Мектеп жасына дейінгі баланың зейін ерекшеліктері


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3 1МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Мектеп жасын: дейінгі баланың зейін ерекшеліктерінің алыс-жақын шетелдерде, Ресейде және Қазақстанда зерттеліну жағдайы . . . 7
1. 2. Мектеп жасына дейінгі (6-7 жас) балалардың
психикалық даму ерекшеліктері . . . 11
1-ші тарау бойынша ой тұжырымы . . . 27
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ОҚУ-ӘРКЕТІНДЕ ДАМУЫ
2. 1. Мектеп жасына дейінге баланың зейін ерекшеліктерің
тәжірибе жүзінде анықтау . . . 30
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейін қасиеттерін үйлесімді қалыптастыру максатында, түзету
жұмыстарын жүргізу . . . 42
2- ші тарау бойынша ой тұжырымы . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 51
Қосымшалар . . . 54
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі Елімізде білім беру жүйесі әлемдік стандартқа сай қайта қарау, жаңарту мәселесінің көтеріліп отырғанына біраз уақыт болды. Осы тұрғыда Н. Ә Назарбаевтың "Қазақстан халқына жолдауында", "Қазақстанда 2015 жылға дейін білім алудың тұжырымдамасында" білім беру жүйесінің әр буынында білім сапасын арттыру, дамыта оқыту мәселелерінің негіздерінде жас ұрпақтың психиқалық дамауын, атап айтқанда танымдық-шығармашылығын жетілдіру өзекті мәселердің бірі болып отыр.
Бәкеселестікке лайық білімді, сауатты мамандар даярлаудың басты шарты-оқыту әрекетінде баланың психикалық жағынан дамуына, қажетті жағдай тудыру, сөйтіп, жеке тұлға деңгейіне көтерілуі десек, онда бұл жайтардың бастауы, мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталатыны даусыз.
Осы орайда адамның танымдық әрекетінің қалыптасуына тікелей негіз болатын ол, адамның мүдесін бағыт-бағдарын білдіретін, зейіннің алатын орны ерекше.
Зейінді өз ырқына қарай бағыттау және шоғырландыру қабілеті тұлғаның белсенділігін көрсетеді. Қазіргі кезде психологияда, зейін механизімі жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде тұрған сүзгі-ми қыртысының анатомиялық- функциялық жағынан оңашалынған нерв ткані-ретикуларлық формация болып табылады. Ол бір импульстерді таратып, тежеп, екіншілерін күшейтіп, оларды ми қыртысына жіберіп отырады. Сөйтіп айқын сана аймағына, ми қыртысына осылай іріктеледі.
Психологияда зейінді әр қырынан зерттегендер баршылық. Мәселен зейіннің физологиялық құбылмалығы көрнісін И. П. Павлов өзі ашқан қозудың оптималдық ошағы, құбылысы түсіндіреді- деп көрсетеді.
А. А. Ухтомский ми қызыметінің физиологиясын зертеу нәтижесінде доминанта жайлы ілім жасады. Доминанта немесе козудың үстемдік ететін ошағы жылжымалы оптималдық қозу ошағынан жоғары тұрақтылығымен өзгешелінетінін анықтады.
Б. Г. Ананьев, И. В. Страхов өз зертеулерінде, мектеп оқушыларының зейінін тәрбиелеу жолдарын қарастырса, К. Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп; "зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін, барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады", деген .
АҚШ оқымыстысы Г. Мәгул, Итальян ғалымы Моруций -импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын дәлелдеп берді.
Щвейцар психологы Ж. Пиаже түрлі есептерді пайданалып зейіннің бөлінушілігін дамытуға арналған жаттығу - есеп беріп, баланың ақыл-ой белсенділігін, танымдық қызығушылығын зерттеген.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап ғалымдар психикалық құбылыстарды эксперемент жүзінде, әр түрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттеп зейіннің теорияларын өндей бастады.
У. Джеймс зейіннің психологиялық өзгешелігін анықтай келе оны біздің " . . . сансалы тәжірибемізді толықтырудағы фактор", деп есептеді. Зейіннің физиологиялық механизмін Джеймс тұтас болған әрекет ретінде ұсынып, оның жинақтылығын ( синтезділігін) ерекше көрсетеді.
Ә. Б. Титчнер зейінді: «Еңбектің нәтижелігін қамтамасыз ететін сананың дәрежесі», - деп түсіндірді. Титчнер еңбегіндегі мәселенің бірі - зейіннің сандық көрсеткіштерін өлшеуі.
Л. С. Выготскийдің зейін мәселесін дамытудағы маңызды ғылыми жетістіктері зейін проблемасына әлеуметтік және генетикалық тәсілдерді қолдануы.
А. Н. Леонтьев зейіннің сатылық дамуы мен ынталандыру құралдарына мән беріп, балалардың зейініне тәжірибелік зерттеулер жүргізді.
Қазақстанда психологиялық ойлардың даму тарихына көз
жіберсек, өздерінің шығармаларында баланы жасынан
зеректікке, зерделікке, зейінділікке тәрбиелеу жолдарына
бағыт-бағдар ұсынған ағартушы-демократтарды ерекше
атауға болады. Мәселен, әсіресе Ы. Алтынсариннің
шығармаларында, баланы байқампаздыққа баулу,
зейінділікті қалыптастыру мәселелерінің көтерулеріне мән беріледі. " Асан мен Үсен", тағы сол сияқты мысалдар бар.
Одан беріректе академик Т. Тәжібаев өз зертеулерінде оқыту әрекетінде зейіннің ерекше маңыздылығына тоқталып, "Балалардың зейіні көбінесе қызығумен байналысты болғандықтан; оқу процесін қызықты, көрнекті етіп жүргізу керек", деген ойды айтқан.
Қазіргі кезеңде бастауыш, мектеп оқушыларының сабақ үстінде зейінін қалыптастыру мәселерімен іргелі зерттеулер жүргізумен шұғылданып жүрген Қазақстандық психолог О. Саңғилбаевты атауға болады. Зерттеушінің осы мәселе негізінде қорғаған кандидаттық диссертациясы "Оқу материалын тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейінінің қасеттерін дамыту" деп аталады.
Ал, мектеп жасына дейінгі балалардың зейін
ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу жүргізгендер жоқтың қасы. Осы мәселелер дипломдық жұмысымыздың тақырыбын, "Мектеп жасына дейінгі баланың зейіннің даму ерекшеліктері" деп алуымызға негіз болды.
I. Зейіннің мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі баланың зейін ерекшеліктерін даму жолдарын қарастыру.
II. Зерттеудің міндеттері.
- Зейін туралы ғылыми еңбектерге психологиялықтұрғыда талдау жасау.
- Мектеп жасына дейінгі баланың зейін , оны анықтап және дамыту жолдарыннегіздеу.
3. Мектеп жасына дейінгі баланың зейін қасеттерін жүйелі дамыту мақсатында түзету жаттығуларын іріктеу.
III. Зерттеудің болжамы:
Егер мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің қасиетерінің дамуына психологиялық тұрғыда қалыпты жағдай туғызса, жаттықтырып отырса, ойын әрекеті үстінде дамытушы ойындар мен ақыл-ойды дамытуға бағыталған, психологиялық тапсырмаларды жүйелі қолданса, онда олардың оқу әрекетінің мазмұнын игеру деңгейлері әлдеқайда жоғарлайды.
IV. Зейіннің нысаны:
Мектеп жасына дейінгі балалардың (5-6 жас) зейін ерекшеліктері.
V. Зерттеудің пәні.
Мектеп жасына дейінгі баланың зейін ерекшеліктерінің оқыту әрекетінде дамыту.
УІ. Зерттеудің ғылыми теориялық әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми теориялық-әдістемелік негізі ретінде И. П. Павловтың жоғары жүйке қызыметі туралы теориясы, А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясы, Х. Т. Шериазданова-ның қарым-қатынас мәселелері туралы тұжырымдамасы, С. М. Жақыповтың бірлескен диалогтың әрекет теориялары алынды.
УІІ. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Зейін туралы ғылыми-теориялық білімдерді
толықтыруды, зерттеу нәтижелерін балалар бақшасындағы тәрбиешілер, бастауыш мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орынның студентері оқу үрдісінде пайдалануына болады.
VIII. Зерттеудің құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан (балабақ-шада өткізілген сабақ жоспары және түзету жаттығулар мен ойындардан тұрады) .
1 Мектеп жасына дейінгі баланың зейін
ерекшелігінің ғылыми теориялық негіздері.
1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың, зейін ерекшеліктерінің алыс-жақын шетелдерде, Ресейде және Қазақстандағы зерттеліну жағдайы.
Зейін - психологиялық феномен, ол туралы пікір-таластар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ғалымдардың бірқатары зейін тәуелсіз процесс ретінде өмір суре алмайды, тек қана кез келген психологиялық процестің немесе адам іс-әрекетінің бір жағы ретінде көрінуі деп тұжырымдайды. Басқалары зейінді тәуелсіз процес, өзінің ерекшелігі бар, олар анатомиялық және физилогиялық, өзін-өзі басқаратын құрылымына сүйеніп басқа таным процестерінің міндетін атқаруын қамтамасыз етеді дейді. Зейін құбылысының таным процестерінің динамикасын және психикалык күйдің ерекшеліктерін зерттеген.
Зейін дегеніміз - сананы белгілі бір обьектіге бағыттап әрі шоғырландырып, айырықша анық бейнелеуін қамтамасыз ету. Перспективтік процестерде зейін өзінше бір күшейткіш болып, бейнелерді егжей-тегжейлі айырып, анық тануға мүмкіндік туғызады; ес үшін зейін қажет ақпараттарды қысқа мерзімді және оперативті сақтап, сол материалды ұзақ мерзімдік естің қорына аударуға көмектесетін фактор болып саналады. Ойлау үшін зейін - мәселені, дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Зейін адамдардың өз ара қарым-қатынас жүйесінде бір-бірін жақсы түсінуіне, бейімделуіне, кейбір дау-жанжал жүйесінде бір-бірін жақсы түсінуін жағдайын ескертіп және шешуге мүмкіндік жасайды.
Зейін анық және дәл қабылдауды, естің беріктілігін және таңдамалығын, ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелігін анықтайды. Барлық таным әрекеттерінің фнукцияларының сипатылығын және нәтижелілігі зейінге байланысты.
Зейіннің физологиялық механизімі өте күрделі. Оның негізгі-жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызыметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиалық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуіші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы ретеледі.
Ми алаптары жұмысының реттеліп (козып, тежеліп) тұруы нәтижесінде әрқилы жүзеге асады.
Әртүрлі импульстар жоғарыдан төменгі ми алаптарына келіп, оларды өзіне бағындырады. Бұл төмендеуші ретикулярлық формация деп аталады.
1958-1960 ж. ж. АҚШ оқымыстысы Г. Мәгун, Италия ғалымы Моруций "импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алатынын", дәлелдеп берген.
Психология тарихында ғылыми зерттеулер ежелгі грек ғалымы Аристотель (б. з. д. 384-322) есімімен байланысады. Аристотельдің таным іліміндегі (аподейктика) анық дәлелді білім және мүмкіндік "пікір" ара-қатынасы, ғылымның жоғары, тиянақты шындық сезіммен емес, ақылмен қарастырылады. Бірақ, білімнің жоғары аксиомалары ақылымызда тұра бермейді, ол іс-әрекетті талап етеді: фактілерді жинау, ойды фактіге бағыттау, деген көзқарасы зейінді түсінудің философиялық негізі болды.
Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фараби /1/ ( 870-950), философиялық трактаттарында қоршаған ортадағы болмыс пен сананың байланысына сүйеніп, психикалық әрекеттің қисынын: "сыртқы әсер етуші әсерімен заттардың образдары пайда болады" - деп пайымдауының да қасиеттерін зерттеудің методологиялық бағытын көрсетеді.
Француз философы Рене Деқарт (Қартезий) (1596-1650)
философияда қозғалыс реакциясының схемасын, алғашқы
рефлекторлық актісінің сипаттамасын анықтады. Ол
Ф. Бэконмен бірге табиғаттағы күштерді саналы адам басқаратынына сенді.
Деқарт әйгілі тезисінде: "Ойлаймын, сондықтан өмір сүремін", - деп, сыртқы дүниедегі әсерлерді математиқалық логикамен түсіндіруге рационалистік бағытпен қарады.
Ағылшын философы, математигі Локк Джон (1632-1704) : "Барлық идеяның қайнар бұлағы - тәжірибе", - деп жариялады. Идеялар зейіннің рүх күйіне және іс-әрекетіне бағытталғанда пайда болатынын (рефлексия идеясымен) көрсетеді. Локк ілімі міндетіміз - барлығын білу емес, тек қана практикалық өмірімізге, қылығымызға маңызды идеялар даму қажет екенің түсіндіреді. Жеке адам қоғамда бар тәртіпке қанағаттанбаса, оны өзгертуге тиісті деп тұжырымдады.
Неміс философы Лейбниц Готфрид Вильгельм (1646-1716) философиялық эволюциясын механиқалық материализмнен бастады. Ақиқаттың критерииі ретінде білімнің анықтығын,
есеп бере алатынын және қарама - қайшылыксыздығын ғана қабылдады.
Осымен бірге сананың ақиқаттығын аристотельдік логикамен "шындық фактіні" тексеруге жеткілікті негізделеген математика заңы кажет екнін айтты. Философ, психолог Юм Дәвид (1711-76) - білімнің міндетін болмысты білуде емес, тұрмыстың өмірге басшылық ететін дәрежесін қолдады. "сенім туғызатың білімнің негізгісі -математика объектілері, қалғандары тек қана тәжірибеден туады", - деп түсінген. Тәжірибенің дәләлдейтіні - себеп пен әрекеттің ара - қатынасы.
Тағы бір ағылшын фолософы, идеалист және логик Гамильтон Уильям (1788-1856) материалдық шындық жоғары жаратылыстанудың ашылуымен танылатынына сенді: математикалық логиканы жақтаушы болды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап оны жеке сана психикалык құбылыстарды эксперимент жүзінде әр түрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттеп, зейіннің теорияларын өңдей бастады.
В. Вундт/6/ зейін мәселесін талқылауда оны жеке сана психологиясын талдаумен байланыстырады. Вундт зейіннің негізгі қасиеті ретінде кабылдау кезіндегі анықтықты, сол кездегі эмоцияны ескермей көрсетеді.
У. Джеймс зейіннің психологиялык өзгешелігін анықтай келе оны біздің" саналы тәжірибемізді" толықтырудағы фактор деп есептеген. Әрекет ретінде ұсынып, оның жинақтылығын (синтезділігін) ерекше көрсетеді.
Ә. Б. Титчнер /2/ зейінді: "Еңбектің нәтижелігін қамтамасыз ететін сананың дәрежесі", - деп түсіндірді. Титчнер еңбегіндегі мәселенің бірі зейіннің сандық көрсеткіштерінің өлшеуі.
Вундтың, Джеймстің, Титчнердің зерттеулерінде зейіннің
әлеуметтік еңбектік негізі және механизімі
құрастырылмаған.
Зейін мәселесімен айналысқан Т. Рибо ("Психология внимания") /3/ өз зерттеулерінің негізгі ғылыми міндеті-зейіннің механизімін айқындау және біртіндеп оның белгілерін (нышандарын) сипаттау екенін жазды.
А. М. Трейсманның тәжірибелік зерттеулерінде зейіннің таңдамалылығын, сигналдық физикалық параметрлерге ғана емес, текстің семантикалық сипаттамасына да тәуелділігін анықтады.
Психолгия тарихында зейіннің моторлық теориясына үлкен орын беріп, құрастырған Н. Н Ланге.
В. Д. Глезердің зерттеуінде адам көз алдындағы бірнеше обьектінің біріншісін танып, содан соң екіншісін танитынын анықтады.
Д. Е. Бробент зейінді сүзгімен (фильтр) теңестіреді, өзінің зерттеулерінде зейіннің моделін физикалық параметрдің негізінде "барлығы немесе ештеңе" деген қағидамен іріктеуді жасады.
Зейіннің физиологиялық теориясы А. Б. Ермолаева-Томинаның Н. С. Лейтестің, И. В. Страховтың, Е. Д. Хомская-ның, П. П. Блонский еңбектерінде көрсетілген. Зейін физиологиясының кебір жақтарын Ю. Б. Гиппенрейтердің, В. П. Зинченконың, Б. Ф. Ломовтың, А. Л. Ярбустың еңбек-терінде де жаңғыртылған.
С. Л. Рубнштейн /3/ перифериялық зейін толқуы болатынын, бірақ ол обьектіге қайтадан оралатынын айты.
И. Ф. Добрынин /4/ зейін туралы түсінікті анықтай отырып оның тұрақтылығы, тербелісі, көлемі және бөлінуі деген қасиеттерін экспериментпен зерттеді. Зейін типтеріне келетін болсақ, И. Ф. Добринин үйреншікті зейін туралы түсінікті негіздеп анықтады.
Л. С. Выготский /5/ зейін мәселесін дамытудағы маңызды ғылыми жетістіктерді: зейін проблемасына әлеуметтік және генетикалық тәсілдерді қолданды.
А. Г. Ананьаетің /4/ зерттеулері бойынша, мектеп
оқушыларының зейін көлемін, зейінін тәрбиелеу жолдарын қарастырған.
Зейінді тәжірибе жүзінде қалыптастыру проблемасымен айналыса отырып, П. Я. Гальперин /5/ өзінің жаңаша болжамдарын ұсынды: "Кез - келген зейін бақылаудың идеалды және қысқа формасы", деді. П. Г. Гальперин зейіннің бақылаушы-түзетуші (коррекция) фукциясын барлық іс-әрекет процестермен біріктіре зерттеді.
Зейіннің физологиялык табиғатын түсінуінде И. П. Павлов /6/ (1849-1936) бірқатар ғылыми пікірлерді және анықтаған физологиялық заңдылықтары маңызды; өрлеуші және төмендеуші іс-әрекет болып саналады. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығындағы күштер, әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы, мидағы өзара индукция заңдарына байланысты. Қозудың оптималдык ошағы құбылмалы.
Мысылы: адам бір нәрсеге зейін салғанда, кимыл-қозғалысы тежеліп, сезім мүшелерінің әсәрі сол нәрсеге қарай ауады.
К. Д. Ушинский/8/ өзінің "Человек как предмет воспитания" деген басты еңбегінде зейін туралы толық талдау жасап, жасаған тұжырымдары психологиялык-дидактикалық жағынан бағалап, ол адамның психикалық іс-әректінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, "зейін адам санасы арқылы кортындылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанның жалғыз ғана есігі болып табылады", - деп жазады.
Қазақстанстанан шықан ғалым-психологтары да осы зейінге байланысты өз пікірлерін жазған. Психолог ғалым, Т. Тажібаев /9/ - «егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызды сәулелендіруге болмас еді», деп жазды.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектеп оқушыларының сабақ үстінде зейінін қалыптастыру мәселелерімен іргелі зерттеулер жүргізумен шұғылданып жүрген психолог О. Саңғылбаевты атауға болады. Зерттеушінің осы зейін мәселесі негізінде корғаған кандидаттық диссертациясында «Оқу материалын тиімді жоспарлау арқылы оқушының зейінінің қасиеттерін дамыту», деп атаған еңбегінде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізген.
1. 2. Мектеп жасына дейінгі (6-7 жас) балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Алайда баланы зерттейтін басқа ғылымдар да бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан зертеген.
Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-катынас жасай алатын, енбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ләзат ала отырып ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі.
Жас балдырған үлкен адамға ұқсаңқырамайды, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезімі ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Үлкендер кейде баланың "ақылына" таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала неше қолынан келмегенігін бүгін үйреніп үлгермегендігінде жатыр.
Баланың үнемі ілгері ұмытылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекеттінде жаңалықтың пайда болуы, қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі, ойналып атқарылатын қимылға ауысып, сөйлеуді игерудің, алғашқы көрністеррінің пайда болуы, міне осының бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар.
Балалардың писихикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Міне біздің алдымызда бес жасар бала түр делік, ол түсініксіздеу етіп бірнеше сөздерді ғана айта біледі, қолына берген қуырдақты аузына апарып түсініксіз сөздермен сөйлессе, ал кейбірулері қағаз бетіне әлдене шатпақтар сызады. Мұның себебі неде? Мүмкін бала миынаң шаршағаны? Әлде педагогикалық тәрбие алмағаны, әлде онымен сөйлеспегендігі ме? Осы болжамдардың қай-кайсысы да рас болуы ғажап емес, жаңа қай-қайсының да психиқалық даму шарттары жөніңдегі білімімізге негізделеді. Осы шарттарды анықтау-бала психологиясының маңызды міндеті. Бала психологиясы психикалық дамуға әсер ететін, барлық жағдайларды тауып, санап шығаруға ұмытылып қана коймай, сонымен бірге олардың әсері неде екенін, осы жағдайлардың әрекетімен бала дамуының бір кезеңінен екіншісіне қалай өтетінін анықтайды.
Дамуы күрт бұзылған балалар әрине ерекшелеу, ал психологияны алдымен ережелер қызықтырады. Оның ерекшеліктерін түсіну мүмкін емес. Сондықтан да ғылымның басты міндеттерінің бірі, жекеленген оқиғаларға байланысты пайда болатын, даму ерекшелік жағдайларын емес, нәтижесінде кез келген бала адам болып қалыптасатын және онсыз қалыпты даму мүмкін болмайтын, жалпы шарттарының маңызын бөліп көрсету болып табылады.
Мұндай шарттарға бала организмінің табиғи қасиеттері, мидың құрлысы мен қызыметі және баланың өзін тәрбиелеп, үйрететін адамзат коғамында, бөтен кісілер арасында өсетіндігі жатады.
Бала организімінің құрылысы мен атқаратын қызметін өзінің ата-бабасының мұраландыру. Туғанан-ақ оның адамға тән күрделі психикалық іс-әрекет органы болуға қабілетті, миы, адамзаттың нерв жүйесі болады.
Сонымен, адам болу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір жағдайында тәрбие де қажетті, дегенімен бұлардың әрқайсысының маңызы түрліше. Демек, маймыл мен қасқыр тәрбиелеген адамның мысалдары үлгі боларлық.
Биологиялық эволюция заңдары адамға байланысты өз күшін жойды. Табиғи сұрыптау - неғұрлым күшті, өмірге бейімділерді қатарға қосу іске асудан қалды, өйткені адамдар ортаны өз кажетіне бейімдеуді, оны құралдар менұжымдық еңбектің көмегі арқылы қайта қүруды үйренеді.
Адам миы біздің ата-бабамыздан бірнеше ондаған мың жыл бұрын өмір сүрген кроманьонцтерден - бері өзгерген жоқ. Егер адам өзінің психикалық қасиеттерін табигаттан алған болса, біз қазірде де = жаққан отымызды сөндірмей, үңгірде тығылысып отырған болар едік.
Хайуанаттар дүниесінде мінез қүлық дамуының қол жеткен дәрежесі бір ұрпақтан екінші ұрпакқа организімнің құрлысы сияқты, биологиялық тұқым қуалау жолымен көшіп отырса, адамға тән іс-әрекет түрлері, сонымен бірге тиісті білім, іскерлік пен психикалық қасиеттер басқа жолмен - әлеумметтік тұқым қуалау жолымен беріледі.
Осындай дүниені адамзат мәдениетін игере отырып, балалар бірте -бірте оны жасауға, сіңірілген тәжірибені, адамға тән білімді, іскерлікті, психикалық қасиеттерді бойына жинайды. Әлеуметтік мұра дегеніміз, осы. Әрине бала мәдениетінің жетістіктерін, өздігінен ашып бере алмайды. Оны ересектер тарапынан жасалайтын тәрбие және оқыту процесіндегі тұрақты көмегі мен басшылығы арқылы жүзеге асырда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz