Мектеп жасына дейінгі балаларды нәрсенің өлшемі формасы мен массасы туралы түсініктерін дамыту ерекшелігі


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балаларды нәрсенің өлшемі формасы мен массасы туралы түсініктерін дамыту ерекшелігі»

Орындаған: топ студенті

Жетекші:

Орал 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Балаларда нәрсенің өлшемі, формасы мен массасы туралы түсініктерді дамытудың теориялық негіздері . . .

1. 1. Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі . . .

1. 2. Сәбилік шақтағы балалардың нәрсе өлшемін қабылдай білуін дамыту . . .

1. 3. Нәрселердің өлшемдерін мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы . . .

1. 4. Нәрселердегі үш өлшемді балалардың бөліп көрсетуі . . .

1. 5. Нәрселер шамасын көзмөлшерімен өлшей білуді дамыту . . .

1. 6. Балалардың геометриялық фигураны қабылдау ерекшеліктері . . .

1. 7. Балалардың салмақтай білу сезімін дамыту және форма туралы түсініктерін қабылдау . . .

2. Нәрсенің өлшемі, формасы және массасы туралы түсініктерді дамытудың практикалық негіздері . . .

2. 1. Нәрселердің формасы жөніндегі түсініктерді дамытуда ойын

әрекеттерін пайдалану әдістемесі . . .

2. 2. Өлшем, форма және масса ұғымдарын қалыптастырудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан - жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім - тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.

Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: мектепке дейінгі мекемелерде оқытудың мемлекеттік стандарты, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу - әдістемелік кешендер жазылды, демек, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.

Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, балаларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім - тәрбие беретін, балалардың ой - өрісін, қабілетін жан - жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.

Зерттеудің мақсаты. Балаларда нәрсенің өлшемі, формасы мен массасы туралы түсініктерді дамыту және математиканы оқытуда балалардың пәнге қызығушылығын ояту құралы ретінде қолданудың ғылыми - әдістемелік негіздемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері.

- өлшем, масса және формасы туралы түсініктерін қалыптастыру;

- сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу, т. с. с. ) балаларда өлшеудің және геометриялық пішіндерді салудың машықтық біліктерін қалыптастыру;

- өлшемдерді анықтау әдісінің балалардың пәнге қызығушылығын оятудағы тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеріп, зерттеу нәтижесінде ғылыми - әдістемелік нұсқау жасау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру.

Проблема. Елдің болашағы оқу - тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу - тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның міндеті.

Бүгінгі күн дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі - математика пәні бойынша балалардың өлшем, масса және форма ұғымдарын қалыптастыру проблемасы. Математика пәнін оқытудың тәжірибесі өлшемдермен таныстыра отырып оқытудың тиімді әдістемесіне қол жеткізді, екіншіден, баланың осы ұғымдарды игере отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.

Болжам. Егер математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған өлшем, масса, форма ұғымдарды қолдану әдісі пайдаланылса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.

Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі мекемелерде математика пәнін оқыту.

Зерттеу пәні. Өлшем, масса және форма түсініктерін қабылдау ерекшеліктері.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;

- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс - тәжірибесімен танысу;

- дәстүрлі оқыту әдістері мен ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы талдау жасау;

Зерттеудің ғылыми - практикалық пайдасы.

- ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың пәнге қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарды сапалы игеруге көмектеседі;

- Өлшем, форма және масса ұғымдарын оқыту негізінде балалардың математикалық ұғымын қалыптастыруға арналған тапсырмалардың мектепке дейінгі мекеме мұғалімдерінің іс - тәжірибесінде қолдануға кең мүмкіндіктің болуында.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен: теориялық және практикалық бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1. Балаларда нәрсенің өлшемі, формасы мен массасы туралы түсініктерді дамытудың теориялық негіздері

1. 1. Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық Механизмі

Нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі нәрсенің өлшемін, оның формасы мен салмағын қабылдау проблемасы сенсорлық проблема болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі болып саналатын сенсорлық даму.

И. В. Ленин таным процесінде түйсіну жөнінде үлкен мән берген:

«түйсік - шынында сананың сыртқы дүниемен тікелей байланысы, сыртқы тітіркену күшінің сана фактісіне айналуы болып табылады». Сондықтан нәрсенің өлшемі, формасы, массасы деген сияқты қасиеттері жөнінде ұғым балаларда қалай және де оның қандай амалдар барысында қалыптасатынын бақылап отыру маңызды. Жуық араға дейін қабылдау дегенді жеке адамның белсенді қызметі түрінде емес, енжар процесс ретінде қарастырып келді. Жүргізілген зерттеулер перцепциялық әрекеттің өзіндік ерекшелігі нәрселердің қасиеттерін оларды жан - жақты тексеру жолымен айқындауда екендігін көрсетіп отыр.

Нәрсенің өлшемі, формасы және салмағы, бұлар оның қасиеттері бола тұрып, алуан түрлі анализатор: көру, сипап сезу, бұлшық ет арқылы қабылданады. И. М. Сеченов обьектілердің ( кеңістік, уақыт, орын ауыстыру ) қасиеттері рецепторлық аппараттың қозғалыс процессінде өзгермей қайталанады деген болатын. Егер де нәрсе тура біздің жанымызда тұрса, біз оның өлшемін, формасын сипап сезіп немесе көріп барып қабылдаймыз. Алайда алыста тұоған нәрселердің өлшемі мен формасын көріп қабылдау бірқатар шартқа байланысты, олар: нәрсенің қабылдаушы адамнан қандай қашықтықта тұрғандығы, нәрсенің тұрған қалпы (көру бұрышы бірдей болғанда оның горизонталь немесе вертикаль қалыпта тұруы) ; екі нәрсені қабылдау және салыстыру олардың қабылдаушы адамнан бірдей немесе әртүрлі қашықтықта тұрғанына байланысы.

Қашықтықта тұрған нәрсені көріп қабылдау процесіне тек көру ғана емес, сонымен бірге көздің бұлшық еттерінің қимылы да қатысады. Осы айтылған алуан түрлі шарттылықтардың салдарынан нәрсенің өлшемдері мен формасын қабылдауды дамыту күрделі де ұзақ процесс болмақ.

И. М. Сеченов өзінің «сезім мүшелерінің физиологиясы» және «мидың рефлекстері» деген еңбектерінде нәрсе өлшемін қабылдаудың перифериялық механизмі деген көздің тор қабығында пайда болған кескін өлшемі мен көздің бұлшық еттерінің жиырылуы екеуінің аңды өзара әрекеті болмақ. Нәрсенің өлшемі белгілі бір көру бұрышымен көру осьтері сәйкес түрде түйіскенде барып қабылданады, ал осьтердің осылайша түйісуі бұлшық еттер сезімімен шамаланады. Көру бұрышы шамасының өзгеруі нәрсенің қандай бір өлшемінің тор қабыққа түскендік белгісі болмақ. Алайда тор қабыққа түскен кескінге қарап нәрсенің өлшемі жөнінде ештеңе айта алмаймыз, өйткені қабыққа түскен кескін нәрсенің тұрған қашықтығына байланысты. Нәрсенің өлшемін көріп айыру көру анализаторлары бөліктері - көздің тор қабығы мен оны қимылдататын бөлігі - көздің бұлшық еттері арасындағы қабықтық байланысты тағайындау арқылы орындалады, ал бұлшық ет тер болса, тұрған қашықтығына қарай нәрсені қабылдауға көзді икемдеп отырады.

Осының дәлелдемесі ретінде И. М. Сеченов сынадай факт келтірген: егер өлшемдері әр басқа үш нәрсе алып, оларды бірдей көру бұрышымен қабылданатындай қашықтыққа қойса, онда көру бұрышы бірдей болғанмен, шамалары түрліше болып қабылданады. Осы фактіні талдай келе, И. М. Сеченов былай жазған: «Мұның себебі үш нәрсенің әрқайсысын көргенде бәріне ортақ көру бұрышына көру осьтерінің әр дәрежеде түйісуі келіп қосылады - жақын орналасқан нәрсенікі ең кіші. Адам өмірінде мұндай жағдай сан рет кездеседі, ал ойымызда көру - бұлшық етінің мынадай ассоциациялары қалыптасады: көру бұрышаның алынған шамасы+көру осьтерінің өсіп отыратын түйісуі - нәрсенің үлкеюіне әкеледі . . . ». «Сонымен, көрінетін нәрселердің шамасын туралы түсінік ересек адамда көру бұрышымен + көру осьтерінің түйісу дәрежесімен және де аккомодативтік қимылдар шамасымен анықталады».

Сонымен, нәрсенің шамасын (басқа, кеңістік белгілерін қабылдағандай) қабылдау көздің қимылымен орындалады. Сондықтан бұлшық ет сезіміне И. М. Сеченов ерекше роль беріп отыр.

Бұлшық ет сезімі арқасында көз де, қол сияқты, нәрсені «сипап қарап шығады». Ол өлшеуіш прибор ретінде қызмет атқарады. «Өлшеуіштер» қызметін қимыл нәтижесінде пайда болатын түйсіктер атқарады. Аталмыш өлшеуіштер, қимылдайтын көз атқара алмайтындай, нәрсені ыдыратып та әрі жинақтап қабылдауға септік жасайды. Бұл тұрғыда И. М. Сеченов былай жазған: «Кеңістік көрініс деген өзінің ең алғаш дамуынан бастап өлшемдік көрініс болмақ».

Көз қимылының бағыты ненің қабылданатынына байланысты өзгеріп отырады, мысалы ұзын не биік, кең не жуан, үлкен не кіші нәрсе болуы мүмкін.

Өлшем қабылдауды дамыту процесінде нәрсені қолмен сипағанда пайда болатын түйсіктер де маңыды роль атқарады. Алайда жаттығу процесінде тор қабықта пайда болған кескін мен көздің бұлшық еттері проприорецептор арасында, екінші жағынан, уақытша байланыс тағайындалады, мұның нәтижесінде кейініректе, сипап тексеріп көрмей - ақ, нәрселерді көріп қана өлшемі жағынан салыстыру мүмкін болады.

Уақытша байланысты орнықтыруға едәуір дәрежеде сөз де жәрдемдеседі. Нәрсенің өлшемін бағалау, бір жағынан, сезімдік қабылдау кезінде, екінші жағынан, осы қабылдауды жалпылайтын сөз негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен, орыс және совет физиологиясының негізін қалаушылардың ілімі бойынша өлшемді (сондай-ақ нәрсенің басқа да көрінетін қасиеттерін) қабылдау деген ішкі анализаторлық және анализатораралық байланыстардың күрделі жүйесін тағайындау жолымен болып жатады әрі рефлекторлық сипатқа ие.

1. 2. Сәбилік шақтағы балалардың нәрсе өлшемін қабылдай

білуін дамыту

Өлшемді қабылдау механизмі ересек адам мен балада бірдей - ақ. Алайда балада бұл механизм әлі қалыптаспаған. Балада ішкі анализаторлық және анализатораралық байланыстардың күрделі жүйесі қалайша қалыптасады? Ал жаңа туған нәрестенің тор қабығы құрылысы жағынан бірдей екендігі жақсы белгілі, сондықтан нәрсенің оған түсіретін кескіні ересек адамдардағыдай болады. Бірақ, жоғарыда атап айтқанымыздай, тек сол тор қабықта пайда болған кескінге ғана негізделіп қабылданатын нәрселердің шамасы жөнінде пікір айтуға болмайды. Ал бала болса, бастапқы кезде қарай білмейді, яғни екі көзінің көру осьтерін бір нүктеге қадап және де екі көзін бір нүктеден екінші нүктеге аудара алмайды. Басқаша айтқанда, бала әзір көру анализаторының қозғалғыш бөлігін әлі де болса меңгере алмайды. Ондай ептілік тәдірибе жинақтау барысында қалыптасып әрі дамитын болады. Тәжірибесі жеткілікті болмағандықтан, кішкене балалар нәрсенің өлшемдері жөнінен жалған қорытынды жасайтын жағдайлар жиі кездеседі, өйткені олар жөнінде тор қабыққа түскен кескіннің өлшемдеріне қарай пайымдайды.

И. М. Сеченов балалардың нәрселерді өлшемдеріне қарап айыра білуін және тиісті анықтама бере білуін қалыптастыратын тұста қабылдау процесіне енетін сөздің ролін атап айтқан . өлшемдерді әр түрлі нәрселерді және оның әр түрлі қашықтықта тұрған бөліктерін бірнеше рет қабылдағанда осы қабылдауларын, нәрселердің атауымен және олардың өлшемдерін байланыстыра отырып, бала оларды салыстырып, атап үйренеді, ненің үлкен, ненің кіші екенін анықтайтын болып үйренеді. Нәрселердің әр түрлі өлшемдері жөнінде осы аталған ұғымдары сипап сезіп түйсіну жолымен де айқындалады, ал ол түйсіктер сол ұғымдарды қабылдау процесінде көру түйсігімен ұштасып жатады. И. М. Сеченов былай деп жазды: «Бала көру сфераларының, тұтас нәрсенің және оның бөлігінің кескінімен тор қабығы жабылатындай, саны арасындағы айырмашылықты таба білуді үйренді. Енді бала оның тор қабыққа суреті түскен әр бөлек екі нәрсені шамасы жағынан, әрине, айыра алады, кескіні үлкен орын алып жатқан нәрсе үлкен болады және керісінше».

Сонымен, И. М. Сеченов өлшемдерді қабылдаудың көру негізіне алынатын күрделі шартты рефлекс біртіндеп, ұзақ уақыт тәжірибе жинақтау жолымен қалыптасады деп түсіндіреді. Бұл тәжірибе баланың жас кезінде өлшемдерді қабылдағанда бала өзі ойнайтын ойыншықтар мен нәрселерден алған көру, сипап сезу және бұлшық ет - такт түйсіктерінің арасындағы байланыстармен тағайындалады. Оның қабылдау жөнінде сезімнен туған тәжірибесі және де өлшемдерді шамалап білуі біртіндеп қалыптаса бастайды.

Көптеген психологиялық зерттеулер, олар Ленинградтағы мемлекеттік университетте Б. Г. Ананьевтің басқаруымен, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие жөнінен ғылыми-зерттеу институтында А. В. Запорожец пен Л. А. Венгердің басқаруымен, А. И. Герцен атындағы Ленинградтағы мемлекеттік педагогикалық институтта А. М. Леушина мен А. А. Люблинскаяның т. б. басқаруымен жүргізілді, өлшемдер жайлы ең қарапайым білімдер қалыптастыру үшін, нәрселер мен баланы айнала қоршаған құбылыстар туралы нақтылы ұғымдар шоғырын жинақтау қажет. Өлшемдер туралы, кеңістік түсініктерін айырудың (нәрселер арасындағы қтынастар т. б. ) басқа түрі сияқты, ұғым, нәрсенің басқа қасиеттерін айыруға қарағанда, едәуір күрделі процесс болып табылады; өлшемдер жөніндегі ұғымдар, форма жөніндегі сияқты, балалардың практикалық іс-әрекетінің барысында жинақталады.

Нәрсенің өлшемдерің әр түрлі ара қашықтықта және әр түрлі орналасу қалпында қабылдау қабілетін психологияда қабылдау тұрақтылығыдеп атайды. Нәрселердің өлшемдерін қабылдау тұрақтылығы тәжірибемен қоса дамитын болады.

Осы тұрақтылық ұғымының балаларда пайда болуы әрі дамыту жөнінен көптеген зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, ол ұғым тәжірибенің жинақталу шамасына қарай бірінші жылдың ақырында ғана қалыптасадыекен және нәрселермен орындалатын іс-әрекеттер барысында көбейетін көрінеді.

Осындай іс-әрекеттердің нәтежиесінде екіге аяқ басқан балаларда тіпті белсенді сөйлей білуді игермей тұрып, тек нәрселерді алуан түрлі өлшемдеріне ғана емес, сондай-ақ әр өлшемді объектілер арасындағы қатынасқа да реакция қалыптасуы мүмкін. Алайда өлшемдерді ажырата білу тәжірибесі ұзақ мерзімге дейін, аса шағын келеді. Ал баланың өлшемдерді игеру белгісі нақтылы бір нәрсеге ғана тиісті болып, ол салыстырмалы емес, абсолют ұғым ретінде бекітіледі, мысалы былай: «тек біздің итіміз ғана үлкен» - «Жоқ, менің Маринкам үлкен», - деп дауласады үшке қарай аяқ басқан балалар. Қуыршақ қандай қалыпта отырмасын не жатпасын, шамасы қандай болса да, тіпті кішкене балалар да оны тани кетеді. Тәжірибеде аса көптеп кездесетін нәрселерді қабылдау тұрақтылығы біртіндеп басқалардан гөрі ертерек орнығады.

1. 3. Нәрселердің өлшемдерін мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы

Мектеп жасына дейінгі үш-жеті жасар балалар өздеріне таныс көптеген нәрселердің өлшемдерің айыра алады. Үш-төрт жасар балалар үлкен допты не болмаса ұзын таяқты әкел дегенді дұрыс түсінеді. Олар бұл сөздерді ашық айтпағанымен, іштей біледі, сондай-ақ ұзындық параметрлерінің айырмашылығы жөнінде де түсініг болады. Балалар ересек адаммен баланың фигурасын алыстан-ақ ажырата алады. Міне, осының барлығы өздері көптен тәжірибе жасап жүрген нәрселердің өлшемдерін қабылдау тұрақтылығы жөнінде әңгімелейді. Кішкене балаларда өлшемдер туралы ұғымның шағын сипатты болатындығың ескере отырып, олардың тәжірибесінде өлшемдері алуан түрлі болып келетін бірдей нәрселер ғана ұшырауын қамтамасыз ету қажет.

И. М. Сеченов көрсеткендей-ақ, нәрсенің өлшемдерін қабылдаудан нәрсе ұзындығының қандай бір белгісін білдіретін сөздің атқарар рөлі үлкен. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлкен-кіші деген сөздер қабылданатын өлшемнің толық анықтамасы болмақ. Нәрсенің ұзыны не ені, биіктігі не қалыңдығы өзгере ме немесе бірден бірнеше өлшемі өзгере ме - бұлардың барлығын да балалар үлкен-кіші, артық-кем деп қана түсінеді. Төрт жасар балалардың іштей айтатын сөзінде өлшем деген сөз мәнісінің түсінігі болмайды. Көріп тұрған лентаның, мұнараның, кітаптың өлшемі қандай деген сұраққа төрт жасар балалардың көпшілігі жауап қайыра алмаған. Олар: «Өлшем дегені қалай?» - деп таңырқап сұрапты. «Мен оны түсінбеймін», - депті. Сұраққа жауап бере отырып, олар өздеріне көрсеткен нәрселердің түсін, олардың санын атаған, бірақ өлшемін атамаған.

Алайда ұзындық өлшемінің қай түрінің болмасын дәл атауын (ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа т. б. ) айта білмесе де мектеп жасына дейінгі балалар оларды тәжірибе жүзінде айыра біледі. Солай бола тұра, сөйлеудің, дәл сөздің ролінің, психологиялық зерттеулер (Б. А. Ананьев, Л. А. Венгер, А. А. Люблинская т. б), көрсетіп отырғандай - ақ, қабылдау процесіне көрсетер ықпалы зор. Сөз болса, бірлі - жарымның ішінен көпке ортақты бөліп көрсете алады. Сөз - белгілі бір ұғымға ие. Сондықтан «қабылдаудың даму барысында сөйлеу рөлі сөздің өрнектейтін логикалық компоненттерді қабылдау процесіне енгізу ретінде байқалады, - деп жазады Л. А. Венгер; - ойлау операцияларының және категорияларының перцепциялық іс - әрекет пен оның нәтижелеріне әсері ретінде байқалады».

Балалардың ұзындықтың алуан түрлерімен таныстырғанда тәрбиешілер өзінің айтып тұрған сөзінің дәл мәнісін ескере бермейді және ұзындық параметрлерінің дәл атауының орнына үлкен-кіші (биік деудің орнына үлкен шырша, ұзын не жуан деудің орнына үлкен қарындаш, биік деудің орнына үлкен үстел т. с. ) деп жиі айтып жүреді.

Айта берсек, нәрселердің өлшемдерін салыстырғанда тіпті тапсырманың өзін дұрыс тұжырымдап айтпайтын жағдай жиі ұшырасады. «Ұзындығы (енің т. б. ) сондай нәрсені тауып көрсет» деудің орнына тәрбиеші былай дейді: «Осымен бірдейді көрсет». Ал нәрсе дегеннің көптеген белгісі болатныдықтан, бала ол тапсырманы өзінің білетін белгісіне лайықтап орындайтын болады (түсі жағынан, нәрсенің атқарар қызметі жағынан т. б. ) . Бірдей деген көп мәнді сөз, сондықтан ол - тәрбиешінің ойын ашып көрсете алмайды. Солай бола тұра, перцепциялық іс-әрекетке дәл сөз енетін болуы тиіс, әрі ол - ұзындықтың қай түріне болса да сәйкес ұғым қалыптастыруға септігін тигізетінболуы тиіс. Осындай дәл мәнді сөз айтылмағанда балалар әдетте және әрі қарай да тапсырма алғаш рет айтылған деңгейде қала береді.

Өлшемдерді таңып білуде тағы да бір аса маңызды фактор - бұл алынған ұғымның салыстырмалы сипаты ескерілмей қалып отыр. Ұзын - қысқа, кең - тар тағы басқа параметрлер - салыстырмалы ұғымда, сондықтан олапрды түсіну үшін екі нәрсенің өлшемдерін салыстырып, салғастырып отыру отыру керек болады. Балалардың ұзын немесе қысқа деген сөзбен таныстыру үшін, ең алдымен ұзынырақ - қысқарақ деген ұғымның мән - мағынасын ашып көрсету қажет болады. Көптеген зерттеулердің көрсетіп отырғанындай (Л. А. Венгер, Е. В. Проскура, Р. Л. Березина т. б. ), салыстыруға негізделгенде ғана ұзындықтың алуан түрлі параметрлерін дифференциялауға болады. Ал осы қабылдаған тәсілдің өзің біртіндеп күрделендіруге тиістіміз: екі-екі нәрседенсұрыптауды, үш-үштен және одан да көптен сұрыптаумен алмастырамыз, ақтық нәтежиеде балалар ұзындықтың қандай бір параметрін біртіндеп кішірейтуді (үлкейтуді) және өлшемдердің салыстырмалылығын түсінетін болады. Оқыту ісі дұрыс жолға қойылған болса нәрселерді олардың өлшемдеріне қарап реттеп қоюы табысты - ақ шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру
Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру
Нәрселердің өлшемдерін мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz