Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Fылым Министрлігі

Дипломдық жұмыс

Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.

Ақтөбе 2013

Мазмұны

Kipicпe . . . 3

  1. Бастауыш сынып оқушыларының ой - өрісін, адамгершілік

құндылықтарын мақал-мәтелдер қолдану арқылы жетілдіру . . . 6

  1. Оқушылардың ой - өрісін дамытуда мақал -мәтелдің атқаратын

қызметі . . . 6

1. 2. Адамгершілік тәрбиесі мақсаты және негізгі міндеттері . . . 14

2. Қазақ мақал - мәтелдерінің мазмұны және олардың

педагогикалық міндеттері . . . 25

  1. Қазақ мақал - мәтелдерінің мазмұны және бүгінгі таңдағы

педагогикалық мүмкіндіктері . . . 25

  1. Мақал - мәтелдер арқылы адамгершілікті тәрбие берудің қазіргі

бастауыш мектептегі жәйі . . . 39

  1. Бастауыш мектеп оқушыларына мақал - мәтелдер арқылыадамгершілік тәрбие беруге бағытталған эксперименттік жұмыстар . . . 43

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59

Kipicпe

Кіріспе

Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігін талап етеді.

Мақал - мәтелдер мен тұрақты тіркестерді үйрету барысында да оқушының тіл байлығы артады. Оқулықта берілген және басқа да мақал - мәтелдерді, тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру - мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмауы үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады. Мақал - мәтелдерді қаншалықты білетінін анықтау үшін әрі мейлінше көп меңгерулері үшін осы бағытта сайыс сабақтар ұйымдастырылады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тәрізді сайыстар оқушының тіл байлығының артуына ғана емес, ой - өрісінің, танымының артуына ықпал етпек [1] .

Саяси сынаржақтылықты көздегендер мектеп окушыларының шығармашылық қабілетін тежеп, еркін ойлау өрісін шектеп отырды. Ұзақ жылдар бойы әкімшілік әдісіне, жалаң ұрандарға негізделген тәрбие дәріптеліп, жастарымыз ана тілінен, ата тарихынан, төл мәдениетінен қол үзді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекетік тіл құқына көтерілі, Білім туралы, Жастар саясаты туралы Заңдардың қабылдануы келешек ұрпак тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, кағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңарту қажет. Оның негізгі мұраты - баланы жастайынан әлемдік ортада мәдениетті қарым - қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге, елжандылыққа баулу.

Бүгінгі игі істі уақыт сынынан сүрінбей өтіп келе жаткан халықтың тәлім-тәрбие тәжірбиесінен уақыт талабына сай пайдаланған жөн.

Қазақ халкының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттык тәлім-тәрбиесінің асыл - қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы - егеменді еліміздің мүддесіне, халкымыздың талабы.

Тақырыптың өзектілігі. Үшінші мың жылдықтың табалдырығын аттаған кезеңде мектептің алдына қоятын ең басты мәселе- қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық ділі мен тілін жоғалтпаған, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге алатын биік өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу [2] .

Бірақ дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, педагогикалық мәселелер күннен күнге күрделене түсуде. Қазіргі әлемде өршіп жатқан соғыс, ұрыс-керіс жағдайлары мен апаттарды болдырмаудағы барлық адамзаттың және әрбір жеке адамның рөлі мен жауапкершілігін күшейту өте қажет болып отыр. Сонымен бірге, бүгінгі күні темір қоршаудың бәрі алынып, бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, мысалы; ЮНЕСКО, интернет желісі, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар, халықаралық туристік ұйымдар, әлемдік қаржы институты, т. б. Яғни, әлем халықтары өміріне ғаламдастыру үрдісі тамырын жая бастады.

Әлем халықтары өміріне ғаламдастыру біртіндеп еніп келе жатқан уақытта, өз тәуелсіздігіне кеше ғана қолы жеткен еліміз үшін өз келбетін жоғалтып алмау, адамгершілік қасиеттерімізден айырылып қалмау, ұлт ретінде жойылып кетуге апарып соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және оны болдырмаудың шараларын бүгіннен бастау, әрбір адамның рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру, біліктілігі мен білімін арттыру кезек күттірмейтін негізгі мәселе.

Педагогиканың негізгі мақсаты, оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру болғандықтан, ол философиялық заңдылықтарды негізге ала отырып, адамгершілікке тәрбиелеуді қажет етеді.

Даму үрдісінің ең негізгісі: а) кез-келген тұлғаны тәрбиелеуде қоғамдық дамудың әсерін ескерту қажет, ә) жеке тұлғаны қалыптастыруда қарама-қайшылық жеке тұлғаны қалыптастыруда қозғаушы күш болып табылады.

Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан, қазіргі заманның педагогика ғылымында жеткіншек ұрпаққа адамгершілік қасиетті қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу, қарастыру міндеттері қойылып отыр.

Зерттеу обьектісі-бастауыш мектептегі тұтас педагогикалық процесс.

Зерттеу пәні- бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде мақал-мәтелдерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану барысы.

Зерттеу мақсаты- мақал-мәтелдердің адамгершілік тәрбиеге байланысты педагогикалық маңызын айқындап, оларды мазмұндық бірлікте, пәнішілік, пәнаралық байланыста, сабақтан тыс уақытта пайдаланудың амал-жолдарын анықтау.

Зерттеу болжамы. Егер, мақал-мәтелдерді адамгершілік тәрбие беру бағытында мазмұндық бірлікте, пәнішілік, пәнаралық байланыста, сабақтан тыс уақытта мақсатты түрде пайдалансақ, бастауыш мектеп оқушыларына терең де жүйелі адамгершілік тәрбие беруге болады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушыларға мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік тәрбие беруге арналған педагогикалық әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау;
  2. Қазақ мақал-мәтелдеріне мазмұндық сипаттама бере отырып, олардың педагогикалық міндеттерін анықтау;
  3. Адамгершілік тәрбие беру міндеттеріне орай мақал-мәтелдерді жүйелеу, саралау.

Зерттеудің әдіснамалық негізіне табиғат пен адамның тығыз байланысы қоғамдық орта мен жеке тұлғаның диолектикалық даму заңдарына арналған психологиялық және педагогикалық зерттеулер алынды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс: кіріспе, екі тараудан, тарау бойынша қорытынды, жалпы қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінің негізінде алынуы және тақырып өзектілігі, зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері қамтылған.

1-тарауда бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбие берудің ғылыми-теориялық зерттелу жағдайы қамтылған.

2-тарауда қазақ мақал-мәтелдердің педагогикалық мүмкіндіктері және мақал- мәтелдер арқылы адамгершілік тәрбие берудің жолдары қамтылған.

Қорытынды бөлімде мақал-мәтелдердің бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде пәнішілк байланыста пайдалануы, мұғалімнің әдістемелік даярлығы, оны ұйымдастыра білуіне байланыстылығы қамтылған.

1. Бастауыш сынып оқушыларының ой - өрісін, адамгершілік

құндылықтарын мақал-мәтелдер қолдану арқылы жетілдіру.

1. 1 Оқушылардың ой - өрісін дамытуда мақал -мәтелдің атқаратын

қызметі.

Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Оқушылардың сөздік қорын молайту жөнінде оларды дұрыс сөйлеуге үйрету жолында өзімнің іс-тәжірибеме сүйене отырып, мынадай тәсілдер пайдаланамын [3] .

-сөздік жұмыс (әңгімелеу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, анкеталар т. б. )
-көрнекі құралдар қолдану (сурет, бейне фильм т. б. )

Оқушының сөздік қорын молайту, жаңа сөздерді меңгеруде шешуші роль
атқаратын жұмыстың бірі-сөздік жұмысы. Осы сөздік жұмысты жүргізуде,
бекітуде, оны практикалық қолдана білуде ойынның атқаратын ролі ерекше.
Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал - сөздің мәйегі. Мәйек - бір қазан сүтті ашытатын (ұйтатын) ұйтқы, яғни қысқа да нұсқа айтылатын сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сөздің ұйытқысы. Мақал дегеніміз халықтың ғасырлар бойы өмірден, табиғаттан көрген - білгенін бейнелейтін шағын шығармасы, сөз өнері . . . Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да ол жаттауға, есте сақтауға, пайдалануға оңай. Өйткені, қазақ мақалдарының құрылымы қысқа, өлеңге жуық, онда ұйқас бар, дыбыс үндестігі бар [3] .

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолданамын:
антоним сөздерден жасалған мақалдарды тауып жазу,
Мысалы:« Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат»
«Тамыр болдың айтыс жоқ, қолдан бердің қайтыс жоқ»
« Алғыға қарап пікір ет, артқыға қарап шүкір ет. »
«Кәрліктің алды - жігіттіктің соңы »
«Адам бір терінің ішінде - толады да солады да»
антонимдердің қай сөз табынан жасалғанын айту,

Мысалы: жақсы -жаман (қандай? -сұраққа жауап береді) - сын есім
Айтыс-қайтыс (не?) - зат есім
Алғы-артқы - көмекші сөздер
Алды-соңы - көмекші сөздер
Толады- солады ( не істейді?) - етістік
қатыстық сын есімдерді бар мақалдарды жазу,
Мысалы: « Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
« Жақсы кісінің ашуы, жибек орамал кепкенше»
« Әдепсіз бала - аяққа басылған шала»
« Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз»
құрамында көмекші есім кездесетін мақалдарды тауып жазу,
Мысалы: «Ел іші - алтын бесік»
«Ырыс алды - ынтымак»
«Тау мен тасты су бұзар,
Ер арасын ку бұзар»
тәуелдік жалғаулы сөзі бар мақалдарды жазу,
Мысалы. « Жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан»
«жеңгесі» - оның жеңгесі - тәуелдік жалғау, жекешк
түрінде, 3-жақ
« Жаманға айтқан ақылың , дала атқан оқпен тең»
«ақылың» - сенің ақылың - т. ж. 2- жақ, жекеше түрінде,
берілген мақалдардағы есімшелерді тауып және мақалдардың мазмұнын ашу,
Мысалы: « Бүлінген елден, бүлдіргі алма»
«Көпті жамандаган - көмусіз калар»
«Ата көрген ок жонар,
Ана көрген тон пішер»
мақал-мәтелдің қалған бөлігін тауып жазу және сөздерге морфологиялық талдау жасау,
Мысалы: «Сабыр түбі . . . »
«Балалы үйдің . . . »
«Ағайыныңды іске шакырма, . . . »
мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу,
Мысал: « Тіл . . . » «Тіл - қылыштан өткір»
« Өнер алды . . . » «Өнер алды - қызыл тіл»
мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып айтып, жаттатқызу
Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарады» -
Человека прославляет труд,
« Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» -
Не рой другому яму, сам упадешь
«Өлгенше үйрен» -
Век живи, век учись -
Сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін ең жие қолданылатын көрсеткіш - септік жалғау, берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын талдау жұмысын жасаймыз:
( Не? ) Оқу - білім бұлағы,
(Не? ) Білім - өмір шырағы.
( Кімнің?) Білімдінің алды жарық,
( Кімнің?) Білімсіздің күні ғаріп.
( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,
( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.
(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.
( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.
( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.
Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай -
секілді тапсырмалар жүргіземін [1] .

Көрсетілген мақал мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы берілгенін байқағандай, осындай элементтерді пайдалана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді - деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Кез келген сөзді бір-бірімен байланыстыра, тіркестіре салуға болмайтындығын жете түсіндірген жөн. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талпынады. Әдетте, мақалдар жаттап алу үшін ғана бермеймін, әрбір мақалдың тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын қатар түсіндіріп отырамын. Мұндай жағдайда оқушылар мақалдарды құрғақ жаттап қана қоймай, оның мазмұнын, мағынасын ашуға, түсінуге талаптанады. Тіл дамыту үшін сөздік жұмыстарына да көп көңіл қоя білу керек.

Тіл дамыту жұмысында ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыста. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естейді, тындайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі [4] . Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді. Тіл дамыту жұмыстары грамматикалық зандықтармен байланысты жүргізілуі тиіс.
Мақалдармен жұмыстың бірнеше түрі бар:

  1. Мақалды үстеу.
  2. Мақал мазмұны бойынша жұмыс.
  3. Мақалды сөйлеу әрекетінде қолдану.

Үстеу кезеңінде тақтаға мақалды жазамыз. Алдымен мұғалім оқиды. Сонан соң оқушылар қайталайды. Түсіндіру кезінде алдымен кейбір сөздерінің мазмұнын синониммен түсіндіруге болады. Мақалдың мағынасын ашу кейде қиындық туғызады. Бұл мұғаліммен сөйлесуге жағдайын ұсыну арқылы түсіндіруді қажет етеді. Мысалы: мақалдың құрамында жиі кездесетін «ырыс, несібе, құт» сөздерінің мағынасын ұлттық сипатта түсіндіру қажет. Өйткені, бұл сөздердің аудармасы мағынасын дәл ашып бере алмайды [4, 6] . Мысалы:

  1. Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.
  2. Байлық-мұрат емес, кедейлік ұят емес.
  3. Отан оттан да ыстық.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады. Сондықтан бұл екі үрдіс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізгенде ғана дұрыс нәтиже береді. Тіл дамытуға арналған жұмыстардың барлығы оқушылардың тіл байлығын, білім деңгейін, сана сезімін, сауаттылығын дамытуға көмегі зор.
Білім беру тұжырымдамасында өмір талабы ретінде екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылады. Орыс тілінде жүргізілетін білім ошақтарында оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді күнделікті өмірде пайдалана отырып, тиімді қолдана білудің маңызы зор - деп білемін. Сондықтан да оқушылар алған білімдерін өз қажеттілігіне ғана пайдаланып қоймай сонымен қатар, өзгелермен де бөліссе ұтымды амал болып табылар еді.

Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығн, кәсіби біліктілігін керек ететіні белгілі [6] .

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында оң өзгерістер байқалады. Мұнда іс-әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы адамгершілік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік беріп отыр.

Педагогика тарихында бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу қоғамның әр түрлі кезеңдерінде де зерттеу нысанасы болды.

Бүкіл әлемдік педагогика классиктері Аристотель, Платон, Коменский, Локк, Гербарт, Ушинский тағы басқалары өз еңбектерінде адамгершілік тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер қалдырды.

Аристотель (б. з. д. 384-322) өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп таныды.

Әл-Фараби (870-950) этиканы ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандылық категориясы басты орын алады. Жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді деп қарайды. Ол ғылым мен философияны меңгеру үшін бірінші алғы шарт етіп адамның тазалығын, ар тазалығын қояды.

А. Я. Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан-жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол - орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.

И. Г. Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты мінез-құлық қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылықтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі.

И. Г. Пестолиции еңбек адамгершіліке үйретеді, балалардың бірімен-бірін өзара олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.

Адамгершілік тәрбиені мектепке дейінгі тәрбие ұстанымдылығы басты міндет деп санады. Оның ойынша тек адамгершілік тәрбиесі ғана жақсы мінез бен адамдарға жақсы қарым-қатынас қалыптастырады.

К. Д. Ушинскийдің айтуынша, еңбек біріншіден адам өмірінің негізгі, өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек-адамгершілік, ақыл-ой тәрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі.

Балаларда тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болатындығын ол жоғары бағалады.

Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым педагогтар Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, М. Н. Покровский адамгершілік тәрбие беруде елеулі еңбек етті.

А. С. Макаренко балалар ұжымымен тәрбие жұмысын жүргізудің теориясы мен әдістемесін құрды. Тәжірбиелі педагог адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы ұйымдастыруға аса көңіл бөлді [11] .

Соңғы жылдары ұлттық негізде білім мен тәрбие міндетіне сай республикамызда жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Онда ұлттық әдет-ғұрыпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жерін, ұлтын сүйетін адамзат болып өсуін қамтамасыз етуі тиіс.

Халықтық педагогика -тәрбиенің басты және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірбиесі. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттелген: А. Янушкевич, В. Врадлов, г. Потанин, В. Затаевич, А. А. Диваев. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген: Г. Н. Волков, Е. Н. Ханбикоа, А. З. Исмаилов. С. Сафаров, т. б.

Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орнын, оның тарихи даму жолын, ғылыми тұрғыдан мәні, мақсатын, мазмұнын ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев., Қ. Сейсенбаев. Х. Арғынбаев, С. Ұзақбаев, А. Ұзақбаев, А. Мұқанбаева т. б. еңбектерін атап өтуге болады [12, 13] .

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «…білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет [1] . Бұл оқушылардың ана тілінде жатық таза сөйлеуіне, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсер етеді.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді оқытып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру - бүгінгі өмір талабына сай азаматты тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Себебі оқыту үрдісінде тиімді қолданылған мақал-мәтелдер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, сол арқылы шәкірттердің ана тілінің терең қатпарларын игеруіне, асыл маржандарын түсінуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазақ тілі, ана тілі пәндерінде мақал-мәтелдерді оқыту мемлекет тарапынан білім беру мекемелеріне қойылған талаптардың іске асуына игі әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУ ҮЛГІЛЕРІ
Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы туралы ақпарат
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Ана тілі сабағында оқушылардың тіл байлығын дамыту
Халық ауызекі шығармашылығын адамгершілік тәрбиесінде қолдану идеясы
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz