Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Бастауыш мектепте оқытудың көрнекілік әдісінің зерттелу жайы ... ... ... ... .6
1.2. Оқытудағы таным процесінің мәні және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2 Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру жұмысына арналған педагогикалық. тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау,
жинақтау, талдау, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.2. Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жинақтау, жүргізу, талдау, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімінің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өрісі биік білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа білім беру философиясы және білім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі бөлім керек.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық құрылымның өзгеруі білім беру мазмұнында жаңалықтар енгізуді қажет етеді,»-делінген.
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді [1].
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып математикаға оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек»[2].
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін дамыту[3].
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен даму жолына түсуі, математиканің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы, жас ұрпаққа білім беру жүйесіне зор міндет артып отыр. Оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің жан-жақты дамуы мен зиялылық деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаны оқытып тәрбиелей алатындай болуы тиіс.
Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімінің біліктілік деңгейіне де жаңаша талап қойып отыр. Өйткені қазіргі күні өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім десек, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: Математика сабағында көрнекі әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы: 2002
2. Алдам6ұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы: Мектеп, 1980. Богословский В. Жалпы психология. Алматы: Дарын, 2003
3. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: 1993
4. Сүйіндікова І. Оқушылардың ізденгіштік қабілетін дамыту. //Бастауыш сыныпта оқыту. 2004, №6,
5. Өтепқалиев С.І. Қиындау мазмұнды есептерді шығару. Әдістемелік – педагогикалық журнал. ИФИ-№3, 1997
6. Баймұханов Б.Б. Математика есептерін шығаруға үйрету. А. Мектеп, 1983
7. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана-2007
8. Байшуақова М. Оқушыны танымдықға үйрету. // Бастауыш мектеп - 2004 №8
9. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. - Алматы: Білім, 1995
10. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993.
11. Бердібаева С.Қ. Оқыту үрдісіндегі танымдық іс-әрекеті// Бастауыш мектеп, 1999. №10
12. Төрешова А. Бастауыш сыныптардағы сабақ жүктемелері //Бастауыш мектеп, 2003 №1
13. Баймұратова А. Оқушының логикалық танымдық қабілетін арттыру. //Бастауыш білім, 2006 №1
14. Оспанов Т.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда, математиканы оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптар мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2005-256б.
15. Давыдов. В. В, Маркова А. К, Лампшер И. Формирование учебной деятельности школьников. - Москва: Педагогика, 1982.-216б.
16. Зұлпықарова Т. Оқушының ой- өрісін дамыта оқыту әдіс- тәсілдері. //Бастауыш сыныпта оқыту, 2004, №4, 4,5б.
17. Қонаева Б. Ойлай білуге үйрету. Бастауыш мектеп. – Алматы: 1990, №9,
18. Смағұлов Е. Танымдық қабілетін дамытудың жаттығулар жүйесі. //Қазақстан мектебі, 2003, №1.
19. Жәнібекова С. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту. //Бастауыш мектеп, 1999 №7
20. Мусалимов Т.К, Сағымбаев Ә. Танымдық қабілеттерін дамыту. //Бастауыш мектеп, 1999 №11-12 16б.
21. Жұманбаев Қ. Баланың логикалық танымдықын дамытудың жолдары //Бастауыш мектеп, 2002 . № 10, 37б.
22. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жалпы бастауыш білім. Алматы РОНД, 2003-116
23. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары (І-ІV сыныптар) Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1997.-334 б.
24. Математиканы оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып. Мұғалімдеріне арналған. Т.Қ. Оспанов, Ш.Х.Курманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә. Ерешева.- Алматы: Атамұра, 1998 – 208б.
25. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. /Т.Оспанов, Ш.Курманалина, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешева екінші басылымы. - Алматы: Атамұра, 2002.
26. Қосанов Б.М., Өміртаева Р.Қ. Математикаға арналған дидактикалық материалдар. Жалпыға білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған. – Алматы: Атамұра, 1998. – 208б.
27. Жұмалыұлы Қ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Ақтөбе: 2001.
28. Қайыңбаев Ж.Т. Білім стандарты және бастауыш сыныптарда математиканы оқыту. – Алматы: Жазушы, 2003.-192б.
29. Қосанов М.Б. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. 2-сынып. – Алматы: 2005.-72б.
30. Белесарова А. Мәтінді есепті өздігінен шығару іс-әрекеттерін ұйымдастыру. //Бастауыш мектеп, 2006 . № 2, 14-15б.
31. Құрманәлиева М. Оқушылардың логикалық танымдық қабілетін арттыру. //Бастауыш білім, 2006 . № 1, 5-12б.
32. Эрдниев П.М. Обучение математике в начальных классах. - М.: Столетие, 1995.-272с.
33. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика және педагогикалық технологиялар. – Ақтөбе, 2001.-118б.
34. Елубаев С. Қазақтың байырғы қара есептері және қазақ математиктері. – Алматы: Қазақстан, 1996.-144б.
35. Зайцев В.В. Математика для младших школьников. – М.: Владос, 1999.
36. Федосеева З.В. Изучение предмета «Математика и конструктирование» в 1-2 классах начальной школы. – Йошкар-Ола: 1998.-48с.
37. Үсенова Г.Ж. Логикалық есептер. – Шымкент: 2001.-59б.
38. Бекболғанов Е. Танымдық қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі 2005. № 4
39. Сисенбаева Б. Қызықты есептер//Сынып жетекшісі, 2008.№1
40. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Қазақстан, 1996-1606.
41. Жарықбаев Қ.Б. психология. Алматы: Білім, 1993 - 272 б.
42. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. М.: Педагогика, 1998-172 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.1 Бастауыш мектепте оқытудың көрнекілік әдісінің зерттелу жайы ... ... ... ... .6
1.2. Оқытудағы таным процесінің мәні және қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .22

2 Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру жұмысына арналған педагогикалық- тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау,
жинақтау, талдау, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2. Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жинақтау, жүргізу, талдау, қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Білімінің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Өрісі биік білімдар адамдар мемлекеттің экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа білім беру философиясы және білім үлгісі сай келуі тиіс. Бұл үшін білім үлгісінің мүмкін болатын даму бағыттары жөніндегі бөлім керек.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасында: Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Республикадағы әлеуметтік-экономикалық құрылымның өзгеруі білім беру мазмұнында жаңалықтар енгізуді қажет етеді,-делінген.
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді [1].
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып математикаға оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек[2].
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін дамыту[3].
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің дәстүрлі арнасымен даму жолына түсуі, математиканің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы, жас ұрпаққа білім беру жүйесіне зор міндет артып отыр. Оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің жан-жақты дамуы мен зиялылық деңгейі мен практикалық машығы заман талабына сай жеке тұлғаны оқытып тәрбиелей алатындай болуы тиіс.
Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімінің біліктілік деңгейіне де жаңаша талап қойып отыр. Өйткені қазіргі күні өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтуде. Мектептегі басты тұлға - мұғалім десек, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат - рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу мақсаты: Математика сабағында көрнекі әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны 2-сынып оқушыларын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні Бастауыш сыныптарда көрнекілік әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру.
Зерттеу болжамы:
Егер көрнекілік құралдарды тиімді пайдаланса, онда оқушылардың танымдық қабілеті дамиды.
Зерттеудің міндеттері:
а) бастауыш сынып оқушыларының көрнекі әдіс арқылы танымдық қабілетін дамыту жайлы материалдар жинақтау, талдау, жүйелеу;
ә) тақырыпқа қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау;
б) анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау;
в) қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру.
Мәселенің зерттелу деңгейі зерттеу деңгейі 2 кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде зеттеу жұмысының тақырыбына байланысты библиографиялық жұмыс жүргізілді. Тақырыпқа байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектер қарастырылып, талдау жасалынды.
Екінші кезеңде ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жүйеленді, озық тәжірбиелі мұғалімдер мен алдыңғы қатарлы әдіскерлердің жұмыстарына сүйене отырып, көрнекілік арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауыш мектепте математика сабағында көрнекі әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың тәжірибе материалдары тексеруден өткізіліп, нәтижелері жинақталып, қорытындыланды.
Мәселенің деректік көзі пайдаланылған педагогикалық, психологиялық және әдіснамалық еңбектер.
Әдіснамалық және теориялық негіздері зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздеріне психологиядағы әрекет теориясы, психология және педагогика ғылымының соңғы жетістіктері және көрнекі әдісі арқылы танымдық қабілетін дамытуға арналған еңбектер негізге алынды.
Зерттеу жұмысының әдістері
- әдебиеттерге теориялық талдау жасау;
- оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;
- эксперимент жүргізу, талдау, қорытындылау;
- сауалнама, бақылау, сұрақ-жауап т.б.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы бастауыш сынып оқушыларының көрнекілік әдісі арқылы танымдық қабілетін дамытудың тиімді жолдары қарастырылды. Көрнекілік арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту тапсырмаларының түрлері, оны іске асыру кезеңдері мен ерекшеліктері анықталды.
Құлсары қаласы №2 орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеу болжамы, зерттеу міндеттері, мәселенің зерттелу деңгейі, мәселенің деректік көзі, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, практикалық базасы қарастырылған.
Бірінші тарауда көрнекілік әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері қарастырылды.
Екінші тарауда көрнекі әдіс арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған 2 - сыныпта өткізілген педагогикалық-тәжірибелік эксперимент жұмыстары, олардың нәтижелері қамтылды.

1 Бастауыш сыныптарда көрнекілік әдісі арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Бастауыш мектепте оқытудың көрнекілік әдісінің
зерттелу жайы
Математиканы оқыту барысында мұғалім оқытудың формаларын, мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемесін анықтауда ең алдымен дидактикалық принципті басшылыққа алады.
(Принцип - латын сөзі, - основа первоначально руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идеясы, қағидасы). Математикан оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Қазіргі заман талабына сай математиканің оқыту принциптерін 6 топқа біріктіріп, бағдарлаған жөн секілді:
Математиканы оқытудың ғылымилық принципі.
Оқытудың шамаға лайықты жүйелілік принципі .
Оқытудың белсенділік, сапалық принципі.
Жеке тұлғаны дамыта отырып, даралап, саралап, оқыту принципі.
Математикадан берілетін теориялық білімді ұлттық рухани тәрбиемен, өмірмен байланыстыру принципі.
Көрнекілік принципі.
Көрнекілік принципі - математикадан берілген білімді көрнекілік арқылы оқытуға мүмкіндік береді. [4]
Көрнекілік принципінің мәнін алатын болсақ оны алғаш зерттеп, әдістемесін жазған Я.А. Коменский мен К.Д.Ушинский еді. Я.А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың "Алтын ережесі"десе, К.Д. Ушинский, көрнекілік-балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы бояу арқылы ойлайды деген болатын. Көрнекілік принципінің жүзеге асуы оқыту үрдісінде қолданылатын көрнекілік әдісі арқылы қөрінеді. Олай болса, "әдіс" ұғымын ашайық. Әдіс-"metodos"-методос деген грек сөзінен шыққан [5].
Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әр автор өз анықтамасын береді. Соларға тоқталайық. Педагогикалық энциклопедияда "Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды,-деп жазылған" [5].
Сонау 20-30 ғасырдың көрнекті қайраткерлері - А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов әдістерді қарастыра отырып, оқыту үрдісінде олардың қолдану ерекшеліктерін анықтады.
Атап айтқанда, тіл сабақтарынан басқа да пәндерді оқыту әдістерін ұлттық ерекшеліктермен сәйкестендіре қолдануға бетбұрыс жасады. Мәселен, А.Байтұрсынов ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, индуктивтік және дедуктивтік әдіс, практикалық, шығармашылық әңгіме, мақалалар, М.Дулатов ауызша, әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме, көрнекті тұрмыстық пәндер, М.Жұмабаев әңгімелеу, түсіндіру, индуктивтік, дедуктивтік, Ж.Аймауытов ауызша, ауызша әңгімелеу, диалог, өзіндік жұмыс, тәжірибелі көрнекілік сияқты оқыту әдістерін атап көрсетті [6].
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылырдың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің тәсілдері [7].
Оқыту әдістері-оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы [8].
Оқу әдісі-білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі [9].
И.Д.Зверев : Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары,-дейді.
Ю.К.Бабанский: Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру, - деп анықтама берген [10].
Әдіскер ғалым А.Байтұрсынов математикан оқытуда көрнекілік әдіске ерекше мән берген. Ол иллюстративтік құралдарды пайдаланудың, оқулықтарды түрлі-түрлі суреттермен жабдықтаудың үлкен тәрбиелік және тіл дамытушылық қасиеті бар деп біледі[11].
Демек, оқыту әдісі мақсатқа жетудің санама түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. Оқыту әдістерінің түрлері өте көп. Оларды топтастыруда ғылыми педагогикалық әдебиеттердің де жиырмадан астам түрі бар.М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер оқыту әдістерін оқушылардың таным белсенділігіне қарай, ал М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина оқытудың мақсаты мен құрамына қарай, Ю.К.Бабанский тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай, Р.Т.Лемберг әдістің психологиялық және логикалық сипатына қарай т.б. етіп топтастырады.

1-кесте. Педагогикалық әдістердің топтастырылуы төмендегідей:

Педагогикалық әдістердің топтастырылуы

білім беру көзіне сәйкес (И.Т.
Огоро-дников)

мұғалім мен оқушы әрекетінің ерекшелігіне қарай (В.Оконь)

психология-лық сипатына қарай (Р.Г.Лем-
берг)

әрекет тәсіліне қарай (Ю.К.Ба-банский)

оқыту мақсатына қарай (М.А.Да- нилов)

таным бел-
сенді-
лігіне қарай (М.Н.
Сат-
кин)

Оқыту үрдісі негізінде оқушы айнала қоршаған ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруланады. Оқушыға дүниені таныту көрнекілікке, сезінуге бақылау әрекетіне негізделеді. Көрнекіліктің ерекше зор маңызы баланың бейнелі түрде, нақты түрде ойлайтындығына байланысты, бала көрнекі, нақты нәрселерді жақсы ұғады, керісінше дерексіз ойлар ол үшін көмескі, түсініксіз болады. Баланың айтылған ойларды ұғуы, есте сақтауы мүмкін, бірақ көрнекіліксіз түрде түсіндірілген болса, олар бала үшін мазмұнсыз, құрғақ бос сөз күйінде қалады.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипатын сезім мүшелері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық қағида [12].
Көрнекілік - білудің, танудың, ұғынудың басты құралы [13].
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсіндірілуіне мүмкіндік береді. Жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кездерінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді. Көрнекілік белгілі бір ұғым жөніндегі бастапқы түсінігін қалыптастыру үшін де, оны кеңейту үшін де, жас ұрпақ ойын дамыту үшін де қажет.
Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ мұны тек көрнекі құралда пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек. Көрнекі құралды жоғары бағалаумен және оны кеңінен қолданумен бірге, оның мақсат еместігін ұмытпау керек, ол тек негізгі мақсатқа жету үшін, білімді берік ұғыну үшін, оқушылардың ойын дамыту мақсатында қолданатын құрал. Көрнекілік белсенділік, тану, білу қабілетін дамытатын құбылыстар, заттардың сырт бейнесін ғана емес, сонымен бірге ұғымдарды қалыптастыру үшін құрал [14].
Ұлы педагог К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы білімді дамыта келіп: Көрнекілік балалардың психологиялық ерекшелігіне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды. Бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады - деп, күнбе-күн көрнекілікпен жұмыс істеудің нәтиже беретінін айтқан еді [15].
Я.А.Коменский Алтын ережесінде: - ...бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап, нәрсенің қатты, жұмсақтығын, т.б. байқасын... деген болатын. Оқушылар заттар мен құбылыстар немесе оқиғалардың бейнелерін , көлемін, түр-түстерін сөзбен емес, көру арқылы жеңіл қабылдап, әрі есте тез сақтайды. Көрнекілік оқушылардың құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.
Қазақ халқының ағартушысы Ы.Алтынсарин: ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы жаттықтыру арқылы жұмыс істеу керек ...- деген болатын [15].
Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.
Оқытуда нақты білім алу - көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді. [16].
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескріп, дамытатын - көрнекілік.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. 17.
Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әр түрлі заттардың формасын, түсін, көлемін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады. Демек, көрнекілік-логикалық танымдықды дамытудың да құралы, өйткені оқушы құбылыстар мен заттарды бақылап, салыстыру негізінде қорытынды тұжырымдар жасайды, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.
Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады да, келесі кезекте оның ішкі құбылысы немесе жекеленген құрамы бөлініп көрсетіледі.
Демонстрациялау әдісі оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, үнтаспа, эпидоскоп, телледидар секілді техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.
Демонстрациялау нәтижесінде оқушылар бақылайды, қорытынды жасайды.
Иллюстрация әдісі иллюстративті құралдарды (плакаттар, сүреттер, чертеждер, модельдер т.б.), көрсетуде қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету негізінде, саяхатта, сарамандық жұмыста ерекше орын алады. Дұрыс қолданылған бақылау әдіс оқушылардың байқағыштық, логикалық танымдық қабілеттерін дамытады. Н.Д.Ушинский Бақылау- логикалық танымдықдың негізі, - деп жай айтпаған [15].
Бақылауды оқушылар анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты танымдық процестерін жүзеге асырады.
Ал, В.И.Евдокимовтың пікірінше, көрнекі құралдар дегеніміз - оқыту барысында түрлі құбылыстар мен процесстерді таныстыруға мүмкіндік жасайтын арнайы таңдап алынған заттар мен құрастырмалар.
Қорыта айтқанда, көрнекі құралдары туралы ұғымдардың жалпы сипаты мен анықтамасы ғылыми түрде тұжырымдалған. Олар:
1. Көрнекі құрал - нақты объектінің, заттың немесе құбылыстың түрлендірілген формасы, моделі.
2. Көрнекі құрал - таным құралы. Таным процесінде нақты заттарды құбылыстарды, олардың табиғи немесе қоғамдық өмір сүру жағдайын елестетуге мүмкіндік жасайды.
3. Оқу міндеттерін тиімді шешуге бағыттала құрастырылған кез келген заттық немесе идеалдық модель көрнекі құрал бола алады [15].
Оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызды мәселелердің бірі - олардың ғылыми негізделген топтамасының болуы. Бұл мәселе оқытудын теориясы мен практикасында үлкен мәнге ие. Осы негізде көрнекі құралдарының жүйесі және көрнекіліктің әрбір түрі мен типінің атқаратын дидактикалық қызметтері анықталады. Кейбір деректе - Мұндай топтаманың болмауы ұғымдарды түсінбеушілікке, сабақта көрнекі құралдарды пайдалану әдістерінің жеткіліксіздігіне әкеліп соғады делінген.
Педагогикадағы көрнекі құралдарды жүйелеудің бірнеше әдісі бар. Көп жағдайда олардың жеке түрлерінің белгілеріне (көлемі, біртүстілігі немесе әртүрлілігі, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т.б.), құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық тұрғыда топтастырылады.
Егер танымды объективті ақиқаттың санада бейнеленуі десек, И.В.Евдокимовтің көрнекі құралдары ақиқатты бейнелеу тәсіліне сәйкес топтауы негізді тұжырым деп есептейміз [18].
2 - кесте. Көрнекілік құралдарын жіктейтін сызба нұсқаны қарастырып көрейік.
Көрнекі құралдар


Табиғи көрнекіліктер

Динамикалық көрнекіліктер

Символикалық көрнекіліктер

Бейнелеуші көрнекілік
тер

- оқу картиналары - сызба
- техн.құралдар - кесте
- муляж, макет - диаграмма
- көркем суреттер - карта, жоспар
- таңбалық белгілер

Оқушы математиканен берілген білімді (схема, таблица, плакат, сурет т.б.) көріп қана қоймайды, арнаулы сұрақтарға жауап іздеп, ең маңызды қасиеттерін білуге ұмтылады. Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлері педагогикалық дидактика тарауында былайша көрсетілген:
Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғат аясында саяхатқа шығару арқылы сол көргендері туралы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру. Көлемді көрнекілік: фото- суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент, т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
Дыбыстық көрнкілік: күйтабақтан, грампластинкадан, магнитофоннан үзінді оқытып, талдату.
Графикалық, символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар [4].
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
Оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысанан алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;
Көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқуы бойынша жұмыс істеуі тиіс;
Көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
Оқушылады бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру, т.б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушыладың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың танымдық әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым- қатынас оқытуда проблемелық және ізденушілік жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноспол, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайдаланылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан- жануарлар, өсімдіктер,ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, т.б.).
Иллюстрациялық - демострация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер,чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданылады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолданылу тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу метериалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет [13].
Математика сабағында сурет көрнекілігі де ерекше орын алады. Бұл көбіне оқушылардың тілін дамыту мақсатында қолданылды. Суретке ат қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылардың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал етеді.
Математика сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұлар белгілі бір тақырыпқа немесе бір сыныптың тақырыбын түгел қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат есімнен жан-жақты мәлімет беруге байланысты кесте-альбом жасауға болады. Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында математика сабақтарына открытка және түрлі - түсті сериялы суреттер пайдаланып жүр.
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мыңдаған мұғалімдеріміз техникалық құралдарды өте орынды пайдалануда. Ауылдық мектептерден магнитофон, телевизор, оқу фильмдері, кодоскоп, эпидоскоп, грампластинка, телевизор, кинопроекторды жиі кездестіруге болады.
Мұғалімдер математика сабақтарында диаграммалар, диафильмдер, диапозитивтер, магнитофондық жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты қолдану оқу процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын жетекші құралдардың бірі деп есептеледі.
Кесте - схема математика сабақтарында жиі пайдаланылады. Әсіресе, ол жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Математика әдістемесінде құрылымдық схема - кестенің негізін салушылардың бірі әдіскер Ш.Әуелбаев.
Математика сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфограммаларды дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, жалғау-жұрнақ жалғанғандағы өзгерістерді графикалық схема арқылы көрсетуге болады. Оқушыларға таныс тілдік материалды схема арқылы иллюстрация жасап отрыу да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестерінен жіберген қателерін түзетуге болады.
Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды сызба бойынша есептер құрастыр, теңдеуді шеш т.б. тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілген карточка арқылы 11-20дейінгі сандар, 100көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері, кітапта көрсетілген 159-беттегі балалардың мекен - жайын айт суреті бойынша оқушылардың танымдық қалыптастыруға болады.
Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы керек. Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық және пунктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға байланысты, құрмалас сөйлем синтаксистік қайталау мақсатында қолдану керек [19].
Көрнекілік әдісі математика оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі.
Білімді игерту үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игертуде, деректерді еске сақтауда әрбір сабақ үстінде көрнекілікті пайдалану қажет-ақ.
Кейде оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес келетін жылжымалы таблица және түсіндірлемі таблица, перфакарта пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұлар кейбір жазылуы қиын сөздер, сөз тудыру, түрлендіру, қиын әріптер, буын құрау, т.б. жағдайда қолданылады.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсарин ... шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы жаттықтыру арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді. Ол: жалпы көрнекілікті оқытудың бәрі де оқыту әдістерінің түсініктілігіне, оқушылардың түсіндірулерінің ұғымдылығына негізделуі керк екенін ұмытып, педагогтік, оқытушылық әдістерге екінші қатардағы бір нәрсе деп қарайтынын көреді.
Кейінгі кезде, яғни 1970 жылдарда Математика сабағының көрнекілігі туралы пікір білдірген әдістемеші - ғалым Д.Әлімжанов: Сабақта қолданылған көрнекілік оқушылардың сезім әрекеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан көрнекілік тек көру, есту сезімдерін арттыру үшін ғана қолданылмайды, ол адамға басқа түйсіктерді, сезімдерді дамытып, белгілі бір білім шындығынан әр жақты және тиянақты ұғым беру үшін қолданылады - дейді.
Оқу бағдаламасының көпшілік материалы түсіндірмелі - иллюстрациялы әдіс бойынша дайын күйінде бірнеше кестелер түрінде беріледі. Мұғалім осылайша оқу матералын жан-жақты, егжей-тегжейлі бағдарлама жүйесімен, не оқулық ізімен түсіндіреді. Мұнда тілдік материалдың өзіндік белгілері жеткілікті фактілер,, мысалдар арқылы танытылады. Бұл әдіс - оқушының ойын дамыту, қабілетін жетілдіру үшін пайдалы. Оқушының ісінде көптеген заң, форма, анықтама, ереже, т.б. сақталады. Мысалы, сабақта зат есімнің көптік жалғауларын таныстырғанда, осы әдісті пайдалана отырып, көптік мағына жасау жолдарын, көптік формаларын рет-ретімен айтып, соның үлгісін көрсетеді.
Көрнекілік оқушының сезімді түйсік қабілетін, ынтасын арттыруға, теориялық білімді іс жүзінде игертуге , оны іс жүзінде жүзеге асыруға үлкен көмегін тигізеді [4].
Көрнекі құралдар өзінің мазмұны жағынан сабақтың тақырыбына сай болу керек. Сабақта кестелерді пайдаланғанда мына сияқты әдістемелік ережелер сақталуы қажет:
Оқушыларды кестелердің мазмұнымен таныстыру. Ол үшін әуелі кестелердің негізгі бөлімдеріне көңіл аударылады, содан соң негізгі түрінен, жалпыдан жалқығақарай бет ала отырып, материалды түсіндіру барысында әр пунктің мазмұнын ашу керек, басқа деректермен салыстыра отырып, тақырыптың теориялық материалымен қажетті байланыс анықталады, одан әрі оқушылардың өздері ойлап табатындай жұмыстар ұйымдастырылады.
Кестелерді түсінуге оқушыларды дайындау қажет; а) сабақтың тақырыбы туралы алдын ала әңгімелесу; ә) өткен сабақтардан оқушыларға белгілі ұқсас кестелер жайында естеріне түсіру; б) алдын ала сұрақ қою, не мұғалім ұсынған материалы бойынша грамматикалық тапсырмаларын орындау арқылы.
Кестеге оқушыларды үйрету керек, яғни олар ондағы қолданылған шартты белгілерді танып, фактілерарасындағы байланысты анықтай алулары (әр түрлі сызықтар арқылы астын сызу, доғаша, , оңша т.т.) тиіс.
Кестелердің мазмұнын оқушылардың жадында бекіту; дәптерлеріне бұл кестелерді көшірту, соған ұқсас кестелер жасап, оған оқушылардың өзі ойлаған немесе көркем шығармадан алынған мысалдармен ауыстыру; бақылау жұмыстарының алдында, емтихан не тоқсан аяғының алдында қайталап пайдалану арқылы.
Оқылып отырған материалға арнап оқушылардың өздеріне схемалар, сызықтар, кестелер жасауға үйрету, бұл олардың грамматикалық талдау кезінде, грамматика бойынша әр түрлі үй тапсырмаларын орындағанда тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.
Класқа әкелінген кестеге назар аудару қажет, бұл мұғалімнің жалпы көрнекі құралдарды пайдаланудағы іскерлігімен байланысты. Кейде көрнекі құрал ілініп тұрады, онымен мұғалім сабақтың соңында ғана тез-тез таныстырып шығады. Бұның пайдасы шамалы.
Сабақтың кестелерімен бастырмалатпай керек, өйткені бір мезгілде көрсетілген бірнеше кесте оқушылардың назарын әр нәрсеге бір аударады, алаңдатады, соның нәтижесінде оқушылардың негізгі материалға деген ынтасы бәсеңдейді. Бір сабақта бір немесе екі ғана кесте пайдалану жеткілікті. Ал бөлімді, тарауды қайталау сабақтарында 3-4 кесте пайдалануға болады.
Тікелей қажеттігі болмаса, көрнекіліктің де керегі шамалы. Егер өтіп жатқан материал түсінікті болса, оны кестелер қолданумен күрделендірмеу керек: кестеге тек тақырыптың ең негізгі, түйінді, түсінуге ауырлау соғады дегендері ғана енгізілуі қажет.
Бір жағынан, оқулықта берілген кестелерді елемей кетуге болмайды. Мұндай кестелерді үйге тапсырма бергенде пайдаланған жөн.
Математика бойынша кестелер жасау. Кестелерге қойылатын талап көптеген материалмен, әр түрлі таңбалармен бастырмалатпау, бір кестені әр түрлі сызықтармен толтырмау керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда көрнекілік принципі бұзылып, оқытудың әдісі тиімсіз болып шығады. Кестелер оқушылардың бәріне бірдей анық көрінетін болсын, бұл ретте кестенің көлемі, әріптерінің мөлшері, баяу, оның түрлері ескеріледі.
Көрнекілік мақсатында класс тақтасын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Онда мұғалімнің бұл іскерлігі баспадан басылып шыққан көрнекі құрал болмаған жағдайда көп пайда келтіреді. Мұнда материалды дұрыс орналастыру үшін, тақтаның бетін дұрыс бөлуге көңіл аударған жөн. Тақтаны пайдалану үлгісінің оқушыларға тәрбиелік мәні бар. Тақтаға схемаларды сызуға оқушыларды қатыстыру, оған түсіндірілетін материалды жаздыру , оларды өздігінен көшіру, үлкейту, кейіннен өз бетінше көрнекі құралдарды жасай білуге даярлайды.
Класс тақтасымен қатар, магнитті тақта (фланелеграф) деп аталатын тақтаны пайдалануға болады. Фланелеграф - кішірек келген алып жүруге ыңғайлы тақта, әрі экран. Ол жұмсақ материалдан жасалынып, оқтауша орала береді. Бұған бұрыннан қатты қағазға жұқа картонға салынып дайындалып қойылған суреттер пайдаланылады. Мұндай картиналардың тобы әр түрлі заттарды бейнелейді (үй, құрал-сайман, көше, адамдар, еркек, әйел, балалар, әр жастағы адамдар, әр түрлі киімдегі, қызметтегі адамдар, үй бұйымы, мектеп т.б.). Осы картиналарды оқушыларға тақырыпқа арналған сюжетті композиция құруларына мүмкіндік береді. Картиналардың жәрдемімен ауызша және жазбаша жаттығулар ұйымдастыруға мүмкіншілік бар. Мұндай жұмыс оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Картиналық жаттығулар қанша әсерлі болғанымен текст жаттығуларын айырбастай алмайды.
Түрлі заттарды, материалдарды, құраладр мен тәжірибелерді көрнекілеп көрсету - демонстрация әдісі болады. Оның шарттары бар:
-демонстрация жасалатын нәрсе бәріне жақсы көрінетін болсын, сезім органдарын түгел қамтысын;
-қажет кезінде көрсетіп, кейін жиып алу керек, алдын ала көрсетуге болмайды;
-әр оқушы нұсқауға сай істеуі керек, не істеу, қалай істеу дәл үйретілуі тиіс.
Сөзбен айтып бергенде шәкірттің байқампаздығын дамыту керек, көркем және дәл мағыналы сөзбенен айтылуы тиіс.
Бақылаудың қорытындысы мен нәтижесі дұрыс тұжырымдалып, түйін жасалуы тиіс.
Оқу материалын терең ұғынуда көрнекі құралдардың әсері болады.
Фильмдер, магнитофон, кино, теледидар, басқа да техникалық құралдар, компьютер оқытуда кеңінен (бірақ керек кезінде) қолданылуы тиіс. Бұл политехникалық мәні бар әдіс. Жаңа технологияларды қолдана білуді шәкірттерге үйрететін әдіс болып табылады.
Балалардың танымдық қызметін белсендіреді. Әдісті теориялық материалмен ұштастыру керек, сыртқы суретін көрсеғтіп, ішкі мәніне бармау дұрыс емес.
Оқыту процесінде көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып, оқу материалын меңгеру формаларының мәні зор.
Былайша айтқанда техникалық құралдар материалды игеру және білім меңгеру сипатын анықтайды.
Сабақта көрнекілік оқытушы сөзінің орнына жүре алмайды. Оқытушының сөзі мен көрнекілік бірге жүретін процесс. Өйткені, көрнекілік оқу материалы туралы мағлұматты сезімге бейнелеу арқылы берсе, оқушының сөзі оны қалыптастыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді.
Көрнекілікте компьютердің, диафильмнің, киноның, радионың теледидардың, магнитофонның т.б. техникалық құралдардың маңызы зор [7].
Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіспен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттарды, құбылыстар мен процестерді, керекті өлшемдер жасап, өзара байланысын, танымдық белсенді іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін сапа анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер мұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда натуралды заттарды көлемді модельдеу танып білуде негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы қол құрылысы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі.
Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі және құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, схемалар, репродукциялар жалпы модельдер және екеуі де кеңінен қолданылады [20].
Ф.Ш. Оразбаева, Р.С.Рахметованың Математикан оқыту әдістемесі еңбегінде көрнекілік құралына мынадай сипаттама берген: Көрнекілік - оқушыларға тілдік материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір сабақта көрнекі құралды ұтымды пайдалана білу - сабақтың сапасын жақсартады. Оқушы байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сондықтан мұғалім өзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты көрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар аударуы қажет.
Сабақ барысында таблицаларды, дидактикалық кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериалы оқиғаға құрылған суреттерді көптеп қолдану тиімді.
Дидактика ілімінде көрнекілікті кескінделген және экранды-дыбыстық деп бөлу дәстүрлі қалыптасқан.
Кескінделген көрнекі оқу құралдарына грамматикалық кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірмелі кеспе қағаздары жатады.
Экранды-дыбыстық құралдарға дыбыстық-бейнетаспа жазулары, фонохрестоматия, күйтабақ, компьютерлік сабақтар т.б. жатады. [21]

3 - кесте. Ф.В.Атомали көрнекілікті былайша тұжырымдады

Модельдер

Идеалды
Заттық

Таң-
ба-лық

Ұғым-
дық

Бейнелік

Статисткалық және динамикалық

Тірі табиғи объекті-ден

Шыныдан,
ағаштан,
темірден
жасалған-
дар т.б.

Оқытуда көрнекілік ұстанымының қажеттілігі ойдық нақтыдан абстрактылыққа, сезімдіктен радикалдыққа (орнықтылыққа) көші дидактикасына негізделі еді. Мәселен, Ф.В.Атомали модельдердің оқытуға арналған арнайы құралдар ретіндегі мазмұнын атап көрсетеді. Біріншіден, модельдеу оқыту нәтижесінде оқушылардың меңгеруі қажет білім мазмұны мен игеруі қажет таным әдісіне қызмет етеді. Еіншіден, модельдеу жетілдірілген оқытудың негізгі қозғаушы күші мен құралы болып табылады.
Оқыту процесі баланың қабілетінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды ламу деңгейі оқытудың сапасын мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.
Оқыту процесінде танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын дамыту мәселесін екі жаққа қарастыруға болады: 1) ұйымдастырылған оқыту процесінің ықпалы балаға және оның психикалық дамуына әсер етуін білу және 2) толық анықталған дамуды алу үшін, оқыту процесін қалай ұйымдастыру қажет. Сондықтан сөз қандай психикалық даму және қандай окыту мен әсер ету туралы болатын білу өте маңызды.
4 - кесте. Әдіскер М.Мұсабеков есту мен көрудегі көрнекіліктер, - деп оларды мынадай топтарға бөледі [22].

Есту мен көрудегі көрнекіліктер

Көру көрнекіліктері

Көру және ойлау көрнекіліктері

Есту және естілу көрнекіліктері

Есту және көру көрнекіліктері

- портрет -мәнерлеп оқу - күйтабақ - үлестірмелі
- фотокарточка (мұғалім сөзі) - үнтаспа карточка
- техн.құралдар - кинофильм - музыкалық - сұрақтар
- кесте-сызба - көрініс аспаптар т.б. - сигнал.карточка
- альбом - қойылым т.б. - шығарма
- мұражай - сызба-кесте
ескерткіштері
- көркем әдебиет

Көрнекі құралдар қолданудың мақсаты мен тәсілдеріне қарай жалпы сыныптық және даралық болып екіге бөлінеді. Жалпы сыныптық (демонтрациялық) көрнекі құралдарды бүкіл сынып оқушылары үшін пайдаланса, даралық (дидактикалық) көрнекі құралдарды әрбір оқушы үшін пайдаланады. Бұл аталған көрнекі құралдарды оқыту процесінде әр түрлі мақсатта пайдалануға болады. Жаңа материалды түсіндіргенде, жаңа білім бекіткенде, жаттығу кезінде, өз бетінше жұмыста, білім, білік, дағдыларын бақылауда т.б. Жаңа материалды меңгерту барысында қолданылған көрнекілік сөзбен берілген түсініктемелерді иллюстрациялау қызметін атқарады. Мұны Н.И. Пироговтың мына сөздермен дәлелдесек : Көрнекіліктің бір өзі сөздің көмегінсіз балалардың есінде әр уақытта сақталмайды - деген болатын.
Демек, Н.И.Пирогов көрнекілік пен сөздің оқу-тәрбие процесінде бір-бірімен байланыстылығын көрсетіп берді. Сабақта көрнекілік мұғалімнің сөзінің орнына жүре алмайды. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілік бірге жүретін процесс, өйткені, көрнекілік оқу материалын сезімге бейнелеу арқылы берсе, мұғалімнің өзі осы қалыптастыруды және жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Негізгі оқу материалы мұғалім сөзі арқылы беріледі, ал көрнекілік оны иллюстрациялайды, бейнелі етеді. Алайда, мұғалім бұл жағдайда мұғалім сөзі көрнекілік мазмұнымен дұрыс ұштасуы тиіс. Осы ұштастырудың екі жолы бар:
1) көрнекі құралдарды көрсету мұғалім сөзінің алдында келеді. Ол шәкірттерде байқағыштықты дамыту үшін керек.
2) сөзбен түсіндіру құралдарды көрсетудің алдынан келеді. Уақыт аз жұмсалады. Сонымен бірге көрнекі құралдарды өз бетінше жұмысты орындау кезінде қолдануға да мүмкіндік мол. Өйткені, бұл кезде қолданылған көрнекілік жекелеген оқушының білім деңгейін анықтауға қызмет етеді. Өз бетінше жұмыс барысында қолданылған көрнекі құралдар салыстыру, анализ жасау, қорытынды жасау сияқты ой операцияларының әр оқушыда дамуына, есте сақтау қабілетінің артуына, бақылау дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Білім мен білікті тексеру мақсатында қолданылған үлестірмелі дидактикалық материал не компьютер сияқты әр оқушының білім деңгейін дер кезінде анықтап алуға жағдай туғызады. Көрнекілік құралдарды сабақта пайдалану мұғалімнен аса шеберлікті, шығармашылықты қажет етеді. Өйткені, орынсыз қолданылған көрнекілік балалардың ой-өрісінің дамуын тежейді, қызығушылығын жояды. Сондықтан да мұғалім көрнекілікті пайдалануда оған қойылатын талаптарды ескеруі тиіс. Сондай талаптардың бірі - көрнекіліктің оқушы жасына, жас ерекшелігіне сай болуы. Төменгі сынып оқушылары затты тұтас қабылдай алмайды, оның тек сыртқы белгілерін ғана көреді. Ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Н.Д.Ушинскийлер көрнекіліктің дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылатынын, нақтыдан дерексізге, түйсінуден танымдықға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделетінін айтқан еді. Мұғалімнің екінші ескерер талаптарының бірі - көрнекіліктің эстетикалық талғамының болуы. Сабақта қолданылатын көрнекіліктің бәрі бірдей дайын күйінде таптыра бермейді, сондықтан да қажетті көрнекілікті мұғалімнің жасауына тура келеді (сызбалар, кестелер, бейнелік суреттер, модельдер т.б.). Көрнекілік жасауда мұғалім мынадай талаптарды ескергені жөн:
- әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс;
- көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру мақсатын көздеп, балалардың талғамын өсіретіндей әсем, ұқыпты орындалғаны жөн;
- көрнекі құралдар жүйеленіп жинақталған күйде пайдалануға дайын тұруы тиіс;
- оқулықтағы бар ережелерді, анықтамаларды көрнекілікте қайталап берудің қажеті жоқ.
- оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс көрнекілік мазмұнында тасада қалып қоймауы тиіс;
- әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көретудің тәсілдерін пайдалануға болады, яғни басқа түспен не басқа шрифтімен жазып көрсетуге болады [17].
Көрнекі оқытудың негізгі мәні күрделі сөз мазмұндарын көрнекі құралдармен ұштастырып немесе тәжірибе қою арқылы түсіндіру.
Бастауыш мектеп кластарында көрнекіліктердің жиі қолданылатын себебі баланың ой-өрісі тар келіп, нақты бейнелерге сүйенуді қажет екендігінен деп түсінеміз.
Көрнекіліктің түрлерінің мақсаты - сол нәрселердің өзін түсіну үшін емес, белгілі тапсырманы орындауда тірек ретінде қолданылуында болып отыр. Өйткені бала жас болғандықтан, көрнекі тіректерге сүйенбейінше өз бетімен оқу тапсырмаларын меңгере алмайды. Мұның себебі балада абстрактік бейнеге қарағанда нақты бейне басым келіп, ол, негізінен, соған сүйенетін болады. Бұл ерекшелік бірінші класта ғана емес, бастауыш мектеп оқушыларының бәріне де тән дерлік қасиет.
Әдетте, көрнекілік сабақта әр түрлі мақсатпен қолданылады. Бір жағдайда, сабақ баяндап тұрғандағ мұғалім өзінің ойын оқушыларға нақты етіп дәлелдеу үшін, соған байланысты көрнекіліктің бір түрін көрсетеді. Екінші жағдайда көрнекіліктің мақсаты мұғалімнің ойын дәлелдеу емес, бақылайтын нәрсе туралы оқушылардың мағлұматтарын, білім мен елестетулерін өрістетуге қолданылады. Көрнекілікті қандай мақсатпен қолдануға байланысты оқушылардың бақылауын ұйымдастыру тәсілдері де түрліше келеді.
Соңғы кезде сөз бен көрнекіліктегі бейнелерді қандай тәсілдермен ұштастыру керек екені жөнінде зерттеулер жүргізіліп, осыларды өзара неше түрлі етіп байланыстыру, әр түрлі нәтижелер беретіні анықталды. Л.В.Занковтың зерттеулеріне қарағанда, сөз бен көрнекілікті өзара ұштастырудың, негізінде, мынадай төрт түрлі жолы бар.
Бірінші жағдайда, көрнекіліктегі, мазмұндар туралы мағлұматтарды оқушы мұғалімнің ауызынан естімейді, ол өз бақылағандарынан алады. Осыны сөз бен көрнекілік ұштасуының 1-түрі деп атайды. Сөз бен көрнекілік ұштасуының бұл тәсілі практикалық сабақтарда жиі пайдаланылады.
Екінші жағдайда, мұғалім көрнекілікті пайдалана отырып, осында не нәрсе көрсетілгенін өзі қалдырмай айтып береді. Сондықтан мағлұматтарды оқушы көрсеткен нәрседен алмайды, ол осындағы мазмұндарды мұғалімнің аузынан еститін болады. Мұны сөз бен көрнекілік ұштасуының 3-түрі дейді. Бұл тәсіл сабақтардың көпшілігінде қолданылып отырылады және осы тәсілдің мақсаты оқушыларды бақылампаздыққа үйрету емес, сабақтың мазмұнын кеңінен түсіндіріп, мұғалім өз ойын дәлелдеу үшін ғана қолданылады.
Үшінші жағдайда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
Бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда көрнекілік арқылы білім беру жолдары
Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану
Техникалық көрнекі құралдар
Бастауыш сынып математика сабақтарында пайдаланатын оқыту əдістерін таңдау
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Пәндер