Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы


Мазмұны
КІРІСПЕ
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1. 1. Сыни ойлау туралы түсінік . . . 5
1. 2. СТО технологиясының стратегиялары . . . 12
1. 3. Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер . . . 16
2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
2. 1 СТО-ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу; білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Өзектілігі: Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім керек. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қаблетті 50 елдің қатарына терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу өрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары зерттелініп, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақтылығы, білімділігі қажет. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет» деген.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал казіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз. Өйткені.
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңы тегнологиясы қажет. Оқу - тәрбие үрдісінде осындай әдісті қолдану үшін, мұғалім алдымен өзі оқып, біліп, зерттеп, тиімділерін оқытып осының бәрін өзінің шеберлігіне сай жеткізе білуі керек. Мұғалімнің ерекшелігі соны таңдай білуінде. Себебі, бір технологияның өзі қолдану әдіс - тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады.
Қазіргі кезде ұстаздар қауымының көпшілігінің пайдаланып жүрген оқытудың жаңа технологияларының бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аталмыш технологияның негізгі мақсаты - ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.
Тәжірибе барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының » стратегиялары оқу мен жазуға арналған пәндердің барлығына арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
-мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
-жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруға;
-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге мүмкіндік алады.
Нысанасы: Жалпы білім беретін мектептегі оқыту үрдісі
Мақсаты: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызын анықтау.
Міндеті: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік беру, стратегияларымен таныстыру, оның оқыту үрдісіндегі маңызын анықтау.
Пәні: Гуманитарлық
Болжамы: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқу үрдісінде ең тиімді технология екені анықталды.
- СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМСыни ойлау туралы түсінік
Сыни ойлау- ашық қоғам негізі. Сыниойлаудеген -әр жеке тұлғаның кез -келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы . Сынитұрғыданойлау, өзіндік, жекеойлауболып табылады. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. . Сынтұрғысынанойлауүш бөліктен тұрады:
Біріншіден, және жекеойлауболып табылады.
Екіншіден, сынтұрғысынаноқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше тереңойлауарқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм, кластер, ассосиация т. б.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
«Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде қызығушылықты оятуға арналады / сұрақ қою/, екінші «мағынаны тану» кезеңінде / жауаптар іздеу, мәселені зерттеу /мәтінді жан- жақты және әр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді. Үшінші, білім «ой толғаныс» арқылы жалпылама жүйеленеді/ ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау/. Яғни, мұғалім оқушыларын ойлауға тұрақты түрде үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“ Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. 1. Қызығушылықты ояту сатысында оқушыларды үйренетін, зерттелетін тақырыпқа тарта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылуы керек. Қызығушылықты оятуда қазіргі заман талабына сай болу үшін білікті маманға өз ана тілін ғана білуі аз екенін ұғындыру арқылы оқушылардың тұлғалық мәдениетін арттыру керек.
2. Мағынаны тану сатысында оқушылар оқытушы басшылығымен меңгерілуі тиіс болған материалдарды жан-жақты талдауы қажет.
3. Ой- толғаныс сатысы (рефлексия) . Бұл саты өте маңызды саты болып саналады. Меңгерілген тақырып бойынша әрбір оқушы өзіндік қорытынды жасай алуы тиіс. Ойлану, пікірлесу арқылы тақырып төңірегінде алынған білімдерін пысықтайды, әрі өзіндік ұғым ретінде білім қоры кеңейеді.
Оқушылардың іс-әрекеттері жүйесі.
«Қызығушылықты ояту» сатысы
Материалды көкейкестілендіру
1. Ассосациограмма жасату.
Студенттерге дәптерлеріне мәтіннің тақырыбына байланысты қандай балама сөз естеріне түседі, соны жаздырады.
2. Қарастырылатын объектіге байланысты не білетіндерін еске түсірткізеді.
3. Дәптерге үш бірдей бағанмен бөлінген кестені сыздырады. Бағандар «білемін», «білгім келеді», «үйрендім» - деп аталады.
Өзі де тақтаға сызады.
4. Кестенің сол бағанына танымдық объект туралы не біледі, соны жазуды тапсырады.
5. Жұптасып пікірлерімен
бөлістірді.
6. Оларда қандай пікірлер жинақталды, солар туралы сөйлеседі. Тақтаға оқушылар айтқан пікірлер мен мәліметтер жазылады.
1. Әр оқушы өз дәптеріне мәтіннің тақырыбына байланысты естеріне түскен балама сөздерді жазады. 2. Қарастырылатын объектіге байланысты барлық мәліметті еске түсіреді.
3. Кесте сызады.
4. Сол бағанға естеріне түсірген мәліметтерді жазады.
5. Бір-бірімен білім алмасады.
6. Әрқайсысы кезегімен қарастырылып отырған объект туралы білетін пікірлерін айтады.
7. Тақтаға сол мәліметтерді жазады.
1. Студенттерге тақтаға жазылған білімдерді талқылап, білетіндерін жинақтап, белгілі бір негіздемеге топтастыру тапсырылады.
2. Тақтаға құрылымдық-логикалық сызба қажет болған жағдайда салынады.
3. Әр студентке мәтін таратылып, оны оқу тапсырылады.
4. Студенттерге мәтінді оқу барысында белгілерді қою тапсырылады:
«V» - білемін.
«-» - менің алғашқы ойлауыма мүлдем сай келмейді.
«?» - білгім келеді.
«+» - бұл мен үшін жаңа ақпарат.
5. Студенттерге кесте бойынша жұмыстарын жалғастыру тапсырады.
Оларға үшінші бағанды толтыруды (үйрендім) тапсырады.
6. «Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылатады, оны студенттерге тақтаға жаздырады.
7. «Білгім келеді» бойынша өзіндік жұмыстарға бағдар жасалады, не білгілері келетіні талқыланады. Жұмыс барысында «біз оларды қайдан аламыз», -деген мәселені қарастырады.
8. Үй тапсырмасына бағыт береді.
1. Тақырыпқа байланысты жоғарыдағы мәліметтерді өзара талқылайды.
2. Мәтінді оқуға дайындалады.
3. Мәтінді оқу барысында қарындашпен оқытушы ұсынған белгілерді қойып шығады.
4. Жеке өз дәптерінде мәтінге сәйкес кестені толтырады.
5. Талқылауға белсенді қатысады.
6. Оқытушы сұрақтарына жауап беруімен қатар, өз варианттарын ұсынады.
7. «Үйрендім» бағанындағы мәліметтерін салыстырып, талқылайды, ортақ пікірге келіп, тақтаға жазады.
7. Ортаңғы бағанға «не білгілері келетінін» ақылдаса отырып, жазады.
1. Студенттерге қорытынды жасауда түрлі тәсілдерді ұсынады.
2. Үй тапсырмасы беріледі.
«Үйренгім келеді» бағанындағы тақырыпты зерттеуді, жаңа білімдер негізінде құрылымдық-логикалық сызба дайындауды тапсырады.
1. Қорытынды жасайды.
2. Үй тапсырмасын таңдап алады.
Осы жүйе бойынша әртүрлі тақырыптардағы мәтіндерді талқылауға болады. (Жоғарыда айтылған сабақтың компонеттері − қызығушылықты ояту сатысы, мағынаны тану сатысы, ой-толғаныс сатысы (рефлексия) − барлығы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін арттырады) .
Студенттердің мәтінді түсінуін жеңілдету мақсатында, мәтіннен соң жаттығулар беріледі. «Мәтінде осылай делінген бе?», «Мәтіннен аудармасын табыңыз», − деп берілген тапсырмаларды орындау барысында студенттер мәтінде не жайлы айтылғанын тез түсінеді де, оны аударуға уақыттарын кетірмейді. Мәтіндегі ақпараттарды сыни тұрғыдан ойлай отырып талдайды. «Мен үшін бұл ақпарат жаңа (білдім) », «бұл ақпарат жайлы одан әрі білгім келеді (білгім келеді) », «бұл ақпарат мен үшін таныс (білемін) », − деп мәтінді саралап оқиды. Мәтінді саралап оқу барысында студенттер өздеріне қойған проблемаларды шешу үшін іс-әрекет жасайды, осы іс-әрекет олардың танымын арттырады. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді бір сабақ бұрын жаңа сөз ретінде үйге тапсырма ретінде беріледі. Студенттер оларды үйде қарап шығып, танысып келеді. Білуі қажет:- алдын-ала сенімділік туғызу; - білімдерін бір-біріне жеткізу; - бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:-Мен не білемін?- Мен жаңаша нені білдім?- Менің білімім қалай өзгерді?- Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету. Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:- Шақыру- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну) - Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)
Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т. б. болу керек. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдерінің мәліметтер кестесі:
Өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау) ;
Ақпарат - сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес бастапқы сатысы болып табылады;
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып шешімін табуды қажет етітін мәселеден басталады.
Жобаның негізгі - оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім - бағыттаушы. Оқушылар үшін маңызы:
- сұрақ қоя білуге;
- пікірлесуге;
- тең құқылы диалог жүргізуге;
- белгілі тақырып бойынша ақпарат таба білуге үйренеді.
Себебі бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшалауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді - мағналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмекеседі.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс - тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяаттар жасайды. Мұндй әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәтпіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жаауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі бар екенін сезініп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, мән - мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығын арттрады, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
1. 2. СТО технологиясының стратегиялары
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік
Қызығушылықты ояту:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz