Тіл дамыту және оқыту әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

1. 1 Оқушылардың тілін дамытудың маңызы, мақсаты және принциптері . . . 8

1. 2 Балалардың тілін дамыту жұмыстарына қойылатын әдістемелік

талаптар . . . 14

1. 3 Мәтін бойынша тіл дамыту жұмыстарының турлері мен кезендері . . . 28

2. Тәжірибелік -экперименттік жұмыстарды ұймдастыру және

  1. талдау. . .

2. 1 Бақылау эксперименті . . . 42

2. 2 Анықтау эксперимент . . . 55

2. 3 Қорытынды эксперимент . . .

Қорытынды . . . 86

Қолданылған әдебиеттер . . . 89

Қосымша

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.

Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.

Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.

«Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады» - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр[1, 5-10] .

Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф. И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н. А. Корф. және т. б. ) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К. Б. Бархин, Н. М. Соколев, М. А. Рыбникова, Е. И. Тихеева және т. б. ) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.

Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П. П. Блонский, С. А. Рубенштейн, Б. Г. Ананьев, Н. И. Жинкин және т. б. еңбектерінде қарастырды.

Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т. б. ) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов,

Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т. б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т. б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «мектепте сауат ашудың методикасы» тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу - тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі[2, 4-9 бет] .

Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;

- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбы « Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру » деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.

Зерттеу бұйымы - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу болжамы - Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері :

- сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.

  • Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;
  • Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Ұлы философтар мен психо - лингвист ғалымдардың ойлау мен сөйлеудің өзара тығыз байланыста дамитындығы туралы, сондай -ақ тілдің және қарым-қатынастағы рөлі жайлы қағидалары.

Зерттеу әдістері: теориялық әдіс, баяндау әдісі, статистикалық әдіс, тексеру әдісі, оқушының іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді;

- тіл дамыту үшін жаттығу үлгілері мен ойын түрлері сұрыпталып енгізілді;

- тіл дамыту жұмысын жүргізудің тиімді әдістемесі ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негізделетіндігі;
  • Оқушылардың тілін дамытуға бағытталған жұмыстар сауат ашу барысының өн бойында, негізгі үйретілетін материалдармен тығыз байланыстырыла жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығы ;
  • Сауат ашу кезеңінің әр сатысында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының басты бағыт - бағдары да, соған сай жүргізілетін жұмыстар мен оның әдіс-тәсілдері де өзгеріп отыратындығы.

Дипломдық жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеуінің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, болжамы, әдіснамалық, ғылыми жаңалығы негіздері анықталып баяндалады.

« Сауат ашу кезеңінде жүргізілген тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері» атты бірінші тарауда өз тақырыптағы ішінара қатысты бұрын - сонды жарық көрген еңбектегі ғылыми тұжырымдар мен пікірлер және бастауыш сыныптағы озат тәжірибелі мұғалімнің тіл дамыту әдістемесіне талдау жасалды. Тіл дамыту жұмысын жүргізудің педагогикалық және лингвистикалық астарлары сараланды.

« Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі» деп аталатын тарауда сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемі, мазмұны, жүйесі, жүргізу әдіс - тәсілдері [3, 47 ] .

«Педагогикалық тәжірибенің нәтижелер і» атты тарауда өзімнің практикалық іс - тәжірибемнен, озат мұғалімнің тәжірибесінен және қолданылған көрнекіліктер.

Қорытынды бөлімді теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар.

« Қорытынды бөлімде » теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар нақтылы түрде көрсетілді.

1 Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

1. 1 Оқушылардың тілін дамытудың маңызы, мақсаты және принциптері

Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады.

Қайта құру кезеңінде бөбектердің жеке басын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс - тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады. Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектептабалдырығын аттағаннан бастап - ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш мектептегі оқу сабағының мақсаты:

1. Идеялық - саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

3. Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір - бірін сыйлаушылыққа кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

4. Сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатқа кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.

5. Бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру.

6. Балалардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу.

7. Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т. б. ) балалардың сана - сезім ұлттық патриотиз, отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.

8. Саналы тәртіпке, дұрыс мінез - құлық нормаларына

Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алғаш мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.

9. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу[34, 75] .

Оқу сабақтарының міндеті - балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру - оқу сабақтарындағы ең басты талап. Балалар бұл сабақтарда оқығандарына жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлерд күйін айыра білуге, процестер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.

Оқулыққа енген материалдар және оларды оқыту туралы.

Оқуға арналған материалдар әр сынып үшін «Ана тілі» кітаптарында берілді. Бұл оқу кітаптары жаңа бағдарламаның талаптарына сай жасалған. Оқулықтарға енген материалдардың тақырыбы мен мазмұны жағынан топтасақ, салт - санамыз, ұлттық дәстүріміз, өнеркәсібіміз бен ауыл шаруашылығымыз, қала мен ауыл арасындағы қарым - қатынас мектеп пен отбасы, еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары, яғни Совет Одағының Батырлары, Еңбек Ерлері және олардың үлгі - өнеге боларлықтай істері, қазақ халқының алуан түрлі еңбектері, бейбітшілік пен халықтар достығы, жолдастық, достық және адамгершілік, ұлттық патриотизм, табиғатта, адам баласының мінез - құлқында, іс - әрекетіде кездесетін әсемдік пен сұлулық балалар өмірінде кездесетін уақиғалар жөнінде мағлұмат беруді көздейтін материалдар[33, 57] .

Жаңа оқулықтардағы материалдар жүйеленуі жағынан тақырыптық принциппен орналастырылған, яғни бірнеше материал бір тақырыпқа жинақталып, топталып беріледі. Мұндағы мақсат - белгілі бір тақырып бойынша оқушыларға түрлі уақиғаларды суреттейтін сан алуан материалдарды оқыту арқылы жан - жақты ұғым, кең мағлұмат беру. Оқулықтар тақырыптық принциппен құрылғандықтан, ондағы материалдар сол орналасқан күйінде бірінен соң екіншісі оқытыла бермейді. Оқулыққа енген шығармаларды мазмұнының оңайлығына, қиындығына, көлемінің үлкен - кішілігіне, баяндалу стиліне, құрылысы мен жанрына қарай, қай мерзімдерде өтуге лайықты болатынын мұғалім алдын ала ойластырады. Сондықтан да мұғалім оқу сабағына кіріспес бұрын оқулықта берілген материалдармен түгелдей танысып, олардың азмұнын меңгеріп, оқытылу жолын жан - жақты қарастыруға тиіс. Осындай жұмыстардан кейін қай материалды қашан, неше сағат оқытатынын белгілеп, календарлық жоспар жасайды. Онда әр бөлімде берілген бір топ материалды сол оқулықта орналастырылған тәртібімен өткен қолайлы ма, әлде түрлі даталарға сай келтіру үшін, олардың орындарын ауыстыруға тура келе ме - осылардың барлығын ойластырады[34, 97] .

Календарлық жоспар жасағанда әр бөлім бойынша қайталауды қалай ұйымдастырған тиімді, қорытынды сабақтарды өткізу үшін пайдаланылатын материалдар қандай, жазу жұмыстарын қай кездерде қалайша жүргізген ұтымды - осылардың барлығы көрсетілуге тиіс.

Тағы бір есте болатын жай: мұғалім кейбір материалдарды, яғни бір бөлімде берілген шығармалардың ішінен ең қиындарын, балалардың оқу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыруға қажеттілерін, сыныпта оқыту үшін іріктеп алады да, кейбір жеңіл - желпі материалдарды (оқушылардың өз бетімен түсінулеріне қиындық келтірмейтіндерін) үйден оқып келуге тапсырылады.

Оқулықтарға енген материалдар: көркем очерктер, ғылыми мақалалар, жазба және ауыз әдебиеті үлгілері. Бұл материалдар арқылы мұғалімдер оқушыларды қазақтың ақын жазушылары шығармаларымен, халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерімен танысады, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. Сөйтіп, халық тілінен үйрену арқылы сөз байлығын арттыруға көмектеседі. Оқушылар ғылыми мақалаларды оқу арқылы түрлі ғылыми салаларынан мағлұмат алады.

Оқулықта берілген материалдарды оқып үйренуге байланысты әр түрлі практикалық жұмыстар да жүргізіледі. Олардың бастылары: оқушыларды әр түрлі құрылыстарға, фабрикалар мен зауыттарға, ауыл шаруашылық объектілеріне, экскурсияға апару, кинофильмдер, диофильмдер көрсету, еңбек озаттарымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесулер, әдеби - музыкалық кештер, ертегі кештерін ұйымдастыру. т. б[35, 93] .

Оқулықтарда әрбір текстен кейін оқушыларға сұраулар қойылады және сол мәтін бойынша олардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлері көрсетіледі. Онда балалар мәтіннің мазмұнына байланысты түрлі жұмыстар орындайды (мәтінді бөлімдерге бөлу, әр бөлімге ат қою, бірнеше бөлімді біріктіріп ат қою, жоспар бойынша баяндау, мәтіннен табиғат көріністерін, еңбек әрекеттерін немесе басты кейіпкерлерді бейнелейтін үзінділерді тауып оқу, сөздік жүргізу т. б. с. с. )

Оқулықта түрлі - түсті суреттер берілген мұғалім бұл суреттерді талдау арқылы балаларға картинаны түсіну әдісін үйретеді. Сонымен қатар ол картиналардың авторларымен да таныстырған жөн.

Оқулықтардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы берілген материалдар табиғаттану жөніндеоқушыларға ғылыми мағлұмат беруді қатаң талап етпейді, өйткені жаңа бағдарлама бойынша, балаларды айналамен таныстыру І сыныптан бастап оқылады. Сондықтан, мұндай материалдардың көркемдік қасиетіне, тіліне баса назар аударылады.

Оқудың түрлері. Оқытудың түрлері екіге бөлінеді: дауыстап оқу, іштен оқу.

Дауыстап оқу көбінесе І - ІІ сынып оқушыларына тән болады. Бірақ І сыныпта іштен оқытуға болмайды деген ұғым тумасқа тиіс. Іштен оқу І сыныптан -ақ басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрінің екуі де бір - бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап оқуы арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (ІІ - ІІІ сыныптан бастап дауыстап оқылған материалдар іштен оқуға беріледі) . ІІІ сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтінге сурет ойластыру, тақырыбын табу, бөлімдерге бөлу т. б[36, 95] .

ІІІ - ІV сыныптардаіштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген - түсінбегендерді түрлі сұраулар қойып, жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын айтқызуы арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т. б. с. с. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерініңекеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлепоқу талабықойылады. Бұл талаптар бір - бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу - жазуға үйрету кезінде - ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балалардысөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылысұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарына жіберетін қателерін топтап көрсетсек, төмендегідей:

1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқушылық

2. Кенйбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.

3. Тіл келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда - онға, күзет - күжет т. с. с. ) оқиды.

Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластырады. Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырады.

1. Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландырады. Мұндай жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтың өзінен әр оқушыға арнаулы тапсырмалар береді; екінші бір жағдайда карточкалар жасап, оларды әрқайсысына оқытып дағдыландырады; енді бірде дидактикалық материалдар пайдаланылады т. б.

2. Осындай жұмыстарды орындау үйге де тапсырылады.

3. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқуды талап етеді, ол сөзге талдау жасайды, кеспе әліппеден құрастырады т. б.

4. Қате оқыған сөздерді қайта оқыттырады.

5. Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған оқушыларға түзеттіреді.

6. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтырады.

7. Указканы қолданады. Бұл зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін оқушылар үшін пайдалы және оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екеніне бағыт береді, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі.

8. орфография заңын басшылыққа алып отырады[37, 95] .

Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиалогиялық ерекшеліктері.

Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрінетіндіктен, оны психофизиологиялық процес деп атайды. Дүние тануға қажет ақыл - ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар
Әріптерден сөз жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz