Халық ойындар теориясы мен проблемасының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Халық ойындар теориясы мен проблемасының

педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелуі

1. 1 Кіші мектеп оқушыларын оқытуда ұлттық қолданудың маңызы . . . 7

1. 2 Қазақ халықтық ойындарға сипаттама, олардың педагогикалық құндылығы . 12

1. 3 Ұлттық ережелі ойындардың жіктелуі . . . 19

1. 4 Кіші мектеп оқушыларын оқытуда ұлттық ойындарды

қолданудың маңызы . . . 24

2 Ұлттық сөз ойындарының оқыту процессінде қолданылуы

2. 1 1-сынып оқушыларының жүйелі сөйлеуі және грамматикалық

сөйлеу тілі деңгейіне анықтама . . . 32 2. 2 Ойынның жас кезеңіне сай жинақталуы, ұлттық сөз ойындарын

оқыту процессінде қолданылуы . . . 40

2. 3

2. 4 Тәжірибелік қорытынды эксперимент . . . 49

Қорытынды . . . 67

Қолданылған әдебиет . . . 69

Қосымша . . . 74

1 Халықтық ойындар теориясы мен проблемаларының педагогикалық, психологиялық әдістемелік зерттеу

1. 1 Кіші мектеп оқушыларын оқытуда ұлттық қолданудың маңызы

Баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекеті-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен олардың еңбектерімен танысады. Халқымыздың осындай тәрбие

туралы және аса құнды мәдени игіліктердің бірі-халықтық ойындар.

Халықтық ойындар халық педагогикасының құрамды бөлігі деп тегін айтылмайды. Себебі олар арқылы жас ұрпақты өз халқының салт-дәстүрімен де тілімен, мәдениетімен, өнерімен, психологиялық ерекшіліктерімен таныстыруға болады. Ойынға қарайтын болсақ, одан мәнді мағыналы көп істерді көруге болады.

Мысалы : көне мәдениет пен әдеби туындылар, шығармалар ойын-той үстінде ойын ретінде пайда болған.

Бүгінгі ұрпақойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, оның дүниені танып білуге деген ұмтылысы, әлеуметтік-экономикалық өмірінің ойласы екенін білуі тиіс.

Қазақ халқының ойындары өте ерте туып, оның көшіп-қонған өмірінен түсінік бергендей әсер қалдырады. Олай дейтін себебіміз ойындардың көпшілігі көшпелі тұрмысқа, салт жүріске лайықталып, арнайы материалдың әзірліксіз ойнала беретігінде. Халықтық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып, халықтық дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің бейнесі болып қала берген. Сонымен қатар халықтық ойындар сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Осы ойындар ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпес қызметін атқарған. Тарихының көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескермейтін нәрсе өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да осы ойын болып саналады. Бүгінгі таңда жеткеншек ұрпаққа гуманистік тәрбие беруде, олардың болашаққа деген нақты көзқарасын қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдануға жоғары баға

беруге болады.

Сондықтан қазіргі кезде «балалар этнографиясы» сияқты ғылыми бағыттар қалыптасуда. Қазақ халқының ойындарының тарихы өте бай. Ертеде ауыз екі туып, жалпақ жұртқа ауыз екі тараған, көпшілік ойындары күні бүгінге дейін сақталған, халық арасында таралған. Негізгі тарихи деректерге сүйенсек қазақ бетінде алғаш рет зерттеп жинаушылардың бірі ретінде Италия елінің саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Маңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірде мекендеген ру тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Одан кейінгі деректерді біз итальяндық Марко Поланың австриялық И. И. Новокамскийдің орыс саяхатшысы П. И. Рычковтың, орыс ғалымы П. С. Палстың, венгер зерттеушісі А. Вамберидің, неміс этнографы Р. Картуцканың, неміс ғалымы А. Гумбольдың, поляк халқының өкілдері А. Янушкеевич, С. Гросс, Б. Зеленский тағы басқа жазбаларынан кездестіреміз. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К. Покровский, А. И. Ивановский, Н. И. Гродеков, Е. А. Алекторов, Э. Диваев, А. Левшин, Н. Пантусов, Ф. Лазаревский, П. П. Пашин, Е. Букин, О. Эмжанов тағы басқалары болады.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен жеке нұсқауларын жинақтаушылардың қай-қайсысы болмасын оны жоғары бағалап, көшпеліхалықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А. Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый құрметі мен ойын-сауықтары естен кететін шаруа емес. Мен өмірде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек» деген.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып келіп қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар» деген кітаптың авторы А. Янушкеевич естен кетпейтін естеліктер жазды.

Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын әр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады. Сонымен бірге А. Янушкеевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен әдет ғұрыптарымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді.

Халқымыздың мәдени құндылықтары және тәрбие құралдарының құрамдас бөлігі-ұлт ойындары. Ойын арқылы адамзат баласы тіршілікті игеру,

Қоғамға араласу, табиғат және құбылыстарды меңгеру сатыларынан өтеді.

Ойын оны дамытады, тәрбиелейді, өсіреді. Тәрбиелеу және білім беру ісінде де ойын-негізгі құрал, тәсіл, амал.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті ойын болса, мектеп табалдырығының алғашқы сатысында да ол жетекші фактор ретінде байқалады. Кіші мектеп оқушысы даму және қалыптасудың қайшылықтарын шешуде, өмірдің жаңа сатысы мектепте оқуға бейімделуде, ойын мен бірегей жүреді.

Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолдану жөнінде соңғы уақытта көптеген ғылыми, әдістемелік әдебиеттерде айтылып келеді.

Ойынның теориясы негізінде Ф. Фребель, Н. К. Крупская классификациясынан басталып Р. Жуковская, Н. Е. Михайленко, Н. А. Короткова

Н. П. Нечаева зерттеулері. Ұлттық ойын проблемалары аясында итальян зертеушілері бағытын көрсеткен. Қазіргі ұлттық зерттеулер А. Бүркітбаев, Д. Жолымбетов Е. Сағындыков, Кұралбекұлы, А. Молдағарин, М. Тұрыпкелдина

Б. Тотенаева еңбектері оның оқыту және тәрбие мәселесіндегі құндылығын аша түседі.

М. Тұрсынкелдина, А. Бүркітбаева, Е. Төтенаев еңбектері ұлттық ойындардың практикалық мәнін көрсетіп, олардың білімділік-тәрбиелік маңызын дәлелдейді. С. Қалиев, А. Молдағарин әдістемелік зерттеулерінде ұлт ойындарын оқыту процессінде қолдану мүмкіндіктері зерттеледі.

Қазақ халқының фальклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Э. Диваев өзінің «Қырғыз/қазақ/ балаларының ойыны» деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптасқан әдет ғұрып бойынша жас ерекшіліктеріне қарай жас өспірімдерді негізінен үш топқа бөледі.

Бір жастан жетіге дейін - нәресте, жеті жастан он бес жасқа дейін - бозбала, ал он бестен отызға дейін -жігіт.

Осының негізінде қазақ ойындарын да сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп үш топқа бөледі. Сонымен бірге Э. Диваев ойыншықтар туралы айта келіп қазақтарда қыз балалар қолдан жасайтын қуыршақ пен ер балалар саздан жасайтын аңдар турлері бар екенін айтады. Сонымен бірге ұлт ойындарының тарихы туралы мәліметтер қартардың аузынан да жинақталған. Олар ойындар түрлерін айта келе олардың тәрбиелік мәнін түсіндіреді. Олар: Шығыс Қазақстанда тұратын Исенов Нүрке, Семейлік Қисықов Асқар, Төлеужанов, Омаровтар.

С. Мұқанов « Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде «Орда» атты есеппен ойналатын асық ойыны болғанын бірнеше ретатап өтеді. Осы ойын туралы деректер жинаған профессор К. К. Юдоххин 1940 ж. Москвадан шыққан «Труды института востоковедение»жинағының 2 санында, бұл 5 санымен есептеудің ерекше жолы қолданылатын логикалық ойлауға арналған күрделі ойын деп көрсетеді.

Сондай-ақ Б. Төтентаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітабында «Абылайдың алты алаш» атты ойынды атап, ол ойын қазір ұмыт болған, бірақ мазмұны жағынан ол «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» ойыны сияқты деген деректер береді.

Жалпы ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі деп VІІ-ІХ ғ. Кезеңдерді айтуға болады. Осылайша қазақтың ұлт ойындары жөніндегі деректербасылым беттерінен жарық көріп, дамып отырған.

Жоғарыда көрсетілген еңбектер жалпы зерттеу жұмысының теориялық негізгі және практикалық нұсқасы ретінде басшылыққа алынады.

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сыныптың оқыту процесі.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныпқа баларды оқыту процесінде қолданылатын ұлттық сөз ойындарын жинақтау,

топтастыру, тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу міндеті :

  1. Ұлттық сөз ойындары тарихына байланысты психологиялық педагогикалық әдістемелік талдау жасау, жинақтау;
  2. Ұлттық сөз ойындарын практикалық қолданунәтижесінде 1 сынып оқушыларын байланыстырып жүйелі сөйлеу, грамматикалық сөйлеу тілін бекіту, жаңа білімділік жетістіктерге жетудің деңгейін
  3. анықтау.
  4. Бастауыш сыныптың педагогикалық процесінесай жинақталған ойын жүйесін бағдарламаға енгізуді ұсыну.
  5. Ұлттық сөз ойындарын оқыту процесінде дәлелдеу.

Ғылыми болжам Бастауыш сыныпты оқыту процесінде ұлттық сөз ойындарын қолдану оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеуінің грамматикалық құрылымын бекітудің, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтудың бір тәсілі бола алады, егерде;

  • ана тілі сабақтарында жаңа білім беру мазмұнын ұлттық сөз ойындарын қолдану арқылы жандандырса;
  • сауат ашу сабақтарында жаңа дыбыспен таныстыру ұлттық сөз ойындары арқылы бекітілсе;
  • сөйлем ішіндегі сөздердің мәнін ажырата білуге (тура және ауыспалы мағыналары) мәтін баяндаудың түрлерін меңгеруде ауызша-жазбаша шығарма құрастыруда, ұлт ерекшілігін білдіретін шұрайлы сөздерді жаңғыртып, олардың мағынасын саналы ұғындыру үшін сөз ойындары қолданылса.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында төмендегідей ғылыми әдістері қолданылады:

  • Әдебиеттерге талдау, бақылау, тәжірибелік эксперимент, алынған қорытындыларды статистикалық өңдеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы төмендегі бөлімдерден тұрады:

  • Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу пәні, ғылыми болжам беріледі.
  • Зерттеу жұмысының І бөлімінде зерттеу талабына сай психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалады.
  • ІІ бөлімінде зерттеу экспериментінің мақсаты, міндеті, қорытындысы шығарылады. Сонымен қатар жұмыста қорытынды, әдебиеттер, қосымша материалдар берілген.

Тәжірибелік зерттеу экспериментінде Ақтау қаласы М. Әбдіхалықов атындағы мектептің 1 «б» сыныбы оқушылары қатысты. Эксперимент моделі

ІІІ кезеңнен тұрады;

І кезеңде оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеуі, грамматикалық тіл құрылымы, сөздік қорының деңгейіне анықтама жүргізеді.

ІІ кезеңде арнайы жүйеленген ұлттық сөз ойындары арқылы жаңа жетістіктерге жетуге бағыт жасалады. Анна тілі және сауат ашу сабақтарында ұлттық сөз ойындары қолданылады.

ІІІ кезеңде алыңған ойындар жүйесінің тиімділігі қайта тексеру экспериментінде дәлелденеді

1. 2 Қазақ халықтық ойындарға сипаттама, Олардың педагогикалық құндылығы

Қазақ халқының ойындары олардың әлеуметтік-экономикалық

жағдайларына байланысты туып дамып келеді.

Ұлттық ойындар өте ертеде туып, оның көшіп-қону тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасалған. Себебі қазақ халқының ұлттық ойындарының көпшілігі көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнай беретіндігінде ғана емес, сонымен қатар халқымыздың психологиялық ерекшілігінде. Халқымыз ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шындай түсетінін біліп, ойынға халық ерекше мән берген. Қазақтың халықтық ойындары ерлікті, өжеттілікті батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты тағы басқаша мінез құлықтың ерекшіліктерімен бірге күш-қуатмолдығын, білік күшін, дененің сомдалып шығуын қажет етеді.

Сонымен қатар бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғарғы принциптеріне негізделген.

Мысалы: Бәйге, ол үшін алдын-ала дайындалады осы бәйгеге әзірленген кезде қасында болған бала осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебін өткендей әсер алады. Сондықтан қазақтың халыұтықтық ойындары тек ойын-сауықтық жағынан емес, ол спорт, ол-өнер, ол шаруашылық, тәжірбиелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу. Алтын қабақ ату, жамбы ату, тағы басқада спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Үлкен мерекелерде халықтың «Көк-пары», «Қыз бөрі», сияқты спорттық ойындары ойналған.

Халықтық ойындар тақырыпқа өте бай және әралуан, мазмұны бай келеді. Олардың басым көпшілігі тұрмыс-салтты, соған орай жаңуарлар әлемін, аншылықты бейнелейді, халықтыңөмірін көрсететіндей түсінік береді. Қазақ халқы әрқашан кештер өткізіп ойын сауық жасаған. Олардың ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз айынан басталып, үлкен мейрам, ойын той ретінде өтіп отырған.

Әр ауылдың бәсеке, өнер жарысы ретінде алдымен ойын түрінде басталған. Бұл ойындар халықты қуантып отырған, олардың мазмұны да әр алуан.

Ойындарға халық өте мән берген. Халықтың қай ойыны болса да айтыс, өлең жырымен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға ерелі өнеге беріп, қатты әсер еткен. Дүниені танып білуге, арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатқан. Осындай мақсатты, адамгершілік іс әрекет әдет-ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының бояуықоюланып, баланың, жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да дамуына тамаша мүмкіндік туғызып отырған.

Ойын барысында балалардың шығармашылығы орындалып, ойын үстінде жолдастыққа тәрбиелеген. Халықтық ойындар балардың тілін дамытудада маңызы өте зор. Себебі халықтың қай ойынын алсақ та көбінесе бұл ойындар өлең шумақтармен араласып отырып, олардың шешендікке тәрбиелеп отырған. Қазақ ойындарын ойнаған балалар өз тілінің нәзік қасиеттерін үйреніп, тілдің музыкасын ұғынған. Халқымыздың ойындарының көбі ойын үстінде тілдің ішкі иімдерін, халықтың ойлау жүйелерін сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін, тілдік, психологиялық ерекшіліктерін жете түсініп еркін білуге мүмкіншілік болған. Кейде осы суырып салма ақындар да осы ойындар үстінде өмірге келген.

Хаклықтық ойындар барысында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар орындалып отырған. Олардың астарында қоғамдық әлеуметтік терең ой бар. Кез келген ойындар халық өмірінің тікелей де, шартты да жинақталған көшірмесін көруге болады. Олардың ішінде әлеуметтік жағдайда «хан», «хан жақсы ма?» «Орынды тап», «Қамалды қорғау», адамдар арасындағы қарым қатынасқа «Серік-серік», «Кім ұрды?», «Белбеу тастау», «Ақ-серек-көксероек» еңбек-кәсіп шаруашылыққа «Қалай айтуды білемін», «Ақ байпақ», «Көк сиыр», «Ай құлақ», аңшылыққа «Аңшылар», тағы басқаша байланысты пайда болған ойындарды ажырату қиын емес. Әсіресе халықтың ойындарының ішінде аң, құс, жануарлардың дауысына, жүріс тұрысына еліктеп. Қимылын қайталау, бақташылық, аңшы-лық кәсіптерді бейнелейтін ойындарды көруге болады.

Адамзаттың даму тарихындағы алғашқы сәбилік ой сезімдерінің көрінісін балалар ойындарынан көптеп кездестіреміз себебі кез-келген адам өмірінің сәбилік шағы қоғамдағы, шаруашылық пен тұрмыс тіршіліктегі өзгерістерге қарамастан, адамзат қоғамындағы, балауса дәіріндегі ой-сезімдерімен белгілі бір дәрежеде сабақта. Сондықтан да ежелгі замандағы адамдардың топталып аңға шығу салты, әскери қақтығыстары, тайпа, ру көсемдерін тағайындау әдеттері, ойын мазмұнында сақталған.

«Аңшылар», «Маралымқаш» ойындарында аңды жан-жақтан қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға түсіру анық бой көрсетеді. Даусынан бір «Шұқыма» ойындарының далада із кесу, түрлі дыбысты ажырата білу мақсатында пайда болған. Ойындардың енді біреулері көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын, жаугершілік дәуірдің бітімін, рулық қауымның жол-жоралғысын өзінше қайталайды. Олардың қатарында «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Тұтқын алу», «Қамалды қорғау», «Батыр», «Ат омыраулаттыру», «Жігіт қуу», « АТ үстіндегі тартыс», «Итеріспек» сияқты іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады. Әсіресе «Қарагие» ойынындағы биіктігін де, ара қашықтығын да бір метрден қадаған ағаш таяқтардың басындағы бас киімдерді белгілі бір қашықтықта тұрып, ұзын сырықпен атқылау, бұл ойын соғыс өнеріне баулу мен қатар, рәсім қызметін атқарғандығын көруге болады. Себебі жорыққа аттанар алдында осыған ұқсасрәсімдер көптеген ежелгі тайпаларда болған.

Ойындарда ежелгі заман көріністерінің молынан сақталу себебі, олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне этикалық және эстетикалық дәстүріне тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы. Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған көпшілік отрасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың, қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болған. Ойындардың осындай қызметтерінің ішінде айрықша орын алатыны - шаруашылыққа, еңбекке, и кәсіпке баулу. Қазақ өмірінің негізгі күн көру кәсібі төрт түлік малға байланысты болғандықтан, олардың бейнесі ойындардан да көп орын алған. Ойында қойшы, қасқыр, ит («Айқұлақ», «Қақұлақ»), түйе, бота ( « Түйе-Түйе»), сиыр, бұзау ( «Көк сиыр»), теке ( «Соқыртеке») рольдеріне еніп, олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсету -көшпелі тұрмыс -тіршілігінен туған. Төрт түлік пен басқа да үй жануарларының негізгі жауы қасқыр бейнесінде берілсе, кейде қасқырдың орнына ескі сенімдерге байланысты жалмауыз кемпір тұлғасы көрініс береді.

Көшпелі тұрмыс- тіршіліктің негізінде пайда болған мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласындакең тараған. Түрлі -түсті бояумен боялған асықтармен қорғасын құйып, арнайы даярланған сақамен сан түрлі ойындар ойналған. Кейінгі жылдары олардың көбі ұмытылса, енді біреулері жаңа тәртіппен ойналады. Балалар, мысалы, Наурыз мейрамында ойналатын ұлттық ойындарының бірі болған асық ойынының өзі бірнеше түрге бөлінге: «Үш табан», «Шеңбер», «Хан талапай», «Төрт асық». Бұл ойындар балаларды жан-жақты дамытқан, әрі шаттандырып көңілдерін көтеруге себебші болған.

Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та қозғалып жүріп те ойналатын түрлері аса көп. Олардың арасынантүрлі заттарды пайдалану арқылы және сөзбен ойналатын ойындарын көбінесе қимыл- өрбіген. Ондай заттар айнала қоршаған ортада және тұрмыс-тіршілікте кездесетін тас, бөрік, белбеу, жіп, ине тағы да сол сияқты болып келедіКейде ойынға арнайы даярлайтын заттар да болады, оларға тазартылып боялған асықтарды, түрлі ойын асықтарды, қуыршақтарды, ертеректе қолданылған сиырдың түлеген жүніненжасаған допты, жонылған және кесілген ағаштарды тағы іс-әрекет барысында қарасөз, не өлең тақпақтармен қосақталып айтылады. Сөз тіркестері ойынның кезекті шартын іс-әрекеттің себебін түсіндірген.

Мысалы, «Асау мәстек» ойынында керілген арқанның үстінде отырып, жерден еңкейіп тақия алуды былай түсіндірген:

-Әй, ер екенін білейік,

Ешкі сойып берейін.

Тақия алсаң еңкейіп,

Құламасаң теңкейіп,

Ерлігіңе сенейін!

Ойын шартын қабылдаған бала:

Үйретемін көріңіз,

Маған таяқ беріңіз!- деп ортаға шығады.

Ойын жүргізушісі оған:

- Міне, саған, таяқ,

Үшке дейін санақ

Бір . . . екі . . . үш- деп жауап берелі.

Ортаға шыққан бала санақ біткенше жерден еңкейіп тақия алуы тиіс. Сөйлемнің басында не ара-арасында, аз да болса сөз қолданылмайтын ойын аз. Ойындардың енді бір тобында негізгі қызметті сөз атқарады. Мұндай ойындарды балалар көбінесе бір жерде отырып ойнайды. Бірақ, сөз ойындары кейде қимыл-әрекеттермен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Дарынды балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастырудағы теориялық негiздер
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі күрделі және көп қырлы
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Дене тәрбиесі және спорт
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz