Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.


Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізінде қалыптастырудың теориясы
1. 1 Рухани - адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық -психологиялық әдебиеттердегі таралуы . . . 9
1. 2 Рухани - адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу өлшемі, деңгейлері . . . 21
1. 3 Рухани - адамгершілік құндылықтардың негізгі шарттары . . . 25
2 Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік- эксперимент нәтижелері
2. 1 Орта сынып оқушыларының рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары . . . 30
2. 2 Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру әдістемелері . . . 33
2. 3 Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар нәтижелері және оларды талдау
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру - үлкен қажеттілік екені, Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан -жақты негізделген. [1]
Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтар мен қатар мейірімсіз, қатегез жастар ауылдан да орын алды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, қарым -қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ал «Қазақстан Республикасы жалпы білім беру «тұжырымдамасында» жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау» -міндеті ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді. [2]
Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселесімен тікелей байланысты қарастылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын күшейте түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.
«Адамгершілік» ұғымының педагогикалық термин ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал «руханилық» ұғымының мәні әртүрлі салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ғылымында категориялық деңгейдегі анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу обекътісі болып отырғаны баршаға белгілі.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова, т. б) .
Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтар жайында А. Қ. Каплиева, Р. К. Төлеубекова, Р. С. Омарованың т. б еңбектеріне сүйене отырып зерттедік.
Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілігін қалыптастыру мәселелері біркелкі зерттелінгендігін айқындайды.
Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Сондықтанда дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу пәні - жоғары класс оқушыларының рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу мақсатты - білім беруде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы - Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері заман ғалымдарының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдық мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында пайдаланылса, онда рухани- адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі мектептің оқу-тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-адамгершілік негізде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне оң ықпал жасай алады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
2. «Рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;
3. Оқушылардың рухани-адамгершілігі құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
4. Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттеу.
Жетекші идея - рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушылардың ұлттық және жалпы азаматтық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - философиялық, танымдық ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, іс-әрекет теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, ізгіліктілік, демократиялық, кешендік, біртұтастық, жүйелілік. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы.
Зерттеу көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері ресми материалдармен құжаттар (Қ. Р. Конституциясы, «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы «Этномәдени білім беру» тұжырымдамасы, т. б), оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен озат педагогтардың іс-тәжірбиелері.
Зерттеу әдістері - зерттелініп отырған мәселеге байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; теориялық жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, алынған нәтежелерді статикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең - зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, мектеп құжаттары зерделенді, рухани-адамгершілік құндылықтар тәрбиесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер жинақталып, сараланды.
Екінші кезең - оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, қажетті дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар жасалады.
Үшінші кезең - рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға байланысты эксперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтежелері дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасаланып, қорытындыланды.
Зерттеу базасы. Эксперимент Ақтөбе қаласындағы №33 мектепте өткізілді. Экспериментке 56 оқушы, оның ішінде 28 эксперимент тобында, 28 бақылау тобында өтті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық пәні ;
- Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық.
- «Рухани - адамгершілік құндылықтар», ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
- Оқушылардың рухани -адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
- Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірбие жүзінде зерттедік.
Зерттеудің практикалық мәні.
- Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда тәжірбиелі-эксперимент жұмысында сынақтан өтті.
- «Өмір тәжірибесі туралы ойлау» тесті алынды;
- «Мақал-мәтел» тест әдістемесі өткізілді;
- «Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру» бағдарламасы;
Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрлымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы.
«Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының «рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыдан негіздеп, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісінің теориялық негіздері айқындалды.
«Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент нәтижелері» атты екінші тарауда оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылып, әдістемелер жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың динамикасы анықталып, жұмыс нәтижелерінің эксперименттік қорытындылары шығарылды.
1 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізінде қалыптастырудың теориясы.
1. 1 Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz