Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-4

1 Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және

оқу-тәрбие процесіндегі орны . . . 5-21

1. 1 . Оқушылардың оқу әрекетіндегі белсенділігін қалыптастыру

мен тәрбие ісіндегі ойынның ролі . . . 5-9

1. 2. 0йын- жас ұрпақтың үйымшылдық рухында тәрбелеу

әдістерінің ең бір қайнар көзі . . . 10-13

1. 3. Бастауыш сыныптарындағы ұлттық ойындар туралы

түсінік . . . 14-18

1. 4. «Мұғалімдер қоғамының ең білімді, ең отаншыл бөлігі» . . . 19-21

2 Ұлттық қозғалмалы ойындарды қолданып өткізу және ұйымдастыру негіздері. . . . 22-48

2. 1. Оқушыларды оқу- тәрбиелеу процесінде ұлттық- қозғалмалы ойындардың әдістерін ұйымдастырып, дайындық ретінде оқыту . . . 22-31

2. 2. «¥лттық қозғалмалы ойындар және спорт түрлері және

оларды оқыту әдістемесі» тәжірибелік бағдарламасы . . . 32-39

2. 3. ¥лттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

және олардың жіктелуі . . . 40-48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49-54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55-57

КІРІСПЕ

Өзектілігі Зерттеудің мәселесі келесі жағдайлардың арасындағы

қайшылықтарға сүйенген: - үлттық ойындар, оқушыларға дене дамуы және

дене дайындығы жайынан жақсы ықпал ететіні анық. Ал, бұл процесс соңғы

жылдары көп қолданылмай, іске аспай келеді. 1-ші жағынан: материалдық

базаның төменгі деңгейі. 2-ші жағынан: жетілдіру-әдістемелік әдебиеттердің

аздығы.

Мақсаты : Оқушыларға ұлттық ойындарды үйрете отырып, бүл процестің

жетілдіруіне әдістемелік жолдарды жете зерттеу.

Міндеті: Қала мектептерінің оқу-тәрбие процесіндегі үлттық ойындардың

орынын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы : Жүмыстың келесі нәтижесімен

сипатталады:

- мектеп оқушылары мен қимылды ойындардың теориялық негіздері анықталады.

- оқушыларының ойындарды игеру нәтижесі анықталады.

- оқушыларының қимылды ойындар сабақтарын әдістемелік жетілдіру

жолдары жете зерттеледі. [23; 16]

Зерттеудің болжамы: 1. Тақырып бойынша әдебиетті талдау, зерттеудің методологиялық аппараттарын қүрастыру. 2. Мектеп оқушыларының үлттық ойындарды игеруі бойынша мәліметтерді жинақтау. 3. Жинақталған мәліметтерді математикалық статистикғалық әдістер арқылы өңдеу.

Зерттеудің теориялық маңызы: Түрлі қимылды спорт ойындарын дене тәрбиесі пәнінде қосымша материалдар ретінді пайдалануға болады . қимылды спорт ойындар пәнінде қосымша материалдар ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің практикалық маңызы: Алынған нәтижелерді дене тәрбиесі мүғалімдерінің практикасында, практикасында қолдануға болады.

Ұлттық ойындарды білу өмірге өте қажет. Адам баласы өте ерте заманнан бері ұлттық ойындармен айналысып келеді. Үлттық ойындар дегеніміз ол әр халықтың ата-бабасынан қалған қимыл-қозғалысының жиынтығы. Осыған сәйкес үлттық ойында бір-біріне ұқсас болады, бір-бірінен айқын айырмашылығы да болады. Үлттық ойындарды үйрету (Тотенаев Б. ) - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі, ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында іске асырылады. [3; 5] Мектеп оқушыларына үлттық ойындарды үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан денешынықтыру сабағы дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізілген. ¥лттық ойындар сабағын, міндетті түрде, дене тәрбиесі пәнінің мүғалімдері, спортшылар оқу пәні ретінде өтеді. Бүл пән институттардың орта білім беретін оқу орындарының және мектептерінің денешынықтыру жоспарына енгізіліп оқытылады. Сондықтан үлттық ойындар сабақтарын маман адамдар өткізу керек және қазіргі заман талабына сай, ағымына қарай спорттың жаңаша түрлері мен әдістері, мақсаттары мен кезеңдері үлттық ойынынан жарыс үйымдастыру мен өткізу, қозғалмалы ойын -сауық түрлері үлттық ойындар әдістерін дамыту қайтадан қаралып қолға алынды.

Алға қойылған мақсатқа қарай, ойын негізінен 3 түрге бөледі:

Жалпы бүқаралық түрлерін білу, спорттық ойындар және қазақ үлттық ойындары. Жүртшылықтың ойындарды білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегі. Мүны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жүмыс арқылы байқауға болады:

1 . Көпшілікке ойындарды үйрету;

2. Ойын көмегімен денсаулықты және дене дамуын нығайту. Ойнай білудің негізгі қүндылығы- қазақтың үлттық ойындарын білу. Осыған байланысты халықты әсіресе жасөспірім балаларды ойындарға үйрете білу маңызды орын алады. Спорттық ойынның маңызы ойындармен шүғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы өте зор.

1 Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және

оқу-тәрбие процесіндегі орны

1. 1. Оқушылардың оқу әрекетіндегі белсенділігін қалыптастыру мен тәрбие ісіндегі ойынның рөлі

Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі М. О. Әуезов, «Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жүрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»-деп жазған еді. Шынымен де оқушылардың оқу әрекетіндегі белсенділігін қалыптастыру мен тәрбие ісінде ойынның маңызы зор. Орынды пайдаланған ойын элементтері оқушының белсенділігін қалыптастыра отырып, осының нәтижесінде өтілген материалды терең меңгеруіне әсерін тигізеді. Баланың белсенділігі ойын үстінде танылады, жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті меңгереді. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, ойын бар өнердің бастауы екеніне көз жеткіземіз. Жалпы ойынның қай түрі болмасын халықтың рухани талап тілектеріне сәйкес бағытталған. Мысалы: бір ғана ер балаларға арналған «қап киіп жарысу» баланың күшін дамытып, ерлік жігерін, денесін ширатып, төзімділікке, ептілікке, батылдыққа баулыса, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштар ой-танымды дамытып, сөздік, шешендікке баулыйды. Оқушының қызығушылығын арттыру, танымдық қабілетін қалыптастыру мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындардың маңызы ерекше. [8; 12]

«Баланы рухтандыратын ойынды ғана педогогикалық-деп атауға болады, баланың көңілін кішкентай ғана нүсқау келтіретін ойындар педогогикалық емес ойындар», - деп жазады Аманашвили.

Бастауыш сыныпта математика сабағында сандарды қосу, азайту сабақтарында рольдік ойындарды пайдалануға болады.

Кірпі, Қоян, Аю, Қасқыр, Шыбын, Бақа, рольдеріне енген оқушылар

берілген тапсырмаларды қызыға орындайды. [21; 46]

Қояннан сабақ сүралған кезде білмегеннен қорқақтығын білдіріп қойса, түлкінің роліндегі оқушы жалма-жан дәптерін ақтарғыштап қулығын білдіріп алады. Шыбын жауабын ызыңдап білдірсе, бақа 10-8-? 2 рет бақылдап білдіреді.

Оқушы ойында өз қабілетін, күшін сынап көреді, яғыни адамның өзін-өзі тану процесі жүреді. Сонымен рольдік ойынның қызыметі қандай? Оқу тәрбие процесін жүргізу әдістерінің бірі ретінде пайдаланылатын рөльдерге тән сипаты қандай? Анағүрлым елеулі ерекшеліктерін айтар болсақ, олар мыналар:

- рольін өз мәнінде орындау;

- ойын өтетін жағдайдың шарттылығы;

- рольдік үміттің бар болуы;

- оқушының шығармашылық қабілетін тануға жағдай жасау;

-үжымда жеке адамдық қарым-қатынас жасауды ынталандыру; [3; 17]

Рольдік ойындар оқушылардың сөйлей білуге баулудың белсенді қүралы.

Оқу процесін рольдік түрғыдан үйымдастыру қарым-қатынас жасауға деген қажеттілікті тудырады, пәнге деген қызығушылықты арттырады. Сондықтан да А. Н. Леонтьев «ойын іс-әрекетінің мазмүнында жатыр»-дейтін.

Ролдік ойындарды оқушыларды 2-3 командаға бөліп те ойнауға болады. Бүл жағдайда 1 командадан кейін 2-ші команда шақырылады. Ойынға барлық оқушылар қатысуы тиіс. Әр командадан белгілі бір мөлшерде оқушылар тапсырманы орындаса, қалғандары бақылаушы, сот, мүғалім бола алады.

Математика сабағында әсіресе «Кім мысалды көп ойлайды?», «Кім тез санайды?», «Почташы», «Дымбілмес», «Орманда» ойындарын ойнатуға болады. Саяхат сабағында оқушылардың дүние танымы кеңіп, фантазиясы дамиды. Бүның тиімділігі-оқушылар жалықпайды. [9; 53]

Балалардың ойындарынан өзгешелеу, бірақ іс жүзінде ойынның қызметін атқаратын тағы бір түрлеріне жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, есеп ойындарын жатқызуға болады.

Жаңылтпаштар - балаларға да, ересектерге де ортақ. Қалмақ ату арқылы тағайындалған ойын жүргізушілер жаңылтпаштар айтып, ойынға қатысушылардың шапшаң қайталауын талап етеді. Дүрыс айтылмаған

жаңылтпаштар отырғандарды қырғын күлкіге батырумен бірге, дәл қайталай алмаған адамға айып төлетеді.

Рольдік ойындар сипаты Н. Н. Леонтьев. Қазақ тілі мен әдебиеті.

№К-12. 1993. [18; 32]

Жаңылтпаштар тіл ұстарту құралы ретінде пайдаланылады. Дыбысты анық айттыру мақсатында сөз мағыналарын ауыстырмай, дәл түсіну үшін беріледі.

Мысалы: Қораларында қол ара түр, дыбыстырын шатастырмай, анық айтылуы қадағаланады. Ал есеп ойындары үлкен тақырыпты, шындап ойлауды қажет етеді. Есеп ойындарының бір ерекшелігі - оларда халықтың өлең жырлыры да, көкем қара сөздері де кеңінен пайдаланылған.

Ойын элементтерін сабақ барысында пайдаланған кезде мүғалім оқушылардың көңілін ойынның мазмүнына аударуы керек. Оқушыларға мынадай шарттарды ескертуі керек:

а) Ең бірінші мүғалімді мүқият тыңда;

ә) Ойын қүралдарына үқыпты бол;

б) Сен жалғыз емессің, жолдастарыңды үмытпа;

в) Командалық ойын заңы: бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін;

г) Жеңілгендерге күлме, ойында-қарсыласың, өмірде жолдасың;

Біздің халқымызда «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» немесе «Адамды танығың келсе- ісіне қара, баланы танығың келсе- ойынына қара», - деген үлағатты сөздер бар. [20; 12]

Мен оқушылардың ойынға қызығушылығын білу мақсатында анкета сүрақтарын тараттым. Оқушыларға төмендегідей бес сүрақ қойдым:

1. Ойынның қандай түрлерін білесің?

а) Қозғалыс ойындары;

ә) Сюжеттік;

б) Дидактикалық ойындар;

в) Спорттық ойындар;

г) Білмеймін.

2. Жолдастарыңмен қандай ойындар ойнадыңдар?

3 . Жаңа ойындарды қайдан үйреніп жүрсің?

а) мектептен;

ә) үйде, ата-анамнан;

б) көшеден;

4. Қандай үлтық ойындарды білесің?

5. ¥лттық мерекелерде қандай ойындарға қатысқың келеді?

б. Жаңа ойындар үйренгің келе ме?

20 оқушының 9-ы жаңа ойындар үйренгісі келетінін айтты.

20-100%

9-100% =45%

100-45 = 55% қызығушылығын білдірген жоқ.

Ойынды қайдан үйрендің деген сүраққа 5 оқушы мектептен, 3-еуі өздіктерінен, 1-еуі ата-аналарынан үйренгендіктерін жазған.

4 сүраққа «¥шты-¥шты», «Санамақ», 1 оқушы «Тобық» ойынын айтады.

Сонымен жоғарыда айтылған оқушылардың оқу әрекетіндегі белсенділігін қалыптастырумен тәрбиесіндегі ойынның қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткіздік. [11; 25]

«Баланы ойын өсіреді», -демекші бала ойын үстнде дүниені танып, үйренеді, талпынады. Қай халықтың болмасын елінің, халықтық психологиялық ерекшелігін танытатын өзіндік өнері, ойын сауығы болады. Бүл ойындардан сол халықтың жан дүнесінің көрінісін анық байқаймыз. Өзін іргелі ел санаған халық өзінің әдет-ғүрпын, салт-санасын, дәстүрлерін кадірлей біліп, жас үрпақтың бойына сол қасиетті дарытуды парыз санауы

тиіс. Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, үрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады.

Баланың тәлім- тәрбиесі, іс-әрекеті ойынан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады. Міне, сондықтан да оқушының оқу әрекетіндегі белсенділігін қалыптастырумен тәрбие ісіндегі ролі мен маңызы өте зор.

Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттармен қүбылыстарды ойын арқылы түсініп үғынады. Ойын арқылы оаланың танымдық қабілеті өседі. Ең алдымен бала ойын арқылы үлкендердің іс-әрекетімен танысады. Мысалы: бала ойын барысында, аяқ астынан өзгерген ситуацияда- «Не істеу керек» міне, осындай әрекеттер төңірегінде ойлана бастайды. Яғни, бала топ болып ойнаған кезде өзінің іс-әрекетін басқа ойыншылар түсінетіндей қылып жасауға тырысады.

Осы сияқты ойын әрекетінде психикалық әрекеттердің еркіндігі калыптасады. Ойын тәртібі баладан ықылас қоюды, үстамдылықты талап етеді. Бала ойнай отырып, ойын тәртібіне бағынуға тырысады. Білім берумен тәрбиелеу ісінің бірлігіңде оқушының жан-жақты дамуы, өмірге деген көз карасын қалыптастырады.

«Адам ақылымен- сымбатты, үрпағымен- қымбатты, ал келешек үрпақтың жан-жақты дамыған көркем мінезді, білікті азамат болып шығуы устаздар қауымынан елеулі шығармашылық ізденісті талап етеді. »

Сондықтан сабақта ойынды, әсіресе, үлттық ойындарды қолдана отырып, біз оқушыларға өз халқының дәстүрін, әдет-ғүрпын, салт-санасын үйретеміз, оны оқушылар бойларына сіңіреді. Қорытып айтқанда, сабаққа кызығушылығын арттыру үшін де, шаршаған кезде сергіту үшін де, сабақта ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор.

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекеті-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен олардың еңбектерімен танысады. Халқымыздың осындай тәрбие туралы және аса құнды мәдени игіліктердің бірі-халықтық ойындар.

Халықтық ойындар халық педагогикасының құрамды бөлігі деп тегін айтылмайды. Себебі олар арқылы жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрімен де тілімен, мәдениетімен, өнерімен, психологиялық ерекшіліктерімен таныстыруға болады. Ойынға қарайтын болсақ, одан мәнді мағыналы көп істерді көруге болады.

Мысалы : көне мәдениет пен әдеби туындылар, шығармалар ойын-той үстінде ойын ретінде пайда болған.

Бүгінгі ұрпақойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, оның дүниені танып білуге деген ұмтылысы, әлеуметтік-экономикалық өмірінің ойласы екенін білуі тиіс.

Қазақ халқының ойындары өте ерте туып, оның көшіп-қонған өмірінен түсінік бергендей әсер қалдырады. Олай дейтін себебіміз ойындардың көпшілігі көшпелі тұрмысқа, салт жүріске лайықталып, арнайы материалдың әзірліксіз ойнала беретігінде. Халықтық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып, халықтық дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің бейнесі болып қала берген. Сонымен қатар халықтық ойындар сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Осы ойындар ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес қызметін атқарған. Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескермейтін нәрсе өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да осы ойын болып саналады. Бүгінгі таңда жеткеншек ұрпаққа гуманистік тәрбие беруде, олардың болашаққа деген нақты көзқарасын қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдануға жоғары бағаберуге болады.

Сондықтан қазіргі кезде «балалар этнографиясы» сияқты ғылыми бағыттар қалыптасуда. Қазақ халқының ойындарының тарихы өте бай. Ертеде ауыз екі туып, жалпақ жұртқа ауыз екі тараған, көпшілік ойындары күні бүгінге дейін сақталған, халық арасында таралған. Негізгі тарихи деректерге сүйенсек қазақ бетінде алғаш рет зерттеп жинаушылардың бірі ретінде Италия елінің саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Маңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірде мекендеген ру тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Одан кейінгі деректерді біз итальяндық Марко Поланың австриялық И. И. Новокамскийдің орыс саяхатшысы П. И. Рычковтың, орыс ғалымы П. С. Палстың, венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Р. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольдың, поляк халқының өкілдері А. Янушкеевич, С. Гросс, Б. Зеленский тағы басқа жазбаларынан кездестіреміз. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Э. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Е. Букин, О. Эмжанов тағы басқалары болады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен жеке нұсқауларын жинақтаушылардың қай-қайсысы болмасын оны жоғары бағалап, көшпеліхалықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А. Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес. Мен өмірде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек» деген.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып келіп қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар» деген кітаптың авторы А. Янушкеевич естен кетпейтін естеліктер жазды.

Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады. Сонымен бірге А. Янушкеевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен әдет ғұрыптарымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді.

Халқымыздың мәдени құндылықтары және тәрбие құралдарының құрамдас бөлігі-ұлт ойындары. Ойын арқылы адамзат баласы тіршілікті игеру,

Қоғамға араласу, табиғат және құбылыстарды меңгеру сатыларынан өтеді.

Ойын оны дамытады, тәрбиелейді, өсіреді. Тәрбиелеу және білім беру ісінде де ойын-негізгі құрал, тәсіл, амал.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті ойын болса, мектеп табалдырығының алғашқы сатысында да ол жетекші фактор ретінде байқалады.

Кіші мектеп оқушысы даму және қалыптасудың қайшылықтарын шешуде, өмірдің жаңа сатысы мектепте оқуға бейімделуде, ойын мен бірегей жүреді.

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолдану жөнінде соңғы уақытта көптеген ғылыми, әдістемелік әдебиеттерде айтылып келеді.

Ойынның теориясы негізінде Ф. Фребель, Н. К. Крупская классификациясынан басталып Р. Жуковская, Н. Е. Михайленко, Н. А. Короткова

Н. П. Нечаева зерттеулері. Ұлттық ойын проблемалары аясында итальян зертеушілері бағытын көрсеткен. Қазіргі ұлттық зерттеулер А. Бүркітбаев, Д. Жолымбетов, Е. Сағындыков, Кұралбекұлы, А. Молдағарин, М. Тұрыпкелдина

Б. Тотенаева еңбектері оның оқыту және тәрбие мәселесіндегі құндылығын аша түседі.

М. Тұрсынкелдина, А. Бүркітбаева, Е. Төтенаев еңбектері ұлттық ойындардың практикалық мәнін көрсетіп, олардың білімділік-тәрбиелік маңызын дәлелдейді.

С. Қалиев, А. Молдағарин әдістемелік зерттеулерінде ұлт ойындарын оқыту процессінде қолдану мүмкіндіктері зерттеледі.

Қазақ халқының фальклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Э. Диваев өзінің «Қырғыз/қазақ/ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет ғұрып бойынша жас ерекшіліктеріне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі.

Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін - бозбала, ал он бестен отызға дейін -жігіт.

Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп үш топқа бөледі. Сонымен бірге Э. Диваев ойыншықтар туралы айта келіп қазақтарда қыз балалар қолдан жасайтын қуыршақ пен ер балалар саздан жасайтын аңдар турлері бар екенін айтады. Сонымен бірге ұлт ойындарының тарихы туралы мәліметтер қартардың аузынан да жинақталған. Олар ойындар түрлерін айта келе олардың тәрбиелік мәнін түсіндіреді. Олар: Шығыс Қазақстанда тұратын Исенов Нүрке, Семейлік Қисықов Асқар, Төлеужанов, Омаровтар.

С. Мұқанов « Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде «Орда» атты есеппен ойналатын асық ойыны болғанын бірнеше ретатап өтеді. Осы ойын туралы деректер жинаған профессор К. К. Юдоххин 1940 ж. Москвадан шыққан «Труды института востоковедение»жинағының 2 санында, бұл 5 санымен есептеудің ерекше жолы қолданылатын логикалық ойлауға арналған күрделі ойын деп көрсетеді.

Сондай-ақ Б. Төтентаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітабында «Абылайдың алты алаш» атты ойынды атап, ол ойын қазір ұмыт болған, бірақ мазмұны жағынан ол «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» ойыны сияқты деген деректер береді.

Жалпы ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі деп VІІ-ІХ ғ. Кезеңдерді айтуға болады. Осылайша қазақтың ұлт ойындары жөніндегі деректербасылым беттерінен жарық көріп, дамып отырған.

Жоғарыда көрсетілген еңбектер жалпы зерттеу жұмысының теориялық негізгі және практикалық нұсқасы ретінде басшылыққа алынады.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сыныптың оқыту процесі.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпқа баларды оқыту процесінде

қолданылатын ұлттық сөз ойындарын жинақтау,

топтастыру, тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу міндеті : 1) Ұлттық сөз ойындары тарихына байланысты

психологиялық педагогикалық әдістемелік талдаужасау, жинақтау;

2) Ұлттық сөз ойындарын практикалық қолдану нәтижесінде 1сынып оқушыларын байланыстырып жүйелі сөйлеу, грамматикалық сөйлеу тілін бекіту, жаңа білімділік жетістіктерге жетудің деңгейін анықтау.

Бастауыш сыныптың педагогикалық процесіне сай жинақталған ойын жүйесін бағдарламаға енгізуді ұсыну.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Бастауыш мектепте математиканы оқыту
Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетерін дамыту
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz