Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістмемелік кешендер



Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілі оқулықтары,қазақ тілі бағдарламасы
2.3 Оқу барысында тиімді әдіс.тәсілдерді қолдану
2.4 Көрнекі құралдардың маңыздылығы
2.4 Қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмысын жүргізудің әдістемесі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақ тілі методикасында жалпы мәселелерді, қазақ тілінен білім берудің мазмұны, оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі, қазақ тілін оқытудың жүйесі, білім берудегі негізгі принциптер, әдістер мен тәсілдер, олардың жіктелуі мен құрылымы, өтілетін сабақ жүйесі, оларды топтастыру, құрылымдық элементтері және сабақ жоспарлары мен құрылымы дидактикалық теориялар негізінде баяндалады.
Қазақ тілін оқыту – оқу әдістемелік кешендер арқылы жүзеге асады. Оқу әдістемелік кешендер қазақ тілін оқытудың бірден-бір негізі басты құралы болып табылады. Оқу әдістемелік кешендердің қатарына оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, диктанттар жинағы, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар т.с.с. жатқызуға болады. Олардың қазақ тілін оқыту әдістемесінде маңызы орасан зор болып табылады. Оқу-әдістемелік кешендер оқушыларға білім беру, оқыту, оқушыларды жан-жақты тұлға етіп даярлау мақсатында пайдаланылады.
Менің осы курстық жұмысымның өзектілігі қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік кешендер туралы теориялық мағлұмат беру. Курстық жұмыс барысында қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік кешендерге талдау жасап, олардың оқыту барысында маңыздылығын анықтауға тырыстым.
Методика ғылымында қағидалар жүйесні теория қарастырады. Қазақ тілі методикасы дидактика теориясына байланысты зерттеледі. Білім беру теориясын педагогика ғылымында дидактика деп атайды. Дидактика – грек тілінің didaktikos – «өсиет» деген мағынадағы сөзі бойынша жасалған термин. Сондықтан бұл сөз білім беру мен оқыту теориясы деген мағынаны аңғартады. Дидактика білім берудің мазмұынын, ұйымдастыру мәселелерін, талаптары мен тәселдерін қарастырып, мектепте оқытылатын пәндердің жалпы заңдылықтарын белгілейді.
Қазақ тілі методикасы білім берудің негізгі құралдарын іздестірсе, ал дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның формалары мен әдістерін зерттейді. Дидактикалық пайымдаулар әр пәнді оқыту методикасының, соның ішінде қазақ тілі методикасының теориялық негізі болып табылады. Мектепте қазақ тілін оқыту жұмыстары дидактиканың оқыту, білім беру жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді, яғни қазақ тілі методикасы дидактика мәліметтеріне негізделе отырып дамиды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. І.Кеңесбаев Проф. Қ.Жұбанов және оның ғылыми-педагогикалық мұралары// Қазақ тілі мен әдебиеті. 1958,№2
2. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев Көрнекті ғалым // Жұлдыз, 1958, №6
3. Қ.Есенов Тұңғыш филолог – профессор // Лениншіл жас, 1964, 24 декабрь
4. Р.Сыздықова Құдайберген Жұбанов – тіл біліміздің классигі // қазақ әдебиеті, 1964, 25декабрь
5. М.Балақаев Ардагер ұстаз // қазақ университеті, 1964, 23 декабрь
6. Б.Кенжебаев Құдайберген жөніндегі есімдегілер//қазақ университеті,1964, 23 декабрь, №41-42
7. Есенов Қ. Қазақ тіл білімінің беташары, // Жұлдыз,1966,№10
8. Нұрқанов С. Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл жөніндегі зерттеулері//Қазақстан мектебі,1966,№9
9. Омарбеков С. Қазақ тіл білімінің бағалы қазынасы//Қазақстан коммунисі,1966,№12

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Қазақ тілі оқулықтары,қазақ тілі бағдарламасы
2.3 Оқу барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану
2.4 Көрнекі құралдардың маңыздылығы
2.4 Қазақ тілі сабақтарында сөздік жұмысын жүргізудің әдістемесі.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақ тілі методикасында жалпы мәселелерді, қазақ тілінен білім
берудің мазмұны, оқушыларға қазақ тілінен берілетін білім көлемі, қазақ
тілін оқытудың жүйесі, білім берудегі негізгі принциптер, әдістер мен
тәсілдер, олардың жіктелуі мен құрылымы, өтілетін сабақ жүйесі, оларды
топтастыру, құрылымдық элементтері және сабақ жоспарлары мен құрылымы
дидактикалық теориялар негізінде баяндалады.
Қазақ тілін оқыту – оқу әдістемелік кешендер арқылы жүзеге асады. Оқу
әдістемелік кешендер қазақ тілін оқытудың бірден-бір негізі басты құралы
болып табылады. Оқу әдістемелік кешендердің қатарына оқу-әдістемелік
құралдар, дидактикалық материалдар, диктанттар жинағы, анықтамалықтар,
сөздіктер, энциклопедиялар т.с.с. жатқызуға болады. Олардың қазақ тілін
оқыту әдістемесінде маңызы орасан зор болып табылады. Оқу-әдістемелік
кешендер оқушыларға білім беру, оқыту, оқушыларды жан-жақты тұлға етіп
даярлау мақсатында пайдаланылады.
Менің осы курстық жұмысымның өзектілігі қазақ тілін оқытуда
қолданылатын оқу-әдістемелік кешендер туралы теориялық мағлұмат беру.
Курстық жұмыс барысында қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік
кешендерге талдау жасап, олардың оқыту барысында маңыздылығын анықтауға
тырыстым.
Методика ғылымында қағидалар жүйесні теория қарастырады. Қазақ тілі
методикасы дидактика теориясына байланысты зерттеледі. Білім беру теориясын
педагогика ғылымында дидактика деп атайды. Дидактика – грек тілінің
didaktikos – өсиет деген мағынадағы сөзі бойынша жасалған термин.
Сондықтан бұл сөз білім беру мен оқыту теориясы деген мағынаны аңғартады.
Дидактика білім берудің мазмұынын, ұйымдастыру мәселелерін, талаптары мен
тәселдерін қарастырып, мектепте оқытылатын пәндердің жалпы заңдылықтарын
белгілейді.
Қазақ тілі методикасы білім берудің негізгі құралдарын іздестірсе, ал
дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның формалары мен
әдістерін зерттейді. Дидактикалық пайымдаулар әр пәнді оқыту методикасының,
соның ішінде қазақ тілі методикасының теориялық негізі болып табылады.
Мектепте қазақ тілін оқыту жұмыстары дидактиканың оқыту, білім беру
жөніндегі теориялық қағидаларына сүйенеді, яғни қазақ тілі методикасы
дидактика мәліметтеріне негізделе отырып дамиды.
1.1. Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері
Методолгия – гректің metodos – зерттеу, әдіс, ілім деген алынған
термин сөздер. Методика білім беру құралдарының жиынтығы деп қарастырылса,
ал методология осы білім беру құралдарын басшлыққа алатын негіздер болып
табылады. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің негізгі қарастыратын объектісіне
қарай екіге жіктеледі: 1) жаратылыс тану ғылымдары; 2) қоғамдық ғылымдар.
Жаратылыс құбылыстарын жаратылыс тану ғылымдары (физика, математика,
биология, және осылардан бөлініп шыққан басқа да ғылымдар) зерттесе, адам
баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар ( тарих, философия, саяси
экономия, заң ғылымдары) зерттейді.
Қазақ тілін оқыту методикасы педагогиканың бір тармағы бола тұрып,
қоғамыдқ ғылымдар қатарына жатаджы. Тілдік фактілер қазақ тілін оқыту
методикасының негізгі объектісі. Ал оқыту методикасы диалектикалық
материализмнен, біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан ұштасса,
екіншіден, зерттелетін ортақ мәселелер жағынан жақындасады. Диалектикалық
материализм материя алғашқы да, сана екінші деп есептейді. Бұл қағида –
ғылымдардың барлығына, соның ішінде қазақ тілін оқыту методикасына да
қатысты әрі ортақ қағида. Бізді қоршаған дүние және оның заңдары адам
санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді, адам оны еңбек процесінде
таниды және пайдаланады. Адамның ойлауы тіл арқылы объективті шындықты
көрсетеді. Объективті шындықта болған нәрсенің, танылғанның бәрі де тілде
белгіленеді. Қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуде диалектиканың негізгі
заңдары мен категориялары ескеріледі. Маркстік диалектиканың бірінші заңы
дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-біріне тығыз байланысты деп
қарайды. Осы заңдылықты методикаға алып келгенде оны төмендегіше
түсіндіруге болады.
1.2. Қазақ тілі оқулықтарына әдістемелік нұсқаулар 1969 жылдан жазыла
бастады. Әдістемелік нұсқауды жазуға оқулық авторлары, әдіскерлер,
мұғалімдер қатыстырылды. Әдістемелік нұсқау әр сыныпта өтілетін қазақ тілі
материалдарының, атап айтқанда, әрбір грамматикалық тақырыптың мазмұны мен
оқыту ерекшелігіне терең талдау жасалып, оның ғылыми негізі мен тәрбиелік
жағына баса назар аударылады. Ең алдымен, әдістемелік нұсқауда оқулықтың
мазмұнына, құрылу жүйесіне талдау жасалады. Оқулықта қандай өзгерістер
барлығы, яғни, ғылыми-теориялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан қандай
толықтырулар жасалғанын мұғалімдерге талдап түсіндіреді. Әдістемелік нұсқау
оқулықтағы әрбір тақырыпты оқытудың мазмұнын толық аша отырып, оған
байланысты қосымша материалдар, жаттығулар, кесте, схема, сабақ үлгілеріне
т.б. мәселелерге баса назар аударыла отырып, мұғалімдерге шығармашылық
жұмыс істеуге бағыт, нұсқау беріп отырады. Былайша айтқанда, әдістемелік
нұсқау – оқулықтың негізгі мақсаты міндетін іске асырудағы көмекші құрал.
Сондықтан мұғалім оқулықты оқу-тәрбие ісінде дұрыс пайдалануда ең
алдымен оның әдістемелік нұсқауын жақсы меңгеруге тиіс. Оқулықтағы
теориялық материалдарды іс жүзінде қайткенде тиімді оқытудың жолдарын
мұғалімдерге нақты көрсетіп отырады. Оқулықтарға әдістемелік нұсқау осындай
мақсат тұрғысынан жазылады.
Қазақ тілі оқулығын жан-жақты жетілдіру, оқушыға толық әрі сапалы
білім беру мақсатында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әдістемелік
нұсқаулардан кейін дидактикалық материалдар жинағы шығарылуда. Дидактикалық
материалдарды жазуға да оқулық авторлары, әдіскерлер, алдыңғы қатарлы
мұғалімдер қарастырылады.
Ең алғаш дидактикалық материалдар жинағы 1969 жылдан жарық көре
бастады. Дидактикалық материалдар оқушылардың алған теориялық білімін
тиянақты, саналы меңгеруге, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге көмектесетін,
яғни оқулықты толықтыра түсетін көмекші құрал.
Дидактикалық материал бағдарлама мен оқулыққа сүйеніп жазылады. Жаңа
оқулықтың мазмұнын, ондағы берілген теориялық материалдарды жан-жақты
толықтыра отырып, практикалық жағынан жұмыс істеуге көмегін тигізеді.
Дидактикалық материал тақырып жүйесі бойынша жаттығу – тапсырма ретінде
беріледі. Грамматикалық әрбір бөлімнен кейін тіл ұстартуға арнайы мәтіндер
беріледі.
Дидактикалық материалдар жинағында танымдық, білімдік және тәрбиелік
мәні зор мәтіндерге көбірек орын беріледі. Бұл материалдар мұғалімнің
оқулыққа қосымша материал ретінде пайдалануына, шығармашылық тұрғыда жұмыс
істеуіне көмектеседі. Дидактикалық материалдар жинағы үш жылда бір рет
жаңарып отырады. VI сыныптың жаңа оқулығына сай 1983 жылы Қазақ тілінен
дидактикалық материалдар жинағы үшінші рет басылып шықты.
Дидактикалық материалда бағдарламадағы тақырыптар толығынан қамтылған.
IV-V сыныптарда өтілген материалдарды қайталау мақсатында 14 тапсырма
берілген. Осыған орай Алғашқы қадамдар, Отан деген құдіретті ұғым,
Жаңа бастама, Бірінші қақпашы, Анажан деген мәтіндер идеялық әрі
тәрбиелік жағынан балаға түсінікті болуымен бірге, өз бетімен ойланып жұмыс
істейтіндей тапсырма жүйелері беріледі. Мысалы, Көңілді каникул күндері
тақырыбына шығарма жазыңдар, мәтіннің мазмұнына қарап оған ат қойыңдар,
тиісті тыныс белгісін қойыңдар, мәтінді рөлге бөліп оқыңдар, 3- жақта
ауызша айтыңдар, мәнерлеп оқыңдар. Ананың жұмсақ алақаны деген тақырыпта
шығарма жазыңдар, сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты сұрақ қоя
отырып анықтаңдар деген тапсырмалар оқулық материалдарын толықтыра түседі.
Сондай-ақ тіл ұстартуға байланысты мәтіндер оқушының жас ерекшелігіне қарай
таңдап алынған. Мысалы, Тігінші құс, Қарға, Сауысқан, Жаяу жарыс,
Мал шақыру, Батыр көжек, Мама, Не үшін, Обал деген не?, Кісі
ризығы – нан, Өсімдік тағамдары, Шай, Шығыс Аристотелі, Ұлы
достық, Астана, Ұлықбек, Серке мен драматург сияқты тексеруден кейін
сұрақтар беріліп, оқушыларды ойландыруға, ізденуге, шығарма, мазмұндама
жазуға бағыт беріліп отырады. Атап айтқанда, Құстар – біздің досымыз,
Сауысқан - өте сақ құс, Мен спортты сүйемін деген тақырыптарды көрсете
отырып, оған шығарма жаздыру талап етілсе, Әбу Әли ибн Сина кім болған?.
Бұл жөнінде С.Көбеевтың Сөнбес жұлдыздар деген кітабын оқыңдар. Нан
барлық қазынаның асылы дегенді қалай түсінесіңдер?, Достық дегеніміз не?
деген тапсырмалар беру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып,
түрлі шығармашылық мәндегі тапсырмалармен жұмыс істейді. Мұғалім оқулықтағы
грамматикалық ережелерге байланысты кейбір жаттығулардың аздығынан
тақырыптарды түсіндіруге қиналатын болса, дидактикалық материалдар жинағы
арқылы өзінің қалауынша түрліше жұмыстарды ұйымдастыруына болады. Демек,
мұғалім оқу-тәрбие ісінде әдістемелік-нұсқау, дидактикалық материалды
оқулықпен тығыз байланыста пайдаланғанда ғана оқушыға сапалы да саналы
білім беруге болады.
1978 жылдан бастап қазақ тілінен IV-V, VI-VII сыныптарға арналған
үлестірме карточкалар жинағы жасалынды. Үлестірме карточка мұғалімнің жеке
оқушымен жұмыс істеуіне шығармашылық бағыт беру мақсатын көздейді.
Үлестірме карточкада бір таапсырма негізіне сүйене отырып, бірнеше тапсырма
беріледі. Оларды мұғалім сабақ үстінде кеспе карточка ретінде пайдаланады.
Үлестірме карточкада оқулықтағы барлық материалдардың қамтылуы міндетті
емес, оқушылардың жазған немесе сөйлеген кезде жіберетін қателері
ескеріліп, қандай теориялық материалдарды нашар меңгерген деген
мәселелердің айналасында сұрақ-тапсырмалар топталып беріледі, яғни жеке
оқушының қатесін түзету жұмысы істеледі.
Қазақ тіліне байланысты жазылып отырған осындай көмекші құралдардың
негізгі мақсаты – оқу-тәрбие ісін кешенді жүргізу мәселелерін қарастыру.
Осындай талаптар тұрғысында 1998 жылы V-IX сыныптарға арналған
Мазмұндамалар жинағы, Диктанттар жинағы жаңа бағдарлама талаптарына сай
жарық көрді.
Мұғалімді осындай әдістемелік құралдармен қаматамасыз етудің өзі мектепте
білімнің сапалы, тиянақты берілуін, сондай-ақ қазақ тілі пәнінің ғылыми-
теориялық дәрежесін арттыру, қазіргі кезде қолданылып жүрген оқыту жолдары
мен әдістерін жетілдіру, оқушыларға өмірге қажетті білім беру, оны өмірде
қолдана білуге үйрету мақсатынан туған жайлар демекпіз.
Қазақ тілі сабағында көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану
Дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды
пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар
пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте,
схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету,
суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды
(магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио,
телефизия, кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және
көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін
көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану
оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншелігін арттырады.
Оқушынығ танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт
береді.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық
ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ
оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің
сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту
мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір
мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не схема,
бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем
құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.
Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық,
фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді.
Ал қолданылуы жағынан – салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан
(формасы) жылдымалы болып бөлінеді.
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын
дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін
қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады.
Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін.
Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы,
омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа
тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөздер, жалпылама
қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге,
тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктер мен олардың
түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.
Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен
бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын
сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде
дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және
шығармашылықжұмыстарды қажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты
жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:
Ұяң дыбыстар Ұяңмен келген Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
сөздер
б байлық Ел байлғы жылдағыдан арта түсті.
в вагон Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
д дала Дала гүлге бөленді.
з зейін Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
ж Жаппар Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
г Гүлсім Гүлсім оқуға жүріп кетті.
ғ Ғұмар Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
һ Аһ, уһ Аһ,-деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін салыстырып байқайды.
Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында
пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік,
етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемнің жасалу
жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдаун тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте
Қосымша
көптік
Сөз тудырушы
тәуелділік

Жұрнақ
Жалғау

септік
Сөз түрлендіруші жіктік

Жұрнақ

Сөз тудырушы Сөз
түрлендіруші
Ім
ар
біл гіш
айт қан
гір
қыз

Сондықтан бұл кестенің құрылысы IV сынып оқушыларының жас ерекшелігіне
лайықты. Кестеде негізгі мәселе дараланып берілген, яғни жұрнақ
жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашылық
болғанын оқушының саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Кесте-схема қазақ тіл сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе ол жаңа
материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен
байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға,
абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема-кестенің негізін
жасаушылардың бірі - әдіскер Ш.Әуелбаев.
Құрылымдық схема-кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізгі
синтаксистік құрылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім негіздерін жан-
жақты меңгертуге болады.
Схемалармен түрлі практикалық жұсымтар жүргізу нәтижесінде оқушылар
қазақ тіліндегі тыныс белгілері қойылмайтын сөйлем құрылымдары мен
сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тыныс белгілерін
тудырушы түрді синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін, сөйлем
мүшелерінің саналы меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында графимкалық көрнекілік белгілі орфограммаларды
дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік
синонимдер тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы
көрсетуге болады. Ол мөлдір, жылтыр пленкаға жазылады да, кодоскоп арқылы
жылжытылып көрсетіледі. Мысалы, бас-бас-шы, бас-тық, бас-қар-ма, бас-шы-
лық. Сөзді осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатын жылжымалы динамика арқылы
көрсету мұғалімдерге үлкен жеңілдік жасайды.
Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке
оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды
Лексика, Сөз құрамы тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады.
Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің
нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді.
Берілетін материалдағы тарсырмалар суретке сай болуы қажет.
Мүскіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық және пунктуациялық дағды
беруге, тіл дамытуға байланысты, құрмалас сөйлем синтаксисін қайталау
мақсатында қолдану керек.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл
көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суртеке ат
қойғызу, суреттің астына оның мағыгасын жазып көрсету, оқушылардың дұрыс
сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тіл сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктерде
қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа немесе бір сыныптың тақырыбын
түгел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат есімнен жан-жақты мәлімет
беруге байланысты кесте-альбом жасауға болады. Ал лото көрнекілігі
оқушылардың орфографиялық және грамматикалық біліидерін бекіту үшін
пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ
тілі сабақтарына открытка және түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып
жүр. Откыртка және түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты
ұйымдастыруға ғана емес, сондай-ақ оқушының белсенділігін арттырып,
танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер магнит тақталары
арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату, мазмұндама, шағын шығарма
жаздыру да тиімді.
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз
техникалық құралдарды өте орында пайдалануда. Ауылдық мектептерден
магнитофон, телевизор, оқу диафильмдері, кодоскоп, эпидиаскоп,
грампластинка, кинопроекторлар, ЛЭТИ, СВЕТ-терді жиі кездестіруге болады.
Мұғалімдер қазақ тілі сабақтарында диаграммалар, диафильмдер,
диапозитивтер, магнитофондық жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты қолдану оқу
процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын жетекші
құралдардың бірі деп есептеледі.
Қазақ тілі сабақтарында магнитофон мынадай жұмыс түрлерінде
пайдаланылады: дыбыстар мен сөздерді айтуға үйрету, оқушылардың сөйлеу
дағдыларын дамыту, сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлей білуге жаттықтыру,
өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтерді тыңдату,
классикалық және қазіргі кездегі музыканың граммофондық немесе
магнитофондық жазуларын тыңдату, сөз шеберлері, аса белгілі артистердің
орындауындағы мәтіндерді, поэтикалық шығармаларыд тыңдату, диафильм,
кинофильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандыру сияқты жұмыс түрлері
оқушылардың өздігінен білім алуына көмектеседі.
Магнитофон қазақ тілі сабақтарында мынадай мақсаттарда қолданылады:
магнит таспасына жазылған мәтінді қара сөзге айналдыру, өлеңмен жазылған
сөздерді қара сөзге айналдыру, диктор тарапынан оқылған мәтінге немесе
сөйлемге сұрақ қою, белгілі бір тақырыпқа жазылған мәтінді магнитофон
арқылы тыңдатып, оған жоспар құрғыза отырып, мазмүндама, шығарма, диктант
жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ шығарманың тіл ерекшелігін таныту, идеялық
мәнін, мазмұнын ашу мақсатында белгілі мәтіндерді, көркем шығарма
үзінділерін тыңдау арқылы тіл дамыту жұмысын ұйымдастыру өте пайдалы.
Қазақфильм киностудиясы қазақ тілінде оқу диафильмдерін шығаруда.
Оқу диафильмдері сабақ процесін жандандырып, оқушылардың ой-өрісін дамытып,
әр түрлі оқиғаларға құрылған әңгімені нақты түсіндіруге мүмкіндік жасайды.
Диафильмді әр түрлі тақырыптарды оқыту барысында, сондай-ақ белгілі
бір жазушының шығармасын оқытуға байланысты пайдаланады. Диафильм сабақтың
әр кезеңінде: жаңа материалды түсіндіру, жаттықтыру, қайталау, тіл дамыту,
мазмұндама, шығарма жаздыру мақсатында пайдаланылады.
Кино – ғылыми-техникалық көрнекі оқу құралдарының ең жетілген
түрлерінің бірі.
Қазақ тілі сабақтарында орыс тіліндегі кейбір оқу фильмдерінің
үзінділері пайдаланылып жүр. Оқу фильмін пайдалану оқушының ықыласын
арттырады, қызықтырады, ой-өрісін кеңейтеді, ауызекі сөйлеу тілін
жетілдіреді. Оқушының сол пәнге деген ықыласын арттырып, көзбен көрген
нәрселері естерінде ұзақ сақталады.
Қазақ тілі сабақтарында әмбебап проекциялық аппараттарды пайдалану кең
жолға қойылып отыр. Солардың бірі – диаскоп. Бұл проекциялық фонарь сияқты
аппарат. Фотографияға түсірілген суреттерді, схемаларды, кестелерді көрсету
үшін ыңғайлы құрал. Қазақ тілі сабақтарында эпидиаскоп та пайдаланылады.
Бұл құралмен кез-келген грамматикалық тақырыпқа орай схема, кестелерді
көрсетуге болады.
Қазақ тілі сабағында ЛЭТИ, Орбита сияқты отандық диапроекторларды
пайдаланады. Бұл арқылы мұғалім кинофильмнің қажетті бөлімдерін көрсете
алады.
Қазақ тілі материалдарындағы кестелер, схема, түрлі суреттерді
көрсетуде мұғалімдер кодоскопты пайдаланып жүр. Сайып келгенде, қазақ тілі
сабақтарында қолданылатын көрнекіліктердің түрі осы сияқты әр алуан.
Көрнекілік неғұрлым көп болса, соғұрлым тиімді деп те айтуға болмайды.
Сабақта бірнеше көрнекі құрал пайдалану да тиімсіз. Көрнекіліктің мақсаты –
оқушыларға нақты нәрсені көрсету ғана емес, нақытылықтан деректі қорытынды
жасауға үйрету. Нақтылы көрнекі материалды саналы түрде меңгеру үшін
қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, талдау жасауға бағыт, дағды
беріледі, яғни оқушы көрген нәрсесін дұрыс байқай отырып, ең бастысы
қайсысы екенін ажыратуға, оның артықышылығын байқауға, заңдылықтарды
анықтап, одан қорытынды шығаруға үйренетіндей мақсат қойылады. Демек,
орыстың әйгілі педагогі К.Д.Ушинский көрнекіліктің мәнін психологиялық
жағынан терең зерттеген: Бұл дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар
тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылған ілім... нақтыдан дерексіз,
түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық
заңдылыққа негізделеді деді. Олай болса, көрнекілікті пайдалану оқушыны
байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырып, одан логикалық қорытындылар
шығаруға тәрбиелейді. Сөйтіп, сабақ көрнекілігі, жалпы көрнекіліктің ғылыми
негізі И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы іліміне
негізделген психологияда түбегейлі зерттелді.
1.2. Қазақ тілі оқулықтарына әдістемелік нұсқаулар 1969 жылдан жазыла
бастады. Әдістемелік нұсқауды жазуға оқулық авторлары, әдіскерлер,
мұғалімдер қатыстырылды. Әдістемелік нұсқау әр сыныпта өтілетін қазақ тілі
материалдарының, атап айтқанда, әрбір грамматикалық тақырыптың мазмұны мен
оқыту ерекшелігіне терең талдау жасалып, оның ғылыми негізі мен тәрбиелік
жағына баса назар аударылады. Ең алдымен, әдістемелік нұсқауда оқулықтың
мазмұнына, құрылу жүйесіне талдау жасалады. Оқулықта қандай өзгерістер
барлығы, яғни, ғылыми-теориялық, дидактикалық, әдістемелік жағынан қандай
толықтырулар жасалғанын мұғалімдерге талдап түсіндіреді. Әдістемелік нұсқау
оқулықтағы әрбір тақырыпты оқытудың мазмұнын толық аша отырып, оған
байланысты қосымша материалдар, жаттығулар, кесте, схема, сабақ үлгілеріне
т.б. мәселелерге баса назар аударыла отырып, мұғалімдерге шығармашылық
жұмыс істеуге бағыт, нұсқау беріп отырады. Былайша айтқанда, әдістемелік
нұсқау – оқулықтың негізгі мақсаты міндетін іске асырудағы көмекші құрал.
Сондықтан мұғалім оқулықты оқу-тәрбие ісінде дұрыс пайдалануда ең
алдымен оның әдістемелік нұсқауын жақсы меңгеруге тиіс. Оқулықтағы
теориялық материалдарды іс жүзінде қайткенде тиімді оқытудың жолдарын
мұғалімдерге нақты көрсетіп отырады. Оқулықтарға әдістемелік нұсқау осындай
мақсат тұрғысынан жазылады.
Қазақ тілі оқулығын жан-жақты жетілдіру, оқушыға толық әрі сапалы
білім беру мақсатында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әдістемелік
нұсқаулардан кейін дидактикалық материалдар жинағы шығарылуда. Дидактикалық
материалдарды жазуға да оқулық авторлары, әдіскерлер, алдыңғы қатарлы
мұғалімдер қарастырылады.
Ең алғаш дидактикалық материалдар жинағы 1969 жылдан жарық көре
бастады. Дидактикалық материалдар оқушылардың алған теориялық білімін
тиянақты, саналы меңгеруге, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге көмектесетін,
яғни оқулықты толықтыра түсетін көмекші құрал.
Дидактикалық материал бағдарлама мен оқулыққа сүйеніп жазылады. Жаңа
оқулықтың мазмұнын, ондағы берілген теориялық материалдарды жан-жақты
толықтыра отырып, практикалық жағынан жұмыс істеуге көмегін тигізеді.
Дидактикалық материал тақырып жүйесі бойынша жаттығу – тапсырма ретінде
беріледі. Грамматикалық әрбір бөлімнен кейін тіл ұстартуға арнайы мәтіндер
беріледі.
Дидактикалық материалдар жинағында танымдық, білімдік және тәрбиелік
мәні зор мәтіндерге көбірек орын беріледі. Бұл материалдар мұғалімнің
оқулыққа қосымша материал ретінде пайдалануына, шығармашылық тұрғыда жұмыс
істеуіне көмектеседі. Дидактикалық материалдар жинағы үш жылда бір рет
жаңарып отырады. VI сыныптың жаңа оқулығына сай 1983 жылы Қазақ тілінен
дидактикалық материалдар жинағы үшінші рет басылып шықты.
Дидактикалық материалда бағдарламадағы тақырыптар толығынан қамтылған.
IV-V сыныптарда өтілген материалдарды қайталау мақсатында 14 тапсырма
берілген. Осыған орай Алғашқы қадамдар, Отан деген құдіретті ұғым,
Жаңа бастама, Бірінші қақпашы, Анажан деген мәтіндер идеялық әрі
тәрбиелік жағынан балаға түсінікті болуымен бірге, өз бетімен ойланып жұмыс
істейтіндей тапсырма жүйелері беріледі. Мысалы, Көңілді каникул күндері
тақырыбына шығарма жазыңдар, мәтіннің мазмұнына қарап оған ат қойыңдар,
тиісті тыныс белгісін қойыңдар, мәтінді рөлге бөліп оқыңдар, 3- жақта
ауызша айтыңдар, мәнерлеп оқыңдар. Ананың жұмсақ алақаны деген тақырыпта
шығарма жазыңдар, сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты сұрақ қоя
отырып анықтаңдар деген тапсырмалар оқулық материалдарын толықтыра түседі.
Сондай-ақ тіл ұстартуға байланысты мәтіндер оқушының жас ерекшелігіне қарай
таңдап алынған. Мысалы, Тігінші құс, Қарға, Сауысқан, Жаяу жарыс,
Мал шақыру, Батыр көжек, Мама, Не үшін, Обал деген не?, Кісі
ризығы – нан, Өсімдік тағамдары, Шай, Шығыс Аристотелі, Ұлы
достық, Астана, Ұлықбек, Серке мен драматург сияқты тексеруден кейін
сұрақтар беріліп, оқушыларды ойландыруға, ізденуге, шығарма, мазмұндама
жазуға бағыт беріліп отырады. Атап айтқанда, Құстар – біздің досымыз,
Сауысқан - өте сақ құс, Мен спортты сүйемін деген тақырыптарды көрсете
отырып, оған шығарма жаздыру талап етілсе, Әбу Әли ибн Сина кім болған?.
Бұл жөнінде С.Көбеевтың Сөнбес жұлдыздар деген кітабын оқыңдар. Нан
барлық қазынаның асылы дегенді қалай түсінесіңдер?, Достық дегеніміз не?
деген тапсырмалар беру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыта отырып,
түрлі шығармашылық мәндегі тапсырмалармен жұмыс істейді. Мұғалім оқулықтағы
грамматикалық ережелерге байланысты кейбір жаттығулардың аздығынан
тақырыптарды түсіндіруге қиналатын болса, дидактикалық материалдар жинағы
арқылы өзінің қалауынша түрліше жұмыстарды ұйымдастыруына болады. Демек,
мұғалім оқу-тәрбие ісінде әдістемелік-нұсқау, дидактикалық материалды
оқулықпен тығыз байланыста пайдаланғанда ғана оқушыға сапалы да саналы
білім беруге болады.
1978 жылдан бастап қазақ тілінен IV-V, VI-VII сыныптарға арналған
үлестірме карточкалар жинағы жасалынды. Үлестірме карточка мұғалімнің жеке
оқушымен жұмыс істеуіне шығармашылық бағыт беру мақсатын көздейді.
Үлестірме карточкада бір таапсырма негізіне сүйене отырып, бірнеше тапсырма
беріледі. Оларды мұғалім сабақ үстінде кеспе карточка ретінде пайдаланады.
Үлестірме карточкада оқулықтағы барлық материалдардың қамтылуы міндетті
емес, оқушылардың жазған немесе сөйлеген кезде жіберетін қателері
ескеріліп, қандай теориялық материалдарды нашар меңгерген деген
мәселелердің айналасында сұрақ-тапсырмалар топталып беріледі, яғни жеке
оқушының қатесін түзету жұмысы істеледі.
Қазақ тіліне байланысты жазылып отырған осындай көмекші құралдардың
негізгі мақсаты – оқу-тәрбие ісін кешенді жүргізу мәселелерін қарастыру.
Осындай талаптар тұрғысында 1998 жылы V-IX сыныптарға арналған
Мазмұндамалар жинағы, Диктанттар жинағы жаңа бағдарлама талаптарына сай
жарық көрді.
Мұғалімді осындай әдістемелік құралдармен қаматамасыз етудің өзі мектепте
білімнің сапалы, тиянақты берілуін, сондай-ақ қазақ тілі пәнінің ғылыми-
теориялық дәрежесін арттыру, қазіргі кезде қолданылып жүрген оқыту жолдары
мен әдістерін жетілдіру, оқушыларға өмірге қажетті білім беру, оны өмірде
қолдана білуге үйрету мақсатынан туған жайлар демекпіз.
Қазақ тілі сабағында көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану
Дидактикалық принциптердің бірі – оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды
пайдалану. Мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай көрнекі құралдар
пайдаланылады: затты табиғи түрінде көрсету, графикалық көрнекілік (кесте,
схема), бейнелеу көрнекілігі, иллюстрация жасау, фотоларды көрсету,
суреттерді көрсету, осындай көрнекіліктермен қатар, техникалық құралдарды
(магнитофон, ойнатқыштарды, диафильм, кинофильм фрагменттері, радио,
телефизия, кодоскоп, эпидиаскоп) пайдалану арқылы оқушылардың есту және
көру сезімдерін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді.
Демек, мұғалімнің түсіндіруімен қоса, есту және көру үшін
көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан тыс жұмыстарда көрнекілікті пайдалану
оқушының ана тілін құрметтеуге, оған деген сүйіспеншелігін арттырады.
Оқушынығ танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт
береді.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық
ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ
оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің
сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту
мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір
мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не схема,
бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем
құрылысын меңгеруге өте ыңғайлы.
Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық,
фонетикалық, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді.
Ал қолданылуы жағынан – салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан
(формасы) жылдымалы болып бөлінеді.
Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын
дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін
қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады.
Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін.
Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы,
омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа
тілден енген сөздер, көнерген сөздер мен жаңа сөздер, жалпылама
қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге,
тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктер мен олардың
түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.
Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен
бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын
сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде
дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және
шығармашылықжұмыстарды қажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты
жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:
Ұяң дыбыстар Ұяңмен келген Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер
сөздер
б байлық Ел байлғы жылдағыдан арта түсті.
в вагон Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
д дала Дала гүлге бөленді.
з зейін Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
ж Жаппар Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
г Гүлсім Гүлсім оқуға жүріп кетті.
ғ Ғұмар Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
һ Аһ, уһ Аһ,-деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық
заңдылықтарын, ерекшеліктерін салыстырып байқайды.
Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында
пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік,
етістік, жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемнің жасалу
жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдаун тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте
Қосымша
көптік
Сөз тудырушы
тәуелділік

Жұрнақ
Жалғау

септік
Сөз түрлендіруші жіктік

Жұрнақ

Сөз тудырушы Сөз
түрлендіруші
Ім
ар
біл гіш
айт қан
гір
қыз

Сондықтан бұл кестенің құрылысы IV сынып оқушыларының жас ерекшелігіне
лайықты. Кестеде негізгі мәселе дараланып берілген, яғни жұрнақ
жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашылық
болғанын оқушының саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Кесте-схема қазақ тіл сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе ол жаңа
материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен
байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға,
абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема-кестенің негізін
жасаушылардың бірі - әдіскер Ш.Әуелбаев.
Құрылымдық схема-кесте арқылы оқушыларға қазақ тілінен негізгі
синтаксистік құрылымдарды таныту арқылы пунктуациялық білім негіздерін жан-
жақты меңгертуге болады.
Схемалармен түрлі практикалық жұсымтар жүргізу нәтижесінде оқушылар
қазақ тіліндегі тыныс белгілері қойылмайтын сөйлем құрылымдары мен
сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тыныс белгілерін
тудырушы түрді синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін, сөйлем
мүшелерінің саналы меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында графимкалық көрнекілік белгілі орфограммаларды
дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік
синонимдер тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы
көрсетуге болады. Ол мөлдір, жылтыр пленкаға жазылады да, кодоскоп арқылы
жылжытылып көрсетіледі. Мысалы, бас-бас-шы, бас-тық, бас-қар-ма, бас-шы-
лық. Сөзді осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатын жылжымалы динамика арқылы
көрсету мұғалімдерге үлкен жеңілдік жасайды.
Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке
оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды
Лексика, Сөз құрамы тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады.
Суретпен берілген карточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің
нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді.
Берілетін материалдағы тарсырмалар суретке сай болуы қажет.
Мүскіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық және пунктуациялық дағды
беруге, тіл дамытуға байланысты, құрмалас сөйлем синтаксисін қайталау
мақсатында қолдану керек.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл
көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суртеке ат
қойғызу, суреттің астына оның мағыгасын жазып көрсету, оқушылардың дұрыс
сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тіл сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктерде
қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа немесе бір сыныптың тақырыбын
түгел қамтитындай мақсатта жасалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Ақпараттық технологияларды зерделеу
Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету жолдары
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Ағылшын тілі сабақтарында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті біліктілігін дамыту
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Пәндер