Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Ертегілер арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының қиялын

дамытудың зерттелуі . . . 5

1. 2 Ертегілер арқылы оқушылардың қиялын дамыту жолдары . . . 12

1. 3 Ертегілерді оқыту барысында жүргізілетін жұмыстың түрлері . . . 29

2 Ертегілер арқылы оқушылардың қиялын дамытуға бағытталған педагогикалық - тәжірибелік эксперимент . . . 39

2. 1Анықтаушы экперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау . . . 39

2. 2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын . . . 44

даиындау, жүргізу, талдау, салыстыру

Қортынды . . . 57

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы - жас ұрпаққа әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін, қиялын жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптасьру болып отыр. Бұл міндет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында және «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасында» нақты көрсетілген.

Осы негізде бастауыш сынып әдебиеттік оқу пәнінің тіл туралы оқушының қажетті білім алуына, ауызекі сөйлеуін дамытып, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз өрнектері арқылы бейнелеп қабылдауына кеңінен жол ашатын, танымдық қиялын, дамытушылық мүмкіндіктері мол.

Осы тұрғыдан қарағанда ана тілін оқытудағы елеулі ерекшілік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығармашылық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, қиялын, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр.

Әдебиеттік оқу сабағы әдебиет әлеміне апаратын баспалдақ тәріздес. Сондықтан бұл оқу құралында бастауыш сыныптан бастап оқитын жанырларға ( ертегі, мысал, әңгіме, өлең, т. б. ) қысқаша сипаттама беріліп көркем шығарманы талдай білуге қортынды жасай білуге үйрету көзделеді[1, 3] .

Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтқандай, 12-жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, қиялшыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру [2, 4] .

Мектептің бастауыш сатысында оқушылардың қиялын дамыту, тәрбилеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірі болып саналады.

Баланың қиялын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі-ертегі. Ол халықтың ойынан, қиялынан туған ұшқыр, бейнелі шығармасы [3, 7] .

Жас ұрпақ ата- бабамыздан қалған мәдени мұра ертегілерінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдылығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім тәрбисі мен үлгі өнегесінен, нәр алары анық. Ертеңіміз жастар деп білетін болсақ, сол жастар жас шыбық, қалай исең солай иілуге әзір [1, 3] .

Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ертегілерді оқу барысында әдістемелік нұсқаулар баршылық дегенмен, оқушының ертегі арқылы қиялын дамыту жолдары жеткілікті зерттелген деуге болмайды. Осыдан тақырыптың өзектілігі шығады.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптың оқу процесі.

Зерттеу пәні: ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларынң қиялын дамыту.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту барысында оқушылардың қиялын дамыту жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту жайлы педагогикалық - психологикалық әдебиеттерді талдау;

- тақырыпқа қажетті әдістерді анықтау;

- анықтаушы эксперименттің материалдарын дайындау, жүргізу, талдау;

- қалыптастырушы экспериментке материалдар дайындау, жүргізу, салыстыру.

Зерттеу болжамы: егер бастауыш мектепте ертегіні оқыту жолдары тиімді қолданылса, онда бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыта аламыз.

Зерттеу әдістері:

  • ғылыми- теориялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге, оқулыққа, бағдарламаға талдау жасау;
  • әңгімелесу, педагогикалық - тәжірибелік эксперимент жүргізу.

Дипломдық жұмыстың құрлымы Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан, әр тарау бойынша қорытындыдан, жалпы қорытынды, әдістемелік нұсқаулардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті, обьектісі, пәні, болжамы, әдістері туралы айтылады .

Бірінші тарауда ертегілер арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық негізі көрсетілген .

Екінші тарауда ертегілер арқылы оқушының қиялын дамытуға арналған тәжірибелік- педагогикалық эксперимент қамтылған.

Жалпы қортындыда ертегілермен жүргізетін жұмыстардың әдістемелік нұсқауы бар. Соңында дипломдық жұмысты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1 Ертегілер арқылы оқушылардың қиялын дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытудың зерттелуі

Қиял- бұл елестерді қайта құру және солардың негізінде бейнелер қалыптастыру, оның жүзеге асуы жаңа материалдық және рухани байлық жасауға әкеледі; қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау [4, 55] .

Қиял басқада психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді.

Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақты әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа.

Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқал ізденеді, дүниені өзгертугу, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бұрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбекті рөлі аса зор.

Қиял иесі өзіміз. Ол бізге бағынышты, пәрменді немесе әлсіз болуы да өзімізге байланысты. Қиял өзінен - өзі пайда болмайды. Қол қусырып отырғанға жумайды. Қиял адамның дүние тануынан, оның жасайтын әрекеттерінен, еңбегінен, алға қойған мақсаттарынан

туады да, оған қызмет етеді. Қиялда сайып келгенде бір -ақ формула бар ол - еңбекті сүю. Сонда ғана қанатты қиял, жүректе ачсыл арман орнайды. Бұл үшін бүкіл өмір бойы оны дамыту, меңгеру, өзіңе дарыта білу қажет.

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов « Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қортындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз [5, 241] .

Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында, қиял процесі әр қырынан көрініп отырады.

Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанына қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай аламайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнде дамыған. Олар оқиғаны кездейсоқ, біріне - бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дұрыс. Осы салада мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздермен көріп, алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардын көрмеген ормандары туралы айтып беріңдер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеу көп пайдасын тигізеді.

Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсіуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан, не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай аламайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескере отырып, қиялын күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес

орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т. б. осындай әдістер бала қиялын дамытудың түрлерін болып табылады [6, 2] . Алдамұратов қиял туралы былай деген. Қиял дегініміз - бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға тән психикалық процесс.

Қиялды ерекшеліктеріне қарай мынадай етіп топтастырады:

а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат - мүддесіне байланысты болып отырады;

ә) қиялдың мазмұн - мәнісі, түр - сипаты адамның жас еркешеліктеріне байланысты;

б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады;

в) адамның қиялы еңбек процесінде іс- әрекет үстінде дамып отырады [7, 165] .

Сонымен қатар Т. Тәжібаевтың сөзіне сүйенетін болсақ, қиял деп бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір - біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан пайда болатын елестеулер бір қалыпта ақыл -ой елегінен өтіп, өзгертіп, бір- біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы

бірі- қиял пайда болып отырады. Ол қиялдың басты екі функциясын атап көрсетеді. Бірі - оның әрбір шығармашылық іске керкетігі, екіншісі- оның мұқтаждықтарымен, сезімдерімен және барлық рухани әрекеттерімен байланысты туып отыруы.

Адам не істейтінін ерте бастан ой, қиял арқылы ойламаса, келешекті болжамаса, онда адамның ешбір әрекеттері әдебиетте болсын, ғылымда болсын бір орында тұрып, алға қарай жылжымас еді. Қиялды пайда болу сипаттарына қарай белсенді және енжар қиял деп екіге бөлуге болады. Егер алдамызға ешбір мақсат қоймай, жәй нәрсені ойлап, кездейсоқ қиял бейнелерін тудыратын болсақ - бұл қиял енжар қиял болады. Егер әдейілеп еркімізді, жігерімізді жұмсап алдамызға мақсат қойып қиялданатын болсақ, мұндай қиял белсенді қиял болады. Қиял бейнелерінің пайда болуы елестеудің пайда болуымен, оларды еске түсіре, алуымен байланысты. Мәселен, 6-7 айлық бала анасы бір жаққа кетіп қалса, жан- жағына қарап іздей бастайды. Бұл факт балада қиял элементтерінің бастауы екендігін көрсетеді. Балада сөйлеудің пайда болуы, оның түрлі әрекетпен айналысуы, сурет салуы, балшықтан түрлі заттардың пішінін жасай бастауы бала қиялын дамытуға қажетті шарттар болып табылады. Балада ең алдымен еске түсіру, кейінірек қайта жасау қиялы пайда болады. Алғашқыда қиялдың ырықсыз түрі, кейіннен ырықты белсенді түрлері жиі кездеседі[5, 84] .

Мектеп жасына дейінгілердің қиялының дамуында халық ертегілерінің алатын орны ерекше. Бала ертегі тыңдауға, оны айтуға өте әуес келеді, осы тұста баланың қиялы ерекше көрінеді. Мектеп оқушыларының қиялында оның барлық түрлері жаңа мазмұнға ие болады. Бала қиялын дамытуда дүниетанымын, қызығуы мен мүдделерін, мақсат - тілектерін, армандарын ескеріп отыру маңызды. Бала дәл қазір өзінің арманын іс жүзінде асыра алмаса да, келешекте оны іс жүзінде асыратынына сенімі мол болғаны абзал. Бала әр кез өз қиялының жемісті болуына сын көзбен қарап, қиял біткеннің бәріне сене берместен, оны ой тезінен өткізіп отыруға дағдылануы тиіс. Бала тұрмысына үлеспейтін, тіршілікке пайдасыз, күш - қуат бермейтін, еркін ширатпайтын, құрғақ қиялдардың болмау жағын мұғалімдер үнемі ескеруі тиіс. Адамның білімі мол болса, оның ақыл - ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу - аиа -ана мен тәрбиіші ұстаздардың міндеті. Мектептегі, үйдегі көркем эстетикалық тәрбие қиялдың дамуына үлкен әсер етеді[8, 93] .

Шәкірт қиялын сабақ үстінде тәрбиелеуге бізде көп мүмкіншіліктер бар. Мәселен, қай пән болсын оушыға ғылыми мағлұматтарды көбірек берумен бірге олардың өмірімен байланысатын жақтарына еркеше көңіл бөлген дұрыс. Бала қиялын дамытуда кластан және мектептен тыс жұмыстар үлкен орын алу керек. Бұл үшін түрлі үйірмелер жұмыстарын жақсы жолға қою қажает. Келе жатқан мейрамдарға дайындалған уақытта, дайындық жұмыстарына балаларды қатыстырып, мейрамды қалай өткізу жайында олармен бірге жоспар жасап, олады қатыстырып отырған жөн. Қиял дамытуда театр мен киноның да орны айрықша. Бала театрдан, кинодан көрген үлгілі адамдарға ұқсап, келешекте солардай өмір сүргісі келетіні хақ [9, 207] .

Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың обырызына сүйене отырып еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады.

Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.

Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегінше топтастыруға болады:

1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.

2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапта білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткеншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды.

3. Қиял - адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алаған мақсат, оны жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Өйткені ойлау белсенділігі адамды творчествал әректке жетелейді. Ал творчествалық әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.

4. Адамның қиялы еңбек процесінде, іс -әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алуы, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялыныа тән негізгі белгілер[10, 83] .

Қиялдың мазмұны - бізді қоршаған объективті шындық. Тіпті қиялдың ғажап фантазиялық продуктыларды да өмірде бар нәрселерден құрастырылып жасалынады.

Мәселен, су перісінің ( жарртылай әйел, жартылай балық) мифологиялық тұлғасын жасау балықты ешқашанда көрмеген жағдайда болмаған болар еді.

Қиял процесінің адам әректінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады. Тіпті бала

қиялындағы фантастикалық обырыздардың өзі де оның танамын кеңейтетіндігі қоғамдық тәжібені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады.

Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындық пен байланысты

болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оны ілгері

өрлеуге себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан.

Қиял түрлері елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың тиіптік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталдаы. Осы әдіс арқылы мифолагиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жез тырнақ) пен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самалёт) құрастырылады.

Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі - гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалдалы. Ертегілерді, қиял - ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі

- нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтенрінен ою қиыстыруы осыған мысал болады [11, 87] .

Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың

негізгі сипатын құрайды. Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз - мағынағы ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс - әрекеттің негізгі ретінде көркем- өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау блоумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемәнің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға нгізделген шығармашылықтың жемісі. Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшілігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері - өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірбие нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.

Сонымен , қиял - алда күтілген проблемалық жағдайлар анық болмаған кездерде оқиғаның соңғы нәтижесін күні бұрын болжастырумен түзеуге жәрдемдесетін психикалық процесс.

Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен, сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Қандай да жаңалықты адам алдымен бұрыннан таныс, өзі пайдаланып жүрген бөлшектер мен материалдардан өз ойында құрайды. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол, өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді. Шығармашылық қиялдың қуаты мен деңгейі келесі екі белгімен анықталады:

1) қиял туындысы мәндік және мағыналық шарттардан асып кетпеуі лазым;

2) қиял өзіне негіз болған деректердің жаңалығы және қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс [12, 185] .

Осы екі талапқа сай келмеген қай қиял да фантастика, бірақ тәжірибелік жағынан пайдасыз. Барша психикалық процестер секілді қиял да үлкен ми сыңрлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмсына байланысты болады. Оң ми сыңары дүние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамда әрқилы бейнелер нгізінде эстетикалық сезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпаратты реттеп, оларды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз.

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді.

Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай- ақ басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы - оқу кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пасиив қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым- шытырық болатыны да - осы ырықсыздықтан.

Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан

кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатады. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес - қиялдың пасиив түрі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Әдебиеттік оқу сабақтарында халық ауыз үлгілерін қолдану арқылы эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz