Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздану деңгейін анықтау


Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздану деңгейін анықтау»
оРАЛ- 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
1. 1. Мазасыздану туралы психолог- ғалымдардың теориялары мен ой- пікірлері . . . 6
1. 2. Мазасыздану мәселелерінің Oтандық психологияда зерттелінуі . . . 9
1. 3. Mазасыздану феноменін шет елдердің ғылыми балабақшаларінде қарастырылуы . . . 13
ІІ. Балабақшадағы мазасыздану проблемалары және деңгейі
2. 1 Балабақшадағы мазасыздану проблемасын қарастыру . . . 20
2. 2 Балабақшадағы мазасызданудың негізгі факторлары . . . 25
2. 3 6 жастағы балалардың мазасыздану деңгейі . . . 28
ІІІ. Мектепке дейінгі балалардың коммуникативті үйренулерінің қалыптасуына әсер ететін эксперименттік зерттеулер.
3. 1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған психодиагностикалық зерттеу (белгілеу эксперименті) . . . 31
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған. Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін, бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.
Балабақшадағы оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы мазасыздану зейін, ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор. Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларда ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қорқынышын күшейтеді, мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.
Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін, ата - аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал балабақшалық кезең негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді иемдену, бойға сіңіру. Егер де бала уайымының себебі өз - өзіне сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да «күмәншіл» болып қалыптасады. Мамандық таңдау бұл адам үшін өзін сәтсіздікке ұшырауға сақтану бағытына негізделген, құрдастары және мұғалімдермен қатынас жасау - қуаныш емес, ауыртпашылық . . . , және де мазасыздық бойын алып тұрған баланың интеллектуалдық дамуы, оның ойлау бірегейлінімен, құмарлығымен, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сәйкес келмейді, өйткені шығармашыл адам - ол ерікті және тәуелділікке бел буатын адам. Ол жаңа қалыптаспаған көзқарас пен шешімді ұсынуға қорықпайды, өз жолымен жүргісі келеді, көпшіліктің мақұлдағанына қарсы келеді. Ал мазасызданғыш адамдар - қашаннан қабылданған, ескірген, бірақ көптеп тексерілген өмір нұсқаларының құлы.
Әр жас кезеңдері үшін, мазасызданудың тұрақты көрінісі немесе шынайы қатерсіз - ақ, көптеген балаларда жоғары үрейді тудыратын белгілі бір аймақтар, ақиқат объекттер болады. Бала өзінің күшінен, қабілеттілігінен күмандана бастайды. Бірақ мазасыздану сабақтағы әрекет қана емес, жекелеген құрылымды да бұза бастайды. Сондықтан жоғарылаған мазасызданудың пайда болуы себептерін білу, мектепке дейінгіжастағы балалардың адекватты құлығының қалыптасуы және мазасызданудың төмендеуіне септігін тигізетін, корекциялық - дамытушылық жұмысты жасап шығаруға және уақытында жүргізілуге әкеледі.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздану ерекшеліктерінің деңгейін анықтау.
Зерттеудің обьектісі . Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздану деңгейінің көрінісі.
Зерттеудің пәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануларының пайда болу себептері.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Мектеп жасына дейінгі жастағы балардың жоғары мазасыздануының белгілі бір себептерін анықтау - мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың мінез-құлығыдағы мазасыздануларының төмендеуіне әкелетін, бағытталған коррекциялық - дамытуышылық бағдарламаны жүргізуге септігін тигізеді.
Негізгі жорамал төмендегі жанама жорамалдармен нақтыланады :
- қарастырылып отырған мәселе бойынша теориялық бастауларды талдау және жүйелеу.
- мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың мазасыздану деңгейінің көріну ерекшеліктерін зерттеу және жоғары мазасызданудың себебін орнату;
- мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың мазасыздануының төмендеуіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулардың әсер етуін қарастыру.
Зерттеудің әдістері мен әдістемелері :
- Тейлордың «Балабақшадағы мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістемесі»;
- Филлипстің «Балалардың мектепке мазасыздану деңгейін анықтау тесті»;
- сыныптағы балалардың өзара қарым-қатынасын анықтауға арналған социометрия әдісі;
- белгілеу эксперименті ( екінші сынып балаларымен коррекциялық - дамытушылық жаттығулар формасында және педагогикалық ұжыммен жұмыс) ;
- мазасыздану деңгейінің көрінісіне бағытталған құрылымдық және бақылау эксперименттерінің және де жүргізілген коррекциялық- дамытушылық жаттығулардан кейінгі алынған нәтижелерді белгілеу.
- зерттеу әдістері мен әдістемелері зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бір - бірін толықтауышы және бірін - бірі тексеруші әдістері қолданылды: мазасыздану деңгейін анықтау мәселесі бойынша еліміздегі және шет елдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, мазасыздану деңгейін анықтауға арналған әдістері.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі қарастырылып отырған мәселеге байланысты теориялық бастауларды жүйелеу мүмкіндігі жасалынды, мектеп жасына дейінгі жастағы құрбы топтарындағы мәртебелік орындарына қанағаттанбауы мен мазасыздану арасындағы байланыс анықталды. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалар қылығындағы мазасызданудың төмендеуіне әсер ететін, жалпы білім беру сабақтар жүйесіне қосылған коррекциялық - дамытушылық жаттығулар жүйесін құру талпынысы жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңызы .
«Мазасыздануы бар бала» ғылыми ұғымның мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуының механизмдері сипатталынды. Зерттеу барысында алынған мәліметтер бастауыш мектеп жасындағы балардың мазасыздану дейңгейін төмендетуге байланысты психологиялық білімнің теориялық ұғымдарын толықтарыды, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшеліктер және педагогикалық - психологиялық мәні мен мазмұнын ашады. Қазақ шәкірттерінің мазасыздануы мен құрбы топтарында өзінің орнына қанағаттанбаушылық арасындағы тәуелділік көрсетілді.
Зерттеудің практикалық құндылығы .
Зерттеуден алынған нәтижелерді психологиялық тәжірибеде қолдану «Мектеп жасына дейінгі балалардың, мазасыздану деңгейін төмендетудің психологиялық негізі» тақырыбында дайындалған арнайы бағдарламасын жоғары оқу орындарындағы педагогикалық мамандықтарға әсересе психолог студенттеріне қолдануға болады.
Зерттеу нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі.
Балаларда мазасыздану деңгейін төмендету мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, эксперименттік - психологияның әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және саналық талдау жүйесімен қамтамасыз етілді
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш атару мен жеті бөлімнен, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттері тізімінен тұрады.
І. Мазасыздану феноменінің теориялық қалануы.
- Мазасыздану туралы психолог- ғалымдардың теориялары мен ой- пікірлері
Эмоция мен эмоционалды қалыптың негізгі теориялық аспектілерін қарастырғаннан кейін, біздер енді мазасыздану немесе мазасыздық сияқты эмоционалды қалыпқа байланысты қазіргі таңдағы психологиялық тұжырымдамалардың басты қағидаларын қарастыруға тырысамыз. Біздер талдауымызды мазасыздануды белгілі бір мінез-құлыктық реакция деп түсінген бихевиористік көзқарастан бастаймыз. Бұл бағыттың психологтары Д. Уатсон, Т. Тарндейк, К. Лешли және т. б мазасыздануды белгілі бір стимул арқылы туындаған жағымсыз процесс деп қарастырды. Олар балаларда мазасыздану мен қорқыныштық қалыптасу мүмкіндігін көрсетті.
Бихевиористік бағытка реакция ретінде ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдардың аяғы, 60-шы жылдардың басында когнитивті психология мектебі пайда болды. Оның көрнекті өкілдері - С. Шехтер, Дж Келли, Л. Фестингерлер эмоционалды қдлып пен мазасыздануды төмендегідей қарастырды. Яғни, "эмоциналды калыптар субъект бір аспект жөнінде екі түрлі психологиялық білімде болғанда пайда болады. Ал мазасыздану - теріс эмоция, дискомфарт күйі және оны жағдайды дұрыс шешу жағына өзгерту жолы аркылы, әрі жаңа мәліметті алу жолы арқылы өзгертуге болады".
Физиологиялық көзқарасты ұстанған психологгар Д. Гамбург пен Дж Адамстор мазасыздану қалпын соматикалық аурулар табиғатымен салыстырды. Олар мазасыздық деңгейін адам ағзасының вегетативті функциясын тіркеу әдісі арқылы өлшеуді ұсынды. К. Кеннан мазасыздану кезінде адам қанында адреналин деңгейі жоғарылайтындығын анықтады. Франкенштейн мен Кинг, канға мехолил кұйғанда яғни мазасыздану барысында қан қысымы тез арада және біршама уақытка төмендейтіндігін дәлелдеді.
Мазасыздануды талдау З. Фрейдтің тұжырымдамасын назардан тыс еш қалдырмайды. Осы проблеманы теоиялық тұрғыда зерттеуді бастаған осы З. Фрейд бодды. Ғалым бөлген мазасыздануды тудыратын жағдайлар мыналар:
а) қалаған объектіні жоғалту мыс, ата-анасынан немесе жақын
досынан айрылған бала т. б
б) махаббат сезімінің жоғалуы.
Э. Фромм, К. Хорни, Г. С. Салливандардың тұжырымдамаларына сөйкес, мазасыздану әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды мазасыз болуға өмір жағдайлары себепші болады.
Г. Салливан теориясы бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқак) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезенде қорқыныш сезімі ақырға шегіне жетеді, яғни олар адамдардан, өзге балалардан, ит, найзағайдан т. б қорқады.
Ресей ғалымы А. М. Прихожан өзінің "Жас өспірімдер арасындағы тұлғааралық мазасыздануға психологиялық талдау" деген еңбегін жазды. Ал, ғалым Н. Имедадзе мектеп жасына дейінгі балалардың мазасыздануы жайлы тың мәселені көтерді. Оның пікірінше, мазасыздану "Жеке-дара, сараланған қалып-күй жеке бастың қасиеті. Әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кауіп туғызатын ситуацияларға эмоционалды тұрғыда көзкарас, қатынасты білдіру".
Н. В. Имедадзенің берген анықтамасына көптеген кеңес дәуірінің психологтары В. Белаус, В. Бакеев, В. Кисловская, Т. Купцовалар келісіп, қолдады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз - қиындық жағдайындағы әлеуметтік қажеттіліктер фрустроциясын бастан кешіру.
Ал, бастан кешулер дегеніміз Л. И. Бажович айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді.
Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты тітіркендірген кезде байқалған (Делгадо) .
З. Фрейд ұғымынша, мазасызданулар қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процесстерді қосып алады. Қажетттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады. Дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жою болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын-ала болжалған шиеленістің күшеюі немесе қанағаттанбаудан туады., және кез-келген жағдайда (ол шындық, немесе қиялдағы болсын) қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін .
З. Фрейдің психоаналитикалық теориясы XIX гасырда физика мен биология дамыткдн позитивизм климатында өсті. Индивид ең алдымен сыртқы әлеммен өзара әрекеттестік арқылы ұстап тұрған күрделі энергетикалық жүйе деп қарастырылды.
XIX ғасырдың аяғында социология мен антропология ғылымдары дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы жаңа ғылымдар түсінігінше, адам көп дәрежеде қоғам жемісі. Психоанализге мазасыздану проблемасы жайлы көптеген еңбектер жазған. Ғалымдар Э. Фромм, К. Хорни мен Г. С. Салливандар болды. Э. Фромм "Сүйе білу өнері", және "Бостандықтан көшу" деген ірі еңбектерінде мазасыздануды тек қорғаныстық механизмдер деп атады.
К. Хорни Фрейдистік жүйені тереңдетуді жалғастыра түседі. Ол "негізгі мазасыздықгы" - оқшаулану сезімі немесе баланың зұлым әлемде көмектен тыс қалуы", - дейді.
Жалпы алғанда, баланың ата-аналарымен қарым-қатынасында қауіпсіздікті жоятынның барлығы мазасыздануды тудырады. Қауіпсіздікті сезбей тұрған, мазасыз бала бойында оқшаулану және дәрменсіздік сезімін игеруге арналған түрліше стратегиялар дамиды. Ол бала зұлым немесе, керісінше, өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махабабатты қайтаруға дайын болатындай қалыптасуы мүмкін. Балада шындықка сай емес, өзінің бейнесі калыптасуы да мүмкін.
Гарри Стек Салливан - "психиатрияның тұлғааралық теориясы деп аталатын жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым. Оның негізгі, маңызды қағидасы жеке адамды қайсыбір гипотетикалық мазмұн, мағына. Оның негізі - тұлғааралық қарым-қатынастар"- деп түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік ситуациядан тыс зерттеу мүмкін емес дейді.
Салливан да Хорни сияқты, мазасыздануды тұлғааралық қарым-қатынас жемісі деп санайды, және алғашқыда анасынан баласына беріледі дейді. Осы мазасыздықтан қашудың жолы: адамдар өз мінез-құлқын бақылау мен қорғаудың түрліше тәсілдерін қолданады. Нақ осы қорғаныс шаралары мен жүйені қалыптастырады. "Мен" адамды мазасызданудан қорғайды, әрі жоғары деңгейлі өзін-өзі сыйлау арқылы бекиді, өзін сыннан да қорғайды. Салливан да, өзге теоретиктер секілді жеке адамды когнитивті жүйе деп қарастырды. Ғалым дәлелдеуінше, мазасызданудың жоғары деңгейі индивидтің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру тиімділігін төмендетеді, өзара тұлғааралық карым-қатынастарды бұзады, ойлау процесінің бұзылуына септігін тигізеді. Мазасыздану қарқыны қауіптің қаншалықты екендігіне және қорғану тәсілдерінің тиімділігі қаншалықты болуына байланысты болады.
Жалпы алғанда, Салливан "мазасыздану өмірде бірінші болып оқып-білім беруші әсер береді", - деп есептейді.
Э. Фромм, К. Хорни және Г. С. Салдиван тұжырымдамалары бойынша айтатын болсақ, олардағы жалпы болатын ұғым: мазасыздану әлеуметтік кұбылыс деп есептеледі.
Адамдар табиғатынан мазасыз бола қоймайды, оларды өмір жағдай - шарттары мазасыз етеді. Фрейд пікіріне қарама-қарсы адамдар табиғатынан деструктивті емес. Олар деструктивті бола алады, ол үшін өзін-өзі жүзеге асыру жолына түсулері тиіс.
Кейбір тұжырымдама авторлары мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз жеке тұлғалар деп типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың бірі К. Леонгард ол былай дейді: "Бала өскен сайын мазасыздануы азаяды".
Гуманистік бағыттағы психолог-ғалым В. Франкл мазасызданудан құтылудың тәсілі ретігіде логотерапияны қолдануды ұсынады.
Психикалық күй - қалып проблемасы және оның ішінде эмоционалды күйлер проблемасын өте ертеде зерттеген. Ертедегі философтар еңбектері негізінде психикалық қалып ұғымы категориалды сипатқа ие болды. Мысалы, Аристотель бойынша, психикалық қалыптар - адам жанының ерекше күйі. Аристотель ой-пікірлері арқылы, психикалық феномендер бірлігі, жиынтығы аффективті сипаттағы және сана, әрі еріктік күй сияқты психикалық қалыптарға бөлінетіндігі анықталды. (Тален, Плотин, Августин) .
Ал, Авицено пікірінше, эмоциялар "жануарлар күшінің" белгілі бір формасы. Ол медицинаны психологиямен біріктіру керек, яғни тығыз ғылымдар деп санаған ғалым. И. М. Сеченов эмоционалды күйлерді зерттеуде жаңа бір кезеңді ашты.
Психикалық күй-қалып, оның ішінде мазасыздану, қорқыныш т. б жайлы XX ғасырдың І-ші жартысында орыс зерттеушілері В. М. Бехтерев, Д. Н. Левитовтар терең зерттеді. Олардың айтуынша, психикалық күй-қалып - яғни адам психикасының байқалуында үнемі адам әрекетін бояп тұратын және оның танымдық іс-әрекетімен еріктік аумағы және тұтас жеке тұлғасына байланысты сыртқы сипаттармен қатар жүретін күй.
В. Н. Мясищев былай дейді: "психикалық қалыптар адамның психикалық әрекетінің жалпы функционалды деңгейі ретінде болады".
1. 2 Мазасыздану мәселелерінің Отандық психологияда зерттелінуі.
Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану түсінігінің түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ зерттеушілердің көпшілігі оны ситуативтік құбылыс және өтпелі күй мен оның динамикасын білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.
Сонымен, А. М. Прихожан: «Мазасыздану - бұл төніп келе жатқан қауіпті алдын ала сезінумен, сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді.
Мазасыздануды эмоционалдық күй ретінде және жекелік кескін немесе темпераменттің тұрақты қасиеті ретінде де айырып көрсетеді.
Р. С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш пен үрейді сезіну, жоғарғы алаңдаушылық күйіне әкелетін адамның тұрақты немесе ситуативті көрініс табатын қасиеті».
Л. А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі түрінің анықтамасы соңғы жылдары кеңінен тарала бастады». «Мінездің мазасыздануы» және ситуативтік мазасыздану, Спилбергтің ұсынуымен.
А. В. Петровскийдің анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - үрейдің реакциясының туындауының төменгі сатысын сипаттайтын индивидтін қатерді уайымдауға бейім болуы жекелік ерекшеліктердің негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда жоғары болады, сонымен қатар психотравма салдарын өткізіп жатқан сау адамдарда көптеген топ мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен байланысқан ситуативтік мазасызданудың айырмашылықтарына бағытталған және де жеке тұлға және оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге бағытталған.
Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде мынаны айтады, мазасыздану - бұл кез - келген адамның тұрақты қасиеті, шектеулі уақыттағы адамның анықталған күйі ретінде суреттелетін көп мәнді психологиялық термин. Соңғы жылдардағы әдебиеттер анализінде мазасыздану түрліше көзқараста қарастырылған. Онда адамға әртүрлі стрестерден әсер етуден туындайтын, қиын өзара когнитивтік, аффективтік және құлықтық реакция нәтижесінен пайда болатын жоғары мазасыздану туралы айтылған.
Мазасыздану - жеке тұлғаның кескіні сияқты, күнделікті үрей эмоциясымен, эмоционалды қозу сезімінің жоғарылауымен қаланатын, адам миының генетикалық детерминистік қасиетімен байланысты.
Зерттеулерде жеткіншектердің тартылыс деңгейінде М. З. Неймарк анықтады: олардың сәттілікке тартылуына қанағаттанбаудан келіп шыққан, агрессия, қорқыныш, алаңдаушылық түрінде кері эмоциялық күй. Соған қоса, мазасыздану түріндегі эмоционалды сәтсіздік өздерін жоғары бағалайтын балаларда байқалады. Олар «ең жақсы» бала болуға немесе ұжымда ең жақсы орында болуға, және де белгілі салада жоғары тартылыстарға үміттенеді, бірақ олардың өз тартылыстарына шынайы мүмкіншілігі болады.
Отандық психологтар, баладағы адекватты емес өзін жоғары бағалау, дұрыс емес тәрбие нәтижесінде, ересектердің бала жетістіктерін жоғары бағалаудан, яғни мақтау, оның жетістіктерін асыра сілтеуден деп есептейді.
Айналадағылардың берген жоғары бағасы және соған негізделінген өзін - өзі бағалаушылық баланы толығымен қанағаттандырады. Жаңа талаптар және қиындықтармен соқтығысқанда оның тұрақсыздығы байқалады. Бірақ бала бар күшімен өзінің жоғары бағасын сақтап қалуға тырысады, өйткені ол өзін құрметтеуге өзіне деген жақсы қатынасты қамтамасыз етеді. Дегенмен де, бұл баланың әрдайым қолынан келе бермейді. Сыныптағы құрбыларының арасында қалаулы орынға ие болуға оның кері сапалары мен мінез бітістері әсер етіп жеткізбеуі мүмкін, ал оқудағы жоғары жетістіктер деңгейіне жетуге оның толық емес білім сапасы септігін тигізеді. Осылайша жоғарғы ұмтылыстар мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қайшылық күрделі эмоционалды күйге әкелуі мүмкін.
Қажеттіліктерді қанағаттандырмаудан бала санасына сәтсіздік сенімсіздік және өзін сыйлауды жоғалтуды мойындауды жібермейтін қорғаныс механизмі өңделеді. Ол өзінің сәтсіздіктерінің себептерін басқа адамдардан іздеуге тырысады: ата -ана, мұғалім, достары. Сәтсіздік себептері өзінде екенін мойындаудан бас тартып жетіспеушіліктерін айтқандардың барлығымен конфликтіге түсіп, сескену, қапа болу, ашуланшақтықты байқатады.
М. С. Неймарк «оны адекватты емес деп айтады» - өзіндік әлсіздіктерінен өзін қорғайтын мықты эмоционалды қорғаныс, кез-келген тәсілдерімен санасына өзіне сенбеушілікті жібермеу, шындықты итермелеу, барлығына және бәріне қарсы сескену және ашу- ыза. Бұл күй өмірлік болып, айлап, жылдап созылуы мүмкін.
Өзіне сенімділіктің қатты қажеттілігіне бола қызығуларының өзіне ғана бағытталуына әкеледі. Мұндай күй баланың үрейленуді уайымдамауды туғызбай қоймайды. Алғашында үрей баланың алдында тұрған шынайы қиындықтардан туындап, содан соң баланың әлемге, адамдарға, өзінің мүмкіндіктеріне, өзіне деген қатынасының адекватты емес болуынан ол тұрақты кескінге ие болады. Мұның бәрі балаға кері әсерін тигізіп, бала кез-келген жағдайдан сәтсіздікті күтеді, бұдан шынайы үрей мазасыздануға айналады.
Аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі болады, сондықтан оны жеңу өте маңызды екенін Т. В. Драгунов, Л. С. Славина, Е. С. Макслак, М. С. Неймарк атап өткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz