Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың теориялық негіздері
1.1 Психологиялық.педагогикалық «есте сақтау қабілеті» туралы түсінік, зерттеуші ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейінің диагностикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының жағдайларын іске асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский).
А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетттерін барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С. Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика, психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.
Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Аталмыш мәселе негізінде «оқу үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту» деген зерттеу тақырыбын тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту үрдісі.
1. Айсмонтас, Б.Б. Общая психология: Схемы [Текст]/Б.Б.Айсмонтас. - М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. - 288 с.
2. Аткинсон, Р. Человеческая память и процесс обучения [Текст]/Р.Аткинсон. - М.: Наука, 1980.-321 с.
3. Битянова, М.Р. Работа психолога в начальной школе [Текст]/М.Р.Битянова, Т.В.Азарова, Е.И.Афанасьева, Н.Л.Васильева. - М.: Совершенство, 1998. - 467 с.
4. Возрастная и педагогическая психология/Под ред. М.В. Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальчик. - М.: Просвещение, 1984. - 547 с.
5. Выготский, Л.С. Психология [Текст]/ Л.С. Выготский. - М.: Эксмо-пресс, серия "Мир психологии", 2002. -108 с.
6. Зеньковский, В.В. Психология детства [Текст]/В.В.Зеньковский. - Екатеринбург: Деловая книга, 1995. - 350 с.
7. Мухина, В.С. Детская психология/Под ред. Венгера Л.А.
8. Тыныбаева Б. « Дарынды бала – бақытты ғасыр кепілі» Қазақстан мектебі, 7- 2005ж.
9. 23. Тілеухан Ж. « Баланы қызықтыратын не?» ғылыми журнал, 2003ж.
10. 24. Тынысова А. « Мұғалім шығармашылығы бала санасына» Қазақстан мектебі, 2004ж.
11. 25. Тәтімбекова Р. « Үйірмелердің дидактикалық құрылымы» Қазақстан мектебі, 2004ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау процесінің
ерекшілктері

Орындаған:
Тексерген:

оРАЛ- 2015
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың
теориялық негіздері
1.1 Психологиялық-педагогикалық есте сақтау қабілеті туралы түсінік,
зерттеуші
ғалымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Есте сақтау қабілетін өзара
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін
дамытудың
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 14
1.4 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін
дамыту
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .16
ІІ. Оқу әрекетінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау
қабілетін дамытудың практикалық негіздері
2.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің даму
деңгейінің
диагностикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22
2.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетінің дамуының
жағдайларын іске
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..30

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста мектепке дейінгі
жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың тәсілдері мен жолдары
қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-бірімен байланысты бірнеше жеке
үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға
қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де
пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте
сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым
алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар
күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология,
биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады.
Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар:
психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П.
Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский).
А.А. Смирнов пен П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс
ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі
ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да
бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары,
ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен
қатар жүреді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-
тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады,
өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық,
физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін
есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам
түрінде қала береді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетттерін барлық
жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат
жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға
арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К.
Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С.
Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Бүгінгі күнде де есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика,
психологияы, кибернетика және басқа ғылымдар өкілдері айналысуда.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.
Психолого-педагогикалық әдебиетті зерттеуде біз мектепке дейінгі жастағы
балалардың есте сақтау қабілетін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны
үйрету үрдісіндегі мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін
дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты
айқындадық.
Айқындалған қарама-қайшылық: тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке
дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау
зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Аталмыш мәселе негізінде оқу үрдісінде мектепке дейінгі жас
балаларының есте сақтау қабілетін дамыту деген зерттеу тақырыбын
тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілетін
дамыту үрдісі.
Зерттеу мәні: оқыту үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте
сақтау қабілетін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты: оқыту үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының есте
сақтау қабілетінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-
эксперимент арқылы тексеру.
Ғылыми болжам: Зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық әдебиетті
зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді. Мектепке дейінгі жас
балаларының есте сақтау қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік
теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың
оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған
жаттығулар, мектепке дейінгі жас балаларында жанама есте сақтауды
қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды пайдалану, оның
ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің мақсаты мен болжамына сәйкес мынадай міндеттер анықталды:
1. Зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті үйрету.
2. Мектепке дейінгі жас балаларының есте сақтау қабілеті дамуының
ерекшеліктерін анықтау.
3. Тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке дейінгі жас балаларының
есте сақтау қабілетін дамыту жағдайларын айқындау.
4. Эксперимент амалы арқылы тілдік теорияны үйрету үрдісінде мектепке
дейінгі жас балаларының есін дамыту жағдайларының тиімділігін тексеру.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық
әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау,
педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі,
мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады.
Жұмыс соңында әдебиет тізімі мен қосымша берілген.

І. Мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін дамытудың
теориялық негіздері

1.1 Психологиялық-педагогикалық есте сақтау қабілеті туралы түсінік,
зерттеуші ғалымдар
Есте сақтау қабілеті – психикалық өмірдің маңызды сипаттамасы. Сондықтан
есте сақтау қабілеті мәселесі – психологияның назар көп бөлінген және
көп зерттелген мәселелерінің бірі. Бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін
жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент арқылы зерттеудің алғашқы
амалдарын жасаған, есте сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық
теорияларының бірі – ассоциативті теория болды. Ол ХVІІ ғасырда туды,
Англия мен Германияда тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде
ассоциация түсінігі – Г. Эббингауз, Г. Мюллер, Ф. Шульман және А.
Пильцепермен бірлесіп зерттеген – белгілі бір психикалық феномендер
арасындағы байланысы жатыр. Басты міндет ассоцианистердің барлық жұмыстары
үшін жалпы болды: ол барлығына мәлім ассоциацияның пайда болуы, әлсіздеуі,
өзара әрекеттесу жағдайларын зерттеу. Есте сақтау қабілеті қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді, қатарлас, ұқсас, қарама-қарсылық, уақытша және кеңістік
жақындығы бойыша көп не аз тұрақты ассоциациялардың күрделі жүйесі болып
түсініледі. Осы теория негізінде есте сақтау қабілеті механимздері мен
заңдары ашылды және түсіндірілді, мысалы, Г. Эббингауздың ұмыту заңы. Осы
заңға сәйкес ұмыту бірінші қатесіз қайталаудан соң тез жүреді.
Ассоциативтік теорияға сәйкес басқалармен белгілі бір қисынды, құрылымдық-
функционалдық және мағыналық ассоциацияда сақталатын және оқшау емес
жаңғыртылатын ақпараттың кейбір элементтері сақталады. Ассоцианистер
жұмыстарында бар есте сақтау қабілеті үрдісінің сипаттамасы қандай да бір
шектелген құндылығы болса да, адамның мнемикалық қызметінің байлығын
толық аша алмайды. Әсіресе онда есте сақтау және жаңғырту қатысатын ойлау
үрдістерін талдау артта қалып келеді.
Қызметтің ерекше түрі ретінде есте сақтау қабілеті үрдістерін сапалы
талдау орнына көптеген жағдайларда еске түсірудің, яғни біздің амал-
тәсілдермен сақтау мен жаңғырту өтуі емес, еске түсірілгеннің заттық
мазмұны талданады.
Уақыт өте келе ассоциативтік теорияда бірқатар мәселелер туындады,
олардың негізгісі – балалар есте сақтау қабілетінің таңдаулы болуын
түсіндіру. Ассоциациялар кездейсоқ туындайды, ал есте сақтау қабілеті
әрқашан белгілі бір ақпаратты таңдайды. Сонымен қатар, есте сақтау
қабілетінің ассоциациялық теориясы оның заңдарын танып білу үшін көп пайда
береді. Қайталау саны әртүрлі болуында және элементтерді уақыт бойынша
бөлуге байланысты ұғылатын элементтен саны қалай өзгеретіні, жаттау мен
есте сақтау арасында өткен уақытқа байланысты есте сақтау мен қатар
элементтерінің есте қалай сақталатыны анықталды. Ассоциативтік
теорияның орнына ХІХ ғасырдың соңында гиштальттеория келді. Гиштальт
(құрылым) – алғашқы элементтердің бастапқы, тұтас ұйымдастырылу негізгі
түсінігі және принципі болды. Гиштальттің қалыптасу заңдары есте сақтау
қабілетіне анықтама береді. Осы теорияда құрылымдық материалдың мәні,
оның тұтастыққа жеткізілуі ерекше аталды. Субъектіден тәуелсіз
қауіпсіздік, ұқсастық принциптеріне сәйкес әрекет ететін құрылымның
туындау материалының ұйыдастырылуы немесе өздігінен ұйымдастырылуы. Осы
себептер бұдан кейінгі негіздеу мен түсіндіруді талап етпейтін құрылым
туындаудың ақырғы негізгі болады. Гиштальт заңдары субъекті
белсенділігінен тыс әрекет етеді. Есте сақтау және жаңғырту
диалектикасының әрекет етеуі мынадай. Қандайда бір қажеттілік жағдайы
балада есте сақтау немесе жаңғырту ұстанымын тудырады. Тиісті ұстаным бала
санасында тұтас құрылымдарды жандандырады, олар негізінде материал есте
сақталады немесе жаңғыртылады. Гештальт психологияда К.Левиннің
концепциясы ерекше орын алады. Ол негіз қалаушы ретінде мақсатқа лайықтық,
құрылымдық принципін ұсынды. Левин өзінің әрекет теориясын әзірлеп, ең
алдыменен ерік талап ететін әрекеттерді, олар құрылымына әрекет жасайтын
субъектіні, дәлірек болса оның қажеттіліктері мен ниетін қосады. Есте
сақтау қабілеті саласында ол бағыттылық немесе күш өрісіндегі бәсеңдеудің
күштік арақатынасы есте сақтау өнімділігіне тигізетін ықпалда көрінісін
табады. Осыған тән көрініс – аяқталмаған әрекеттерді аяқталғандардан гөрі
жақсы еске түсіру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетінің таңдаулы болу
фактілерінің кейбіруіне психологиялық түсіндіру тауып, гештальттеория есте
сақтаушының қызметіне, сондай-ақ ерекше мнемикалық қызметіне байланысты
есте сақтау қабілеті үрдістерін зерттеген жоқ. Адамның практикалық
қызметіне байланысты есте сақтау қабілетіның дамуы аталған теорияда
қойылмаған және шешілген емес.
Есте сақтау қабілетінің қызметі ретінде зерттеу француз ғалымы П.
Жане жұмысымен басталды. Ол есте сақтау қабілетінің ең бастысы материалды
есте сақтауға, өңдеуге және ұғындыруға бағытталған әрекет ретінде
қарастырды. Есте сақтау қабілеті дамуының түрлі деңгейінде осы қызметтің
сипаты әртүрлі, бірақ барлық кезең үшін ортақ болатыны – өткенде болғанмен,
бірақ Ж. Пиаже есте сақтау қабілетінің мақсаты өшкен өткенді жеңу деп
таныған. Ең алдыменен ол болғанның қайта жаңыруын күтуде көрінісін табады;
одан әрі – оны іздеу; кейін - шегіндірілген қызмет болып табылған.. Келесі
сатылары тапсырма және сөздік тапсырма беру, соңында, балаға тән есте
сақтау қабілетіның байқалуы: көргенін айту үшін заттарды сипаттау және
суреттерде көрген бейнелерді белгілеу. Есте сақтау қабілетіның даму
кезеңдері реттілігінің құрылысы Жаненің берік фактілер негізімен
дәлелденбейді.
Біздің елде бұл теория жоғарғы психикалық функциялардың шығу тегі
теориясында жалғасын тапты. Осы теорияға сәйкес материалды түрлі елестету,
есте сақтау және жаңғырту арасындағы байланыс-ассоциациялардың пайда
болуы, оның мнемикалық өңдеу барысында баланың осы материалмен не
істейтінін түсіндіреді. А.А. Смирнов ойдан гөрі әрекеттің тез ұғылатынын
анықтаған, ал әрекет арасында кедергімен байланысты, сондай-ақ сол
кедергілер жақсы ұғылады деп айтқан болатын.. А.А. Смирнов пен П.И.
Зинченко баланың саналы қызметі ретінде есте сақтау қабілетіның жаңа және
маңызды заңдарын ашқан.. Есте сақтау қабілеті қандай да бір дербес функция
емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылығымен, ынтасымен тығыз
байланысты. Әр баланың есте сақтау қабілеті дамудың жалпы заңдылықтарымен
сипатталса да, сонымен бірге олардың өз ерекшеліктері болады. Кейбір
балалар есте сақтау қабілетінің көрнекі-бейнелік түрімен ерекшеленеді.
Осындай есте сақтау қабілеті түрлеріне ие болатын бала бейнелерді,
олардың түрлерін, түстерін және де тағы басқаларын. жақсы ұғып меңгереді.
Сөздік-ауытқулары бар есте сақтау қабілеті түріне тән балаларда, екінші
белгі жүйесі басым болады. Көптеген балалар көрнекі-бейнелік және сөз-
қисынды материалдарды да жақсы аңғарады, сонымен қатар, сезімдерді жақсы
балалар есте сақтауымен ерекшеленеді.
А.А. Смирнов жаттығуларды түсінуге және мағыналы есте сақтауға ат
салысатын негізгі амалдарды бөліп көрсеткен: мағынасы бар байланыстарды
пайдалану, оларды салыстыру, жіктеу, жүйелеу, өзін-өзі бақылау
операциялары. Материалды түсінуге көмектесетін әдістемелік тәсілдердің
арасындағылардың негізгісіне, суретте және т.б. бейнеленген әдістемелік
тапсырмалар балалар зейінін аударатын мәселелерде үлкен орын алады.
Л.С. Выготский, П.П. Блонскийлер бір-біріне сәйкес емес екі түрлі, яғни
екі есте сақтау қабілеті бар деген тұжырым жасады.
Бір есте сақтау қабілеті денеде болып жатқан басқа үрдістерге ұқсас және
ми функциясы ретінде қаралады. Балада рухани қызметті танытатын есте
сақтау қабілетінің басқа да түрілері қатар дамиды. Басқа психологтар есте
сақтау қабілеті дамымайды, олар балалық шақ дамуында ең максималды болады
деген тұжырым жасайды. Үшіншілері есте сақтау қабілетінің дамуы 10 жас
шамасында шегіне жетеді, содан соң төмендейтінін анықтаған.. Осы үш
көзқарастың бәрі де аталған мектептерде мәселе бойынша қарапайым
қойылатындығын аңғартады. Осы зерттеулер есте сақтау қабілетінің даму
мәселелерін шешкен емес.

1.2 Есте сақтау қабілетін өзара топтастыру
Есте сақтау қабілеттеріне өмірлік тәжірибе алу, сақтау және жаңғырту
қабілеті деген анықтама беруге болады. Мінез-құлықтың түрлі түйсіктері,
тума және жинақтаған механимздері есте сақтау қабілетінде сақтап қалған,
мұра бойынша берілген немесе жеке өмір тәжірибесі барысында жинақталған
тәжірибе. Адам өзінің есте сақтау қабілеті, оны жетілдіру арқасында
жануарлар патшалығынан бөлініп шықты, бүгіндегі шыңға жетті. Осы фунцияның
үнемі жақсаруысыз адамзаттың прогресі болуы мүмкін емес.
Есте сақтау қабілетінің дамуы негізінен адамға, оның қызмет ету саласына
және басқа да танымдық үрдістерінің дұрыс қызмет етуі мен дамуына
тікелей байланысты. Қандай да бір үрдіс бойынша жұмыс істей отыра, адам
есте сақтау қабілетін дамытып, жаттықтырады.
Есте сақтау қабілеттері

сандық
сапалық деп екіге бөлінеді.
Сапалық сипаттамаға есте сақтау жылдамдығы, беріктігі, ұзақтығы,
дәлдігі мен көлемі жатады.
Сапалық ерекшеліктеріне көру, есту, эмоционалдық, қимыл және басқа да
есте сақтау қабілеті түрлерінің басым болуына және қызмет етуіне қатысты
болады. Аталғандар бірінің шүбәсіз басым болу мағынасында есте сақтау
қабілетінің таза түрі сирек болады. Көбінесе іс жүзінде біз көру, есту,
қимыл және есте сақтау қабілетінің түрліше қабысуымен кездесеміз. Олардың
қабысуы үшін көру-қимыл, есту-көру және есте сақтау қабілетінің қабысуы тән
болады. Бірақ көптеген адамда көру, есте сақтау қабілеті басым болады.
Адамда жиі қолданлнатын есте сақтау қабілеті түрлері жақсы дамыған
болады. Бұл үрдіске өз септігін кәсіби қызмет тигізеді. Мысалы,
ғалымдарда мағыналық және қисынды есте сақтау қабілеті жақсы дамыған,
бірақ механикалық есте сақтау қабілеті нашарлау. Актерлер мен дәрігерлерде
адам жүзін есте сақтау қабілеті жоғары.
Есте сақтау қабілеті үрдістері тұлға ерекшеліктерімен, оның эмоционалдық
күйі, қызығушылығы мен қажеттіліктерімен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, адамның есте сақтау қабілеті әдетте физикалық жағдайы
және тұлғаның сезімдерімен тығыз байланысты болады. Бұл есте сақтау
қабілетінің аурумен бұзылуын дәлелдейді. Осындай барлық жағдайларда (олар
амнезия деп аталады, есте сақтау қабілетінің қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді бұзылуы болады) есте сақтау қабілетінің өзіне тән бұзылулары
болады, олар өз ерекшеліктерінде ауырған тұлға жабырқауын танытады. Адамның
есте сақтау қабілеті тұрақты емес, ол өмір бойы өзгереді. Ерте жасынан
баланың есте сақтау қабілетінің дамуы бірнеше бағыт бойынша жүреді.
Біріншіден, аффективті (эмоциялық) және механикалық (моторлық, қимыл) есте
сақтау қабілеті әрекет етеді, ол біртіндеп қисынды және бейнелікпен
толығады және ауыстырылады. Екіншіден, тура есте сақтау - уақыт өте келе
түрлі мнемотехникалық амалдар мен құралдарды есте сақтау және еске түсіру
үшін белсенді және саналы пайдаланумен байланысты жанамаға айналады.
Үшіншіден, балалық шақта басым болған еріксіз ұғу ересек адамдарда
еріктіге айналады.
Есте сақтау үшін ынта құралдары бір заңдылыққа бағынады: ең алдыменен
олар сыртқы (мысалы, еске алу үшін жіп түю) болады, соңынан ішкіге
(сөйлеу, сезім, ассоциация, елестету, бейне, ой) айналады. Есте сақтаудың
ішкі құралдарын қалыптастыруға тән болатыны ол - негізгі роль қарым-
қатынас жасаудың сыртқы функциясынан ішкіге сөйлеу тілде айналатынында.

Материалды сақтау тәсіліне қарай

Жылдам қысқа мерзімді
жедел
Ұзақ мерзімді
генетикалық

Жылдам (иконикалық) есте сақтау қабілеті сезіну органдарымен қабылданатын
ақпарат бейнесінің тікелей көрінісі болып табылады. Оның ұзақтығы 0,1-ден
0,5 с. дейін.
Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті қысқа уақыт аралығында (шамамен 20 с.
дейін) қабылданған ақпараттын жалпыланған бейнесін, оның мәні бар
элементтерін сақтайды. Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті көлемі ақпарттың
5-9 бірлігін құрайды және бір рет ұсынылғаннан соң адам дәл айтып бере
алатын ақпарат санымен анықталады.
Қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіның маңызды сипаттамасы – ол оның
таңдаулы болуында. Жылдам есте сақтау қабілетінен оған актуалды
қажеттіліктерге және адам қызығушылығына сай келетін, оның артқан ықыласын
аударатын ақпарат қана түседі. Әдеттегі адамның миы, көзі көрген
мыңдағанның бір бөлшегін де қабылдамайды деген екен Эдисон.
Жедел есте сақтау қабілеті қандай да болсын әрекет немесе операция жасау
үшін алдын ала белгілеген мерзімде ақпаратты сақтауға есептелген. Жедел
есте сақтау қабілетіның ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін
болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті ақпаратты шектелмеген мерзімде сақтай
алады, сонымен қатар (бірақ әрқашан емес) оны көп рет қайта еске түсіру
мүмкіндігі бар.
Іс жүзінде ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетінің қызмет етуі ойлаумен
және ерік (воля) күшімен байланысты.
Генетикалық есте сақтау қабілеті генотиппен негізделген және ұрпақтан
ұрпаққа беріледі. Ондағы, адамның есте сақтау қабілетінің осы түріне
ықпалы тым шектелген (егер ол тіпті мүмкін болса).
Есте сақтау қабілетінің қызмет ету үрдісінде басым болған анализатордан
есте сақтау қабілетінің қимыл, көру, есту, сезіну, иіс, дәм, эмоциялы және
басқа түрлері бөліп көрсетіледі.
Адамда көру қабылдау басым болады. Мысалы, біз көбіне адам түрін ұғамыз,
ал есімін еске түсіре алмаймыз. Көрген бейнелерді сақтау және еске түсіру
үшін көру, есте сақтау қабілеті жауап береді. Ол тікелей дамыған қиял
елесіне байланысты: адам көру арқылы елестете алатынын әдетте, жеңіл ұғады
және жаңғырта алады.
Есту есте сақтау қабілеті – түрлі дыбыстарды жақсы есте сақтау және дәл
келтіруіне мысалы, музыкалық, сөйлеу дыбыстары жатады.. Есту, есте сақтау
қабілетінің ерекше түрін сөз, ой және қисынмен тығыз байланысты болатын
сөйлеу-қисынының түрі құрайды.
Қимылдың есте сақтау қабілеті ол есте сақтау және жадында сақтау, қажеті
болса әртүрлі күрделі қимылдарды дәл келтіру. Ол қимыл дағдысы мен
іскерлігін қалыптастыруға қатысады. Баяғыдан үйренген белгілерді автоматты
түрде жазуды көздейтін мәтінді қолмен жазу, қимылды есте сақтау
қабілетінің айқын мысалы болып табылады.
Эмоционалды есте сақтау қабілеті – бұл күйзелу кезіндегі есте сақтау
қабілеті. Ол есте сақтау қабілетінің барлық түріне тән, әсіресе адам
қатынастарында көп көрінісін табады. Эмоционалды есте сақтау қабілетіне
материалды берік есте сақтау негізделген: адамда сезім тудырғаны ешқандай
кедергісіз және ұзақ мерзімге сақталады.
Есте сақтау қабілетінің сезу, иіс, дәм және басқа түрлері көру, есту,
қимыл және эмоционалды есте сақтау қабілеті түрлерімен салыстырғанда
шектелген болады; адам өмірінде айтарлықтай роль атқармайды.
Жоғарыда қаралған есте сақтау қабілетінің түрлері ақпараттың шыққан көзін
сипаттайды және де есте сақтау қабілетін таза түрінде сақталмайды. Есте
сақтау (жаңғырту) үрдісінде ақпарат түрлі: сараптау, іріктеу, жалпылау,
кодтау, синтездеу және ақпаратты өңдеудің басқа түрлері де өзгеруге
ұшырайды.
Материалды есте сақтау және жаңғырту үрдісінде еріктің қатысу сипатына
қарай

ерікті
еріксіз
Ерікті жағдайда адам ерік күшімен жасалатын арнайы мнемикалық міндет қояды
(есте сақтау, тану, сақтау және еске түсіру). Еріксіз есте сақтау қабілеті
автоматты түрде, адам тарапынан қандай да болсын күшсіз қызмет етеді.
Еріксіз есте сақтау еріктімен салыстырғанда міндетті түрде әлсіз болмайды,
көптеген өмір жағдайларында ол одан асады.
Сайып келе, есте сақтау қабілеті – өткен тәжірибеге жаңғырту амалы,
ақпаратты ұзақ сақтау қабілетін және саны мен мінез саласына оны бірнеше
рет енгізу қабілетінде көрінісін табатын жүйке жүйесінің негізгі
қасиеттерінің бірі.

1.3 Оқу үрдісінде мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілетін
дамытудың шарттары
Мектепке дейінгі жаста есте сақтау қабілеті басқа психикалық үрдістер
ретінде елеулі өзгерістерге ұшырайды. Аталғандай, олардың мәні балаларда
есте сақтау қабілеті біртіндеп ерікті кейпіне ие болады, саналы реттелетін
және жанама болады.
Мнемикалық функциялардың өзгеруі оның тиімділігіне қойылатын талаптар
артуымен негізделген, оның жоғары деңгейі оқу қызметі барысында туындайтын
түрлі мнемикалық міндеттерді орындау үшін қажет. Енді бала осы жаста көп
затты есте сақтауы тиіс: материалды тура жаттатуы, оны мәтінге жақын немесе
өз сөзімен мазмұндап беруі, сондай-ақ жаттағанын есте сақтауы және ұзақ
мерзім өткен соң айтып беруі тиіс. Баланың ұқпауы оның оқу қызметіне, ең
ақырында оқуға және мектепке деген қатынасына әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі жас балаларында жарқын, бала үшін эмоцияға толы мәлімет
пен өмір жағдайларына түйелетін есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Осыған
байланысты мынадай мысалды қарастырайық.
Ересектер тобындағы балалар үшін еріксіз есте сақтау қабілетінің түрлері
жаңа түсінікті талдау бойынша тапсырманы орындау үрдісінде айқындалды.
Нәтижесінде балалардың шамамен 20% міндетті дұрыс түсінді, оны естерінде
сақтап, әрекеттік тапсырылған мақсатын орындап, теориялық материалды
еріксіз ұғып, ерікті ете алатындары айқындалды.
Балалардың 50-60% жуық бөлігі - жаңа фактілерге деген өз
қызығушылықтарына сәйкес есепті шеше алды. Сондықтан олар еріксіз сақтау
тапсырмасын нақты материалды орындағанда ғана ерікті ұсынылған есепті
тиісті деңгейде саналы шешкен жоқ.
Ең ақырында, балалардың үшінші тобы (шамамен 20-30%) есте сақтау қабілеті
бар балалар тапсырманы дұрыс түсіне алмады, нақты материалдың кейбір
бөлігін ғана еріксіз есте сақтады. Тәжірибе ең жоғарғы психикалық
функцияның бірі ретінде ерікті есте сақтау қабілетін дамыту үшін оқуға
деген қызығушылықтары аз екені дәлелденген.
Мектепке дейінгі жаста есте сақтау қабілетін жетілдіру біріншіден түрлі
тәсіл мен ұғатын материалды ұйымдастыру және өңдеумен байланысты есте
сақтау стратегиясына ие болумен негізделеді. Бірақ осындай амалдарды
қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыссыз олар кездейсоқ қалыптасады және
көбінде өнімсіз болады.
Тірек негізінде, есте сақтау құралы ретінде ойлау үрдістерін пайдалану
қисынды есте сақтау қабілетіның негізі болып табылады. Бұндай есте сақтау
қабілеті түсінуге негізделген. Осыған орай Л.Н. Толстой: Білім білім
болады, егер ол бір есте сақтау қабілетімен емес, ой күшімен табылса
деген екен.
Есте сақтаудың ойлау амалдары ретінде: мағыналық байланыстыру, жіктеу,
мағыналық тіректерді бөлу, жоспар құру және т.б. пайдаланылуы мүмкін.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда осы амалдарды қалыптастыру
мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған арнайы зерттеулер негізінде ақыл
қызметінде жатқан мнемикалық амалға, үйрету екі кезеңнен тұратынын
көрсетеді:
а) ақыл қызметінің өзін қалыптастыру;
ә) оны мнемикалық амал ретінде қолдану, яғни есте сақтау құралы ретінде.
Нәтижесінде, материалды есте сақтау үшін мысалға жіктеу амалын қолданар
бұрын топтастыруды жеке ақыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сөйлеу дамуының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау үрдісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге көшелік
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Пәндер