Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым. қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынас ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым. қатынас ерекшеліктерін анықтаудың практикалық негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынасын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым. қатынасын ойын арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан.
Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы - олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және шешілуімен байланысты.
Мектепке дейінгі мекемедегі балалар арасындағы туындайтын кейбір қарама-қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі кездеседі.
Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде балалар арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.
Балалар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою арқылы мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне көмектесу керектігінен туындайды.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме өмірінде қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді. Туындаған мәселені шешу мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.
Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету актуалдылығы ешқашан төмендемеген.
1 Рояк А.А Проблема социальной изоляции детей. //Вопросы психологии. 1996г №3 1016.
2 Немов Р.С. Психология. Книга 2. М., Владос, 2000г
3 Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального развития личности ребенка. М., Педагогика 1998г
4 КуницынаВ.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Санкт - Петербург:, 2001г
5 Смирнова Е.О. Теория привязанности: концепция и эксперимент. // Вопросы психологии 1995. №3.
6 А.В.Дмитриев «Конфликтология». Изд. Гаролрики, Москва 2001.
7 О.Н.Громова «Конфликтология» курс лекции, Москва 2000.
47 Т.В.Корнилова,С.ДСмирнов,Е.Л.Григоренко факторы социаального и психологического неблагополучия подростков (в покозателях методик стандартизовонного интервью и местов ноблюдения). //Вопросы психологии 2001. №1.107-122с.
48 Е.О. Смирнова, Р.Радева. Развитие теории привязонности //Воп. психол.1999, №1.105-1 Ібсс.
49 О.А.Белабрыкина. Влияние социального окружения на развитие самооценки старших дошкольников.//Воп. психол.2001.№4.31-38с.
50 Т.П.Скрипкина. Взаимодоверие как основание межличностных взаимодействий//Воп.психол.1999, №5.21-30с.
54 В.Н.Куницина, Н.В.Казоринова, В.М.Погольша. Межличностное общение. Санк-Петербург. »Питер» 2001

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым-
қатынас ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

оРАЛ- 2015

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .3

Негізгі бөлім:
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің
теориялық негіздері
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін
анықтаудың практикалық негізі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында - еліміздің жас
өспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін
баса айтқан.
Адам адам болып жарытылғаннан соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен
қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-
қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы
мәселе - бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек.
Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін,
жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп
тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан
айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін
өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы
қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының
дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын
жақсарту аса қажет болып табылады.
Әрбір қоғамның дамуы, әрбір топтың немесе бөлек индивидтің де дамуы -
олардың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына байланысты болатын
күрделі процесс екені анық. Бұл процесс әрқашан да тиімді әрі нәтижелі
түрде жүзеге аспайды, кейде қарама-қайшылықтардың туындауынан және
шешілуімен байланысты.
Мектепке дейінгі мекемедегі балалар арасындағы туындайтын кейбір қарама-
қайшылықтар, кейбір балалардың мінез-құлқы мен даралық ерекшеліктеріне
байланысты түсінбеушіліктер, топқа енгісі келмейтін жағдайлар жиі
кездеседі.
Мұндай жағдайлар бала өмірі мен психикасында едәуір дақ қалдырады. Осыдан
келіп баланың дамуында түрлі ауытқулар, сабаққа қатынасының өзгеруі байқала
бастайды. Топтың жеке адамға, адамның топқа әсер ету негізінде балалар
арасында дараланатын немесе оқшауланатын жағдайлар да туындап жатады.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында
оның рухани, ұнамды құндылықтарын ескеру арқылы балалар арасындағы қарым-
қатынасты жақсарту қажеттілігі туындайды.
Балалар арасындағы қарым-қатынас сипаты мен климаты баланың тек
психикасына немесе жеке басына ғана әсер етіп қоймайтындығы белгілі. Ол
баланың оқу-тәрбие істерінде де елеулі орын алады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелерді дұрыс жолға қою
арқылы мектепке дейінгі мекеме тәжірибесіне көмектесу керектігінен
туындайды.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме өмірінде қарым-қатынасында
проблемасы бар балалардың туындауына кез-келген жағдай әсер ете береді.
Туындаған мәселені шешу мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі
психологиялық қызмет көрсетуі міндетіне кіретіндігі даусыз.
Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту
мәселесі, сол арқылы баланың білім алып тәрбиеленуін қамтамасыз ету
актуалдылығы ешқашан төмендемеген.
Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленетін топтарда туындайтын
қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар балаларды анықтап, оларға дер
кезінде көмектесу - қазіргі мектепке дейінгі мекеме алдында, қоғам алдында
тұрған міндеттердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы өзара
қарым- қатынас ерекшеліктерін анықтау және оны шешу жодарын қарастыру.
Зерттеу обьектісі: мектеп жасына дейінгі балалар қарым- қатынасы
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
Зерттеудің негізгі жорамалы: мектепке дейінгі мекеме жас кезеңінде
балалардың қарым- қатынас ерекшелігі сол жас кезеңіндегі даму дағдарысын
өткізу ерекшелігіне байланысты туындайды.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалға сәйкес қойылған міндеттер:
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас мәселелерін ғылыми әдебиеттер
көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектепке дейінгі мекемедегі топтық ұжымда балалардың өзара қарым-
қатынасын зерттеу.
• қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.
• топтан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру
және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.
• Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен
тапсырмалар жиынтығын құрастыру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Л.С.Выготскийдің балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-әрекетті
ұйымдастыру теориясы, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн, Л.И.Божович
еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселесіне арналған ілімдер, педагогика және
психология ғылымындағы А.С.Макаренконың "жеке адам ұжымда дамиды және ұжым
арқылы қалыптасады" қағидасы, О.Осадьконың баланың алғашқы мұғалімінің
педагогикалық тактикасы мен қарым-қатынасқа түсу стиліне байланысты, оның
ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетінін дәлеледейтін зерттеулер
- біздің зерттеу жұмысымыздың теориялық жақтарына арқау болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Топтағы балалардың бір-бірімен қарым-
қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер
қолданылды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-
қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы
балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық
ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс
жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді
қолдану жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы: Мектепке дейінгі
мекемелерде балалардың құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада
алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл
мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық
ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және
мектепке дейінгі мекеме қабырғасында жиі кездесетін проблема - топтан
оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, ұжымнан изоляциялану
себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге
арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу
жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектепке дейінгі
мекеме психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста
проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін
арттырады.
Зерттеу жұмысының базасы:
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі
тарау және төрт бөлімнен, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштеп жеті жасқа дейін) организімнің
қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің
сүйектеніп, бұлшықтың еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу
мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға
дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми
қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің
пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту
процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы
жағдайлар жасайды. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік
шақта заттық іс-әрекетпен алмасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен
жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады.
Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен
салыстырғанда тұрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да
саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың
ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяқка құйылған болса, маймыл оны
саптаяқтап, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса,
еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бекітілген
тұрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қоршаған заттық дүние —
мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар өмірінде белгілі бір
маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін
сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы
мүмкін, бірақ мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен
таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердін
тәрбиелік және оқыту ықпалдары арқылы ашылады. Бала түрлі заттармен
жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті болатынын біледі. Кейбір
заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін
қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың
шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды-жинастыру тәрізді арақатынастағы
әрекеттер жатады). Басқа заттарда әрекет тәсілдері олардың, қоғамдық
міндетімен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға).
Нақ осы арақатынастың және құралдың әрекеттерді игерудің баланың психикалық
дамуына неғұрлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік
шақтағы-игерген -зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер
ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-құралдан
оның өзіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында.
Ерте сәбилік шақтың санына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа
түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға
жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен
жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. іс-
әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте
сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың
негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда
ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ
басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге
асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен
жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра
білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін
қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.
Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып
табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір
себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса,
онда кейін жіберілғен қателіктердің орнын толтыру ете қиын болады.
Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстіпде бала ерте сәбилік шақта-ақ
айтылған сөздер мен олардыц ар жағында тұрған ақикат болмыстың арасындағы
байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-
әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-
әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің
бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін
түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді
ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана
қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей езіне бағытталмаған кез
келген сөздерін қызыға тындай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей
қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну
маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің
өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдаланура
мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі.
Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды
өте сирек колданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі
өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады, сәби бастамашыл болады. Ол
заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму
қарқыны арта түседі, екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың
соңында 1500 - те дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын
игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-
мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен кабылдайтын болса, екінші жылдың
соңына карай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау
қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дү-рыс айтуды
игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең
бір мен екі жасқа дейін — түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеіңі.
Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Балапың
сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбінесе үлкендер
пайдаланбайтын сөздерді қолданады. Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп
аталады. Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез өтеді.
Тілдің грамматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін
созылады. Баланың сөйлеуі біршама байланысты сипатка ие болып, заттық
дүниедегі көптеген карым-катынастарды оның түсінгендігін білдіруге
мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғауларды
игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын игеру
балапың заттардың қолданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-
әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі. Бала нақты заттық катынастарды
бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды.
Мәселен, Балға қойды, Балғамен сокты дұрыс колдануды игере
отырып, мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға
стереотипті түрде көшіреді: пышақпен, қасықмен, күрекпен және
т. б. Тілдік қарым-катынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да,
дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын
меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір
байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін менгеру жағынан оның
негізгі синтаксистік құрылымдарын, грамматикалықк формалары және дыбыстарды
игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі
болады.
Ерте сәбилік шақтық басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін
қабылдап, олардық арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды
пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын,
сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы
шарттарын жасайды. Ерте сәбилі шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада
қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жақа түрлері
құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастың іс-әрекеттер
есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес
іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы
бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай
заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген
ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшек-терін бір-
бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар,
қорапшалар, мозаикалар т. б.) жасалынған. Мұндай ойыпшықтарды
автодидактыкалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.
Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін
салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы
табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.
Көзбен қабылдауымен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды.
Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында
балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен,
фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне {ойлау
негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет
тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын
үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді
көбіне нақтылы ситуацияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әре-
кет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір
әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екенін байқайды. Алғашқы іс-
әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу
процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды
болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.
С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының
сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді.
Өзінің ақыл-ой шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағ-дар алады.
Үлкендердіц заттармен жасаған іс-әрекеттерін бақылай отырып, бала
практикалық заттық іс-әрекеттік адамзаттық формаларын иемденеді. Заттармен
әрекет жасау практикасында бала әр түрлі заттардың ұқсас қолданыла
алатынын ашады.
Мұндай жаңалықтар ұқсас заттарды (қайсыбір белгілері бойынша) ғана
жалпылап қоймай, сондай-ақ іс-әркет тәжіриесін жалпылауға да алып келеді.
Ойлауды дамыту үшін әсіресе құралдық әрекеттер маңызды. Құрал баланың
заттық дүниеге жасайтын ықпалын дәнекерлейді. Әр түрлі ситуацияларда және
әр затқа қатысты қолданыла отырып, құрал жалпылаудың алғашқы таратушысы
болады.
Бада дамуының алғашқы кезеңдеріндегі ойлаудың сапалық өзгерісі оның
практикалық заттық әрекеттің адамзаттық формаларын игеруіне және баланың
адам тіліне біртіндеп тартылуына байланысты. Ең мол тәжірибелі бала
үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасау арқасында алады. Бала адамзат
жасаған ұғымдарды, ойлау тәсілдерін игереді. Үлкендерге еліктей отырып, ол
дұрыс пікірлер құрастыруға жәде ой қорытындыларын жасауға үйренеді. Баланың
ақыл-ой дамуын қарастыра отырып, И. М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен
де, сөзбен де өзгенің тәжірибесінің даяр формалары беріледі деп жазды.
Ерте сәбилік шақта үлкеннің сөзі көрнекі әсерлі ойлауын дамытуға
көмектесе алады. Ересек адам қайсыбір ситуациялық міндеттің шешілу жолын
балаға іс-әрекетпен ғана емес, сөзбен де айтып береді. Мәселен, сәби
кереуеттің шыбықтары арасынан қорапты өткізгісі келіп, бірақ дұрыс өткізе
алмаса, үлкендер. Қорапты төңкер, сонда ол өтеді,— деп кеңес береді де
баланың тиісті әрекетін туғызады.
Ерте сәбилік шақта бала іс-әрекеттің орындалу барысында сөйлеп отыра
алады. Бірақ бастапқы кезенде сейлеу гәуелсіз процесс тәрізді болып
көрінеді: бұл кезде баланың мінез-құлқы-дан әрекеттің екі түрін: сөйлеуді
және ойлауды байқауға болады. Кейінірек тілдік ойлауды құра отырып, бұл іс-
әрекеттер бірігеді.
Үш жасқа қарағанда баланың ақыл-ойының дамуында, іс-әрекеттің күрделі
формалары мен жаңа түрлерін бұдан былайғы игеруде анықтаушы мәні бар
мадызды ұмтылыс болып өтеді — сананың таңбалық (немесе символдық) функциясы
қалыптаса бастайды. Оныд мәні бір объектісі екішісінің орнын басушы ретінде
қолдану мүмкіндігінде. Мұның өзінде заттармен әрекет жасаудың орнына
олардың орнын басушы заттармен әре-кеттер жасалынады.
Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану — адам психикасына тән
айрықша ерекшелік. Таңбалардың кез келген түрі (тіл, математикалық
символика, дүниені суреттеуде, музыкалық әуендерде т. б. бейнелейтін
өнерде) адамдар арасындағы қарым-қатынас үшім қызмет аткарады, заттар мен
кұбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық
функция бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек
кейінірек қана сөзді қолдануға ауысады.
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Ерте сәбилік шақта бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды
дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Ол
өзара түсінісуді ұйымдастырады. Заттық іс-әрекетте ересек адам
ыытымақтастық сипатын анықтайды.
Бұл кезеңде балалар айналадағы заттардың аттарын білуге ұмтылады.
Үлкендердің айтқандарын қайталай отырып, балалар аттарын айта бастайды.
Екі жастың соңында өз атын атап айту мен деген есімдікпен ауыстырылады.
Мен жүйесі ерте сәбилік шақтың аяғына қарай пайда болатын орталық құрылым
(Л. И. Вожович). Бөбек өзін ересек адамнан ажырата білуге үйреніп, өзіне
дербес мен ретінде қарай бастайды, яғни онда өзіндік сананың алғашқы
формалары пайда болады. Сөздерінде бала өзін қайсыбір өзгермейтін
тұрақты, ал өз іс-әрекеттерін көшпелі деп жіктейді. Қазір Сәбит отыр, енді
Сәбит жүгіреді, Сәбит енді құлап қалды. Шын мәнінде, бала өз әрекетін
өзінен ажырата білуге үйретіледі.
Даму жетістіктері сәбидің барлық мінез-құлқын сапалы түрде өзгертеді.
Ересек адамның рөлі бұрынғыша жетекші болғанымен, өзінің практикалық
өмірінің тар жүйесінде, өзінің шағын мүмкіншіліктерінің шеңберінде бала
ересектердің көмегінсіз-ақ әрекет жасауға тырысады. Жаңа тенденциялар
балалар белсенділігін күшейтеді (Мен өзім) және ересектермен жаңа қарым-
катынастар жасаудың пайда болуына алып келеді. Бұл кезең әдетте қиын кезең
(үш жас дағдарысы) деп аталынады, өйткені ересек адам өзі баламен қарым-
қатынас жасауда киындықтарды басынан кешіре бастайды, мойындамауы мен
қиқарлығы жағынан адам төзгісіз болуы мүмкін.
Үш жас дағдарысы — бала мен ересек адамның өзара карым-қатынасының
дамуында болатын объективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің дербес
қаиағаттандыру тенденциясы пайда болады, ал үлкен адам қарым-қатынастың
ескі типін сақтайды да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты,
дұрыс дамып келе жатқан бала бұрынғы қарым-қатынастарға қарсыласа
бастайды.
Үш жас дағдарысы — өтпелі құбылыс, бірақ онымен байланысты жаңа
құрылымдар — өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен
салыстыру — баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.
Үлкендердей болуға ұмтылу ойын формасында (тек ойында ғана бала дүкенге
барады, түскі тамақ дайындайды, ракетамен космосқа ұшады т. б.) неғүрлым
толық шешім табуы мүмкін. Сондықтан да үш жас дағдарысы баланың ойын
әрекетіне ауысу жолымен шешіледі.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері
Қарым-қатынас - жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты
өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық
ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау
үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам
өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен
салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам
өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі
ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір
сүре алады.
Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен
қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы
қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа
түсе бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасы туралы
М.И.Лисина зерттей келе балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының
дамуын тек ересектермен қарым-қатынасымен ғана түсіндіруге болмайтындығын
атап өтеді. Баланың жасы ұлғайған сайын оның жеке басының дамуында қарым-
қатынас ерекше орын алатындығын айтып өтеді. Өз құрбыларымен қарым-қатынас
жасай отырып, өзінің ішкі жан дүниесіндегі тұйықтықты аша алады, өз
құрбылырымен өзара әрекеттесе отырып, өз көзқарастарын жеткізе алады.
Тек балалардың қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу ғана олардың арасында
туындаған қиыншылықтарды басқаруды жеңілдетеді, топтағы барлық балалармен
өзара қатынасты толық құруға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас
сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінеді. Ойын барысында туындаған
кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір
себебі болып табылады. Осыған орай психологиялық конфликтіні олардың ойын
іс-әрекеті жағдайында зерттеу, сонымен қатар еңбек іс-әрекетінде бақылау
арқылы топтан оқшауланатын баланы зерттеу оңайырақ.
Ойын кезіндегі балалар қарым-қатынасының құрылымы мен мазмұны. Ойын -
мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті бола отырып, ол жан-
жақты әрекет негізінде балалар қарым-қатынасының бірқатар типтерін
ажыратады.
А.Н.Леонтьев балалар арасындағы қарым-қатынастық ойындарда фантастикалық
өлшемдер кездесетіндігін көрсетеді. Оның айтуы бойынша шындық әрекет,
шындық тәсіл және заттармен шындық бейне жасау болады. Сюжетті-рольдік
ойындарда әрбір баланың сюжетке, рольге, рольді орындауға қатысы көрінеді.
Рольге бөліну немесе ойыншықтарды бөліп алу негізінде туындаған конфликті
нәтижелердің соңғы нәтижелері адалдыққа бағытталған жағдайда баланың
адамгершілік нормаларын меңгеруге бірқатар әсер етеді.
Кей жағдайда педагогтың басқаруымен жүргізілген ойындар сырт қарағанда
жағымды қатынас болғанымен, дәрігер ролінде ойнайтын баланың орнында
топтағы әрбір бала болғысы келуі мүмкін, яғни емделуші емес, емдеуші
болатын балалардың қалауы болуы да мүмкін. Осының негізінде балаларда үнсіз
келісу туындайды.
Ойын қатынасындағы сыртқы көріністің тағы бір түрі - рольдік, іскерлік
қатынаста педагогтардың, психологтардың бөліп қойғанына байланысты баланың
жеке басының дамуы адамгершілік бағытта көрінуі мүмкін. Дегенмен, баланың
ішкі жан дүниесі, әсері, қызығушылығы мен қажеттілігі, өзінің ойында алған
рольдік жағдайына қанағаттану, қанағаттанбау сезімдері жауапсыз қалады.
Ойын кезіндегі қарым-қатынастың сыртқы көріністерінің бір жағы - баланың
өзіндік, жеке даралық қатынасында байқалады.
Мысалы, бір-біріне симпатиялық, антипатиялық, селқостық -балалар
қатынасында көп байқалмайды, бұл арнайы зерттеуді қажет етеді.
Балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы көптеген
педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулер
анықталып келеді. Сонымен қатар балаға комплексті, жүйелік формадағы іс-
әрекетті ұйымдастыру Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев, С.Л.Рубинштейн,
Л.И.Божович еңбектерінде терең қарастырылады. Педагогика және психология
ғылымындағы А.С.Макаренконың ойы: Жеке адам ұжымда дамиды және ұжым арқылы
қалыптасады.
Балалар арасындағы жүйелі қатынас балаларда болатын әсерлік жағдайлардың
бір-бірімен тығыз қатынас құратындығын, жеке адам қатынасында эмоционалды
жиынтық құратындығы, топтағы адамдарға үйреніп қалатындығын, оларда
эмоционалдық қанағаттану, жағымды әсер алатындығын дәлелдей түседі.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сыртқы және ішкі психологиялық
конфликтілер кездеседі. Сыртқы психологиялық конфликті - олардың бірлескен
іс-әрекеті барысында туындаған қарама-қайшы көзқарастарынан шығады (мысалы:
жалпы істі таңдау, міндеттерді бөлісу, ойын, еңбек материалдарын бөлісу,
рольдерді таңдау).
Ішкі психологиялық конфликт - мектеп жасына дейінгі балалардың негізі
ойын іс-әрекетінде өз құрбылары арасында пайда болады және олар бақылауда
байқалмайды. Мұнда міндетті түрде ересектердің көмегі қажет болады. Баланың
үлкендермен қарым-қатынасының генезисі. А.С. Выготскийдің позициясына
сәйкес әлеуметтік өмір және қоршаған орта адам дамуының органикалық қажетті
жағдай болып табылады. Бала жастайынан қоғамға енеді және ол неғұрлым кіші
болса, соғұрлым ол әлеуметтік нәрсе болады. А.С. Выготскийдің концепциясына
сүйене отырып М.И.Лисина ғылыми мектеп ашады. Ол Кеңестік психологияға жаңа
- баланың үлкендермен қарым-қатынасы атты пәнді енгізіп, оны зерттеудің
жаңаша жолдарын қарастырады. М.И.Лисина қарым-қатынастың әсерін ғана
зерттеп қоймай, өзінің түсіндірмелік схемасын ұсынады. Схема қарым-
қатынастың жүйесін, спецификасын көрсетті. Сол арқылы баланың үлкендермен
қарым-қатынас генезисінің концепциясын анықтау мүмкіндігі туды.
Біз білетіндей, 1970-ші жылдары психологиялық ғылымның екі жетекші саласы
- қарым-қатынас пен іс-әрекет кеңінен зерттелді. Осыған сәйкес М.И.Лисина
қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп қарауды ұсынды.
М.И.Лисина баланың үлкендермен қарым-қатынасының келесідей критерийлерін
бөліп көрсетті:
1) үлкенге деген қызығушылық,
2) үлкендердің әсерінің қабылдануындағы эмоционалды деңгейі,
3) баланың үлкендерге бағытталған индивидуалды актілері,
4) баланың үлкендердің оның әрекетіне деген қарым-қатынасы немесе
сезімталдылығы.
Зерттеу нәтижесінде баланың үлкендермен қарым-қатынасының генетикалық
реттелген 4 формасы байқалды. Олардың әр қайсысы коммуникативті
қажеттіліктің түрлілігімен сипатталады:
I - ситуативті - жекелік (сәбилік шақ)
II - ситуативті - іскерлік (ерте балалық шақ)
III - ситуациядан тыс танымдық (мектепке дейінгі ерте орта шақ)
IV - ситуациядан тыс - жекелік (мектепке дейінгі орта және жоғары
деңгей).
Үлкендермен қарым-қатынас формаларының классификациясы оның психикасының
басқа да қырларының дамуымен бірлікте қарауға мүмкіндік берді. Қарым-
қатынастың әр бір жаңа формалары өткен формаларына сәйкес орнығады. Бала
өскен сайын барлық коммуникативтік құралдарды жақсы пайдаланып, әрекет
жағдайына қарай қарым-қатынас формасын өзгерте алады.
Қарым-қатынастың дұрыс дамуы - әрбір қарым-қатынас формасының өздеріне
сәйкес жас кезіңде ретті түрде толығымен орындалғанда ғана жүзеге асады.
Зерттеулер көрсеткендей үлкендермен қарым-қатынас - бала әрекетінің ішкі
құрылымын (А.В.Болбочану, Г.И.Копчеля), оның эмоционалды қобалжу сферасын
(С.Ю.Мещерякова, А.И.Сорокина), танымдық белсенділігін (Е.О.Смирнова,
Т.А.Землянухина), еріктілігі мен өзін-өзі бағалауы мен саналылығын
(Н.Н.Авдеева), құрбылармен қарым-қатынасын (Л.Н.Галогузова) анықтайды.
Жеке адамның қалыптасуына тек үлкендермен қарым-қатынас қана әсер етіп
қоймай, құрбыларымен қарым-қатынас та ерекше орынға ие болады.
1970-80 жылдары А.Г.Рузскойдің басшылығымен жүргізілген зерттеулер
үлкендермен қарым-қатынас тек ерекшеленетін құрбылармен қарым-қатынастың
спецификалық ерекшеліктерін анықтауға жағдай жасады:
I- коммуникативті әрекеттің түрлілігі.
II- қарым-қатынастың ерекше эмоционалдық сипаты.
III- қатынастың стандартталуы және регламенттенуі.
Мектепке дейінгі шақта құрбылармен қарым-қатынас үлкендермен қарым-
қатынас сферасына пара-пар келетіндей бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
1) эмоционалды тәжірибелік (1-4 жас аралығы)
2) ситуативті - іскерлік (4-6 жас аралығы)
3) ситуативтіктен тыс іскерлік (6-7 жас аралығы)
Жүргізілген зерттеулер негізінде мектепке дейінгі шақтағы балалардың
қарым-қатынасын дамытушы және түзетуші бағдарламалары жасалынды.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін
анықтаудың практикалық негізі

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын дамыту
Балалар ұжымынан оқшауланған балалармен жұмыс жүргізу бастамасы оның
себебінен туындаған келіспеушілікті шешудің психологиялық-педагогикалық
жолдарын ашудан басталады. Олай болса осы мәселеге тереңірек тоқталайық.
Психологиялық келіспеушіліктің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай
келіспеушіліктерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы түсіндірілген.
Мұндай балалармен ерекше жеке дара жұмысты ересек адамдар жасау керек, яғни
өз құрбыларымен жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру қажет. Зеттеулер
бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда әрбір баламен өте ерекше,
дифференциалды әрекеттер жасай отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің
себебін анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі оны шешудің
жолдарын қарастыру қажет.
Зерттеу негізінде балалардың психологиялық келіспеушілігін шешу міндетті
түрде сол ойынның барысында жүзеге асыру қажеттігі тиімді.
Үлкендердің балаға берген бағалық қатынасы олардың келіспеушілікті
шешуіне біршама әсер етеді. Көп жағдайда мақтау, яғни әлеуметтік-
психологиялық бағаның орны ерекше.
Келіспеушілікті шешуде балалардың басқа балалар алдында беделін көтеретін
жағдайларды қарастырған жөн. Коррекция кезінде тек қолдаумен ғана шектелуге
болмайды, ол баланың басқа балалармен бірге ойнауында серіктестік ролінде
сәйкестенетіндігіне көзін жеткізу қажет.
Тәрбиешідер тарапынан құрылған топтағы жағымды климат балалардың өз-
өзіне сенімділігін арттырады, басқа балалармен белсенді қарым-қатынас
жасауын қамтамасыз етеді.
Тағы бір методикалық тәсіл - ойынға қосымша тағы бір материал қолдана
отырып, балалардың бірлескен ойынын ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың арасындағы туындайтын
келіспеушіліктерін түгелдей болдырмауы мүмкін емес. Мектепке дейінгі
мекемелерде баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды
құндылықтарын түсіну арқылы балалар арасындағы келіспеушілігінң
интенсивтілігін өзгертуге болады.
Келіспеушілігін алдын алу жолында маңызды роль алатын -тәртіп болып
табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға
өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Оқшауланған баланың басқа балалармен араласуы қылықтарына тәрбиешінің
жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден
көрінуі мүмкін.
Біріншіден, тәрбиешінің басқа балаларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен
жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып
табылады.
Екіншіден, тәрбиеші балалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалар
Мектеп жасына дейінгі бала
Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-катынасын ұйымдастырудағы психологиялық тренингтердің ролі
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер