Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы ойынның қарым- қатынастың қалыптасуына ықпалы


Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы ойынның қарым- қатынастың қалыптасуына ықпалы»
Орындаған:
Тексерген:
оРАЛ- 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім:
І. Балабақшадағы қарым- қатынас ерекшеліктері мен ойындардың маңызы
1. 1 Қарым-қатынастың адам психикасының
дамуына әсері . . . 5
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі . . . 8
1. 3 Бала тәрбиелеудегі қимылды ойындардың маңызы . . . 13
1. 4 Балабақшадағы ойынның маңызы . . . 17
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым- қатынасты қалыптастыруға байланысты ойындар
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым- қатынас тренингін ұйымдастыру жолдары . . . 22
2. 2 Қарым- қатынасты қалыптастыруға«Рөлдік ойын» әдісін қолдану . . . 24
2. 3 Қарым-қатынаста қиындықтары бар балалар үшін ойындар мен жаттығулар . . . 27
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын балаға қарым-қатынас жасау технологиясын дұрыс меңгерту мен үйрету - біздің диплом жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.
Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.
Қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама беру болып табылады. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.
Қорыта келе берілген бағыттардан алынған эмпирикалық материалдар жоғарыда айтылған проблемаларды тиянақты түсініп, оны шешу үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашады.
Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликттерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Мақсаты: ойын арқылы балалар арасындағы қарым- қатынасты дамыту жолдарын айқындау.
Міндеті:
ойынның тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау.
ойын кезінде балалардың қарым- қатынасын жақсы жағынан қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: балабақшада ойынды пайдалану арқылы балалардағы қарым-қатынасты дұрыс жасай білуге бағыттау.
Болжамы: балабақшада ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, балалар арасындағы қарым- қатынас ерекшеліктері жаңаша сипатқа ие болатынына көз жеткізе аламыз.
Теориялық негізі: Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Балабақшадағы қарым- қатынас ерекшеліктері мен ойындардың маңызы
1. 1 Қарым-қатынастың адам психикасының
дамуына әсері
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы М. И. Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін ажыратады.
А. Н. Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет, шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді.
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.
Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті ұйымдастыру Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология ғылымындағы А. С. Макаренконың ойы: «Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы қалыптасады».
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы: жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу, рольдерді таңдау) .
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады. Баланың үлкендермен қарым-қатынасының генезисі. А. С. Выготскийдің позициясына сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының органикалық қажетті жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А. С. Выготскийдің концепциясына сүйене отырып М. И. Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа - баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны зерттеудің жаңаша жолдарын қарастырады. М. И. Лисина қарым-қатынастың әсерін ғана зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды.
Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы - қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М. И. Лисина қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды.
М. И. Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін бөліп көрсетті:
1) үлкенге деген қызығушылық,
2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,
3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,
4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе сезімталдылығы.
Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:
I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)
II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)
III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)
IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары деңгей) .
Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес орнығады. Бала өскен сайын барлық коммуникативтік құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет жағдайына қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады.
Қарым-қатынастың дұрыс дамуы - әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен орындалғанда ғана жүзеге асады.
Зерттеулер көрсеткендей үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі құрылымын (А. В. Болбочану, Г. И. Копчеля), оның эмоционалды қобалжу сферасын (С. Ю. Мещерякова, А. И. Сорокина), танымдық белсенділігін (Е. О. Смирнова, Т. А. Землянухина), еріктілігі мен өзін-өзі бағалауы мен саналылығын (Н. Н. Авдеева), құрбылармен қарым-қатынасын (Л. Н. Галогузова) анықтайды.
Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен қарым-қатынас қана әсер етіп қоймай, құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие болады.
1970-80 жылдары А. Г. Рузскойдің басшылығымен жүргізілген зерттеулер үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін құрбылармен қарым-қатынастың спецификалық ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:
I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.
II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.
III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.
Мектепке дейінгі шақта құрбылармен қарым-қатынас үлкендермен қарым-қатынас сферасына пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)
2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)
3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)
Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы балалардың қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші бағдарламалары жасалынды.
Ал мектеп балалары арасындағы қарым-қатынас сипатына түсініктеме беретін болсақ, балалардың өз сыныптастарымен қарым-қатынас жасауына, бірлестік әрекеттеріне тәрбиешінің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден, тәрбиешінің басқа балаларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. О. Осадьконың зерттеулерінің көрсетуі бойынша баланың алғашқы тәрбиешіінің педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен. Тәрбиешілердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен конфликтілі қарым-қатынасқа түспеуінің алғы шарты. Бірақ мұндай стильді тек төменгі сынып тәрбиешілерінің санаулылары ғана қолданады (15%) . Бастауыш сынып балаларының тәрбиешілерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктатура) . Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді.
Екіншіден, тәрбиеші балалар арасындағы болып жатқан қиыншылықтарға араласуға міндетті. Бұл, әрине, қиыншылықтарды басып тастау емес. Ситуацияға байланысты администрациялық араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас ерекшеліктері мен негізгі
ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған. Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекшеҚарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекшеС. И. Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші«Қарым-қатынас» ұғымының көп анықтамаларының арасында біз «коммуникативті іс-әрекет» ұғымымен
Ал отандық ғалым С. М. Жақыпов бүтіндей оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын
Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев концепциялары қарым-қатынаста «субъект-субъект» жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша
Қарым-қатынас мәселесін талдауда оның құрылымдық компоненттерін анықтап алу зерттеугеБалалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әртүрлі ғылымиБалалардың 7 жасқа дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сферасының ерекшеліктері менҚарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрылымдық компоненттерін анықтау қажет.
Әдебиеттерде қарым-қатынастың пәні, қарым-қатынасты жүзеге асыруды қажетсіну, қарым-қатынас құрудағыМұнда Т. В. Драгунова бойынша қарым-қатынастың пәні қарым-қатынасқа субъект рөлінде болатын
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғалымдардың көпшілігі (А. Г. Ковалев, М. И. Лисина, А. В. Петровский, М. И. Лисина, А. Г. Рузская, С. Ю. Мещерякова, және т. б. еңбектерінде қарым-қатынас мотиві «затталған
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелеріМ. И. Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау
Қарым-қатынас анықтамасындағы (М. И. Лисина бойынша) оның жалпы нәтижесі ретінде қарым- талдау жасай отырып қарым-қатынас механизмдерін қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын,
Қарым-қатынас компоненттерінің дамуы, өзгерісі нәтижесінде интегралды, тұтас құрылым пайдаАл М. И. Бобнева қарым-қатынас барысында жеке адамның ішкі жан дүниесіВ. С. Мухина қарым-қатынас стилін «әлеуметтік» психологиялық әсер етудің дара -Біздің зерттеу жұмысымызда 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стильКезі келгенде авторитарлық, демократиялық және либералды-босаң стильдерге арнайы тоқталамыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стилдері мектеп жасынаБалалармен жүргізілетін зерттеу, әсіресе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында
1. Әртүрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы
2. Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмысымызға арқау болды.
Сонымен, қарым-қатынас категориясын сипаттайтын қарым-қатынастың қажеттілігі, мотивтері, формалары, тәсілдері, Ғылымда қарым-қатынастың деңгейлері де қарастырылады. Б. Ф. Ломов үш - макродеңгей,
Макродеңгей индивид басқа адамдармен қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрге, салтқаМезадеңгей тақырып мазмұнымен анықталады. Микродеңгей - мазмұны және сыртқы көрсеткіштері (сұрақ-жауап, ым-ишара т. б. ) А. Б. Добрович қарым-қатынас бірлескен іс-әрекетті реттейтін, таным мен сананы қалыптастырудыңҚарым-қатынастың топтық жағдайдағы әлеуметтік психологиялық эффектілерін, механизмдерін талдау мақсатыменПедагог-ғалымдардың қарым-қатынасты зерттеулерінде өзіндік бағыт бар. Мұнда баланың психикалықА. В. Луначарский тәрбиенің терең жолдастық қатынасқа негізделуін бала тәрбиесіндегі басты
Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагогикалық техниканың құрамдасС. Т. Шацкий педагогтармен тәрбиешілер, яғни ересектер мен балалар арасындағы өзара
А. С. Макаренко қарым-қатынасты жеке теориялық мәселе ретіндеқарастырған жоқ. АлайдаА. С. Макаренко балалармен қарым-қатынас жасауға педагог студенттік кезінде үйретілуі қажеттігін
В. А. Сухомлинский еңбектерінде оптималды (тиімді) қарым-қатынас оқыту мен тәрбиенің бастыСоңғы кездерде жас ерекшелік және педагогикалық психология салаларында қарым-қатынастыҚарым-қатынас кезінде манера, дәстүр, әрекет стилі беріледі, бірлік пайда
Қарым-қатынастың бұл аспектісі, кезіндегі кеңес психологтары - Л. С. Выготский, Е. Л. Рубинштейн, Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
2) балалардың басқа балалармен өз қатарластарымен, өзінен кіші және
Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары
М. В. Елагина, А. И. Сорокина, В. В. Ветрова, Н. Н. Подьяков, Е. О. Смирнова, Д. Б. Годовикова, Л. Н. Абрамова, М. И. Лисина, Е. Е. Кравцова,
Әрбір қарым-қатынас формасының сипаттамасы М. И. Лисина еңбектерінде беріледі. Психолог-педагог-зерттеушілер балалардың
А. В. Запорожецтің, М. И. Лисинаның зерттеу концепциялары бойынша мектеп жасына дейінгі балаларМ. И. Лисина және оның шәкірттері бұл форманы жағдайдан тыс-жеке бастықМіне, сондықтан, дәл осы кезеңде балалардың қарым-қатынасын жетілдіру өтеБүгінде қарым-қатынас мәселесі әртүрлі маман иелерінің назарын аулап отыр. Л. С. Выготскийдің адамдардың өнімді әрекетіне, адамдардың бір-бірімен ара-қатынасының арқасында жүзеге
Осы түсінікті басшылыққа ала отырып Л. С. Выготскийдің адамда болатын ғылымның ары қарай дамуына әрекет теориясы ықпал етті. Осы жанамалықтың арқасында адам жекеленген және қоғамдық тәжірибені үйренеді. А. Н. Леонтьев еңбектің пайда болу көзін қарастырып қана қоймай, еңбекТіршілік процесі кезінде, еңбек процесі кезінде адам әрдайым басқа. Басқа адамдарда қалыптасқан түсінік сияқты әрекеттің саналы кескіні адамның«Қарым-қатынас» ұғымы көп мәнділер қатарына жатады. Қарым-қатынасты зерттеудегі ғылымдар
Әлеуметтік-психологиялық деңгей әлеуметтік әрекетті жүзеге асыру процесіндегі қарым-қатынасқа жасалғанҚарым-қатынас субъектің әрекеті, оның объектісі басқа адам, қарым-қатынастағы серігі
Бұл процестің жемісі ретінде объектіде болып жатқан өзгерістер, сонымен
Тар шеңберде қарым-қатынас тікелей бақыланатын шындық және «барлық қоғамдық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz