Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 2
1 Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетке тәрбиелеудегі лирикалық шығармаларды оқытудың теориялық . . . 7
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетке тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық бастаулары . . . 7
1. 2 Лирикалық шығармаларды оқытудың әдеби бастаулары мен теориялық негіздері . . . 21
2 Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетке тәрбиелеудің тәжірибелік барысы . . .
2. 1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау . . . 37
2. 2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау . . . 47
Қорытынды . . . 59
Әдебиеттер тізімі . . . 61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Білім берудің қазіргі жағдайында үздіксіз білім беру және өзін - өзі сауаттандыру мәселесі аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл ретте өзін - өзі сауаттандырудың тиімділігі білім берудің тиімділігі тәрізді, оқу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болып келеді. Адамгершілік қасиетке тәрбиелеу алғашқы кезеңдерінде оқу техникасына басча назар бөлінсе, келесі кезеңдерінде мәтінді түсінуі алдыңғы кезекке шығады. Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу, негізінен, ұзақ жылдарға созылады. Бастауыш мектеп бағдарламасы оны сыныптан сыныпқа жетілдірудің жолдарын қарастырады және әр кезеңдегі оның қалыптасу деңгейі оқылған мәтіннің көлемі, оқу жылдамдығы, дұрыс оқу, оқығанды түсіну тәрізді көрсеткіштермен өлшенеді. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесін сөйлеу әрекетінің спецификалық түрі ретінде А. А. Леонтьев, И. А. Зимняя, А. Н. Соколов, Н. И. Жинкин, Т. Г. Егоров тәрізді психологтар мен психолингвистер қарастырады. Олар адамгершілік қасиетке тәрбиелеу негізгі кезеңдерін зерделеп, оқу үрдісіне қатысатын сөйлеу механизмдері мен олардың пәндік мазмұны, құрылымдық элементтері қаралады. Адамгершілікке тәрбиелеу және жетілдіруге байланысты туындаған сұрақтарды көптеген әдіскерлер өз еңбектерінде қарастырады. Педагог ғалымдардың зерттеулері бойынша бастауыш сыныпта оқушыларға әлем лирикалық шығармаларнің көрнекті шығармаларын оқыту, өлеңдер мен мысалдар, мақал-мәтелдер оқыту арқылы оқу дағдысы қалыптасатындығы туралы айтылады.
Қазақ ағартушыларының еңбектеріне тоқталатын болсақ, бұл мәселе төңірегінде М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов құнды пікірлер айтады. А. Байтұрсынов: «Дағды адам әрекетінің қай -қайсысында да ерекше орын алады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырады» деп қорытады.
Ғалым С. Рахметова, П. Жаманқұлдың бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларында лирикалық шығармаларды оқу пәні бойынша дұрыс оқуға, түсініп оқуға, шапшаң оқуға және мәнерлеп оқуға назар аударылады.
Қазіргі таңда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы күрт төмендеп кеткені ащы шындық. Бұған ақпарат көздерінің молдығы, оқушылардың бос уақытының аздығы, жаңа технологиялардың оқуға деген қажеттілікті кері ысырғандығы себеп болып отыр.
Дипломдық жұмысты жазу барысында біз оқушылардың адамгершілікке қасиетке тәрбиелеу жолдарын іздеумен бірге олардың лирикалық шығармаларды оқуға деген ықыласын арттыру мәселесін де қарастырдық. Мұның өзі біздің зерттеуіміздің өзектілігін арттыра түседі. Білім беру саласындағы осындай өзекті мәселелерді қарастыра келіп, біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты. Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілуі және адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі сипаты ретінде бастауыш сыныпта оқытылатын лирикалық шығармалар.
Зерттеу пәні. Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері.
Зерттеудің болжамы: Егер лирикалық шығармаларды оқу пәні бойынша лирикалық шығармаларды түсініп оқуына мән берілсе, онда оқушылардың адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Зерттеу міндеттері.
Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді зерделеп, нақты мәселе бойынша ғалым - әдіскерлер мен озат мұғалімдердің тәжірибелерін талдау;
Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып адамгершілікке міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу техникасының деңгейіне әсер ететін негізгі әдіс - тәсілдері;
Эксперимент жұмыстары арқылы оқушылардың бойында адамгершілікке тәрбиелеу нәтижесін тексеру.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Адамгершілік қасиетке тәрбиелеу басты әдістерінің негізін салушы К. Д. Ушинский болды. Сонымен бірге жетекші психолог И. Кант, Н. Бердяевтің философиялық концепцияларында, Л. Толстой, В. Розонов, И. Бунаков, В. А. Сухомлинскийдің философиялық - педагогикалық идеяларында адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі талданады.
Мәселенің деректік көзі. ҚР «Білім туралы» Заңы, пәндік оқу бағдарламалары, оқулықтары, озық іс-тәжірибелер, автордың зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жеке адамды дамыту туралы ілімдері, оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуқалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық тұжырым, оқыту принциптері дипломдық жұмысымызға негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеп отырған проблема бойынша психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы.
- Дипломдық жұмыста оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу ерекшеліктерін ескере отырып қалыптастыру мүмкіндігі сипатталады.
- Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеужетілдіру мәселелері бойынша ғалымдардың пікірлері жүйеленді;
- Оқушылардың бойында адамгершілікке тәрбиелеу лирикалық шығармаларды оқыту арқылы жетілдірудің ғылыми зерттелу деңгейі анықталды;
- Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктері айқындалды;
- Оқушылардың бойында лирикалық шығармаларды оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу оң нәтижелері анықталды. Дипломдық жұмыс бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге және жоғары оқу орнының студенттеріне ұсынылады.
Практикалық базасы. Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе -2, №6 орта мектебі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде дипломдық жұмыс бойынша психологиялық - педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, проблеманы әзірлеу, шешілу деңгейлері, зерттеу әдістемелері, оқушылардың оқуға деген ынтасының артуына теріс әсер ететін факторлар анықталды.
Екінші кезеңде зерттелетін мәселе бойынша мектеп мұғалімдерінің іс - тәжірибелері талданып, оқушылардың білім мазмұнын жаңашаландыру, адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін әзірлеу, анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде эксперимент қорытындылары жасалынып, жүйеленді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, ғылыми аппаратқа (зертеудің нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері) сипаттама берілді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні ашып көрсетіледі.
“Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеудағы лирикалық шығармаларды оқытудың теориялық негіздері” атты бірінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетке тәрбиелеу тарихи - педагогикалық аспектілері, оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеутүрлі оқу технологиялары арқылы қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі, жас ерекшеліктің адамгершілікке ролі көрсетіліп, талдаулар жасалады.
“Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетке тәрбиелеу тәжірибедегі барысы” атты екінші тарауда оқушылардың оқу техникасын жетілдіру әдістемесі, оқушылардың оқу дағдыларын лирикалық шығармаларды оқыту арқылы қалыптастыру жолдары мен құралдары қарастырылса, үшінші тарауда оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу ұсынылған педагогикалық жүйе бойынша тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланады.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», - деп ерекше бөліп көрсетті. Осыған орай әлемдік жаһандану жағдайларына байланысты біздің елдегі жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеужетілдіру, өз бетінше оқу, үздіксіз білім алу мәселелерін дамыту талабы тұр.
Оқушылардың бойына лирикалық шығармаларды оқыту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, жетілдіру, дамыту мәселесін зерттеу ең алдымен тарихи, педагогикалық тұрғыдағы талдауды талап етеді.
1 Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық бастаулары
Үшінші мыңжылдық табалдырығын аттаған сәтте, қоғамның аса маңызды функцияларының бірі білім беру мен тәрбиесінің алға қойған мақсаттары да жаңара түсуде. Бүгінгі күннің тәрбиесінің алдыңғы міндеті - бұл жан - жақты, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру. Жан - жақты мәдениетті мәдениетті тұлғаны қалыптастыру ең алдымен әрбір адамның туған этносының рухани адамгершілік мәдениетін, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру мәселесімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту міндеті көзделген[1] .
Демек, жастарды терең білімді, жан-жақты мәдениетті және жалпы азаматтық құндылықтарды саналы түрде бағалайтын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын тұлға ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр.
Қазақ халқы ертеден - ақ адамдар арасындағы сыйластық қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлген. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткен халықтың асыл қазыналарының ішкі астарына зер салсақ, ата-бабамыз ұстанған тәлім - тәрбиенің биік шоқтығына тап боламыз. «Шыр» етіп дүние есігін ашқан сәбиден бастап, адамның қартайып о дүниеге аттанғанға дейінгі кезеңі аралығында адам өмірі сол қоғамның заңдары мен ережелеріне тығыз байланысты болады. Қай қоғамда да, қай заманға да тәрбиелі, білімді, адам қажет. Ұлы бабамыз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекке, оның барлық өміріне апат әкеледі», - деп тәрбиенің қызметін жоғары бағалайды, Ал тәрбие мектебі «этика» мен «мораль» қағидаларына жүгінеді.
«Этика» термині көне грек тіліндегі «этос» деген сөзден шыққан. Ол алғашқыда «өмір сүру орны» (адамдар қонысы, жануарлар үңгірі) деген мағанаға ие болған. Кейінірек табиғатты қандай да бір тұрақты құбылысты, мінез -құлықты, әдет - ғұрыпты басымырақ көрсетті. Грек тіліндегі «этос» сөзіне үйлес латын тілінде «сән», «әдеп», «мінез» т. б. мағаналарын білдіретін сөз болған. Ежелгі Рим философы Цецирон ол сөзден (моралдық) сын есім жасалған. Сөйтіп, «мораль» деген сөз пайда болды. «Адамгершілік» терминін алсақ ол «мораль» сөзінің үйлесімі болып табылды және ол сөздіктерде ХVIII ғасырдың аяғында ғана жасала бастады.
Адамзат тарихына терең бойлаған әрбір саналы азамат небір өркениетті елдердің рухани мұраларын дамытуға баса назар аударғанын айқын аңғарады. Өйткені адам баласының материалдық игіліктерді тиімді игеруі оның ой-өрісімен тығыз байланысты. Ал ой-өріс деген мәселе рухани дүниетаныммен, рухани құндылықтармен астасқанда ғана мәуелі жемісін береді. Адамның рухани дүниесі дегенде оның ұлттық құндылықтарды меңгеру деңгейін, адами қасиеттерінің молдығын есепке аламыз. Адамның рухани әлемін кеңейтетін құнды мұраларға ата-бабаларымыздан мирас болып келген мәдени игіліктер, еліміздің интеллектуалдық қазыналары жатады. «Қазақтың ақылы көзінде, қасиеті сөзінде» деп халық мақалында айтылғандай барлық асылдың бастауы сөз өнеріне, ауыз әдебиетімізге барып тіреледі.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Оқушының келешекте алатын жалпы білімі мен арнаулы мамандығының іргетасы осы бастауышта қаланады. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке ерекшеліктері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспады. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі де осы бастауыш мектеп. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Лирикалық шығармалар оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір көзі ретінде қарастырған жөн. Балаға білім нұрын себумен қатар, оның бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту лирикалық шығармаларды оқыту барысында асырылатыны сөзсіз. Бастауыш білім жүйесінде бұл мәселені шешетін тұлға - Ұстаз.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я. А. Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады
Оқушылардың жүгіртіп, түсініп, мәнерлеп оқуын қалыптастыру - бастауыш білім берудің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл міндет өте өзекті міндеттердің бірі, өйткені адамды тәрбиелеуде, дамытуда және білім беруде оқудың алатын орны ерекше. Оқу дегеніміз балалардың өзін және қоршаған ортаны тануына жәрдемдесетін терезе болып табылады. Оқу кіші мектеп жасындағы оқушылардың атқаруға тиісті дағдысы ғана емес, оларды тәрбиелейтін және дамытатын құрал болып табылады. Оқу іскерлігі мен дағдысы оқушының сөйлеу және ойлау әрекетінің аса маңызды бір түрі ғана емес, білім беру сипатына ие, мектептен және сыныптан тыс жағдайлардың бәрінде, сондай - ақ барлық пәндерді игеру барысында қолданылатын іскерлік пен дағдының күрделі кешені болып табылады. Соған сәйкес, жүгіртіп, түсініп, мәнерлеп адамгершілік қабілетінжетілдіру үшін жүйелі, мақсатты бағыттандырылған жұмыстарды жүргізген жөн. Адамгершілікке тәрбиелеу білім беру саласы мен балаларды оқыту мен тәрбиелеуде аса маңызды роль атқарады. Сондықтан да жаңашыл ұстаздар мен әдіскер - ғалымдар оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу және дамыту мәселесіне байланысты сандаған тәжірибелерді жасады. Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдысын жетілдіруге бағытталған заманауи әдістемелер өткен дәуірдегі құнды әдістемелерді өзіне басшы етіп алып отыр. Сондықтан біз дипломдық жұмысты жазу барысында зерттеудің тарихи көзі етіп адамгершілік қабілетін дамыту мәселесімен айналысқан жетекші психологтардың еңбектерін, И. Кант, Н. Бердяевтің философиялық концепцияларын, Л. Толстой, В. Розонов, К. Д. Ушинский, И. Бунаков, В. А. Сухомлинскийдің философиялық - педагогикалық идеяларын пайдаландық. Адамгершілік қасиетке тәрбиелеу басты әдістерінің негізін салушы К. Д. Ушинский болды. Ол көркем шығармаға «біздің балаларға өмірдің түрлі жақтарын көрсететін тереземіз тәрізді қарауымыз керек» екендігін айтты және «баланың көркем шығарманы түсініп оқуы жеткіліксіз, оны сезіне білуі керек» деп баса көрсетті. Ушинский әдістемесіндегі мұндай ереже оқудың танымдық маңызы зор екендігін көрсетумен бірге оның оқырманға тигізетін эстетикалық әсерінің мәнін де айқындайды. Ушинский оқу міндеттері ретінде оқытудың баланың ойлау қабілетін дамытуы мен грамматикалық нормаларды меңгертуін де қосады. Ол ғылыми - көпшілік мақалалары мен көркем шығарманы оқудың түрлі жолдарын ұсынып, шығарманың түріне байланысты әңгіме жүргізудің түрлі принциптерін құрастырады, фольклор мен мысал үлгісіндегі шығармалармен жұмыс жасаудың спецификасы туралы нақты нұсқаулар береді.
Лирикалық шығармаларды оқу сабақтарында К. Д. Ушинский үлкен рольді табиғаттың өмірін бақылай білуге беріп, оқу барысында көрнекіліктер қолдануды талап етеді. Отандық тілді үйретуде көрнекілікті басты принцип етіп ұстау керек деп санайды. К. Д. Ушинскийдің бұл жүйесі «Түсіндірмелі оқу» деп аталады.
К. Д. Ушинскийдің ізбасарлары оның оқу техникасы мен мазмұндаудағы образдық жаттығуларды алмастырып, оқушыны біліммен қаруландырып, жеке тұлға ретінде дамытатын жаңа қызықты сабақтар жүйесін енгізу керек деген ойын бөлісті.
30 - 50 жылдардағы әдістемеде мәтінді талдауға деген анықталған ұстаным болды. Ол көркем шығарманың ғылыми - іскер мақалалармен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болуына негізделді. Онда шығармамен кезеңді түрде жұмыс жасау қажеттігі, адамгершілікке тәрбиелеу жолдары, мәтінді бөлімдерге бөле отырып талдау және оны кейін тұтастай қорыту, тіл дамыту үшін жүйелі жұмыс жасау жолдары қарастырылды.
60 - 70 жылдары сыныпта оқу мазмұны мен оқу әдістеріне өзгерістер енгізілді. Көркем мәтінді талдау әдістемесі жетілдірілді: орындау жаттығулары азайып, шығармашылық жаттығулар - оқығанының төңірегіндегі жеке ойын айтуға бағытталған шығармашылық жұмыстар көбейді, шығарманың жекелеген бөліктерімен емес, тұтас мәтінмен жұмыс жасалды. Оқушылардың шығарманың идеясы мен образдарын ашуда өз белсенділіктерін көрсетуі, мәтінмен жұмыс жасау түрлерінің молдығы ескерілді. Осы уақытта кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау барысындағы іскерлігіне қойылатын талаптар анықталып, 1 - 3 сынып оқушыларының оқу дағдыларына қойылатын талаптар мейлінше айқындалды.
80 - жылдары үш жылдық мектептерге арналған лирикалық шығармаларды оқу бағдарламалары жетілдіріліп, төрт жылдық мектепке арналған бағдарламалар құрастырылды. Көркем шығарманы талдау жолдарын айқындайтын әдістемелік ережелер құрастырылды. Онда төмендегі мәселелер қаралды:
1. Шығарма мазмұнын талдау мен дұрыс, жүгіртіп, түсініп, мәнерлеп адамгершілікке тәрбиелеу біртұтас үрдіс болып табылады (мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған тапсырмалар өз кезегінде адамгершілік қабілетін жетілдіруге әсер етеді.
2. Шығарманың тақырыптық - идеялық негізін, образдарын, сюжеттік желісін, композициясын, көркемдік құралдарын ашу оқушының сөздік қорын молайтып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.
3. Оқушылардың өмірлік тәжірибелерге сүйенуі шығарманың мазмұнын саналы түрде қабылдауға ықпал етеді және оны дұрыс талдаудың қажетті шарты болып табылады.
4. Лирикалық шығармаларды оқу оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіретін құрал ретінде қаралып, оларды ұлғайту қоршаған шындықты біле түсуге жәрдемдеседі.
5. Талдау шығарма авторы ұсынып отырған фактілерді оқушылардың өмір тәжірибесімен салыстыруына әсер етіп, олардың ойларын, сезімін оятуы, өз көзқарасын білдіруге деген ықыласын тудыруы тиіс. Қазіргі әдістемеде білім беру мен тәрбиелеу міндеттері бірлікте қаралады. Шығарманың тақырыбы, оның идеялық мазмұны, көркемдік құндылығы оқушыларды тәрбиелейтін бір құрал болып табылады. Сондай - ақ, әдістемеде оқушылардың мәтінмен, кітаппен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру тәсілдеріне көп мән беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz