Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Жобалап оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1.Қазақ тілін жобалап оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Озат тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1.Эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Оқушыларды еркін ойлауға, талпынысқа баулу – мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы. Бұл тұрғыда мұғалімдер біраз құлышыныста болып, оқушыларға бағыт беру керек.
Осындай әдістердің бірі – жобалау технологиясы. Жобалау әдісі, ол ынтымақтастықта оқыту, оның түпкі тамыры педагогикалық тұрғыда емес, ең бастысы әлеуметтік тұрғыда, кең түрде адамзат байланысының көкейкестілігін ұғыну, бір проблемаға түрлі көзқараспен қарау, «қажетті» мен «бардың» арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.
Жобалап оқытудың технологиясы дегеніміз – проблемалық оқытудың идеясын дамыту. Жобаны орындаудың мақсаты – қарым-қатынас пен сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істей отырып, балалар ақпарат жинайды.
Жобалау технологиясын сабақ-концертте қолдануға болады. Мысалы, сынып әр түрлі мезгілдегі шығармашылық ұжымға бөлінеді, өз бетімен әдеби шағын қойылымдар дайындайды. Көркем шығарманы таңдап алғаннан кейін балалар сценарий құрастырып, қойылымға қажетті костюмдер дайындап, музыканы таңдайды, қойылымды сахнада көрсетеді. Бұл жұмысты жазушылардың шығармашылығын оқып-білу кезінде көрнекіліктер ретінде қолдана отырып, саханда қойылым ретінде көрсетіледі.
Жобалау технологиясы да басқа технологиялар сияқты жүйелілік, құрылымдық, тиімділік, оңтайлылық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Кез келген білім беру технологиясы нақтылы тақырыпта, сабақта, дидактикалық процестің негізгі технологиялық бірлігі – дидактикалық модульде жүзеге асырылады.
Жобалай оқыту технологиясының қазақ тілін үйретудегі маңызы оның қандай ұстанымдарды басшылыққа алатынын пайымдаудан басталды. Дидактикалық заңдылықтардың өзі жүйелілікпен танылып, ұйымдастырылып, іс жүзінде асыруда да жүйелілік ұстанымы басшылыққа алынса ғана оқу-тыңдау, сөйлеу, жазу дағдыларының қажетті талаптарға сай қалыптастырылуы мүмкін болады. Тіл үйренушінің қазақ тілінің теориясынан білім минимумын меңгеруі, практикада, әсіресе, өз бетімен ғылыми ізденістер жүргізуде орындайтын жұмыстары кешенділікпен бір жүйеге орталықтандырылса ғана оқушының жеке тұлға дәрежесіне көтерілу мүмкіндігі артады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қадашева Қ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, «Мұрагер» - 2005ж.
2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту», Алматы, 1991ж.
3. Қадашева Қ. «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», Алматы, 2001ж.
4. Серікқалиева А. «қазақ тілін жобалау технологиясы арқылы оқытудың мақсаты», Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,-2006ж.
5. Қалияева Қ. «Проект технологиясымен жұмыс істеу әдістері// Қазақ және әлем әдебиеті,2006ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Жобалап оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4
1.1.Қазақ тілін жобалап
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8
2. Озат
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1.Эксперимент ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...

Кіріспе
Оқушыларды еркін ойлауға, талпынысқа баулу – мұғалімге қажетті
әдістердің ең бастысы. Бұл тұрғыда мұғалімдер біраз құлышыныста болып,
оқушыларға бағыт беру керек.
Осындай әдістердің бірі – жобалау технологиясы. Жобалау әдісі, ол
ынтымақтастықта оқыту, оның түпкі тамыры педагогикалық тұрғыда емес, ең
бастысы әлеуметтік тұрғыда, кең түрде адамзат байланысының көкейкестілігін
ұғыну, бір проблемаға түрлі көзқараспен қарау, қажетті мен бардың
арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.
Жобалап оқытудың технологиясы дегеніміз – проблемалық оқытудың
идеясын дамыту. Жобаны орындаудың мақсаты – қарым-қатынас пен сөйлеу
барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын
жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобамен жұмыс істей отырып, балалар
ақпарат жинайды.
Жобалау технологиясын сабақ-концертте қолдануға болады. Мысалы, сынып
әр түрлі мезгілдегі шығармашылық ұжымға бөлінеді, өз бетімен әдеби шағын
қойылымдар дайындайды. Көркем шығарманы таңдап алғаннан кейін балалар
сценарий құрастырып, қойылымға қажетті костюмдер дайындап, музыканы
таңдайды, қойылымды сахнада көрсетеді. Бұл жұмысты жазушылардың
шығармашылығын оқып-білу кезінде көрнекіліктер ретінде қолдана отырып,
саханда қойылым ретінде көрсетіледі.
Жобалау технологиясы да басқа технологиялар сияқты жүйелілік,
құрылымдық, тиімділік, оңтайлылық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Кез келген білім беру технологиясы нақтылы тақырыпта, сабақта,
дидактикалық процестің негізгі технологиялық бірлігі – дидактикалық
модульде жүзеге асырылады.
Жобалай оқыту технологиясының қазақ тілін үйретудегі маңызы оның қандай
ұстанымдарды басшылыққа алатынын пайымдаудан басталды. Дидактикалық
заңдылықтардың өзі жүйелілікпен танылып, ұйымдастырылып, іс жүзінде асыруда
да жүйелілік ұстанымы басшылыққа алынса ғана оқу-тыңдау, сөйлеу, жазу
дағдыларының қажетті талаптарға сай қалыптастырылуы мүмкін болады. Тіл
үйренушінің қазақ тілінің теориясынан білім минимумын меңгеруі,
практикада, әсіресе, өз бетімен ғылыми ізденістер жүргізуде орындайтын
жұмыстары кешенділікпен бір жүйеге орталықтандырылса ғана оқушының жеке
тұлға дәрежесіне көтерілу мүмкіндігі артады. Ал жобалай оқыту технологиясы
осы кешенді жұмысты ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып саналады. Онда
тақырыпты анықтаудан бастап тұсаукесерге дейінгі аралықтағы әр кезеңде
атқарылатын жұмыстар апта сайын талданып, бекітіліп, жүйеленіп отырады.
Қазақ тілін сапалы оқып-меңгеру үдерісін жобалай оқыту технологиясы
арқылы ұйымдастыруда саналылық ұстанымы берік орын алады. Ал жоба
дайындаудың басты мәні, түпкі мақсаты – оқушының саналы білім алуын
қамтамасыз ету. Өйткені оқушы оған енетін әрекеттің барлығын оймен
бағамдап, жоспарлап, саналы түрде жүзеге асырады.

1.Жобалап оқыту технологиясы
Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді.
Бұл сөздің мағынасы педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу,
нақты нәтижеге жету, белгілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға барабар.
Педагогикада оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға
болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі оқыту
технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды
үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару
жүйелілік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады.
Сондықтан отандық та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға
арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде.
Ресей ғалымдарының осы саладағы еңбектерін саралап қарағанда,
педагогикалық технологияның оқыту үдерісіне екі түрлі жолмен:
1) В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В. Занков,
П.Я. Гальперин, Н.В. Кузьмина, т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің
нәтижесінде; 2) Е.Н.Ильина, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов,
т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде енгізілгені
анықталды. Дегенмен, қазіргі таңда оқыту технологияларының жалпы
заңдылықтары мен қағидалары нақтыланып, оларды қолданудың өзіндік жүйесі
бірізге түсірілген деп кесіп айту орынды болмас. Өйткені технология
шеберлікпен, өнермен тамырлас ұғым болғандықтан, оның мүмкіндіктерінің де
шексіз екені аян. Әйтсе де олардың аражігін ажыратып, әр технологияның
өзіндік сипаттарын пәнді оқытудың ерекшелігіне сай айқындап берген еңбектер
қатары молайып келеді.
Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын
жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа
өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. Жобалай
оқыту технологиясының алғашқы соқпағы ХVІІ ғасырдағы Париждің Корольдік
сәулет академиясының тәжірибесінен басталады. ХХ ғасырдың ортасынан бастап
АҚШ-тың, Германияның білім беру саласында, ал ғасыр соңында ТМД елдерінің
оқыту жүйесінде кең өріс алғаны белгілі. Жобалай оқыту технологиясының
теориясын алғаш негіздеген ғалымдар Д.Дьюй мен В.Килпатрик болатын. Олар
бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл анықтап, оның интеллект дамытудағы
маңызын жоғары бағалады. Кейін бұл технологияның теориясын дамытқан
Е.С.Полат, В.Д.Симоненко, М.Б.Павловтардың зерттеулері болды.
Білім беру жүйесінің әр буынында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде
меңгерту үдерісінде оқыту технологияларын жаңа қырынан қарастырған, оларды
таңдап, талғап қолданудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін арнайы зерттеген
жұмыстар қатарында Ф.Оразбаеваның коммуникативтік технологиясын,
М.Жанпейісованың модульдік технологиясын, Қ.Қадашеваның жаңғырта оқыту
технологиясын, Р.Шаханованың мамандыққа бейімдеп оқыту технологиясын,
З.Бейсембаева мен К.Жақсылықованың модульдік технологияларын,
Н.Құрманованың дамыта оқыту технологиясын, Н.Оразахынованың сатылай
кешенді талдау технологиясын, белсенді оқыту әдістерін зерттеген
Ж.Сүлейменова мен Ә.Әлметованың сұхбаттық оқыту технологиясын,
А.Жапбаровтың, А.Қыдыршаевтың, Ж.Дәулетбекованың сөз мәдениетін
меңгертумен, шешендікті қалыптастырумен байланысты жаңа технологияларға
қатысты қағидалары көрсетілген еңбектерін атауға болады. Әйтсе де, бұл
зерттеулерде жобалау технологиясы туралы пікірлердің тым аз қамтылғаны,
кейде үстірт қана аталып кеткені байқалады.
Жобалай оқыту технологиясын қолданып, проблемалық тақырыптың мазмұнын
ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын ғылыми дәлелдеудегі мұндай оқу
ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі
мол. Атап айтқанда:
1. Жұп (диада) құрып, бір мезгілде бірлікте жұмыс істеуге мүмкіндік
береді.
2. Үштік (триада) құрып, бір мезгілде бірлікте және жеке даралық жұмыс
істеуге бағыттайды.
3. Шағын топ құрып, (мүмкін 4 не 6 адам) пікірталас тудыратын қарым-
қатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады.
Жобалай оқыту технологиясы арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің арнайы
ұстанымдары ретінде:
- проблеманы қою және уәждеме тудыру (іздену белсенділігі) ұстанымы;
- грамматиканы танымдық тұрғыда (алгоритмдер, кестелер, диаграммалар
арқылы) меңгерту ұстанымы;
- қайталау (түрлі жаттығу – тапсырмалар арқылы қайталау) ұстанымы;
- субъектінің өз әрекетін жоспарлау (ойын түрлерінде тапсырманы орындау)
ұстанымы;
- интеграциялау (басқа пәндер бойынша алған білімін пайдаланып, өз бетінше
жаңа білім жинақтау) ұстанымы белгіленді.
Жобалай оқыту технологиясының негізін қалаушы Д.Дьюй оқушының
интеллектуалдық қабілеттерін дамытудың, өз бетінше ойлауын қалыптастырудың
маңыздылығына ерекше мән бере отырып, мәселе білімді меңгеруде емес, мәселе
осы білімді игеру әрекетін ұйымдастырудың тетігін табуда екенін баса айтқан
болатын. Ал проблеманы өздігінен шешу мақсаты тікелей жобалай оқыту
технологиясы талаптарына сәйкес келеді. Өйткені проблеманы өздігінен шешуге
дайын адамның бойында өзінің танымдық әрекетін жоспарлау, ойлау жүйесінің
икемділігі, нәтижеге жетуге деген құлшыныс, өз қатесін түсіну және оны дер
кезінде жөндей білу, метатанымдық қабілет, өзгелермен тіл табыса отырып
шешім жасау жолдарын іздестіре алу секілді қабілеттер қалыптасады.
Жобалай оқыту технологиясы бойынша істелетін жұмыстарға қойылатын
талаптар:
1. Оқытушы кез келген проблемалық жобаларды қорғау немесе олардың ғылыми
шешімдерін, өзіндік дәлелдемелерін жалпыға түсіндіру үшін жобаның
сценарийін мынадай құрамда ұсынуы қажет: тақырыптың аты; қойылатын
проблема; тақырыпқа сай нақты ұстаным, мысалы, қатардан қалма және
дәлелде; жеке өзіндік көзқарас (пікір); қорытындылар мен
түйіндемелер.
2. Полемикалық сипатта шешен сөйлетуге бейімдейтін сұрақтар қамтылуы
қажет. Олардың бұл мәселе қажет пе? оның қойылуы міндетті ме? деген
сауалдарға жауап беретіндей өткір болуына көңіл бөлінеді.
3. Сыныпты тартудың тілдік тәсілдерін қамту керек. Мәселен, риторикалық
сұрақтарды пайдалануға болады. Оқу-тәрбие тақырыбына қатысты жоба
жұмысының кіріспе сөзін Жастарды қалай тәрбиелеуіміз керек? Оқу мен
тәрбиенің бірлігін қалай жүзеге асыруға болады? Осы екі ұғымды бүкіл
оқу үдерісінде бірге қамтудың қандай мүмкіндіктері бар? Міне, осы
мәселе бойынша ойлануымыз керек деп бастау тыңдаушылардың назарын
аударуға және өз сөзінің басты бағытын танытуға оң ықпал етеді.
Жоба жұмысында орындаушының тілдік дағдыларын дұрыс қалыптастыруға
көңіл аударылуы тиіс. Ол үшін арнайы клишелерді орынды пайдалану талап
етіледі.
Жобалау технологиясы ауқымында проблемалық оқыту әдістері жиі
қолданылды. Жобалай оқыту технологиясы арқылы тілді меңгертуде ең маңызды
мәселе – проблеманы дұрыс қоя білу және оны шешуге оқушыларды ұйымдастыра
алу. Проблема белгілі бір тақырыптан алынғанымен, онымен бірдей болмайды.
Проблема тақырыптан ерекшеленеді. Атап айтқанда, проблема қарама-
қайшылыққа құрылады, ары қарай талдауды, шешуді қажет етеді. Оқушы алдына
нақты проблеманың қойылуы ғана оның белсенділігінің артуына әкеледі.
Проблеманы шешу әрекеттері негізінде оқушының проблеманы түсіну, проблеманы
сипаттау, проблема қоя білу, проблеманы шешу, нәтижені (шешімді) ой
елегінен өткізу, қабылданған шешімді хабарлау іскерліктері қалыптасады.
Д.Дьюйдің жобалық оқыту әдісі – оқыту үрдісінде өнімді оқыту идеясын
жүзеге асыру құралы, онда оқушылар күнделікті өмірдегі құбылыстарды жобалау
негізінде мұғалімнің көмегімен жүзеге асырады. Бұл жобалық оқытуда
оқушылардың жеке қабілеті мен қасиеттерін, шығармашылық, белсенділік іс-
әрекетін қамтамасыз ету және өздігінен білімін жетілдіру көзделеді.
Біздің мектеп – Д.Дьюйдің педагогикалық идеясы негізінде жобалық оқыту
технологиясын жетілдіріп келеді. Ондағы негізгі ұстанымдар мыналар:
1. Оқушының жеке қасиеті мен қабілетін жетілдіру, дамыту.
2. Оқушының жеке қабілетіне орай шығармашылық белсенділік іс-әрекетін
қаматамасыз ету.
3. Оқушы қажеттілігін қанағаттандыру.
Бұл жобалық оқыту әдісін пайдалану тиімді. Себебі, сыныптық-сабақ жүйесінің
әлсіз жақтары бізге қосымша оқытуды ұйымдастыруға итермелейді. Өйткені,
сыныптық-сабақ жүйесінде оқушының дара ерекшеліктерін, шығармашылық
қабілеттерін танымдық деңгейден эвристикалық деңгейге көтеруге мүмкіндік
болмайды. Сол сбептен де оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін қосымша
білім беру қажеттігі туындайды. Бұл қажеттілікті сыныптан тыс оқыту
жұмыстарында іске асыруға әбден болады.
Мектебіміздегі дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру
мақсатында құрылған Зерек ғылыми-таныс секциясы өзінің оқыту үрдісіне
жобалық оқыту әдісін таңдаған. Жобалық оқыту әдісі тәжірибеде өз
тиімділігін көрсетіп отыр. Өйткені, бұл технологиямен оқыут нәтижесінде
міндетті деңгейден өте жоғары эвристикалық-шшығармашыл жеке тұлға
қалыптастыруға кеңінен жол ашылды.
Жобалық оқыту үрдісінде мақсатқа жетудің жолында бірқатар тәсілдер мен
іс-қимылдар қолданылады. Ондай іс-қимылдарға мыналар жатады.
1. Ғылыми таным әдістерін меңгеру ((талдау, салыстыру, ой-пікірлерді
негіздеу, жинақтау, ой қорыту)
2. Оқушының өзіндік ізденіс іс-қимылдары (танымжорық, тәжірибелік әс-
қимылдар, ғылыми әдебиеттер оқу, нормативтік құжаттармен танысу,
сұхбаттасу, ой-пікір бөлісу).
3. Жобалық оқытуды ұйымдастырудың формасы (пәндік үйірме, оқыту әдісі –
жобалау, оқыту формасы – жеке-дара және топтық).
Мұғалім алғашқы кезеңде оқушының даралық қабілетін анықтап алады. Ол
үшін психологиялық диагностика, сауалдама, шығарма жазу, эвристикалық
әңгіме, бақылау, т.б. жұмыс түрлері орындалады. Жоба мәселеге орай
әдістемелік нұсқау береді. Зерттеу жұмысына орай, зерттеудің кезеңдерін,
мақсат пен міндеттерін, әдістерін ұғындырады. Зерттеу жұмысына жетекшілік
жасайды, жұмыс жоспарын құрады, зерттеу көздерін көрсетеді, мерзімдерін
бекітеді, ақпарат алу мен тасымалдау әдістерін үйретеді.
Оқушылардың өз еркімен шығармашылық іс-қимыл жасауы олардың өзін-өзі
тануына, өздігінен жетілуіне, өзінің ұнатқан білім негіздерін терең
меңгеруге ықпалы зор.

1.1.Қазақ тілін жобалап оқыту
Қазақ тілін оқыту курсын жаңаша әдістермен оқыту, яғни, сабақтарда іс-
әрекетті ұйымдастыру іскерлік ойындарын, әлеуметтік-психологиялық
тренингтерді, Монахов технологиясын, яғни, жобалау тәсілін пайдалану
төмендегідей мәселенің оң шешімін табуына көмегін тигізеді:
а) оқытудың қазіргі технологиясын насихаттап, оларды теориялық жағынан
меңгерумен қатар іс жүзінде қолдана білу;
ә) болашақ мамандар ЖОО-ның бітіріп, жұмысқа барған кезде жаңалықтың
жаршысы, алған білімдерін ұжымға таратушы етіп шығару.
Технологияның аты,Мақсаты Тұжырымдылық Мазмұны мен
авторы ерекшеліктері әдістемесінің
ерекшеліктері
Оқытудың жобалау - Оқытудың тұтас - Технология Оқу процесінің
технологиясы технологиясын оқытушының бүкіл әдістемелік
(В.М.Монахов) жобалау; оқу жылында мазмұнын басқару
- Алға қойған пайдаланатын технологиясы, оқу
мақсатқа жетуді әдістемелерін үрдісін неғұрлым
көздейтін жоспарлауына мақсатты жобалап
педагогикалық көмектеседі. құру жүйесі. Бұл
процесс түзу; - Технология технология бес
- Нәтижені талдап,жобасындағы кезең арқылы
түсіндіріп бере негізгі объект – жүзеге асады.
алатындай жүйені оқу тақырыптары,
таңдау және құру; дидактикалық
- қиындықтың модуль
алдын-алу және - Әр параметрдің
түзету өзінше қамтитын
жұмыстарының нақты мәселелері
жүйесін жасау; болады.
- жобаланған
технологияны іске
асыратын
әдістемелік құрал
қалыптастыру.

Өзіндік жобалау оқу тәсіліне баса көңіл бөліне бастады. Бұл
концептуалдық тұжырымды жүзеге асыру үшін әр түрлі жобалау тәсілін
пайдаланған жөн. Жобалау деп оқушы жүзеге асыра алатын кез келген
практикалық ой-тұжырымды айтады. Бұл кезде ол өз бетімен мақсат қояды,
жоспар құрады, оны іс жүзіне асырады, бағалайды және соңғы өнімнің сапасын
бақылап отырады.
Жобалай оқыту технологиясының қазақ тілін үйретудегі маңызы оның қандай
ұстанымдарды басшылыққа алатынын пайымдаудан басталды. Дидактикалық
заңдылықтардың өзі жүйелілікпен танылып, ұйымдастырылып, іс жүзінде асыруда
да жүйелілік ұстанымы басшылыққа алынса ғана оқу-тыңдау, сөйлеу, жазу
дағдыларының қажетті талаптарға сай қалыптастырылуы мүмкін болады. Тіл
үйренушінің қазақ тілінің теориясынан білім минимумын меңгеруі,
практикада, әсіресе, өз бетімен ғылыми ізденістер жүргізуде орындайтын
жұмыстары кешенділікпен бір жүйеге орталықтандырылса ғана оқушының жеке
тұлға дәрежесіне көтерілу мүмкіндігі артады. Ал жобалай оқыту технологиясы
осы кешенді жұмысты ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып саналады. Онда
тақырыпты анықтаудан бастап тұсаукесерге дейінгі аралықтағы әр кезеңде
атқарылатын жұмыстар апта сайын талданып, бекітіліп, жүйеленіп отырады.
Қазақ тілін сапалы оқып-меңгеру үдерісін жобалай оқыту технологиясы
арқылы ұйымдастыруда саналылық ұстанымы берік орын алады. Ал жоба
дайындаудың басты мәні, түпкі мақсаты – оқушының саналы білім алуын
қамтамасыз ету. Өйткені оқушы оған енетін әрекеттің барлығын оймен
бағамдап, жоспарлап, саналы түрде жүзеге асырады.
Жобалау тәсілінің бір артықшылығы – білім мен біліктілік. Жобаны іске
асыруда әдетте бір емес бірнеше оқушы біріге отырып жұмыс атқаратыны да бұл
тәсілдердің маңызды сипатының бірі болып табылады.
Тәсілдің негізгі дидактикалық қасиеті - өзіндік реттеу негізінде оқу.
Оқушылар қажетті деректі өз бетімен іздестіріп тауып, жобаны орындау
барысындағы барлық кезеңдерде дербес шешім қабылдайтын болады. Оқытушының
міндеті оқушыны өз бетімен жоспар құрып, орындауға және оқу-зерттеу
жұмыстарын өзіндік бағалауға жетелеу.
Орта мектепте оқу үрдісін технологияландыру іс-әрекеті бойынша іс
жүзінде нәтижелерге жетіп жүрген, ғылыми тұрғыда негізделген М.М.Монаховтың
жоғары мектепте оқу үрдісін технологияландырудағы педагогикалық
технологиясының орны ерекше. Оның басты ерекшеліктері: оқу үрдісінің
жүйелі, ретті, бүтіндей қарастырылуы; оқытудың шығармашылық қызметінің
мақсатты бағалануы; оқушыларға дайындалудың деңгейіне қойылатын талаптардың
нақты да тиімді жүйесінің ұсынылуы. Осы таңдап алынған технологияны қолдану
арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренудегі міндетті деңгейі мен олардың
практикалық іс-әрекеттің нәтижесі арасындағы қарама-қайшылықты шешу. Бұл
технологияның жеткілікті түрде әмбебаптылығымен қатар оның кез келген пәнге
оңай қолдануға болады. Осы технологияны қолданғанда мемлекеттік стандарт
талаптары ғана шешіліп қана қоймай, деңгейлік оқыту мәселесі де толық
шешілетінін ескерсек, бұл технологияны оқу үрдісіне қолдану қажеттілігі
айқындалады.
Жобалау технологиясы да басқа технологиялар сияқты жүйелілік,
құрылымдық, тиімділік, оңтайлылық талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Кез келген білім беру технологиясы нақтылы тақырыпта, сабақта,
дидактикалық процестің негізгі технологиялық бірлігі – дидактикалық
модульде жүзеге асырылады.
Жобаланған технологияның тиімділігі шешілетін мәселенің барлық
өлшемдері бойынша қажетті нәтижелерге жету экспериментті түрде, біртіндеп
жақындау – интеграция әдісі арқылы жүзеге асады.
Бұл технология мынадай кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең. Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесін
дайындау. Мұнда төмендегі жайттар ескеріледі: диагностикалық түрде мақсат
қою, оқушының болашақ іс-әрекетін талдау; оқытудың мақсаты, міндеттерінің
сипаты, берілген жастағы оқушылар тобының ерекшеліктері; нақты
педагогикалық технологияның мақсаттары мен шарттарына – бар тұжырымдарын,
технологияны жүзеге асырудың болжамын іріктеп таңдау; осы білім беру
аймағындағы оқытудың мазмұнын анықтау; модульдерді, оқу элементтерін
белгілеу, оларды зерттеудің ой сызбасы; нақты даму аймағы шеңберіндегі оқу
процесінің нәтижесі мен жемісі.
Екінші кезең. Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық
жұмыстарды түзу. Оқыту технологиясы белгілі бір тәртіппен орындалатын,
нәтижесінде технологиялық процестің мағынасын көрсететін өзіндік
нормативтік айқындалған бөліктерден тұратын категория.
Дидактикалық модуль (ДМ) – кезеңдер мен оқу-тәрбие процесінің типтік
жоспарлануы мен жобалануы. Оның құрылымы мен атқаратын қызметі төмендегіше
анықталады:
- дидактикалық процеске бара-бар ұйымдастыру түрін таңдау;
- берілген дидактикалық модульге қажетті білім мен білікті
өзектестіру, яғни, ізденіс – дайындық жұмыстары және оны ұйымдастырудың
ерекшеліктері;
- әр оқушының берілген дидактикалық модульді меңгеруге дайындығы мен
ықылас танытуы;
- дидактикалық процестің мотивациялық (ынталық) жинастырылуы және
дайындық, оның дидактикалық модуль мазмұнына енуі;
- сабақты және сабақтар жүйесін нақты жоспарлау және жобалау;
- оқу аппараттарының блоктарын меңгеру және өз бетінше оқу-танымдық іс-
әрекет арқылы жаңаны тану;
- жалпы білім беретін дайындық сапасының базистік деңгейге жету үшін
қажетті нақтылы оқу материалдарын меңгеру (базистік деңгей дидактикалық
модуль шеңберінде бірыңғай аяқталуды талап етеді);
- оқушылар жүктемесінің дәрежесі мен көлемін тексеру және дидактикалық
модуль үшін қажетті оқу уақыттарының есебін шығару;
- жекеленген оқушылар үшін оқу материалын елеулі кеңейтудің және
тереңдетудің мүмкіндіктері (оқу процесінің көп деңгейде жіктелуі);
- әр оқушының оқу материалын өз бетінше меңгеруі мен танудың жеке
траекториясын, тіркестерін белгілеп отыруының оқу процесін басқарудағы
педагогикалық объективтілігі.
Үшінші кезең. Берілген дидактикалық модульді жүзеге асырудағы
мұғалімнің әдістемелік құралдарды дайындауы.
Мұғалімнің әдістемелік құралды (оның дидактикалық, әдістемелік
тұрғыдан жасақталуы, жүйеленуі және толығуы, қолданбалы бағдары) оқу-тәрбие
процесін жобалау мен ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Технология мұғалімнің оқу процесінің логикалық құрылым ретіндегі
ұғымын қалыптастырады. Құрылымның әрқайсысы ойлауды, естуді, сөйлеуді,
қызығушылықты дамытуға бағытталған шағын мақсаттарды көздейтін бірнеше
сабақтардың тізбегінен тұрады.
Технологиялық картада оқытудың табысты болуын қамтамасыз ететін оқу
процесінің мақсаты, диагностика, үй тапсырмаларының мөлшері, жобаның
логикалық құрылымы сияқты басты параметрлер қамтылады. Технологиялық
картаны меңгеру арқылы мұғалімдерде нақтылық, анықтық, құрылымдық сияқты
жаңа педагогикалық ой-өріс пайда бола бастайды. Технология мұғалімнің бүкіл
оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі.
Технологиялық жобалаудың негізгі нысаны – оқу тақырыптары (дидактикалық
модуль, ең азы – 6-8 сағат, көбі – 22-24 сағат). Дәл осындай жүйеде ғана
оқу процесінің заңдылықтары айқын көріне алады. Мұғалім оқыту мақсаттарын
белгілеуге қатысып, оқу процесі жобасының теңиегері болады.
Бір тақырып бойынша 2-ден 5-ке дейін шағын мақсаттар қойылуы мүмкін.
Мұғалім мұндай шағын мақсаттарды мынадай түрде белгілейді: білу,
үйрену, түсіну, түсінік алу, сипаттамасын беріп үйрену. Әр тақырып
бойынша оқу процесінің жобасы технологиялық карта мен сабақтың ақпараттық
картасының жиынтығынан тұрады. Үшінші кезеңге, сонымен қатар, білім беру
міндеттерімен стандарттық талаптарды тиімді шешуді, сабақтар жүйесін
жобалауды, үй жұмысын реттеуді мақсат ететін тапсырмалар жүйесінің мазмұны
мен құрылымын түзу жатады.
Төртінші кезең. Берілген дидактикалық модульді жүзеге асыруда
технологиялық ойлардың жүзеге асуының нәтижесін бағамдайтын (өлшейтін)
өлшемдер мен әдістерді түзу. Бұл кезеңнің нақты мазмұны студенттердің білім
мен білігіне қойылатын дәстүрлі бағдарламалық талаптарды жоспарлаған
технологиялық нәтижелер тіліне аудару. Бұл үшін меңгеру мақсаты мен
өлшемдеріне сәйкес студенттер білімі мен іс-әрекетінің сапасын бақылайтын
тест жасақтау қажет.
Технологиядағы диагностика – белгіленген нақты мақсатқа жеткендігін
(жетпегендігін) анықтау, талдау. Диагностика барлық уақытта жазбаша түрде
жүргізіледі.
Тексеру жұмысы төрт тапсырмадан тұрады. Екі алғашқысы – стандарт
деңгейі болып табылады. Бұл тапсырмаларды дұрыс орындағандардың білімі
мемлекеттік стандартты қанағаттандыратындығын көрсетеді. Мұны барлық
оқушы орындауы керек. Үшінші топ – жақсы, төртінші топ өте жақсы
деңгейде беріледі.
Мұғалім диагностиканың мазмұнын беретін тапсырмаларды жоғарыдағы үш
деңгейді анықтайтындай етіп жасайды. Диагностикадан өте алмаған оқушылар
түзету жұмысына қатысады.
Бесінші кезең. Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті. Бұл
кезеңде:
- барлық жобалау – педагогикалық құжаттың есебі;
- дидактикалық модульдің ой-сызбасын құрастыру;
- оқытудың жоспарланған нәтижесінің жетістігі және оның әдістемелік-
ұйымдастыру шарттарын көрсету;
- оқу-тәрбие процесінің аяқталуын тексеру және жобаны тәжірибеде сынап
қарау мәселелері қамтылады.
Осы заманғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамаларын талдау
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
Педагогикалық технология дегеніміз не?
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы ғылыми жұмысқа бейімдеу
Пәндер