Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым


Жоспар
ІКіріспе
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
II. Негізгі бөлім
2. 2Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым
2. 3Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы
2. 4Ахмет Байтұрсынов - ағартушы.
2. 5Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілін зерттеуші
2. 6Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиетің зерттеуші.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де, кейін де аянбай қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақ халқының «Рухани көсемі» болған. Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрлысын баяндап, талдап - танытқан зерттеуші әрі ол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов - өз халқының саяси мәдени, рухани және әлеуметтік өмірінің сан саласына көз тігіп, тікелей араласқан ірі публицист, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынов - өнер иесі - ақын; қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де, мәдениетін де зерттеуші ғалым. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов қалдырған мұра да әр тектес. Олар: көркем дүние - өлең жинақтары «Маса» мен «Қырық мысал»; әдебиеттану саласынан жазылған ғылыми еңбек - «Әдебиет танытқыш»; қазақ тілін оқытып - үйретуге арналған оқулықтар мен хрестоматиялар; оқыту әдісіне арналған методикалық құралдар; оқу - ағарту проблемасын сөз ететін мақалалар; графика мен терминология мәселелерін әңгімелейтін мақалалар мен баяндамалар, ұсыныстар мен жобалар; саяси әлеуметтік тақырыпты қамтитын публицистика.
Ахмет Байтұрсыновтың өз қаламынан 15 - 16 кітап (үш бөлімнен тұратын бір оқулықтың үш кітап болып
шыққанын есептегенде) жарық көрген болса, солардын 11 - 12 - сі тіл мен методикаға қатыстылары екен.
Ахмет Байтұрсынов - әдіскер ғалым.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілін оқыту методикасын ірге тасын қалаушы, (Сауаттандыру, яғни дыбыс негізінде тілді оқыту әдісінің негізін салушы. Еңбектердің бүгінгі мектеп тәжірибесіне, оқушыларға ана тілін үйрету маңызы. Ол бұл салада 1910 жылдан бастап 1927 - 1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. . Бұл методикалық құрал тұңғыш әліппемен («Оқу құралымен») қатар дүниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін және бір факт - осы. «Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Ал оның бала оқытқан кезі - 1895 - 1909 жылдар болатын. Демек, «Баяншыны» ол 1910 - 1912 жылдары ұсынған. Бұл көлемі жағынан өте шағын (не бары 15 беттік кітапша), бірақ нағыз методикалық құрал.
Сауат аштыру әдістерінің жөн жобасын Ахмет Байтұрсынов «Әліп - би астары» атты еңбегінде де көрсетеді. 1927 -1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Қай әдіс жақсы?», « Жалқылаулы - жалпылау әдісі» деген методика мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мектеп балаларына арналған оқулықтарында болсын, үлкендерге арналған «Сауат ашқышта» болсын Ахмет Байтұрсынов иллюстративтік материалдарды ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздегені байқалады. Автор жалпы оқулыққа тән «Жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» деген принципті ұстанғандықтан, 1 - басқыш мектеп (яғни бастауыш мектеп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс (үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген) мақал - мәтелдерден, нақыл сөздерден, мысалдардан алады
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы .
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым. Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы - педагог, ғұлама методист, оқулықтар авторы, қазақ жазуының реформаторы (графикасы), сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, аудармашы, сазгер, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5 - ші ауылында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған, ал бұл күнде Ахмет Байтұрсынов атындағы Совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі - қарапайым шаруа адамы Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан болар Ахмет Байтұрсынов жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд басындағы билеушілердің зорлық - зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12 - сінде Жыңғылдының бойында отырған шошақ аулына келіп ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады. ол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты «Тауып бермедіндер» деп елге ойран салады, әйел, бала - шағаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскрінің бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып қамшының астына алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым «Жабайы киргиздің» бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып, ауылды өртеп, мал - мүлкін талап, бала - шағаны шулатып, еркектерді ұрып - соғып, ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазаны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан келген әскери сот 15 жылға соттап Сібірге каторгілік жұмысқа айдайды. Отбасы осындай қайғылы халге дұшар болғанда, Ахмет 13 жасар бала екен. Сол озбырлықтың жас сәби жүрегінде сақталған ызалы кегін ол «Анаға хат» дегең өлеңінде:
Оқ тиіп он үшінде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам, - деген өлең шумағымен білдіреді.
Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша - қазақша мектепке оқытады. Оны бітірген соң Ахмет 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер әзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тамамдап, Қазақстанның әр түрлі уездеріне мұғалім болып істейді.
Әкесі мен ағасы Ақтас айдауда жүрген (олар елге 17 жылдан кейін оралады. ), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезде Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. . Соған қарамастан әрі қарай оқуды армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап - жалпылап, оқу іздеп, Орынборға барады. Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына - «Учительская школа» дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді. Бітірісімен ағартушылық ісіне кіріседі. Өзге қызыметті қаламайды.
Ахмет Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылық бастауының үлкен мәні бар. Өткен ғаырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде қазақ интелегенциясы қалыптаса бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан, Уфа, Орынбор, Тройцк т. б. қалаларында оқып, мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ жастары шыға бастады. Олар дәулетті де, шағын да, кедей де ортадан шыққандар болғанмен, едәуір білім алғандарының көбі әкімшілік - сот орындарында қызмет етіп, бас пайдасын, өз мүддесін көздейтін болды. Ахмет Байтұрсыновтың өз тілімен айтқанда, «Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп» тұрғанда, оқу - білімнен кенде қараңғы қазақ қауымының сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынов еді. Ағартушылық ісі ол кезендегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең игілікті әрекет болған.
1895 - 1909 жылдарда Ахмет Байтұрсынов Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық училищелерде сабақ береді. Бұл жылдардың ішінде Ахмет Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, фольклорын, тілін зерттеуші А. Е. Алекторовпен танысады. Қарқаралыда қызмет еткен жылдарында Ахмет Байтұрсынов саясатпен де айналысады. Атап айтқанда, мұнда ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революциялық қозғалысқа қатысады, «Қазақтың елдігін сөйлей бастайды». Ал 1909 жылы 1 шілдеде оны Семей губернаторы Тройницкийдің жарлығымен жандермерия тұтқынға алып, әуелі Қарқаралы түрмесіне, кейін Семей түрмесіне қамайды. Оны түрмеде ешбір тергеуіз сегіз ай бойы ұстайды. Аханның «Анама хат» деген өлеңінде:
Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң,
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбым жоқ,
Өкімет өр зорлыққа не дүр шараң, - деген лажсыздығын айтады. ақырында 1910 жылдың 21 ақпанында екі жылға туған жері топырағынан кетуге ұйғарылады, яғни административтік түрде жер аударылады. Аханның Лермонтов ізімен жазған:
Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған, - деген ызалы кекесіні осы тұста дүниеге келген.
1910 жылдың 9 наурызында Орынборға келіп, Ахмет Байтұрсынов 1917 жылдың соңына дейін онда қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың ерте оянған тобының» инициативасымен, елден қаржы жиналып, 1913 жылы «Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына Ахмет Байтұрсыновты қалайды. Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді. Бес жылдай (1913 - 1918) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін үлкен тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени - әлеуметтік даму үшін күрескен және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін, ол үшін қазақ балалары сауатын ана тілінде оқу керектігін, ұлт мектептеріндегі оқу - тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
1919 жылдың наурыз айынан бастап өз қалауымен Совет үкіметі жағына шығады да, бірден мемлекеттік істерге араласады. Қазақ өлкесін басқаратын Әскери - революциялық комитеттің мүшесі болып жұмысқа кіріседі. Бұл комитет РСФР Халық Комиссарлар Советінің қаулысы бойынша 1919 жылы 24 маусымда құрылған болатын. Қаулыға В. И. Ленин қол қойған еді.
Ахмет Байтұрсынов 1920 жылдардың басынан бастап әр түрлі мемлекеттік басқару істеріне, қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп, оқытушылық, ұстаздық қызметін тоқтатпаған. Ол 1921 - 1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926 - 1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді, лекция оқиды. 1928 жылдың соңында, қыркүйек айында Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті деп аталған жоғары оқу орны ашылады. Бұған сабақ беруге Москва, Ташкент сияқты орталықтардан мамандар шақырылады. Солардың бірі болып Ташкенттен Ахмет Байтұрсынов келеді. Қазақ мемлекеттік университеті директорының 1928 жылғы қазан айының 15 жұлдызындағы № 14 бұйрығымен осы жылғы қазанның бірінен бастап Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып жұмысқа орналасады. Бұл жоғары оқу орны осылайша «Университет»» деп (ҚазМУ) 1930 жылдың 24 желтоқсанына дейін аталып келіп, 1930 жылғы желтоқсанның 25 - сінде бұйрығын (№114( «Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институты бойынша» деп жариялайды. Бұл кейінгі Абай атындағы пединститут (ҚазПИ) еді.
ҚазПИ - де Ахмет Байтұрсынов 1929 жылғы шілденің 5 жаңасына дейін істейді. 1929 жылы маусымның 2 күні тұтқынға алынғандықтан, қызметтен босату туралы ректордың бұйрығы шығады.
1936 - 1937 жылдардын зобаланы басталып, НКВД органдары Ахмет Байтұрсыновты екінші рет ұстап, көзін жойды. Бірқатар мәліметтерге қарағанда, 1937 жылы желтоқан айының 8 күні атылған.
Ахмет Байтұрсыновты Қазақ ССР - інің Жоғарғы Соты 1988 жылғы қарашаның 4 күні ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау жөнінде шешім қабылдады. Ал Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюросы 1988 жылы желтоқсанның 28 күні М. Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың қоғамдық - саяси, ғылыми - педагогикалық және әдеби қызметтері жөніндегі тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру қажет дегенді ұйғарды. Сонымен қатар бұлардың өмірі мен творчествалық қызметі жөнінде зерттеулер жүргізіп, мақалалар жариялау, насихаттау, әдеби - ғылыми мұраларын басып шығару тапсырылды. Міне, Ахмет Байтұрсынов кешкен өмір өткелдері, тар жол тайғақ кешулерінің қысқаша сыры осындай.
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы.
Ахмет Байтұрсынов оқу - ағарту ісін өзіне азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап - сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлме пе екен,
Қоймастан құлағына ызындаса, - деп, білім - ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын ол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. 1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайлы» деген бас мақала жарияланады. Бұл мақалада оқу - білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2 - 3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл - надандықтан келген кемшілік - дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, білім - ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп - қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы - бастауыш мектеп. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов оқу - білімнің осы бірінші сатысына қатты назар аударады. 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақаласын жариялайды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай - жағдайы мәз емес екендігін, олардав программа, оқу құралдары дегендердің жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады.
Оқу мәселесін Ахмет Байтұрсынов жан - жақты сөз етеді. Ол Алашорда үкіметі кезінде де, Қазан революциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған.
Міне, айтылғандардың барлығы Ахмет Байтұрсыновтың оқу - ағарту жайындағы ой - пікірлерін, көзқарасын, тілек - талаптарын танытады. Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу - ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам Ахмет Байтұрсынов болды. Ол - халықты оқуға шақырған, білім - ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған бала оқытып, ұстаздық құрған тәжірибелі жан. Сонымен қатар ол - оқу - ағарту ісін жолға қою үшін қажет өзге де іс - әрекеттерді қолға алған қайраткер. Бұл іс - әрекеттер:қазақ жазуына лайық графика түзу, жазу тәртібі - емлені жасау, қазақша сауат ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін танытатын мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету. Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы болып қана еме, ғалым - ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы ғалым.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілін зерттеуші.
Ахмет Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895 - інші жылдардан бастап бала оқытуға кіріседі. 13- 14 жыл бойы (1895 - 1909 жылдар арасында) ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5 - 6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып істейді. Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикаымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақытымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиеттен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитің және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің (жағымсыз) әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» деп жазады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінен беттерінде білдіре бастайды. Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап алуды ұынады. :1. араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау, 2. қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу; 3. к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, ү дыбыстарымен айтылатыңдығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
Ахмет Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылдығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы алфавиті негізге алған жаңа жазуы (ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15 - тей қазақ тітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан батап мұсылман медреселері мен қазақ - орыс мектептері де қолдана бастады.
«Жаңа емлені» Ахмет Байтұрсынов әрі қарай да зерттей түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы - қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді - тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптер негізінде лайықтап жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 - ісінде басталған Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланады. Бұл съездің күн тәртібіне алты мәселе қойылды. Олар:1. жазу ережелері (яғни орфография мәселелері) ; 2. әліпби (яғни алфавит) мәселесі, 3. қазақша пән сөздер ( яғни терминология) ; 4. ауыз әдебиетін жию шаралары; 5. оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары; 6. бастауыш мектептердің программасы.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. Ахмет Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларына реформалар жасай бастады.
Ахмет Байтұрсынов - қазақ әдебиетін зерттеуші.
Қазақ әдебиеті ғылымының да негізін қалаушылардың бірі, әдебиет теориясын алғаш жазған, Абайдың қазақ топырағында теңдесі жоқ ірі тұлға екенін де алғаш таныған, басқаларға танытқан адам. Ахмет Байтұрсынов - дарынды ақын, шебер аудармашы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz