында өзіндік тілдік, стилдік, көркемдік, жанрлық
өзгешеліктерімен өзіндік өрнек танытып, танылған жазушы Мадина Омарованың
бұл туындысы шынында да тәуелсіздіктен кейін келген көркем ойдың жаңашыл
шығармалар шоғырынан табылары сөзсіз.
Ауызғы  үйде атты әңгімесінде хатшы қыз отыратын бөлмедегі азғана уақыт
пен тар кеңістік,  психологиялық ахуал, қарым-қатынас мәдениеті кейіпкердің
көзімен суреттеледі. Бүгінгі әкімшілік мекемелерде  орын алған жүгенсіздік,
сағаттап басшыға кіре алмай дал болатын жағдайлар, хатшы қыздарға ортақ
мінездеме,олардың шынайы бет-пердесі : ...бастық отыратын бөлмеге өтіп,
емін-еркін жүрісі, тырнақтарының ұзындығы мен көйлектерінің қысқалығы,
бейнесінде дәулетті кісілерге құпия қызмет ұсынатын аруларға тән
сырбаздықтың есіп тұрғаны-керемет,-деп баяндалып,  соңында:
Бюрократия.Адам-машина. Жәлап. Кетіп қалдым деген кейіпкердің үш
сөйлеміне салмақ түсіріле бүгінгі әкімдерден гөрі оның әмеңгерлерінің елге
етер есерлігі қатты сынға ұшырайды.(224 б). Мұны қазіргі әміршілік бел
алған заманда билеуші топтың рақымсыздығы мен қатыгездігінің, адамдық
қасиеттен айыратын бюрократтық жайлаған әкімшілік органдарының символы десе
артықтық етпейді. Адамгершіліктен, тазалықтан, ада болған қайсыбір 
бастықсымақтардың адам қабылдаудағы қасиетсіздігі, кісі құрметтеуден
жұрдайлығы, өзінің жұмыс орнын азғындыққа айналдыруы, үлкені бар, жасы бар,
ірі бар, кішісі бар жандарға үстемдік танытуы да бүгінгі тіршілігіміздегі
бейберекетсіздікті бейнелейді.Бұл оқиғадан оқырман автордың  өзі өмір
сүрген уақыт пен орта жайлы  түсінігін тануға мүмкіндік алады.
 Ал, Ақын деген әңгімесінде олардың типтік бейнелері екеуара диалог
арқылы ашылады. Және мұндағы диалог өзінің граматикалық талабына сай,төл
сөз бен  төлеу сөздің  ара жігі тыныстық белгілерімен ерекшеленбей, 
бірігіп, тұтасып кету үрдісі үстемдік алған.  Оқып көрелік: Шаршап
жүрмін деді ол кісі. Жалғызбын. Әйеліңіз қайда? Әйел бар ғой,
сөйлесетін адам жоқ. М-м-м. Бірге жұмыс істеп жүргенде мен саған
қырындамап па едім осы?. Жоқ, ешқашан ... Шекпеймін...Одаққа күнде
барамын...Босқа сенделіп жүріп-жүріп қайтам. Ешкім жоқ Неге жоқ?. Менің
достарымның барлығы өліп қалған, о дүниеде барлығы . Түсінікті....
Екеуміз жүрсек қалай болады екен,ә? Білмеймін, түк қызық болмайтын
сияқты. ... Жоқ, ағатай, жұмысқа баруым керек... Шаршап жүрмін деді ол.
Мағына қалмады мына тірлікте. Шаршадым. Барлығы далбаса. Қолымды
қысты ... Алматыға күз осылай бір-ақ түнде келеді (225 б).
 Бүгінгі рухани жүдеген шығармашылық адамдарының арасында болатын әдеттегі
әңгіме. Құлазыған қала, құлазыған қаламгерлер, құлазыған рухани дүние .Бәрі
тұспалмен екі ауыз сөзбен баяндалады. Бұл тек екі кісі басындағы тоқырау
емес, қоғамдағы қасірет.Ақиқаттан алшақтамаған тағдырлар өмірінен
үзінділер, үзік-үзік ойлар маңайымыздың меңіреу тыныштыққа бой ұрып,
ештеңеге қызықпайтын жастар табиғатынан сыр береді. Қандай ұсынысқа да
жәйбарақат, немкетті жауап берушілік, ешқандай сезім, эмоциядан жұрдайлық
жаныңды түршіктіреді. Екі ұрпақ , екі жыныс өкілдері арасындағы өрескел
айтылған сөздер де қазіргі қоғамның тұтас болмысын көрсетеді . 
Шығармашылық тұлғаға тән романтикадан да жұрдай, жұтаң. Төңірегіңдегі жәй
қарапайым халық қана емес, ұлт пен елді алға сүйрейтін, ұлтқа  рух беретін
шығармашылық орта да осындай рухани күйреуде, тоқырауда екендігінен сыр
береді, бұл туынды.Жалпы баяндау ырғағын, суреттеу сипатын  осылай күрт
ауыстырып отыру шығарманың мағынасын тереңдетері хақ. Мадина да әңгімешінің
интригасына құрылған  микросюжеттер жиі кездеседі.
М.Әуезовтің : ...Адамзаттың көп ғасырлы мәдениеті бізге қалдырылған мұра
да өз дәуірің туралы жауапты, терең ойлан дейді. Ал біздің әдебиетіміз анық
күткен қадірлі замандасымыздың өзі де өзінің дәуірін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА ӘДЕБИЕТТАНУШЫ
Қазақ сурет өнеріндегі фотореализм және гиперреализм бағытын ұстанатын суретшілер
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Постмодернизм ХХ ғасырдың ағымы
Көркем шығармалардағы психологизм
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер