География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.



География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.

Жоспар.

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .

2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .
География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.

Жоспар.

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 2. Экологиялық білім берудегі «тұрақты даму» принципі . . . . . . . . . .

2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын.
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .

3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын.
да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . . . . . .

3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . . . . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ақбасова А.Ж. «Экологиялық энциклопедия». Алматы 2007.302 бет.
2. Асқарова У.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы 2004. 90 бет.
3. Әлімжанова Гүлсара. «География және табиғат».№5. 2007 17 бет.
4. Баешов А.Б. «Экология және таза су проблемалары». Алматы «Дәнекер» 2003. 224 бет.
5. Байғожина Амангүл. «Атамекен» газеті. 28 мамыр 2004ж. 4 бет.
6. Бейсенова А, Самакова, Т.Есполов. «Экология және табиғатты тиімді пайдалану». Алматы 2004. 328 бет.
7. Беркінбаев К, Ниязова Г. «Қазақстан мектебі» №6. 2006ж. 17 бет.
8. Болтаев А. «Қазақстан мектебі» №3. 2006ж. 31 бет.
9. Болтаев А. «География және табиғат» №1. 2006ж. 33 бет.
10. Ережугов Е. «Қазақстан географиясы және экология» №2. 2007ж. 12 бет.
11. Есмағамбетова Р. «Биология, география және химия» №2. 2001ж. 44 бет.
12. Жамалбеков Е. «Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы». Алматы 2006ж. 248 бет.
13. Жангельдина Д. «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жолдары». Алматы 2001ж. 58 бет.
14. Жатқанбаев Ж. «Экология негіздері». Алматы «Зият» 2003ж. 212 бет.
15. Иманғалиева Г. «Қазақстан географиясы және экология» №1. 2007ж. 14 бет.
16. Карпекова, Бейсенова, Қалиев. «Қазақстанның физикалық географиясы». Алматы «Рауан» 1998ж. 160 бет.
17. Кохаева Е. «Қазақстан мектебі» №11-12. 2007ж. 22 бет.
18. Көшербаев Қ. «Минералдар әлемі». Алматы 1986ж. 136 бет.
19. Қапорова А. «Биология, география және химия» №1. 2000ж. 65 бет.
20. Қосалиева Р. «География және табиғат» №4. 2007ж. 61 бет.
21. Қоянбекова С. «Қазақстан мектебі» №2. 2007ж. 17 бет.
22. Қыдырбаева К. «Қазақстан мектебі» №2. 2007ж. 19 бет.
23. Мамбеталиев К. «Биология, география және химия» №2. 2001ж. 62 бет.
24. Манкеш Ақсауле. «Қазақстан мектебі» №8. 2003ж. 33 бет.
25. Муликова А. «Қазақстан мектебі» №1. 2007ж. 30 бет.
26. Мыңбаев Р. «География және табиғат» №4. 2007ж. 41 бет.
27. Нұрымбет Мақпал. «География және табиғат» №4. 2007ж. 65 бет.
28. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. «Экология». Алматы 2002ж.
29. Сағымбаев Ә. «Экология негіздері». Алматы 1995ж. 292 бет.
30. Сәдуақасова К. «Биология, география және химия» №1. 2000ж. 43 бет.
31. Сихаева А. «Қазақстан мектебі» №3. 2007ж. 38 бет.
32. Сихаева А. «Қазақстан мектебі» №4. 2007ж. 35 бет.
33. Төлегенова Р, Шынарбекова Р, Жазылбекова Г. «Биология, география және химия» №2. 2001ж. 30 бет.
34. Тұрғанбаева О. «Қазақстан географиясы және экология» №2. 2007ж. 11 бет.
35. Шілдебаева Ж. «Қазақстан мектебі» №7. 2004ж. 21 бет.
36. Шілдебаева Ж. «Қазақстан мектебі» №8. 2004ж. 8 бет.
37. Шілдебаева Ж. «Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының ғылыми-педагогикалық негіздері». Алматы 2004ж. 48 бет.
38. Уалиева Тыныштық. «Қазақстан мектебі» №11-12. 2007ж. 24 бет.
39. Фомин В.П, Невзоров Г.Г. «Қазақстан географиясы және экология» №5. 2004ж. 4 бет.
40. Хисым Ұ. «Қазақстан географиясы және экология» №5. 2004ж. 2 бет.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.

Жоспар.

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. 1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . .

1. 2. Экологиялық білім берудегі тұрақты даму принципі . . . . . .
. . . .

2. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері . . . . . . . . . . .
. . . . . .

2. 1. Физикалық география курстарында экоглогиялыық білім және
тәрбие беру методикасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік
география және дүние жүзі экономикалық география курстарын-

да экологиялық тәрбие беру тәсілдері . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .

3. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие беру мәселесі . . . . . . . . . .
. . . .

3. 1. Өлкетану жұмыстарында экологиялық тәрбие беру . . . . . . . . .
. . . .

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын
тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара
жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған
өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері
- аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының
тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық
қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен
өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны
қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда
жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі
мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму
стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап
етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты
қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден,
тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден,
экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда
белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз
жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың
жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол
адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу
мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің
ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде
ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды
негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу
кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында
экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс
ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық
соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз
бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ
белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік
береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ
орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің
демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға,
т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық
соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен
жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу
экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың
жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар
(дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер
төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда.
Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық,
тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен
тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді,
яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.
Казіргі кезде адамзат алдында тұрған аса күрделі экологиялық проблема
қоршаған ортаны калыпты жағдайда ұстау. Табиғат ресурстарын қорғау және оны
тиімді пайдалану мәселесі болып отыр. Қоғамымыздын " бүгінгі нақты
мүмкіндіктерін ескереотырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі оқу, жүйесінің негізгі міндеттерін белгіледі. Онда табиғат
ресурстары - жерді, суды ауаны, пайдалы кендерді, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесін тиімді пайдалану, оларды қорғау мәселесіне айрықша мән берілді.
Әсіресе, республикамыздың "Табиғат корғау" Заңының" Елімізде табиғат қорғау
ісін түбегейлі кайта құру туралы" бағдарламасында адамдардың бойында
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, жер су ресурстары мен пайдалы
қазбаларға ұқыпты да жоғары адамгершілік көзқарасты тәрбиелеуге аса назар
аударылған.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін
табиғаттың қарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі,
өсімдіктер әлемі. өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала-бәрі
адамдардың ойына-сана, денесіне-қуат, бойына-күш, өнеріне-шабыт, көңіліне-
қанат береді.
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін
табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай,
ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
Қазіргі кезде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім
стандарттарын, оқытудың озық технологияларын экологиялық білім негіздерін
оқыту үрдесіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізін.
Экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті мектеп жасынан
қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен
оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін
ұғындыру кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын
қарастыру қажет. Экологиялық біліктілікті терендетуге жаңа саналық деңгейде
экологиялық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу, окушылардың өз
бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.

Оқыту мақсатына сай және белгілі бір жас ерекшеліктеріне қарай оқу
материалдарын меңгеру психологиясы, дайындығы, қызығушылығы ескерілуі
кажет. Оқушылардың экологиялық сауатылығын, мәдениетін, танымдық
белсенділігін арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен
ықпал етеді.
Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының 31 бабында "...мемлекет
адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап қоршаган ортаны
қорғау мақсатын көздейді " делінген. 1997 жылы қабылданған Қазақстан
Республикасы "Қоршаған ортаны корғау туралы" Заңының 73-74 баптарында
экологиялық білім мен тәрбие берудің" жалпыға бірдейлігі және үздіксіз
болуы қарастырылған сонымен бірге басшыларды аттестациялау кезінде олардың
кәсіби экологиялық әзірлігін ескеру керегі айтылған. Бұл ережелер мен
ұстанымдар Қазақстан Рсспубликасы "Білім туралы" Заңында да көрініс тапқан.
Қазақстанда көпшілікке жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие
берудің қүқылық негіздері жасалды. Мәселен. Қазақстан Республикасы
Президентінің жарлығымен қабылданған "Қазақстан стратегиялық тұрақты даму
жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасының
экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан
Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратсгиясы"
(І998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999ж) т.б. құжаттар осының
айғағы.
Адамзат алдына шешілуі тиіс "экология" деген үлкен мәселе туындады.
"Экологиялық мәдениет" ұғымы нағыз көкейкесті мәселеге айналды. Бұл мәселе
бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыруда. БҰҰ-ның тұтас (2005—2015)
онжылдықты "Табиғатты аялауға оқытудың он жылы" деп жариялауының өзі соның
дәлелі. Елбасы Н.Назарбаевтың ҚР Білім және ғылым қызметкерлерінің II
съезінде "Ой-өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тулғаны
қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы„- деген сөзі
мәселенің көкейтестілігін дәлелдей туседі.
Адамзат тарихында экологиялык білім мен тәрбие берудің маңыздылығы туралы
IX—XV ғасырларда Әл-Фараби, Баласағұн, Қожа Ахмет Яассауи, М. Қашқари, С.
Бақырғани, т.б. шығыс ғұламаларының этика, психология. метафизика, тағы
басқа ғылымдары жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен катар қазақ
халқының ұлы ағартушы ғалымдары, ақын-жазушылары Ы. Алтынсарин, А.
Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, М. Дулатов, М. Жумабаев, Ж. Аймауытов, Ш.
Құдайбердиев еңбектерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік көшпенді елдің
өмірімен, ұлттық адет-ғұрыптарымен байланыстырылып берілді. Экологиялық
білім берудің теориялық - философиялық негіздері И. Кант И. Циалковский
және В. Вернадскийдің еңбектерінен бастау алады. Олардың негізгі идеялары
қазіргі қоғамды тұрақты даму жолына түсіріп, білім беруді ізгілеңдіру.
Ғалым-эколог И. Зверевтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғатпен карым-катынастың
барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен карайтын көзқарасы мен
сенімін қалыптастыру.
Ал А. Захлебный экологиялық білім берудің барысында коршаған ортаға құқық
нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік, қатынастың
негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын айтады.
М. Сарыбеков болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық білім беру
ісіне даярлауда қоғамдық саяси-әлеуметтік және арнайы педагогикалық-
психологиялық даярлаудың бірлігін анықтап, оны іске асырудың жолдарын
көрсетіп берді.
Э.Тұрдықұлов экологиялык білім мен тәрбие беруде оқушыларды табиғатты
пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, өмірлік дағдыларын, табиғат
ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар тудыруға
қажет білімді қалыптастыратын психологиялық үрдістерді талдайды.

1.1. Экологиялық тәрбие берудің маңызы.

Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты
ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулыйтын экологиялық білім
мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам"
жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп,
экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен "Білім туралы" Заңы
(1999), "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы (1997), "Қазақстан
Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030
бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие
берудің ұлттық: стратегиясы" (1998), "Экологиялық білім бағдарламасы"
(1999), "Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік
стандарттары" (1998), "Қазақстан ; Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған
экологиялық қауіпсіздікті сақтау ' тұжырымдамасы" (2004) және т.б. құжаттар
қабылданды.
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә.Бейсенова,
Ж.Жатқанбаев, Н.Сарыбеков, К.Сарманова, А.Сотников, С.Тілеубергенов,
Н.Торманов, т.б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық
негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен
үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік
тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына
сәйкестендіріп, экологиялық білім беру);
бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі);
аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады. Республикамыздың оқу
жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзілік
тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен
тұрады:
мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша);
мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу
жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан
бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11
сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына
қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А.Захлебный,
И.Суравегина, Б.Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің
әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде
оқушылардың "экологиялық сауатын" ашудан сөз бастағанды жөн көрдік.
Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста
қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі
үғымдар мен түсініктер бар, олардың негізділері: "экологиялық сана",
"экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет",
"экологиялық білім", т.б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі
тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын
қалыптастырады.
Ауа-табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы,
қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз
тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз - табиғатқа деген
қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар
табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның
тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына
ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы
бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің
қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен
экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен
экологиялық жауапікершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
* ағартушылық функциясы;
* дамытушылық функңиясы;
* тәрбиелік функциясы;
* ұйымдастырушылық функциясы;
* болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың
табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру
ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық
тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында
экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын
қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен
төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы,
сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан,
адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-
жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен
айқындалады.
Экология - табиғатты үнемдеу туралы ғылым.
Экология - грекше oikos - үй, мекен және логия сөзінен құралады.
"Экология" терминін 1866 жылы Австралия ғалымы биолог Э.Геккель ұсынған.
БҰҰ шешімі бойынша маусымның 5-ші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл
дүниежүзілік күні деп атап өтілуде. Қазіргі кезде балаға жас шамасына қарай
экологиялық білім және тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда
табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан
табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік
проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету
қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар.
Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек
кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің
келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы.
Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие
балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының,
азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен
бірге тәрбиеленуі керек.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін,
заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің
жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас
ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын
бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен,
мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа
табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты
заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің
табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады.
Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан
әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан
етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең
байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын
жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш
сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру
және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер
табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты
мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті
сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу
адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру.
Балаға экологиялық тәрбие бере отырып, онымен келешекте оқытылатын
жаратылыстану пәніне дайындық жұмыстарын жүргіземін.
Экологиялық білім және тәрбие нәтижесін үш түрге бөлемін:
Оқушыға экологиялық білім туралы ой саламын.
Жеке өз бетінше ізденушілікке бағыттаймын.
Зерттеушілік қабілетін дамытамын.

Кесте 1
Сабақ барысында қолданылатын кестелер.

БҰҰ қабылдаған "Табиғат қорғаудың дүниежүзілік стратегиясында" былай
делінген: "Біз жерді әкелерімізден мұраға алғанымыз жоқ, біз оны өз
бабаларымыздан қарызға алдық".
Қазір жер басып жүргендер бұл жердің соңғы ұрпағы емес бұлардан кейін
басқа адамдар келеді және олар өмір сүруге жарамды дүние алуы керек.
Сөйтіп, ұрпақ болашағын жан-жақты қарастырғанда ғана бәрі ойдағыдай орынды
шешіледі.
Көптеген жылдар бойы жер қойнауындағы байлықты игеру бары-сында еліміздің
шикізат жүйесі Жер-Анаға зиянды салдарын тигізбей қойған жоқ. Мұнай, газ
кешендерінің, жылу энергетика кәсіпорын-дарының, тау-кен және байыту
өнеркәсіптерінің ұлан байтақ жерімізді ластауы өте үлкен зиянын тигізді.
2000 жылдан бастап өндірістің қайта өрлеуіне байланысты кәсіпорындардың
зиянды қалдықтарының өсе түсуінен тұншыға бастаған қалалар бар. Атап
айтқанда, Өскемен, Ал-маты, Шымкент, Актөбе, Теміртау қалаларында ауаның
бүзылуы бұрын-ғысынан көбеймесе азайған жоқ.
Дәл осындай жағдай су қоймалары мен өзендерде де байқалды. Қазакстан
бойынша, әсіресе Ертіс, Іле, Нұра, Сырдария өзендері ластануда.
Біздің дәулетіміз де, сәулетіміз де, бүгініміз бен болашағымыз да туған
өлке табиғаты. Шебер табиғаттың ғажайып кестесі орман-тоғайы, өзен-көлі,
оны мекендейтін аң мен құс, балықтар, бәрі де халық қазынасы. Сол сияқты
жорғалаушы жануарлардың аңдарға пайдалы түрлері қаншама. Біз табиғаттың бұл
байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз.
Табиғат — бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен
өніп-өсер мекені. Табиғат - бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын
сүлулық пен өсімдік әлемі.
Туған өлке аумағы қанша кең болса, ондағы табиғат байлығы да сонша мол.
Тіпті, жол үсті, аяқасты болып жатқан дәрілік, тағамдық өсімдіктеріміз
қаншама!
Қоршаған ортаның ластануы-қазіргі кезде адам баласын аландатып отырған
аса маңызды мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын
пайдаланудың салдарынан адамзаттың табиғатқа тигізетін әсер, ықпалы
өлшеусіз өсуде. Адам баласының табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру
үшін экологиялык білімнің маңызы зор. Табиғатты қорғауда өтілетін
тақырыптарға байланысты әр түрлі әдістерді қолданып, сабақты түрлендіріп
отыру керек.
Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам адам болып туып, адам болып қалуы
үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар
дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала
бәрі-бәрі адамдардың ойына сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне-
шабыт, көңіліне - қанат береді.
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін
табиғат қазынасынан алып келді. Сондықтан табиғат байлығын тоздырмай,
ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз керек.
Қазіргі кезде адам табиғат байлықтарын өз керегінше алып пайдағып
жаратып қана қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер еңгізуде.
Сондықтан қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі
қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау,
туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.
Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі
оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып,
сол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге
бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу, олардың
жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ
үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстан
мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.

1.2. Экологиялық білім берудегі тұрақты даму принципі.

Экологиялық білім мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуді дәрістер,
этнографиялық әңгімелер, сол сияқты табиғатқа саяхат, экология үйірмесі
(жас натуралистер станциясына қамқорлық), факультативтік сабақтар және
сыныптан тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың азаматтық борышын қалыптастыратын
ғылыми білім болып табылады.

Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдас-
тырылған (ЮНЕСКО) "Адам және биосфера" деп аталған бағдарламаны қабылдаудан
басталады. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау
және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, кең экологиялық
сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция
өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері
көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау туралы көпшілікке
білім беру конференциясы болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ
жанындағы ЮНЕСКО жане ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан
астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті.
Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982 ж.),
Беч (1983 ж.), Мәскеу (1987 ж.), т.б. қалаларда өткен конференцияларда
жалғасын тапқаны мәлім.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат
зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В. Белинский, А. Герцен, Н.
Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А. Бекетов, К.
Тимирязев, Д. Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау туралы
мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шетінде педагогтер В.Натали, Н.Верзилин, В.Корсун-ская,
т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра
отырып оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім
беру бұрынғы КСРО бойынша оқу жұйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы
Белоруссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды.
Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, т.б.)
"Биосфера", "Экология", "Табиғат қорғау", т.б. экологиялық курстар оқу
жоспарларына еніп оқытыла бастады.
Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында жаңа ұғымдар мен
түсініктер қалыптасты. Олардың негізгілері: "экологиялық білім",
"экологиялық сауаттылық", "экологиялық мәдениет", "экологиялық этика", т.б.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну
оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырып, экология ғылымын
меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген
қызығуды арттырады.
Экологиялық сана - адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің, сенімінің
және дағдысының жиынтығы болса, ал экологиялық ойлау - табиғаттағы болып
жатқан өзгерістерге ғылыми негізде баға беру, оның себептерін ашу және
терең түсіну. Жауапкершілікпен ойлау арқылы адам баласы табиғат апаттарына
жол бермейді (Арал, Балқаш, т.б.).
Экологиялық сауаттылық - экологиялық білімді игере отырып, табиғат
қорларын тиімді пайдалануға жол ашатын болса, ал экологиялық этика - үйде,
түзде, табиғатта адамның өзін-өзі ұстай білуін, мінез-құлық дағдыларын
қатаң сақтауын қалыптастырады. Олар жоғарыдағы ұғымдардың негізінде
қалыптасқан.
Қазақ халқы туған өлкесінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар
мен өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді,
шөл-шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын
байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат
апаттарын алдын ала болжап отырған.
Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюуге
тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің
табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ
болуға тәрбиелеген. "Жерана,, ел-бала", "Жері байдың— елі бай", "Күте
білсең - жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркөйтсе, "Тозған жерде
тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.
Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш,
Билікөл, т.б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда
екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған,аң мен
құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың
осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз
да жоқ емес. Ертеде ит түмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария,
Іле, Шу, Ырғыз, Есіл , Нұра өзендері бойында көп болған. Ал таулы
жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып жатқаны туралы деректер көп.
Мәселен, 1892 жылы А.Қүнанбаев "Дала уәлаяты" газетінде экологиялық мақала
жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа
пайдалана. бастағаның, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны
айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақхалқының бойында экологиялық
сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың
ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта
түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.
Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын
қамтуға тиісті бүкілхалықтық мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау
мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының
Конституциясынан орын алуы, арнаулы өкіметтік қаулы-қарарларының
қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі
бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу
тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттен,
Мұның мәні оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлық тарын
үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін үғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-
қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен, икемділік, дағдылар мен
қаруландыру. Біздің елімізде "...әрбір азамат табиғатты аялауға, оның
байлықтарын қорғауға міндетті" деген талаптар барлық уақытта бірде
дәйектілікпен жүзеге асырылып жатпағаны мәлім. Тоқырау жылдарындағы түрлі
жұмыстар еліміздің табиғатына зардаптарын тигізді.
"Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы"
әдістемелік хатта оқыту үрдісінде экологиялық тәрбие берудің маңаздылығының
ашып көрсетілуі оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу
ісіне қозғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелерде туындап
отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа-жауапкершілік қатынасын
қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі бастауыш сынып теориясы мен
әдістемесіндегі қалыптасқан дәстүрді бұзып, оқыту әдісін
ізгілендіру,экологияландыру міндетін алға қойып отыр. Ал бұл міндет
осы салада нақты зерттеуді және оларды теориялық және
тәжірибелік түрғыда негіздеуді қажет етеді.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне
сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына
К.Ушинский ерекше назарын аударған. Оның ''Детский мир",
"Родное слово" деп аталатын кітаптарында табиғат және онда
тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам
және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер
келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық
аспектіде қарастырып, "Табиғат дауысын ата-аналар да, қоғам да,
тәрбиешілер де, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс.
Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүиелілікпен,
мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Рыбников, В.Сухомлинский, т.б. еңбектері
арқылы негізделген. В.Сухомлинский "Табиғат адам танып білгенде, себеп-
салдарын байланыстыра ой жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола
алады деп табиғаттың заңдарын жете меңгеру керектігіне ерекше мән береді.
Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге
аиырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп
санады. Оқушылардың азаматтығы мен патриоттық сезімін қалыптастырудағы
табиғаттың орны туралы ол "Туған жер табиғаты бұл жәй кішкентай адамның
өсетін және жерге алғашқы қадамдарын жасайтын орта ғана емес, ол мыңдаған
өте жіңішке тамырлар арқылы қуат алып, шырынын бұтақтары мен жапырақтарын
тарататын құдіретті алма ағаштың өркен жаяр ортасы деп
атап көрсеткен.
Бар өмір тіршілігі табиғатпен етене араласып өтетін, оның аясында
өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикаға, ақын
жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздерше қанып өскен
Ш.Уәлихаяов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа
көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының
табиғаттан қатынасындағы әдет-ғүрпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып,
қазақтар арасындағы жамандық сенім олардың "табиғатты шексіз қадірлеуінен
туған" деген қорытынды жасап, өз ұрпағының табиғатпен қатынас жасауда
ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Ол " табиғат көріністерінен эстетикалың ләззат алып, сұлулық, әсемдік,
тартымдылық және ұнасым мен үндестік атаулыны сезімтал сергек көңілмен
қабылдау қажет" детпі табиғаттың сұлулығын тану адамдарға
рухани күш беретіндігін айтады.
Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын "киелі , қасиетті деп үғып,
оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен
адамды біртұтас, бірінен-бірі бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам
табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген.
Ш,Уәлиханов "Табиғат пен адам: өзінің айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
олардан қүпия не бар?" дей келе қазақтардың киеге үлкен мән
бергенін айтады. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,
көшпелі түрмысы қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы
аталғандарды құрмет тұта ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық
пен бақыт, құт әкеледі деп иландырған.
Экологиялық тәрбие беру жұмысы отбасында, балалар бақшасында, мектепте,
орта арнаулы және жоғары оқу орындарында үздіксіз жүргізілген жағдайда
ғана адам санасында табиғатты қорғау, оның байлықтарын сақтау жөніндегі
тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болада Бұл жөнінде
белгілі ақын, ақындардың халықаралық "XX ғасыр, әлем және экология"
қозғалыстарының төрағасы болған Мүхтар Шаханов өзінің "Арая жол"
мақаласында бізде экологиялық тарбие болған жоқ, ол қазір де жоқ ;
Экология ғылым ретінде ең артта қалған, қараусыз қалған жағдайда,
адамдардың экологиялық санасын аитуымыз қажет, ертең кеш болады" деп айтқан
болатын.
Экологиялық тәрбие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын
қалыптастыра білудің үлкен мәні бар. Эмоция психологияда адамның және
дүниесін қозғаушы жерге лайықты жауап ретінде қарастырылады. Табиғат
тағдырына ортақтаса білу қасиетін ескермей, оқушылардың экологиялық санасын
қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, " адамгершілік заңдылық ұғынумен де,
есте сақтаумен де меңгерілмейді". Табиғатқа жасалған қиянатты ақылмен
түсіну жеткіліксіз, ендеше оның қасіретін сезіне білу керек.
Жаңа мыңжылдық табалдырығын аттап өткенге қорытынды жасап, болашаққа
көз жүгіртсек, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып экологиялық
мәселені мойындамау және оның шешімінің қажеттілігін есепке алмай өз
қызметімізді жоспарлау мүмкін емес. Қазақстан Республикасының экологиялық
білім мен тәрбиенің тұрақты даму моделіне өтуінің маңызы зор. Бұл мәселелер
"Қазақстан Республикасы - 2030" ұзақ мерзімді даму бағдарламасында басты
орын алады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім бағдарламасында
экологиялық білім мен тәрбиенің жалпы уздіксіз жүзеге асуы кезінде жан-
жақты мәселенің шешілу мүмкіндігі көрсетілген. Экологиялық білім мен
тәрбиенің бір мезетте барлық кезеңдер мен деңгейде жетілуі мен енгізілу
қажеттілігі қазіргі уақытта ерекше. Қоғамның барлық инфраструк-турасын
қолдайтын экологиялық білім ғана әлеуметтік-экологиялық нақтылықтың кезінде
жан-жақты қызметке бейімделген, XXI ғасырдың қазіргі азаматын қалыптастыра
алады. Тұрақты дамуға көшу, біртұтас әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық саясаттың бірігуіне, тұрақты даму стратегиясын жүзеге
асыруын, елдің даму механизімі мен мақсатын анықтайды.
Қолданбалы жоспардағы тұрақты даму моделі - бұл сыртқы және ішкі
қауіпті жою мен ескертуін қамтамасыз ету, тұрақты принциптердің
экономикалық мемлекеттің қоғамның қызмет етуі мен ұйымдастырылу әдісі.
Барлық қызмет түрлері мен қайта оқытудың нақты бағытын анықтайтын узақ
мерзімді бағдарламаның тұрақты дамуға кезеңді көшуі ұлттық стратегия болып
саналады.
Тұрақты дамудың принциптері:
-прогрестің мақсаты - адам, адамзат дамуының деңгейі -
бұл оның әлеуметтік-экономикалық саясатының, мемлекетінің, қоғам
қалыптасуының шарасы;
-ұлттық игілікті тұрмыс деңгейінің жоғарылауы, кедейлікті
жеңу, қажеттілік құрылымның өзгеруі;
-білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау жүйесінің даму .
басымдылығы - халық шаруашылығының эволюциясы, халық ,
белсенділігінің шығармашылығы, өнімділіктің ұзақ мерзімді өсу :
факторлары қоғамның рухани өмірінің маңызды сферасы;
демографиялық жағдайдың жақсаруы, түрғындардың орнықты дамуының іс-
әрекеттігі;
экономикалық инновациялық даму типі ресурстарды жинақ- тауға,
табиғатты қорғауға өту;
экология және экономика байланысының күшеюі, экономи- калық
жүйенің экологиялық бағдарын қалыптастыру экожүйенің, шаруашылық
сыйымдылығы шегіндегі дамуы;
- қалдықтарды қайта өңдеу қауіпсіздігі, ресурстарды қайта
пайдалануды кеңейту, қайта өңдеуге жатпайтын ресурстарды тұты-
нуды азайту мүмкіндігімен шығынды азайтуды ұсынатын рацио-налды
табиғи қолдану;
экожүйені қайта қалпына келтіру мен қорғау мақсатында
әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;
жаңа өркендеу құндылықтарының есебіндегі мораль, тәрбиемен білім
жүйесіндегі экологияландыруға адамның көзқарасы;
саяси механизм шешімнің қабылдануы мен жүзеге асыры- луы,
басқару жуйесін жетілдіру, тұрақты даму міндеті мен мақса-тын жүзеге
асырудағы мемлекеттің басты рөлі;
- азаматтық қоғам мен жеке бизнестің, мемлекет қызметінің

тиімділігі мен үйлесімділігін жоғарылату.
Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономикалық, әлеуметтік,
мәдени, құқықтық және жеке тұлға өмірінің элеуметті позитивтік образы мен
үйлесімді дамуы ушін басқа да жағдайларды, адам бостандығы мен
конституциялық құқық әлемдік одақта мойындалуын жүзеге асыруды құрудың
маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі қоғамның тұрақты дамуының принциптері мен талап-
тарына белсенді салауатты өмір салтын ұстанатын, жан-жақты
үйлесімді дамыған дені сау, білімді және рухани тұлға типі
сәйкес келеді. Қоғам мүддесі мен түлғаның дамуы экономика мен
қоғамның келешекте дамуына, күшті мемлекетті қалыптастыру
азаматтық қоғамды құрудағы демократиялық институттардың
беріктілік шартының қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік кон-
солидацияны қамтамасыз ету.
'Адам - қоршаған орта - экономика" үштігіндегі тұрақты дамуды кұрайтын
іргетасты ұсынады, оған үш аспект кіреді:
- қоршаған орта, табиғи ресурстық потенциал;
- қоршаған орта мен адам қарым-қатынасының процесі;
-қоғамның өмір қызметінің барлық жағынан мүддесіндегі эко-логиялық
императивті жүзеге асыру, экологиялық саясат.
Бірінші аспект-тұрақты даму моделіне өту кезінде табиғи потенциалдың
динамикасы мен бағалау жағдайын тұрақты қадаға-лауды ұсынады.
Екінші аспект - адам денсаулығын сақтау мен био әртүрлілікті қорғау.
Қазақстанның табиғи экожүйесін қайта құру ортасының сыйымдылығын өсіру үшін
жағдай жасау, қоршаған орта тұрақты-лығының кепілі, табиғи ортаға
антропогендік қысымды біртіндеп темендету бойынша шараларды жүзеге асыруды
қарастырады.
Үшінші аспект - әлеуметтік-экономикалық даму мақсаты мен экологиялық
мақсат келісімінің талаптары - экологиялық императив негізінде, экологиялық
саясаттың жүзеге асырылуымен өңдеу процесінде барлық экологиялық
компоненттердің мінездемелік жүйесі біртұтас тұрақты дамудың асуын
қорытындылайды.
Экологиялық императив келесі талаптарды белгілейді:
табиғи үйлесімді және салауатты өмірге құқығы бар адам басты назарда болу
керек;
қазіргі уақытқа, болашақ ұрпаққа қоршаған ортаны қорғау мен даму
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау жалпы әлеуметтік-экономикалық процестің ажырамас
бөлігі болуы қажет;
шаруашылық қызметті экологияландыру бойынша шараларды жүзеге асыруда,
табиғат акцентін қорғау тәжірибесінде қалыптасқан айырмашылықты ауыстыру
қажет, бірінші кезекте теріс техногендік іс-әрекеттердің себептерін
жою;
әлеуметтік-экономикалық дамуы экожүйе сыйымдылығының шаруашылық шегінде қол
жеткізудегі адам өмірінің сапасын жақсартуға бағытталу қажет;
экологиялық сана мен адам көзқарасы, білім мен тәрбие жүйесі.
Бұл талаптар тұрақты даму мақсатындағы экономикалық және
экологиялық, әлеуметтік қарым-қатынас органикалық пен ұздіксіз
экологиялық императивтің мәнін көрсетеді.

2.1. Оқушыларға экологиялық білім беру тәсілдері.

Окушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі барынша күрделі,
сан қырлы және өте маңызды болғандыктан, алдыңғы катарлы философтердің,
психологтердің, педагогтердің назарын ерекше аударып отыр.
Жалпы білім беретін мектептерде окушыларға білім беру мен тәрбиелеудің
негізгі жолдарын атап көрсеткен Қазақстандағы табиғат зерттеушілерінің бірі
академик Н. Сарыбеков. Оның табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген
еңбектері үлкен жетістіктерімен жалпы білім беретін мектептерде, орта
және жоғары оқу орындарында пайдаланылуда.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары қоғамның
табиғатпен қарым-қатынасыи қамтамасыз ету бағытында, яғни, табиғатты
идеологиямен, саясатпен, экономикамен, адамгершілікпен, ғылыми теориямен
байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асырылуы керек.
Адамзат тарихы табиғат тарихымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде адам мен
табиғаттың дәстүрлі өзара әрекетінің салдары үлкен экология-лық мәселеге
айналуда. Адамды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға дағдыландыратын
экологиялық тәрбиені мектеп жасынан бастау қажет.
Прус королі Вильгельмнің бүл армияның жеңісі емес, австриялықтарды прусс
мүғалімі жеңді" деген қанатты сөзі тарихтан белгілі. Басқаша айтқанда,
австриялықтарды жеңген прустің білім беру жүйесі деген сөз. Осы сөздің
аясында экологиялық дағдарысты қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары
ғана емес, арнайы экологиялық білім беру жүйесі шешеді деуге болады.
Соңғы 20 жылда ғалымдардың экологиялық білім беру мен төрбиелеу
мәселелерін зерттеуге көңіл бөлулері айтарлықтай өсті. Мәселен, Н.Верзилин,
А.Захлебный, И.Зверев, Б.Иоганзен, И.Матрусов, А.Мамонтова, В.Сухомлинский
және т.б. өз еңбектерінде табиғатты қорғаудағы қоғамдық пайдалы еңбекті
ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық тәрбие мен
білім берудің түрлі аспектілерін қарастырады.
Экологиялық білім беру мынадай үш мәселені шешуі тиіс.
1. Адекватты экологиялық көріністерді формалау, яғни "адам табиғат"
жүйесінің өзара байланыстары туралы көріністер.
2. Табиғатпен қарым-қатынасты формалау.
3. Табиғатпен қарым-қатынастағы әдеп, дағдылар мен біліктіліктер жүйесі мен
стратегиясын формалау.
Оқушыны табиғатқа жауапкершілікпен қарауға баулу - күрделі әрі үзақ
мерзімді қажет ететін үрдіс. Оның нәтижесі анықталған білім мен біліктерді
игеру ғана емес, табиғи ортаны жақсартуға, қорғауға қажетті талап пен
дағдылардың, эмоциялық қатынастардың дамуы болуы тиіс.
Экологиялық тәрбие үрдісін тиімді жүргізуге тікелей ықпал ететін,
экологиялық мәдениеттің негізгі бөліктерінің бірі болатын түлғаның жеке жан
дүние саласына әсер етуді күшейту қажеттілігі байқалады. Ал қалыптасқан
жағдайды түбегейлі өзгерту қазіргі заманғы философтар мен мәдениеттанушылар
айқындаған қоғамдағы экомәдениет құндылықтарының негізінде экологиялық
тәрбие мәселесін ғылыми тұрғыдан шешу арқылы іске асырылады.
Экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелері мыналар жатады:
экологиялық білімді тереңдету және кеңейту;
танымды, мінез-құлықты төрбиелеу;
экологиялық әрекет барысында оқушылардың коғамдык, шығармашылық, танымдық
екпінділігін дамыту;
табиғатты қорғау сезімін ояту, т.б.
Экологиялық білім әмбебап, пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан ол жалпы білім
берудің барлық формаларына өнуі тиіс.
И.Зверевтің пікірінше, экологиялық білімнің негізгі мақсаты - оқушылардың
табиғат ерекшеліктері, оған адамдардың қарым-қатынасы, экологиялық
мәселелер және оларды өндірісте, тұрмыста оңтайлы шешу үшін теориялық
білімдерді игерту.
Б.Лихачев экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері мен формаларын
шартты түрде бірнеше топтарға бөледі. Ойлау мен танымды дамытудың мектептік
және мектептен тыс әдістері, бағытталған тәжірибелік қызмет дағдылары мен
біліктіліктерін меңгеру, құқықтық жауапкершіліктің дамуы, т.б.
А.Захлебный экологиялық бағдарлама жасауда оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде
тұлға ретінде қалыптастыру факторларына көбірек көңіл бөлу қажет деп
санайды.
Экологиялық тәрбие беру тәсілдерінің қазіргі кезде жиі қолданып жүрген
тәсілдерінің бірі – пән мазмұнын экологияландыру. Бұл - мектеп оқушыларына
оқытылатын пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру
деген сөз, яғни пәнді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген
тақырыптардың мазмұнын қосымша экологиялық мәліметтермен толықтыра баяндау.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформа оны
сапалық түрғыда нарықтық экономика, қоғамдық-эко-номикалық қатынастарды
ғаламдандыру, дамудың ақпараттық кезеңінде қоғамның өтуі жағдайында қайта
құруға бағытталған.Қазақстан Рес-публикасы тұрақты дамудың жаңа жолына
түскенде экологиялық білім беру мен тәрбиенің маңызы арта түсуде. Бұл
білгірліктер Президент Н.Назарбаев ұсынған "2030 стратегиясы"
бағдарламасында басты орында тұр. Экологиялық білім - қазіргі білім беру
жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.Білім беру үрдісінде экологиялық білім
және тәрбие беру үздіксіздігі мен сабақтастығының маңызы айрықша зор.
Оларды жүзеге асыру үшін білім жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері
мен деңгейлерін кешенді түрде жетілдіретін шаралар қажет. Бұл мәселені
шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді жеке түлғаны қалыптастыру
екенін көпте-ген ғалымдар өз еңбектерінде айтқан.Экологиялық білім беруді
ЮНЕС-КО-ның жіктелуі бойынша формалды (мектептегі білім), бейформалды
(мектеп қабырғасынан тыс) және формалды оқудан тыс (бос уақытта кітап оқу,
көпшілікке таралатын ақпарат, тұрмыстағы қарым-қатынас) бөліктерден тұратын
оқыту жүйесінде жүзеге асады деп қарастыруға болады. Мұндай білім берудің
негізгі ұстанымы - үздіксіздікте. Үздіксіз білім беру О.Аббасова,
А.Владиславлев, В.Махлин, А.Фурсов, М.Сары-беков, К.Мусин, А.Бақтығұлов,
А.Ғалымов, Н.Ивлев, У.Мұқанова, т.б еңбектерінде түйінделген.

Табиғй экологиялық жүйе - экосфера - тірі жануарлардың және жер
бетінің физикалық, химиялық күйінің интеграциялық эволюциялануы-ның өзара
тәуелділігінің өнімі.Химиялық-экологиялық білім берудің ат-қаратын басты
қызметі - ғылым мен техниканың әсерінен және таби-ғатта болып жатқан
құбылыстардың нәтижесінде пайда болған заттар-дың тірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
География пәнінің сабақтары
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Инновациялық оқыту технологиясы арқылы жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру
Оқушылардың жобаны орындауы
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
6-сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Пәндер