Қазақ тілі бағдарламасы, оның оқулықпен байланысы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ СТАНДАРТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Оқу бағдарламалары туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар ... ... ... ... ... ... 9

1.3 Орта мектептерге арналған қазақ тілі бағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... .11

2 ОҚУЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2.1 Қазақ тілі оқулығы және оны пайдаланудың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2.2 Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарының өзара байланысы, олардың зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2.3 Қазақ тілі оқулықтарын жаңа бағдарламаға сәйкес пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Қазақ тілі бағдарламасы және оның оқулықпен байланысы». Біз осы тақырып төңірегінде көптеген зерттеулер жүргізіп, осы жұмыстың тақырыбын ашатындай материалдарды ғана енгізуге тырыстық. Осы курстық жұмысты зерттей отырып, көптеген тың арналардың көзін ашуға жан – жақты ықпал жасадық.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім заңына» сәкес оқу бағдарламасы, оның ішінде қазақ тілі бағдарламасы өзекті тақырыптарының бірі болып отыр. Себебі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартына сәйкес бағдарлама, бағдарламаның төңірегінде оқулықтар жасалады. Ал қазіргі таңда оқулықтардың саны көп, сапасы жоқ. Ол дегеніміз бағдарламаға сәйкес жасалмағанның кесері. Сонымен қатар заман талабына сай бағдарламаның жасалмағанынан деген тоқтамға келдік. Сол себепті осы бағдарлама мен оқулықтың өзара бірлігі бүгінгі таңда өзекті мәселелрдің бірі болып отыр.
Зерттеудің мақсаты. Негізгі мақсаты – кез келген пәннің оқу бағдарламасы негізінде сапалы оқулықтар, оқу материалдары жасалатынын жан – жақты ашып көрсету. Қазақ тілі пәні бойынша сапалы оқулық арқасында оқу жоспарын жоспарлап, өз ана тілімізде өнімді білім берудің негіздерін жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатымызды айқындау үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
• Мемлекеттік стандарт мазмұнын анықтау;
• Мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалатын нормативтік құжаттарды анықтау;
• Жалпы білім беретін оқу орнындағы орта мектеп жастағы оқушыларға қазақ тілі пәніне арналған бағдарламаның мазмұнын анықтау;
• Жалпы білім беретін оқу орнындағы бағдарламалардың әзірленуіне қойылатын талаптарды анықтау негізінде оның қазақ тілі оқулығымен тығыз байланыстылығын айқындау;
• Оқу бағдарламасына сәйкес оқулықтардың жасалуын анықтау;
• Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтардың өзара байланысын анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Бағдарлама - оқулықтар, оқу материалдарын жасауға бекіткен мемлекеттік нормативтік құжат. Сол себепті қазақ тілі пәні бойынша бағдарлама мен оқулықтың өзара байланыстылығын көрсететін курс жұмысы теориялық жағынан қазақ тілін оқыту әдістемесі саласы бойынша аса құнды зерттеу болмақ.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Теориялық тұрғыдан алған білімін тексеру барысында оқушыға практикалық, яғни түрлі жаттығу жұмыстарын, тапсырмаларды орындата отырып, қаншалықты тақырыпты түсінгенін біле аламыз. Сол себепті кез келген мұғалім қазақ тілін оқытуда бағдарлама мен оқулықтың байланысын нақты сезініп, сол негізде білім меңгертуі тиіс. Осы орайда, оқушы практиканттар мен мұғалімдер үшін курс жұмысы практикалық жағынан да пайдалануға қажетті материал қоры ретінде бағалы деп ойлаймыз.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмысты зерттеу және әзірлеу барысында талдау, жүйелеу, болжау, салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс (жоба) кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиет тізімінен тұрады.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Адамбаева Ж., Нүркеева С., Баймұқанова С., Масимова Г. «Қазақ тілі» оқулығы, Алматы: «Атамұра», 2005 ж.
2. Айғабылов А. «Қазақ тілінің программасы», Алматы – 1983 ж.
3. Арғынов Қ. «Қазақ тілі методикасының негіздері», Алматы – 1969 ж.
4. Әбілқаев А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы: «Санат», 1995 ж.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Алматы – 1965 ж.
6. Бегалиев Б., Мұсаева А. «Жас ерекшелік педагогикасы», Астана – 2006ж.
7. Бектаева Ш. «Қазақ тілінің тұрлаулы мүшелерінің инверциалануы», Алматы – 1968 ж.
8. Дәулетбекова Ж, Қосымова Г. «Қазақ тілі» оқулық, Алматы: «Атамұра», 2001 ж.
9. Жиенбаев С. «Қазақ тілінің методикасы», Алматы – 1941 ж.
10. Исабаев Ә. «Фонетиканы оқыту», Алматы – 1965 ж.
11. Катенова Б. «Морфологияны оқыту методикасы», Алматы – 1975 ж.
12. Кеңесбаев І., Ысқақов А., Аханов К. «Қазақ тілі грамматикасы» (I бөлім, фонетика мен морфология, 1959 жыл) оқулық.
13. Қозыбайұлы С. «Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері», Алматы -1977 ж.
14. Құлмағанбетова Б. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Алматы – 2002 ж.
15. Құлмағанбетова Б. «Қазақ тілін оқыту методикасы», Алматы: «Мектеп» 1988ж
16. «Қазақстан мектебі» журналы, 1965 ж. №6 саны (75-80 б. ).
17. Сарыбаев Ш. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері», 1956 ж.
18. Сатыбаева А., Сатыбаева Г. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Астана: «Фомант», 2008 ж.
19. Смағұлова Г. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы, Алматы – 2004 ж.
20. Ұйықбаев И. «Орта мектептерде қазақ тілін оқыту мәселелері», Алматы – 1957 ж.
21. Ұйықбаев И. «Қазақ тілі методикасының мәселелері» Алматы - 1996ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Мемлекеттік білім
стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Оқу бағдарламалары туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі
талаптар ... ... ... ... ... ... 9

1.3 Орта мектептерге арналған қазақ тілі
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... 11

2 Оқулық туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2.1 Қазақ тілі оқулығы және оны пайдаланудың жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2 Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтарының өзара байланысы, олардың
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.3 Қазақ тілі оқулықтарын жаңа бағдарламаға сәйкес пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Ұсынылып отырған курстық жұмыстың негізгі тақырыбы Қазақ тілі
бағдарламасы және оның оқулықпен байланысы. Біз осы тақырып төңірегінде
көптеген зерттеулер жүргізіп, осы жұмыстың тақырыбын ашатындай
материалдарды ғана енгізуге тырыстық. Осы курстық жұмысты зерттей отырып,
көптеген тың арналардың көзін ашуға жан – жақты ықпал жасадық.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Білім заңына сәкес
оқу бағдарламасы, оның ішінде қазақ тілі бағдарламасы өзекті тақырыптарының
бірі болып отыр. Себебі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім
стандартына сәйкес бағдарлама, бағдарламаның төңірегінде оқулықтар
жасалады. Ал қазіргі таңда оқулықтардың саны көп, сапасы жоқ. Ол дегеніміз
бағдарламаға сәйкес жасалмағанның кесері. Сонымен қатар заман талабына сай
бағдарламаның жасалмағанынан деген тоқтамға келдік. Сол себепті осы
бағдарлама мен оқулықтың өзара бірлігі бүгінгі таңда өзекті мәселелрдің
бірі болып отыр.
Зерттеудің мақсаты. Негізгі мақсаты – кез келген пәннің оқу
бағдарламасы негізінде сапалы оқулықтар, оқу материалдары жасалатынын жан –
жақты ашып көрсету. Қазақ тілі пәні бойынша сапалы оқулық арқасында оқу
жоспарын жоспарлап, өз ана тілімізде өнімді білім берудің негіздерін
жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатымызды айқындау үшін төмендегідей
міндеттер белгіленді:
• Мемлекеттік стандарт мазмұнын анықтау;
• Мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалатын нормативтік құжаттарды
анықтау;
• Жалпы білім беретін оқу орнындағы орта мектеп жастағы оқушыларға
қазақ тілі пәніне арналған бағдарламаның мазмұнын анықтау;
• Жалпы білім беретін оқу орнындағы бағдарламалардың әзірленуіне
қойылатын талаптарды анықтау негізінде оның қазақ тілі
оқулығымен тығыз байланыстылығын айқындау;
• Оқу бағдарламасына сәйкес оқулықтардың жасалуын анықтау;
• Қазақ тілі бағдарламасы мен оқулықтардың өзара байланысын
анықтау.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Бағдарлама - оқулықтар, оқу
материалдарын жасауға бекіткен мемлекеттік нормативтік құжат. Сол себепті
қазақ тілі пәні бойынша бағдарлама мен оқулықтың өзара байланыстылығын
көрсететін курс жұмысы теориялық жағынан қазақ тілін оқыту әдістемесі
саласы бойынша аса құнды зерттеу болмақ.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Теориялық тұрғыдан алған
білімін тексеру барысында оқушыға практикалық, яғни түрлі жаттығу
жұмыстарын, тапсырмаларды орындата отырып, қаншалықты тақырыпты түсінгенін
біле аламыз. Сол себепті кез келген мұғалім қазақ тілін оқытуда бағдарлама
мен оқулықтың байланысын нақты сезініп, сол негізде білім меңгертуі тиіс.
Осы орайда, оқушы практиканттар мен мұғалімдер үшін курс жұмысы практикалық
жағынан да пайдалануға қажетті материал қоры ретінде бағалы деп ойлаймыз.
Зерттеу әдістері. Курстық жұмысты зерттеу және әзірлеу барысында
талдау, жүйелеу, болжау, салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс (жоба) кіріспеден, екі
бөлімнен және қорытынды мен әдебиет тізімінен тұрады.

1 Мемлекеттік білім стандарты

Қазақстан Республикасының “Білім заңына” сəйкес елімізде білім
стандарттары қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем”
деген мағынаны білдіреді. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат,
білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа
орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін
ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі – талаптар жиынтығын қамтиды.
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары - стандарт
құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі.
Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын
бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек
(эталон) сипатында қабылданады.
Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған
білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан
Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық
қатынастарға, тұлғаның құқығы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы
саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап
етіп отыр. Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін
қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу
– оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне
көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.
Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл
қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:
1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;
3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;
4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен
таңдауы;
5) баламалы оқулықтардың қосылуы;
6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі
оқуға өту.
Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге
салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт,
жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау
қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін
білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық
тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.
Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының
болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.
Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп -
Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы.
Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің
жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан
азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.
Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас,
қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық
шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде
баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын
жасауға кең жол ашады.
Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда
бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі,
мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына,
типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады:
мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің
біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана
тілі мен əдебиетіне, географиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс
дайындығына жəне тағы басқа) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт
–бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі – бұлжымас, қайта қарастырылуы өте
сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер - баламалы, оның құрамды
бірліктері жүйелі жаңаланып барады.
Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей,
жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен
көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер
дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі
шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну
жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді
қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн
құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы
дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.

1.1 Оқу бағдарламалары туралы жалпы түсінік

Ахмет Байтұрсынов Қазақ газетінің 1914 жылғы 62-санында мектеп
керектері деген мақаласында ...Ең әуелі мектепке керегі – білімді
педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғлаім. Екінші – оқыту
ісіне керек құралдар, үшінші керегі – белгіленген бағдарлама деген [6,
372].
Қазақ тілінің бағдарламасына тоқталмай тұрып, ең алдымен жалпы
бағдаламаның маңызына, құрылымына және атқаратын қызметіне тоқаталып
кетсем.
Оқу бағдарламалары оқу жоспарларына сәйкес жасалады. Бағдарлама -
мемлекеттік құжат. Оқу бағдарламалары деп – оқу пәні бойынша білімдердің,
біліктілік-іскерліктердің және дағдыларадың көлемін, тәжірибелік және
зертханалық сабақтардың өтілу реттерін және олардың сыныптар бойынша немесе
жылдарға бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжатты
айтамыз.
Бағдарлама әр пән бойынша құрылады. Олар әр ұстаздың шығармашылығымен
орындалуға тиіс. Оқу бағдарламаларында қоғамның білім беру және ақыл-ой
тәрбиесі жөніндегі нақты міндеттері мен мақсаттары орындалады.
Оқу бағдарламаларын құру үстінде негізгі дидактикалық принциптер
негізге алынады. Оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті біліктілік-
іскерліктер мен дағдаларды меңгеретіндей етіп құрылуы тиіс, сонда
іскерліктер, біліктілік пен дағдылар тиянақты, жүйеге түскен білімге
негізделеді.
Оқу бағдарламаларын көптеген ұстаз, ғалымдар, әдіскерлер, психологтар
бірлесіп отырып жасайды. Керек кезінде бағдарламалар өмір талабына сай
өзгертіліп те отырады. Оны құруда балаға біліктілікті, іскерлікті, дағдыны
қалыптастырудан басқа тағы екі жағдайды ескерген жөн:
• Бағдарламаның мазмұны, оның тәрбиелік идеясы. Ол денегіміз
бағдарламаға енген білімінің мазмұны, баланың рухани байлығын,
ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы рөлін көрсету болып
табылады. Ол пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асырылады.
• Бағдарламаның ұйымдық, әдістемелік қызметі. Ұстаз өз қызметінің
барысында керекті материалды алып, түрлі әдістерді қолданып,
оқыту принциптерін ұтымды пайдаланып, оқытуды ұйымдастыруға
мүмкіндік жасайды.
Жалпы әрбір оқу бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:
1. Түсінік хат. Түсінік хат немесе кіріспеде сол пәнді оқыту
міндеттері ашылады, оқу пәнінің жалпы жүйесіндегі алатын орны
және олардың кейбіреулерімен байланысы көрсетіледі. Әрбір пәннің
өзінің ерекшелігі бар. Оқу бағдарламасы сол ерекшеліктерге
сәйкес жасалады.
2. Пәннің мазмұны. Әрбір пән, сынып бойынша балаға беретін,
қалыптастырылатын іскерлікті және дағдыны төрт тұрғыдан қарауға
болады:
• Оқудағы ұйымдастыру (өзін-өзі бақылау, күн тәртібі, жұмыс
орнындағы мәдениет).
• Оқытудағы интелектуалдық (мәселені түсініп шеше білу, ойын айта
білу, жүйелі сөйлеу).
• Оқытудағы хабарламалық (оқулықтан, басқа жерден хабарлама, білім
алу, өз бетінше ізденіс жасау).
• Оқытудағы сөйлей білуі (ауызша, жазбаша өз ойын жеткізу,
мәнерлеп сөйлеу, көркем сөзді қолдану).
3. Әдістеме нұсқауы.
Ал бағдарламаның түрлеріне типтік, жұмыс, авторлық, оқу бағдарламалары
жатады. Бағдарламаның бөліктері:
• Пәнді оқытудағы мақсат, оқушылардың білім, білік және
дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, ұсынылатын оқыту
формалары және әдістері туралы жазылған түсінік хат;
• Зерделенетін материалдық тақырыбы, оның мазмұны;
• Жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;
• Мазмұнынның негізгі бөліктерінің тізімі;
• Пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;
• Оқу жабдықтарының және көренкі құралдардың тізімі;
• Ұсынылатын әдебиеттер.
Жалпы білім беретін бастауыш, негізгі, орта мектептердегі оқу
бағдарламалары мынандай талаптарға сай болуы тиіс:
• Бағдарламаның мазмұны ғылыми және әдістемелік жағынан сапалы
болуы керек. Ол тым жеңілдетуден және тұрпайлықтан тыс, ғылыми
мәліметтерді бұрмаламай, ғылымның ақиқаттылығына және
тексерілген қорытындыларына сәйкес болуы керек;
• Өмірмен байланысты болуы тиіс;
• Тіл, әдебиет, география тағы басқа пәндер қоғамның және
мәдениеттің жеке салаларынан мәліметтер берілетіндей тарихи
материалдарды қамтуы тиіс (тарихи деректер, шолулар,
салыстырулар);
• Физика, химия, биология, математика, сызу пәндерінің
бағдарламалары политехникалық оқудың міндеттеріне бағындырылуы,
өндіріс процестерімен байланысты болуды көздеуі тиіс;
• Сыныптар бойынша оқу жылдарына оқу бағдарламаларының
материалдарын бөлгенде оқушылардың бұрынғы даярлықтары
ескеріліп, әр сыныпта оқылатын материалдар тек мазмұны жағынан
ғана емес, көлемі бойынша да балаларға ұғымды, мүмкіндіктеріне
сәйкес болуы керек;
• Жеке пәндердің бағдарламалары өз ішінде байланысты болумен қатар
пәнаралық байланыста да болуы тиіс;
• Тарих, әдебиет, тіл, география пәндерінің бағдарламаларында
Қазақстан Республикасының, қазақ халқының, жалпы осында тұрып
жатқан халықтардың тарихи даму жолын, олардың мәдениетін,
әдебиетін, өнерін баяндайтын тақырыптар орын алуы тиіс және
қазақ тілін білуге, меңгеруге үлес қосуы тиіс;
Осы жоғарыда айтылған талаптардың нұсқасы бастауыш сыныптарда өтілетін
пәндерде беріледі. Онда тіл, әдебиет, тарих, сызу, математика, география,
физика, химия тағы басқа пәндердің элементтері беріледі. Осы күрделі пәндер
бастауыш сынып пәндерінен бастау алады.
Бағдарламаның қызметі – мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру, оған
әдістемелік көмек беру. Бұл үшін бағдарламаға практикалық жұмыстардың
түрлері, оқушыға берілетін нұсқаулар енгізіледі. Қазақ тілі пәнінің оқыту
мазмұны да бағдарлама арқылы көрсетіледі. Пәнді оқытуға не кіретіні
анықталмай, жүйелі оқу жұмысы жүргізілуі мүмкін емес.

1.2 Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар

Оқy – әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы
бағдарлама болып табылады.
Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны
мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген
бөлімдермен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады.
Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық
талаптарға жүгіну қажет.
Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу
пәнінің мазмұнын белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты
оқу процесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни
жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.
Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс – әрекетін
анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны
арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде
және сабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы
тиіс.
Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы,
нақтылығы, процессуыльдық сипаты жатады.
Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке
тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл – ойының дамуымен тығыз байланыстыру,
ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және
қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті
және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.
Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген
мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық
элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.
Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту процесі мен бірлігін
көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі
орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс – әрекеттік жағын,
оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде
әдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды.
Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

- Түсініктеме;

- Тұжырымдық бөлік;

- Нормативтік;

- Ақпараттық - әдістемелік бөлік.

І. Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу
пәнінің мақсаттарын ашу; білім мазмұныны таңдап алу мен жалпы логиканы
негіздеу және оның жүйелілігін тағайындау; оқу процесінің, әдістерінің,
жұмыс формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы
бағдарламалармен салыстырғандағы бағдарламаға енгізілген жаңалықтарды
түсіндіру, бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру.
ІІ. Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық – тұжырымдық
(мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы
аса толықтылықпен және нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның бұл
бөлігінің негізіне нақты пәннің мазмұнын іріктеу мен түзудің теориялық
аспектілері алынған.
Оқу пәнінің мазмұнын түзу бағдарлама мәтінің, уақытына сай және
сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық
мақсаттардың іске асуының көрнекі және нақты түрде көрсетілуі болып
табылады.
Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға, бөлімдерге бөлінуі
бойынша оқу пәні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын бейнелейді,
яғни бағдарлама текстіндетек білім ғана емес біліктілік те, шығармашылық іс-
әрекет тәжірибесі де, тәрбие берудің ескерілуі қажет.
Оқу пәнінің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы
бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен тақырыптарды
бөлу; олардың берілген пән үшін жетекші болып табылатын мазмұн
компонентімен толтырылуын және жүйеленуін көрсету. Мазмұнының жетекші
компоненті ғылыми білім (ғылым негіздері) болып табылатын физика, химия
пәндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық идеялармен үйлесімді
түрде құрылған білімдер құрайды.
Бағдарламалға зертханалық, сарамандық жұмыстар, экскурсиялар,
көрсетілімдер, техникалық құрал сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды
енгізу толықтылық, нақтылдық пен процессуальдық сипаттарға сәйкестікті
көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты материалдармен
үйлестірілуі тиіс.
Текстке қойылатын келесі талап – бағдарлама мазмұнының міндетті және
қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.
Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше
қызметтерді атқарады:

1. Оқу материалының мазмұнын анықтайды;

2. Тараулардың көлемін анықтайды;

3. Көрсетілген мазмұнды меңгерулің минимал міндетті деңгейін анықтайды.

Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқу процесін және
оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке
тақырыптарды оқып – үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген
Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар жатады.Білім, білік және
дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз – оқытудың жоспарланған нәтижелерін
белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру
керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің
көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді.
Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады,
әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың
жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

1.3 Орта мектептерге арналған қазақ тілі бағдарламалары

Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі бағдарламасы – қазақ тілінің
мазмұнын, білім мен дағды берудің көлемін анықтайтын мемлекеттік құжат. Ол
оқу жоспарының негізінде жасалады. Қазақ тілі пәнінің мазмұны мен
міндетін, мақсатын, құрылысын анықтайтын оның бағдарламасы.
Бағдарлама қазақ тілі курсының мазмұныны және көлемін анықтап қана
қоймай, онда сол курс материалдарының орналасу тәртібі, орны, әрбір
бөлімінің бір-бірімен байланысы, теориялық материалдың, сондай-ақ тілдік,
орфографиялық, пунктуациялық дағдылардың жүйесімен біртіндеп берілуін
анықтайды. Осымен бірге бағдарлама әр сыныпта өтілетін оқу материалдарының
жылдық көлемін белгілейді.
Қазақ тілінің бағдарламасы ғылыми принцип негізінде құрасытырылады.
Онда қамтылатын материалдар теориялық әрі пратикалық жағынан ғылыми
тұрғыдан тексеріледі. Материалды іріктегенде әр сыныптағы оқушылардың жас
ерекшеліктері мен материалдың білімдік және тәрбиелік жағы ескеріледі.
Бағдарламаның ғылыми негізі оның идеялық мәнімен тығыз байланысты.
Бағдарламаға енген оқу материалдары оқушылардың ғылыми саласынан мәлімет
алуын, ақыл-ойын, ой-өрісін дамытумен бірге, олардың саналылыққа тәрбиелеу
мақсатын көздейді. Сондықтан қазақ тілі бағдарламасы тәрбиелік, жалпы
білімдік мақсаттарды іске асырады, сондай-ақ, тілдің әр түрлі саласын бір-
бірімен (лексика, грамматика, фонетика) қарай отырып, оқушылардың қазақ
тілінде шебер сөйлеу дағдысын қалыптастыруға міндетті. Демек, мұғалім
бағдарламаны терең түсініп, жақсы білуі тиіс. Сонымен бірге, бағдарлама
талабын орындап отыруы қажет. Мұғалім өз жұмысын бағдарламаға сүйене отырып
жоспарлайды: яғни қандай әдістемелік әдістерді қолдануға болады,
дидактикалық материалдарды қалай ұштастыру қажет, оқулықтағы жаттығу
материалдарын тиімді пайдалану жолдарын, ең тиімді деген әдістемелік
тәсілдерді белгілеп, үйде, сыныпта орындайтын жаттығу жүйесін іріктеп,
оларды қалай жүргізу керектігін жоспарлайды.
Бағдарлама түсінік хат пен курстың мазмұнынан құрылады. Бағдарламаның
түсінік хатында қазақ тілі курсының негізгі мақсаты мен міндеті ашып
көрсетіледі, қазақ тілі курсының әр бөлімінің мазмұны мен құрылысы, бір-
бірімен байланысы анықталып нақтылананды, сондай-ақ бағдарламаның түсінік
хатында сыныпта және сыныптан тыс жүргізілетін сабақ материалдарының
байланысы да қарастырылады.
Түсінік хат арқылы мұғалім қазақ тілі курсының негізгі материалдары
мен жалпы құрылысын меңгеріп, қалай жұмыс істеу керектігіне нұсқау алып
отырады.
Мұғалім бағдарламаны жақсы меңгермегенінше қазақ тілінен ойдағыдай,
нәтижелі сабақ бере алмайды.
Орта мектептерге арнлаған қазақ тілі бағдарламасы – оқушылардың
мектепте оқу мерзімі ішінде қазақ тілінен алатын білімдерінің мазмұны мен
көлемін, дағдыларын белгілейтін мемлекеттік негізгі құжат. Бағдарлама оқу
пәнінің тек мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оның көлемін де белгілейді.
Онда бұл пәннің өтілу тәртібі, оның салаларының өзара қарым-қатынасы
көрсетіледі. Мұның бәрі теориялық материалды баяндаудағы, сөйлеу, емілелік
және пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру жұмысындағы жүйелік пен
бірізділікті қамтамасыз ету.
Бағдарламаны орындау - әрбір мұғалімнің міндеті. Осы мақсатқа оның
бүкіл оқу бойындағы жұмысы, барлық күш-жігері бағындырылуы тиіс.
Бағдарламаға сүйене отырып, мұғалім өзінің жұмысын жоспарлайды, өзі қалаған
ең тиімді әдістемелік тәсілдерді сұрыптайды, класта және үйде орындалатын
жаттығулар жүйесін жасайды, оларға материал сайлап алады. Сондықтан
бағдарламаны танысып білмейінше мұғалім қазақ тілінен жұмыс жүргізе
алмайды.
Қазақ тілі пәнінің 1967 жылдан кейінгі, әсіресе 1982-1983 оқу
жылдарына арналған бағдарламаларын алайық. 1967 жылдан бастап бастауыш
мектеп І – ІІІ сыныптарды қамтыды да, ІV сынып қазақ тілі пәнін жүйелі
өтетін негізгі сыныптың қатарына енді. Сонымен қазақ тілі пәнінен тұтас
алғанда бір бағдарлама жасалса да, олар іштей І – ІІІ сыныптарға және IV –
VIII сыныптарға арналды. Бұл бағдарламалар бойынша, сабақ құрылысы – жалпы
және баспалдақ болды, басқаша айтқанда, мектептің әрбір буыны өзінен бұрын
өткендерді қайталай отырып, солардың негізінде неғұрлым кеңейтілген және
жүйеленген білім көлемін берді.
IV – VIII сынып бағдарламалары өзінің мазмұны жағынан грамматмиканың,
фонетиканың, лексиканың, сөз тудырудың, орфография мен пунктуацияның
қарапайым курсын жүйелі түрде баяндайды, сонымен қатар бастауыш мектептегі
қазақ тілі бағдарламасы негізінде тіл ұстартуға байланысты жұмыс жүйесін
әрі қарай тереңдете, ұлғайта дағды және білім беруге, іскерлікке үйретуді
қамтиды.
Бағдарлама бойынша IV - V сыныптарда бастауыш мектепте өтілгендерді
жалпы қайталағаннан кейін, мыналарды оқыту ұсынылады:
• Грамматика бойынша әрі қарай тереңдетілуге тиісті негізгі, ең
қажетті деген материалдар, фонетика бойынша емле ережелеріне
тікелей қатысы бар мағлұматтар. Бұған дыбыс және әріп, дауысты
және дауыссыз дыбыс, буын, екпін туралы мағлұматтар жатады;
• Жеке бөлім ретінде жалпы лексикадан мағлұматтар;
• Сөз құрамы, сөз тудыру және сөз құрылымына негізделген еміле
ережелерінен мағлұматтар;
• Сөз таптары жайында – зат есім, сын есім, етістік туралы және
жалғаулар, сөз тудыратын жұрнақтар жайында мағлұматтар берліеді.
VI сыныпта морфологияның қалған бөліктері (етістік, үстеу, еліктеуіш,
шылау, одағай); ал VII сыныпта жай сөйлем синтаксисі; VIII сыныпта
құрмалас сөйлем синтаксисі және тіл туралы мәліметтер өтіледі.
Бағдаламада тіл ұстарту ерекше аталып, әр сыныпта оның көлемі анық
көрсетіліп отырады (мазмұндама, шығарма, сөздік жұмысы, ауызекі сөйлеуге
дағдылану, кітаппен, іс қағаздарымен жұмыс жүргізу). Мектепте оқытылуға
тиісті материалды сұрыптауда бағдарлама төмендегі мақсаттарды көздейді:
• Оқушылардың келешекте өндірістік және қоғамдық іске араласуы
тұрғысында практикалық бағыт беру мектептің өмірімен
байланыстығы еске алынады;
• Қазақ тілінің мектепте оқылуы мен тіл білімінің арасындағы
кереғарлықты жою, басқаша айтқанда, мектепте қазақ тілін талапқа
сай оқыту;
• Оқушыларға артық салмақ түсірмеу мақсатымен тілдік материалдық
тек негізгілерін, басты және түсініктілерін ғана алып, ұсақ –
түйектерін енгізбеу;
• Материалды лингвистік логика мен педагогика ғылымының
талаптарына сай орналастыруды қамтамасыз ету (фонетика, лексика,
сөз жасау, морфология – сөз құрамы, сөз таптары, синтаксис – жай
сөйлем, салалас құрмалас сөйлім, сабақтас құрмалас сөйлем,
аралас құрмалас сөйлем), грамматикалық материалға сәйкес
байланысты және соның негізінде емілені үйрету ауызекі сөйлеу
мен жазу тіліне дағдыландыру көзделеді.
1981-1982 жылдары түбірлі өзгерсіке түскен қазақ тілі бағдарламасы
жасалды. Оны жасаушы - Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-
зерттеу институтының қазақ тілі бөлімі. Осы жаңартылған бағдарлама
негізінде 1982 – 1983 оқу жылы қарсаңында V-VIII сыныпқа арналған
оқулықтары қайта жасалды, толықтырылып, өңделді. Мектеп реформасының
негізгі бағыттарна сәйкес, орта мектеп V - сыныптан басталатындықтан қазақ
тілінің бағдарламалары мен оқулықтарына түбірлі өзгеріс жасалды. 1985 жылы
V - IV сыныптарды қазақ тілі бағдарламалары мен V – VIII сынып оқулықтары
жарыққа шықты.
Қазақ тілінен берілетін білімнің, дағды мен іскерліктің өзара қарым –
қатынасы. Қазақ тілі бағдарламасы мыналарды міндеттейді:
• Оқушы теориялық-танымдық сипаттағы белгілі бір білім көлемін
оқитын болсын (грамматика, фонетика, лексика, сөз тудыру, тіл
туралы ілім тарихы бойынша);
• әр алуан іскерлік, дағдылар мен іскерліктің бір қауым көлемін
меңгертетіндей болсын (емледе қатесіз жазу, тыныс белгілерн
дұрыс қоя білу, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары).
Алайда дағды мен іскерлік дегеніміз не, олардың білімге қандай қажеті
бар деген мәселе біраз түсінікті қажет етеді. Оқушының мектепте қазақ
тілінен алған білімі оны практика жүзінде қолдана аларлықтай болса, шын
мәнінде білім болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту практикасында көп кездесетін жағдай, оқушы сөз
таптарын атап бере алады, кез келген зат есімді септей алады, бірақ тікелей
грамматикалық талдау жасағанда, белгілі бір сөздің қай сөз табына
жататындығын, қандай септікте тұрғандығын айтып бере алмайды. Немесе оқушы
еміле ережелерін жақсы ұққандығын айтып бере алады, бірақ диктантта немесе
жазу жұмысының басқа түрлерінде емілелік қателер жібереді.
Демек оқушы қазақ тілін оқыған кезде, белгілі бір білім жиынтығын
біліп қана қоймай белгілі бір көлемдегі (мағлұмат, ереже, анықтамалар)
алған білімдерін қолдануда дағдылану іскерлігін көрсетулері қажет. Бұл
мәліметтерді жоғарыда да айтып кеттім. Яғни іскерлік - әрекет тәсілі болып
есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оқу тапсырмаларын
орындауға қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайлдалану әр уақыт
ойлануды қажет етеді, онда жаттандық болмайды, ал дағды деп жаттандыға
айналған, яғни қолдану негізінде үйреншікті, әдеттегі қалыпқа айналған
әрекетті айтады. Мысалы, оқушы нақты жағдайда зейінін, еркі мен есін
барынша жұмсай отырып, біріңғай мүшеге байланысты тыныс белгісін қойып
түсіндіре алады, бірақ жазу жұмысында сол бірііңғай мүшені дұрыс тауып,
тез, жаңылмай, тыныс белгілерін қоятындай дағдысы болмауы мүмкін.
Оқушы сөз мағыналарын талдай алады, оның синонимлерн тауып, сөйлемні
дұрыс құрылған-құрылмағанын айыра алады, әңгіме, шығарманы талдап, баға
береді, мазмұндамада қалып қойған негізгі мәселені аңғарады, бірақ өзі
шығарма не мазмұндама жазғанда, көп қате жібермеуі ықтимал. Сонымен дағды
іскерлікке қарағанда оқушының оқу пройесінде алған білімін практикада
қолданудағы одан кейінггі буыны, яғни жетілдірілген әрекеті болып табылады.
Алайда іскерлк пен дағдының арасындағы қатынас жоғарыда аталғанмен
бітпейді, одан әлдеқайда күрделі. Өйткені белгілі бір күрделі жұмысты
атқаруда оған қажетті алғы шарт, яғни дағдылар болмаса, оны іске асыра
алмайды. Айталы, оқушы сөзді, не сөз тіркесін дұрыс жазу үшін, қаламды
дұрыс ұстау, әріп элементтерін дұрыс жазу тағы басқа дағдылары керек. Қазақ
тілінен дағды мен іскерлік қалыптастыру алуан түрлі жаттығуларды орындау,
қайталау сабақтары барысында іске асады.
Бір жағынан қазақ тілінен алынған білім, екінші жағынан, іскерлік пен
дағды бір-бірінен оқшау тұрған, қарама-қарсы құбылыстар емес,
өйткенііскерлік те, дағды да әрқайсысы қазақ тілін бағдарламамен өтумен
байланысты оқушы қабылдауға тиісті ұғымдарды құрауға, нақтылауға және
айқындауға қатысады. Сабақта оқушылардың ойлау қызметінің белсенділігін
арттыру қазақ тілі әдістемесінің негізгі мәселелеренің бірі болып табылады.

2 Оқулық туралы жалпы түсінік

Оқулық – білім алу құралы. Оның ең басты міндеті – оқушылардың білім
жетілдіру. К.Д. Ушинский айтқандай Оқулық – жақсы сабақ берудің іргетасы.
Ал Н.К.Крупская: Бізге қандай оқулық қажет деген мақаласында: Оқулық
меңгеретіндей ең қажетті материалды беруі керек. Оқулық – анықтағыш, есте
сақтау құралы - дейді [14, 34].
Оқулық оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес жазылады. Оқулықта
бағдарламада көрсетілетін материалдардың желісі бойынша оқушыларға беретін
білім мен дағды берудің жүйесі толық және кең баяндалады. Ол – ана тілінен
оқушылардың білімін толықтыратын, өз беттерімен үй тапсырмасын орныдағанда
жетекшілік роль атқаратын негізгі құралы.
Сондықтан орта мектептің алдына қойып отырған негізгі міндеттер,
талаптар негізінде оқулықтың мазмұны мен құрылысының ғылыми тұрғыдан дұрыс
болуына бірнеше әдістемелік, педагогикалық талаптар қойылады. Сондай-ақ
оқулық мазмұнының оқу жоспары мен бағдарламаға және оқушылардың жас
ерекшелігіне сай келуі қажет. Сонымен қатар теориялық және практикалық
жақтары өзара бір-бірімен байланыста болады. Оқушы оқулық бойынша ғылыми-
теориялық мәселелерді терең түсінумен бірге, түсінген өмірде қолдану жолын
да білуге тиісті. Ең алдымен, оқулықтың тілі жатық, тартымды, оқушыларды
ынталандыратындай түрлі мысалдар, фактілер, тәжірибелермен толықтырылады.
Сондай-ақ оқулықта оқушылардың өз беттерімен орындайтын жұмыстардың үлгісі,
түрлі жаттығу жұмыстары, тапсырмалар, өткен грамматикалық материалдарды
қайталау мақсатында сұрақтар, мәтіндер беріледі. Ең бастысы, оқулықта
дидактикалық, көрнекілік принципін іске асыру мақсаты оқулықтағы жеке
тақырыптарға байланысты схема, кесте, диаграмма, сурет тағы басқа
материалдар берумен қатар оларды пайдалану жоладары көрсетілуі қажет.
Тақырыптардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты түрлі техникалық құралдарды
пайдалану жолдарын нұсқайды. Оқулықтың сырт көрінісі: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Білім берудің мазмұны
Қазақ тілі сабақтарында тірек-кесте технологиясын пайдалану жолдары
1 сынып Ана тілі оқулығының құрылымы мен құралысы
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дарынды баланы дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Пәндер