Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушының сөздік қорын дамыту жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1МӘТІНДІ ОҚЫТУДА РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тіл дамытудың зерттелу мәселелері . . . 10

1. 2Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын

дамытудың мүмкіндіктері . . . 18

2 МӘТІНДІ ОҚЫТУДА РӨЛДІК ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ

2. 1Бақылаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау . . . 27

2. 2Анықтаушы эксперимент материалдарын

дайындау, жүргізу, талдау, салыстыру . . . 32

Қорытынды . . . 42

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 43

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда еліміздің экономикалық, әлеуметтік - мәдени жағдайы жоғарылаған сайын қоғам дамуының талабына сай білім беру жүйесі өзгеріп, жаңару үстінде. Бүгінгі қоғам болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігі жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамдық қатынасқа еркін түсетін, өмір өзгерістеріне шешіміне өз еркімен жауап таба алатын, өңдіріске белсене араласатын азаматтарды тәрбиелеуді міндет етіп отыр . Осыған байланысты оқушылардың сөздік қорын арттырудың жан - жақты жолдарын қарастыруда . Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қоғам алдында өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетіндей, ұлттық сана сезімі оянған, биік парасатты, ар - ожданы мол азамат тәрбиелеу өмір талабы болып отыр.

Әрине, жеке тұлғаны қалыптастыруда әр пәннің өзіндік орны бар болғанымен, барлық білімнің негізі, оны игеру құрамы болып саналатын қазақ тілі пәнінің атқаратын қызметі өте үлкен. Өйткені ғылымның қай саласына қатысты болса да білімді меңгеруге қажетті ой қорыту, оны дәлелді түрде дәйектілікпен айта білу, оқығанын жүйелі баяндау секілді іскерлік дағдылары оқушы тілдік фактілерді, оның ішкі заңдылықтарын тану арқылы игереді.

Оқушыға берілетін білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы мектепте. Міне сондықтан да мектептегі білім беру сабақ мазмұны, жаңа білімді игерту өзекті мәселелердің бірі.

Уақыт талабы білім жүйесінде болашақ азаматтарды тәрбиелеу үрдісіне жаңаша бағыт, соны серпілістер мен шығармашылық негіздегі педагогикалық ізденістерді қажет етеді. Адам факторы алға шығарылып, қатаң бәсекелестік заманында өзінің білімділігі мен біліктілігін таныта алар дарынды да талапты жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұны мен оқыту үрдісіндегі жаңа ойлар мен шеімдердің жүйесіне тіреледі. Бұл міндеттің жүзеге асуы осы жолдарды жетілдірумен байланысты қаралатындықтан, баланы жеке басы ерекшеліктерін ескеру ұстанымы оқытуды жеке тұлғаны дамыту тұрғысында ұйымдастыру мәселелері үлкен мәнге ие.

Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет - деп 12 жылдық оқу жүйесін қабылдауда.

Ал 12 жылдық білім беру жүйесінің алға қойып отырған мақсаттарының бірі: жеке тұлғаның тілдік шығармашылығын дамыту және тәрбиелеу арқылы коммуникативтік міндетті жүзеге асыру, яғни меңгерген тілдік білімдерін өмірде дайындау, сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша саналы білім алуының сан алуан мәселелері әдістемеші - ғалымдардың еңбектерінде сөз болып келеді.

Қазақ тілінің бала дамуының қайнар көзіне айналуы пәнді оқытудың мақсат - міндеттерімен, онда жүргізілетін әр бағыттағы жұмыстармен байланысты шешілетіні сөзсіз. Сондықтан да Ы. Алтынсарин : «Тіл сезімін дамыту- оқушының мектеп қабырғасына келгендігі сөздік қорын әрі байыту, ол әбден ойланған системаны талап етеді, » - деп тұжырымдайды . Бұл, әрине оқытудың белгілі бір тиянақты жүйемен жүргізуі тиісті екендігін көрсетеді.

Тәжірибе барысында жасөспірімдердің сөйлеу тілінде мынадай ортақ кемшіліктері көп байқалады: біріншіден, балалар өз ойын дұрыс іріктеп, орынды қолдануға төселмегендіктен, бір сөзді әлденеше рет қайталайды. Қыстырма сөздерді, қажетсіз жиі қолданады да, сөзінің әсерлілігі төмендейді. Екіншіден, ой жалғастығы жоқ. Жүйемен сөйлеу маықтары жетілмеген. Негізгі ойы мен қосалқы пікірлерін ажырату қиын. Үшіншіден, балалар сөйлегенде сөзді мәнерлі айтуға, тілдік жағдаятқа сай ырғақпен сөйлеуге мән бермейді. Қайткенде тез бере салып, құтылуға асығады, сондықтан олардың сөздерінің эмоциялық әсері де болмайды. Кейде сөйлемдеінің жігін ажыратуда мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Ал сөйлемдерінің құрамы тұрғысынан алып қарағанда нормадан ауытқып, бас аяғы белгісіз болып келетін кездері де жоқ емес.

Ауызекі сөйлеу тіліндегі мұндай кемшіліктер жазба тілінде де кездеседі. Сөйлем, азат жолдық, мәтіндердің ара жігін ажырата алмау, олардың бір бірімен сабақтастығына мән бермеудің салдарынан ой тұтастығының сақталмауы, әсіресе, ығармашылық бағыттағы жазба жұмыстары деңгейінің томендігін көрсетеді.

Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушыны сөз саптау шеберлігіне үйретудің алғышарты ретінде тіл көркемділігіне ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет . Бұл тұрғыда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттыру қажеттілігі туындайды. Бала ығармашылығын ыңдауда рөлдік ойынның орны ерекше. Баланың мектепке дейінгі негізгі әрекеті ойын десек, ол мектепке келісімен ойын әрекетінен біртіндеп жетекші әрекет оқу әрекетіне көшеді.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде бастауыш сынып оқушысының белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу рәекетінің субьектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сай өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім - тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынады. Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу . . . »

Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту жетекші орынға шығады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап - тілегін, белсенділігін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үін рухани күш беру - білімнің басты мақсаты.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс - тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, белсенділіктерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын жеке тұлға тәрбиеленіп шығады.

Тілдерді оқыту барысында ойын әдісін қолданудың мүмкіндіктері туралы бұрыннан белгілі. Шет тілін оқыту әдісімен айналысатын көптеген ғалымдар ойын әдісін пайдаланудың тиімділігіне баса назар аударған. Бұл ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе, баланың қабілеті толық, ал кейде ерекше байқалатындығымен түсіндіріледі. Й. Хейзинга адамзат мәдениеті ойын сияқты пайда болады және дамып отыр деп көрсетеді.

Алайда, шет тілдерін оқытуда ойынды пайдалану онша жеткілікті зерттелмегенін атап өткіміз келеді. Дегенмен де дәл ойын әдісі танымдық қызығушылықты арттыруда, білім алудың күрделі жолын анықтауда, оқушылардың шығармашылығын қалыптастыруға жағдай жасауда, сондай - ақ мұғалімнің кәсіби шеберлігін қазіргі заманғы технологиялар деңгейіне алып шығуда айрықша рөл атқара алады.

А. С. Выготский мен А. М. Леоньтев зерттеулері шеңберіндегі психологиялық теория адам әрекетінің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді: еңбек, ойын және оқу. Олар бір - бірімен тығыз байланысты. Ойынның пайда болу теориясы туралы психологиялық әдебиеттерді талдау, тұтас алғанда оқушылардың дамуы мен өзін- өзі көрсете білуіне арналған бағыттар аясын анықтауға көмектеседі. Неміс психологі К. Гросс ойынды мінез - құлықтың бастауыш мектебі деп атады.

Ғылымда соңғы жылдары қоғамдық тәжірибеде ойын ұғымы аса маңызды қоғамдық категория ретінде пайдаланылады. Сонымен байланысты ойын түрлері дидактикаға аса белсенді түрде ене бастады.

Ойын әдісінің көрнекті зерттеушісі Д. Б. Эльконин ойының табиғатының әлеуметтік сипатқа ие екенін және ересектер әлемінің бейнесіне тікелей тәуелді болатындығын айтады.

Ойын қызметінің психологиялық механизмдері өзін - өзі көрсететін, өзін - өзі ұстай алатын, өзін- өзі анықтайтын, өзін-өзі реттейтін және іске асыра алатын жеке тұлғаның іргелі сұраныстарына сүйенеді. Ойын - қоғамдық практиканың бір түрі, нақты өмір құбылыстарын әрекет арқылы қайта жаңғырту.

Ойын - мәдениеттің ерте кездегі жетістігі. Ол қоғаммен бірге өмір сүріп келеді. Әрбір жеке адамның өмірі ойын арқылы өтеді. Біздің заманымызда ойын тек әрекеттің жеке түрі ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласында оның әмбебап құрамына айналды: экономикада, саясатта, басқару ісінде, ғылымда, әрине, білім саласында да.

Педагогикалық әрекеттің негізгі қызметі тек білім беру ғана емес, сондай - ақ оқушының жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, проблемалық - танымдық жағдаяттар туғызу арқылы оның танымдық қызметін басқару. Адам өмірінде ойын әрекеті төмендегідей қызмет атқарады:

  • Ойын - сауық
  • Қатысымдық
  • Болжамдық
  • Ойын арқылы емдеу, басқа қызмет түрінде пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңу
  • Өзін - өзі көрсете алу
  • Әлеуметтендіру
  • Халықаралық қатысым
  • Эстетикалық

Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт - бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Бұл мәселенің алатын орнын, мақсатын, мазмұнын алғаш анықтаған М . Жұмабаев болды. М . Жұмабаевтан кейін өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова, . Карибаев, Қ. Әбдібеққызы еңбектерінде сөз етілген . Бірақ бұлардың барлығы да бастауыш сыныптар деңгейіндегі жұмыстар емес, тек қана орта буындарда жүргізілетін жұмыс түрлері болатын. Ал қазіргі кезде шығармашылық белсенділік жөнінде баспасөз беттерінде көптеген материалдар жарияланып жүр. Сонымен қатар әр сынып сайын тіл пәндері бойынша шығармашылық тапсырмалар берілген . Бірақ берілген шығармашылық тапсырмаларды оқушылар қалай орындайды, мұғалім қалай орындайтындығы жөнінде әдістемелерден толық жауап алу мүмкіндіктері табыла бермейді. Демек, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту маңызды.

Баланың жастайынан шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса онда жоғары сыныпқа келгенде шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Бүгінгі таңда, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес біліммен тәрбие беру талап етілуде. Қазіргі мақсат жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай алатын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез - құлық қалыптасқан, іскер, дене күі ақылына сай азамат тәрбиелеу. Бұл мақсатты жүзеге асыруда бастауыш сыныптан бастап оқушыларды шығармашылыққа жетелеу қажет.

Ал бұл әлі де болса білім беруде өз шешімін толық таппаған мәселелердің бірі.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін, жолдарын іздестіру, оны мектеп тәжірибесінен өткізу.

Зерттеу обьектісі: Сөздік қорды дамыту

Зерттеу пәні: Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту

Ғылыми болжамы: Егерде тақырыптың теориялық негіздегі материалдар жинақталса, сөздік қорын дамытудың әр түрлі тәсілдері оқушыға үйретілсе, ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытуға болады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Ғылыми - әдістемелік әдебиеттердегі оқушылардың сөздік қорын дамытудың теориялық негізін анықтау.
  2. Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын даму деңгейін анықтау.
  3. Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу.
  4. Жүргізілген эксперимент нәтижелерінің тиімділігін дәлелдеу, әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу әдістері:

  • Бақылау;
  • Әңгімелесу;
  • Педагогикалық эксперимент;
  • Сұрақ - жауап;
  • Салыстыру.

Жетекші идея : Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытуда оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларының деңгейін көрсетіп, адамгенршілік қасиеттерді қалыптастырып, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасына байланысты педагогикалық - психологиялық ой - пікірлер, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы.

Практикалық маңыздылығы: Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған жұмыс түрлерінің әдістемесін дайындау.

Зерттеу кезеңдері:

1 - кезең 2005 жылдың қараша, желтоқсан, 2006 жылдың қаңтар айларында тақырып таңдалып, теориялық материалдар жинақтау.

2 - кезең 2006 жылдың ақпан айы, анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, нәтижесін өңдеу.

3 - кезең 2006 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларында қалыптастырушы эксперимент жүргізіп, алдын - ала қорғауға дайындалып, жұмысты аяқтау.

Дипломдық жұмыс көлемідипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері» тарауында проблеманың психология, педагогика саласында зерттеу деңгейі қарастырылып, Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту бағытындағы жүргізілетін жұмыстар мүмкіндіктері туралы сөз болады.

« Қазақ тілі сабақтарында мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытуға бағытталған тәжірибелік - эксперимент жұмыстары» атты екінші тарауда оқушылардың шығармашылық деңгейінің шамасы, қалыптастырудың әдіс - тәсілдері, тиімділігі туралы айтылады. Жүргізілген тәжірибелік - эксперимент материалдары, оқушылардың жауаптары талданып, тәсілдері айқындалып, олардың нәтижелері практикалық жолдары көрсетіледі.

Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оқушылардың сөздік қорын дамытуға ықпал ететін іскерлікке практикалық нұсқаулар берілді.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілді.

1. Мәтінді оқытуда рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Тіл дамытудың зерттелу мәселелері

Қоғамдағы дамытушы күш жастар болғандықтан, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш - қабілет болуы керек. Ол күш -білімде, тәрбиеде, іс - әрекетте. Демек, жаңа кезеңде адамды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз.

Бүгінгі таңда « адам», «қалыптастыру», «жеке тұлға», «бағдарланған оқу» деген ұғымдарды көп естиміз. Филосовтардың айтуынша «Адам» дегеніміз өмірлік қатынаста өзін еркін ұстайтын, әрекетшіл, басқа адаммен бірігіп әрекет ететін, биологиялық және әлеуметтік болмыс. Адам - дербес сананың иесі, сезімі, ойы бар ең күрделі құндылық. Күні бүгінге дейін педагогикада « адам» ұғымы дара қолданылған жоқ, ол «жеке бас», « жеке тұлға», «индивид», « оқушы» деген сияқты ұғымдар арқылы айтылып келеді.

Олай болса, « Жеке тұлға» дегеніміз не? Психолог Л. Н. Леонтьев пікірінше: « жеке тұлға» қоғамдық ортада өмірден туындайтын тәжірибені қолданушы, ерекше типтегі психологиялық құрылым. Әлеуметтанушылар « жеке тұлға» - әлеуметтік маңызды сапаларының жүйесі деп топтайды. Педагогикада « жеке тұлға» - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субьектісі ретінде индивид жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы болмысқа, адамға, өзіне, еңбекке, қоғамға, табиғатқа.

Жеке тұлға - қоғамдық сананы алып жүретін адам, қоғамдық тірі жан . Жеке адам деп нақты адамды, қоғамның белсенді, саналы мүшесін өмірге өзіндік бір көзқарастары мен қарым - қатынастары бар, моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қысиеттері, өзге адамдардан айырмашылығы, даралығы бар жан иесін айтамыз.

Ал, жеке тұлғаның дамуына, қабілетіне, икеміне әсер етуші фактор - қажеттілік . Д. Корнеги « Ең бірінші адамның белгілі бір нәрсеге қатты қажеттілігін туғыза білу керек. Мұндай іс қолынан келген адам бүкіл әлемді мойындата алады», - дейді. Жеке адамның дамуы бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу процесі, іс - әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи құбылыстарға, адамға қарама -қарсы таным - білім процесінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Ал жеке адамды жан - жақты дамыту - тәрбиенің жалпы мақсаты жеке адамның барлық күш - қуатын, қабілетін дамыту, дене және актуальді жағынан жетілдіру, жоғары адамгершілік, эстетикалық ұғымдарын және сезімдерін жан - жақты, ақылға сиымды қажеттілікте дамыту. Енді жеке адамның жарасымды дамуы - адамның жеке басының өзіндік, даралық ерекшелігін ескере отырып, қасиеттерінің үйлесімді, сапаларының пропорционалды, келісімді дамуы. Ал даму - индивидтің тұқым қуалау арқылы берілген және өмір барысында қалыптасқан қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерге ұшырау процесі. Даму өсу процесінен, организмнің физиологиялық жетілуінен және адамның рухани дамып, әлеуметтік жан ретінде қалыптасуынан тұрады. Қалыптасу деп жеке адамның ішкі және сыртқы жағдайлардың ықпалы мен тәрбие, оқыту, әлеуметтік және табиғи ортаның әсерінен жеке басының белсенділігі нәтижесінде, даму процесі негізінде пайда болатын қасиеттер мен сапаларды айтымыз. Олай болса, жеке тұлға - күрделі әрекеттің және көптеген факторлардың бірлесе өткен әрекетінің нәтижесі.

Ал тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті, міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпал, қызмет ету, қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс - тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақтың оны меңгеруі, жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.

Оқыту - оқушыларды жүйелі біліммен, іскерлік және дағдылармен қаруландыратын, олардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру, санасы мен мінез - құлқына, дүниеге көзқарасына, сеніміне әсер етуге бағытталған оқушы мен оқытушы арасында өзара тығыз байланысты, мақсатты, жүйелі жүргізілетін педагогикалық процесс. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс. Ол оқушылардың жалпыланған қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру және меңгеру процесі мен нәтижесі, адам баласы жасаған білімдер жүйесін игеруді, соның негізінде дүниеге көзқарасты, таным - білім қабілетін, сана сезімін, мінез - құлқын қалыптастыру болып табылады. Ол арнайы оқу сабақтарында ұйымдастырылатын мақсатты оқыту процесін ғана қамтып қоймайды, өздігінен, әртүрлі хабар деректермен білім алуды да қамтиды. Білім беру - кең әлеуметтік мағынада тәрбиелеудің құрамдас бөлігі.

Бұл таңда білім саласынан жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудан маңызды мәселе, екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың шығармашылық әрекетін ғылыми - педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Оқушылар бойында « шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттілігі 80 - жылдары - ақ И. Я. Лернер жазған болатын, қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.

В. В . Давыдов « жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп есептелген . Б. Д. Эльпоний шығармашылыққа мынадай анықтама береді. Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздың жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің саналылығы мен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуді уйрену.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Ақпараттық жүйе құрылымы
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz